ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ СТАНДАРТТАРЫНА КӨШУ КЕЗЕҢДЕРІ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ,
МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
1.1 Үндестірудің халықаралық процесіне қатысу
1.2 Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп саласындақалыптастырылатын
ақпараттың сапасын арттыру
1.3 Қазіргі таңда Халықаралық және ұлттық қаржылық есеп стандарттарының
маңызы
ІІ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ СТАНДАРТТАРЫНА
КӨШУ КЕЗЕҢДЕРІ
2.1 Қазақстандағы бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін
дамыту
2.2 Экономиканың нақты секторы ұйымдарының бухгалтерлік есепке алу мен
қаржылық есеп беруін одан әрі дамытудың негізгі бағыттары
2.3 Кадрларды даярлау және қайта даярлау
ІІІ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПКЕ АЛУ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІН
ӨЗГЕРТУ
3.1 Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің бухгалтерлік есепті
жүргізу тәртібін оңайлату
3.2 Қаржы секторында бухгалтерлік есепке алуды дамыту проблемлары мен
перспективалары
3.3 Бухгалтерлік есептілік сапасын бақылаудың негізгі аспектісі ретінде
қаржылық есепорлық қызметті дамыту
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Халықаралық қаржылық есептің стандарттарына көшу қажеттілігін
мемлекеттің жалпы саясаты және Қазақстанда нарықтық экономиканы құруға
бағдарланған реформалардың стратегиясы айқындайды.
Осы Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық
есеп жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі
– тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 9
тамыздағы № 233 - өкімімен бекітілген Халықаралық қаржылық есеп беру
стандарттарын жедел енгізу жөніндегі 2006 жылға арналған іс-шаралар
жоспарына сәйкес дайындалды.
Осы Тұжырымдамада қазіргі кезеңде Қазақстандағы бухгалтерлік есепке
алу және қаржылық есеп жүйесін дамытудың негізгі үрдісіне талдау жасалады,
алдағы жылдарда оны дамытудың жолдары мен нақты тетіктері баяндалған.
Тұжырымдамада баяндалған негізгі бағыттар бухгалтерлік есепке алуды
және қаржылық есепті реттеудің қолданыстағы жүйесіне тұжырымдамалық
өзгерістерді енгізу, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп
саласында қалыптастырылатын ақпараттың сапасын арттыру қажеттілігінен
туындады.
Әлемдік экономикалық жағдайдағы соңғы он жылдықта болған шапшаң
өзгерістер бухгалтерлік есепке алуға және қаржылық есепке арналған
ережелерді жасау кезінде елдердің қолданатын тәсілдерін айтарлықтай
дәрежеде өзгертті. Капитал нарықтары ұлттық шекарадан тыс жерлерде кеңейіп,
ұлттық экономикалардың дамуына байланысты кірігу процесі нығаюда. Капитал
нарықтарының кемелдене дамуы олардың даму үрдісін инвесторлардың жоғары
дәрежеде түсінуін, олардың нығайтылуына, тұрақтылығына және өтімділігіне
сенімділігін талап етеді. Қаржылық есептің халықаралық стандарттарының
бірыңғай топтамасын қабылдау кредиттердің құнын және инвесторлар үшін
маңызды емес стандарттар бойынша есептілікті дайындау жөніндегі әкімшілік
шығыстарды қысқарту арқасында ұйымдардың инвестицияларды тарту бойынша
шығыстарын қысқартуға себепші болады.
І ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫНЫҢ
СИПАТТАМАСЫ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ

Биржаларда акциялары бағаланатын Еуропалық Одақтың барлық компаниялары
2005 жылдан бастап Халықаралық қаржылық есептің стандарттарына сәйкес
шоғырландырылған қаржылық есеп жасауға міндетті. Тек АҚШ-тың бухгалтерлік
есепке алудың жалпыға бірдей принциптерін (бұдан әрі - GAAP) пайдаланатын
кәсіпорындары, сондай-ақ биржаларда борыштық міндеттемелері (облигациялары)
ғана бағаланатын фирмалар оған кірмейді. Мұндай кәсіпорындар Халықаралық
қаржылық есептің стандарттарына 2007 жылдан бастап көшуі тиіс. Еуроодақтың
пікірінше, Халықаралық қаржылық есептің стандарттарын енгізу ЕО елдеріндегі
қаржылық есептің біркелкілігін, дұрыстығын, айқындылығын және
салыстырмалылығын қамтамасыз ете отырып, бағалы қағаздарды халықаралық
саудаға шығарған кезде тосқауылдарды жоюға мүмкіндік береді. Еуропа
Одағының жоспарлары еуропа биржаларында тіркелген 8700-ге тарта компанияға
қатысты, мұның өзі әлемдік нарықтық капиталдандырудың 25 %-ын құрайды.
Халықаралық қаржылық есеп стандарттары әлемдегі аса дамыған және
алдыңғы қатарлы бухгалтерлік есепке алу стандарттары болып табылады деп
есептеледі. Сондықтан да көптеген елдерде, мысалы Австралияда, Германияда,
Ұлыбританияда шетел эмитенттері биржалардағы өздерінің есептілігін осы
елдердің ұлттық стандарттарына емес, халықаралық стандарттарға сәйкес
ұсына алады. Басқа мемлекеттерде, мысалы Канадада, Жапония мен АҚШ-та бұған
да жол беріледі, алайда Халықаралық қаржылық есептің стандарттары бойынша
есептілік дайындайтын компаниялар оның осы елдердің ұлттық стандарттарына
сәйкес дайындалатын есептіліктен айырмашылығының тізімін қосымша ұсынуы
тиіс. Кейбір елдерде (мысалы Чехияда, Балтық елдерінде) есептілікті
Халықаралық қаржылық есептің стандарттары бойынша барлық ірі кәсіпорындар
жасауы тиіс. Қазақстанда 2003 жылдан бастап барлық қаржы ұйымдары, 2005
жылдан бастап акционерлік қоғамдар, ал 2006 жылдан бастап өзге де ұйымдар
(мемлекеттік мекемелерден басқа) есептілікті Халықаралық қаржылық есептің
стандарттары бойынша дайындауы тиіс.
Жақын болашақта Халықаралық қаржылық есептің стандарттарын меңгеру
проблемасы еуропа компанияларынан басқа да компанияларға қатысты болуы
әбден мүмкін. Жуырда ғана АҚШ-тың Қаржылық есеп стандарттары жөніндегі
кеңесі (Financial Accounting Standards Board – FASB) және Халықаралық
қаржылық есеп стандарттары комитетінің қоры (бұдан әрі – Халықаралық
қаржылық есептің стандарттары КҚ) АҚШ-тың GAAP-ын және Халықаралық қаржылық
есептің стандарттарын үндестіру жүргізетіні туралы мәлімдеді.
Үндестіру бағдарламасына сәйкес АҚШ-тың GAAP-ы мен Халықаралық
қаржылық есептің стандарттарына екі стандарт жүйесінің арасындағы белгілі
бір алшақтықтарды болдырмайтын өзгерістер енгізілетін болады. Уақыт
өткеннен соң олардың арасында бар айырмашылықтарды толығымен жою
жоспарланып отыр. Әлемдік нарықтық капиталдандырудың 52 %-ы АҚШ-тың үлесіне
келетінін ескере отырып, Халықаралық қаржылық есептің стандарттарының нағыз
дүнижүзілік есепке алу стандарттары болуына нақты мүмкіндік бар.
1.2 Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп саласында
қалыптастырылатын ақпараттың сапасын арттыру
Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепке алу ақпараттық базаны білдіреді,
оның негізінде ұйым қаржылық есепті дайындайды. Бухгалтерлік есепте
қалыптастырылатын ақпарат басқарушылық, салықтық статистикалық есептілікті
жасау үшін қолданылады, қажет болған кезде осы ақпараттың негізінде
есептіліктің басқа да түрлері жасалады. Бухгалтерлік есепке алу жүйесі бір-
бірімен өзара байланыста болатын, есепке алу элементтерінің белгілі бір
тұтастығы немесе көптілігі. Мұндай жүйе логикалық кешенді қамтиды, онда
ұйымның, мемлекеттің, сондай-ақ кез келген басқа да сыртқы, сол сияқты ішкі
пайдаланушылардың экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында
қызметтің түпкі нәтижелерін дұрыс өлшеуге бағытталған ақпарат қорытылады.
Есептілікті пайдаланушылардың барлығында қаржылық есеп жөніндегі
ақпарат нені қамтитынына қатысты белгілі бір үміт-армандары бар. Бұл үміт-
армандар уақыт өте келе дамыды және пайдаланушылар бұрын кездестірген
қаржылық есептің үлгісі мен мазмұнынан туындады. Осы үміт-армандарға
бухгалтерлік есепке алу туралы заңдар, бухгалтерлік есепке алудың
регламенті мен стандарттары әсер етті. Қазақстанда үміт-армандар үлгіге
және кеңес жүйесі кезінде әзірленген қаржылық есепке сүйене отырып дамыды.
Шетелдік пайдаланушылардың үміт-армандары Халықаралық қаржылық есеп
стандарттарының принциптері мен тәжірибесіне сүйене отырып қалыптасты.
Кез келген әділ (сенімді) пікірден бухгалтерлік есепке алудың белгілі
бір маңызды немесе іргелі принциптеріне немесе тұжырымдамаларына
негізделген пікір орынды тұспалдануы мүмкін. Халықаралық түпмәтінде ең
болмағанда мынадай бес принцип:
- есептеу принципі;
- қызметтің үздіксіздігі;
- ақылға сыйымдылығы;
- дәйектілігі;
- мазмұнның нысаннан басымдығы іргеліге жатқызылуы мүмкін және заңнама
мен бухгалтерлік есепке алу стандарттарында көрсетілуі мүмкін.
Әдеттегі іс-тәжірибе осы принциптерді кез келген елдің бухгалтерлік
есепке алу туралы заңнамасында іске асырудан тұрады. Нақты жағдайларда осы
принциптерді қолдану көбінесе бухгалтерлік есепке алу стандарттары арқылы
жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта халықаралық талаптарға сәйкес жасалған және жұмыс
істейтін жоғары дамыған ақпараттық жүйені білдіретін экономика бірыңғай
есепке алудың жүйесі болып табылады, ол оның әртүрлі аспектілерін
(статистикалық есепке алу, салықтық есепке алу, бухгалтерлік есепке алу
және т.б.) қамтиды.
Бухгалтерлік есепке алу қойылған міндеттерге сәйкес кейіннен жинау,
жүйеге келтіру және қорыту үшін деректер көзі ретінде ғаламдық есепке алу
жүйесінің бірлігін және функционалдығын қамтамасыз ететін ең маңызды
факторы болып табылады.
Экономикадағы қаржылық есепке алудың ақпараттық функциясы ұйымдар
қызметінің қаржылық нәтижелеріне сүйенеді, олар ұйымның ішіндегі сол сияқты
одан тысқары жердегі ақпарат пайдаланушылардың мүдделі тобына қажет. Жоғары
сапалы есептілік капитал нарығын дамыту үшін де қажет, өйткені оның
негізінде көбінесе экономиканың ондаған жылдарға дейін дамуын айқындайтын
шектеулі ресурстарды бөлу туралы шешімдер қабылданады.
1.3. Қазіргі таңда Халықаралық және ұлттық қаржылық есеп
стандарттарының маңызы
Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіру стратегиясы атты өз жолдауында (бұдан әрі – Жолдау) атап
өткендей, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, өркенді
де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге
қабілетті және ашық нарық экономикасы бола алады. Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірудің бірінші басымдығы
әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі болып табылады. Осыған байланысты
мемлекетті дамыту процесінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру
жүйесін бара-бар дамыту ерекше өзектілікке айналады, өйткені бухгалтерлік
есепке алудың, қаржылық есеп берудің және қаржылық есептің мақсаты басқару
шешімдерін қабылдау үшін мүдделі пайдаланушыларды экономикалық ақпаратпен
қамтамасыз ету болып табылады.
Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп саласын дамыту
тұжырымдамасының міндеті Қазақстан Республикасының экономикасында
бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есеп беру және қаржылық есеп жүйелерінің
өздеріне тән функцияларды одан әрі дәйекті түрде және ойдағыдай орындау
үшін қолайлы жағдайлар мен алғышарттарды қамтамасыз ету болып табылады.
Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтиже дегеніміз, Қазақстанның
әлемдік экономикаға кірігуін жеделдету мақсатында бухгалтерлік есепке алу
мен қаржылық есеп жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарын, оларды іске
асыру жөніндегі нақты тетіктерді жасау, шетелдік инвестициялардың ағынын
молайту, халықаралық нарықтарда қазақстандық ұйымдардың бәсекеге
қабілеттілігін арттыру, қор нарығын жандандыру.
Бухгалтерлік есепке алудың өзіне тән міндеттерді тиімді орындауы үшін
қаржылық есепке алу кәсібилік, айқындылық, тәуелсіздік, өзектілік,
стандарттылық сияқты талаптарға жауап беруі, сондай-ақ бухгалтерлік есепке
алу мен қаржылық есеп беру принциптеріне және негізгі сапалық
сипаттамаларға сай болуы тиіс.
Әлемдік тәжірибе түсініктілік, орындылық, сенімділік және
салыстырмалылық сияқты ақпараттың тиімділігін айқындайтын сапалық
сипаттамалар халықаралық стандарттарды тікелей пайдаланумен немесе оларды
бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің ұлттық жүйесін құрудың
негізі ретінде қолданумен қол жеткізетіндігін көрсетеді. Халықаралық
қаржылық есептің стандарттары пен Халықаралық қаржылық есептің
стандарттарын қолданудың экономикалық перспективасы капиталды тиімдірек
бөлуден, іске жұмсалатын қаржының әр алуандығынан және оның табыстылығының
өсуінен тұрады, әлемдік нарыққа шығу жеңілдейді, капиталды тартуға
жұмсалатын шығындарды азайту мүмкіндігі туады. Мұның өзі жаңа бизнес
құрылымдарды дамытуға, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, жұмыссыздықтың
төмендеуіне, халықаралық нарықтарда қазақстандық ұйымдардың бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға, тұтастай алғанда елдің экономикалық өсуіне әкеп
соғады.
ІІ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ
СТАНДАРТТАРЫНА КӨШУ КЕЗЕҢДЕРІ
2.1 Қазақстандағы бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру
жүйесін дамыту
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп
беру жүйесін дәйекті түрде реформалау он жылдан астам уақыт бойы жалғасуда.
Бухгалтерлік есепке алу туралы заң күші бар Жарлығын (бұдан әрі – Заң)
1995 жылы қабылдау бастапқы кезеңі болды. Халықаралық стандарттардың
негізінде әзірленген Қазақстандық бухгалтерлік есепке алу стандарттарын
1996 жылы енгізу, Халықаралық қаржылық есептің стандарттарына көшудің
бастамасы ретінде қызмет етті. Осы процестің екінші және ең басты кезеңі
2002 жылы Заңды 2-1-баппен толықтыру болды, ол бойынша Халықаралық қаржылық
есептің стандарттарына сәйкес қаржылық есеп беруді мемлекеттік мекемелерді
қоспағанда, ұйымдар мынадай тәртіппен жасауға тиіс: қаржы ұйымдары 2003
жылдың 1 қаңтарынан бастап, акционерлік қоғамдар 2005 жылдың 1 қаңтарынан
бастап және өзге де ұйымдар 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап.
Халықаралық қаржылық есептің стандарттарын ойдағыдай енгізу мақсатында
Халықаралық қаржылық есептің стандарттарын қолдану жөніндегі әдістемелік
ұсынымдар әзірленіп жарияланды, қаржылық есеп беру нысандары, сондай-ақ
Қаржылық есеп беруді Халықаралық қаржылық есептің стандарттарына сәйкес
жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есепке алу шоттарының жұмыс жоспарын
әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз) бекітілді.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасында халықаралық қаржылық есеп
беру стандарттарына көшу жөніндегі 2003-2004 жылдарға арналған іс-шаралар
жоспары туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 15
мамырдағы № 88-ө өкімімен бекітілген бірқатар іс-шаралар ойдағыдай іске
асырылды.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына талдау жасалды,
оның негізінде Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы және
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бухгалтерлік есепке
алу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары әзірленді.
Бухгалтерлік есепке алу саласының өзін-өзі реттейтін элементтерін
ретке келтіру мен жүргізу мақсатында Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық
есеп беру туралы Қазақстан Республикасының Заң жобасы бухгалтерлік есепке
алу мен қаржылық есеп беруді реттеудің қолданыстағы жүйесіне айтарлықтай
өзгерістер енгізеді.
Заң жобасын әзірлеудің басты міндеті Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасында пайдаланатын бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық
есеп беру мәселелері бойынша негізгі ұғымдарды Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасына сәйкес
келтіру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2005 жылдан бастап Қазақстан
Республикасының облыстары мен өңірлерінде ұйымдардың қаржылық есепті
Халықаралық қаржылық есептің стандарттарына сәйкес жасау мәселелері бойынша
семинарлар өткізілуде.
Алайда, Қазақстандағы бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру
жүйесін дамытудағы кейбір жетістіктерге қарамастан, мыналардан:
- Халықаралық қаржылық есептің стандарттарының кешенділігі мен
әдістемелік күрделілігіне байланысты шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілері үшін қолданылмайтындықтан, Халықаралық
қаржылық есептің стандарттарының осы санаттарға қолданылу
қиындығынан;
- бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеуге,
сондай-ақ бухгалтер мен қаржылық есепор мамандықтарын дамытуға
кәсіби қоғамдық бірлестіктер қатысуының жеткіліксіздігінен;
- Халықаралық қаржылық есептің стандарттарын қолдану жөніндегі
ақпараттық-әдістемелік материалдардың (оқулықтардың,
кітаптардың) жоқтығынан;
- бухгалтерлер мен қаржылық есепорлардың біраз бөлігінің кәсіби
дайындығы деңгейінің төмендігінен, сондай-ақ Халықаралық
қаржылық есептің стандарттары бойынша дайындалған ақпаратты
пайдаланудағы дағдының жеткіліксіздігінен;
- кадрларды қайта даярлаудың ретке келтірілген жүйесінің
жоқтығынан;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есепке алу мен
қаржылық есеп берудің Халықаралық қаржылық есептің стандарттары
белгілеген көптеген принциптеріне және талаптарына немқұрайды
қараудан көрінетін кейбір проблемалар бар.
Сонымен бірге, Халықаралық қаржылық есептің стандарттарын мемлекеттік
немесе орыс тілдерінде уақтылы жарияламау бөлігінде проблемалар бар, мұның
өзі ағылшын тілін меңгермеген мамандардың Халықаралық қаржылық есептің
стандарттарының ескірген редакциясын амалсыздан қолдануға және Халықаралық
қаржылық есеп стандарттары комитетінің қоры жаңадан бекіткен стандарттарды
уақтылы пайдалана алмауына әкеп соқтырады. Осы жағдайға, Халықаралық
қаржылық есеп стандарттары комитеті қорының ережелеріне сәйкес Халықаралық
қаржылық есептің стандарттары КҚ басылымдарының ешқандай да бөлігі
Халықаралық қаржылық есептің стандарттары КҚ-нің жазбаша рұқсатынсыз
аударылмайтыны, қайта басылмайтыны, көшірмесі алынбайтыны немесе кез келген
нысанда толық немесе ішінара пайдаланылмайтыны себепші болып отыр.
Министрлік пен Халықаралық қаржылық есептің стандарттары КҚ Шектелген
аумақта шектелген кезең ішінде авторлық құқықтан бас тартуды мемлекеттік
сатып алу туралы шарт жасасты. Шарттың негізінде Қазақстанға Халықаралық
қаржылық есептің стандарттарын тек қана мемлекеттік тілде, Республика
аумағының шегінде аударуға, басып шығаруға және таратуға құқық беріледі.
Сонымен бірге, бұл проблема тек Қазақстанда ғана емес, мұндай жағдайлар ТМД-
ның бүкіл кеңістігіндегі барлық мүдделі пайдаланушыларда да бар. Дегенмен,
уәкілетті орган орыс тілінде жоғарыда көрсетілген Халықаралық қаржылық
есептің стандартқа көшу жөніндегі шартқа қосымша келісім жасасу бойынша
жұмыстар жүргізеді.
Сонымен қатар, бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді
жүргізу бөлігінде ақпараттық жүйені автоматтандырудың көкейкестілігін атап
өтпеуге болмайды. Бүгінгі таңда кешендік автоматтандыру жүйесі, яғни ұйым
қызметінің түрлі салалары үшін бірыңғай ақпараттық жүйелері бизнестегі
маңызды аспаптардың біріне айналды. Тәжірибеде көрсеткендей, ақпараттық
жүйелер кең қолданылатын Халықаралық қаржылық есептің стандартқа көшкен
ұйымдарда оң өзгерістерге қол жеткізу әлдеқайта жеңіл. Сондықтан да
Халықаралық қаржылық есептің стандарттарын ойдағыдай енгізу бухгалтерлер
жұмыстарының жеделдігін арттыруға және уақтылы әрі тиімді шешімдер
қабылдауға мүмкіндік беретін бухгалтерлік есепке алуды жан-жақты
автоматтандырусыз жүзеге асырылмайды.

Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін дамыту елдің
экономикалық жағдайындағы өзгерістермен тығыз өзара байланыста және
шаруашылық тетіктің даму сипаты мен деңгейіне жауап беруі тиіс.
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін одан әрі
дамытуды Халықаралық қаржылық есептің стандарттарына сәйкес бухгалтерлік
есеп пен қаржылық есепте қалыптастырылатын ақпараттың сапасын, ашықтығын
және салыстырмалылығын арттыру мақсатында мынадай негізгі бағыттар бойынша
жүзеге асыру қажет:
- бухгалтерлік есепке алуды, қаржылық есептің қаржылық есепін
ұйымдастырумен және жүргізумен айналысатын мамандарды даярлау
және қайта даярлау;
- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін бухгалтерлік
есепке алу мен қаржылық есеп беруді жүргізу тәртібін оңайлату;
- халықаралық тәжірибенің негізінде бухгалтерлік есепке алу мен
қаржылық есеп беруді реттеу жүйесін өзгерту;
- бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есепті дамытудың
халықаралық процесіне қатысу.

Бухгалтерлік есепке алуды реформалағанда Қазақстанда қазіргі уақытта
жүргізілетін түбегейлі міндеттердің бірі бухгалтерлерді, қаржылық
менеджерлерді, қаржылық есепорларды, маркетологтарды және басқа да
мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру болып табылады.
Шетелдік компаниялар санының қазақстан рыногында барынша арта түсуі,
бизнестің ғаламдық сипатталуы, бірыңғай еуропалық рынокты құру батыстық
есепке алу жүйелелерін, халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын
меңгерген, батыс стандарттары бойынша оқытылған мамандарға сұраныстың
көбеюіне әкеп соғады.
Нарықтық экономика жағдайларында бухгалтерлік деректер негізінен
ақпараттың бірден бір шынайы көзі болғанда бухгалтер кәсібінің мәні артады,
сонымен қатар оған деген талаптар әсіресе бухгалтерлік пікір қабылдау
маңызды әрі шешуші болып табылатын салаларда өсті. Кәсіби бухгалтерлік
білім берудің, тәжірибенің, білімнің, сондай-ақ басқару, жоспарлау,
технология сияқты салаларда мұқтаждықтың арта түсуінің маңызын түсіну өсті.
Бұл сол сияқты, білгірлік пен кәсіпқойлықтың жоғары деңгейін тұрақты қолдап
отыру қажеттілігі тұрғысынан бухгалтерлердің үздіксіз кәсіби білім алуының
маңыздылығын растап түсті.
Кәсіби біліктілік жұмыс беруші үшін оның иесі осы кәсіпке қойылатын
барлық қазіргі заманғы талаптарға жауап беретініне кепіл болады деген сөз.
Осындай біліктілік иесінің мансаптық өсуде басқа қызметкерлердің алдында
елеулі басымдығы болады.
Қазақстан Республикасының Президенті кезекті Жолдауында еліміздің
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі Қазақстанның халықаралық рыноктарда
бәсекелестік қабілетін нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашатынын ескереді.
Осыған байланысты халықаралық стандарттар бойынша қызметтерді ұсыну сапасын
жедел арттыру қажет.
Бүгінгі таңда Халықаралық қаржылық есептің стандартқа сәйкес
бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді жасауда ақпаратты
қалыптастыру принциптерін түсінетін, бухгалтерлік есепке алуды жүргізудің,
қаржылық есеп беруді дайындау мен қаржылық есепінің қазіргі заманға сай
дағдысы бар білікті бухгалтерлер мен қаржылық есепорлардың жеткілікті санын
дайындау міндеті тұр.
Бұл ретте бухгалтерлік есепке алу мен есеп берудің сапалы жүйесі
экономикалық шешім қабылдаған, атап айтқанда осыған байланысты капиталды
инвестициялау және тәуекелдерді талдау бағыттарын анықтаған кезде оны
пайдалану мұқтажы және дағдысы бар бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық
есеп берудегі қалыптастырылатын ақпаратқа мүдделі пайдаланушылардың
жеткілікті санының болуын қажет етеді. Мүдделі пайдаланушылардың бар болуы
бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін дамытудың маңызды
алғы шарттарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің Жолдауында
төртінші басымдық ретінде қазіргі заманғы білім беруді дамытуды, кадрлардың
біліктілігін үздіксіз арттыру мен қайта мамандандыруды және Қазақстан
халқының мәдениетін одан әрі гүлдендіруді анықтады.
Қазақстанның нақты бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету мүмкіндігін
беретін маңызды аспаптардың бірі қалыптастыру реформасы болып табылады. Осы
мақсаттарда экономикалық және қоғамдық жаңғырту мұқтаждықтарына сәйкес
келетін қазіргі заманғы білім беру жүйесіне қажеттілік көрсетілді.
Бухгалтерлік есепші жүйесінің Халықаралық қаржылық есептің
стандарттарына бекітілген принциптеріне көшуі оқыту бағдарламаларын
қамтитын мониторинг жүйесін қалыптастыруды жүзеге асыруды, кадрларды,
есепке алу қызметкерлерін, экономканың сабақтас саласындағы мамандарды
(қаржылық есепорларды, қаржыгерлерді) даярлау және қайта даярлау процесіне
өзгерістер енгізуді талап етеді. Осыған байланысты білім беруді реформалау
шеңберінде білім беру ұйымдары оқытушыларының біліктілігін арттыруды
ұйымдастыру, орта және жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларын қайта
бағдарлау, бухгалтерлік есепке алуға және бухгалтерлердің түрлі
санаттарының қаржылық есепіне оқытылатындар үшін Халықаралық қаржылық
есептің стандарттары бойынша оқу-әдістемелік жасақтаудың (ОӘЖ) үлгілік
жинақтарын, сондай-ақ кәсіби бухгалтерлер мен қаржылық есепорларды
Халықаралық қаржылық есептің стандарттарын терең зерделеуге және оларды
тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыруға дайындау бағдарламаларын
жаңарту және жетілдіру бойынша елеулі жұмыстар жүргізу қажет.
Қаралып отырған саладағы кадрларды даярлау және олардың біліктілігін
арттыру процесінің мазмұнын анықтаған кезде, бухгалтерлік есепке алу және
қаржылық есеп беру, қаржылық есеп мақсаттары үшін шаруашылық өмір
фактілерінің мәнділігін (елеулілігін) анықтаған, құндық жағынан өлшеген,
саралаған және бағалаған кезде кәсіби пірікдің деңгейін әзірлеуге ерекше
назар аударылуы тиіс.
Бухгалтер кәсібі дамуындағы қазіргі заманғы сатыда өзінің кәсіби
деңгейін үздіксіз арттырып отыруды талап етеді. Бухгалтер кәсібі соңғы
жылдары іскер және кәсіби ортада кәсіби бухгалтер атағын алған жаңа терең
мағынада білдіріледі. Бұл ретте Халықаралық бухгалтерлер федерациясы
ұсынған кәсіби бухгалтерлер рөлін, функциясын және міндетін түсінуден
бастау керек. Осындай түсінік қана қазақстандық бухгалтерлік және қаржылық
есепорлық кәсіпті халықаралық тануды қамтамасыз етеді. Осылайша, қазақстан
қаржылық есепоры қол қойған қазақстандық бухгалтерлік сертификатты немесе
қаржылық есепорлық қорытындыны рыноктың толық бағалауына есептеуге болады.
Өзге шаралардың арасында кәсіби бухгалтер атағына нақты мағынаны
мамандарды аттестаттаудың және олардың біліктілігін арттырудың тиімді
жүйесі береді. Халықаралық қаржылық есептің стандарттарын терең білмей
Халықаралық қаржылық есептің стандартқа ойдағыдай көшу мүмкін еместігін
тәжірибе көрсетті. Осыған байланысты Қазақстанда бухгалтерлерді кәсіби
сертификаттау жөніндегі ұйымдарды акредиттеу жүйесін құру мәселесін
мемлекеттік деңгейде шешу Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру
туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасында көзделген. Кәсіби
аттестаттау кәсіби жарамдылығын, білімдері мен дағдыларының қазіргі заманғы
деңгейін, кәсіптің жағары этикалық нормаларын ұстануды растау құралы
түрінде қаралады.

Шаруашылық тетіктегі өзгерістермен және нарықтық институттардың нақты
жұмыс істеуімен байланыссыз бухгалтерлік есепке алудағы өзгерістерді
жеделдету экономикадағы қаржылық ақпараттың сапасын төмендетуге,
Халықаралық қаржылық есептің стандарттарының беделін түсіруге, сондай-ақ
қаржылық тәртіптің әлсіреуіне әкеп соғуы мүмкін. Осылайша, қолданыстағы
заңнамаға сәйкес Халықаралық қаржылық есептің стандартқа көшу барлық
ұйымдарға қатысты, бірақ бұл ретте неғұрлым сарабдалдық ұстаным қажет.
Кешенділігіне және әдістемелік күрделілігіне байланысты Халықаралық
қаржылық есептің стандарттары іс жүзінде шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілері үшін жарамсыз. Бұдан басқа, соңғы уақытта өзіміз білетін, осы
күнге дейін аяқталмаған стандарттардың өздерін белсенді жетілдіру процесі
жүріп жатыр (Халықаралық қаржылық есептің стандартқа тұрақты түрде елеулі
өзгерістер енгізілуде, оған шағын компаниялардың қадағалап отыруына жағдайы
жоқ). Осыған байланысты Халықаралық қаржылық есептің стандартқа сәйкес
қаржылық есеп беруді ірі кәсіпкерлік субъектілері мен көпшілік мүдделі
ұйымдар ғана жасағаны орынды.
Қызметі қоғамдық мүддені білдіретін ұйымдар көпшілік мүдделі ұйымдар
болып табылады, оларға мыналар жатады:
- қаржылық ұйымдар;
- акционерлік қоғамдар (коммерциялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz