Судьялар қазақ тілін білуі шарт


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ПАТРИОТИЗІМІНІҢ ӨСИЕТІ

1. Сен Ер Түрік елінің ұрпағысың, ¥лы Дала өркениетінің мақтанышысың. Соны асқақтатып әрқашан кұрметтей біл.

2. Ер Түрік тарихын, мәдениетін, әдебиетін жетік меңгер, санаңа сіңір.

3. Қазақстанға, казақ халкыңа өзіңнің барлыкқ жігеріңді жұмса, ол үшін құдай берген талантынды, еңбегінді аяма.

4. Өз еліңнің тілін, әдет- ғұрпын, дінін сақта, ол сенің руханиятың, басқа ұлтқа жұтылып кетпеудің берік кепілі.

5. Сенің бай тілің, бай жерің бар. Бұларды қасық қаның қалғанша қорғау сенің қасиетті борышың.

6. Қазақ мүддесін, ру, жүз жершілдік сияқты мүдделердің бәрінен жоғары қой, сен тек кана өз ұлтыңа қажетсің, ұлтың тек саған ғана қажет.

7. Қазақ халқын шамаң келгенше дүние жүзіне ғылым, өнер, спорт салаларында асқақтат. Бұл - мылтықсыз майданда, жаһандау кезінде баға жетпейтін жетістік.

Сәкен Өзбекұлы «Қазақ патриотизмін калай күшейтеміз?» Жас алаш//2005 жыл, 2 сәуір.

Рим ғұламаларының заңға байланысты қанатты сөздері.

1. abeunt studia morec (абэут студиа ин морэс) - әрекет әдетке айналады.

2. ab incunabulis (аб инкунабулис) - бесіктен бастау

3. absens heres non erit (абсэнс хэрэс нон эрит) - кешіккен бәрінен құралақан қалады.

4. actis testantibus (актас тэстантибус) - кесімдер дәлелдегендей.

5. ad hoc (ад хок) - дәл осы сәтке.

6. ad rem nihil facit (ад рем нихиль фацит) - іске қатысы жоқ.

7. aliis ne feceris guod tibi fieri non vis (алицс нэ фэцерис, квод тиби фиэри вис) - өзіңе тілемегенді басқаға жасама.

8. amicus Plato, sed magis arnica Veritas (амикус Плято, сэд магис амика вэритас) - Платон - маған дос, бірақ ақиқат кымбат,

9. aguila non captal muscas (аквилия нон каптат мускас) - бүркіт шыбын ауламайды.

10. argumenta ponderantuz non numerantur (аргумэнта, тондэран-тур, нон нумэрантур) - дәлелдің күші санымен емес, салмақтылығымен анықталады.

11. audiatur et alteza pars (аудиатур эт альтэра парс) - басқа жак та тындалсын.

12. corpus delicti (корпус дэликти) - кылмыстың құрамы.

13. de gustibus non est disputandum (де густибус нон эстдиспутандум) - ұнатымдылықта таластық болмайды.

14. de lege lata (дэ легэ лята) - күші бар заң талабы бойынша.

15. divide et impera (дивидэ эт импэра) - бөліп ал да, билей бер.

16. doctus nemo nascitur (доктус нэмо насцитур) - ешкім ғалым болып тумайды.

17. dulce et decorum est pro patria mori (дульце эт дэкорум эст про патчиа мори) - отан үшін өлу бақытты және игілікті.

18. dura lex, sed lex (дура лекс, сэд лекс) - заң қатал, бірақ ол заң.

19. errare humanum est (эррарэ хуманум эст) - адамға қателесу -тән қасиет.

20. ex auribus cognoscitur asinus (экс аурибус когносцитур азинус) - есекті құлағынан таниды.

21. flat justitia, ruat caelum (фиат юстициа, руат целюм) - дүние төңкеріліп түссе де, әділсот салтанат қүрс . . .

22. gutta cavat lapidem, non vi, sed saepe cadendo (гутта кават ляпи-дэм нон ви, сэд сэпэ кадэндо) - тамшы тасты күшпен емес, жиі тамшылауымен уатады.

23. hoc erat in more maiorum (хок эрат ни море майерум) - ата-бабалар әдет-ғұрпы солай болды.

24. ignorantiajuris (legis) neminem excusat (игноранциа юрис (легис) нэминэм экскузат) - занды білмеу, ақталу емес.

25. inter arma, leges silent (интэр арма легэс силент) - қарудың да-усы шыққанда заңдар үнсіз қалады.

26. legum servi esse debcmus, ut liberi esse possimus (легум сэрви эссэ дэбэмус, ут либэри поссимус) - еркін болу үшін, заңға бағыну қажет.

27. lex posterior derogat priori (лекс постэриор дэрогат приори) -соңғы заңмен ертеректегі жоққа шығарылады.

28. lex prospicit, non respicit (лекс проспицит, нон рэспицит) - заң-ның кері күші жоқ.

29. magna est Veritas, et praevalebit (магна эст вэритас, эт прэвалебит) әділет күші салтанат құрады.

30. nam vitiis nemo sine nascitur (нам вицнис нэмо синэ насцитур) - ешкім де кемшіліксіз дүниеге келмейді; күнде де дақтар бар.

31. ne bis in idem (нэ бис ин идэм) - бір әрекет үшін екі рет жазалауға болмайды.

32. negativa non probantur (нэгатива Нон пробантур) - теріс жағдайлар дәлелдеуді қажет етпейді. (Рим кұкының қағидасы) .

33. non numeranda sed ponderanda, argumenta (нон нумэранда сэд пондэранда аргумэнта) - дәлелдемелер санына қарай емес сапасына қарай бағаланады.

34. pacta sund servanda (пакта сунт сэрванда) - шарттарды орындау қажет.

35. plenus venter non studet libenter (пленус вэнтэр нон студэт ли-бэнтэр) - қарны тоқ білімге ынтасыз.

36. gui suo utitur, neminem laedit (кви суоюрэ утитур, нэмин. эм ле-дит) - кім құқықты пайдаланса, ол ешкімнің мүддесіне қол сұқпайды.

37. salus populi suprema lex est (салюс попули супрэма лекс эст) -халықтың игілігі ең жоғары заң болсын.

38. testis oculatus peuris est guat auditi, decern (тэстис окулятус плюрис эст квам аудити дэцем) - көзімен көрген біреу естіген он адамнан жоғары тұрады.

39. ubijusibi remedium (уби юс, иби рэмэдиум) - қүқық бар жерде қорғау да бар.

40. vultus est index animi (вультус эстиңдэкс аними) - бет - жанның айнасы.

ҚАЗАҚТЫҢ ҚҰҚЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ ҰЛАҒАТТЫ СӨЗДЕРІ

I. Ел басқару, билік жүргізу туралы.

1. Басшысын таппаған ел азады,

Иесін таппаған жер азады.

(Қазақ мақалы)

2. Жаксы адам ел басқарса,

Елің елден оздырады.

Жаман адам ел басқарса,

Елін торғайдай тоздырады.

(Қазақ мақалы)

3. Әділ болсаң халкыңнын көңілінен шығасың,

Пайғамбардың есігін қысылмай-ак кағасың.

(Мұхамед Хайдар Дулати)

II. Сот әділдігі туралы.

1. Қаңғыған оттан сақта, парақор биден сақта.

(Қазақ мақалы)

2. Батырдың атын жау шығарады,

Шешеннің атын дау шығарады.

(Қазақ мақалы)

3. Елге бай кұт емес, би құт.

(Қазақ мақалы)

4. Жаманнан жасауыл қойсаң

Еліңді жауға алдырар.

Наданнан би койсаң,

Еліңді дауға калдырар.

(Қазақ мақалы)

  1. Қор болған бұл дүниеде алты нәрсе,

Би болар тоқал қатын ақша берсе.

(Қазақ мақалы)

6. Батыр деген барақ ит,

Екі долы қатынның бірі табады.

Би деген бір бұлақ,

Қатынның ілуде біреуі табады.

(Төле би)

7. Тура биде туған жоқ,

Туғанды биде иман жоқ.

(Төле би)

8. Билері бұрыңғының пара алмайды,

Пара берген кісіге көз салмайды.

Бір ғаріп «сөзім бар» деп арыз етсе,

Ендігі би парасыз көз салмайды.

(Құлтума ақын)

9. Би асылдар паңсынып,

Сөйлер сөзі пұл болды.

Кім берсе пара молырақ

Оның ісі мол болды.

(Ғұмар Қарашев)

10. Тура айтатын

Биің қайда?

Би бардағы

Күйің қайда?

Би орнына

Бибің болды,

Би деу бірақ

Қиын болды.

Қаралды би

Жақтау болды,

Қараны жан

Ақтау болды.

(Ахмет Байтұрсынов)

III. Құқықтық тәрбие хақында

1. Халық занды көп білмейді тереңдеп, жай еңбекпен күн көреді әреңдеп.

(Жүсіп Баласағүн)

2. Қорқақтың қатыны болғанша,

Батырдың жесірі бол.

(Қазақ мақалы)

3. Бітісі жаман қамысты,

Су ішінде өрт шалар

Жүрісі жаман жігітті,

Ел ішінде жау алар.

(Қазақ мақалы)

4. Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді,

Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді,

Мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді.

(Қазақ мақалы)

5. Балаңды жеті жасқа дейін құдайдай сыйла,

Жетіден он беске дейін құлдай жұмса,

Он бестен өлгенге дейін жан досындай сырлас.

(Қазақ мақалы)

6. Ұятсыз қатын - тұзсыз ас,

Әдепсіз жігіт - жүгенсіз ат.

(Қазақ мақалы)

7. Ғалым алдында аузыңды тый.

(Қазақ мақалы)

8. Сүтпен кірген мінез

Сүйекпен бірге кетер.

(Қазақ мақалы)

9. Ұят-иман белгісі,

Ұятта да иман бар.

(Қазақ мақалы)

10. Сот түзелмей халық түзелмейді. Сот халықтың жайын, салтын, рәсімін, тілін білмесе, сот емес, ол - сор . . . Сотқа шын еңбекшілер қамын ойлайтын, ақшаға, ажарға сатылмайтын, халықтың әдет-ғұрпына жетік ақжүрек адал адамдарды сайлау керек.

(Міржақып Дулатов)

11. Әділ бидің елін дау араламайды,

Әділ патшаның жерін, жау араламайды.

(Мәшһүр Жүсіп Көпеев)

12. Ақырзаман болғаңда

Қатын би болар

Сиыр пұл болар

Туған балаң қу болар

Үй ішінде неше жан болса,

Бас-басына би болар.

(Мөңке би)

13. Замана қайтіп түзелсін,

Қоңсыдан туған би болды.

Бұ сықылды күй болды,

Көрген жұртқа таң болды.

(Мұрат)

14. Би болсаң, даналық керек,

Даналық үшін саналық керек.

Би азғаны сол болар,

Төреде жоба жоқ болса.

(Шеген би)

15. Қазақ халқы тыныштық табу үшін халық билерінің әділ болуы керек . . . Бұрыңғы қара қылды қақ жарып, билік айтатын шешен би қайда, олардың заманы қайда? : Енді ол заманды іздемеске де керек, сағынбасқа да керек, қанша зарласақ та қайта айналып келмейді . . . Билерге кім малды көп берсе, билік сонда.

(Шардай Қарасарт баласы)

16. Адамды адам ететін үш мамандықты қадір тұткан: жанын емдейтіндер, тәнін емдейтіндер және заңгерлер. Көне мұсылман елдерінде сот қызметіне қызығушылык танытпаған, адамның тағдырын шешуде қате жіберіп, Алланың алдында да, адамның алдында да ұятқа қалам деп сескенген. Сұлтан - патшалар сотты күшпен, оның келісімінсіз тағайындаған.

А. Айталы

17. Судьялар арасындағы парақорлықты адамгершілік тұғырдан алғанда абройсыздық деп бағалап қоймай, мұңы экономикалық жағынан да тиімсіз етуіміз керек. Судья өз қызмет орнын қадірлеуге тиіс және занды немесе кәсіби этиканы бұзған жағдайда өзінің мемлекеттік қызметте болу құқығынан емес, барлық әлеуметтік кепілдіктерден де айырылатынын білуі керек.

Н. Ә. Назарбаев

Судьялар санатына тек ғана ары таза, терең білімді, дүниежүзілік мәдениетті, дәстүрлік мәдениетті, әдебиетті меңгерген адамдар ғана кіруі қажет. Кейде судьяларымыздың шала сауаттылығын көргенде төбе шашымыз тік тұрады. Адам тағдырын шешіп отырған судьяның екі сөздің басын кұрап сөйлей алмайтын, дөрекілікпен дікіңдеуден көз ашпайтын қатыгез, тіпті надан болғанын құдайдын құтты күні кездестіреміз.

Сәкен Өзбекұлы

ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ УСТАВЫ

I. Кіріспе сөз

Қазақ елі көне ұлттардың бірі. Оның тарихының тамыры тереңге жайылған. Жеке ел болып өмір сүрді, елін, жерін қорғады. Ұрпақ жалғастырудан 7 миллионға жетті. Санымен Россияда үшінші орында. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдарда қалмақтардың күшті һәм көп әскеріне ауыз бірлік жоқтығынан қарсы тұра алмады. Бірақ Үш жүздің ақылды ұлдары бір байрақтың астына жиналуға уәде беріп, бас қосып, қалмақтарды күл-талқан жасады. Әбілхайыр хан асығыстық жасаумен Кіші жүздің қазақтарын Россияға бағынышты етті, Орыс патшасы жасалған шартты бұзьш, қазақ жеріне бекіністер орнатты, жаулап алуды күштіледі, қара шекпенділерді каптатты, қазақтың жерін, жеген нанын, ішкен суын тартып алды. Байғұс қазақтар өз жеріне ие болудан айырылды һәм айдалаға, құмға ығыстырылды.

Жаңа заман атыссыз, соғыссыз, қан төкпей бейбіт жолмен жерімізде хүкметі өз қолында ел болу мақсатында, барлык елдермен достықта болу үшін жеке Қазақ елі республикасын құрамыз. Қазақ елі республикасында жоғарғы билік жүргізді бүкіл қазақ және басқа нәсілдердін өкілдері дауыс беру арқылы іске асырады. Сайланатындар елдің ең сүйікті, білімді, ел үшін жанын беретін адамдар.

Өз алдына ел болуды көздеумен дүниеде өзін-өзі билеген нәсілдер сияқты жеке ел болу мақсатында һәм елді бақытты, теңдік, бостандық өміріне жеткізу үшін осы уставты кіргізеді.

II. Қазақ елі республикасының жеке болуы турасында

1. Қазақ елі халық билейтін һәм қазақи ерекшеліктері бар ел.

2. Қазақ елінің туы бар. Ту жасыл, қызыл һәм сары көлденең жолақтардан жасалады. Басыңдағы бұрышта ай һәм жұлдыздың суреті бар. Жасыл түс - елдің исламға берілгендігінің белгісі, қызыл - ел қорғауда төгілген қан, сары - қазақтың кең даласы, еркіңдіктің белгісі.

3. Бұдан былай Қазақ елі Россиямен достастық, яғни доминион дәрежесіндегі қарым-қатынаста болып тұрады.

4. Қазақ елінде ең басшы орыны - Ұлт Мәжілісі. Оған дауыспен өткендер Қазақ елінің басшысы Президентті төрт жылға сайлайды.

5. Бір Президент екі реттен асып ел билеуге хұқы жоқ.

6. Президент Қазақ елін министрлер арқылы басқарады. Министрлерді Президент өзі таңдайды, бірақ Ұлт мәжілісі дауыспен шешеді.

7. Министрлер өздері баскарған жұмыстарымен Президенттің һәм Ұлт мәжілісінің алдында есеп беріп тұрады.

8. Қазақ елі Президенттің орынбасары - Вице президент. Ол Президент жоқ болғанда орын басады, бар кезде оның айтқанымен жұмыс істейді.

9. Қазақ еліңде билік жүргізу закон шығаратын, орындайтын һәм сот болып тұрады. Үш билік бір-біріне бағынбайды, бассыздыққа жол бермеудің белгісі болып тұрады.

III. Адам баласының хұқы турасында

10. Қазақ елінде адам баласының бәрі тең хұкылы. Дініне, қанына, тегіне, нәсіліне қарап адамды қорлауға жол жок. Адам тек закон һәм құдай алдында жауап береді.

11. Қазақ елінде адам балалары бостаңдыкта, тендікте һәм бақытты өмір сүруге хұкы бар.

12. Қазақ елінде ер адаммен әйел теңді. Қазақи ерекшеліктер әйелдерді қорламайды, әйел келісімімен іске асады.

13. Қазақ елінде адам баласының еркін сөйлеуге, ұйым құруына һәм партияларға кіруіне тыйым жоқ.

14. Нәсілдерді бір-біріне қарсы итеретін ұйымның, партияның, адам баласынын істеріне тыйым салынады. Кінәлілер законға жауапты.

15. Қазақ елінде соттын рұқсатынсыз адам баласы ұсталмайды, абақтыға қамалмайды. Ұсталғандарға сот 24 сағат хүкім беруі шарт, болмаса қамаудан босатылады. Законды бұзумен қамаған сот алдында сазайын тартады.

16. Қазақ елінде адам баласынын хат-хабарын ашуға рұхсат жоқ. Рұхсат беру - соттың мойнында.

17. Адам баласының мүліктің барлық түріне ие болуға хұкы бар. Мүлікке ие болу, пайдалану һәм билеуден адам баласына зиян болмауы шарт. Мүлік хұкынан айыру законмен, құнын төлеу арқылы болады.

IV. Қазақ жері турасында

18. Қазақ жері оның меншігінде болады.

19. Қазақ елінің жері саудаға түспейді, құдай оны адам баласына пайдалану үшін жаратты.

20. Жердің кені, орман, су, көлі һәм таулары қазақ елінін иесіңде. Мал жаю, егін есіру, үй салу, жерді өңдеу һәм жерді пайдалы іс мақсатында қазынаға қайтару хұкмет рұхсатымен болады.

V. Сот турасында

21. Сот билігі өз еркімен іске асады.

22. Соттың хүкімі законға һәм сот ережелеріне сүйенеді.

23. Судьялар дау шешкенде хүкметке яки адам баласына бағынбай, закон һәм сот ережелері негізімен хүкім шығарулары шарт. Судьяларға әсер жасағандарға соттың хүкімі кесіледі.

24. Қазақ еліндегі бар судьялар Ұлт мәжілісінде өмір бойы сайланады. Законды бұзған һәм орындамаған судьялар орындарынан алынады.

25. Орнынан алуды адам баласының арызының негізіңде һәм Қазақ елі сотының Председателінің хүкімімен ¥лт мәжілісіңде көп дауыспен растайды. Олай болмаса, судья өз атына қайтарылады.

26. Судьялар қазақ тілін білуі шарт. Басқа нәсілдердің сотта өз тілдеріңде сейлеуге хұқы бар.

27. Присяжный соты ауыр қылмысты істерді шешуге хұкылы. Присяжный саны 7 адам.

28. Сот орнында партиялар болмауы шарт. Судьялар партияға кіру хұқынан айырылады. Жасырын мүше болса, орнынан алынады.

13 июнь, 1911жыл, Санкт-Петербург. С. Б. Алашинский. Б. Сыртанов архиві, 1-том, 34-39-беттер.

ЖЕТІ ЖАРҒЫ

Қазақтың көне ел билеу заңы

Қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу

(ер адамға 1000 қой, әйелге 500 қой) ;

- ұрлық, қарақшылык, зорлық-зомбылық жасаған адам өлім жазасына кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады;

- денеге зақым келтірілсе, соған сәйкес құн төленеді (бас бармақ - 100 қой, шынашақ - 20 қой) ;

- төре мен кожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді;

- егер әйелі ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, кұн төлеумен ғана құтылады, мұңдай қылмысты екіқабат әйел жасаса, жазадан босатылады) ;

- егер ері әйелін өлтірсе, ол әйелінін құнын төлейді;

- ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі;

- өзіне-өзі қол салғандар бөлек жерленеді;

- егер екіқабат әйелді атты кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса: бес айлык бала үшін - бес ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға - әр айына 1 түйеден (анықтама үшін: 100 түйе - 300

-әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі.

Мұндай қылмыс үшін еріне немесе қыздың ата-анасына кұн төлеуге тиіс, егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе, жазадан босатылады;

- әйелі ерінің көзіне шөп салу үстінде ұсталса, ері оны өлтіруге хақылы, бірақ қылмыс сол сәтінде жария етуге тиіс; әйелінен сезіктенген еркектің сөзін 4 сенімді адам дәлелдеп беру керек. Егер олар теріске шығарса, әйел күнәсіз деп табылып, жазадан босатылады;

- біреудің әйелін күйеуінің келісімінсіз алып қашқан адам өлімге бұйырылады немесе ердің құнын төлейді, егер әйелдің келісімімен әкетсе, күйеуіне қалың төлеп, қосымшасына қалыңсыз қыз беруге тиіс; - әйелді ренжіткен адам, одан кешірім сұрауға тиіс; сұрамаса, арсыздығы үшін айып салынады;

- қан алмастыру (7 ата ішінде) өлімге немесе ағайыңдар белгілеген жазаға бұйырылады;

- құдайға тіл тигізген (7 адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі;

- кәпір болған адам мал-мүлкімен айдалады;

- Құл өмірі Құнсыз, ол кожайынның билігіңде ( қазақ құлдарды жалпы, малшы ретінде ұстап, кейін бөлек шығарып отырған) ;

- ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады, ал қыз қол-аяғы байланып, анасының билігіне беріледі;

-ұрлық жасаған адам үш тоғызымен қайтаруға тиіс;

- ұрлык пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады;

- ерінің ұрлығын біле тұра хабарламаған әйелі мен баласы жазаға тартылмайды, өйткені үлкеннің үстінен шағым айту әбестік саналады;

-өсиет ағайындар мен молланың қатысуы арқылы жасалады;

- барымтадан қайткан мал төлімен қайтарылуға тиіс;

- дауды шешу билер мен ақсақалдарға жүктеледі;

- куәлікке кемінде екі немесе үш адам жүреді.

Сәкен Өзбекұлы

Көшпелі қазақ өркениетіндегі құқық. Алматы, 2002. 174-176 беттер.

Заң туралы

Қоғамдық келісім арқылы Саяси организмге тіршілік пен өмір бердік: еңдігі әңгіме оны заңның көмегімен қозғалысқа келтіру және оған ерік беруі туралы болып отыр. Себебі, бұл организмнін кұрылуы мен біртұтас болуға қамтамасыз еткен бастапқы акт, оның өзін сақтап қалу үшін не істеу керек екенінен ештеңені анықтай алмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ мемлекетін құру идеясын көтерген тұңғыш азамат
«Тарих тағылымы» /әңгіме/
Қазақстан Республикасындағы судья мәртебесінің өзекті проблемалары
Судьяның тәуелсіздігі және оның тек қана заңға бағынуы
Қазақ ұлты - өзінің бірегей қазақ ерекшеліктерімен халық басқаратын ұлт
Сот билігі жайлы
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің құқықтық негіздері
Сот жүйесінің даму мәселелері
Өкілдіктің қолдану аясы
Қазақстан Республикасындағы судья мәртебесінің өзекті мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz