Қаржылық инвестиция есебі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Нақты және қаржылық инвестиция туралы түсінік, олардың жіктелуі
2.2. Еншілес, тәуелді және бірігіп бақыланатын заңды тұлғадағы инвестиция
есебі
2.3. Қаржылық инвестиция есебі
2.4. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және
тәуелді серіктестіктердің инвестициясының есебі

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе
Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және
экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып,
жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты –
түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза
табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің
табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі
капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде
қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны
жіктеудің көптеген критерийлерің алдын ала айқындайды.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ
мерзімді болып бөлінеді.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық
және нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар — бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және
материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар — бұл субъектінің табыс алу мақсатында
пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға
ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар
(мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ақ, қаржылық
инвестицияға пайдаланбай түрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық
инвестицияның бір түрі болып бағалы (құнды) қағаздар да саналады. Барлық
бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді.—ақшалай және күрделі
(капиталды) болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды
алғаңдағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы кағаздар. Оларға:
вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы
бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар
өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен
-қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан
аспайтын уақытқа) беріледі.
Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын
(қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.
Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін
куәландыру үшін олар былайша бөлінеді:
— бағалы қағазды ұсынушыға — құқықтарын орындау үшін, бірақ олардың
иелерін теңестіруді (идентификациялауды) талап етпейді, ұстаушылардың атына
тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа
адамға қарапайым жолымен қолына береді.
— атаулы бағалы қағаздар — белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы
қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін
белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы қағаздар
бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес,
ондағы тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді.
— ордерлік бағалы қағаз – ол ең алғашында иемденушінің атына немесе
оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген құқықтар қағазға
түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалылығын сақтайтындай етіп -
индоссаментке жазып береді. Индоссамент өзінде құқықтың болғанына ғана
емес, сонымен бірге, оның жүзеге асуына да жауап береді. Бағалы қағаздардан
алынатын табысқа қатысты оларды борыштық және инвестициялық етіп бөлуге
болады.
Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды (проценттерді) төлеуді және негізгі
қарыздың негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады.
Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған барлық облигациялар,
векселдер жатады.
Инвестициялық бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін
иемденуге құқық береді, оларға эмитенттердің барлық типтеріндегі акциялары
тұтастай жатады.

2.1. Нақты және қаржылық инвестиция туралы түсінік,
олардың жіктелуі
Кәсіпкерлік табысты, капитал өсімін немесе процентін алу (шаруашылық
жүргізуші субъектілерінің құнын арттыру және осыған орай оны
меншіктеушілердің әл-ауқатын көтеру) мақсатында әр түрлі экономика
саласына капитал жұмсау жолымен іс жүзіне асырылатын жиынтық шығындары
инвестиция деп ұғамыз.
Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады:
1. Жұмсау мерзімі бойынша:
• қысқа мерзімді – бір жылға дейін иемдену мерзімі (бұл еркін
ақшалай қаражатты уақытша орналастыру мақсатында оңай өткізілетін
бағалы қағаздардағы компанияның инвестицицясы);
• ұзақ мерзімді – бір жылдан көп иемдену мерзімі;
• мерзімісз инвестициялар.
Ұзақ мерзімді және мерзімісз инвестициялар – бұл қосымша пайда алу
мақсатында немесе құнды қағаздары сатып алынатын компанияға ықпал
етуге ие болу мақсатында немесе бұл салада өз операцияларын жүргізетін
ұйыммен салыстырғанда қаражаттың мұндай жұмсалымы әлдеқайда пайдалы
болғандықтан қаражатты орналастыру.
2. Тағайындалуы бойынша:
• қаржылық – құнды қағаздарға жұмсау;
• нақты (мүліктік жұмсау) – субъектінің негізгі капиталына жұмсау
және материалдық-өндірістік қордың өсуіне жұмсау.
3. Шығу тегі бойынша – бірінші, екінші.
4. Болу формасы бойынша –құжаттық, құжатсыз.
5. Ұлттық тегі бойынша – отандық, шетелдік.
6. Қолдану түрі бойынша – инвестициялық (капиталдық), инвестициялық
емес.
7. Иемдену қатары бойынша – жеке, жалпы.
8. Шығарылатын формасы бойынша – эмиссиондық, эмиссиондық емес.
9. Меншік формасы бойынша – мемлекеттік, корпоративтік.
10. Айналыс сипаты бойынша – нарықтық, нарықтық емес.
11. Тәуекелдік деңгейі бойынша – аз тәуекелдікпен, мүмкін үлкен
тәуееклдікпен.
Тәуекелдік түрелерін мынаған бөлуге болады:
• капиталды тәуекелдік – бұл барлық жұмсалымға арналған жалпы
тәуекелді, инвестор өзінінің инвестициясын ысырапысыз қайтар
алмайтын, толық босатып ала алмайтын тәуекелдік;
• уақытша тәуекелдік – міндетті түрде ысырапқа ұшырататын қолайсыз
уақыттағы инвестцияны сату және сатып алуға байланысты тәуекелдік;
• заңдық өзгерістер тәуекелділігі – шығын мен ысырапқа ұрындыруы
мүмкін тәуекелдік;
• өтімділік тәуекелділігі (риск ликвидности) – инвестицияны өткізу
барысындағы болуы мүмкін ысырапқа ұырндыратын тәуелдік;
• нарықтық тәуекелдік – нарықтың жалпы құлдырауымен байланысты
инвестиция құнының төмендеуінен ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік;
• кредиттік және іскерлік тәуекелдік – борыштық құнды қағаздар
шығарушы (эмитент) негізгі қарыз сомасын немесе сол бойынша сыйақы
төлеуге жағдайын болдырмайтын тәуекелдік;
• процентік тәуекелдік – нарықтағы проценттік мөлшерлеменің
өзгеруіне байланысты инвесторға ысырап әкелуі мүмкін тәуекелдік;
• валюталық тәуекелдік – шетелдік валютадағы инвестциямен байланысты
тәуекелдік.
12. Қолма-қол табыс бойынша – табыстық, табыссыз.
13. Қаражатты жұмсау формасы бойынша:
• борыштық – құнды қағаздардағы немесе міндеттердегі инвестиция;
• иелі үлестік (владельческие долевые) – нарықты субъектінің
капиталындағы үлестер немесе уақытша шектеулермен байланысы жоқ
(еншілес және тәуелді компаниялардағы инвестиция) мүліктегі үлес;
• жеке жобалар (кенішті игеру – разработка месторождения).
14. Экономикалық мәні (құқық түрі) бойынша – мүліктік, міндеттік.
15. Халықаралық және отандық стнадарт бойынша бухгалтерлік есепте
инвестиция мыналарға бөлінеді:
а) қаржылық (БЕС (СБУ) 8 Қаржылық инвестиция есесбі және оған
әдәстемелік ұсыныс);
ә) еншілес, тәуелді және бірігіп бақылау арқылы шаруашылық
субъектісіндегі инвестицялар (БЕС 13 Шоғырландырмалы (консолидированная)
қаржылық есеп және еншілес серіктестегі инвестиция есебі және әдістемелік
ұысыныс; БЕС 14 Тәуекелді шаруашылық серіктестіктегі инвсетиция есебі
және оған әдістемелік ұсыныс; БЕС 15 Біріккен қызметтегі қатысу үлесінің
қаржылық есепте көрініс табуы және оған әдістемелік ұсыныс).
Бұған қоса, инвестиция мыналарға бөлінеді:
– тікелей – басқа субъектілердің жарғылық капиталындағы
инвестициялар;
– портфельдік – субъект иелігіндегі құнды қағаздар жиынтығы;
– венчурлік (тәуекелшіл) – жаңадан пайда болған субъектілердегі
(мұнай және газ компаниялары, ғылыми-техникалық жобалар) тәуекелді және тез
өтелімді инвестициялық салым ақшалар).

2.2. Еншілес, тәуелді және бірігіп бақыланатын заңды тұлғадағы инвестиция
есебі
Шаруашылық жүргізуші субъект акцияға ие болу жолымен немесе
үлестік қатысудан табыс алу арқылы басқа субъектілерге қаржылық жұмсалымды
тудыра алады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (ҚР АК) 94 - бабына
сәйкес, басқа заңды тұлғаны қалыптастырған жарғылық капиталдың бір бөлігіне
иелік етуші заңды тұлға еншілес болып табылады немесе жасалған
келісімшартқа сәйкес негізгі серіктестік қабылданған шешімді анықтай
алады. Негізгі серіктестік еншілес серіктестікке толық (100%) немесе
толғырақ (90%) бақылау жүргізе алады.
Бақылау – бұл оның қызметінен пайда алу мақсатында серіктестіктің
қаржылық және басқа саясатын анықтау құқы.
Егер басқа негізгі серіктестік оның дауыс беретін акциясының 20%
көбірек иемденсе, онда акционерлік қоғам тәуелді деп есептеледі (ҚР АК 95-
бабы), яғни инвестицияланған субъектінің оның бақылауынсыз қаржылық және
басқа саясаты бойынша шешім қабылдау құқығына ие болады.
Еншілес, тәуелді, бірігіп бақыланатын заңды тұлғадағы инвестиция
мына екі әдістің біреуімен ескерілуі мүмкін:
а) үлестік қатысу әдісімен – инвестция сатып алу сәтінде табыс
(залал) ретінде танылатын кірістер мен шығыстар туралы есеп берудегі
тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза активтер өзгерісіндегі инвестордың
мойындаған үлесі бойынша олардың құнын одан әрі арттыратын (кемітетін) сату
құны бойынша көрініс табады;
ә) құндық әдіспен – инвестиция сатып алу сәтінде сату құны бойынша
көрініс табатын есеп әдісі. Инвестициядан түсетін табыс инвестордың кіріс
және шығыс туралы есебінде сатып алған күннен кейін пайда болған
шаруашылықты серіктестікте жиналған таза табыстың жалпы сомасына тиесілі
дивидендтер көлемінде танылады.
Үлестік қатысу әдісі мынадай белгілермен сипатталады:
• шаруашылықты серіктестікке қатысты таза табысты қатысу үлесі
инвестордың инвестиция құнының баланстық өсуінен көрінеді және қатысу
үлесінен түскен табыстан білінеді;
• шаруашылықты серіктестікке қатысты залалдағы қатысу үлесі
инвестиция құнының баланстық кемуімен көрінеді және қатысу
үлесіндегі залалдан білінеді;
• тиесілі дивидендтер сомасы инвестордың инвестиция құнының баланстық
кемуімен көрінеді.

2.3. Қаржылық инвестиция есебі
Қаржылық инвестиция – бұл субъект табсы лау, инвестициялық капитал
өсімін немесе басқадай пайда алу мақсатында иемденетін акивтер. Қаржылық
инвестиция есебі 8 Қаржылық инвестиция есебі бухгалтерлік есеп
стнадартымен реттемеленеді (регламентируются). Қаржылық инвестицияға сондай-
ақ пайдалануға (эксплуатацияға) жатпайтын жылыжмайтын мүліктің де қатысы
бар.
Сатып алған сәтке дейінгі кезең үшін есептелетін проценті де
қосылатын құн бойынша қаржылық инвестицияны сатып алу есепте сатып алушының
сатушыға процентпен төленген көлемге кемітілген сату құны бойынша көрінеді.
Құнды қағаздардағы инвестицияны жабу құны арасныдағы айырмашылықты
(жеңілдік немесе сатып алу барысныда пайда болған сыйлықақы) инвестор оны
иеленген кезең ішінде өтейді (амортизациялайды).
Қаржылық инвестиция мыналарға жіктеледі:
• Қысқа мерзімді – баланста не белгілі бір күні ғана әрекет ететін
ағымдағы нарық бағасымен, не ағымдағы сатудың төмен бағасымен ескеріледі.
Егер қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдық сатудың төмен бағасы
бойынша ескерілсе, баланстық құн не тұтастай құнды қағаз портфелі негізінде
не инвестиция түрінде немесе жекелеген инвестиция негізінде негізінде
анықталады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны қайта бағалау барысында
бағалау сомасы өзіндік капиталдың өсуіне қатысты болады. Арзандатулар
сомасы (сумма уценки) бір ғана сол инвестицияның бағалау сомасы есебінен
жүзеге асырылады, ал бағалау сомасы болмаған (жеткіліксіз) кезде оның
кеміген сомасы залалға жатады.
Қаржылық инвестицияны босатып алу барысында сатудан түскен табыс
пен баланстық құн арасындағы айырмашылық, шығындарды (брокердің немесе
дилердің қызметі) шегеруде табыс немесе шығын ретінде танылады. Егер
инвестиция бұрын қайта бағаланған болса, немесе ағымдағы құн бойынша
бағаланған болса, онда қайта бағалау сомасы қабылданған есеп саясатына
сәйкес бөлінбеген табысқа жатады.
Қаржылық инвестицияны қысқа мерзімді бағалау категориясына аудару
барысында болатын нәрселер:
• егер қысқа мерзімді инвестициялар ағымдағы сату құнының төмен
бағасы бойынша есекрілетін болса, онда ол сату және баланыстық құнның
төмен бағасы бойынша алынады;
• егер қысқа мерзімді қаржылық инвестцииялар ағымдағы құн
бойынша ескерілетін болса, онда ол баланыстық құн бойынша болады.
Бағалы қағаздар эмитенттік сипаты бойынша: мемлекеттік (Үкіметпен
Ұлттық Банктің борышкерлік міндеттемелері), муниципалдық (жергілікті атқару
органдарының борышкерлік міндеттемелері) және корпоративтік (шаруашылық
жүргізуші субъектілердің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе қаржылық-
шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажет қаражатты тарту мақсатымен
қолданыстағы заңға сәйкес шығарылатын) болып бөлінеді.
Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондылық (акциялар,
облигациялар) және саудалық (коммерциялық векселдер, чектер, коносаменттер,
кепілдік міндеттемелер, т.б.) болып бөлінеді.
Фондылық бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиясымен)
ерекшеленеді және олар қор биржаларында айналысқа түседі.
Саудалық бағалы қағаздар коммерциялық бағытқа ие: олар негізінен сауда
операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру
процесіне қызмет көрсетуге арналған.
Нарықтағы айналыс ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздарды нарықтық
(айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп бөлу мүмкін.
Нарықта болатын бағалы қағаздар биржалық немесе биржалық емес айналым
шеңберінде нарықта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Олар
сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.
Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін көше
алмайды, яғни екінші рет айналысқа түспейді. Бұндай бағалы қағаздар
қатарына оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойылса, онда оларды
тек эмитенттің өзі ғана сатып алады. Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы
қағаздар да бөлініп көрсетілуі мүмкін. Мысалға, жабық АҚ акциялары сатып
алу және сату мәміле бойынша шектелген акциялардың қатарына жатады.
Бағалы қағаздар әрекет ететін орыны бойынша ақша нарығының бағалы
қағаздары және капиталдық бағалы қағаздары болып бөлінеді.
Негізгі құралдарға үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, көлік
құралдары, шаруашылық құрал-саймандар және т.б. қызмет мерзімі бір жылдан
асқан материалдық құралдар жатады. негізгі құралдардың аналиткалық есебі
арнайы тізімде тіркеуге жататын карточкаларда әрбір инвентарь объектісі
бойынша жеткізіледі. Объектілердің саны аз болған жағдайда есеп
инвентарь кітабында жүргізіледі.
Инвестиция көздері:
а) жаңадан жасалған құн (таза табыстың жиналған бөлігі);
ә) амортизацияның қорлануы (накапливаемая амортизация);
б) кредиттік ресурстар болып табылады.
Қаржылық инвестицияны сатып алу барысында (брокерлік сыйақы, банк
қызметі) сатып алумен байланысты шығындарға инвестиция құнын қосып
құралатын сату құны бойынша бағаланады. Инвестиция мыналарға бөлінеді:
• үлестік – жай және артықшылықты акциялар;
• борышқорлық – облигациялар, қазыналық вексель, депозиттік
сертификаттар және т.б. Егер инвестициялар бұрын қайта бағаланған болса,
онда оны қайта бағалаудың түскен соманы аудару барысында есептен шығарып
тастау керек. Бұл инвестиция бойынша бұрын жасалған қайта бағалау табыс
ретінде танылады.
Қысқа мерзімді инвестицияны ұзақ мерзімділік категориясына көшіру
мыналармен жүзеге асырылады:
а) ағымдағы сату құнының төмен бағасымен;
ә) егер ол бұрын осы құнмен көрінген болса, ағымдағы құнмен.
Бағалы қағаздар әрекет ететін орыны бойынша ақша нарығының бағалы
қағаздары және капиталдық бағалы қағаздары болып бөлінеді.
Ақша нарығы дегеніміз - қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен
сатылуын көрсетеді және ол қаржылық нарықтың бір бөлігі. Қысқа мерзімді
бағалы қағаздардың әрекет ету мерзімі - бір күннен бастап бір жылға дейін
болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте, төменгі төлем
тәуеледімен катар жүреді, өйткені қарыз берущілердіңтөлем қабілстгілігі
жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығьшың бағалы қағаздарыка: қазыналық
векселдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар жатады.
Бағалы қағаздар нарықтық капиталдар ретінде бір жмлдан астам мерзімге
ұсынылады. Бұл борышкерлік, сондай-ақ инвестициялық бағалы қағаздар болуы
мүмкін.
Бағалы қағаздардың атқаратын ролі бойынша: негізгі (акциялар мен
облигациялар), көмекші (чектер, векселдер, сертификаттар, т.б.) және
негізгі бағалы қағаздардың алыну мен сатылу құқығын куәландыратын шартты
бағалы қағаздар болып бөлінеді (варрантгар, опциондар, қаржылық фьючерстер,
сатып алу құқығынын артықшылығы),
Бағалы қағаздарды өздерінің алдына қойған міндеті мен мақсатына сәйкес
басқа да белгілері бойынша (құжатты және құжатсыз, кері қайтарылатын және
қайтарылмайтын, тұрақты деңгейде және әр түрлі деңгейде табыс әкелетін)
жіктелуі мүмкін.

Инвестор бағалы қағаздар нарығында жұмыс істей жүріп салымдарды
тараптандырудың (диверсификациялаудың) принципін ұстануы тиіс: инвестор
қаржылық активтердің әр түрлісін алуға ұмтылуы керек. Бұл салымдардың
тәуекелділігін азайту үшін қажет. Мысалы, инвестор өзінің барлық ақшаларын
бір компанияның акцияларына салды делік. Бұл жағдайда ол акция курсының
нарықтық ауытқуына толық тәуелді болаы. Егер кәсіпорын қаражаттары бірнеше
компаниялардың акцияларына салынатын болса, онда инвестордың табысы
неғұрлым аз ауытқитын біршама компаниялардың акциясына тәуелді болады, Егер
инвестор әр тараптандыру (диверсификациялау) принципін ұстанатын болса,
онда ол инвестициялық (фондылық) портфель деп аталатын бағалы қағаздардың
жиынтығымен байланысты болады.
Қоржындық (портфелдік) инвестициялаудың объектілері ретінде әртүрлі
бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың шартты түрлері
әрекет етеді. Қоржынның бір бөлігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін. Қоржындағы
қағаздардың көлемі де әр түрлі болады. Қоржындық инвестициялау өзінің
құрамына тәуелді, ол табыс немесе залал әкелуі мүмкін және тап сондай
тәуекелділіктің де сол және басқа да деңгейіне ие. Қоржынға енетін бағалы
қағаздардың тізбесін де, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық инвестиция түсінігі
Инвестициялардың мақсаты және инвестиция есебі
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестердің инвестициясының есебі
Қаржылық инвестициялар есебі
Айналымнан тыс активтер
Қаржы инвестиция есебі
Инвестиция есебі. Қаржылық инвестиция есебі
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялары
Инвестициялар туралы түсінік, олардың жіктелуі
Қысқа және ұзақ мерзімді инвестиция есебі
Пәндер