Кәсіпорынның қаржы қатынасы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қаржы-несие қатынастары бүгінде республикалық бюджеттің маңызды
бөлігін құрайды.
Қаржы мен несие экономикалық дәреже болып табылады. Олар экономикалық
дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Олар тауар
өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және
кедей қоғамдарда көрінеді. Қаржы-несие қатынастары үнемі даму үстінде
болды. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және т.б.)
қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну
мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының
дамуымен несие ақша түріне көшті.
Бүгінгі таңда қаржы-несие қатынастары жеке және заңды тұлғалардың банк
несиелерін алу, оларды қайтару, несиелер бойынша пайыздар төлеу, банктерге
уақытша пайдалануға белгілі бір төлем мен бос ақша қаражатты беру, банк
өткізетін бағалы қағаздармен жасалатын операциялар нысаны түрінде іске
асады.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде қаржы-несие қатынастарын
жетілдірудің міндеттері өндірісті кеңінен демократияландырумен,
коммерциялық негіздерді, нарықтық реттеуді ендірумен, шаруашылық
жүргізудің нәтижелеріне экономикалық ынталылықты күшейтумен байланысты
болып отыр. Ақшалай табыстарда қорланымдарды және қорларды ұтымды пайдалану
арқылы қаржы-несие қатынасы шаруашылықты жүргізудің түпкілікті нәтижелеріне
белсенді түрде әсер етеді.
Қаржы саясатының түбегейлі өзгеруімен байланысты қаржы-несие
механизмін қайта құрудың мақсаты – нарықтық қатынастарды дамыту негізінде
қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпалын күшейту, қаржы-несие ресустарын
пайдаланудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету. Қаржы-несие механизмін
қайта құрудың негізіне ұлттық шаруашылықта қаржылық өзара байланыстарды
ұйымдастыруға деген қағидалы жаңа көзқарас қойылған, ол жұмыстың түпкілікті
нәтижелері үшін кәсіпорындардың, ұйымдардың аймақтардың шаруашылық ынтасы
мен жауаптылығын барынша дамытуды қамтамасыз етеді.
Бұл жұмыстың актуалдылығы сол жүргізілген қаржы және несие
реформалары нәтижесінде бүгінгі таңдағы Қазақстанда қолданылып отырған
қаржы-несие механизмінің жұмыс барысын, оның экономиканы реттеудегі рөлін
талдау болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – қаржы-несие қатынастарының экономикалық
мәні мен мазмұнын аша отырып, оларды жетілдірудегі өзекті мәселелерді
анықтау және сол мәселелердің шешімін табу жолдарын қарастыру болып
табылады.
Жұмыстың негізгі міндеті – қаржы-несие қатынастарының бүгінгі таңдағы
жұмыс жасауын қарастыру, Қазақстандағы қаржы-несие қатынастарының
қалыптасуы мен дамуын, олардың нәтижелері мен әсерін, сондай-ақ, несие мен
қаржының өзара әрекетін анықтау, қаржы-несие қатынастарын жетілдіру
мәселесін отандық және шетелдік тәжірибелер негізінде шешу жолдарын
қарастыру болып табылады.
Жұмыстың теориялық базасы ретінде батыстың жетекші экономист-
практиктерінің еңбектері, отандық ғалымдарымыз қаржыгер-экономистердің
пікірлері мен еңбектері, Қазақстан Республикасының заңдылық актілері,
үкімдері мен Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау
жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігінің нормативтік актілері негіз
болады.
Жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының ресми статистика
мәліметтерін, ағымдық баспасөз беттеріндегі ғылыми-зерттеу мақалаларын,
отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері мен оқу құралдарын
пайдаланбақпын.

Әдебиеттерге шолу

Қаржы-несие қатынасын зерттеу барысында таным әдісі ретіндегі
теорияның рөлу ерекше. Несие мен қаржы туралы ғылым әлі жас. Ол саяси
экономиканың қалыптасуымен пайда болды. Несиенің ұдайы өндіріс процесімен,
құндылықтың қайта айналымының және айналысының Маркстік тұрғыдан талдануы
несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдағы қаржы-несиелік
қатынастардың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнінің айрықша экономикалық
категорияекендігін түсінудің қуат көзі болып табылады.
Ғалымдар бүгінгі таңда экономика ғылымының алдында бір жағынан
теориялық талдау қорытындыларын белсендірек жүргізіп, екінші жағынан банк
ісін дамытып, жетілдірудің керек екенін айтуда.
Теорияны тәжірибеден оқшау қарастырмау керек екені түсінікті. Барлық
теоретикалық проблемалардың соңы тек тәжірибелік әдістермен шешілетіні
кездейсоқтық емес. Теория мен тәжірибе арасында диалектикалық бірлік бар.
Экономикалық әдебиеттерде несиенің мәніне, қызметтері мен заңына
қатысты саясат орын алуда. Несиенің мәнін зерттеуде натуралистік және
капиталдық жасампаздық теориясы қатаң қадағаланатындығы байқалады.
Натуралистік несие теориясы XVIII ғасырдың екінші жартысында пайда
болды. Бұл теорияның негізін А. Смит пен Д. Рекардо салды. Одан әрі оны
француз экономистері Ж. Сэй, Ф. Бастия және американдық Д. Мак-Куллах
дамытты. Бұл теорияның негізгі идеялары несие мәнінің натуралистік
түсінігіне үйлесті яғни несие заттай игіліктердің қозғалысын көрсетті.
Сондықтан, бұл тек аталмыш қоғамда бар материалдық құндылықтарды бөлу
әдісі ғана. Бұл жағдайда несие объектісі табиғи заттай (ақшалай) емес
игіліктер болып табылады. Несие капиталы өндірістік капиталға тең. Бұл
жерде натуралистер несиені несие капиталының қозғалысын емес, табиғи түрде
материалдық құндылықтарды қайта бөлудің әдісі сияқты қарастырады. Несиенің
мәні мен рөлі жөнінде мұндай қате түсінік өнеркәсіп капиталының ақша
түріндегі ерекше бөлігі деуге болады.
Бұған қарамастан натуралистік теорияның маңызын несиенің қазіргі
заманғы теориясының қалыптасуы мен дамуына байланысты еш кемітуге болмайды.
Натуралистер өндіріс процесінде қалыптасатын несие нақты капиталды
құрмайды, - деп дұрыс есептеді. Олар несиенің рөлін өсірмей, несие
пайызының түсетін табыстың көлемімен өзгерістеріне тәуелді екенін
дәлелдеді.
Несиенің капиталдық жасампаздық теориясы натуралистік қарама-қарсы
идеяны ұстанады. Оның тұжырымдамасы бойынша несиеге экономиканың дамуында
шешуші рөл беріліп, оны ұдайы өндіру процестерінен алыстатады. Несие
ақшамен және байлықпен теңестіріледі. Бұл теорияның негізін салушы, ағылшын
экономисі Дж. Лонның ойынша несие елдің барлық пайдаланылмаған
мүмкіндіктерін қозғалысқа келтіріп, байлық пен капиталдың жиналуына сеьеп
болады. Ол банктерді делдалдар ретінде емес, капитал жсаушылар деп
қарастырады.
Бұл теорияның қолдаушылары ағылшын экономистері Г. Макмед, Дж. Кейнс,
Ф. Хоутри, И. Шумпетер (Австрия), А. Ган (Германия) болды. Олар ақша мен
несиені сатып алу күшіне сай байлық деп есептеді. Несие пайда әкеледі,
сондықтан ол өндіргіш капитал болып табылады, ал, банктер – несие
фабрикасы. Бұл екеуі де несиені, яғни капитал жасайды деп пайымдайды.
Сондай-ақ олар банктер шексіз депозиттерді, соған сәйкес несие мен капитал
жасайды деп есептейді. Міне, осындай несие ауқымының шексіз кеңеюі қайта
өндірудің, экономиканың тұрақты дамуына әсер етеді. Сондықтан олардың
теориялары өктемпаздық теориясы деген атауға ие болды. Олар несиенің
шегін, несие ауқымының шексіз кеңеюі инфляция мен оның зардаптарына
әкелетінін ұмытып кетті.
1929-1933 жж. әлемдік дағдарыс несиенің капиталдық жасампаздық
теорияның абыройын жоққа шығарды. Алайда, оның оңтайлы нәтижелері болмай
қалған жоқ. Оны ДЖ. Кейнс пен оның ізбасарлары оларды дағдарыстың және
екінші дүниежүзілік соғыстың зардаптарын жою үшін пайдаланды. Олар
экономиканы несиемен реттеудің принциптерін негіздеді: экономикаға несие
салымдарының инвестициясын кеңейту жолымен несие пайызын төмендетуге
болады. Дж. Кейнстың тұжырымдамасы бойынша айналымдағы ақша жиынтығы
пайызға, пайыз – инвестицияға, инвестиция - өндіріске, өндіріс – табысқа,
табыс – бағаға әсер етеді. Сондай-ақ, ол ақшаның белгілі бір деңгейге дейін
пайызға әсер ететінін, ал инвестицияның пайызға үнемі әсер етпейтінін
мойындады.
ХХ ғасырдың екінші жартысында қаржы-несие реттеуінің кенсиандық емес
мектебінің пайда болғаны белгілі. Бұл мектептің өкілдері американдық
ғалымдар П. Самуэльсон, С. Харрис, Э. Хансен, Л. Ледокер, Дж. Гэлбрейт
болды. Олар Дж. Кейнстің несиенің көмегімен шаруашылық процестерге
мемлекеттің белсенді араласуы туралы идеяны дамытты.
Олардың ойынша мемлекет экономиканы Орталық банк бюджеті мен
қаржыларының қаржы-несие тетіктерінің көмегімен реттеуі керек.
АҚШ ғалымдарының басқа бір тобы (Р. Голдслий, С. Кузнец, К. Дугел, Д.
Кример) бұл тұжырымдаманы дамыта отырып, несие капиталдарының нарығын және
оның сегменттерін, олардың экономикамен өзара әрекетін, қызмет ету
параметрлерін зерттеді.
Бұл нарықтың негізгі қатысушылары мыналар:
- алғашқы инвесторлар, яғни уақытша бос ақша ресурстарының иелері:
уақытша бос ақша ресурстары бар жеке және заңды тұлғалар, мемлекет;
- уақытша бос ресурстарды шоғырландыратын несие-қаржы институттары
ретіндегі тұлғалық мамандандырылған делдалдар;
- қаржы ресурстарына уақытша мұқтаж қарыз алушы – заңды және жеке
тұлғалар, сондай-ақ мемлекет.
Несие капиталының нарығы төменде көрсетілгендерге сараланады:
- ақша нарығы – айналым қаражаттарының қозғаоысына қызмет көрсететін
қысқа мерзімді несиелердің (1 жылға дейін) жиынтығы;
- капитал нарығы – орташа мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін)
несиелердің жиынтығы;
- қор нарығы – бағалы қағаздармен байланысты несие операцияларының
жиынтығы;
- ипотека нарығы – жылжымайтын мүлікпен байланысты несие
операцияларының жиынтығы.
Несие капиталы нарығының даму деңгейіне: ел экономикасының дамуы,
елдегі өндірістік және қаражат қорланымының және халықтың әл-ауқат деңгейі,
соған сәйкес оның жинақ ақшасы тікелей әсер етеді.
әлемде экономикалық дамудың үш орталығы бар, олар: АҚШ, Батыс Еуропа
(ЕО), Жапония.
Төртінші орталық болып – Шығыс Азия қатарға қосылып келеді.
Бұл орталықтарда несие капиталының қуатты нарықтары бар. АҚШ-тың несие
капиталдар нарығы олардың ең қуаттысы болып есептеледі. Ол барлық төрт
сегменттің тармақталуымен және дамығандығымен ерекшеленеді және әлемдік
капитал нарығына маңызды әсер етеді.
Батыс Еуропаның 24-тен астам дамыған елдерін қамтитын Еуропа Одағы АҚШ-
тан капитал қорланымының кіші көлемімен және несие нарығының жеке сегмент
операцияларының жеткілікті дамуымен ерекшеленеді. Мұндай тенденциялар
Жапонияның несие капитьалы нарығына да тән.
Егер Қазақстанның несие нарығына тоқталатын болсақ, онда оның
сегменттері әр түрлі деңгейде екенін, сондай-ақ ол енді-енді қалыптасып
келе жатқанын атауға болады. Мысалы, Қазақстанда ақша және капитал
нарығының сенменті елдегі өндірістік және жеке қорланымның және банк
жүйесінің жақсы дамымағанына байланысты едәуір жетілді.
Ипотека нарығы алғашқы даму сатысында, оның инфрақұрылымы мен заңдық
базасы жасалуда. Бірақ, бұл нарықта әзірге даму сатысында деп айтуға
болмайды, ол ипотекалық несиелеудің Батыстық үлгісінен алшақ жатыр.
Қор нарығы кенжелеп қалған. Оның заңдық базалары мен инфрақұрылымы
әлдеқашан әзірленіп, биліктің ынтасы болса да, ол әлі даму тұрғысынан енді-
енді оянып келе жатыр. Егер мемлекеттік бағалы қағаздар қалыпты дамыса, ал
корпорациялық бағалы қағаздар түрлі объективті себептерге байланысты мүлде
дамымаған.
Капиталдық жасампаздық теорияны ары қарай монетаристер дамытуда. М.
Фридмен экономиканы реттеудің негізгі құралдары – несиенің пайыздық
мөлшерлемелері мен айналымдағы ақша жиынының өзгерісі болып табылады деп
есептейді. Шын мәнінде пайыздық мөлшерлемелерді реттей отырып, экономикаға
салынатын несие салымдарының ауқымын кеңейтуге немесе аясын тарылтуға
болады. Сондай-ақ, айналымдағы ақша жиынтығын реттеуге, ең соңында
өндіріске және баға мен инфлясияның деңгейіне де әсер етуге болады.
Монетаризм теориясы дамыған елдердің экономикалық саясатында кеңінен
қолданылуда. Бүгінгі таңда оның маңызы несиенің пайыздық мөлшерлемесін
өзгерте отырып, ақша жиыны мен инфляцияның өсуін тежеуге қол жеткізу болып
отыр.
Қазақстанда да несие теориясының жемістерін тәжірибеде кеңінен
пайдаланып отыр. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен үкіметі қаржы-
несие реттеуінің монетаристік теориясын қолдана отырып, 1994-1997 жж.
өршіген инфляцияны басты және елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол
жеткізді.

1. Қаржы-несие қатынасының теориялық аспектілері
1.1. Қаржы-несие қатынасының экономикалық мәні мен құрылымы

Қаржылық-несиелік қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі
болып табылады. Қаржы-несие ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы
нарығын анықтап беретін өзіндік аймақты қалыптастырады. Нарықтық экономика
жағдайында қаржы-несие қатынастары тұтастай алғанда елдегі нарықтық
қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қаржы-несие
қатынастары ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің
экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.
Қаржы-несие қатынастары – бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты
қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз
алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизмінің жүйесі. Тәжірибеде ол
ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері
бағыттайтын қаржы-несие институттарының жиынтығын білдіреді.
Қаржы-несие жүйесімен жүзеге асырылатын уақытша бос ақша
ресурстарының әр түрлі инвестицияларға айналу процесі қаржы нарығының
қызмет етуімен және қаржы институттарының қызметімен тікелей байланысты.
Егер қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орналастыру процесінде қаржы
институттарының негізгі рөлі меншік иелерінен қарыз алушыларға
қаражаттардың мүмкіндігінше тиімді өтуін қамтамасыз ету болып табылса, онда
қаржы ресурстарын сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қаржылық
активтер мен міндеттемелердің саудасын ұйымдастыру қаржы-несие нарығының
міндеті болып табылады. Мұндай нарықтардағы сатушылар мен сатып алушылардың
экономикалық субъекті ретіндегі үш тобы бар:
- үй шаруашылығы (жеке тұлға);
- меншік формасына қатыссыз барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер;
- мемлекеттік басқару органдары.
Олардың кез келгені нақты уақыт кезеңінде өз бюджетінің балансталған,
оның дефициті мен профициті жағдайында болуы мүмкін. Шаруашылық жүргізуші
субъектілер мен мемлекетте қаржылық қаражаттарды несиеге алу қажеттілігі
немесе уақытша бос қаражаттарын өзіне тиімді шартпен орналастыру мүмкіндігі
пайда болады. Қаржы-несие нарығы түпкі мәні бойынша әлеуетті сатушылар мен
сатып алушылардың, сондай-ақ делдал институттардың мүдделерін тиімді
ескеріп, жүзеге асыруға арналған.
Нарықтық экономика - өндірісті әлдеқайда тиімді ұйымдастырудың
формасы. Бұл көптеген әлем елдерінің даму тәжірибесімен дәлелденген.
Қазақстан Республикасы үшін шаруашылық жүргізудің жаңа әдістері қаржы-несие
нарығының әлеуетті мүмкіндіктерін, ең алдымен, елдің жан-жақты өсуін
қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді пайдалануды талап ететін еркін нарыққа
өтуді білдіреді. Бұл мағынада қаржы-несие нарығы – ғылыми-техникалық
прогрестің базасында дамитын, жалпы қоғам әл-ауқатының қажетті деңгейіне
қол жеткізу және экономикалық тиімді өсу үшін барлық экономиканың салаларын
ресурстармен қамтамасыз ететін жеке бастамалар мен бәсекелестікке үлкен мән
беретін қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың озық формасы.
Қаржы-несие саясатында нарықтық жағдайларда тиімді қызмет ете алатын
қаржы-несие жүйесінің дербестігін қамтамасыз ету шаралары қарастырылады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары – қаржы-несие
тұтқалары.
Қаржы-несие жүйесіне қаржы жүйесінің буындары ғана емес, сондай-ақ
несие жүйесі де кірістіріледі. Қаржы-несие жүйесі бірлескен түрде көбінесе
материалдық өндіріс саласында қызмет етеді, өйткені кредит мекемелері
өндірістік емес сфераға жатқанымен өндірістік емес сферада несие
қатынастары шектелінген.
Жоғарыда айтылғандарды түйндей келе, қаржы-несие нарығының функциясын
анықтайтын алғышарттарға мына факторларды жатқызуға болады:
- қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін барынша азайту;
- монополияны шектеу және бәсекелестікті дамыту мақсатында барлық
меншік түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық
дербестігін қамтамасыз ету;
- бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін елдегі Орталық банктің
ссудалық қорын пайдалануды тоқтатып, бұл мәселелерді мемлекеттік
займдарды, яғни облигациялар және басқа да міндеттемелерді
айналысқа шығару арқылы шешу қажет;
- бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкін шаруашылық жүргізуші
субъектілер мен халықтың ақшалай табыстарының өсуі.
Әрбір елге мамұны мен ерешелігін мүмкіндігінше толық ашатын қаржы-
несие нарығының құрылымы тән. Қаржы-несие нарығының құрылымына қатысты
ғалым-экономистердің пікірлері әр түрлі. Сондықтан да оның ғалымдар ұсынған
кейбір түрлерін қарастырып, содан соң Қазақстанға тән қаржы-несие нарығының
құрылымы анықталады.
Г.С. Сейітқасымовтың жетекшілігімен жазылған оқулықтағы қазақстандық
ғалымдар тобының көзқарастары бойынша қаржы-несие нарығының құрылымы өзара
байланысты және бірін-бірі толықтыратын, дербес қызмет етуші нарықтардан
тұрады.
1. Ссудалық капитал нарығы, яғни қысқа және ұзақ мерзімді банк
несиелері. Осы уақытқа дейін Қазақстанда қысқа мерзімді арзан несие болған
емес. Елде қызмет ететін коммерциялық банктер оны тек сенімді қамтамасыз
ету әрі жоғары пайыз-шарттарымен ғана береді. Негізгі қорларды құруға және
жаңғыртуға қажетті ұзақ мерзімді несиені тек өзгермелі (кезең сайын
қарастырылатын) пайыз мөлшері бойынша алуға болады.
2. Бағалы қағаздар нарығы. Бүгінгі таңда мемлекет бюджет
тапшылығының орнын толтыру үшін эмиссиялық ақшалай белгілерге емес,
мемлекеттік бағалы қағаздарды, мәселен, мемлекеттік қазынашылық қысқа
мерзімді міндеттемелерді шығаруға жиі қадам жасайды.
Талдаудың мақсаттарына және қандай да бір елдің қаржы нарығындағы
жекелеген сегменттердің даму ерекшеліктеріне қарай қаржы-несие нарықтарын
жіктейтін әр түрлі тәсілдер бар.
Ковалевтың түсіндірмесіне орай, қаржы-несие нарығының жіктелуі
мынадай:
1. Валюта нарығы – бұл валюталық құндылығы бар объектілер тауар
болып табылатын нарық. Банктер, биржалар, қаржы және
инвестициялық мекемелер валюта нарығының субъектілері
ретінде болады.
2. Капитал нарығы өз кезегінде ссудалық капитал нарығы және
үлестік бағалы қағаздар нарығы деп бөлінеді. Бұлайша бөлу
осы нарықта сатылатын тауарларды (қаражаттарды) сатып
алушылардың арасындағы және қаржы құралдарының эмитенттері
арасында қатынастардың сипатын білдіреді. Егер қаржы құралы
ретінде үлестік бағалы қағаздар алға шығатын болса, онда бұл
қатынас меншік қатынастарының сипатында болады, ал қалған
жағдайда бұл несиелік қатынас күйінде қалады.
Ссудалық капитал нарығында мерзімділік, қайтарымдылық және ақылы
шартарымен ұсынылатын ұзақ мерзімді қаржы құралдары айналыста болады.
Ол ұзақ мерзімді банк ссудаларының нарығын және борыштық бағалы
қағаздар нарығын қамтиды.
Әлемдегі экономистердің көбісі қаржы-несие нарығының құрылымына
ипотека нарықтарын, сақтандыру және зейнетақы нарығын кіргізеді.
Сақтандыру полистері мен зейнетақы шоттарының нарықтары, ипотека
нарықтары бұлар қаржы құралдары мен институттары келісім-шарт негізінде
әрекет ететін жинақ мекемелері бар ерекше нарықтар.
ҚР мемлекеттік реттеу органдарының қаржылық есеп берулерді ұсынудың
белгіленген тәртібіне сәйкес қаржы-несие нарығының құрылымын былайша
көрсетуге болады:
1. Депозит нарығы. Халықтың табысы екі негізгі бөліктен: тұтынуға
арналған табыс пен жинақтауға арналған табыстан тұрады.
Уақытша бос ақша қаражаттар (жинақ ақша) әр түрлі салым
негізінде банкке және қаржы-несие мекемелеріне (тартылған
ресурстар) тартылады. Осылайша, ақшалай депозиттерде
трансформацияланады, банктер ақшаны пайдаланғаны үшін иелеріне
тиісті ақшалай сыйақы-пайыздар төлейді.
2. Несие нарығы. Депозиттер түрінде банкке түсетін қаражаттың бір
бөлігі одан ары несиелер ретінде бөлінеді. Коммерциялық
банктер уақытша бос ақша қаражаттарды шоғырландыру арқылы әр
түрлі мақсаттары үшін заңды және жеке тұлғаларға несие береді.
Осылайша, ақшалар нарықта несиелер ретінде айналыста болады.
Қарыз алушылар бұл несиелерді пайдаланғаны үшін банкке тиісті
пайыздар төлейді.
3. Бағалы қағаздар нарығы, басқа қаржы құралдары секілді қаржы
нарығына жағымды әсерін тигізеді. Егер депозитке банк
сертификаты рәсімделетін болса, ол одан ары айналысқа түседі.
Айналым қаражатын толықтыру үшін несие алу міндетті емес. Бұл
арада борыштық міндеттемелердің біріне жататын әрі нарықта бос
айналысқа түсіп, өз иесін айырбастай алатын облигацияларды
шығарса жеткілікті.
4. Сақтандыру және зейнетақы қызметтерінің нарықтары. Бүгінгі
таңда зейнетақы қорлары мен сақтандыру компаниялары біздің
еліміздегі нарықта өз қызметін жүзеге асыратын негізгі қаржы
делдалдары болып табылады. Зейнетақы және сақтандыру қорлары
көптеген елдерде ақшаны өндіріске инвестициялаудың көздері
болып табылады, яғни ақша ұдайы өндіріс процесіне белсенді
түрде тартылады. Сақтандыру және зейнетақы нарықтары, бір
жағынан, нақты қызметті сату-сатып алу нарығымен көзге түссе,
ал екіншіден – ол толық негізде қаржы нарығының құрылымына
кіруі қажет.
Барлық типтегі нарықтардың өзара байланысы қаржы-несие нарығының жұмыс
істеу шартын анықтап береді, яғни.
- ретке келтірлген тауар нарығының болуы (кез келген түрдегі және
тағайындаудағы тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс пен
ұсыныстың баланстылығы);
- ақша айналысын реттеу, елдің ұлттық банк тарапынан қолма-қол және
қолма-қолсыз ақша айналыстары бойынша эмиссияны бақылау;
- несие нарығын толық белсендендіру және коммерциялау.
Қарастырылған процестер қаржы қатынастарының күрделі тоқайласуын,
олардың басқа экономикалық қатынастармен өзара іс-әрекетін шарттастырады
және олардың экономиканың тиімділігіне, оның үдемелі дамуына, қоғамдық
әлеуметтік-процестерге әсерін зерделеуге ғылыми көзқарасты талап етеді.
Қоғамдық қатынастардың иерархиясында ақша қатынастары экономикалық
қатынастарға жатады, ал экономикалық қатынастар өз кезегінде қоғамдық
қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі - өндірістік қатынастарға кіреді.
Бұдан қаржы қатынастарын өндірістік қатынастардың бір бөлігі, яғни олар
базистік және негізгі қатынастар болып табылады деуге болады. Ал өз
кезегінде қаржы қатынастарынан кейінгі сатыда қаржы-несие қатынастары мен
ол қамтитын жекелеген қаржы ресурстары табылады.

Сызба 1. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі (бағыныңқылығы)
Қатынастардың иерархиялық субординацияларын ескере отырып, жалпыдан-
жекеге қағидаты бойынша олардың мынадай дәйекті қатарын жасауға болады:
жалпы қоғамдық қатынастар, өндірістік қатынастар, ақша қатынастары, қаржы
қатынастары, қаржы-несие қатынастары (салық, бюджет, банк несиесі,
мемлекеттік кредит, сыртқы экономикалық қатынастар).
Республиканың бюджет жүйесінің қалыптасуының негізгі қағидалары -
өңдеу, бекіту және жүзеге асыру процесіндегі төменгі бюджеттердің жоғарыда
тұрған бюджеттерден толық тәуелсіздігі.
Республикалық бюджет қаражатынан жалпы мемлекеттік шығындар, оның ішінде,
түбегейлі зерттеулер шығындары, ғылыми-техникалық және арнайы бағдарламалар
қаржыландырылады.
Салық, несие саясаттары өз бетінше жүргізіледі, органдар жүйесі және
банк бөлімшелерінің құрылымы өзгертіледі. Банк ісінде несие беру
объектілерін, баға белгілеу және несие мерзімдерін өздігінше таңдауға
мүмкіндік беретін арнайы банктерді акционерлеу және коммерцияландыру
процестері болып жатады.
Нарықтық экономика жағдайында динамикалық пайыздық саясат енгізіледі.
Қатаң орталықтандырылған жоспарлы экономикаға тән (несие және кассалық
жоспарлау арқылы), ақша айналымын басқару әдістерінен бас тарту.

1.2. Нарықтық экономикадағы қаржы-несие қатынастарының маңызы және
қажеттілігі

Нарықтық экономика кезінде кез келген кәсіпорындардың жұмысын басқару
жүйесіндегі ең бір ауыр және жауапты бөлімінің бірі – қаржы-несие
қатынастарын басқару. Нарықты экономикаға көшкен елдерде бұл басқарудың
принциптері мен әдістері XIX-XX ғасырларда арнайы мамандандырылған білім
ретінде қалыптасқан.
Қаржыны басқару – кәсіпорында жалпы басқару жүйесінің ажыратылмайтын
бөлігі.
Кәсіпорынның қаржысын басқару қаржы тетігінің көмегімен орындалады. Ол
басқарушы және басқарылушы деген екі қосалқы жүйеден тұрады.

Басқарушы қосалқы жүйе (басқару субъектісі)
Қаржы қызметі және оның бөлімшелері

Басқарылушы қосалқы жүйе (басқару объектісі)
Қаржы қатынасы Қаржы Қаржы ресурстары Ақша айналымы
ресурстарының көзі

Сызба 2. Кәсіпорынның қаржы тетігінің негізгі қосалқы жүйесі

Басқару субъектісі болып, яғни қаржы менеджментінің қосалқы жүйесі –
қаржы қызметі, оның бөлімдері және қаржы менеджері болып саналады. Қаржы
менеджментінің негізгі басқару объектісі ретінде кәсіпорынның ақша айналымы
саналады.
Кәсіпорынның қаржы тетігі – қаржы инструменттері мен қаржы әдістері
арқылы кәсіпорынның қаржы қатынасын басқару жүйесі. Сонымен қаржы тетігінің
негізгі элементтері дегеніміз – қаржыны басқару объектісі ретіндегі қаржы
қатынасы, қаржы әдістері, қаржы инструменттері, қаржыны басқаруды
ақпараттармен және құқықпен қамтамасыз ету(Сызба 2.)

Сызба 3. Кәсіпорынның қаржы тетігінің құрылымы

Кәсіпорынның қаржы қатынасы. Кәсіпорын деңгейіндегі қаржы қатынасын
қамтитындар:
- басқа кәсіпорындардан және мекемелерден шикізат, материалдар
жеткізу, құрастырушы мүліктер мен өнімдерді сату, қызмет көрсету
қатынасы;
- есеп айырысуға банктік қызмет көрсету, несиелерді алғанда және
жапқанда, валютаны сатып алу және сатқанда, т.б. операциялар
жасауға банк жүйесімен қатынас;
- коммерциялық және қаржы тәуекелділіктерін сақтандыру жөніндегі
сақтандыру компаниялары және мекемелермен қатынас;
- өндірістік және қаржы активтері операцияларымен байланысты
тауарлар, шикізаттар және қор биржаларымен қатынас;
- инвестицияны орналастыру туралы инвестициялық институттармен
қатынас;
- кәсіпорын қызметкерлерімен қатынас,
- акционерлік кәсіпорындармен қатынас;
- салық қызметімен қатынас;
- аудиттік фирмалармен және басқадай шаруашылық субъектілер мен
қатынас, т.б.
Жоғарыда келтірілген қаржылық қатынас түрлеріне ортақ қасиеттер
олардың ақша түрінде көрсетілуі және жинақ төлемі мен ақша қаражаттарының
түсуін көрсету. Жалпыламасына қарамай жоғарыда аталған қаржы қатынастарын
төрт топқа, ал олардың екі тобын ішкі қаржы қатынасына біріктіруге болады.
Басқадай кәсіпорындар және ұйымдармен қатынас жасау ақша төлеу көлемі
жағынан ең ірі топ болып есептелінеді. Кәсіпорындар бір-бірімен дайын
өнімдерді сатумен және шаруашылық қажетке керек материалдарды алумен
байланыста болады. Бұл топтың қаржы қатынасы басымқы рөл атқарады., өйткені
материалдық өндіріс саласында ұлттық табыс жасалынып, кәсіпорындар
өнімдерді сатудан түсім және пайда алады. Бұл қатынастарды дұрыс
ұйымдастыру өндіріс әрекетінің түпкі нәтижесіне тікелей әсер етеді.
Қаржы-несие жүйесімен қатынас әр түрлі болады. Алдыменен, бұл қатынас
әртүрлі деңгейдегі бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен, салық төлемімен,
сондай-ақ қаржы нарығы инфрақұрылымының мекемелерімен байланысты.
Кәсіпорынның ішкі қаржы қатынасы – бұл кәсіпорынның әр түрлі
құрылымдағы бөлімдерінің арасындағы қатынас: дербес бөлімдер, цехтар,
бригадалар, кәсіпорын қызметкерлері мен жұмысшыларының қатынасы.
Фирмалардың ішкі бірлестіктерінің қаржы қатынасы: жоғары тұрған
ұйымдар мен холдинг жағдайындағы фирмалардың ара қатынасына бөлінеді.
Қаржы қатынасындағы ортақтық ол кәсіпорынның өздері жасаған шаруашылық
операцияларының нәтижесіндле пайда болады. Сондықтан кәсіпорынның қаржы
жағдайы алдыменен оның өндірістік-шаруашылық күй-жайының сипатымен
анықталады.

1.3. Қаржы және несие қатынастарының өзара әрекеті және олардың жүзеге
асырылуы

Қоғамдық өнімді бөлу процесі өте күрделі, мұның барысында өндірісте
жасалған құн шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, ала олардың
әрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Осыған байланысты ол түрлі
экономикалық категориялардың көмегімен жүзеге асады, бұлардың әрқайсысы
ерекше, тек өзіне тән рөлдерді орындайды. Қаржы құндық бөлу процесіне
қатыса отырып, баға, жалақы, несие сияқты категориялармен өзара тығыз
байланыста болады және өзара іс-қимыл жасайды. Бұл ақша категориялары ұдайы
өндіріс циклінің басқа стадияларындағыдай сонымен бірге бөлгіштік процеске
де қатысады. Алайда олардың қатысу өлшемі мен нысандары бірдей еемес. Жеке
экономикалық категориялардың ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында
қатысу дәрежесі әр түрлі. Аталған категориялардың әрқайсысы тек оған тән
әдістермен және тәсілдермен қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлудің
біркелкі процесіне қатыса отырып, бөлгіштік және басқа ұдайы өндірістік
қатынастардың жүйесінде өзінің ерекше орнын алады.
Қоғамдық өнім құнын бөлуге несие де қатысады. Әрі қайта бөлгіштік
процестер несие қатынастарының сферасында ағылып жатады. Қаржыдағы сияқты
несие қатынастарында да шаруашылық жүргізуші субъектілерді, халықты,
мемлекетті ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелендіру мақсаттары үшін
несиелік деп аталатын ақша қорлары қалыптасып, пайдаланылады.
Банктердің ресурстары қайта бөлу стадиясында қалыптасатыны белгілі,
яғни несие бұрын бөлінген құнды бөледі. Несие қаржы ресурстарын толықтырады
және ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесіне мүмкіндік туғызады. Несиенің
көмегімен қаржы ресурстары шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың
(үй шаруашылығының) арасында қайта бөлінеді. Қаржы мен несиенің арасында
көптеген ортақ белгілер бар, бірақ негізгі белгі өндірістік қорлардың
(капиталдардың) толық айналымында екі категорияны кеңінен пайдалану болып
табылады. Екі категория да қоғамдық шаруашылықта қаражаттардың қалыпты,
үздіксіз ауыспалы айналымы үшін жағдайлар жасауға бейімделген. Бұл
категориялардың материалдық сферадағы кешенді ықпал жасауының объектілері
өндірістік капитал болып келеді. Қаржы және несие күрделі жұмсалымдар мен
айналым қаражаттарын қалыптастырудың көздері болып табылады. Бірге үйлесе
отырып. Олар кәсіпорындардың ақша қорларының айналымын ұлғаймалы негізде
қамтамасыз етеді. Қаржылық әдіспен әдетте шаруашылық органдардың ақшаға
деген тұрақты қажеттіліктері, несиелік әдіспен олардың уақытша мұқтаждары
қанағаттандырылады. Келешекте күрделі жұмсалымдардың көзі ретінде несие
ресурстарының рөлі артатын болады.
Сонымен қатар қаралып отырған категориялардың арасында белгілі бір
айырмашылықтар да бар. Егер қаржы қоғамдық өнімді бөлетін және қайта
бөлетін болса, несие қаржы бастаған бөлуді жалғастыра отырып тек қайта
бөлуге қатысады. Несиенің объектісі осы мезетте уақытша бос болып келетін
құнның бір бөлігі болып табылады, бұл ақшаны қажетсініп отырған шаруашылық
органдары мен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құнды несие
қорына шоғырландыруға мүмкіндік береді. Жинақталған ақша қаражаттарын
пайдалану әдісі айтарлықтай айырмашылық болып табылады: қаржыландыру
қаражаттарды өтеусіз және мерзімсіз тәртіппен бағыттауды шамаласа,
несиелендіру қайтарымдылық, мезгілдік, ақылық жағдайларында жүргізіледі;
несиенің аса маңызды қағидаты – берілетін несиелердің материалдық
қамтамасыздығы.
Өзінің ортақ қағидалы біртұтастығына қарамастан, қаржы қатынастарын
ұйымдастырудың нысандары мен олардың сыртқа көрініс әр түрлі. Бұл мағынада
қаржы құрамы туралы айтуға болады. Қаржы қатынастарының сфералары мен
буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің біртұтас қаржы жүйесінің
құрамын құрайды. Сонымен бірге қаржы құрамын мемлекеттің қаржы саясатын
жүзеге асыруға қызмет ететін нақтылы қаржы органдары болып табылатын қаржы
жүйесінен ажырата білген жөн.
Қазақстан Республикасында макро және микроэкономиканың қаржы жүйесін
реттеп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және
оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге
байланысыты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды.
Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының
біршама дербес мына сфераларынан тұрады:
- мемлекеттің бюджет жүйесі;
- арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
- мемлекеттік несие;
- жергілікті қаржы;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
- халықтың қаржысы.
Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жалпымемлекеттік, яғни
орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен
әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және
микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін
пайдаланылады.
Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып
табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік рөлі, оның құрамы мен құрылымы
бүтіндей жергілікті органдарға жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай-
ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық
бағыттылығымен анықталады.
Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке
біріктіріледі:
- мемлекеттік және муниципалдық қаржы;
- шаруашылық жүргізушілердің қаржысы.
Мемлкеттің қаржысы қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын
жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекеттің негізгі қаржы жоспары
ретіндегі мемлекеттік бюджетте, қоғамдық құжаттарды мақсатты
қаржыландырудың қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда,
мемлекеттік несиеде көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды.
Несие қатынастарының қаржы қатынастарынан айырмашылығы болғанымен
мемлекеттік несие қаржы жүйесіне қамтылады. Бірақ несиенің бұл түрі
мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу мақсатына бағытталғандықтан, мемлекет
қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз ететіндіктен, ол бойынша есеп айырысу
бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан – бұл буын қаржы жүйесіне де,
сондай-ақ несие жүйесіне де жатады деп есептеуге болады.
Адамдар көп жағдайда несиені қаржы сияқты қабылдайды. Бір қарағанда,
несие - әсіресе, ақша түрінде ұсынылатын банк несиесін ақша деп санауға
болар еді. Соған қарамастан, ақша және несие – түрлі ұғымдар ғана емес,
әртүрлі қарым-қатынастар да болып табылады.
Несие мен қаржы – түрлі экономикалық қарым-қатынастарды білдіретін
дербес экономикалық категориялар. Қаржыға қарағанда несие тарлау болып
келеді. Себебі, несие қарым-қатынасының субъектілері тек несие мәмілесінің
қатысушылары ғана болса, ал ақша қарым-қатынасының субъектілері барлық
заңды, заңды емес және жеке тұлғалар болып табылады.
Осыған байланысты несие және қаржы қарым-қатынасының ең бірінші
ерекшелігі – қатысушылар құрамының әр түрлі екенін атап өткен жөн. Қаржы
қарым-қатынасына сатып алушы мен сатушы қатысады, ал қаржы жалпы балама
сияқты қаржыны алушы мен сатушы субъектілері арасындағы қарым-қатынас
нәтижесінде осындай қалыпқа енеді. Бұл жағдайда тауар мен қаржының
ыңғайластық қозғалысы жүреді.
Несие қарым-қатынасының қатысушылары несие беруші мен қарыз алушы
болып табылады, ал несие құнның қайтарылу қозғалысының себебі бойынша
ерекше қарым-қатынасты көрсетеді. Бұл жағдайда құн ыңғайластық қозғалысқа
түспейді, өйткені ол несие берушіден қарыз алушыға өтеді және белгіленген
мерзім өткеннен кейін өз иесіне қайтады. Несиеге ақшалай қарым-қатынаста
жол берілмейтін мерзімі ұзартылған төлем тән. Соған қарамастан қаржы мен
несие бір-бірімен қатар болып, өзара әрекетке түседі. Сонымен, тауарларды
несиеге сату процесінде төлем құралы ретінде несие мен қаржы қатысады.
Несие мен қаржы әр түрлі тұтыну құнына ие. Несие пайыз
келтіретіндігімен қаржыдан ерекшеленеді.
Несие қаржы түрінде де, тауар түрінде де ұсынылуы мүмкін.
Бұл ерекшеліктерге қарамастан тауар ақша қатынасының талаптарында
қаржы мен несие тығыз байланыста дамып, ұдайы өндірістің барлық қорына
қызмет көрсету арқылы өзара бір-бірін толықтырады.
Банк берген несие клиенттерге банктің депозит есепшоттарына жаңа қаржы
салуға мүмкіндік береді. Клиенттер оларды төлем құралы ретінде
жеткізушілердің шоттарын және басқа да төлемдерді өтеу үшін пайдаланады.
Банк клиенттері, яғни банк есепшотының иелері бір уақытта қаржы және
несие қарым-қатынасының субъектілері де болып табылады. Нарық
экономикасының жағдайында несие мен қаржының өзара әрекет етуінің алдағы
уақытта күшейе беру тенденциялары көрініс табады. Оған мына себептер бар:
- қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың кеңеюі, интернет арқылы есеп
айырысудың электрондық жаңа жүйелерінің, төлем карталарының, дебет
карталарының пайда болуы, бір жағынан, банк шоттарына ақшаны тартып,
оларды несие ресурстарына айналдыру себеп болса, екінші жағынан ақша
айналымын тездетеді, сондықтан ақшаның бір бөлігі есеп айырысу үшін
керексіз болып қалады және депозит есепшоттарында банктің несие
ресурстарын көбейтіп, тұрақталып қалады;
- орталық банктер несиені экономиканы қаржы-несие жағынан реттеуінің
негізгі құралы ретінде пайдаланады. Оның шегі тарылу немесе кеңеюі
арқылы айналымдағы қаржы жиынтығына, банктің эмиссиялық қызметіне
әсер етеді.
Болашақта несие мен қаржының өзара әрекеті жалғасып, күшейе береді.

2. Қазақстандағы қаржы-несие қатынастарын
жетілдіру: жолдары және мәселелері
1. Қазақстандағы қаржы саясатының және қаржы-несие қатынастарының
мәселелері

Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал
жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай
экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе
несие, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.
Кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін
жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады. Қойылған
мақсаттарды жүзеге асыруда қаржы саясаты маңызды рөл атқарады. Оны жасап,
жүзеге асыру процесінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орындаудың
шарттары қамтамасыз етіледі; ол экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың
белгілі құралы болып табылады.
Қаржы саясаты қаржы ресурстарын шоғырландыруға және зәру міндеттерді
шешуге бағытталған, тап осы мемлекеттің қоғамдық өндіріске ықпал етуіне
мүмкіндік жасайды.
Қаржы саясаты қазіргі кезеңде қарама-қайшылықты міндеттерді шешеді,
демек, қаржы саясаты баланстандырылған болуы тиіс.
Қазіргі жағдайда қаржы саясатының негізгі бағыттары мыналар болып
табылады:
1) шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасында нарықтық
қатынастарды нығайту жөнінде шаралар жүргізу;
2) дағдарысты жай-күйді жою және қаржы жүйесін сауықтандыру;
3) халықты әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар кешенін жүргізу.
Нарықтық экономика жағдайында ұзақ мерзімді ғылыми қаржы болжамдарына
негізделген және қаржы реттеуіштерінің жүйесіне сүйеніп әрекет ететін
тиісті қаржы саясаты материалдық-заттай, ақша ағындарының күнделікті әрі
перспективалық тепе-теңдігіне жетудің, соның негізінде қоғамның үдемелі
экономикалық өсуін қамтамасыз етудің негізгі өркениетті әдісі болып
табылады. Ол бірінші кезектегі міндеттерді – мемлекеттік бюджеттің
тапшылығы мен ішкі және сыртқы қарыздың мөлшерін, қаржы рыногын дамыту,
қолданыстағы салық жүйесін жетілдіру, инфляцияның қарқынын төмендету және
т.б. шешу үшін пайдаланылады. Сонымен бірге қаржы реттеуіштерінің жүйесімен
айла-шарғы жасау арқылы белгілі бір түрде мемлекет пайдаланатын қаржы
айналымында жүрген нақты ресурстар тиісті қаржы саясатына жетудің негізгі
құралдары бола бастайды.
Соңғы жылдардағы Қазақстанның қаржы жүйесі мемлекет бюджетіне
төленбеген төлемдермен сипатталады. Жүйелі төлем қабілетсіздігінің
салдарынан мемлекеттің қарызын арттыруға тура келеді.
Тұрақтандырудың қаржы саясаты мына мәселелерді қамтиды:
1) инфляцияны тоқтату;
2) бюджет тапшылығын ЖІӨ-нің 2% дейін төмендету;
3) мемлекет қарызын ЖІӨ-нің 48% дейін жеткізу.
Қаржы саясатына қаржы-несие саясаты қосылады. Қаржы-несие саясаты
жетістіктерінің бірі – Ұлттық банк несиелерін беру (эмиссия) жолымен
мемлекеттік қарызды жабудан заңнамалық түрде бас тарту.
Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемлекеттің
сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін. Жүргізіліп отырған қаржы
саясатыныңы басты субъектісі мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ
перспективаға арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының стратегиясын
жасайды және алдағы кезеңге арналған міндеттерді, қаражаттарды және оған
жетудің жолдарын анықтайды.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іс-
әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржы-несие
қатынастарын ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде
қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін,
қоғамның материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін
және басқа факторларды ескере отырып, түрлі мәселелерді шешеді.
Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты мәселелер
қатарына мыналарды жатқызуға болады:
а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы
ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын
қамьтамасыз ету;
ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық
шаруашылық секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды
белгілі бір мақсатқа бағыттау;
б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті
қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.
Сондықтан Қазақстан жағдайында қаржы-несие қатынастарын
жетілдірудің міндеті экономиканы экономикалық өсудің траекториясына көшіру,
ұлттық шаруашылықтың құрылымын одан әрі жетілдіру негізінде шаруашылық
өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту, мемлекеттік бөліктің
үлесін оңтайландыра отырып, меншікті реформалау, сыртқы экономикалық
қызметті ұлғайтып, жандандыру, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру
жөнінде шаралар жасап, оларды қаржы-несие механизмі арқылы іске асыру болып
табылады.
Елдег жүргізіліп жатқан рефориаларға сәйкес мемлекеттің қаржы-несие
саясаты нарық жағдайында қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыруға, әлеуметтік-
экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларында қаралған шараларды
үздіксіз қаржыландыруға және несие, ақша ресурстарын мақсатты әрі ұтымды
пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған.
Қазіргі кездегі қаржы-несие жүйесі соңғы жылдары едәуір өзгерістерге
ұшырады. Әлемдік экономикадағы құрылымдық қайта құрулар нәтижесіндегі
өзгерістерге байланысты банк жүйесінің барлық компонеттері жаңғыртылуда.
ҒТР-дың дамуы әсерінен өндірістің шоғырлануы капиталдың шоғырлануымен
орталықтануын талап етті, сәйкесінше банктер өз операцияларын несиелік
ресурстарды ұдғайтуға қарай модификациялауда; банктік жүйенің құрылымдық
қайта құрылуы айқын; белгіленген мамандануды сақтай отырып, банктер
қызметінің шоғырлануы және әмбебаптануы орын алады; банктік емес несиелік
мекемелердің динамизмі байқалады. Банктердің жекелеген типтері, банктер
және банктік емес мекемелер арасындағы айырмашылықтардың жедел жойылуы
немесе кедергілердің жойылуы – соңғы жылдардағы несие жүйесінің құрылымдық
қайта құрылуының маңызды тенденцияларының бірі.
Біз дамыған нарықтық экономикасы бар елдердің қазіргі кездегі несие
жүйесін сипаттаушы кейбір маңызды мәселелерге ғана тоқталдық. Өз
экономикасын нарықтық жолға қайта құрушы Қазақстан үшін әлемдік қаржы-несие
жүйесінің қазіргі кездегі даму тенденциялары үлкен қызығушылық туғызады,
өйткені нарықтық экономикаға өту өзіндік нарықтық қаржы-несие жүйесін
құруды талап етеді. Республикамыз үшін шет ел тәжірибесін толығымен
меңгерген тиімді болады, өйткені экономика нарыққа өтудің ең басында тұр,
ал Батыс болса, мұнда бұрыннан қызмет етуде, бірақ осы тәжірибеден барлық
жағымды жайттарды алған дұрыс болады, өйткені ол өтпелі кезең жағдайында өз
қолданысын табары сөзсіз.

2. Қазақстанда қаржы-несие қатынастарын жетілдіру жолындағы
жасалып жатқан шаралар

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі 2007 жылы Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін
және ел азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы
институционалдық және экономикалық жағдай жасауға, экономиканың өсуінің
жоғары қарқынын және бағалар тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған
келісілген қаржы-несиелік саясат жүргізетін болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ақша-несие саясатының
операцияларын алдағы уақытта жетілдіретін болады, бұл оның негізгі
ставкаларының реттеуші рөлін одан әрі арттыруға ықпал ететін болады. Қайта
қаржыландырудың ресми ставкасын қоса алғанда, ҚР Ұлттық Банкінің
операциялары бойынша ставкаларды реттеу ақша нарығындағы ахуалға және
инфляция деңгейіне байланысты жүргізілетін болады.
Сыйақының нарықтық ставкаларына қысқа мерзімді ставкалардың реттеуші
рөлін арттыру мақсатында ҚР Ұлттық Банкі депозиттер тарту (төменгі шекара)
және қарыздар беру (жоғарғы шекара) бойынша ставкалармен анықталатын
операциялар, көрсетілген дәліздің шекараларын жақындату және қайта
қаржыландыру ставкасымен депозиттік ставкалардың өзара байланысы жөніндегі
ставкалар дәлізін ықшамдауға бағытталған саясатты жалғастыруды ниет етіп
отыр. Бұл кезеңде дәліздің төменгі шекарасы жоғарғы шекараның жартысын
құрайтын болады.
Банк жүйесінің шамадан тыс өтімділігінің және экономикадағы
инфляциялық қысымның өсуі жағдайында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
қаржы-несие саясатын қатаңдатуды жалғастырады.
Халықаралық практикаға сәйкес ҚР Ұлттық Банкі ҚР-ның Үкіметімен және ҚР
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігімен
бірлесіп, 2007 жылы қаржылық тұрақтылық жөніндегі меморандум әзірлеуде.
Қазақстанның қаржы жүйесінде сенімді күшейту мақсатында қаржы тұрақтылығы
жөніндегі есеп шеңберінде тұрақты негізде қалың жұртшылық үшін талдамалық
жұмыстардың нәтижелеріне қолжетімділік қамтамасыз ететін болады.
Қаржы секторын дамыту, сондай-ақ оның жекелеген секторын мемлекеттік
реттеудің бағыттары мен әдістері Қазақстан Республикасының қаржы секторын
дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі
басымдықтарына сәйкес болады. Бұл бағытта экономиканың нақты секторының
қаржы ресурстарына қажеттіліктерін қанағаттандыратын және еркін
бәсекелестік жағдайында қаржы институттарының сапалы қызметтер ұсынатын
қаржы жүйесінің жұмыс істеу жағдайын қалыптастыру арқылы Қазақстанның қаржы
ұйымдары мен қаржы секторының бәсеке қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмыс
жүргізілетін болады.
Ұлттық қорда қаражатты сақтау мен жинақтау және оны экономиканың
теңгерімді дамуы мен оның қызып кету қаупін азайтуға ықпал ететін
макроэкономикалық реттеуіштердің бірі ретінде пайдалану саясаты жалғасады.
Теңгенің айырбас бағамына қатысты Қазақстан Республикасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айналым капиталы - кәсіпорын меншіктегі айналым құралдары
Қаржы менеджменті туралы
Қысқа мерзімді қаржы саясаты кәсіпорын қаржысын жедел басқару негізі ретінде
Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқару
Қаржылық жағдайдың бағасы және корпорацияның қаржылық тұрақтылығына жету жолдары
Арагон ЖШС МЫСАЛЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджментінің рөлі
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және банкроттығын талдау
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы
Пәндер