КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ


Мазмұны:
Кіріспе . . . 4
І ТАРАУ. ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Кәсіпорындарда қаржыны қалыптастыру . . . 5
1. 2. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығына қаржының әсері. . 7
1. 3. Жаһандану жағдайындағы халықаралық қаржы нарығының дамуы . . . 14
II ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2. 1. Кәсіпорынның қаржылық қызметі жағдайын талдаудың ақпараттық негізі . . . 19
2. 2. «Кµжек» ЖАҚ-ның қаржылық жағдайы . . . 27
2. 3. « Кµжек » ЖАҚ тәжірибелік станциясы негізіндегі өндірістік қызметтің қаржылық жағдайы . . . 35
III ТАРАУ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ҚАРЖЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3. 1. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу . . . 45
3. 2. Қаржы нарығы және қор биржасы . . . 50
3. 3. Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы оның даму бағыты . . . 66
Қорытынды . . . 76
Пайдаланған әдебиеттер . . . 78
Қосымшалар . . . 80
КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор роль атқарады. Қаржы-нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясаты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі - қоғамдық өнімді болуымен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану мен байланысты болатын экономикалық қатынастар болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттелу объектісі - «Кµжек» ЖАҚ болып табылады. Онда кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші сыртқы факторлары, шаруашылық етудегі экономикалық жағдайы, тұтынушылардың табыс деңгейі және төлем қабілеттілігі, сыртқы экономикалық байланыстар және тағы басқалар кіреді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - нарықтық экономиака жағдайындағы өтелген қаржы нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ субъектінің болашақтағы ақша ағымдары мен және осы субъектіге сеніп тапсырылған ресурстармен міндеттемелерді бағалау үшін қажетті пайдалы ақпараттарды сипаттайды.
Дипломдық жұмыстың міндеті - қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысымен іс-әрекетін және оны қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтылы жағдайларында қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу болып табылады.
Диплом жұмысының құрылымы - үш тараудан, үш бөлімнен тұрады.
І ТАРАУ. ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Кәсіпорындарда қаржыны қалыптастыру.
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, комерциялық серіктестіктері және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытша өтеу үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді.
1-пайда болу орнына байланысты ішкі және сыртқы
2-нәтижесінің маңыздылығына байланысты-негізгі және негізгі емес
3-құрылысы бойынша-қарапайым және күрделі
4-әрекет ету уақыты бойынша-тұрақты және уақытша
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілетінің кепілі болып табылатынын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Қаржылық жағдайды талдау үшін қаржылық тұрақтылықты білген жөн және оған мыналар жатады:
-кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау
-кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық динамикасын талдау
-кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау
-баланс өтімділігін талдау
- кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау
1. 2. Қазақстан Республикасының қаржылық
тұрақтылығына қаржының әсері.
Валюталық либерализация режимі, банктік сектордың және ҚР ұлттық банкісінің жалпылама тенденциясының мемлекеттік қаржылық секторының функционалдануына аз араласуы макроэкономикалық жағдайдың және мемлекеттегі қаржылық тұрақтандыруға әсер ету сұрағын тудырады.
Қаржылық либералдыққа кірген көптеген дамыған елдер қаржылық және валюталық күйзеліс түріндегі нағыз шоктардың пайда болуын көрсетеді. Бірақ ауқымды болып табылатын процесс және әлемдік қаржы жүйесіне жетудің алдын-ала ойластырылған стратегиясы күшті реформалардың басты элементі болады.
Каменски және Шмуклерге (дамыған және дамушы елдерге) арналған 1977-2001 жылдарға арналған қаржылық либерализация индексі 1-кестеде көрсетілген. Орташа көлемдегі бұл индекс әр мемлекетке арналған негізгі ұлттық қаржылық сектор мен нарықтығы бағалы қағаздардың либералдық көрсеткіштерін агрегаттайды. Белгіленген индекс бірден үшке дейін өзгереді. Мұндағы
1-толықтай либералдалған қаржы жүйесі
3-толықтай кепілделген қаржы жүйесі
1-кестеден көріп отырғанымыз: дамыған қаржы нарығы дамытушыларға қарағанда аз реттеледі. Дамыған елдер индексі орташа есеппен 1, 7-ні, ал дамушы елдер индексі орташа есеппен 2, 3-ті көрсетеді. 2001 жылдан бастап индекстік либерализация шектеулерінің либерализация индексі едәуір төмендеді: 2, 5-дамыған елдерде және 2, 9-дамушы елдерде. Сонымен қатар осы кестеден біз 1984 жылы дамыған елдердегі қаржылық дағдарыс кезеңдерін көре аламыз.
Негізгі және капиталдың жүруімен байланысты либерализацияны көріп (2), 1984 жылға дейін дамыған және дамушы елдерде де бақылау деңгейлерінің айрықшалықтарын атап кетуге болады. 1973 жылға дейін негізгі есептер либерализациясының айрықшалануы байқалады. Алайда 2- кесте көрсетіп отырғандай, либералдық реформалар өте қысқа мерзімді және дамушы елдерге бақылау 1984 жылдың ортасына қарай жаңарады.
Бұл көрсеткіштер тек әр түрлі қаржылық шарттардағы механизм мінезі өзгеруі кезінде ғана емес, сонымен қатар осы шарттарды қаржылық институттардың қабылдауы кезінде, қаржылық либерализация жағдайындағы дамушы елдер өзгеріске ұшырағанда да болады.
Қатаң бақыланатын қаржылық жүйеде несие пайыздық мөлшері бар банктерге максималды шектеулер белгіленген, яғни банктерге сый-ақылар сыртынан жоғары тәуелділік үшін ақылар алуды болдыртпайды. Сол сбептен жоғары дәрежелі тәуелділігі бар салымшылар банктер үшін қызықсыз болды. Ал қаржылық либерализация процесінде бұндай шектеулер қойылмайды, яғни жоғары сый-ақы үшін банктер тәуелді жобаларды қаржыландырады. Бұл жерде қаржылық либерализацияның ерекшелігі-жоғары рентабельді және жоғары дәрежелі тәуелділігі бар жобаларды қаржыландыруында. Кейбір банктер жоғары дәрежелі тәуелділігі бар несиелерді несиелік қоржынжы максималды түрде диверсификациялау арқылы жүргізіледі.
Бірақ бұл шара барлық жағдайда тиімді емес, мысалы: егер экономикада кең масштабты шоктар болса. Банктік несиелік қоржынның тәуекелділігін басқаруда қызмет көрсетуші құрамның ерекше біліктілігі мен тәжірибесі керек. Олар қатаң бақылаулы қаржылық мүмкін. Тәуекелді инвестициялық жобаларды бағалау және оларға мониторингтегі сияқты жоғары біліктілікті қажет етеді, яғни бұндай біліктілік мемлекеттік несиелерді беру көптеген жылдар бойы басты жұмысы болып табылатын банктік жүйеде болмауы мүмкін.
Пайыздық мөлшерлемелері нарықпеен анықталатын либералдық қаржы жүйесінде номиналдық пайыз мөлшері бақылаулы жүйеге қарағанда көбірек құбылмалы (2) .
Банк функциясының бірі-ұзақ мерзімді активтерде қысқа мерзімді пассивтерді көшіру жолымен қаржылық, ал бұл дегеніміз-банктерге номиналды пайыз мөлшерлемесін көбейту тәуелділігін жоғарылату. Ал егер банктер валантильді пайыз мөлшерлемесі ортасында болса, олардың іскерліктері өте әлсіз болады. Оның сыртындағ егер қаржылық либерализация процесі банкаралық нарықтық дамудың дамымауында орталық банк көмегі тимесе, банктер уақытша өтімділік қаражаттарының жетіспеушілігін сезінулері мүмкін. Бір банктің өтімділік проблемалары басқаларына ауысып кейде, бұл толық ақпаратты білмеген салымшылар арасында күдік туғызады.
Либерализация банктерге тәуекелді жобаларды қаржыландыруға рұқсат беретіндіктен, несие беру тәуекелділігін алдын-ала бағалайтын әрбір механизм қауіпті болады. Мысалы: тікелей және жанама мемлекеттік салымшыларға беретін кепілдемелеі моральдық тәуекелділікті жоғарылатады. Моральдық тәуекелділік “тиімді нарықтар теориясының” бөлігі болып табылады. Бұл теория бойынша қаржы нарығындағы мәліметтер негізінен ассиметриялы, яғни қаржы шартының бір жағы беретін мәліметтер көлемі екіншісіне қарағанда аз болады.
Мәліметтер берудегі бұндай алшақтықтар қиындықтарға әкелуі мүмкін, академиялық әдебиеттерде оларды “қолайсыз таңдау”, “моральды тәукелділік” және “таптың іс әрекеті” деп атайды. Бұндай ассиметриялар тиімсіз қаржылық нарыққа, ал кейде эектремалды жағдайда тіпті үлкен қаржылық дағдарысқа әкелуі мүмкін.
Қазақстанда нақты ЖҰӨ және банктік несиелердің динамикасы
1 кестеден көріп отырғанымыз: елдегі экономикалық және ЖҰӨ-нің нақты тұрақты бағамына қарамастан Қазақстанның банктік секторының несие беру бағамының едәуір өсуін байқаймыз, яғни 2000 жылы 37, 8%-дан 2004 жылы 45, 5%-ға дейін. 2003 жылы 60%-ға жуық несиелер индустриялы кәсіпорындар мен сауда орындарына, ал 10-12% ауыл шаруашылықтарына берілген. Өздерінің ірі корпоративтік салымшыларынан айырылған үлкен банктердің араласуымен шағын және орта бизнеске несие көбейді.
Экономикада несиелер бағамымен бірге әр түрлі проблемалар да көбейді, әсіресе, банктер несиелерді жаңа кәсіпкерліктерге кептеп бере бастағанда макроэкономикалық шоктар екінші деңгейдегі банктердің несиелік қоржын сапасын жақсартуы мүмкін.
Тағы бір факторы-моральді көтеретін банктік лицензиялармен іс-әрекеттерді тым өз қалауынша қолдану. Бұндай жағдай банкирлер жоғары табыс ала алмағанда және банк салымшыларының қаражаттарын өз қалауынша қолданғанда пайда болады. Мүмкін пайыз мөлшері максималды деңгейлерінің арқасында банктік нарыққа кіру шектеулілігінде банктік тұрақты бөлу мен несие қоржынының тәуекелділігімен күресуге тырысты.
Депозиттерден пайыз максималды деңгейінің алынуы және банктік жүйеге кіруге кедергілердің азаюы банктер арасында бәсекелестікті жоғарылатады, яғни осы банктердің табысы азаяды.
Бұл проблемалардың Қазақстандағы банктік секторлардың алдындағы қиын мәселелер емес.
Қазақстанда банктік байлықтар дәрежесінің динамикасы
2 кесте көрсеткендей, акционерлік капиталда белгілі бір жоғары табыстың немесе оның күрт төмендеуі байқалмайды.
Нарықтың үлкен шығармалары жергілікті банктердің күштерін атап өтеді.
Банктердің төлем қабілеттері жоқ болса банктік лицензиядан айырылу азаяды да, жоғары тәуелділігі бар жобаларды қаржыландыру керісінше көбейеді. Егерде бұндай мотивацияларға бақылауларды жасырын түрде актілер және тексерулер мен жасамаса, моральді тәуекелділік банктер дағдарысынң бастауы болады. “Топтың іс-әрекеті” және “қолайсыз таңдау” проблемалары, сол сияқты “тиімді нарық теорияларына” сәйкес қаржылық дағдарыстың пайда болуына әкеледі.
Либерацияланған қаржы делдандары енді ғана жаңа тәуекелділігіне, валюта түріндегі несие жолдарымен халықаралық нарықта және жергілікті жерлерде несиелер беруге тап болды. Валютаның тәуекелділік несиелік тәуекелділікке ауысуы мүмкін, ал бұл дегеніміз банктік дағдарыс пайда болады.
Бірер уақыттан соң мемлекетте қаржылық тұрақтылыққа қорқыныш туады да, ішкі және сыртқы либерализациялардың механизмдері теңестіріледі. Банктер мен қаржы түгелдей бағалау және тәуекелділігі бар инвестицияларды қадағалау арқылы табысты көбейтудің жаңа мүмкіндіктерін ала отырып, либерализация бұндай мүмкіншіліктерді қолайсыз қолданудың тәуекелділігін жоғарылатады. Түрлі экономистер мынадай тұжырымдамаларға келеді: проблема қаржылық либерализацияның өзінде емес, керісінше либерализацияның болуымен қаржы секторларында төменгі деңгейлі басқару мен қолайсыз пруденцияалды реттеуде.
Сол себептен ішкі либерализация көбінесе үлкен тәуелділіктерге әкеле отырып, банктік және қаржылық секторларға жаңа мүмкіншіліктер ашылады. Белгілі бір бақылау және қадағалау жүргізілмесе, тәуекелділік дағдарысқа әкеледі. Шектеулер алынып тасталғандықтан көбінесе мемлекет жоғары әсерлік жағдайларын құра отырып, капитал ағысында жаңа тенденциялар пайда болады және көбейеді.
Көп аналитиктер қаржылық дағдарыстар сапасында сыртқы факторлардың сәйкестендірілуін атап өтеді. Жағдай капиталдың валлантильді ағыстарының болуынан құриды. Мысалға Мексика дағдарысы 1984 жылы алдыңғы бірнеше жылдар бұрын қаржылық ағыстар кезеңінде пайда болатын шоктар мен ішкі макроэкономикалық дисбаланстарының сәйкестігімен анықталады.
Алайда 1998-1999 жылдары салымшылар АҚШ доллары түріндегі баланстар мен қысқа мерзімде жиналған үлкен қарыздарға зарар дағдарыс себептері болып табылады. Оның сыртында, қаржылық сектордың күрт үлкеюі банктердің төменгі сапалы несиелік қоржынға және ұлттық валютаның құнсыздануына әкеледі.
Қаржылық шектеулерді қолданатын макроэкономика саясаты шекарадан өтетін жалпы саясаттық жолдың бөлігі болуы мүмкін. Қаржылық либерализация мемлекетті реформалайтын істердің бірі болса, либерализация қолданылатын жағдайларға байланысты әр түрлі әсерлер жасайды. Көп экономистердің зерттеулері бойынша қаржы либерализациясының жағымсыз әсері, негізінен институционалды базасы әлсіз дамыған мемлекеттерге банктік реттеу мен тексеру де кең тараған коррупция және тұтастай алғанда “жинақтылық және заңдылық” деңгейлерінің әлсіздігіне әкелді. Бұл зерттеу бойынша либерализация басты себеп болуы шарт емес, ол қаржылық шектеулерде және олар өзгертілгенде әсері білінбейтін факторлармен сәйкестендірілгенде қауіп туады.
Қаржылық тұрақтылық макроэкономикалық тұрақтылықты, құрылымдық саясаттың дұрыстығын және мықты әрі тиімді қаржылық мектроды құру жағдайын қажетсінеді. Құрылымдық саясат өзіне қаржылық нарықтық және институттардың дамуын, пруденцяиалды реттеу мен бақылауды, тәуелділікті реттеуді, бухгалтерлік есептермен аудиттердің халықаралық стандартқа сәйкес келуін қосады.
Көп жағдайларда қаржылық кепілденген экономика либерализациясы капиталдың тез ағысын шақырады.
Сонымен, қаржылық либерализация банктер мен басқа да қаржыны көп дербес бере отырып, олардың тәуекелділігі бар шешімдердің мүмкіншіліктерін жоғарылатады.
1. 3. Жаһандану жағдайындағы халықаралық
қаржы нарығының дамуы.
Қаржы нарығының ішінде көптеген түрлі нарықтар бар. Халықаралық қаржы жүйесін қарастыра отырып, тікелей инвесторлар мен қоржынды инвесторлар арасында, банктер мен халықаралық институттар арасында айырмашылықтар жасаған жөн. Тікелей инвесторлар тек банк салымшыларының алдында ғана басты рөльді алады. Қоржынды инвесторларға келсек, оларды басқа адамдардың ақшасын өз қалауынша жұмсайтын институционалды инвесторлар, хеджерлі фондтар, инвестицияланатын несие қаражаттары және тікелей жеке инвесторлар деп бөлуге болады.
Институционалды инвесторлар өздерінің көрсеткіштерін сәкестендіріп, жалпы тенденцияға сүйенеді. Олар өз активтерін түрлі ұлттық банктерге бөледі; егер қандайда бір нарықта жоғары бағам байқалса, инвесторлар оның үлесін көтеру керек және керісінше. Осы факторлар дағдарысқа әкелуде еш рөлді ойнамайды. Инвесторлар құрылған нарық фондтарынан аз қаражат ала отырып, осы фондтарды бағалы қағаздарын сатуға мәжбүрлейді. Несие қаражаттарымен операцияларда хеджерлі фондттар және басқа да институттар сондай рөл атқарады.
Хеджерлі фондтарға қарағанда валюта нарығында банктер негізгі рөлді атқарады. Хеджерлі фондтар, әдетінше, салыстырмалы емес абсолютті нәтижелермен айналысады. Мысалы 1997 жылдың қаңтарында тайландтік бат “қысқа түрде” сатып, Quantum фондтары мынадай сигнал берді: бат курсы жоғары. Егер үкімет дұрыс түсінсе, жаңа шарттарға икемделу қиын болмас еді. Іс жүзінде үкімет түзетулерге қарсы тұрды, яғни дағдарыс катастрофалық түрде болды. Мәліметтерді зерттеп, валюта бағамы тәуелсіз мемлекет валюта саудасын қатаң бағалаған елдерге қарағанда валюталық дағдарыста түсініспеушіліктен көп зардап шекті. Тайланд Мамайзияға қарағанда ашық, сондықтан Тайландта экономикалық өрлеу төмен болды: Гонконгтің банктік және қаржылық жүйесі мықты болғанымен, Қытай оған қарағанда дағдарысқа аз ұшырады.
Әр елде өзінің банктік жүйесі мен оны реттеу органдары бар. Олар бір-бірімен халықаралық банктік жүйе құрады Жүйе орталығындағы кейбір банктер халықаралық операциялармен айналысады, оларды халықаралық банктер дейді. Гонконг пен Сингапурде үлкен банктер халықаралық қатарға кіреді. Жапонияның, одан соң кореялық банктер де катасрофалық шешіммен халықаралық операцияларға қосылды. Күтілген қайтарымсыз қаражаттар бағасы тек бір Азияның өзінде 2 триллион долларға тең болды.
3 кесте
Жапония және Азия мемлекеттерінде қайтарымсыз қаражаттар көлемінің бағалануы
Бағасы,
АҚШ доллар
Халықаралық және ұлттық банктер бір-бірімен несиелік жолдармен байланысады. Несиелер доллар және басқа да қатты валюта түрінде болады. Долларға ұқсайтын валюталары бар мемлекеттердің ұлттық банктері мен несиелерді осы сәйкестік қалады деп болжаған. Көбіне олар валюталық тәуекелділікті хеджерлеумен айналысты. Долларға сәйкестік құлаған соң олар көптеген жабылмаған тәуекелділіктерімен қалғаннан кейін жолдар іздей бастады, несие берушілер балансы күрт түсіп кетті, әлсіз компаниялар одан да көп зардап шекті. Сөйтіп, валюталық тәуекелділікпен бірге несие берушілердің шектеулері бар несиелік тәуекелділіктері күр пайда болды. Бұл жағдай 1997 жолдың маусымынан 1998 жылдың тамызының аяғына дейін тайланд валютасының 42%-ға құнсыздалуына және ұлттық валюта түріндегі тайланды акцияларының 59%-ға түсуіне әкелді.
Үрей көршілес мемлекеттердің қаржы нарықтарына да тарады. Дағдарысқа ұшыраған кейбір мемлекеттер балансы ауыр жағдайда болмағанымен, одан ештеңе өзгермеді. Мамайзияның экономикасы ақша-несие жағдайы негізнен іште жүрді, ал сауда жетіспеушілігі белгілі бір деңгейде болды. Инданезия экономикасының негізі едәуір мықты болды, оның ең басты проблемасы Корея Жапония банктерінен үлкен көлемде несие алуында болды. Өйткені, ол мемлекеттердің өздері ауыр жағдайда болды да, несие беруді тоқтатты. Ганконг банктерімен жұмыс істеген халықаралық банктер өздері күтпеген несиелік тәуекелділікке ұшырады: пайыздық своптарға компенсациялық келісімге отырғанда, сома екі жаққа бірдей болады деп есептелген, алайда пайыздық мөлшерлеме өзгергенде олар ганконктік серіктестіктерге қарағанда көп сома төлеулері керек екенін түсінді. Сондықтан олар байланыстарын тоқтата құрды. Кореяда несие тәуекелділігі одан да қиын проблемаға айналды, себебі банктер өз қарыздарын толық қайтаруға мүмкіншіліктері болмады. Түсініспеушіліктердің басты себебі-валюта курстарының сәйкессіздіктері болды. Оңтүстік шығыс Азия мемлекеттері өз валюталарын АҚШ долларына сәйкестендіруге келісті. Бұл доллар тұрақтылығы жергілікті фирмалар мен банктердің несие алуды және хаттауды хеджерлемей-ақ доллар түрінде пайдалануға итермелейді. Осыдан банктер ақшаны азайтты немесе түрлі жобаларға салды. Бұл банктерге доллар тұрақты болғанда қауіпсіздік ақша табу көзі болды. Бірақ жүйе бір жағынан 1996 жылы Қытай валютасының курсы төмендеуінен, екінші жағынан доллар курсының иенге қатынасынан өзгерді.
Континенттік және аймақтық қаржы нарығы, әлемдік экономика ауқымдылығына қарамастан, операция масштабы және қаржы құралдары болып ажыратылады. Келесі қаржылық нарықтарды аймақтық белгілері бойынша көруге болады.
Қаржылық нарықты бағалау ғылыми болжау түрінде жасалады. Бұл бағалау қаржы нарығының экономикалық дамуын мінездейді. Біз әлемдік қаржы нарығы жүйесінің бөлігіміз. Жүйе капиталдың түріне және әлемдік қаржы нарығының тез өсуіне әкелді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz