Қаржылық есепті талдау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Қаржылық есепті талдау
2.2. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық
жұмыстары.
2.3. Қаржылық есеп беруді жасау
2.4. Жалға алудың есебі.
2.5. Қаржыландырылатын жалгерлік

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе
Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық
қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды түрі қаржылық
жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру табылады.
Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына инвесторлар, кредиторлар,
жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбекақы, сондай-ақ мемлекеттік органдар,
т.б. кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және ресурстарын,
міндеттемелерін және ақша қаражаттарының баланс ағындарын бағалауға, несие
беру бойынша шешімдерге және инвестиция шешімдерді қабылдауға пайдалы
ақпараттарды береді.
Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін,
сонп ні шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.
Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел
қызметі үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін
бастапқы база болып табылады.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің есебін
анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен үйлестіру,
бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп сабақтастығын (үйлесімділігін)
сақтау, әдістемелік және басқа да ереже и сақтау болып табылады.
Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас
бухгалтері Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес
жауап береді.

2.1. Қаржылық есепті талдау

Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:
Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады,
сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың
нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады (көрініс табады), ал шынында
зияны орын алынған кезден бастап танылады.
Толассыздық. Субъектөз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды
және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.
Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыға
түсінікті болуы тиіс.
Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәлімі
қанағаттануы тиіс; қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын (оқиға бағалаған
кезде олардың қабылданған шешіміне алынған (немесе пайдаланылған)
мәліметтер өз септігін тигізуі керек.
Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық
шешімдер қаржылық ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі
мүмкін.
Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен
құрылады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бүрын пішілген ойлар
болмаса.
Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъекттің ақша
қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы
пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсынуы тиіс.
Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын
ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны
абзал.
Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған
жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай-ақ міндеттемелер мен
шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.
Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың
анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс.
Ақпараттың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі
екінші бір есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.
Жүйелілік. Пайдаланушы субъекттің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі
есептік кезеңімен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның
көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек
қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.
Есеп беруге қойылатын ең басты талап оның тазалығы (ашықтығы) болып
табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі
түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде
жасалғаны жөн. Кәсіпорынның есеп беруі бухгалтерлік, статистикалық және
жедел (оперативтік) болып белінеді. Жедел-статистикалық есеп беру
кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің жекелеген жақтарын
бухгалтерлік және жедел-статистикалық есепке алудың деректері бойынша
жасалады. Бухгалтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық
қызметін бастапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталып,
жинақталған деректерден жасалады. Қандай кезең үшін берілгендігіне қарай
есеп шұғыл және почта арқылы берілетін есептер болып бөлінеді.
Балансты және басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы
жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің
(деректердің) құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептерін
толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.
Бухгалтерлік есептің ақпараттары балансқа дейін қажет өңдеулерден
өтеді. Бұл өңдеу процесі төрт кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең. Әр түрлі шаруашылық фактілері құжатталады (іскерлік
мәміле жасалады).
Екінші кезең. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі,
содан соң бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі (есеп регистрлеріде ЖО,
ведомость, Бас кітап).
Үшінші кезең. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріледі.
Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру, ақша-қаражаттар қозғалысы
туралы есеп беру т.б.
Төртінші кезең. ШС-нің қаржылық-шаруашылық қызметі талданады.
Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде
қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмысының
кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжатының
саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік тізімдерінде
жинақталады. Аталған деректердің негізінде талдау жасалынады.
Жасалған баланстық және басқа берілетін есептердің көрсеткіштерінің
есебін қамтамасыз ету үшін арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият
есептеу керек. Баланстың сабақтастығын есепті кезеңнің басындағы баланс
баптарының деректерін ағымдағы кезеңнің осы баптағы деректерімен
салыстырып, соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолы анықталады. Қаржы есебін
берумен бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттеледі:
№ 2 "Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептің негізгі
көрсеткіштерін көрсету" (2 БЕС); "Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі
туралы беру" (3 БЕС) және "Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру" (4
БЕС) арқылы жүзеге асады.
Жылдық есептің меншік иелерінде (қатысушыларында, құрылтайшылары
немесе құрылтай құжаттарында көрсетілген мәліметтері бойынша органдарға:
салық инспекциясына (кәсіпорынның тұрған жері бойынша жергілікті қаржы
органына, мемлекеттік статистика органдарына есеп береді.
Тараптары бар кәсіпорындар өздерінің бухгалтерлік есептерін берумен
жалпы белгіленген тәртіпте біріккен (жиынтық) есебін де береді.
Кәсіпорындар (бұған шетелдіктердің қатысы бар кәсіпорындар да
енгізіледі) егер Қазақстан Республикасының зандарында басқадай
ерекшеліктері ескерілмейтін болса, онда жылдық бухгалтерлік есепті есепті
жылдан кейінгі келесі жылдың наурызынан кешіктірмей береді. Бухгалтерлік
есеп берудің нақты күнін көрсеткен мерзімдердің шегінде салық органдарының
келісімдері бойынша кәсіпорын иелері (қатысушылары, құрылтайшылары)
белгілейді.
Бухгалтерлік есеп беру күні болып бір қаладағы кәсіпорындар үшін
барлық қажетті ақпараттарын нақты берген күні есептеледі, ал басқа
кәсіпорын үшін почта арқылы жіберілген күні есептеледі.
Берілген бухгалтерлік есепке кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер
оның уақытында берілуіне жауап береді.
Кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижелерін, мүлік жағдайы
туралы жылдық бухгалтерлік есептерін мүдделі пайдаланушыларға жариялауға
жол ашық.
Бухгалтерлік есепте жазбаларға өзгеріс енгізу жағдайы туындаса, осы
және өткен жылға қатысты берілген есептер мен баланс деректерінің барлығын
түзетуді қажет деп тапса, онда ол есепті айдан кейінгі бірінші айда
жасайды.
Жазбаларда тиісті түзетулер көрініс береді. Өткен жыл үшін берілген
жылдық бухгалтерлік есептер мен баланстар деректерінің түзетілуі, сол жыл
үшін берілген есептер мен баланстар бекітілгенге дейін жасалады. Мұндайда
өткен жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректерге қажетті түзетулер
енгізілуі мүмкін.

2.2. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да
дайындық жұмыстары.
Бугхгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды
алу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және
есептердің нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп
мәліметі мида бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу
көздеріне сәйкес келуі тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын
мәліметтермен үйлесе бермейді, яғни олардың арасында алшақтық орын алуы
мүмкін. Аталған алшақтық азаюдың, тасымалдаудың, қайта сортталудың
нәтижесінде, өлшегіш құрал-жабдықтарының дұрыс көрсетпеуінен, операцияларды
рәсімдеу кезінде жіберілген қателіктерден, т.б. салдарынан болуы мүмкін.
Ал бұл жыл сайын нақты қолда бар құндылықтардың мәліметін есеп
мәліметтерімен штей салыстырып отыруды қажет етеді, және ол есеп айырысуды
дәлдеу (анықтау) үшін де қажет. Тексерудің мұндай түрін түгендеу (немесе
түгелдеу) деп атаймыз.
Түгендеу (немесе түгелдеу) — бұл бухгалтерлік есеп әдісінің басты
элементтерінің бірі, ол есеп айырысудың ақша қаражатарының, аяқталмаған
өндірістің, тауарлы-мптермалдық құндылықтардың, материалдық емес
активтердің, негізгі құралдардың нақты қолда барын тексеруін және олардың
есеп мәліметтерімен салыстыруын көздейді. Меншік түріне (нысанына), қызмет
түріне және жұмыс істеу тәртібіне қарамастан, оны барлық кәсіпорын
жүргізеді. Ол құжаттаудың міндетті қосымшасы болып табылады. Тек соның
көмегімен шаруашылықта болатын әрі жасалатын барлық шаруашылық құбылыстар
бухгалтерлік есепте көрініс табады. Ол өзінің қамту жағдайына қарап екіге
бөлінеді: толық және ішінара болып.
Толық түгендеу әдетте, жылына бір рет жылдық есеп берудің алдында
жасалады, оның мақсаты кәсіпорынның барлық активтері мен пассивтерін
баланста дұрыс көрсету болып табылады. Мұндай толық түгендеу бақылаушы
органдардың талабы бойынша да жасалуы мүмкін. Ішінара түгендеу, тек қана
түгенделетін объектілердің кейбір бөлігін ғана қамтуы мүмкін, мысалға,
кәсіпорынның кассасындағы нақты ақша қаражаты, кәсіпорындағы негізгі
құралдардың саны т.б.
Түгендеу өз сипатына қарап жоспарлы және кезектен тыс жүргізілуі
мүмкін:
- жоспарлы – алдын ала белгіленген мерзімде, қойған мақсатына және
мүмкіндігіне сай етіп жүргізіледі;
- кезектен тыс – бұл кәсіпорын басшысының тапсырмасы бойынша,
бақылаушы органдардың талабы бойынша материалды жауапты тұлғаның ауысқан
кезінде, табиғи апаттардан кейін жүргізіледі. Ол БЕС 24 "Бухгалтерлік
есепті ұйымдастыру" стандартына сай етіп жасалынады. Онда оның кезектілігі,
түгендеуді жүргізудің мерзімі, түгендеу комиссиясының құрамы және т.б.
қарап қарастырылады.
Кәсіпорын басшысы түгендеу жұмыстарын жүргізу тәртібін белгілемейді.
Оның ішінде түгендеу комиссиясының құрамын, есепті жылдағы түгендеу
жұмыстарын, олардың күнін белгілейді.
Түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін әрбір кәсіпорында тұрақты жұмыс
атқарып тұратын комиссия болады және оның құрамын кәсіпорын басшысы
бекітеді.
Түгендеу комиссиясының істейтін жұмыстары сақтау органдарымен
өндірістегі мүлікті, сондай-ақ қаржы жөніндегі барлық міндеттемелерді
кәсіпорынның бухгалтерлік қызметкерлерімен бірге түгендеу нәтижелерін
анықтап және қайта сұрыптауға арналады; сондай-ақ кем шыққандарды табиғат
нормаларының шегінде есептен шығаруға; тауарлы-материалдық құндылықтарын
қабылдауды, сақтауды және босатуды реттеуге, есепке алуды жақсарту және
сақталуын бақылау мәселелері жөнінде, сондай-ақ пайдаланылмайтын мүлкі.
туралы ұсыныстар әзірлеуге; мүліктің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі
шараларды жүргізуге; екі түгендеу аралығындағы сақтау және қайта шығару
орындарындағы тауарлы-материалдық құндылықтарды түгендеуге, түгендеудің
әдістемесі бойынша да бақылау жұмыстарын жүргізуге бағытталған.
Түгендеу комиссияларының мүшелері кем шыққандарды және талан-таражға
түскендерді бүркемелеу мақсатымен мүліктің нақты қалдығы туралы немесе
артық шыққан тауарлар, материалдар және басқа да құндылықтар туралы
жазбаларды дұрыс емес деректерді енгізбегені үшін Қазақстан Республикасының
Заңдарында белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады.
Мүліктің нақты қолда барын тексеруді бастағанға дейін түгендеу
комитеті кіріс-шығыс құжаттарының түгендеу кезіндегі соңғы тізімдерін,
материалдық құндылықтары мен ақшалай қаражаттарын есепке алады. Түгендеу
комиссиясының нәтижесі де тексеріледі, ол үшін ішінара барлау жұмыстары
жүргізіледі, сол бақылау барысында комиссияның мүшелері де қатыса алады
және ол да актімен хатталады.
Екі түгендеу аралығындағы кезеңде құндылықтардың номенклатура
бойынша үлкен кәсіпорындардың сақтау және қайта өндеу жұмыстары әдісімен
тексеріледі.
Түгендеу нәтижесі бойынша салыстыру тізімдемесі жасалынады, сосын
деректер бухгалтерлік есептегі деректерімен салыстырылып, олардың
арасындағы айырмашылықтары (ауытқулары) көрсетіледі. Түгендеу нәтижелерін
көрсетуде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистика комитеті
бекіткен бірреттегі толтыратын есеп құжаттарының мынадай үлгілері
қолданылады.
Негізгі құралдардың түгендеу жазбасы жалға алған және күнделікті
жаза бергендерді қоса есептегендегі негізгі қорлардың нақты қолда барын
тексеру үшін қолданылады.
Түгендеуді ұйымдастыру ережелері бойынша материалдық құндылықтарды
бірден санап, жазбаға жазуға мүмкін болмаған жағдайларда қиналады. Бұл
түгендеу қағазы саналған құндылықтармен бірге солардың орындарында
сақталады. Түгендеу кезінде және басқа да тексерістердің көмегімен
анықталған мүліктің қолда бары мен бухгалтерлік есептегі деректердің
арасындағы алшақтығы іріктеу тәртібі бойынша реттеледі. Сортталу
нәтижесінде анықталған кем шыққандар мен артықтардың өзара есеп айырысуы
тек ерекшелік ретінде ғана, сол тексеріліп отырған кезең үшін, тексерген
комиссияның жұмысын бағалау үшін не тауарлы-материалдық құндылықтардың
сапасы мен мөлшерін анықтау үшін болуы мүмкін. Сорттаудың болғандығы
жөнінде материалдық жауапты адамдар түгелдеу комиссиясына егжей-тегжейлі
түсініктеме берді. Сортталудың өзара тікелей алынуы туралы ұсыныс тұрақты
жұмыс істейтін түгелдеу комиссиясының орындалуына беріледі және оны
кәсіпорын басшысы түбегейлі шешеді; ал ол ұсынылған барлық материалдарды
зерттегеннен кейін, есепке алу туралы тиісті шешімдер қабылданады.
Сортталуы (пересортицасы) бойынша олардың артық не кем шығуын есепке
(зачетқа) алғаннан кейін, жетпей қалған құндылықтар жауапты адамдардың
жауапкершілігіне жатқызылады. Егер де сортталу кезінде нақты жауапты
адамдар анықталмаса, онда оның сомасы кем шыққан мүліктер ретінде қаралады
да, кәсіпорынның зиянына жатқызылады. Сортталу салдарынан анықталған құн
айырмашылықтары материалдық жауапты адамдардың кінәсінен болмаса, ол жөндеу
комиссиясының хаттамаларында бұл аталған айырмашылықтар жауапты адамның
мойнына қойылмау себептерін ашып көрсетеді. Есеп айырысудың барлық
түрлерінің түгенделуінде өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін. Бюджетпен,
сатып алушымен, жабдықтаушымен, есеп беретін адамдармен, қызметкерлермен,
экспоненттермен және басқа дебиторлармен, кредиторлармен есеп айырысуды
түгендеу есеп айырысу шоттарында есептелген сомалардың мұқият
негізделгендігіне саяды. Есеп айырысу инкассо тәртібімен жүргізілмейтін
барлық сатып алушылардың және басқа дебиторлардың мәліметтерінің дұрыстығын
тексеру үшін кредиторлардың берешегі туралы дербес шоттардың көшірмелері
жазылады.
Дебитор кәсіпорындар көшірмелерді алған соң, берешек қалдықтарын
растауға немесе өздерінің толық келіспейтінідігі туралы хабарлама жасайды.
Түгендеу комиссиясы құжаттарды тексеру жолымен, сондай-ақ банк
мекемелерімен, қаржы және салық органдарымен, кәсіпорынның жеке баланстарға
бөлінген құрылымдық бөлімшелерімен және бас кәсіпорындарымен есеп
айырысудың дәлме-дәлдігін анықтайды. Бұл есеп айырысулар бойынша
кәсіпорынның балансында реттелмеген сомалар қалмауы керек; баланста есепте
тұрған кем шыққан және тонауға байланысты берешек сомаларының дұрыстығы мен
негізделгендігі; баланста есепте тұрған дебиторлық және кредиторлық берешек
сомалары, сондай-ақ дебиторлық берешекті өндіріп алуға қойған талаптары да
тексеріледі. Түгендеу нәтижелері актімен хатталуы тиіс. Онда түгенделген
шоттардың аттарын атап, сәйкес келмейтін дебиторлық және кредиторлық
берешектің, күмәнді қарыздардың, талап ету мерзімі өткен кредиторлық және
дебиторлық берешектің анықталған сомаларын көрсеткен жөн.

2.3. Қаржылық есеп беруді жасау
Жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық есеп берудің құрамына бухгалтерлік
баланс, шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, ақша
қаражатының қозғалысы туралы есеп беру және түсіндірме хаттамасы (жазбасы)
кіреді.
Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеңдегі
қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және
сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Бірақ қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорынның қызметі
туралы әрқилы мәліметтерді қажет етеді, мысалға:
-инвесторлар — жасаған инвестициясының тәуекелділік дәрежесі олардың
алатын табысына қаншалықты пара-пар келетіндігін анықтау үшін; кәсіпорынға
салған инвестациясын сатудың немесе соған сәйкес активтерін сатып алудың,
немесе өз үлесін сақтаудың қажетгілігі анықтау үшін; кәсіпорынның
келешектегі күтілетін дивидендтерді төлеу қабілетгілігін анықтау үшін қажет
ақпараттарды талап етеді;
- кредитор — алған қарызын және төленетін пайызын өтеу
қабілеттілігін (мүмкіндігін) анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
- жабдықтаушылар — кредиторлық қарызды дер кезінде өтей алатын
қабілетін тексеру үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
- сатып алушы — кәсіпорын қандай кезеңде өз қызметін
жалғастыра алатындығы жөніндегі ақпараттарға мүдделі болып келеді;
- қызметкерлер — кәсіпорынның түрақты әрі рентабельді болғанына
мүдделі, өйткені олар, өзінің еңбек ақысын және басқа жеңілдіктері мен
төлемін алады, ал акционерлер — тұрақты түрде дивиденд алып тұруын
көздейді;
- Мемлекеттік органдар — кәсіпорынның түрақты әрі рентабельді
жұмыс істегеніне мүдделі, ейткені олар солардың кемегімен экономикалық
саясатты (салық шараларын қоса алғанда) жүзеге асырады, сондай-ақ
статистикалық мәліметтерді жинайды;
- Журтшылық — жұмыс орнын табу мақсатында қажетті ақпараттарды
елді мекенді, аймақгы дамытуға керек акдаратгарды жинауға (алуға) мүдделі
болып келеді.
Қаржылық есеп беру кәсіпорынның инвестациялықсаясатын жасауға,
несиелеу аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражатының ағынын
бағалауға, кәсіпорынның міндетемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың
басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпараттармен қамтамасыз етуге өз
септігін тигізеді.
Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін әрқилы пайдаланушылардың әртүрлі
мүдде бойынша пайдалануы кәсіпорынның сол жалпы талапқа сай келуі үшін оның
қызметіне капиталдың жеткілікті болғаны абзал. Сондықтан олардың негізгі
талабы (басқа жағдайлары бірдей болғанда): кәсіпорыннан алған меншік
капиталы мен басқа инвестициясы туралы ақпараттар оларды қанағаттандыруы
тиіс.
Бұл ереже барлық пайдаланушылардың мүддесіне ортақ әрі сай келетін
ақпарат болып саналады. Жалпы алғанда, пайдаланушылар келесі ақпараттарға
мүдделі болып келеді: көрсетілген түрлері бойынша есеп айырысуды түгендеу
актісіне анықтамаға тіркелу керек, онда дебиторлардың немесе кредиторлардың
аттары мен мекен-жайлары, берешек сомасы, берешектің не үшін есептелгені,
қай уақыттағы және қандай құжаттардың негізінде есептелгені келтіріледі.
Талап ету мерзімі өткен дебиторлық берешек сомалары бойынша
анықталған бұл мерзімнің өтуіне кінәлі адамдар көрсетіледі. Талап ету
мерзімі өткен дгбтгтргси берешек, өндіріліп алынуы неғайбыл басқа да
қарыздар кәсіпорын басшысының шешімімен есептен шығарылады да, күдікті
қағаздар бойынша резерв қаражатының шотына немесе шаруашылық қызметінің
нәтижелеріне жатқызылады.
Түгендеу және басқадай тексерістер кезінде анықталған қолда бар яғни
құралдардың, материалдық құндылықтардың және ақшалай қаражат бухгалтерлік
есептегі деректермен алшақтығы мынадай тәртіпте реттеледі:
- артық немесе кем шыққан кезде олар өзара зачетқа жатқызылады, бұл
зачетқа жатқызылған мүліктер бухгалтерлік есепте көрініс таппайды;
- артық шыққан негізгі құралдар, материалдық құндылықтар мен ақшалар
қаражат кәсіпорынның табысына кірістеліп, есепке алынады, бұлардын шығу
себептері мен оған кінәлі адамдар кейін анықталады;
- құндылықтардың кемуі (жоғалуы) белгіленген тәртіпте бекітілген
нормалардың шегінде кәсіпорын басшысының өкімімен өндіріс не қаражат
шығындарына көшіріліп жазылады;
- материалдық құндылықтардың, ақшалай қаражаттың және басқа кем
шыққандары, сондай-ақ табиғи кемуі нормаларынан тыс ысырап болған жағдайда
кінәлі адамдардың мойындарына қойылады. Кінәлі адамдар анықталмаған немесе
кінәлі адамдардан өндіріп алуға сот тыйым салған жағдайларда кем шыққан
мүліктер және ыссыраптардан келген зиянның мөлшері шаруашылық қызметінің
нәтижелеріне көшіріліп жазылады.
Тұрақты жұмыс істейтін түгендеу (түгелдеу) комиссиясының құндылықтар
мен бухгалтерлік есеп деректерінің арасында түгендеу жұмысы анықталған
алшақтықтарды реттеу туралы ұсыныстары айтылған хаттама түгендеу аяқталған
соң кәсіпорын басшысы бекітеді. Түгендеу нәтижелері аяқталған айдағы есепте
және есеп беруінде, ал жылдық түгендеу бухгалтердің жылдық есеп беруінде
көрініс табады.

2.4. Жалға алудың есебі.
Шаруашылық жасаушы субъект үшін өзінің қаржылық жағдайын және төлем
қабілетгілігін бағалай келіп, өз меншігіне сатып алғанша, басқа
субъеклілерден негізгі құралдар объектілерін уақытша пайдалануға, яғни
жалға алған тиімді болуы мүмкін.
Жалға жасалатын келісім шартта: жалға берілетін мүліктің құрамы мен
құны; жал ақысының мөлшері, жалдың мерзімі; жалға алынған мүліктің жөндеу
шарты және қалпына келтіру бойынша тараптардың міндеттері; жал ақысын
төлеудің және мүлікті қайтарудың тәртібі және т.б. қарастырылады.
Негізінен алғанда, жалға алу нысаны оның мәнін белгілейді, демек, жалға
алу нысаны мен жал бойынша жасалған келісім-шарттың жағдайы есепте
көрсетілетін операцияға да әсер етеді.
Жалгерлікті есеп №7-ші "Жалгерлік есеп" деп аталатын бухгалтерлік
есептің стандартымен ұйымдастырылып реттеледі және сонымен сәйкес жал
мерзіміне байланысты қаржылық және ағымдағы болып бөлінеді.
Жал келісім шарты қол қойылған күннен бастау алады.

Жал мерзімі – көпке дейін өзгертуге жатпайтын кезеңімен ерекшеленеді
және сол жалға алынған мүлік келісім-шартпен рәсімделеді, сондай-ақ кез
келген келесі кезеңге оның ақысы төленіп немесе төленбей-ақ ұзартылуы
мүмкін.
Ағымдағы жалгерлік. Ағымдағы деп қаржыландырылатын жалгерліктен басқа,
кез келген жалгерліктің түрін айтады. Ағымдағы жалгерлікте жалгерлік төлемі
бүтін жалгерлік мерзімінің бойында жүйелі түрде әрбір есеп беру кезеңінің
шығысы болып табылады. Ағымдағы жалгерлікте, активке деген меншік құқымен
байланысты тәуекелділік пен марапаттау жағдайы жалға берушінің өзінде
қалады. Сондықтан олардың жалға берген активтері амортизацияланатын мүлік
ретінде қарастырылады және бүкіл жал мерзімінің бойында алынған жал ақысы
табысқа енгізіледі. Ағымдағы жалгерлікті жалға алушының мүлікті тек уақытша
иемденуі деп түсіндіріледі. Жалға берілген негізгі құрал, жалға берушінің
бухгалтерлік есебіндегі 12 "Негізгі құралдар" бөлімшесінің тиесілі
субшоттарында, яғни негізгі құралдардың құрамында көрініс табады.
Алынуға жататын жал ақысы келісілген келісім-шартқа сәйкес 1254 "Басқа
да" шоттың дебетінде және 6160, (жалға субъектінің негізгі қызметі болса)
шоттарынын кредитінде көрініс табады.
Жалға берілген мүліктер жалға берушінің балансында көрініс табатын
болғандықтан, олар бойынша есептелген тозу сомасына 7450 шоты дебеттеліп,
шоттары кредиттеледі.
Жал ақысы келіп түссе тиесілі ақша қаражаттарының шоттары дебеттеліп,
1254 шоты кредиттеледі.
Жал ақысы тиесілі өндіріс шоттарында, яғни келесі шоттардың дебетінде:
847- егер де негізгі құралдар әлеуметтік сферада пайдаланылса;
7110 - егер де негізгі құралдар тауарды сату мен байланысты болса;
7210 - егер де негізгі құралдар жалпы шаруашылық қажеттілігі үшін
пайдаланылса, 3390 шоттың, кредитінде көрініс табады.
Жалға алынған негізгі құралдар жалға алушының талаптарына сай келе
бермейді, сондықтан олар ондай негізгі құралдарға жөндеу жұмысын жүргізеді,
бірақ ол үшін алдымен жалға берушінің келісімін алады.
Жалға алушының жүргізген күрделі жөндеу жұмыстарының есебі жалға алған
мүлік бойынша келісілген шарт жағдайына байланысты болып келеді. Егер де
жал ақысы келешектегі есеп кезеңдеріне жатқызылатын болса, онда 1630 "Жалға
ақысы" шоты дебеттеліп және тиісті ақша қаражаттарының шоты кредиттеледі.
Олардың есептік кезеңі жеткен кезде, тиесілі жал ақысы өндіріс шоттарына
ауыстырылады.
Енді біз ағымдағы жалгерлікке байланысты операциялар бойынша шоттар
корреспонденциясын құрастырамыз.

ҚатарШаруашылық операцияларының Сомасы, теңге Шоттар корреспонденциясы
№ мазмұны
дебет кредит
1 2 3 4 5
Жалға беруші кәсіпорында
1 Ағымдағы жалгерлік келісім 500000 2412-2416 2412-2416
шарты боынша негізгі Жалдағы Жалдағы
құралдар 12 айға берілді негізгі негізгі
құралдар, құралдар,
субшоты субшоты
2 Жал ақысы есептелінеді
Ай саын жыл бойына ҚҚС 3000 1410 6030
есептелінеді (16%) 480 1410
3 Жалға алушыдан жал ақысы 3480 1060, 1010, 1410
келіп түсті (ай сайын)
4 Аванс ретінде алынған жал
ақысы болашақ кезеңде
беретін айлары бойынша
көрсетіледі (11айға) 38280 1060, 1010 3520
5 Ай сайын есеп беру кезінде
болашақ кезеңнен түсетін
табыс жабылып отырады:
есептік кезеңнің табысы 3000 3520 6030,6160
есептелген ҚҚ (16%) 480 3520 3130
6 Жалға алушының жүргізген 17000 2412-2416, 6160
күрделі жөндеку жұмысының Жалдағы
шығындары жалға берушіге негізгі
тегін берліді құралдар,
субшоты
7 Жасалған күрделі жөндеу 17000 2412-2416, 3370
шығындары негізгі құралдың Жалдағы
қызмет ету мерзімін ұзартады негізгі
және ол сомаға жал төлемі де құралдар,
азаяды субшоты
Жасалған күрделі жөндеу 2720 1420 3370
бойынша ҚҚС слмасы да азаяды
8 Бір-біріне қарызы зачет 19720 3390 2180
жатқызылады
9 Жалға берілген негізгі
құралдар бойынша
амортизацися есептелінді
(бір қалыпты әдісі бойынша, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
Ұйымның қаржылық жағдайын талдау. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы және шаруашылық қызметі
Бағдарламаны тіркеу
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау туралы ақпарат
Каспий - Балық өндірістік кооперативі
Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерінің көрсеткіштері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
Пәндер