ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1-тарау. ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
- Шағын бизнестің ерекшеліктері
- Шағын бизнес негізін қалау жолдары
2-тарау. ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
- Франчайзиштік қарым - қатынастардың жүйесі
- Шағын бизнесті дамыту проблемалары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан экономикасы әкімшілік - әміршілдіктен нарықтық экономикаға өтудің қиын кезеңінде. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық қайта құруларды іске асыру үшін қажетті, мынадай бағыттарды ұстануда - мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлік қызметті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.
Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық дафму тереторияларының арасында ең соңғы орнында емес, оның мәні-экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта кәсіпрпындардың үлкен потенциялы бар екендігінде. Осы терияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы тиіс. Өтпелі экономика кезеңінде экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі жалпы экономиканы сауықтырудың маңызды факторы және дағдарыстан шығу жолындағы алғашқы қадам болып табылуы мүмкін.
Бұл зерттеудің өзектілігі соңғы уақытта көптеген ТМД елдеріңде кәәсіпкерлік белсеңділіктің төмендеп кетуінен туындап отыр. Қайта құрылған кәсіпорындардың көбсі барлық мүмкін болатын нұсқауларға, салықтарға, шектеулерге шыдай алмай жабылып қалды. Тек шағын фирмалар ғана емес, сондай - ақ ірі өндірістік алыптардың да жабылу қаупі бар. Кәсіпкерлік әзірге экономиканың белсенді қоректендірушісі бола қойған жоқ, дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде өріс алғандай, жаңа жұмыс орындарын аша алмауда. Мұндай жағдайлардың себептерінің бірі фирманы тікелей басқару деңгейі мен аймақтық басқару деңгейінің және мемлекеттік деңгейінде қамтылған кәсіпкерлікті басқарудың тұтас жүйесінің жоқтығы, сондай - ақ жеке салаларда кәсіпкерлікті дамытуды қамтамасыз ететін тиімді механизімнің жоқтығы болып табылады. Қазіргі мол шетелдік кәсіпкерлік тәжірибеге қарамастан, транзиттік экономикасы бар елдердің ерекшеліктерін есепке ала отырып, шағын фирмаларды құру және жұмыс істеудің тәжірибелік мәселелерін зерттеуге, шағын және орта бизнесті анықтауға, кәсіпкерліктің теориялық аспектілерін, сонымен қатар кәсіпкерлік феноменінң маңыздылығын зерттеуге аоналған бірқатар нақты зерттеулер жасау қажеттілігі бар.
Кәсіпкерлікті дамыту саласында методологиялық дәрежеде шетелдік, атап айтқанда, американдық ғалымдар мен көптеген зерттеулер жасалған. Бұл осы елдің шағын кәсіпкерлікті дамытуда 200 жылдық тарихы бар екендігін көрсетеді. Бүгінгі таңда АҚШ - та 20 миллионнан астам кәсіпорын бар және олардың 6% шағын және орта бизнеспен шұғылданатын кәсіпорындар. Дәл осы шаған кәсіпкерлікті басқару проблемасын дамытуға Д. Лонгенеко, У. Петти, К. Моор сияқты американдық ғалымдар үлкен үлестерін қосты.
Кәсіпкерлікті дамытудың теориялық және методологиялық мәселелері отандық, сондай - ақ, шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты. Дегенмен бұл салада жасалған жұмыстардың бар екендігіне қарамастан, ол жұмыстарда негізінен, кәсіпкерлік қызметін дамытудың жалпы экономикалық көз қарастары ғана қарастырылғандығын айтуымыз керек. ХІХ ғасыр басында - ақ Жан Батис Сэй кәсіпкерлікті жер, еңбек және капиталмен бірге өндіріс факторларының бірі ретінде қарастырылған. Көптеген жылдар бойы экономист ғалымдар еңбек, жер және қаржы ресурстарын басқару проблемаларымен шұғылдануда. Бірақ, кәсіпкерлікті басқару мәселесә негізгі өндіріс факторы ретінде әлі күнге дейін бірінші орынға қойылған жоқ. Бұл зерттеуде менеджмент (басқару) тұрғысынан кәсіпкерлікті дамытудың концепциялық әдісі талданады. Кітапта ұсынылған концепциясы бүгінгі таңда аз зерттелген және мүлдем әзірленбеген дерлік.
1-тарау. ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
- Шағын бизнестің ерекшеліктері
Бұл бөлімнің басты міндеті - қаржы ресурстарын деген қажетті және оларды қамтамасыз ету көздерін анықтау. Кәсіпкер мынадай маңызды екі сауалдың жауабын білуі тиіс:
- Оған кәсіпорынды құру және дамыту үшін қанша қаржы қажет?
- Қаржыландыру көзінің қайсысы ол үшін өте қолайлы?
Қаржыландырудың 3 негізгі көзі бар:
- Өнімді өңдіру және өткізу процестерінде туындайтын ерікті қаржыландыру;
- Кәсіпррын пайдасының өндірісті жұмсалатын бір бөлігі;
- Сыртқы қаржы көздері есебімен қаржыландыру.
Кәсіпкерлік қаржыландыру көзінің қайсысын тыңдайтындығы туралы шешім қабылдамастан бұрын, меншікті капиталы арқылы осы мәселені шешуге мүмкіншілігінің бар не жоқ екендігі анықтап алуы тиіс. Кәсіпкерге бизнесті бастау үшін 3 теңге қажет делік. Ол бұл қаржыны несие алу (қарыздану) немесе өз қаржы көздерін жұмылдыру (өзін өзі қаржыландыру) арқылы қамтамасыз етуі мүмкін. Алайда, осы мәселенің шешімін көбіне кәсіпорынның бизнес түріне, қаржы тұрақтылығына және жалпы экономикалық жағдайға, мысаоға, банктік пайыз мөлшерлемесінің, сондай - ақ, кәсіпкердің өзіне және оның несие алуға деген көзқарасын байланысты. Аталмыш екі әдістің қайсысын тандау керектігі кәсіпорын пайдасының әлеуетті мөлшері, қаржы тәуекелі және бақылау деңгейімен анықталады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде меншікті капиталды тарту бірінші кезекте акция шығару дегенді білдіреді. Бұл жағдайда кәсіпкер пайыз (өсім) төлеу негізінде несие алып, оны толығымен қайтару және акция шығарып, өзіне тиесілі бақылау ауқымын кішірейту (азайту) жолдарының қайсысын таңдау керектігіне тоқталуы қажет. Қазақстанда қазіргі таңда құнды қағаздар нарығының дамымағандағы, тіркеу жұмыстарының күнделігі және жұмсалатын шығындар мөлшерінің көптігі салдарынан кәсіпорындардың барлығының дерлік акция шығаруға мүмкіншілігі болмай отыр. Сол себептен, көптеген шағын орта кәсіпорындар өз қаражаты жетпеген жағдайда тек несие алуға мәжбүр болуда.
Дамыған елдерде меншікті капитал және инвесторлардың көмегімен және венчурлы капитал мен акция шығару арқылы арттырылады. Кәсіпкерлердің басым көпшілігінің өз бизнесіне қажетті қаражатты қамтамасыз ету қаржы көздерінің түрлігіне қарамастан меншікті капитал мен туған туыс, жора- жолдастарының қаржысын (75%), Сыртқы қаржы көздерін (15%) және банк несиелерін (10%) қолданғандағы зерттеулер нәтижесінде анықтаған. Компанияның жұмыс істеу қарқынына байланысты жаңа қаржыланжыру көзі кәсіпорының меншікті пайдасы да қызмет барысында іске асырылады. Бұл қаржы көзі арқылы кәсіпорындардың 75%- ы қаржыландырады. Сондай - ақ, жұмыс барысында банк несиелерінің алуға деген талпыныс өрістей түсіп, кәсіпорындардың 45%- ы қысқа мерзімді, ал 42%- ы ұзақ мерзімді банк несиелерін қолдануға кіріседі. Капитал таратудың әдісі ретінде ақшалар (10-12%) шығарыла бастайды.
Жеке қорлардың, әсіресе бастапқы кезеңіндегі маңыздылығын ескере отырып, оларды жан - жақты қарастыратын боламыз. Жеке қорларды 3 категорияға бөлуге болады:
- жеке қор;
- туыстарының және жора - жолдастарының қорлары;
- басқа жеке инвесторлар.
Кәсіпкердің жеке қоры - ең кен тараған өз қаржыландыру көзі. Бұл келесі факторлармен түсіндіріледі. Біріншіден, іс енді жаңадан басталып жатыр және кәсіпорының қалай дамитыны белгісіз, тәуекел деңгейі жоғары. Ондай жағдайда несиелік емес жеке капитаомен тәуекел жасаған артығырақ. Екіншіден, егер жаңадан бастаушы, кәсіпкер банкіден несие алатын болса, онда банк бірінші кезекте, кәсіпкерден белгілі сомада жеке қаражаттарын салуды талап етеді. Үшіншіден, алғашқы бірнеше жылдарды кәсіпорын әдетте қарызды өтеуге, алынған несиелері үшін пайызды төлеуге шамасы болмайды. Сондықтан кәсіпкерлердің көбісі алғаш кезде бастапқы капиталдың болмауына байланысты айтарлықтай қиыншылықты бастан кешіреді. Кәсіпкерлердің мүмкін болатын қаржыландыру көздерінің бірінші кезекте туыстары мен жолдастары арасынан іздей бастауы кездейсоқтық емес.
Кейде жолдастардан және туыстардан алатын қарыз қаржыландырудың негізгі көзі болады. Ондай қаржыландырудың артықшылығы белгілі. Бірінші кезекте, бұл жерде қажетті құжаттарды толтыру бойынша үлкен жұмыстар
жүргізу қажет емес, егжей - тегжейлі қаржылық талдау талап етілмейді, себебі барлығы жеке қарым - қатынастар мен сенімде қалыптасады. Сонда да кәсіпкер бұл қарызды мүмкіндігінше тез қайтаруды жоспарлау керек және бұл міндеттер жазбаша бекітілген болуы керек.
Көптеген бастауыш кәсіпорындар жаң құрал - жабдық сатып алудың орнына оны жалға алуды қалайды. Жалға алу мерзімі әдетте 3 жылдан 5 жылға дейін созылады. Кәсіпорын жалгерлік төлемді төлеуі қажет және құрал - жабдықты мақсатына қарай пайдалануға міндеттенеді.
Кәсіпорынға жалға алу нұсқасын пайдалану тиімді болатындығының, бірнеше себептері бар:
- Фирманы бірден қымбат құрал - жабдықтар алуға барлық кезде жағдайы болмайды.
- Банк құрал - жабдық арендасын төлеуге бірден несие беруі мүмкін .
- Жалға алынған құрал - жабдықты моральдық ескеру жағдайында үлкен шығындардан құтылуға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге кәсіпкер құрал - жабдықты сатып алу немесе жалға алу деген мәселені шешпес бұрын, барлық факторларды ескеріп және салыстыру керек: арендалық төлем, салық төлемдерді құрал - жабдықты орындаудың қиындығы, және тағы басқалар.
Қаржыландырудың келесі маңызды қайнар көзі - коммерциялық банктер. Банктік несиенің берілуінің барлық кезде артықшылығы болғанымен оның кемшіліктері де бар, соның ішінде жоғарғы пайыздық өлшем, белгілі бір мерзімде несиені қайтару қажеттілігі, төлемді алдын ала анықталған график бойынша жүзеге асыру, соңында жеке кепілдіктер беру сияқты.
Несиені қайтару мерзімі несиенің түріне байланысты қысқа және ұзақ мерзімді. Мысалы, несие желілері несиелеудің қысқа мерзімді түрі ретінде ғана пайдаланылады және әдетте бір жылға ашылады. Кейде банк шектеу қоюы мүмкін - жыл ішінде 1 ай.
Банк кәсіпкердің жеке кепілдемесіне мүдделі. Егер сөз корпорация жөнінде болса, онда проблема қиындай түседі. Өйткені бұл жерде корпорация меншігі кәсіпкердің меншігіне тең келмейді және корпорация мүшелерінің жауапкершілігі салынған капиталдың көлемімен шектеледі. Банк корпорациясының шешуші менеджерлерінің қосымша жеке кепілдіктерді талап етуі мүмкін.
Сонымен, банктің кәсіпорынды несиелеуден бас тартуы мүмкін келесі себептерді бөліп көрсетуге болады:
- банктің бизнестің мәнің немесе бизнес жұмыс істейтің саланы толық түсінбеуі;
- кәсіпорын шығыстарының кірістерінен артық кетуі, теріс қаржылық көрсеткіштер;
- меншік иелерінің қарызды қайтаруға жеке кепілдеме беруді қаламауы;
- кәсіпкер және оның командасының бизнестің ашылуына нашар дайындалуы;
- бұрын қарызды қайтаруда проблемасы болған;
- несиелеудің кейбір түрлерін шектейтін, мемлекеттік реттеудің болуы;
- аймақтық экономикалық немесе әлеуметтік дамудың төмен деңгейі және экономикада тұтастай несие ресурстарының жетіспеуі.
Қазақстан Республикасының Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту бойынша шаралар туралы» Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қазақстандық заңды тұлғалардың және кәсіпкерлердің, халық аралық қаржы ұйымдарының, шетелдік үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдардың қатысуымен кәсіпкерлікті дамыту қорын құру көзделген. Әр түрлі үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарды және шетел ұйымдарын кеңінен тарту бұл қорды қалыптастыруда бюджеттік шығындарды едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Аталмыш қорың қызметі шағын бизнес жобаларына несие беруге (5 млн. теңгеге дейін) бағытталуы керек және ол шартты түрде қордың ақша құралдарының конкурс негізінде Қазақстан Республикасы банктеріне орналастыру жолымен жүзеге асырылуы қажет. Қормен берлердің (5 млн. теңге дейін) аздаған қатынастағы қарыз жыл сайын жобалардың әжептәуір көп бөлігін қаржыландыруға мүмкіндік береді.
Тағы да Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бірлесе отырып, жеке кәсіпкерлерді қосқанда шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарына мемлекеттік банктер мен екінші деңгейлі мемлекеттің қатысуымен ақысыз шоттардың ашылуына қамтамасыз ететін сәйкес шешімдер мен шаралар қабылдауды көздеп отыр. Конкурстық негізде қазақстандық банктерді тарту, бірінші кезекте, берілген несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз етеді.
- Шағын бизнес негізін қалау жолдары
Нарыққа негізінен миллиондаған айналымы бар корпорацияларға жол ашық, ал шағын кәсіпкерлік құрылымдардың кіруіне мүмкіндік жоқ деген пікірлер бар.
Басты дәлел - шағын фирмалардың жақсы жіктелген ірі компаниялармен бәсекелесе алмауы. Шын мәнінде, шағын бизнес бірнеше себептерге байланысты ірілермен сәтті бәсекелесе алады. Мысалға ірі кәсіпорындар стратегиясын өзгерту үшін 6 жыл қажет етеді, ал жаңа стратегия енгізу үшін 10 жыл және одан көп уақыт қажет етеді. Шағын фирмалар үшін бұл уақыт айтарлықтай азырақ-жарты жылдан бір жылға дейін. Одан әрі, технологиялық жаңалықтар - бұл дәстүрлі түрде үлкен бизнес саласы деп саналатын, бірақ статетстикаға қарасақ, 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін радикалды технологиялық жаңартпашылықтардың 95% шағын бизнес саласынан келуде. Басқа қайнар көздердегі мәліметтер бойынша ірі фирмаларға қарағанда, шағын фирмалар 24 есе көп жаңартпашылықтар мен ашылымдар жасалуда.
Сондықтан Еуропа Достастығында (ЕД) экономиканы жеке секторындағы 15, 7 миллион кәсіпорындардың барлығы дерлік шағын және орта бизнес түрінде болуы кезде соқтық емес. Шағын бизнес кәсіпорындары 70 % жұмыс орындарымен (62 млн. ) қамтамасыз ете отырып, қоғамдастықтың дамуына айтарлықтай үлес қосты, статестикалық мәліметтер бойынша 16 миллион адам өздеріне және 46 миллион адам жалдамалы жұмысшы ретінде жұмыс істей бастады.
Көптеген жылдар бойы әртүрлі елдердің ғалымдары шағын бизнеске анықтама беруге тырысып келді. АҚШ Конгресс Комитетіне шағын бизнестің 700-ге жуық анықтамасы ұсынылған. Шағын бизнесті сипаттаудың түрлі критерийлері бар, мысалы, өндіріс көлемі, жұмыс істеушілердің саны, депозиттердің көлемі, негізгі өндіріс қорларының актив бөлігінің өлшемі басқару ақпараттарының өлшемі, кіріс мөлшері. Ең кең тараған критерийлерінің бірі жұмыс істеушілердің саны. Кейбіреулер жұмысшылар саны 100-ге дейін, тағы біреулері 50-ден 1000-ға дейін, үшіншілері 100-ден 1500-ге дейін жететін кәсіпорындарды шағын бизнес кәсіпорындары деп санауды ұсынуда.
Германияда ереже бойынша, жұмыс пен қамтылған адамдар саны 1-ден 500-ге жететін кәсіпорындары шағын бизнеске жатқызады, сөйте тұра олар келесі 4 категорияға бөлінеді: 20-дан 49-ға дейін, 50-ден 99-ға дейін, 100-ден 199-ға дейін, 200 -ден 499 -ға дейін. Германияда жылдық ақма айналыма 3, 5 -нан 11, 5 миллион неміс маркасын құрайтын фирмалар шағын фирма деп саналады. Германиядағы шағын кәсіпорын тиімділігі АҚШ-пен Жапонияға қарағанда жоғары. Мұнда 12, 3 % ірі кәсіпорындардың және ол жерде жұмыспен қамтылған 34 % жұмысшылардың үлесіне ұлттық табыстың тек 52, 6 % ғана келеді. Жұмыс орындарының үштен екісінен көбі шағын кәсіпкерліктің арқасында ашылуда.
Жапонияда заңды түрде белгіленген кәсіпорында критерийлері бар: өнеркәсіп, көлік және құрылыста - 300 адамнан көп емес, көтерме саудада -100, бөлшек сауда және қызмет көрсету саласында - 50, олар осы критерийлерге қарай шағын және орта кәсіпорын статусын ала алды. Сондай-ақ жарғылық капитал мөлшерінде шектелген: өнеркәсіп, құрылыс және көлікке - 770 мың доллордан жоғары емес, көтерме саудада - 230 мың доллор, қвзмет көрсету саласында 77 мың доллор.
Ресей Федерациясының қазіргі қолданып жүрген заңдарға сәйкес, шағын кәсіпорындарға:
• өнеркәсіпте - 200 адамға дейін;
• құрылыста - 100 адамға дейін;
• көтерме саудада - 50 адамға дейін;
• ауылшаруашылығында - 50 адамға дейін;
• ғалымда және өндірістік емес салада - 25 адамға дейін;
• бөлшек саудада - 15 адамға дейін; жұмыс істейтің кәсіпорындар жатады.
Қазақстанда адам саны айтарлықтай аз, кәсіпорындар шағын болып саналады. Қазақстан Республикасының 1997 жылы 8 сәуірдегі № 499 қаулысана сәйкес шағын кәсіпорындарға:
• өндірісте, құрылыста және шаруашылықта - 50 адамға дейін;
• саудада және тұрмыстық қызмет көрсетуде - 30 адамға дейін;
• көлік және байланыста - 25 адамға дейін;
• ғалымда және жаңартпашылық қызметте - 20 аламға дейін;
жұмыс істейтің кәсіпорындар жатады. Жұмыс істеушілер саны 200 адамнан аспайтын кәсіпорындар орта бизнеске жатады.
Авторлары, шағын бизнесті жұмысшылардың саны, капитал, айналымы, өндіріс көлемі сияқты және тағы басқалары көрсеткіштер арқылы анықтау көзқарасынан бас тартуды ұсынатын зерттеулер де бар. Оның орнына шағын бизнесті ірі бизнестен принципті түрде ажырататын сипаттамаларға көңіл бөлуді ұсынуда, атап айтқанда: нарық үлесі, негізін салушылардың кәсіпорынды басқарулары, шешім қабылдау процесіне ірі кәсіпорын әсерлерінің жоқтығы. Мұндай позицияны австралиялық ғалымдар да ұсынуда, ол қаржы, бухгалтерлік есеп, қызметкерлерді басқару, қамсыздандыру, маркетинг, өндіріс немесе қызмет көрсету мен сатуды қамтамасыз ету саласында бір немесе екі адамның ғана өздерінің жеке мамандарының көмегінсіз барлық стратегиялық шешімдерді қабылдауға өкілеттігі бар бизнесті шағын деп есептеуді ұсынады.
Анақұрлым жаңашыл зерттеулерде шағын бизнестің мынадай сипаттамаларын ұсынылуда: кәсіпорын құнды қағаздарының ашық сатылмауы; кәсіпорындардың құнды қағаздар шеңбері шектеулі; негізін қалаушылар - тәуекелге биім алғашқы ұрпақ кәсіпкерлері; менеджерлер командасы толығымен жинақталмаған; бизнес жоғары маркетингтік шығындарға ұшырауда; акционерлермен өзара қатынас аз, жалаң сипатқа ие; бизне әртүрлі копентенция түрлерін таңдауда жоғарғырақ икемділік дәрежесіне ие болды.
Д. Лонгенеке, У. Петтидің, К. Мурдың зерттеулерінде жеке көрсеткіштер ұстанымдағы тәсіл анағұрлым негізгі айырмашылықтарды іздестірумен ұштастырылып, шағын бизнеске анықтама беру үшін келесі критерийлер ұсынылуда:
- Бизнесті қаржыландыру бір инвестормен немесе инвесторлардың шағын тобымен жүзеге асырылады. Тек айрықша жағдайларда ғана бизнесті 15 - 20 дан көп инвесторлары болуы мүмкін;
- Фирма өзінің маркетингтік бағдарламасын іске асыруда географиялық шектелген аймақтарда жұмыс істейді;
- Әдетте бизнестегі жұмысшылардың саны 100 адамнан аспайды.
Шағын және ірі бизнесті салыстыру анализі 1. 1. кестеде көрсетілген.
Шағын бизнестің артықшылықтары айқын. Бұл - шағын бизнестің динамикалылығы, икемділігі, өндірілетін өніммен көрсетілетін қызмет түрлерін тез ауыстыру қабілеттілігі, технология саласында сондай - ақ басқа жұмыс істеу салаларында жаңалықтарда еңгізу қабілеттілігі. Соңында, шағын фирмалардағы еңбек ұжымында тұрақты емес қатынас орнатылады, үлкен бюрократиялық құрылымы жоқ, жұмысшыларды басқару, табыстарды басқаруға тікелей қатыса алады.
Шағын бизнестің басты ерекшелігі - кірістерге қатысуы мен жұмыс пен қамтылғандықты сақтап қалуға ынталы болумен шартталған, жұмыстың ең жоғарғы нәтижелігіне деген жалпы біріккен құштарлық, колективтік түрде еңбек етуге және бригада болып жұмыс істеуге деген ұмтылыс. Ірі фирмаларда құраушылар (негізінен қалаушылар) кәсіпорынды басқару үшін маман менеджерлерді тартуға мәжбүр, біріқ бұл көбінесе 2 жақ мүдделерінің тоғыспауына әкеледі, ал ол өз кезегінде жалпы басқару тиімділігіне әсер етеді. Шағын және орта кәсіпорындарда мұндай қарсылықтардан құтылып кетуге болады, себебі негізін қалаушы мен менеджер - бұл ереже бойынша бір адам.
Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде шағын бизнес қайтадан өз мәні мен маңыздылығына ие болды. Көптеген елдердің үкіметтері шағын бизнесті жаңа ойлардың, жаңа жұмыс орындарының, табыстарымен өркенеттіліктің көзі ретінде қарастырып, дамуына жағдай жасау шараларын қабылдауда.
Шағын бизнес шағын және орташа қалалардың жұмыс істеу негізі болып, ол жердің тұрғындарына тұратын жерлерінің қасына жұмыс табуға жол ашады. Мысалы, Көкшетау қаласының жағдайында, бұрынғы үлкен «Көкшетаустрой», «Көкшетаустрой - 1», «Көкшетаустрой - 2» трестері сияқты құрылыс өндірістерінің көлемі қысқартылып немесе жабылып жатқанда, шағын құрылыстық фирмаларда құру жүздеген құрылыс мамандарының өз қаласынан тысқары шықпай - ақ жұмысқа тұруға мүмкіндік берді.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе келесідей шағын және ірі бизнесті салыстыру анализінің кестесін құруға болады, оның мақсаты ірі бизнестен мүлдем бас тарту емес, ал Қазақстан экономикасы үшін шағын бизнестің үлкен артықшылықтарын көрсету болып табылады.
Оның үстіне, шағын бизнес тек қана экономиканы жандандырушы факторы болып қана қоймай, сондай - ақ оның экономикалық дағдарыстан шығуының алғашқы кезені ретінде де қарастырылады, Шағын фирмаларды көбірек құру - және жұмысыздық проблемасын жеңілдетуі, сауыққан бәсекелші орта құруы, қаржы нарығын жаңжандыруды ірі бизнестің дамуына бастама беруі және бүгінгі барлығының ауқымын кеңейтуі мүмкін.
Экономиканың бұл күшті қорегін жоғары дамыған елдерде елемей кетпейді, олар шағын бизнесті, сайып келгенде кез келген ірі бизнестің негізі деп, өздеріне есеп беруде, себебі кез келген ірі кәсіпорын екі адамның бастапқы аздаған капиталмен өз ісін бастау идиясына басталады. Идия кәсіпорының кіріс әкелу мүмкіншілігіне айналады. Кірістің өсуі өндірістің дамуына жағдай жасайды, бұл кірістің одан әрі өсуіне әкеледі, демек өндірістің әрі қарай даму мүмкіндігі пайда болды. Шет елдегі шағын кәсіпорыннан млн. айналымы бар компанияларға айналатын ірі фирмалардың бастапқы тарихы осындай.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz