Саяси жүйе және мемлекет


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

І бөлім. Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі

1. 1 Саяси жүйе және мемлекет

1. 2 Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде

1. 3 Мемлекет - қоғамның саяси жүйесінің өзегі

ІІ бөлім. Қазіргі кездегі саяси жүйелер және айрықша белгілері

2. 1 Мемлекеттің қоғамның саяси жүйесінің басқа буындарымен өзара қарым-қатынасы.

2. 2 Мемлекет және саяси партиялар - қоғамды басқарудағы ең шешуші күш

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

2

3

3

10

14

14

17

24

26

КІРІСПЕ

Қоғамның саяси жүйесі - саяси, әлеуметтік, заңға тән идеологиялық, рухани нормалардың, тарихи дәстүрлерге, нақтылы қоғамның саяси режимінің бағдарламаларына тәуелді саяси институттардың, қозғалыстардың тәртіптелген тұтас жиынтығы. Қоғамның саяси жүйесі оның ұлттық, таптық жаратылысымен, әлеуметтік құрылысымен, басқару тұрпатымен (республика, монархия), мемлекеттік құрылымымен (федерация, біртұтас), саяси режимінің сипатымен (демократиялық, демократияға қарсы, тоталитарлық), саяси өмірдің ұлттық дәстүрлерімен, т. с. с. жағдайлармен анықталады. [1, 10-б] .

Саяси жүйеге жатқызылатын қоғамдық құбылыстардың ерекше белгілері болады. Ондай белгілерге мыналар жатады:

1) саяси жүйе бөлігінің ұйымдық сипаты болуы қажет;

2) кез келген қоғамдық бірлестік, ұйым саяси жүйенің болмысы бола алмайды. Саяси жүйеге жату үшін оның алдына қойған мақсатының саяси мазмұны болуы шарт;

3) Саяси ұйымның саяси сипаты оның бағдарламасымен анықталады.

Саяси жүйені зерттеу, тану үшін ерекше тәсілдер қолданылады. Конституциялық тәсілді қолдану арқылы саяси жүйе бөліктерінің ұйымдық ерекшеліктері айқындалады. Мысалы, мемлекет механизмінің болуы оның басқа саяси жүйе бөліктерінен ерекше екенін байқатады. Функционалдық (қызмет бағытына байланысты) тәсілді қолдану арқылы саяси ұйымның табиғи сипаты анықталады. Реттеу рөлін зерттеу арқылы саяси ұйымның қоғамдың қатынастарды қалыптастырып, дамытудағы қызметі көрсетіледі. Идеологиялық тәсілді қолдана отырып саяси ұйымның нақтылы қандай таптар, әлеуметтік топтар, ұлттар үшін қызмет атқаратынын анықтауға болады. Коммуникативтік тәсілді қолдану арқылы саяси ұйымның саяси жүйеге жататын басқа ұйымдармен қарым-қатынасының дәрежесін, деңгейін, көлемін, мазмұнын түсінуге болады.

Саяси жүйе дегеніміз - саяси билікті және азамат пен мемлекеттің өзара байланысын ұйымдастырушы, сонымен қатар өзара әрекетте болатын нормалар мен идеялардың, осыларға негізделген саяси институттардың, мекемелер мен әрекетттердің жиынтығы. Осы аталып отырған көп қалыпты құрылымның негізгі тағайыны адамдардың саясаттағы әрекеттерінің бірлігін, тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады.

Әдебиеттерде саяси жүйе төрт тараптың диалектикалық ынтымағы (бірлігі) деп атап көрсетіледі:

1. Институционалдық (мемлекет, саяси партиялар, әлеуметтік-экономикалық және басқалай да ұйымдар) . Осылардың бәрі жиынтың түрінде қоғамның саяси ұйымын құрайды.

2. Реттеуші (құқық, саяси нормалар мен дәстүрлер, имандылық нормаларының кейбіреулері және т. б. ) .

3. Қызметтік (функционалдық) саяси режимнің негізін құрайтын саяси іс-әрекет әдістері.

4. Идеологиялық (ең алдымен осы қоғамда үстемдік құрған саяси сана) .

І бөлім. Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі

1. 1 Саяси жүйе және мемлекет

Саяси жүйе құрамының негізгі құрамдас бөліктерін ажыратып көрсеткенде, саяси және құқықтың нормаларды, саяси құрылымды, саяси іс-әрекетті, саяси сананы және саяси мәдениетті атауға болады. [2, 15-б] .

1. Саяси және құқықтық нормалар - бұларға мінез-құлықтың қалыптасып болған немесе анықталып белгіленген, саяси қатынастарды реттеудің тәсілдері, бар және әрекет үстіндегі конституциялар, кодекстер, заңдар, партиялардың жарғылары мен бағдарламалары, саяси үрдістер мен рәсімдер жатады.

2. Саяси құрылым - бұларға саяси және мемлекеттік ұйымдар, институттар, мекемелер мен олардың араларындағы қатынастар жатады.

3. Саяси іс-әрекет - бұған адамдардың қоғамдағы саяси биліктің қызмет етуін қамтамасыз етуге, өзгертіп қайта құруға және қоғамдағы саяси билікті жүзеге асыру жүйесін қорғауға бағытталған әртүрлі әрекеттері жатады.

4. Саяси сана мен саяси мәдениет - мұндағы ескерілетіні саяси билік механизмінің іс-әрекетін көрсететін руханият көріністерінің алуандығы және олардың саяси қатынастар аясында адамдардың іс-әрекетін бағыттап отыратындығы түсініледі.

Саяси мәдениет - саяси билік мүшелері қабылдаған және өздерінің іс-әрекеттері мен қатынастарында пайдаланатын саяси идеялардан, рәміздерден, нанымдардан тұратын құндылықтар жүйесі.

Қоғамның саяси жүйесі - белгілі саяси қызметтерді атқарып, оларды жүзеге асыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес институттар жүйесі. Мемлекет, партиялар, кәсіподақтар және қоғамдық болмыста іс түйіні билікті күшпен тартып алулармен, одан ажырап қалмау және пайдалану әрекеттерімен байланысты ұйымдар мен қозғалыстар жоғарыда аталған институттарға жатады. Саяси жүйе ішкі-сыртқы саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді, әлеуметтік топтарды қалыптастырады, олардың мүдделерін білдіреді және оларды қорғайды. Саяси жүйенің сипаты әлеуметтік ортамен тығыз байланыста болады, өйткені өзі содан туындап, соған қызмет етеді.

Қоғамның саяси жүйесінің негізгі субъектілері ретінде мемлекет, партиялар және қоғамдық қозғалыстар ең алдыңғы қатарға шығады.

Мемлекет - саяси жүйеде бастаушы рөл атқарады, өйткені, оның өзіне ғана тән ерекше белгілері болады: біріншіден - қоғамды интеграциялауға (біріктіруге) қабілетінің болуы, бұл қабілет қоғамда болатын әлеуметтік өзгешеліктерге, мүдделер тартысы дегенге қарамастан өз ықпалымен әсер етеді; екіншіден, мемлекет - билік органы. Ол белсенді түрде қоғамдық қатынастарды ұйымдастыру ережелерін, белгіленген нормаларды сақтағаны немесе бұзғаны үшін санкцияларды, көтермелеу мен жаза қолдануларды жүзеге асырады; үшіншіден, қоғамда оның құқықтық шығармашылық қызметі болады; төртіншіден, мемлекеттік биліктің көпшілікке тәндігі, жалпылық істерді басқарудың кәсібилендірілуі, мемлекеттік органдарға, олардың қызметкерлеріне өкілеттіктерді ерікті немесе еріксіз беру, басқа адамдарға сол өкілеттіктерді басқаруға беру; бесіншіден, саяси кеңістік шегінің ерекшелігі (өзгешелігі) мен оның айқындығы.

Мемлекеттің географиялық шегі болады; оның билігі жүретін аумағы, өзінің азаматтарын - мемлекет мүшелерін қамтитын - заңдық ықпалы болады. Осы заңдық ықпал бойынша мемлекет алдында әлгі мүшелерінің заң бекіткен міндеттері, құқықтары болады, олар алым-салықтар төлейді және тағы сондайлар. Басқаша айтқан да, мемлекеттің заңдық ықпалы бойынша оның органдарының бар болуы мен әрекет етуіне материалдық мүмкіндіктер тудырылады, қамтамасыз етіледі. [3, 25-б] .

Саяси жүйеде мемлекеттің алатын орны ерекше. Мемлекет барша елдің ресми өкілі болып саналады, себебі ол қоғамды қандай да болсын ерекше бөліктерге бөлмей, қоғамның, халықтың мүддесін қанағаттандыру үшін қызмет атқарады. Мемлекеттің тарихи даму барысында қалыптасқан, тек оның өзіне ғана тән құрылымы бар. Мемлекет өз қызметін атқару үшін ерекше ұйымдардан тұрады: ол мемлекет органдары. Саяси жүйенің басқа бөліктерінің мұндай құрылымы болмайды. Мұны - мемлекеттің механизмі дейді. Осы механизм арқылы мемлекет өзінің сан алуан, түрлі бағыттағы қызметін атқарады. Мемлекет тек қоғамның ішінде ғана емес, басқа мемлекеттермен қарым-қатынас, алыс-берістер жасауға байланысты да қызмет атқарады. Тек мемлекетке ғана азаматтық деген құбылыс тән, сондықтан азаматтық-мемлекет пен адамдардың арасындағы байланыс болып саналады. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекет органдары ғана қабылдай алады, олар қоғамдық қатынастарды ресми түрде реттейтіндіктен, барлық қоғам мүшелерінің іс-әрекетін, мінез-құлқын жолға салған құрал болып саналады.

Кесте -1

Кесте -2

Кесте -3

Кесте -4

Кесте -5

Кесте -6

1. 2 Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде

Қоғам өзінің тіршілік ету процесінде тек қана мемлекетке емес, сондай-ақ мемлекеттік емес құрылымның ауқымды жүиесіне, ұйымдарға, бірлестіктер мен қозғалыстарға да сүйенеді Мемлекетпен бірге соңғылары қызмет көрсетуге, бақылауға және қоғамдық қызметтің түрлі саласын реттеуге қатысады, көптеген бастамалар мен жаңалықтардың бастамасы болады, қоғамға туындаған проблемаларды, қиындықтарды жеңіп шығуға, күнделікті келешектегі және перспективадағы міндеттерді шешуге көмектеседі. Қоғамды жан жағынан қоршай, оның байланыстары мен қарым-қатынастарына кірісе отырып. оның өмір тіршілігіндегі көптеген процестеріне мемлекеттік емес құрылымдар, ұйымдар, бірлестіктер мен қозғалыстар орасан зор, кейде баға жеткісіз роль атқарады Олар бірінші кезекте қанағаттандыруға жататын анағұрлым елеулі қажеттіліктер мен мүдделерді тауып, жұмыстың қандай да бір учаскесіндегі кемшіліктерді жойып, жағдайды жақсартуға шаралар қабылдайды, анағұрлым тиімді (олардың көзқарасы бойынша) шешімдер вариантын ұсынады, теріс пайдаланушылық және бұзушылықтармен күреседі. Кейде олар қоғамды мемлекеттің болжап болмайтын әрекеттерінен қорғайды, әсіресе - өкіметті басып алып, жұрттың барлығына өз еркін, диктатын және өзінің тәртібін тануға тырысушы жекелеген топтар мен тұлғалардың озбырлығынан қорғайды. Мемлекеттік емес құрылымнын бірі болмаса екіншісі заңдылық пен констатуциялық тәртіпті қалпына келтіруге тырысып, жоғарыда аталған топтар мен тұлғалардың жолына кесе көлденең тұрады. Билікті қолына алып алған топтар мен тұлғалардың жағына шығып кеткен немесе әліптің артын бағып отырған мемлекеттік емес құрылымдар, ұйымдар, бірлестіктер, қозғалыстар да бар екендігі шындық. Бұл жерде әдетте бірыңғай көзқарас болмайды.

Мемлекеттік емес құрылымдар, ұйымдар, бірлестіктер, қозғалыстар мейлінше әр алуан, сипаты әр түрлі, алға қойған мақсаттары да әр түрлі. Оларды түрлі критерийлер мен негіздер тұрғысынан қарап, жіктейді. Қазір ғылыми еңбектерде мемлекеттік емес құрылымдардың, ұйымдардың, бірлестіктердің және қозғалыстардың әрекетіне олардың саясатпен, саяси өмірмен және саяси қарым-қатынаспен байланысының қандай екендігіне қарап талдау жасалуда.

Осы тұрғыдан алғанда саясатпен белсенді айналысуға, қоғам өмірінің саяси көңіл-күйіне ықпал етуге, саяси қарым-қатынастың тікелей субъектісі болуға бейім құрылымдар, ұйымдар, бірлестіктер мен қозғалыстар ерекше көзге түседі.

Олардың саяси міндеттерге бағыт алуы өздерінің жарғыларында және басқа да маңызды құжаттарда айқын баянды етілген. Мұндай құрылымдар мен ұйымдардың қатарына ең алдымен саяси партиялар, сондай-ақ президенттің, парламенттің, жергілікті өкілетті органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, басқа да сайлау мекемелері мен лауазымды тұлғалардың сайлауы кезеңінде үгіт-насихат, ұйымдастыру - саяси жұмыстарын өткізу үшін құрылатын тұрақты немесе уақытша сайлау блоктары жатады. Мұндай блоктардан ерекшелігі, саяси партиялардың қызмет аясы анағұрлым кең: олар сайлауға байланысты жұмыстармен шектеліп калмайды, өмірдің өзі туындатып отырған түрлі саяси мәселелердің шешілуіне қатысады (парламентке заң жобаларын енгізу және үкіметке ұсыныстар енгізу; жылдың, жарты жылдықтың, тоқсанның және одан туындайтын міндеттердің қорытындыларын шығару; ішкі және халықаралық өмірдегі маңызды саяси жағдайларға үн қосу; мемлекеттік аппараттың қызметіне қоғамдық-саяси бақылау жасау және т. б. ) .

Мемлекеттік емес құрылымдардың, ұйымдардың, бірлестіктер мен қозғалыстардың басқа тобын тікелей саяси өмірге қатысу үшін құрылатындар емес, өндірістік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, рухани, кәсіби-еңбек қызметі саласындағы міндеттерді шешу үшін құрылған топтар құрайды. Бұл жерде кәсіподақ, кооператив, діни, әйелдер ұйымдары, жазушылар, композиторлар, сәулетшілер одақтары және басқалар айтылып отыр, олар өздерінің жарғылары мен ережелерінде саяси мақсатты айрықша баса көрсетпейді, керісінше материалдық-экономикалық, мәдени-тұрмыстық, рухани, әлеуметтік, кәсіби қажеттерін және өз мүшелерінің мүдделерін қанағаттандыру міндеттерін алға қояды. Ақиқат өмірде олар (әсіресе кәсіп-одақтар), саясаттан тыс болмайтыны рас, анда-санда немесе тұрақты түрде сайлау науқандарына қатысады, кейде тіпті түрлі саяси талаптарды да белсенді түрде қойып отырады (мысалы, еңбекақыларын ұзақ уақыт төлемегендігіне байланысты Ресейдің шахтерлері мен кеншілерінің бірқатар кәсіптік одақтары 2008 жылдың жазында Ресей президенті мен үкіметінің отставкаға кетуін талап етіп қойды) . Кейбір зерттеушілер (М. Н. Марченко, С. А. Комаров) жоғарыда аталған ұйымдарды «нағыз саяси ұйымдар емес» деп атайды, және бұл термин құлаққа онша жағымды болмағанымен, олардың қоғамның саяси саласындағы өзіндік ерекшелігі мен орнын дәл көрсетеді.

Ақырында, саясаттан және саяси қарым-қатынастан алыс тұрған және тар шеңбердегі кәсіби, әуесқойлық мақсатты көздейтін, адамдардың жеке және топтық бейімділігі мен мүдделерін ескеретін мемлекеттік емес құрылымдар, ұйымдар, бірлестіктер мен қозғалыстар да бар. Бұл жерде филателистер, нумизматтар, автоәуесқойлар, музықамен әуестенушілер және т. б. қоғамдар айтылып отыр. Олар қоғамның саяси жүйесінің құрамына кіре ме? Олар саяси биліктің субъектісі болып табылмайды, нағыз саяси қарым-қатынасқа қатыспайды, сондықтан да оларды қоғамның саяси жүйесінің бір бөлігі деп санауға болмайды.

Осылайша, қоғамда тіршілік етіп, қызмет істеп жатқан мемлекеттік емес құрылымдардың, ұйымдардың, бірлестіктер мен қозғалыстардың бәрі бірдей саяси жүйенің компоненттері және құрамдас бөліктері болып табылмайды. [4, 60-б] .

Ондайлардың қатарына қоғамның саяси өміріне қатысуды тура немесе жанама түрде өздерінің мақсаты деп жариялайтын, саяси биліктің субъектісі болып табылатын, белгілі бір саяси мүдделерді көздейтіндерді жатқызу керек.

Қоғамның саяси жүйесінің мемлекеттік емес буындарының негізгі түрлерін кеңінен қарастырдық. Олардың нақтылы ролі көптеген факторларға байланысты және қоғамдық дамудың түрлі кезендерінде айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Мемлекеттік-ұйымдасқан қоғам жағдайында әрекет ете отырып, олар мемлекетке қатысты толық селқостық таныта алмайды және әр түрлі мәселелер бойынша ауық-ауық олармен байланысқа түсуге мәжбүр.

Мемлекет қоғамның саяси жүйесіне онын құрамдас бөлігі ретінде енеді. Сонымен саяси жүйенің бөлігі ретіндегі мемлекеттің субъектілігі - айрықша, өзгеше дара, қайталанбас: саяси жүйенің мемлекет сияқты осындай қасиеті мен сапасы бар, демек мемлекетке тән жағдайға, роль мен функцияға үміттене алатын басқа субъектісі жоқ қой. Мемлекетті саяси жүйенің құрамында оның жаңа қырлары мен жақтарын көрсетуге мүмкіндік бере отырып зерттеу аса пайдалы.

Саяси жүйеге қоғамның саяси өміріне қатысатын, саяси биліктің субъектісі болып табылатын құрылымдарды, бірлестіктерді, қозғалыстарды қоса отырып, осы айтылғандардың барлығының толық көлемінде мемлекетте де қолданылатындығын айта кету керек. Өйткені ол саяси биліктің қоғамдағы басты идея қолданушысы және негізгі субъектісі. Ол - саяси қатынастардың басым көпшілігінің белсенді қатысушысы (көбінесе - бастамашысы) ; онсыз олар көп жағдайда өзінің мәнділігі мен салмақтылығын жоғалтады. Барлық дерлік мемлекеттік-құқықтық институттар бір мезгілде саяси институттар болып табылады.

Басқаша айтқанда, мемлекетке саяси сипаттан, соған қарай ол қоғамның саяси жүйесінің құрамына кіреді. Алайда мемлекет - оның мемлекеттік емес буындарына ұқсас саяси жүйесінің, әдеттегіден тыс бөлігі. Ол - оның белгілі бір мөлшерде (белгілі бір елеулі ескертулерімен) ондағы шоғырландырушы және үйлестіруші рольді орындайтын өзегі.

Қоғамның саяси жүйесі саяси биліктің ұйымын қамтиды және, нақтырақ айтқанда, олардың арасындағы қарым-қатынастан тұратын, әр алуан саяси институттардың қызмет істеуіне әсері бар билік субъектілерінің жиынтығын өзіне қосып алады.

Түрлі объективті және субъективті себептердің әсерімен саяси жүйе өзгеріп, жаңа жағдайға бейімделеді. Және қоғамның әрбір даму кезеңіне саяси жүйенің өзінің жай-күйі сәйкес келеді.

Саяси жүйенің барлық буындары, оның ішінде мемлекет те, бір- бірінен бөлек, жеке әрекет ете алмайды. Олар қандай да бір мәселелер бойынша өзара алуан түрлі қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан да олар бірлік пен тұтастық құрады деп айтуға болады.

Алайда қоғамның саяси жүйесінің мұндай тұтастығы мен бірлігін асыра мақтауға, тіпті абсолюттендіруге болмайды.

Өйткені оның ішіндегі қарым-қатынас ылғи да оның құрамдас бөліктерінің ынтымақтастығы мен өзара көмегінің ара қатысы сияқты бағаланбауы мүмкін. Бұл қарым-қатынастың кейбіреуі ынтымақтастық пен өзара көмек шеңберіне сыйып кетеді, ал олардың кейбіреулері оған қарама-қайшы болып, күрес пен бірін бірі жоққа шығаратын сипаты болады.

Қоғамның саяси жүйесі - өзінің құрылымында саяси құрылыс, саяси ұйым, саяси нормалардың жиынтығы мен солардың негізінде құралатын саяси қарым-қатынастардың бірнеше салыстырмалы оғаштау, шағын жүйелері бар көптеген топтан тұратын құрылым. Қазіргі жағдайда бізді әсіресе қоғамның саяси ұйымы қызықтырады, өйткені оның құрамдас бөлігі болып өзінің алдына өз мүшелерінің саяси белсенділігін арттыруды, саяси билік (соның ішінде мемлекеттік билік үшін) жолындағы күреске қатысуды, оны өзінің саяси мүдделерін қанағаттандыру үшін пайдалануды мақсат етіп қойған ұйымдар, бірлестіктер мен құрылымдар табылады. Олармен бір «қатарда» әрекет ете отырып, мемлекет қоғамның саяси ұйымының бөлігі ретінде белгілі бір себепте олардың іс-қимылына ықпал етеді, қажетті жағдайларда олармен байланысқа да түсе алады және т. б.

Ішкі саяси жүйенің қарым-қатынасын ең алдымен оның бірқатардағы элементтерінің (мысалы, мемлекеттік органдардың, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың арасындағы) арасынан қарастырған дұрыс. Сөйтсе де кейде саяси жүйенің әр қатардағы элементтерінің қатынасын айқындау қажеттілігі туып қалады (мысалы, мемлекеттік органдардың саяси нормалармен қатынасы) . Әрине, әр қатардағы элементтердің қатынасын айқындау көбінесе бірінші түрдің қарым-қатынасымен жанама түрде байланысады (мысалы, мемлекеттік органдар құқықтық нормаларды қабылдағанда, толықтырғанда немесе күшін жойғанда, жаңа нормалармен ауыстырғанда және тағы басқа жағдайларда саяси нормаларды ескереді), бірақ кейде ол «тікелей» жүзеге асырылады (мысалы, әңгіме саяси нормалардың мемлекеттік органдардың қызмет етуіне ықпалы туралы болғанда немесе, керісінше, қандай да бір саяси нормалардың мемлекеттік органдардың ықпалымен түзетуге түсуі туралы болғанда) .

Бұл тарауда әңгіме саяси жүйенің бір қатардағы элементтерінің арасындағы қарым-қатынастар туралы болады.

ІІ бөлім. Қазіргі кездегі саяси жүйелер және айрықша белгілері

2 1 Мемлекеттің қоғамның саяси жүйесінің басқа буындарымен өзара қарым-қатынасы.

Мемлекеттің қоғамның саяси жүиесінің түрлі құрамдас бөліктеріне катынасы жөніндегі позициясы бірдей емес; ол олардың әрқайсысының қандай бағдарды және қандай бағытты ұстанғанына қарай жіктеледі.

Өзара қарым-қатынастың бір тұрпаты мемлекет пен саяси жүйенің билеуші таптар, таңдаулылар, әлеуметтік топтар мен топтар құрған мемлекеттік емес буындарына тән. Бұл өзара қарым-қатынасқа, әдетте, терең де шиеленісті, антагонистік қарама-қайшылықтар жат. Бұған қоса, мемлекет пен қоғамның саяси жүйесінің аталған буындары бірін бірі өзара қолдайды, алдарында тұрған міндеттерді шешуде көмек пен жәрдем көрсетеді. Мемлекет саяси жүйенің аталған буындарына заңмен көзделген (кейде тіпті көзделмеген де) жеңілдіктер мен артықшылықтар береді, ешқандай кедергі келтірмейді, оларды неғұрлым қолайлы режиммен қамтамасыз етеді, олардын жіберген бұзушылықтарына көбінесе «көзін жұмып» қарайды. Өз кезегінде соңғылары үкіметтің саясатын әрқашан қолдайды, мемлекеттік механизмнің кез келген қадамын, кез келген акциясын ақтайды, халықтың өзіне адал қарым-қатынасына қол жеткізеді.

Қарым-қатынастың басқа тұрпаты мемлекетке және оппозициялық топтар, таңдаулылар, әлеуметтік топтар мен топтар құрған саяси жүйенің мемлекеттік емес буындарына тән. Бұл қарым-қатынастардың әдетте қарама-қайшылық сипаты болады, кейде бұл қарама-қайшылықтар шиеленісіп, антагонизм сипатына ие болады. Салыстырмалы түрде алғанда олардың арасындағы ынтымақтастық пен өзара көмек сирек болады, олардың бір біріне қарсы тұруы мен қарсы әрекет жасауы жиі кездеседі. Мемлекет оппозицияның әрекетін шектеуге тырысады, оған кедергілер келтіреді, реті келсе күшпен басып отырады. Саяси жүйенің олар құрған буындарында топтасқан оппозициялық күштер үкімет саясатына қарсы әрекет етеді, қоғамдық пікірді оған қарсы қояды, халықтың өмір сүріп отырған өкіметке жағымсыз қарым-қатынасын туғызады.

Сондай-ақ мемлекет пен саяси жүйенің мемлекетке енжар қарайтын мемлекеттік емес буындарының арасында пайда болатын, өзара қарым-қатынастың аралық тұрпатын да айта алу керек. Соңғылар бір мәселелер бойынша үкіметті қолдаса, екінші бір мәселе бойынша оны сынайды.

Мемлекет саяси жүйенің осындай мемлекеттік емес буындарына қатысты біржақты қолдаушылық немесе біржақты кінәлаушылық бағыт ұстанбайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің саяси құрылысын қалыптастыру
Клерикалық мемлекет зайырлы және теократиялық мемлекеттерінің ортасындағы мемлекет
Қоғамның саяси жүйесінің даму
Саяси жүйенің жіктелуі
Саяси қатынастар
Қазақ қоғамының саяси жүйесі
Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі жайында
Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі және құрылымы. Қазақстан республикасындағы саяси процестер
Қоғам өміріндегі саяси жүйе және адам қоғамы
Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі және құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz