Қалдықтарды жою ережелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қалдықтарды жою ережелері

Мазмұны

Кіріспе 3

1 ҚАЛДЫҚТАР ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ТҮСІНІК 5
1.1 Қалдықтардың қалыптасуы 5
1.2 Қауіпі қалдықтардың трасншекаралық тасмалдауы 7
1.3 Қалдықтарды қайта өңдеу және қайталама қолдану 9

2 ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖОЮ ЕРЕЖЕЛЕРІ 12
2.1 Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату және жою қағидалары 12
2.2 Медициналық қалдықтар 14
2.3 Тұрмыстық қалдықтар 16

Қорытынды 19
Пайдаланылған әдебиеттер 21

Кіріспе

Қазірде әр мемлекеттің негізгі проблемаларының қатарында экология
мәселесі ең өзекті тақырыптардың біріне айналып отыр. Әсіресе, Қазақстан
Республикасы үшін бұл маңызды проблема. Себебі, халықтың тұрмыстық әл-
ауқаты жақсарғанымен, халықтың әлі де болса денсаулығы зардап шегуде. Соның
негізгі себептерінің бірі, жер қойнауын пайдалану кезінде және өндіріс
орындарының өнім шығарған кезінде экологиялық талаптарды дұрыс орындалмау
салдарынан туындап отыр. Қоршаған орта тазалығының қолайлы болуы – халықтың
денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығы үшін байланысты. Қазақстан
Республикасының территориясында қазіргі таңда 30 миллиард қалдық жатыр.
Оның 6,7 миллиарды улы, 5 миллиарды тау-кен өндірісінің үйінділері. Олардың
қатарына бүгінде Ақтөбедегі хром, Павлодардағы титан қалдықтарымен
толығуда. Ал Қызылорда облысы бойынша атмосфералық ауада азот диоксидінің
мөлшерден көп болуына байланысты, атмосфералық ауада қалдық мөлшері
кездеседі.(1(
Осы мәселе негізінде мемлекеттік органдардың қалдықтармен жұмыс істеу
және оларды бақылау қызметін жүзеге асыруда қазір ғалымдар арасында
көптеген даулы мәселе болып тұр. Жалпы көптеген елдерде қалдықтармен жұмыс
істеуді ретке келтіріп отыратын заң қабылданған. Америкада, Еуропа мен
Ресейде осындай құжаттар бар. Қалдықтарды орналастыру-мемлекеттік
органдардың негізгі қызметтерінің бірі. Қалдықтармен жұмыс істеуді
мемлекеттік бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган,
санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары және өз
құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Бұл
мемлекеттік органдардың функциясына мыналар кіреді: қалдықтармен жұмыс
істеуді мемлекеттік бақылау, қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы
экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өзге де талаптардың
орындалуын бақылау, қалдықтарды халықаралық тасымалдауға қойылатын
талаптардың сақталуын бақылау, қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі
қызметті жүзеге асыру шарттарының сақталуын бақылау, қалдықтармен жұмыс
істеу кезінде туындайтын төтенше жағдайлардың алдын-алуға және жоюға
қойылатын талаптардың сақталуын бақылау, қалдықтарды тасымалдау талаптары
мен ережелерінің сақталуын бақылау, қалдықтардың санын азайту және
қалдықтарды қосымша шикізат көзі ретінде шаруашылық айналымға тарту
жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау, қалдықтармен жұмыс істеу
саласындағы заңдарын бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдануын бақылауды
қамтиды.(2(
Кеңес өкіметі ыдырап кеткенен кейін тау-кен байлықтарына жекелеген
компаниялар ие болып, онда жұмыс істеп жатқан шетелдік компания мен Отандық
кәсіпорындар тек қана мол пайда табуды ойлады. Олар өнім құрамындағы
қалдықтар негіздерін анықтап, оны өркениетті елдердегі сияқты қалдықсыз
өндіруге қауқарсыз.
Статистика мәліметтеріне қарасақ, бүгінде елімізде жиналып, қалған
қалдықтардың он пайызы ғана өңделеді, ал 90 пайызы сол күйінде екен.(3(
Еліміз қалдықтарға қатысты халықаралық шарттарға қол қойған. Соған
қарамастан, әлі күнге дейін қалдықтармен жұмыс істейтін мемлекеттік басқару
жүйесі жасақталмай келеді.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – қалдықтарды жою ережелерін
анықтау, оларға талдау жасау. Қойылған мақсатқа орай, мынадай міндеттерді
алдыма қойдым:
– қалдықтар туралы негізгі түсінік беру;
– қалдықтардың қалыптасуы жайлы ақпарат жинастыру;
– қауіпі қалдықтардың трасншекаралық тасмалдауын зерттеу;
– қалдықтарды қайта өңдеу және қайталама қолдану мәселесіне тоқталу;
– биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату және жою қағидаларын талдау;
– медициналық қалдықтарды жою мәселесін зерделеу;
– тұрмыстық қалдықтардың қазіргі көрсеткіштерін анықтау және оларды
жою мәселесіне көңіл бөлу.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды
және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.

1 ҚАЛДЫҚТАР ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ТҮСІНІК
1.1 Қалдықтардың қалыптасуы

Қоршаған табиғи ортаның сапасының нашарлауына қатысты өзекті
мәселелердің бiр боп қалдықтарды ұтымсыз, экологиялық қауiптi және
ұйымдаспай орналастыруы табылады.
Қалдықтардың өндiрiсi дәл қазiргі кезде бүкiл әлемде өсуде және
олардың қайта өңдеу, полигондар мен қоқыс тастайтын жерлерде
залансыздандыру және сақтауың озуда. Қалдықтарының ары қарай жинақталуы
тұрғындар үшiн соңдай-ақ қоршаған орта үшiн қатерлі жағымсыз салдарымен
кәдік. Сондықтан өндiрiс қалдықтардың қысқарту, орналастыру, сақтау мен
жерлеу, қайта өңдеу және пайдалану бойынша сұрақтарға үлкен ықылас бiлдiру
қажет.
Қоғамды қоршаған орта жағдайы және қалдықтардың пайда болуы және
жойылуы бөлiгiнде қорғау туралы хабарландыру мақсатында келесi негiзгi
көрсеткiштерді қарастыру және жариялау қажет:
- қалдықтардың пайда болуы;
- қауыпты қалдықтарды трансшекаралық тасмалдауы;
- қалдықтарды қайта өңдеу және қайталама қолдану;
- қалдықтарды мүлде жою.
Табиғи ресурстарды рационалды және тиімді пайдалану тұрақты дамудың
маңызды элементі болып табылады. Қалдықтар – бұл материалдық және
энергетикалық ресурстардың едәуір ысырабы. Қалыптасқан қалдықтарды өңдеу
және алып тастау қоршаған ортаның ластануына және адамдарға зиянды
заттардың және инфекциялық ағзалардың әсер етуіне себеп болуы мүмкін.
Қалдықтардың қалыптасу көрсеткіші елдегі экономикалық белсенділік
деңгейімен тығыз байланысты және қоғамда қалыптасқан өндірістің және
тұтынудың құрылымын көрсетеді. Қалдықтардың қалыптасу көлемінің қысқаруы
экономика секторларының өндірістің және тұтынудың материал сыйымдылығы
аздау құрылымдарға жақындау көрсеткіші қызметін атқарады.
Халықаралық келісімдер
Жақтар Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау және оларды жоюды
қадағалау туралы 1989 жылғы Базель конвенциясымен қауіпті және басқа
қалдықтардың (соның ішінде шаруашылық қалдықтар) қалыптасуын
минимизациялауды қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін қадамдар жасауға шешім
қабылдады. XXI ғасырға арналған жалпы мақсаттарға қатысты күн тәртібіндегі
20 тарауда анағұрлым таза өндіріс жалпы кешенді стратегия шеңберінде
қауіпті қалдықтардың қалыптасуын болдырмау немесе минимумға жеткізу
бойынша мәселесі қаралды.
Көрсеткішті қалыптастыру бойынша ұсынымдар
Көрсеткіш елде қалыптасатын қалдықтардың көлемін көрсетеді, сондай-ақ
ЖІӨ бірлігіне және экономикалық қызмет түрлері (өнеркәсіптік және қатты
шаруашылық қалдықтары) бөлінісінде және зиянды әсері (қауіпті қалдықтар)
бойынша қалдықтардың жалпы көлемін көрсетеді. Тоннада өлшенеді.
Қалдықтардың қалыптасуының жалпы көлемінің интенсивтілігі тұрақты
бағалардағы ЖІӨ бірлігіне килограммен көрсетіледі, ал қатты шаруашылық
қалдықтардың қалыптасу итенсивтілігі халықтың жан басына шаққандағы кг
немесе м3 өлшенеді. Осы көрсеткіш қалыптасқан қатты шаруашылық қалдықтардың
бірлігінде көрсетілген (кг) өндірілетін өнімнің бірлігіне (тонна, кВт-сағат
және т.б.) көрсетілуі мүмкін.
Қалдықтар ұғымын анықтау түрлендіріледі. Базель конвенциясы
қалдықтардың ұлттық заңнаманың ережеге сәйкес жойылатын немесе жойылуға
тиіс заттарды немесе пәндерді білдіретін анықтаманы береді.
Негізінен қалдықтар деп өндіріс, қайта өңдеу немесе тұтыну мақсаттары
үшін одан әрі пайдалануға жоспарланбайтын және жойылатын немесе жойылуға
жоспарланған немесе жойылуға міндетті алғашқы өнім (нарық үшін өндірілетін
өнімдер) болып табылатын материалдарды айтуға болады.
Оларға тiкелей өздері пайда болған объектте қайта өңделетiн немесе
қайта қолданылатын қалдықтар, сонымен бiрге су объекттерiнде ақаба
суларымен және атмосфералық ауаға түсетiн ластайтын заттектер жатпайды.
Пайда болатын қалдықтар туралы мәлiметтерді МСОК пайдалана негiзгi
экономикалық қызмет түрлерi бойынша топтау керек. Өнеркәсiптiк қалдықтарға
негізінен кен өндiру өнеркәсiпте, өнеркәсiптің өңдеу салаларындағы, сонымен
бiрге энергетика және құрылыс секторларындағы пайда болатың қалдықтар
жатады. Тұрмыстық қалдықтардың полигонына шығарылатын өндiрiс қалдықтар
есептілікте өздері пайда болған тиiстi экономикалық қызмет түрлерi бойынша
жiктеледi.
Қатты тұрмыстық қалдықтар өзіне барлық жиналатын тұрмыстық қалдықтар,
сонымен бiрге қатты тұрмыстық қалдықтар жинау бойынша қызыметімен қызмет
көрсетiлмейтiн аумақтардағы тұрмыстық қалдықтарының есептi саның қосады.
Әдеттегiдей, бұл ұғым үй шаруашылықтарында пайда болатың қалдықтарды және
оларға ұқсас шағын кәсiпорындарда, кеңсе ғимараттарында және мекемелердегi
(мектеп, аурухана, әкiмдiк ғимарат) коммерция және сауданың салаларында,
сонымен бiрге көшелерде жиналған қалдықтарды және қалалық қоқыстарды
қамтиды. Қатты тұрмыстық қалдықтар туралы мәлiметтерді тұрмыстық
қалдықтарды және көшедегi қоқысты жинау және жоюына жауап беретiн
ұйымдардың арасында, немесе қалдықтарды жинайтың көлiк серiктестiктерден
сонымен бiрге олардың жинау немесе өртеуімен шұғылданатын кәсiпорындар
арасында өткiзiлетiн байқаулар арқылы жинау қажет. Серiктестiктер және
қалдықтар полигондары қатты тұрмыстық қалдықтарды м3 - ден тоннаға қайта
есептеу үшін арналған коэффициенттердi қолдануы керек.
Қалдықтардың пайда болу ортақ көлемi өнеркәсiптiк қалдықтар, баска да
шаруашылық қызмет кезінде пайда болатын қалдықтар (мысалы, ауыл және орман
шаруашылықтарында) және қатты тұрмыстық қалдықтардың сомасы сияқты
есептеледі.
Қауыпты қалдықтар жоғарыда көрсетілген қалдықтар санаттарының ішінен,
Базельдік конвенциясының 1-шi бабына және I-шi қосымшасына сәйкес
бақыланатың қалдықтарды қамту қажет.
Деректер жинау жыл сайын жүзеге асырулуы ұсынылады.
Осы көрсеткiштi қалыптастыру кезінде халықаралық әдiстемелiк және
стандарттар ретiнде СУООНЮНЕП қоршаған орта статистикасы бойынша
сауалнамасында көрсетілген, секторлар бойынша қалдықтар пайда болу көлемін
есептеу әдiстемелiгін пайдалануы ұсынылады.
Қазақстанда қазiргі кезде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және
шығару туралы деректер Қазақстанның Республикасы Статистика агенттiгімен
жұртшылық шаруашылықтарының коммуналдық қалдықтарын, сондай-ақ кәсіпорындар
мен ұйымдардың ұқсас қалдықтарын жинау мен шығаруды жүзеге асыратын заңды
тұлғалардан және олардың құрылымдық бөлімшелерінен жыл сайынғы
мерзімділікпен тапсырылатын Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару
туралы есеп (нысан индексі – 1-қалдықтар) жалпы мемлекеттік статистиқалық
байқаудын статистикалық нысаны бойынша жиналады. Қалдықтарды іріктеу және
сақтау туралы деректер қалдықтарды іріктеуді және сақтауды (жинақтауды,
көмуді) жүзеге асыратын заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері
жыл сайынғы мерзімділікпен тапсырылатын Қалдықтарды іріктеу және сақтау
туралы туралы есеп (нысан индексі – 2-қалдықтар) жалпы мемлекеттік
статистиқалық байқаудын статистикалық нысаны бойынша жиналады.

1.2 Қауіпі қалдықтардың трасншекаралық тасмалдауы

Қауiптi қалдықтардың трансшекаралық тасымалдау көрсеткiші қауiптi
қалдықтардың трансшекаралық орын ауыстыруың сипаттайтын қозғаушы күштердiң
көрсеткiшi болып табылады. Қауiптi қалдықтардың елден шығарылу көлемiнiң
өзгерiс тенденциялары, ол бар қауiптi қалдықтардың азайтуын және олардың
елдiң iшiнде қайта өңдеу мен қайталама қолдану қажеттiлiгіне қалай
сезiнетiнiн көрсетедi.
Қауiптi қалдықтар деп улағыш, жарылғыш, тотығатың, коррозиалық,
өртенгіш, ушықтыратын әсер ететің, тератогендi, мутагенді, канцерогендiк,
экоулағыш және инфекциялайтын қалдықтар танылады. Мұндай қалдықтардың
тексермелетiн тасымалдаулар және жерлеу, тұрғындардың денсаулығы үшін
қауiптi зардаптары сонымен бiрге су және топыраққа жағымсыз әсер етуі
мүмкін. Қауiптi қалдықтарды қайта өңдеу және қайталама қолдануы олардың
трансшекаралық тасымалдауындағы қажеттiк төмендетедi және адамдардың
денсаулығы және қоршаған ортаға үшін қауыптардың алдың алады. Кейбір
жағдайларда қауiптi қалдықтардың трансшекаралық тасымалдауы экологиялық
қауіпсіз қолдану және қалдықтарды жою үшін қажет. Сонымен бiрге қауiптi
қалдықтардың трансшекаралық тасымалдауы оларды қайталама шикiзат немесе
энергия өндiру ретiнде қолдалану мақсаты болған жағдайларда ақталынады.
Қауiптi қалдықтардың экспорт және импорты туралы толық мәлiметтер олардың
қауiпсiз тасымалдауы және жоюың бақылауға көмектеседi.
Көрсеткiш Базельдік конвенциясы мен (2-шi бап) анықталатын, ел экспорт
және импорттайтын қауiптi қалдықтардың жалпы көлемiн қамтыйды. Жылына тонна
мен өлшенедi.

Халықаралық келісімдер
Қауiптi қалдықтардың трансшекаралық тасымалдауы Базельдік конвенциясы
мен (6-шы бап) оңдай тасмалдауларға хабарлау және рұқсат беру арқылы
реттеледі. Өзінің екiншi мәжiлiсiнде Базельдік конвенция Тараптары
Конференциясы VII-шi қосымшасына қосылған елдерден (ЕД, ОЭСР және
Лихтенштейн) VII-шi қосымшаға қосылмаған елдерге (II12-шi қарар) қауiптi
қалдықтардың трансшекаралық тасымалдауына тыйым салды. Үшінші мәжiлiсiнде
Тараптары Конференциясы жоғарыда аталған қарарға өзгерістер енгізді.
Базельдік конвенция халықаралық деңгейде келісілген қауiптi қалдықтардың
трансшекаралық тасымалдауларын шектеу және қысқарту бойынша мәселелерді
ескермейді.
Көрсеткішті қалыптастыру бойынша ұсыныстар
Қауiптi қалдықтардың экспорт және импорт көлемі хабарлау және ары
қарай трансшекаралық тасымалдауға рұқсат алу арқылы реттеледі. Сонымен
бiрге трансшекаралық тасымалдауға жататын қалдықтардың саны, әрбiр түрiнiң
санаттыры және сипаты туралы мәлiметтер (Конвенцияның II-шi қосымшасына
сәйкес қауiптi тобына немесе өзге де қалдықтар тобына жататың) тiркелуi
керек.
Қалдықтарының трансшекаралық тасымалдауларына ұлттық деңгейде ескерту
және мониторинг процедураларының қолдану арқылы мәлiметтердiң тұрақты бар
болуы қамтамасыз етiлу қажет.
Нақты қалдықтар қауiптi болып табылатының анықтау қиындығы қалдықтар
туралы ақпараты орнықты дамудың көрсеткiші ретiнде қолдану мәселелерің
туындатады. Базелдік конвенция шеңберiнде жасалған арнайы техникалық жұмыс
тобына Конвенцияға сәйкес қалдықтардың қай түрлерiң қауiптi ретінде санау
керек болатынын анықтау тапсырылған. Бұл жұмыс тобы қалдықтарды әрбір
жағдайларда еш ерекшеліксіздерсіз қауiптi қалдықтар ретiнде қаралуы қажет
және Конвенцияның колданылуына жатпайтың қалдықтардың басқа да түрлерiне
(конвенцияға VIII және IX қосымшалары) қалдықтар түрлері бойынша
бөлшектедi.
Базельдік конвенциясының 5-шi бабында Тараптармен қалдықтардың
шекарааралық тасымалдауы туралы ескертудi алу және мұндай ескертуге жауап
беруіне қамтамасыз етуіне жауапты құзырлы органдар жасау, соңдай-ақ қауiптi
тағы басқа да қалдықтардың кез келген трансшекаралық тасымалдаулар, орын
алған апаттар, экспортталған және импортталған қалдықтардың көлемi,
олардың қасиетi, пайда болуы, жою әдiсі туралы ақпаратты алу және ұсынуына
Ерекшеленген орталықтар тағайындау туралы талаптар бар. Базельдік
Конвенциясының Тараптарының Конференциясының жетiншi мәжiлiсiнде қалдықтар
тiзiмдерi және тиiстi процедуралардың үйлесімдендіруі туралы шешiм
қабылданды.
Қауiптi қалдықтардың траншекаралық тасымалдаулар туралы деректер
жинауы мемлекеттiк кеден органдары, сонымен бiрге мемлекеттiк және шекараға
шектес аймақтық табиғатты қорғау бойынша органдармен жүргізілуі тиіс.

1.3 Қалдықтарды қайта өңдеу және қайталама қолдану

Қалдықтарды қайта өңдеу және қайталама қолдану көрсеткiшi – барлық
қалдықтардың қандай үлесі немесе қалдықтардың ңақты санаттары қайталама
қолданудан өткізілгенің көрсететің, қадағалаудың үлгi көрсеткiші.
Қалдықтарды қайта өңдеу және қайталама қолдану – ресурстар орнықты
қолдануының ең маңызды компонентi. Бұл көрсеткiш қатты қалдықтарды
басқарудың маңызды компонентi боп табылады. Халық саны өсуіне байланысты,
қалдықтарды орналастыру және жою үшін қолдануға болатын жер алқаптары
кысқаруда, қалдықтарды оданда алыс қашықтықтарға тасуға дәл келедi.
Қалдықтарды қайта өңдеу және қайталама қолдануының ынталандыру кезінде
қоқыс тастайтын жерлер сыйымдылық өзгерiссiз болып қалады, ал қатты
қалдықтармен жұмыс істеуге жұмсалған шығындар қысқарады. Қалдықтарды қайта
өңдеу және қайталама қолдану масштабтарының арттыруы қалдықтарды мүлде
жоюының экологиялық зардаптарының азаюына әкеледі, мысалы, қалдық
полигондарынан метан және көмiрқышқыл газдың шығарылуының азаюына және
табиғи қорларды қорғауын қамтамасыз етедi. Бұдан басқа, қалдықтарды қайта
өңдеу және қайталама қолдануы халықтың бұл процессте қатысуы арқылы
табыстарың арттыруға мүмкiндiк бередi.
Көрсеткішті қалыптастыру бойынша ұсыныстар
Көрсеткiш қайта өңдеу және қайталама қолдану қалдықтардың көлемiн
көрсетедi және оның экономикалық қызмет түрлері бойынша (өнеркәсiптiк және
қатты тұрмыстық қалдықтар) және зиянды әсер бойынша (қауiптi қалдықтар)
тұтастай елде пайда болатың қалдықтардың жалпы көлемiне пайыздық қатынасын
көрсетеді. Тонналарда өлшенедi.
Қалдықтарды қайта өңдеу және қайталама қолдану қалдықтардың бiр бөлiгi
қалдықтардың жалпы ағынынан шығарылатың қалдықтарды өндiрiс процессiне
қосуын білдіреді. Отын ретiнде қайта қолдану (қуат ауы) мұнда жатпайды. Бұл
процесс өнiмнiң сол түрiне өңдеуiмен қатар, басқа мақсаттардағы өңдеуді
қосады. Кәсiпорындарда қалдықтардың пайда болу орынында қалдықтарды қайта
өңдеу және қайталама қолдануы бұл процесстен шығарылады. Қайта өңделетiн
және қайталама қолданылатын қалдықтарды есепке алуы барлық қалдықтар мен
қалдықтардың нақты санаттарың (өнеркәсiптiк, қауiптi және қатты тұрмыстық
қалдықтар) дәл бағалауды талап етедi. Қалдықтардың қайта өңдеу және
қайталама қолдануының көрсеткiшi барлық қайта өңделетiн және қайталама
қолданатың қалдықтар немесе қайта өңделетiн және қайталама қолданатың
қалдықтардың нақты санаттың барлық пайда болған қалдықтар және нақты
санаттың пайда болған қалдықтарының жалпы санына бөлу арқылы алынады,
нәтиже пайызбен бiлдiріледі. Бұдан басқа, қатты тұрмыстық қалдықтары үшiн
қайта өңделетiн және қайталама қолданылатын қалдықтардың ұлесің қайта
өңделетiн және қайталама қолданылатын компоненттерiнiң пайызбен бiлдiру
қажет мысалы, металлдардың, пластмасса, қағаз, шыны, кездеме немесе
органикалық материалдар.
Қазiргі кезде қайта өңдеу және қайталама қолдануы көлемі туралы
деректер Қазақстанның Республикасы Статистика агенттiгімен қызметтің
негізгі жəне қайталама түрі “Өнеркəсіп” болып табылатын, заңды тұлғалар
жəне немесе олардың құрылымдық бөлімшелері жыл сайынғы мерзiмдiлiкпен
тапсыратың Кəсіпорынның өнім (тауар, қызмет) өндіру жəне жөнелту туралы
есебі (нысан индексі – 1-п) статистикалық нысан бойынша жалпы мемлекеттік
статистикалық бақылаумен қалыптастырылады.
Көрсеткіш қоршаған ортаға ықпалын және қалдықтарды басқару жүйесiнiң
тиiмдiлiгiнiң есепке алуын дәрежесін (елеу) өлшеуге мүмкіндік береді.
Елде қалдықтарды басқару iске асырулуы халықтың денсаулығы, экономика
және қоршаған орта үшін түбегейлi ұзақ мерзiмдi зардабы бар. Сондықтан
қалдықтармен экологиялық тиiмдi жүмыс істеуғе жәрдем беру және оларды жою
программаларды жетiлдiру айтарлықтай маңызды. Әдеттегiдей, қалдықтармен
барабар басқару өкiметтің денсаулық және қоршаған ортаға туындайтың
тәуекелдер туралы мағлұматты екенің және олар қалдықтардың пайда болуының
қысқарту және алдын алу бойынша тиiстi шараларды қолдауынын немесе
ұйғаратынын куәландырады. Жоюды талап ететiн қалдықтар көлемiң қысқартуы өз
кезегiнде, шикiзатқа сұранысты төмендетедi, ресурстар өндіруінің қысқаруына
әкеледі. Өңдеу және қайта қолдануға келмейтін қалдықтар үшiн, оларды өртеу
жиi таңдаулы нұсқа болып есептеледi, егер жағатын қондырғылар шығарындылар
стандарттары туралы заңнамаларға сәйкес келсе және де егер қалдықтардың
өртеуiнен қуат алынса, үйткені бұл олардың жалпы көлемiң азайтады.Өңдеу
және қайта қолдану немесе өртеудiң мүмкiндiлігі болмаған жағдайларда,
ұлттық заңнамаларға сәйкес тиiстi техникалық бақылау жүзеге асыра,
қалдықтар рұқсат етілген полигондарда көміледі.
Қалдықтарды рұқсат етілген полигондарда бақылау көмуі қолданыстағы
ұлттық заңнамаларға сәйкес келiсетiн рұқсат етілген рәсімдер және
техникалық бақылаулардың жүйелер қолдануын талап етедi. Қалдықтардың
түпкілікті жою басқа да әдiстерiне олардың тұрақты сақтауын жатқызуға
болады.
Көрсеткiш қалдықтарды рұқсат етілген полигондарда жерлеуi арқылы
немесе өртеуi арқылы (қуат алусыз) түпкілікті жойылған қалдықтардың көлемiн
көрсетедi және оның экономикалық қызмет түрлері бойынша (өнеркәсiптiк және
қатты тұрмыстық қалдықтар) және зиянды әсер бойынша (қауiптi қалдықтар)
тұтастай елде пайда болатың қалдықтардың жалпы көлемiне пайыздық қатынасын
көрсетеді. Тонналарда өлшенедi.
Көрсеткішті қалыптастыру бойынша ұсыныстар
Әр түрлi амалдармен жойылатын қалдықтар үлесің өлшу үшін бiрнеше
әдiстертер тiркестiрің пайдалану мүмкiн. Қосарлы есепті болдырмау үшін
қалдықтар қозғалысының жүйесiндегi есеп қайда жүргізілетінің бiлу маңызды.
Қалдықтардың мүлде жою туралы тексерулермен қалдықтарымен жұмыс істеу
қызметің іске асыратың барлық кәсiпорын мен ұйымдарды қамту қажет (мысалы,
қоқыс жағатын зауыттар және қалдықтардың рұқсат етілген полигондары,
қалдықтарды жинау бойынша кәсiпорындар).
Дегенмен мәлiметтер жекеленген болуы мүмкін, және көрсеткiштердiң
анықтауы мақсаттарындағы олардың жиыны және компиляциясы көп уақыт алуы
мүмкін. Өртелетiн қалдықтар үлесің есептеу кезінде тек қана қалдықтар
басқару тiркелген жүйесi арқылы өтетiн өртелетiн қалдықтар есепке алынуы
керек. Өз меншiктi қалдықтарың жағатын үй шаруашығы немесе өнеркәсiптiк
кәсiпорындарды есепке алу қажет емес. Полигонға шығарылатын қалдықтардың
көлемiнiң есептегенде, рұқсат етiлмегенген қоқыс тастайтын жерге
шығарылатын қалдықтарды есепке алмауы қажет.
Қазақстанда қазiргі кезде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және
шығару туралы деректер Қазақстанның Республикасы Статистика агенттiгімен
жұртшылық шаруашылықтарының коммуналдық қалдықтарын, сондай-ақ кәсіпорындар
мен ұйымдардың ұқсас қалдықтарын жинау мен шығаруды жүзеге асыратын заңды
тұлғалардан және олардың құрылымдық бөлімшелерінен жыл сайынғы
мерзімділікпен тапсырылатын Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару
туралы есеп (нысан индексі – 1-қалдықтар) жалпы мемлекеттік статистиқалық
байқаудын статистикалық нысаны бойынша жиналады. Қалдықтарды іріктеу және
сақтау туралы деректер қалдықтарды іріктеуді және сақтауды (жинақтауды,
көмуді) жүзеге асыратын заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері
жыл сайынғы мерзімділікпен тапсырылатын Қалдықтарды іріктеу және сақтау
туралы туралы есеп (нысан индексі – 2-қалдықтар) жалпы мемлекеттік
статистиқалық байқаудын статистикалық нысаны бойынша жиналады.

2 ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖОЮ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2.1 Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату және жою қағидалары

Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидалары Ветеринария
туралы 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-
11) тармақшасына сәйкес әзірленді және биологиялық қалдықтарды кәдеге
жарату, жою тәртібін айқындайды.
Биологиялық қалдықтар – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ереже
Дезинфекция
Кәсіпорындағы еңбек ресурстары
Трансшекара
Экологиялық құқығының пәні, әдісі, жүйесі
Экологиялық талаптар
ҚАЗАТОМПРОМ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ САЯСИ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Нұр - Сұлтан қаласының экологиялық жағдайы
Медициналық қалдықтарды басқару
Қалдықтардың басқарылуы
Пәндер