Қаржылық тәуекелді басқарудың әдістері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 292 бет
Таңдаулыға:   

Бұлақбай Жанат Мұканбетжанқызы

Қаржы менеджменті

Оқу құралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІлІм жӘне Ғылым министрлІгІ

«Тұран- Астана» университеті

Ж. М. Бұлақбай

Қаржы менеджменті

Оқу құралы

Астана 2010

УДК 005 (075. 8)

ББК 65. 290-2 я 73

Б 89

Пікір жазған:

Керімқұлов С. Е. - э. ғ. д., Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры

Берстембаева Р. Қ. - э. ғ. к., Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті

Исаева А. Т. - «Тұран-Астана» университетінің «Қаржы, есеп және аудит» кафедрасының доценті, э. ғ. к.

ISBN 978-601-214-059-0

Бұлақбай Ж. М.

Б 89 Қаржы менеджменті. Оқу құралы. - Астана, - 2010ж. - 290 б.

Оқу құралында қаржы менеджментiнiң мазмұны, базалық тұжырымдамалары, мақсаты, мiндеттерi; қаржы менеджментiнiң қазiргi теориясының даму кезеңдерi; экономикалық ғылымдар жүйесiндегi қаржы менеджментiнiң орны; капитал құрылымы және дивидендтiк саясат; операциялық тұтқаның тиiмдiлiгі; фирманың ағымдағы шығындарын басқару; қаржы тұтқасының тиiмдiлiгi; қарыз қаражатын тарту саясаты; кәсiпорынның ұзақ мерзiмдi инвестициялық шешiмдер стратегиясы; капиталдың құны; қаржылық жоспарлау және болжамдау; қаржы менеджментiнiң тактикасы: айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттерін басқару, ақша қаражаттарын басқару, босалқы қорларды басқару, дебиторлық борышты басқару; қаржы менеджментiнiң арнаулы тақырыптары баяндалады, сонымен қатар, қаржы менеджменті жайлы студенттердің білімін тексеруге арналған бақылау сұрақттары, өзіндік жұмыс тапсырмалары мен тестілік сұрақтар қарастырылған, глоссарий берілген.

«Қаржы менеджменті» оқу құралы жоғары оқу орындарының экономикалық мамандықтарының студенттеріне арналған.

УДК 005 (075. 8)

ББК 65. 290-2 я 73

Баспаға «Тұран-Астана» университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған

ISBN 978-601-214-059-0

© Бұлақбай Ж. М., 2010

© «Тұран- Астана» университеті, 2010

Мазмұны

АлҒы сӨз . . .

I Бөлiм. Қаржы менеджментiнiң мазмұны, базалық тұжырымдамалары

1 ТАРАУ. Қаржы менеджментінің мазмұны

1. 1 Қаржы менеджментiнiң анықтамасы, экономикалық ғылымдар жүйесiндегi қаржы менеджментiнiң орны . . .

1. 2 Қаржы менеджментінің мақсаты, мiндеттерi және рөлi . . .

1. 3 Каржы менеджментiнiң қазiргi теориясының даму кезеңдерi . . .

1. 4 Қаржылық жоспарлау және бақылау каржы менеджментiнiң негiзгi функциялары ретiнде . . .

Бақылау сұрақтары . . .

СӨЖ тапсырмасы . . .

2 ТАРАУ. Қаржы менеджментінің базалық тұжырымдамалары және көрсеткiштерi

2. 1 Категорияларды анықтау: активтер, мiндеттемелер, капитал, табыстар, шығыстар, қаржы құралдары және тәуекелдер, бағалау әдiстерi, капитал тұжырымдамасы (халықаралық стандарттарға сәйкес) . . .

2. 2 Ақшаның уақытша құны, тәуекелдiк активтердiң құны . . .

2. 3 Актвитердi басқарудың тиiмдiлiк көрсеткiштерi- ROE, ROA, ROI . . .

2. 4 Келтiрiлген құн- PV, нарықтық қосылған құн - MVA, экономикалық қосылған құн - EVA . . .

2. 5 Шаруашылық қызметтiң қаржылық нәтижелерiнiң қорытындылау көрсеткiштерi-EBIT, EBT, NI (NOPAT), EPS, DPS, PPS . . .

Бақылау сұрақтары . . .

СӨЖ тапсырмасы . . .

3 Тарау. Тәуекел және табыстылық. Корпорациялық тәуекелдердi басқару

3. 1 Тәуекелдiктi анықтау, оның мәні мен мазмұны . . .

3. 2 Тәуекелдің сыныпталуы . . .

3. 3 Тәуекелді бағалау әдістері. Ықтималдықтарды бөлу және күтiлген табыстылық . . .

3. 4 Қаржылық тәуекелді басқару стратегиясы . . .

3. 5 Автономдық (жалпы) тәуекелдi нарықтық тәуекелмен салыстыру . . .

3. 6 Автономдық тәуекелдi талдау: оқшаулау қаралатын активтер . . .

3. 7 Нарықтық тәуекелдi талдау: портфельге қатысты активтер. Тиiмдi портфельдер . . .

3. 8 Корпорациялық тәукелдердiң типтерiн анықтау және бағалау . . .

Бақылау сұрақтары . . .

СӨЖ тапсырмасы . . .

4 ТАРАУ. Активтер портфелiн басқару

  1. Каржылық активтердiң табыстылығын бағалау үлгiсi (моделi) . . .
  2. Баға белгiлеу төрелiгi теориясы. Опциондарға баға белгiлеу теориясы . . .
  3. ß- коэффициенттiң тұжырымдамасы . . .
  4. Капитал рыногының сызығы. Бағалы қағаздар рыногының сызығы . . .

Бақылау сұрақтары . . .

СӨЖ тапсырмасы . . .

II Бөлiм. Капитал құрылымы және дивидендтiк саясат

5. ТАРАУ. Операциялық тұтқаның тиiмдiлiгі. Фирманың ағымдағы шығындарын басқару

5. 1 Шығындардың жiктелуi . . .

5. 2 Залалсыздықты талдау, залалсыздық нүктесiн сату бiрлiгiндегi және ақшалай түрiнде есептеу, жоспарлық операциялық пайда есебi . . .

5. 3 Операциялық тұтқа. Операциялық тұтқаның (DOL) күшi. DOL және залалсыздық нүктесi . . .

5. 4 DOLжәне iскерлiк (операциялық) тәуекел . . .

5. 5 Қаржылық беріктік қоры . . .

Бақылау сұрақтары . . .

СӨЖ тапсырмасы . . .

6 ТАРАУ. Қаржы тұтқасының тиiмдiлiгi. Қарыз қаражатын тарту саясаты

6. 1 Қаржы тұтқасы . . .

6. 2 Қаржы тұтқасының күшi (DFL) . DFL және қаржылық тәуекел . . .

6. 3 Фирманың жиынтық тәуекелi. Жиынтық (құрамдастырылған) тұтқа, жиынтық тұтқаның (DTL) күшi . . .

Бақылау сұрақтары . . .

СӨЖ тапсырмасы . . .

7 ТАРАУ. Капитал құрылымының теориясы: Модильяни - Миллер үлгiсi, ымыралы үлгiлер

7. 1 Капитал құрылымы түсінігі және капитал құрылымының тұжырымдамалары . . .

7. 2 Капитал құрылымының теориясы: Модильяни-Миллер үлгiлерi . . .

7. 3 Модильяни- Миллер үлгiсi мен Миллер үлгiсiн сынау . . .

7. 4 Капиталдың мақсатты құрылымы . . .

Бақылау сұрақтары . . .

СӨЖ тапсырмасы . . .

8 ТАРАУ. Дивидендтік саясатты басқару

8. 1 Дивидендтік саясат ұғымы . . .

8. 2 Инвестордың қалауы бойынша - дивидендтердi қалаудың үш теориясы . . .

8. 3 Корпорациялардың дивидендтерді төлеу саясаты . . .

8. 4 Тәжiрибеде дивидендтiк саясатты қалыптастыру . . .

8. 5 Дивидендтердi қайта инвестициялау жоспары . . .

Бақылау сұрақтары . . .

СӨЖ тапсырмасы . . .

III Бөлiм. Кәсiпорынның ұзақ мерзiмдi инвестициялық шешiмдер стратегиясы .

9 ТАРАУ. Капиталдың құны

9. 1 Капиталдың құны . . .

9. 2 Капиталдың құрамдас бөлiктерi және олардың құны . . .

9. 3 «Қарыз капиталы» деректемесiнiң құны . . .

9. 4 «Артықшылықты акциялар» деректемесiнiң құны . . .

9. 5 «Бөлiнбеген пайда» деректемесiнiң құнын бағалау әдiстерi. «Жаңа акциялар шығару» деректемесiнiң құны . . .

9. 6 Капиталдың орташа өлшенген құны . . .

9. 7 Капиталдың шектi құны . . .

Бақылау сұрақтары . . .

СӨЖ тапсырмасы . . .

10 тарау. Инвестициялық жобаларды талдау әдiстерi. Жоба тәуекелiн талдау

10. 1 Қаржылық салымдар бюджетiн қалыптастыру . . .

10. 2 Күрделi жұмсалым бюджетiн қалыптастыру кезiнде шешiмдер қабылдау критерийлерi: өтелiмдiлiк мерзiмi, табыстылық есебi, таза келтiрiлген тиiмдiлiк, iшкi табыстылық, рентабельдiлiк индексi, түрлендiрiлген iшкi табыстылық . . .

10. 3 Критерийлердi салыстыру. Болашақ шығындардың келтiрiлген құны . . .

Бақылау сұрақтары . . .

СӨЖ тапсырмасы . . .

11 ТАРАУ. Инвестициялық жобаның ақша ағындарын болжамдау

11. 1 Ақша ағындарын бағалау. Релевантты және релевантты емес ақша ағындарын анықтау . . .

11. 2 Ақша ағындарының сапырылыстығын бағалау . . .

11. 3 Жобаларды тоқтатудың қаржылық нәтижесi . . .

Бақылау сұрақтары . . .

СӨЖ тапсырмасы . . .

IV Бөлiм. Қаржылық жоспарлау және болжамдау

12 тарау. Бюджеттендiру

12. 1 Бюджеттердi жасаудың мақсаттары . . .

12. 2 Бюджеттердi қабылдаудың рәсiмдерi. Жоспарлы-аржы комиссиясы . . .

12. 3 Бюджеттендiрудiң кезеңдерi. Өнiмдердi шығаруға шек қоюшы факторларды анықтау. Бюджет дайындау… . . .

Бақылау сұрақтары . . .

СӨЖ тапсырмасы . . .

13 ТАРАУ. Ұзақ мерзiмдi қаржылық жоспарлау

13. 1 Стратегиялық және жедел жоспарлар . . .

13. 2 Қаржы жоспары . . .

13. 3 Өткiзу көлемiнiң көрсеткiштерiне байланысты үйлесiмдiк әдiстi қолдана отырып қаржыны жоспарлау. Сырттан қаржыландыру қажеттiгi деңгейiн анықтаушы факторлар . . .

13. 4 Қолайлы өсу қарқыны . . .

13. 5 Үйлесiмдi әдiс негiзiнде сату көлемi көрсеткiшетрiне байланысты жоспарлау тәсiлiнiң проблемалары . . .

Бақылау сұрақтары . . .

СӨЖ тапсырмасы . . .

V Бөлiм. Қаржы менеджментiнiң тактикасы

14 Тарау. Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттерін басқару

14. 1 Айналым капиталының маңызы, жіктелуі. Айналым капиталын ұйымдастыру қағидаттары . . .

14. 2 Айналым капиталына қажеттілікті анықтау, оған әсер етуші факторлар . . .

14. 3 Айналым каражаттарының көлемi мен қаржыландыру саласындағы стратегиялар . . .

11. 4 Айналым капиталын тиімді пайдалану көрсеткіштері . . .

Бақылау сұрақтары . . .

СӨЖ тапсырмасы . . .

15 Тарау. Ақша қаражаттарын басқару

15. 1 Ақша қаражаттарын басқарудың мақсаттары . . .

15. 2 Ақша қаражаттарының бюджетi . . .

15. 3 Ақша қаражаттарын басқарудың әдiстерi . . .

15. 4 Ақша қаражаттарының мақсатты қалдығын анықтау . . .

Бақылау сұрақтары . . .

СӨЖ тапсырмасы . . .

16 Тарау. Босалқы қорларды басқару

16. 1 Босалқы қорларды басқарудың мақсаттары . . .

16. 2 Босалқы қорларды басқару процесiнде қабылданатын негiзгi шешiмдер . . . Босалқы қорлармен байланысты шығындарды жiктеу . . .

16. 3 Босалқы қорларды бағалау және есебiн жүргiзу . . .

16. 4 Босалқы қорлар тапсырысының оңтайлы партиясының үлгiсi. Босалқы қорларды бақылау жүйесi . . .

Бақылау сұрақтары . . .

СӨЖ тапсырмасы . . .

17 тарау. Дебиторлық борышты басқару

17. 1. Дебиторлық борышты басқару . . .

17. 2. Дебиторлық борыштың жіктелуі . . .

17. 3 Несиелік саясат . . .

17. 4 Несие кезеңi мен несие қабiлеттiгi стандарттарын анықтау . . .

17. 5. Фирманың дебиторлық борышын талдау . . .

Бақылау сұрақтары . . .

СӨЖ тапсырмасы . . .

VI Бөлiм. Қаржы менеджментiнiң арнаулы тақырыптары .

18 тарау. Корпорацияларды қайта ұйымдастыру: қосылу, сатып алу, бөлшектеу, банкроттық және тарату

18. 1 Банкроттық ұғымы, белгілері мен қағидаттары . . .

18. 2 Фирманың кризистік жағдайының пайда болуы механизмы. Компания қызметінің кризисінің факторлары . . .

18. 3 Банкроттылық ықтималдығын болжау . . .

18. 4 Банкроттық нысандары: санация, қайта ұйымдастыру, келісімдер. Қайта ұйымдастыру әрекеттерінің түрлері мен оны жүргізудің реті . . .

Бақылау сұрақтары . . .

СӨЖ тапсырмасы . . .

19 тарау. Ұлтаралық корпорациялардағы қаржы менеджментi (қаржы менеджментiнiң халықаралық аспектiлерi)

  1. Ұлтаралық корпорациялар . . .
  2. Ұлтаралық корпорациялардағы қаржы менеджментiнiң ерекшiлiктерi . . .

Бақылау сұрақтары . . .

СӨЖ тапсырмасы . . .

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ ……… . . . ………

ГЛОССАРИЙ . . .

ӘДЕБИЕТТЕР . . .

9

10

14

17

20

22

22

23

30

37

40

42

44

44

46

46

49

53

56

56

58

58

59

60

61

63

67

67

72

72

73

74

76

77

78

79

79

80

83

83

84

84

86

94

99

100

102

102

104

107

108

116

118

119

119

121

123

128

131

132

134

135

136

136

137

138

142

143

143

145

146

147

149

149

150

150

151

155

155

156

157

159

161

165

166

167

168

176

182

184

186

186

186

189

193

196

201

202

203

206

208

211

214

217

218

220

223

225

228

228

231

231

232

234

236

237

239

239

240

242

242

243

244

281

288

Алғы сөз

Кәсіпорындарды басқаруда қаржы менеджментінің маңызы зор. Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлер мен аудиторлар мамандарына, қаржыландыру мен несиелеу бойынша мамандарға көп талаптар қойылады. Өйткені олар басқарушылық және қаржылық шешімдерді қабылдау үшін ақиқат ақпарат беруді қамтамасыз етуі тиіс. Есептік-аналитикалық және қаржылық қызмет жұмыскерлерінің жұмысының құндылығы олардың қаржылық мәселелерді шешуінде және туындаған жағдайларда дұрыс оперативтік шешімдер қабылдауында.

«Қаржы менеджменті» оқу құралының мақсаты - кәсіпорындағы қаржы менеджментінің ұғымдарын және басқарудың негізгі механиздерін игеру, базалық көрсеткіштердің практикалық есептеу машықтарын үйрену, ақша қаражаттарын болжау және басқаруды үйрету, фирманың және оның жеке өндірістік- шаруашылық буындарының қызметінің экономикалық әл-ауқатына жетудегі әдістері мен құралдарын қолдануды дарыту.

Қаржы менежментінің стратегиясы мен тактикасына негізделе отырып оқу құралы 6 бөлімнен, 19 тараудан құралған. Қаржы менеджерлері қызметі кәсіпорынның үлескерлерінің табыстылығын арттыруға бағытталуы тиіс, сонымен қатар, қаржы активтерін тиімді басқару, тәуекел мен табыстылықты анықтау, корпорациялық тіуекелді басқару, операциялық және қаржылық тұтқалардың әсерін анықтау, дивидендтік саясатты жүргізу, айналым капиталын басқару, ақаша ағындарын басқару, материалдық қорларды басқару, дебиторлық берешекті басқару, ұзақ мерзімді қаржыландыруды жоспарлау, инвестициялық жобаларды талдау, инвестициялық тәуекелдерді анықтау, корпорацияның қызметін қайта ұйымдастыруды жүргізу мәселелерін шешуге арналған.

«Қаржы менеджменті» - 050509-«Қаржы» мамандығының студенттерінің міндетті оқу пәні және өзге экономикалық мамандықтардың студенттері үшін ерекше пайдалы курс.

Қаржы менеджменті оқу пәнінің мазмұны кәсіпорындар қаржысын басқару процесіндегі теориялық білім мен талдаудың тәжірібелік негіздерін зерттеуге; қаржы ресурстарының оптималды қатынастарын табу мен негіздеу және олардың қалыптасу көздері мен орналасуын анықтауға; тиімді басқару шешімдерін қабылдаудағы негізгі тәсілдер мен критерийлерді игеруге бағытталған.

Студенттерге ұсынылған бұл оқу құралы кәсіпорынның қаржылық стратегиясы мен тактикасының механизмдерін түсінуге, қаржылық қатынастарын басқару мен бақылау, жоспарлау мен болжамдау әдістері мен қағидаларын тәжірибеде орынды қолдануға көмек көрсетеді.

I Бөлiм . Қаржы менеджментiнiң мазмұны , базалық тұжырымдамалары

1 ТАРАУ . Қаржы менеджментінің мазмұны

1. 1 Қаржы менеджментiнiң анықтамасы , экономикалық ғылымдар жүйесiндегi қаржы менеджментiнiң орны

Қаржы менеджменті - кәсіпорынның қаржылық ресурстарды қалыптастыру, бөлу және пайдаланумен және оның ақша-қаражаттары айналымын ұйымдастырумен байланысты басқару шешімдерін жасау және жүзеге асыру қағидалары мен әдістерінің жүйесі.

Менеджмент кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметі шеңберінде және коммерциялық ұйымдардағы әлеуметтік-экономикалық процестерді басқару формасы.

Қаржы менеджменті - кәсіпкерлік қызметін қаржыландыру процесін басқару нысаны. Қаржы менеджменті негізінен ақша ағыны мен айналым құралдарын басқаруға бағытталған. Алайда қаржылық менеджментті тек инвестициялык шешімдерді кабылдау туралы ғылым ретінде қарастыру дұрыс емес. Қаржы менеджменті - бұл ақша ағымдары, ақша ресурстары мен қаржылық қатынастарды ұйымдастыруды баскаратын ерекше жүйе.

Қаржы менеджментін әр түрлі нысаны бар интегралды құбылыс ретінде қарастыру керек.

Функционалдык тұрғыдан қарағанда қаржы менеджменті экономикалык басқару жүйесі мен қаржылық механизмнің бір бөлігі болып табылады.

Институционалды түрғыдан қарағанда қаржы менеджменті басқару органы болып табылады.

¥йымдык-кұқықтық тұрғыдан қарағанда қаржы менеджменті -бұл кәсіпкерлік қарекеттің бір түрі.

Қаржы менеджменті қаржылық ресурстар қозғалысы мен осы ресурстардың қозғалысы процесіндегі шаруашылық субъектілердің арасында пайда болатын қаржылық қарым-катынастарды басқаруға бағытталған. Сол себепті қаржы менеджменті өзіне стратегия мен тактиканы біріктіреді. Стратегия кәсіпорындағы жалпы ұзақ мерзімді бағыт пен қойылған мақсатқа жету үшін құралдарды қолданудың әдіс-тәсілі (бағдарламалар) болып табылады. Қойылған мақсатқа жеткеннен кейін стратегия бағыт пен мақсатқа жету құралы ретінде жойылады. Жана мақсат пайда болғаннан кейін жаңа стратегия қабылданады. Тактика - белгілі бір жағдайлардағы қойылған мақсатка жетудегі белгілі бір қысқа мерзімді әдіс-тәсілдер (бағдарламалар) .

Қаржы менеджменті басқару жүйесі ретінде екі кіші жүйеден құралады: басқару объектісі (басқарылатын жүйе), басқару субъектісі (басқаратын жүйе) .

Басқару субъектісі:

-қаржылық басқарудың ұйымдық құрылымы;

-қаржы бөлімінің кадрлары (бухгалтерлер, экономистер) ;

-қаржы құралдары;

-қаржылык әдістер;

-қаржылық бейнедегі ақпарат;

-қаржылық басқарудың техникалык құралдары.

Басқару объектісі:

-қаржы ресурстарының көздері;

-қаржы ресурстары; .

-қаржылық катынастар.

Қаржы менеджменті қаржылық ресурстарды тиімді басқару жүйесі шеңберінде қарастырылады, ол кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесінің ішкі жүйлерінің бастысы болып табылады. Кәсіпорында қаржыларды басқару жүйесінің қызмет ету кұрылымы мен процесі 1-ші суретте көрсетілген.

Басқарушы ішкіжүйе
Басқарушы ішкіжүйе: Қаржылық басқарудың ұйымдасты-рушылық құрылымы
Қаржылық басқару бөлімшесінің кадрлары
Қадрлық құралдар
Қаржы-лық әдістер
Қаржылық сипаттағы ақпараттар
Қаржылық басқарудың техникалық құралдары

Басқару процесі

Басқару объекті
Басқару объекті: Қаржылық ресурстар көздері
Қаржылық ресурстар
Қаржылық қарым-қатынастар

Ақшалай ағым

Ақпараттық ағым

Ақпараттық ағым Материалдық ағым

Ақшалай ағым

Ақпараттық ағым

Сурет 1- Шаруашылық жүргізуші субъектің қаржысын басқару жүйесінің құрылымы мен қызметінің процесі /1, б. 26/

Қаржылық басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы, және оның кадрлық құрылымы кәсіпорынның түрі мен оның жұмыс істеу саласына байланысты әр түрлі жасалуы мүмкін.

Қаржы менеджменті басқа да өндірістік және инвестициялық менеджментпен, қызметкерлерді басқарумен, маркетингпен, материалды ресурстарды сатып алу логистикасымен тығыз байланысты. Әр басқару шешімі қаржылық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалануға, кәсіпорындар мен мекемелердің ақшалай ағымдарына тікелей әсер етеді.

Қаржы менеджментінің функциялары басқарушы жүйе құрылымының қалыптасуын анықтайды. Қаржы менеджменттінің функцияларының негізгі екі типі бар: басқару объектісінің функциялары және баскару субъектісінің функциялары. Басқару объектісінің функциялары болып келесілер табылады: ақша айналымын ұйымдастыру, қаржылык құралдар мен инвестициялық құрал-жабдықтарды қамтамасыз ету, қаржылык қызметті ұйымдастыру жэне т. б. Басқару субъектісінің функцияларына: жоспарлау, болжамдау, ұйымдастыру, реттеу, координациялау, ынталандыру мен бақылау жатады.

Жоспарлау қаржы менеджментінде маңызды роль атқарады. өйткені белгілі бір бұйрық жасау үшін мақсатты қалыптастырып іс-әрекеттер бағдарламасын құрастыру керек. Ал бұл үшін қаржылық іс-әрекеттердің арнайы жоспары жасалады. Басқару функциясы - қаржылық жоспарлау -жоспарлы мақсаттарды құрастырудан бастап оларды жүзеге асырғанға дейінгі барлық іс-әрекеттер кешенін қамтиды.

Қаржы менеджментіндегі болжамдау - бұл объекттің қаржылық жағдайының өзгерісінің ұзақ мерзімді перспективаларын жасау. Болжамдау жоспарлауға қарағанда жасалған болжамдарды іс-жүзіне асыруды мақсат етіп коймайды. Бұл болжамдар сәйкесінше өзгерістерді алдын ала көру болып табылады.

Қаржы менеджментіндегі ұйымдастыру функциясы
белгілі бір процедуралар мен ережелер негізінде қаржылық
бағдарламаны бірге жүзеге асыратын адамдарды біріктіру болып
табылады.

Қаржы менеджментіндегі реттеу - бұл басқару объектісіне әсер ету. Бұл әсер ету арқылы белгіленген параметрлерден ауытқу пайда болған жағдайда қаржылық жүйенің тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

Қаржы менеджментіндегі коордициялау - бұл басқару жүйесінің барлық бөлімщелерінің, басқару аппараты мен мамандардың қызметінің үйлесімділігі.

Қаржы менеджментіндегі ынталандыру қаржылық служба қызметкерлерінің өз жұмыстарына деген қызығушылығын тудыру болып табылады.

Қаржы менеджментіндегі бақылау қаржылық қызметтің ұйымдастырылуын, қаржылық жоспарлардың орындалуын және т. б. тексеру болып табылады. Бақылау арқылы қолданылған қаржылық кұралдар мен объектінің қаржылық жағдайы туралы ақпарат жиналады, қосымша резервтер мен мүмкіндіктер ашылады, қаржылық бағдарламалар мен қаржылық менеджменттің ұйымдастырылуына өзгерістер енгізіледі.

Қаржы менеджментінің негізгі қағидаттары :

1. Кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесімен бірігуі. Басқару шешімі кәсіпорынның қандай сферасында қабылданса да ол ақша ағымдарының қалыптасуы мен қаржылық қызметтің нәтижесіне тікелей және жанама түрде әсер етеді. Қаржы менеджменті өндірістік, инновациялық менеджментпен, персонал менеджментімен тығыз байланысты. Бұл қаржы менеджментінің кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесімен бірігу қажеттілігін анықтайды

2. Басқару шешімдерін қалыптастырудың кешендік сипаты. Қабылданатын қаржылық және инвестициялық шешімдердің кешенді түрде болуына негізделеді. Қаржылық ресурстарды қалыптастыру, бөлу мен пайдалану және кәсіпорын-ның ақша айналымын ұйымдастыру саласынағы барлық баскару шешім-дері өзара байланысты және оның қаржылык қызметіне тікелей немесе жанама әсер етеді. Кейбір жағдайларда бұл әсер қарама-қарсы сипатта болуы мүмкін. Мысалы, табысы жоғары қаржылык инвестицияны жүзеге асыру өндірістік қызметті жүзеге асыруда тапшылык тудыруы мүмкін және соның салдарынан операциялық пайда мөлшерін айтарлықтай төмендетеді. Сондықтан, қаржы менеджменті әрбір кәсіпорынның қаржылық қызметінің жалпы нәтижесіне өз үлесін қосатын, өзара байланысты басқару шешімдерін жасауды қамтамасыз ететін кешенді басқару жүйесі ретінде қарастырылады.

3. Басқарудың жоғарғы динамикасы. Кәсіпорында жасалған тиімді басқару шешімдерінің өзі алдағы уақытта үнемі қайта пайдаланылуы мүмкін емес. Бұл сыртқы ортаның факторлары динамикасымен, алдымен қаржы нарығының коньюктураның өзгерісімен байланысты. Оның сыр-тында кәсіпорынның қызмет етуінің ішкі жағдайында да озгереді.

4. Кейбір басқару шешімдерін жасау көзқарастарының әртүрлілігі. Қаржы ресурстарын қалыптастыру және пайдалану сферасындағы әр басқару шешімі альтернативтік мүмкіндіктерді ескеруге тиіс. Басқару шешімдерінің альтернативтік жобалары болған жағдайда оларды таңдау кәсіпорынның қаржылық идеологиясын, қаржылық стратегиясьр немесе нақты қаржылық саясатты анықтайтын белгілер жүйесіне негізделуге тиіс. Ондай белгілер жүйесін кәсіпорындар өздері белгілейді.

5. Кәсіпорынды дамытудың стратегиялық мақсаттарына бейімделу. Басқару шешімдерінің кез келген жобасы қанша тиімді болса да э егер олар кәсіпорын қызметінің негізгі мақсатына, оны дамытудын стратегиялык бағыттарына қарама-қайшы келсе, олар ауытқуы тиіс.

6. Шешім қабылдаудағы тәуекелділік факторларын есептеу.

Қағидаттарды ескере отырып құрылған қаржы менеджмент кәсіпорынның өндірістік қызметінің өсімінің жоғарғы қарқынының ресурстық потенциалын қанағаттандыруға, меншікті қапиталдың тұрақты өсімін қамтамасыз етуге, тауар және қаржы нарықтарындағы бәсекелестік позициясын көтеруге, стратегиялык перспективадағы тұрақты экономикалык дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

1. 2 Қаржы менеджментінің мақсаты, мiндеттерi және рөлi

Қаржы менеджментінің мазмұны мен қағидаттарын ескере отырып, оның міндеттері мен мақсаттары қалыптасады.

Қаржы менеджментінің келесі мақсаттары анықталған :

- бәсекелестік күрес жағдайында фирманың түрақтылығы және қаржылық жағдайы;

- үлкен қаржылык қателіктерді болдырмау, банкроттыққа ұшырамау;

- фирманың экономикалық потенциалын шоғырландыру;

- өнім көлемі мен оны өткізуді арттыру;

- қызметтің рентабельділігін қамтамасыз ету.

Сонымен, қаржы менеджментінің негізгі мақсаты - тиімді қаржылык саясат көмегімен ағымдағы және келешектегі кезеңде кәсіпорын меншік иелерінің жағдайын жақсартуды қамтамасыз ету. Бұл мақсат кәсіпорынның нарықтық құнын көтеруді қамтамасыз етуде нақты көрінеді. Бірақ бұл бізде қалыптасқан пікірге қайшы келеді. Себебі, кәсіпорынның таза табысын арттырған кезде кәсіпорынның нарықтық құнын бірден көтеру үнемі мүмкін бола бермейді, ол ағымдағы тұтыну мақсатына толық жұмсалу мүмкін. Сөйтіп, кәсіпорын өзінің алдағы дамуы үшін меншікті қаржы ресурстарын қамтамасыз етудің негізгі қайнар көздерінен айырылады. Ал, дамыған кәсіпорындар нарықтағы өздерінің бәсекелестік позициясынан айырылады, ішкі қайнар көздер есебінен меншікті қайнар ресурстарын қалыптастьгру потенциалын қысқартады, ол онын нарықтық құнын қысқартуға әкеп соғады. Оның сыртында нарықтық тәуекелі жоғары болғанда және келешекте банкроттық қаупі төнген кезде кәсіпорынның таза табысының деңгейі өседі. Сондықтан, нарықтық жағдайында таза табысты көбейту қаржы менеджментінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Ішкі және сыртқы жағдайларға байланысты негізгі мақсаты фирманың келесі ішкі мақсаттарына бөлуге болады: банкроттық пен ірі қаржылық сәтсіздіктерден қорғану; бәсекелестермен күрестегі басымдылық; фирманын экономикалық потенциалының экономикалық өсімінің тұрақты қарқыны; өндіріс көлемін өсіру және оны жүзеге асыру; таза табысты (пайданы) көбейту, шығынды азайту; тиімді қызметпен қамтамасыз ету.

Қаржы менеджментінің негізгі мақсатын жүзеге асыру үшін келесі негізгі міндеттерді шешу қажет.

Алдағы уақытта кәсіпорынды дамыту міндеттеріне сәйкес қаржылық ресурстардың жеткшікті көлемімен қамтамасыз ету. Бұл міндет алдағы уақытта кәсіпорынның қаржы ресурсына жалпы қажеттілігін анықтау, ішкі қайнар көздер есебіне меншікті қаржы ресурстарын тарту қолемін көбейту, меншікті қаржы ресурстарын қалыптастыру мақсатын анықтау, қарыздық қаржы потенциалын қалыптастыру көздерін оңтайландыру жолымен жүзеге асырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық тәуекелдерді басқару
Қаржы тәуекелінің нарықтық экономикадағы мәні және оны басқарудың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі тәуекелді басқару процесін талдау
Компанияның қаржылық қызметінің жалпы тәуекелі
Банктердегі тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру және тәукелді бағалау әдістері
Несиелік тәуекелдерді басқару есебі
Несиелік тәуекелді басқару саясаты
Банктік тәуекелдердің Қазақстанның банктік жүйесінде қолданылуы мен басқарылуының теориялық аспектілерін анықтау және тәуекелдерді басқаруда шетелдік тәжірибе мен отандық тәжірибе
Қаржылық менеджер тәуекел
Қаржылық тәуекел
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz