Әлемнің көптеген елдерінде мұғалім мәртебесі айтарлықтай биік


Қазіргі замандағы мұғалімнің іс-әрекеті: кәсіп пе, өнер ме?
Жоспар:
Кіріспе
1 Мұғалім мамандығына қойылатын талаптардың шетелдік тәжірибесі
2 Мұғалімдік кәсіп беделінің төмендеуінің негізгі себептері
3 Мұғалімнің іс-әрекетін кәсіптен өнерге өрлету жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Кіріспе
Шығыс халқы ежелден ұстаздық мамандыққа ерекше көзқарас қалыптастырып, оны қоғамдағы ең құрметті адам деп санаған. Осы бір бірнеше ғасырға созылған дәстүрді қайтадан қалпына келтіріп, мұғалімнің беделі мен мәртебесін қалайда орнына келтіруге тиістіміз. Француздың ағартушы педагогы Жан Жак Руссо «Ұстаздық уақыт ұту емес. Өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» деген екен. Демек, біз мұғалімді өз уақытын шәкірттерінен аямайтын, өзгенің бақытын мерейленіп аялайтын жеке тұлғаға айналдыра білуіміз керек. Қазақтың дені ауылда екені рас болса әсіресе ауыл мұғалімдерінің бағытынан адаспауына жағдай жасау ләзім деп топшылаймын.
Нарық заманы көптеген білімді жандардың мектептен кетуіне ықпал етті. Іскер жандар өз мүмкіндігін барынша кәсіпкерліктен көрсетуге тырысты. Азғантай нәпақаны қанағат ету отбасына да әсер етеді. Кейде кездейсоқ жандардың мұғалім болуы да педагогтардың беделін түсірді. Мұғалім - мектептің жүрегі болуы керек! Сөзі, ісі, тірлігі нағыз ұстазға сай адам ғана шәкірт жүрегін жауламақ. Мектепте нағыз тұлғалы, парасатты ер азаматтардың азаюы да бала тәрбиесіне, ұстаз беделіне нұқсан келтірер тұстары аз емес.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты өзінің кезекті жолдауында: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» [1], - деп білім, ғылым саласының алдына нақты міндеттер қойды. Сауатты елге айналуымыз үшін жас ұрпаққа берілетін оқу мен тәрбиені дұрыс жолға қойып алуымыз керек. Бұл жерде дұрыс жолға қою деп отырғанымыз - балаға білім беретін мұғалімдерге жағдай жасап, біліктілігі мен білімділігін арттырып, дамыту үшін, ұстаздың қоғамдағы беделін көтеру мәселелері. Дамыған елу елдің қатарында болу - еліміздің даму стратегиясының басты саясаты. Елдің дамығандығының белгілері ғылым мен техниканың, экономиканың жетістіктері болса, мұның барып тірелер жері - білім, ал білім беру тетігі - мұғалім. Мұғалім - зиялы тұлға иесі.
Қай қоғамда да мұғалімнің беделі құрметтеліп келген. Барлық елдерде қоғамдық және мемлекеттік беделге ие атақты тұлғалардың қайсысы болмасын, білім берген ұстазына еліктеп, үлгі тұтқан. Әлемнің көптеген елдерінде мұғалім мәртебесі айтарлықтай биік. Мысалы: Германияда мұғалімдер мемлекеттік қызметкерлер қатарына кіріп, салықтағы жеңілдіктер мен жоғары зейнетақыға ие болады. Бір ерекшелігі Германияда мұғалім бірнеше пәнді қатар бере алу құқығына ие. Ал Францияда мұғалім жұмысқа қабылданғанда мектеп директоры емес, мемлекет тарапынан алынады. Педагогикалық университеттің студенттеріне мемлекеттік мәдениет орындарына тегін, ал жекеменшік мәдени орындарға 50 пайыздық жеңілдіктер ұсынылады [2] . Бізге де осы елдердің озық тәжірибесін ескеріп, ұстанымдарын қолдану артықтық етпейді. Өйткені, сапалы білім беру, саналы ұрпақ тәрбиелеу - айтуға оңай, істеуге өте қиын міндет. Дамыған елдердің қатарына қосылу үшін, әрбір оқушыны бірегей тұлға етіп тәрбиелеуіміз шарт. Бұл ретте бәрі де ұстаздың біліктілігіне байланысты. Білімді мұғалім - қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Сол себепті, ұстаз мәртебесін көтеру бүкіл ел мәртебесін көтеретін өзекті шаруа, келелі мәселе болып табылады. Елбасы да бұған баса назар аударып, Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыру туралы биік мақсат қойды. Соған орай білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы да [3] қабылданды.
1 Мұғалім мамандығына қойылатын талаптардың шетелдік тәжірибесі
Озық елдер өздерінің білім саласындағы жетістікке жетуін негізгі үш міндетпен байланыстырады. Олар:
- ұстаздардан әрбір балаға тең дәрежеде көңіл бөлуді талап ету;
- педагогикалық кадр құрамының кәсіби деңгейінің жоғары сапасын үнемі бабында ұстау;
- мұғалімдік қызметке барынша дарынды жандардың тартылуына көңіл бөлу.
Бізге де осынау ұстанымдарды әркез есепке алу артықтық етпейді. Өйткені, білім игеру - айтуға оңай болғанмен, жай міндет емес. Шешімі жан-жақты әрі жүйелі жұмыстың нәтижесіне байланысты.
Бұл ретте, барлық үміт - ұстаз бойындағы міндетте. Ұстаз - ұлағатты атау. Алтын ұя мектептің жаны да, ары да - мұғалім. Өнегелі ұстаздан өрелі шәкірт шығатыны белгілі. Ұстаз қаншалықты қабілетті болса, оқушы да соншалықты талапты болмақ. Ұрпақтың жұлдызын жағып, мәртебесін биіктететін де, тағлымын қалыптастырып, танымын кеңейтетін де осы ұстаным. Тек жоғары білікті мамандар ғана қоғамда нақты құрметке бөлене алады. Бұл жөніндегі Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы жолдауында [1] айтылғандай, ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсынудың маңыздылығы жоғары. Ол үшін біз ЖОО-дағы педагогикалық мамандықтар бойынша білім берудің тұжырымдамасы мен стандарттарын түпкілікті қайта қарауымыз қажет. Бұл дегеніміз жастарымыздың еуропалық деңгейге тең біліктілік алуға мүмкіндік туғызу болып табылады. Мұның бәрі оқытушы мамандығының абыройын көтеріп, педагогикалық ЖОО-на нағыз дарынды да қабілетті жастардың ұмтылуларына жол ашады. Қазіргі жұмыс істеп жүрген мұғалімдер үшін біліктілікті арттырудың мүлде жаңа жүйесін енгізу қажет.
2 Мұғалімдік кәсіп беделінің төмендеуінің негізгі себептері
Қазіргі таңда мұғалімдік кәсіптің беделі басқа сұранысқа ие мамандықтармен салыстырғанда төмендеп кеткен. Ал, осы мұғалім мамандығының мәртебесі біздің қоғамда басқа мамандықтарға қарағанда айтарлықтай төмен болып тұрғанының себебі неде?
Біріншіден, мұғалімдік - өте қолжетімді мамандық. Екіншіден, осы қолжетімділіктен туатын сауатсыздық, біліксіздік. Үшіншіден, жалақының аздығы. Бүгінде соңғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі жоғарғы оқу орындарында сабақ беретін мұғалімдердің орташа жалақысы 85 мың теңге көлемінде болса, орта білім беру жүйесі мен бастауыш мектептерде орташа 75 мың теңгені, ал, тәрбиелеушілердікі 55мың теңге көлемін құрайды [4] . Осыдан келіп мұғалімдер арасындағы кәсіби өсудің төмендігі мен оқуға тапсыратын талапкерлердің арасындағы ер балалар санының аздығы келіп туады.
Бұдан мұғалімдіктің мәртебесін қалай көтеруге болады деген күрделі сұрақ туындайды. Бұл мәселені шешу жолында еліміздегі педагог мамандарды даярлайтын университеттердің білім беру жүйесіне жоғарыда келтірілген шетел тәжірибесіне сүйене отырып, бірқатар реформаларды енгізу қажет. Білім беру жүйесіндегі белең алған оқыту әдістерінің ескі формасының қолданыста әлі де жүруі - Болон процесіне қосылғанымызға біраз жылдан асса да, толықтай өз мәнінде жүзеге асып отырмағанын білдіреді.
Мұның басты себебі Қазақстандағы жоғары мектептің оқыту бағдарламасын аккредитациялау мәселесінің күрделілігінде. Бұл мәселені шешу жолында шетелдің рейтингісі жоғары бір университетінің бағдарламасын сатып алу (франчайзинг) арқылы енгізуіміз керек. Әрі, кредиттік жүйені мектептен бастап енгізуді жолға қоятын болсақ, бұл мәселенің түпкілікті шешілгені болып саналады.
3 Мұғалімнің іс-әрекетін кәсіптен өнерге өрлету жолдары
Бұдан келіп шығатын қорытынды, Қазақстан Республикасы мектептеріне зиялы, қабілетті мұғалімдерді даярлау мақсатында біріншіден, біз ең алдымен білікті, білімді педагог мамандарын даярлаумен айналысатын республикамыздағы жетекші беделді жоғары оқу орнына айналуымыз қажет. Себебі, біздің университет - еліміздегі ең жетекші педагогикалық ЖОО-ның бірі. Қазіргі таңда елімізде мамандықтардың жаппай қайталануынан, жоғары оқу орындары зардап шегеді, білім сапасына қатысты стандарттар сақталмайды. Диплом алған мамандардың кәсіби білімінің төмендігі көзге ұрып тұрады. Екіншіден, оқытудың коммерциялық түрі белең алып кету себебінен, тек оқу ақысын төлей алса болғаны, ешқандай да дайындығы жоқ талапкерлер қиналмастан қалаған университетіне оқуға түсе алады. Сондықтан, педагогикалық мамандықтың қолжетімді мамандыққа айналуын болдыртпаудың бірден бір жолы - ақылы бөлімдердің оқу ақысын мемлекеттік грант мөлшерімен теңестіру мәселесі болып отыр. Жоғары білімнің жаппай коммерциялануы мен кадрлар дайындаудағы кемшіліктердің одан сайын көбейіп кетуінің тағы бір себебі - ЖОО-да сырттай оқудың тым көбейіп кеткені. Өңірлердегі бірқатар жоғары оқу орындарында сырттай бөлімдерде оқитын студенттердің саны студенттердің жалпы санының 55 пайызынан да асып отыр. Бұдан сырттай оқу бөлімдерін жабуды тездетіп қолға алу қажеттігі туындайды.
Университет өзіне талантты да, дарынды жастарды тарту үшін оқуға қабылдау талабын өзгерту қажет. Мұндағы мақсат, ұлттық мәртебесіне ие педагогикалық университетті республикамыздағы ең жетекші оқу орындары қатарынан да биікке көтеріп, халықаралық дәрежеге сай сәйкестендіру. Ол үшін, ең алдымен, бұл оқу орнына қабылдану ереже-талабын өзгертіп, Назарбаев университеті немесе Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы талаптарына орайластырып, өзіндік дәстүрін қалыптастыруымыз керек. Талапкерлерді оқуға қабылдау кезінде үш тұғырлы тілге және мұғалімділік шеберлікке қабілетін анықтау мақсатында университет жанынан арнайы бөлім ашылуы тиіс. Бұл арнайы бөлімге жүктелетін міндет - талапкерлер бойынан мұғалімдік мамандыққа деген ынта-жігері мен сүйіспеншілігін анықтау. Оқуға қабылданған студенттерді топтарға бөлген кезде деңгейлеп оқыту әдісіне негізделуі дұрыс. Осылайша оқыту арқылы студентердің білім деңгейі мен талпыныс-талаптары ескеріліп, соған сай білім берілетін болады. Әрі, оқыту жүйесінің баспалдағындағы бакалавриат-магистратура-PhD докторантураның мазмұнын біліктілік тұрғысынан жетілдіріп, педагогикалық білімі жоқ студенттер үшін практикалық модулдік бағдарлама әзірлеу қажет.
Бітіріп шыққан мамандарымызды ары қарай жұмыспен қамтамасыз ету үшін арнайы шаралар қолдану қажет деп ойлаймын. Диплом алған жас маман мектепте жұмыс істеу құқығына ие болу үшін жолдама арқылы бөлінген мектепте екі жыл жұмыс істеп келіп, арнайы құрылған комиссияға екінші Мемлекеттік емтихан тапсыруы қажет. Соның нәтижесінде мектепте сабақ беруге рұқсат сертификатқа ие болады. Және бітірушілерге қосымша пәндерден сабақ беруі үшін арнайы сертификаттарға ие бола алатындай мүмкіндік туғызуымыз керек. Бұл - Республикамыздағы шағын комплектілі мектептердің мамандыққа деген тапшылығын шешудегі бірден бір жол. Сосын барып мектепке орналасқан жас мамандарға алғашқы 3 жыл көлемінде білікті, тәжірибелі педагог-ұстаздар тарапынан бағыт-бағдар беріліп, жұмыс істеу режиміне өзгерту енгізу тиіс.
Бүгінде ауылды көркейтудің басты тірек-тамыры - тапшы мамандықтармен, жастарды жігерлендіретін білікті мұғалімдермен қамту. Мұғалім тек қана білім ордаларын дамытып қана емес, ауылдағы жұмыссыздық мәселесін шешуге ықпал етіп, сол арқылы елді-мекендердегі хал-ахуалды дамытуға септігін де тигізері анық. Әсіресе, мемелекет тарапынан ұсынылатын жолдаудағы идеологиялық бастамаларды жүзеге асыру үшін, жергілікті тұрғындарға дұрыс бағыт-бағдар беретін де мұғалімдер қауымы. Ол үшін мемлекет тарапынан мектеп басшыларына міндеттеп, аталған бастамаларды жүзеге асыруын қадағалайтын, мектеп жанынан қосымша штат ашу қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz