Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамда - рының көрсеткіштері жатыр



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қаржылық жоспарлау мен болжау.
Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары мен
әдістері

Қаржылық жоспарлау мен болжау – бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі,
саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-
экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және
тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық
буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын
қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық
жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-
заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық үдайы өндір іске белсенді
ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен
шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді
ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің
барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала
үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілікті)
анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін
жасауды, ақша түсімдерін жүмылдырудың прогрессивті нысанда-рын қолдануды
қажет етеді.
Қаржылық көрсегкіштерді, белгіленетін қаржы операцияла-рын негіздеп
дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық
жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Бүл өте үқсас үғымдар
экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық
болжау жос-парлаудың алдында бошуы және көптеген нүсқаларды бағалауды
жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро- және микродеңгейлерде қаржы
ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс). Қаржылық
жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжам-дар нақтыланады, нақтіылы
жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске аюырудың
дәйектілігі, совдай-ақтандалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер
анықталады.
Қаржылық жоспарлау — бүл қаржы жоспарларын (тапсырма-ларын) әзірлеу,
қаралган мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге
багытталған процесі. Жоспарлау басқарудың -злементі ретінде қаржы саясаты
қүралдарының бірі болып табылады.Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды
және елеусіз жа-сауға мүмкіндік туғызады.
Қаржылық жоспарлаудық объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен
мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен
жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына
дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір
мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің
буындары мен байланыстары анықталады. Қаржы-лық жоспарлаудың нақтылы
міндеттері қаржы саясатымен ай-қындалады. Бүл: жоспарлы тапсырмаларды
орындауға қажетті ақша-ның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді
өсірудің, шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырыл-ған
және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы
үйлесімдерді белгілеу және басқалары.
Жоспарлау:
1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық қүбылыстардың кең
шеңберін қамтиды);
2) қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдану-дытүсінеді);
3) тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің
қажеттілігін білдіреді) сипатталады.
Қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелер пайдаланылады:
а) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі. Инфляция
кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бүл әдіс ең
қарапайым әдіс бо-лып табылады және, әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі
кезінде пайдаланылады;
ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жыддардың санына
бөледі);
б) нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс бүл
одіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіңціктерімен
үйлестіріледі).
Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы рстінде
экономикалық және әлеуметтік қызметтің бар-лық жақтарын жалпыға бірдей
қамту нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлы экономикада қаржыны жоспарлауда
сүйеніш бөлгіштік процестсргс жасалынса, нарықтық экономикада айырбас сфера-
сына сүйенеді, бүл сфсра арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды
ондіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығын-дарды тану (мойындау)
жүзеге асырылады.
Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу
процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, қүн
заңын, сүраным мен үсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок
болады. Нарықтық механизмнің мүндай табиғаты өндіріс пен айырбас
нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері бола-
тын болжаудың қажеттігін анықтайды.
Қаржылық жоспарлаудың мазмуны ақшалай табыстар мен қор-ланымдарды жасау,
бөлу және қайта бөлуді экономикалық процес-термен оңгайландырудың күні
бүрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде
орталықтандырылған және орта-лықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру
және пайдала-ну.
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды
функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың органдары,
мекемелері және олардың жоғарғы қүрылымдары жүзеге асырады.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында қаржы-лық жоспарлау шаруашылық
жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші көптеген
факторлардың екі үштылы-ғына байланысты көбінесе болжау ретінде
жүргізіледі.
Қаржылық болжау — мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре
білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу). Болжамдар
орташа мерзімді (5-10 жыл) және үзақ мерзімді (10 жылдан астам) болуы
мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады,
қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатының тұжырымын
жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты – болжанған кезеңдегі қаржы
ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың
көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің
органдарына қаржы жүйесін (қүрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі
нұсқаларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге
мүмкіндік береді.
Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді:
экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жсоспарлары
көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді
жасау;
корреліяциялық-рефессиялық талдау;
тікелей сараптамалық бағалау әдісі.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік,
яти^усынбалы (нусқамалық) жоспарлау пайдаланы-лады; ол ақпараттық
-үйлестіруші рөлді орындайды және қаржы қызметінің субъектілеріне
экономикалық реттеушілер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік
жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуде және экономиканың
страте-гиялық үзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын ала-ды, мүның
процесінде экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталады.
Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері қол-данылады. Оны
жасау барысында батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізге
алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативті (жылдық) жоспарлау
негізінде мемлекеттік бюджетті жасау жүмыстары қалыптасты.
Индикативтік жоспарлаудың қазіргі кезеңдегі басты ерекшелігі
зерттемелік қасиеті. Яғни қоғамдағы тенденцияларға терең және жан-жақты
сараптама жасау арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың нысандары
көзделінеді, әрі алда тұрған небір өзекті мә-селелер нақтылы белгіленеді.
2001-2005 арналған индикативтік жоспардың* басты мақсаты — экономикада
бәсекелестікті артты-
РУ-
Индикативтік жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативтік қаржылық
жоспарлау болып табылады, бүл жоспарлаудың басты мақсаты — болжанған дамуды
қамтамасыз ету үшін қаржы ресурс-тарының шамаланған ауқымын және олардың
бағытын анықтау.
Индикативтік қаржы жоспарларының мемлекеттік секторда ғана міндетті сипаты,
ал меншіктің басқа нысандарының сектор-лары үшін кепілдемелік сипаты
болады. Соңғыға экономикалық тетіктерді — реттелетін бағаны, субсидияларды,
кредиттерді, салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерін, жеделдетілген
амортизацияны және басқаларды пайдалану арқылы жетеді. Аса маңызды индика-
торларға мыналар жатады: валюта бағамы, инфляцияның болжан-
ған деңгейі, Үлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемелері,
амортизациялық аударымдардың нормалары.
Әлеуметтік-экономикалық болжау жүйесінде қаржылық жос-парлау белсенді
рөл атқарады. Қаржы жоспарлаудың әзірлеу кезінде өндірістік тапсырмалардың
қауырттылығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту
бойынша өндірістік қуат-тылықтарды неғүрлым толық пайдалану есебінен,
шығындарды төмендету және өнімсіз шығасыларды қысқарту резервтері есебінен
қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктері анықталады. Өндіріске қолда бар
материалдық ресурстарды тартуды, айналым қаражаттарының айналымдылығын
тездетуді, қүрылыстың смета-лық құнын төмендетуді, басқару аппаратын үстау
шығындарын қысқартуды және т.б. ескере отырып, сондай-ақ ақшаға деген
қажеттілікті азайтудың жолдары қарастырылады. Сөйтіп, қаржы-лық жоспарлау,
бір жағынан, қаржыны басқарудың қүралы, басқа жағынан қоғамдық өндірістің
процесіне ықпал жасаудың белсенді қүралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға
негізделеді:
орталықтандырылган және орталықтандырылмаган тосілдемелердіц үйлесуі.
Бүл қаржы жоспарларын жасағанда екі негіздің (бастаудың) -
орталықтандырылған қаржылық жоспар-лаудың жергілікті (төменгі) бастаманы
барынша дамытумен ете-не үштасуын білдіреді. Орталықтандырылған қаржылық
жоспарлау мемлекетке бірыңғай қаржы саясатын жүргізуге, мемлекет ауқымында
қаржы ресурстарын бөлуді және қайта бөлуді ныса-налы басқаруға мүмкіндік
береді. Қаржылық жоспарлаудагы де-централизм өндірістік бөліністер мен
биліктің жергілікті орган-дарының нақтылы жоспарлар жасап, оларды
орындаудағы, өндірісті өркендеудің және оның нәтижелілігін арттырудың
резервтерін іздестірудегі шығармашылық белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі.
Биліктің жергілікті органдары бюджеттерінің олардың аума-ғында
орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің нәтижесіне
тәуелділігін белгілейтін үзақ мерзімді нормативтердің негізінде аймақтардың
қаржыларын басқарудың экономикалық өдістеріне көшу үлкен маңызға ие болып
келеді. Сонымен бір мезгілде жалпымемлекеттік қаржыларды жүйелі түрде
нығайту, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің түрақтылығын,қоғамдық
ондіріс дамуының әлеуметтік бағдарлануын күшейтуде, тиімділікті арттыруда
оның рөлін арттыру қажет;
бірлік қағидаты қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік
жоспарлаумен тығыз өзара байланысы мен өзара тәуелділігінде көрініп
білінеді. Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму
жоспарлары мен болжамда-рының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық
жоспар-лаудың барысында объектінің дамуының белгіленген параметрлері
дөлелденіп анықталады, экономикалық және өлеуметтік жоспар-дың жеке
элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Қаржылық
жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерінің
тығыз өзара байланысын білдіреді. Жоғарғы үйымдардың қаржы жоспарларының
көрсеткіштері оған қарасты субъектілердің жоспарлы жобаламала-рын
кіріктіреді. Мемлекеттік деңгейде жасалынатын қаржы жос-парлары
(мемлекеттік бюджет) басқарудың жергілікті органдары-ның кәсіпорыңцары мен
үйымдарының қаржы жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді;
жоспарлаудың уздіксіздік қагидаты перспективалық және жылдық
(ағымдағы) қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін ша-малайды, бүған
перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін үзартумен жөне жылдық
жоспарлауда олардың міндеттерін нақтылаумен қол жетеді. Қаржыны
жоспарлаудың бұл қағидаты ағымдағы және перспективалық жоспарлаудың
арасында үзілісті болдырмауға, шаруашылық жүргізуші субъектілерді, олардың
нақ-тылы даму перспективаларын анықтай отырып, дүрыс бағыттауға мүмкіндік
береді; бүл қағидат шығыстардың көпшілігі үшін, әсіресе мемлекет қаржысын
бөлуді есептеу кезінде қолданылады. Бүл жоспарлаудың жүйелік-түрлендірме
әдісі - жоспарлау, бағдарламалау және бюджет жасау:
жоспарлау өзіне мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыруды жөне
баяндауды кіріктіреді;
бағдарламалау деп мақсаттарға жету үшін пайдаланылатын қүралдардың қолда
барын іріктеуді және жаңаларын табуды түсінеді;
бюджет жасау — жалпы көпжылдық бағдарламаларды қаржы жылдары бойынша жылдық
бюджеттік цифрлар тіліне аудару процесі. Бүл дөстүрлі бюджеттік топтастыру
бойынша сан жағынан түлғаланған операциялардың бүкіл жиынтығын бөлу
процесі.
Қаржыны жоспарлау (болжау) белгілі одістердің көмегімен жүзеге
асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:
1. Экстраполяция (немесе коэффициенттер) өдісі. Оның ма-ғынасы қаржьілық
көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады.
Есеп-қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің немесе
төмендеудің салыстырма-лы түрақты қарқынына түзету негізінде жүргізіледі.
Мүндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар:
мүмкін болатын ішкі шаруашылық резервтерді анықтауды есепке алмайды;
материалдық және ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені
жоспарланатын кезенде олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталады.
2. Нормативтік одіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген
нормалар мен нормативтердің негізінде есептеп шығарылады.
3. Математикалық үлгілеу одісі: процестің үлгісін қүру және оны қаржы
саласына көшіру.
4. Баланстық одіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы
жоспарларының барлық бөлімдерінің, со-нымен бірге өндірістік және қаржылық
көрсеткіштердің және қар-жылық көрсеткіштердің өзара үйлесуін қарастырады.
Қаржы ба-лансының талаптарын сақтау кәсіпорынның, саланың, бюджеттердің,
бүкіл үлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының арасында
үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтан-дыруға; үлттық шаруашылықты
дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдерін анықтауға; ішкі резервтерді
жүмылдыруды ес-кере отырып оларды жан-жақты негіздеуге мүмкіндік береді.
5. Сараптық багалаулар әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің
параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың тәжірибесін пайдалануды
қажет етеді.
Объективті талаптарға жауап беретін қаржылық жоспарлауды үйыңдастыру
оның негізгі қағидаттарын саналы есепке алуды қажет етеді. Отандық
экономикалық әдебиеттерде қаржылық жоспарлау-дың қағидаттарын анықтауда әр
түрлі көзқарас бар. Алайда қағидат-тар басқарудың бүл стадиясының негізгі
ережелері ретінде даму-дың барлық дәуірі, кезеңцері үшін бірдей болады.
Өзгеретін жос-парлаудың қағидаттары емес, тек оларды іске асырудың
механизмі, өндіргіш күштердің, ғылымның және көптеген басқа факторлардың
даму деңгейіне байланысты оның әдістері езгереді.
Қаржылық жоспарлауда тарихи мына уйымдық қагидаттар қалыптасты:
ведомстволық, салалық, аумақтық және предметтік-мақсатты. Ведомсжволық және
салалық қағидаттар экономиканы бір орталықтан басқарудың (оның қатаң,
әміршіл әдістерімен) кезеңіне сипатты болды.
Нарықтық қатынастар жағдайында аумақтық және предметтік-мақсатты
қағидаттар кеңінен қолданылатын болады. Аумақтық қаржылық жоспарлау
әкімшілік-аумақтық бөліністердің қаржы ресурстарын анықтауға мүмкіндік
береді; ресурстар ауқымын ша-руашылық қызметтің нәтижелеріне тәуелді ғып
қоюға көмектеседі; объектинті себептер бойынша ресурстардың тапшылығы
жағдай-ында аймақтың қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін оларды
орталықтандырылған қорлар арқылы қайта бөлу мүмкін.
Қаржылық жоспарлаудағы предметтік-мақсатты қагидат белгілі бір
экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени және басқа бағдарламаларды
қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарын нақтылы қалыптастыруға және
пайдалануға бағытталған.
Қаржы жоспарларын жасау негізінен үш кезеңнен түрады: бірінші кезеңде
есеп беріліп отырылған мезгілдің қаржылық көрсеткіштердің орындалуына
экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік
мәліметтермен өзара байланыста жүргізіледі. Мүның өзі қаражаттарды толық
жүмыл-дырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін
анықтауға, ішкішаруашылықтық резервтерді табуға мүмкіндік береді.
Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспар-лары мен
бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістер мен шығыстардыц нақтылы
турлерініц есеп-қисаптары жасалады.
Үшінші кезеңде сметадағы тапсырмалар жоне кірістердің баптары
үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы
тапсырмалар ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен
қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді
пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке
түрлерін тікелей қысқарту қарасты-рылады.
Қаржы жоспарларының жүйесі.

Қаржылық жоспарлаудың негізгі қүжаты болып келетін қаржы жоспары
шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, ай-мақтардың және жалпы
мемлекетгің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорланымдарын қүрудың және
пайдаланудың жоспары бо-лып табылады. Қаржы жоспары үлттық шаруашылықтың
ресурс-тарымен қамтамасыз стілуін көрсетеді.
Басқарудың барлық деңгейлерінде жасалынатын саны көп қаржы жоспарларын
бір жүйеге келтіру үшін оларды коптеген белгілер бойынша сыныптаған орынды.
Экономикалық әдебиет-терде олар негізгі екі топқа бөлінеді: жиынтық және
бастапқы қаржы жоспарлары.
Жиынтық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік қаржы ре-сурстарьшың
қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу
процестерін белгілейді.
Нысаны бойынша олар әрқашан жиынтық жоспарлар болып табылады, бірақ
бүл оның жалғыз ғана белгісі емес. Сонымен бірге миңистрліктердің,
ведомстволардың қаржы жоспарларының да қүраэдалық сипаты болады, бірақ олар
қаржы ресурстарының қозғалысын тек нақтылы саланың, ведомствоның шегінде
ғана жобалайтындықтан, олар бастапқы жоспарларға жатады. Жиын-тық қаржы
жоспарлары ең алдымен өзінің мазмүнымен, ресурс-тардың объектісімен және
сферасымен, жоспарлау әдістерімен және арналымымен ерекшеленеді.
Қазіргі кезде жиынтық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік, салалық,
аумақтық жоспарларды кіріктіреді. Мыналар жалпымемлекеттік болып табылады:
мемлекеттің жиынтық қаржы балансы^ мемлекеттік бюджет, республикалық
бюджет, бюджет-тен тыс қорлар.
Жиыңтық қаржы балансы деп орта мерзімді (бесжылдық) ке-зеңге арңалған
дамудың жалпымемлекеттік болжамының қаржы-лық бағдарламасын айтады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқарудағы индикативтік жоспарлаудың теориялық негіздері
Қаржылық жоспарлаудың экономикалық мәні
Бюджеттік болжау мен жоспарлау
Қаржылық жоспарлау және болжамдау
Қаржы жоғары оқу орындарына арналған оқулық
Қаржылық жоспарлау туралы ақпарат
Қаржылық жоспарлау
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың объектісі
Қаржылық жоспарлау мен болжау
Қазақстан Республикасындағы қаржылық жоспарлау мен оның әдістері.
Пәндер