Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржы және қаржы жүйесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржы және қаржы жүйесі
Қаржы (қолма - қол ақша, табыс ұғымын білдіретін орта ғасырдағы
латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың financе сөзінен
шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық
арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары
мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды
қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық
категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі
тауар - ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып дамыды және мемлекеттің
және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау
қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы Республика туралы алты кітап
деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж.Боденге қалдыруға болады.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар - ақша қатынастарын қамту
сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық
құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен
ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Қаржы ғылымы ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда
болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша
қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Қаржы ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты
болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар - ақша
қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық
экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша
айналымын - ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Экономиканың жұмыс істеуінің нарық жағдайында мемлекет тауар - ақша
қатынастарын әлде қайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуіш
тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы
болып табылады.
Қаржы - ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі ол
әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістік түрлі
субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастары емес, тек айрықша ақша
қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалык
қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да
айырмашылығы бар. Ақша - бұл ең алдымен ассоциацияландырылған
өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы -
жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық
тетігі ақша қорларын жасау мен пайдаланүға бақылау жасаудың құралы. Ол
өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта
болады.
Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық
категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.
Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші
стадияларында - бөлуде және айырбастауда болады.
Екінші стадияда ақша нысанындағы құнның қозғалысы тауарлардың
қозғалысынан және оның шеттелуімен (бір иеленушілерден басқа иеленушілерге
өтуімен) немесе құнның әр бөлігінің мақсатты оқшаулануымен (бір иеленушінің
шеңберінде) сипатталады. Үшінші стадияда бөлінген құн (ақша нысанындағы
тауар нысанына айырбасталады). Бұл жерде құнның өзінің шеттетілуі болмайды.
Сөйтіп ұдайы өндірістің екінші стадиясында құнның ақша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұдайы өндірістік тұжырымдамасын жақтаушылар
Қаржының функциялары және рөлі
Қаржының қазақстан экономикасындағы рөлі
Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәні
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі
Қаржының мәнi, функциялары және ролi.
«Қоғамдық ұдайы өндірістегі ақшаның мәні, функциялары және рөлі»
Нарықтың түрлері, құрылымы және мәні
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі жайында
Қаржы пəн бойынша сырттай оқу нысанында оқитын студенттерге өзіндік жұмыстарды орындауға арналған əдістемелік нұсқасы
Пәндер