Неміс шаруаларының алғашқы отарлау шаңырағы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстандағы неміс диаспорасы

Қазіргі Қазақстанда 120-дан астам ұлттар мен ұлыстар өмір сүруде. Бұл
біздің қоғамымыздың зор байлығы, әрі зор қамқорлықты қажет ететін құбылыс
екені рас. Солардың арасында саны неғұрлым көп диаспоралардың бірі
немістер. Таяу кезге дейін Қазақстанда жарты миллионға жуық немістер болды
және олар ұлттық диаспораның сан жағынан үштен бірін құрады. 1980 жылдардың
ортасынан бастап немістердің Германияға эмиграциясы басталды. Сол себепті
де немістердің саны азайғанымен, соңғы кезде біршама тұрақтала бастады.
Қазақстандағы неміс диаспорасының тарихы 200 жылдай деп есептелінеді.
Қазақстанға немістердің келе бастауы Ресей империясының қазақ жерін
отарлауымен тұспа-тұс келеді. Ресейдің қазақ жеріне аттанған әскер
экспедицияларының құрамында кезінде патша Петр I, одан кейін де монархтар
Ресей Ғылым Академиясына шақырған неміс дворяндығының өкілдері, ғалымдар
көп болды. 1734 жылғы сондай экспедицияның құрамында Фридрих Миллер болды,
ол Солтүстік Қазақстанның географиялық жағдайын зерттеді, жергілікті
тұрғындардың тұрмыс халі туралы жазды. Сонда Бухгольц Алтай аймағы, Зайсан
көл аумағын, Петр-Симон Паллас пен Евгений Эверсман Орталық және Батыс
Қазақстанды зерттеді. Олар сонда алғаш рет Каспий теңізінің деңгейі әлемдік
мұхиттан төмен жатқандығын анықтап, Қара теңіз бен Каспий теңізі аралығында
жалғастық болуы туралы жорамал жасады. ХІХ ғасырдың бас кезінде аты әлемге
танымал математик Эйлер Жайықтың төменгі ағысы бойын зерттеген экспедицияға
қатысты. Ол тұңғыш рет Жайықтың картасын жасап, бұрынғы Гурьевте бірінші
метеорологиялық пункт ашты. Ал фон Шренк Балқаш пен Ақкөлдің генезистік
жүйесін жазды. 1840-43 жылдары Жоңғар Алатауы мен оның шыңдарын зерттеп,
олардың биіктігін барометрлік тиімділікпен айқындаған да сол фон Шренк.
Өткен ғасырдың орта шенінде атақты астроном Струве Арал мен Каспий
теңіздерінің гидрографикалық картасын жасады. Вильгельм Бартольд пен
Фридрих Радлов көшпенділердің өмірі, тұрмыс-салттары жөнінде тамаша
кітаптар жазды. Олардың еңбектері Қазақстандағы жоғарғы оқу орындары тарих
факультеттерінің студенттеріне әлі күнге дейін оқулық іспетті.Зерттеушілер
Е. Михаэлс, К.Вернер, фон Грент, А.Фридерикстер қазақ жерінің жер асты
қазынасын зерттеді. Алматыдағы ең үлкен бақ Э. Баумның атымен аталады.
Омбының генерал-губернаторы фон Шпингер қазақ сұлтаны Шыңғыс Уәлиханов пен
жақсы араласқан. Оның баласы – қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың да
оқу, қызметіне жағдай жасап отырған.
Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы фон Кауфман жергілікті халықты
оқу-ағартуға шақырды, ал дәрігер Александр Шварц Оңтүстік Қазақстан
тұрғындарын талай індеттен аман алып қалған. ХІХ–ХХ ғасырлар шегінде
Қазақстан жерінде, шет елдерде жұмыс істеген орыс кәсіпкерлерінің 10 пайызы
немістер болған. Вили Пфафф Шымкент фармацевтика заводының негізін салды.
Ганс Шпрингер Степногорда алтын өндіретін фабрика салды.
Қазақ жеріндегі алғашқы неміс қоныстары ХІХ–ХХ ғасырлар шегінде пайда
бола бастады. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында олардың географиялық
жағынан орналасуы едәуір кеңейіп, елді мекендердің саны көбейе бастады.
Ресейдегі жер мәселесін шешуді мақсат еткен Столыпин реформасының жүзеге
асуы барысында неміс диаспорасы едәуір көбейіп, аймақта әлеуметтік-
экономикалық маңызға ие болды. Неміс шаруаларының алғашқы отарлау шаңырағы
Дала уалаятының Ақмола облысы, Омбы уезінде көтерілді. 1915 жылға қарай
Ақмола губерниясының қазыналық жерінде немістердің 56 қонысы бой көтеріп,
олар 260 мың десятина жерді қамтыды. Ондағы немістердің саны 27 мыңға
жетті.Алайда жалпы даму барысында Қа-зақстандағы немістер санының көбейуіне
Ұлы Отан соғысы басталар алдында Ке-ңестер Одағының Оңтүстік-Шығыс шебіне
күштеп жер аударған қайғылы оқиға шешуші роль атқарды. Немістерді
Германияның бесінші колониясы болады деп күдіктенген КСРО Жоғарғы
Кеңесінің президиумы Еділдің төменгі ағысы бойындағы – Поволжье
аудандарындағы немістерді жер аударып көшіру туралы жарлық жарияланды. 1941
жылы КСРО ның еуропалық бөлігіндегі немістер Қазақстан мен Сібірге жер
аударылып, Төменгі Повольжье автономдық Республикасы өмір сүруін біржолата
тоқтатты. Жер аударылғандардың жалпы саны 700–800 мың адам болды.
Сталиннің 1941 жылғы 28 тамыздағы жарлығы ресми түрде тек Төменгі Еділ
бойындағы немістерге қатысты болып, НКВД ның қатаң бақылауы арқылы
кенеттен, 24 сағаттың ішінде 400 мың адам зорлықпен жер аударылды. Алайда,
Еділ бойындағы немістермен қоса бір жарым ғасыр бойына жылы орындарында
отырған басқа аудандардағы ресейлік немістер де іле-шала жер аударылып,
одан соң қатаң бақылаумен еңбек армиясына алынды. Айналдырған бір сағаттың
ішінде немістер өздерінің респуликасынан, саяси құқықтарынан, басқа да
ұлттық, мәдени мұраға байланысты ерекшеліктерінен жұрдай болды. Еңбек
армиясына алу, НКВД ның еңбек армиясы арқылы кәрі-жас, ер-әйел демей,
барлығы, тіпті жас балаларға дейін тізіделіп, қатталып бақылауға түсті.
Немістердің еске алуы өте қайғылы тарихы осылай болды. Бірақ оны еске
алмауға да болмайды.1955 жылдың 13 желтоқсанында КСРО Жоғарғы Кеңесі
президумының Арнайы жер аударуда жүрген немістерге, олардың отбасы
мүшелеріне қойылған құқықтық шектеулерді алып тастау туралы жарлығы шықты.
Осылайша арнайы жер аудару аяқталды, бірақ, олардың өз туған жерлеріне
баруына тиым салынды. Тек 1972 жылғы 3 қарашада ғана Жоғарғы Кеңес
Бұрыннан жекелеген азамттарға арналған, олардың тұрақты мекен таңдауына
тиым салынған шектеу жойылсын деген жаңа қаулы шығарды. Бұл қаулы бойынша
Кеңес Одағының кез келген азаматы тәрізді немістер де КСРО аумағында еңбек
ету құқы және төлқұжаттық тәртіп заңдарына сәйкес өздеріне тұрақты мекен
таңдауына ерікті болды.КСРО Жоғарғы Кеңесі президиумының 1964 жылғы жаңа
қаулысында немістерге мемлекет тарапынан болған көзқарас әділетті
айқындалды: Өмірдің өзі көрсетіп отырғандай, ұлтқа жабылған жала негізсіз
болды, Бұл Сталиннің жеке басына табынған өктемдік салдарынан болды. Ал шын
мәніне келсек, Ұлы Отан соғысында неміс тұрғындары да барша кеңес халқы
тәрізді Кеңестер Одағының фашистік Германияны жеңуге өздерінің жанқиярлық
еңбегімен зор үлес қосты. Содан 22 жыл өткен соң 1989 жылы КСРО Жоғарғы
кеңесінің президиумы тағы бір маңызды құжат қабылдады. Бұл Халықтарға
жасалған жала олардың құқықтарын аяққа басып регрессив түрде қиянатқа
ұшыратқан заңсыздықтарды қылмыс ретінде мойындау жөнінде. Осылайша Кеңес
немістері екі рет, яғни, 1964 және 1989 жылдары ресми ақталды. Алайда
олардың құқықтары көне бүгінгіге дейін толық қалпында ақталып біткен жоқ.
Бұл жердегі әңгіме олардың мемлекеттігі туралы. Алайда жарты ғасырға
созылған үнсіздіктен кейін олар өздерін шын мәнінде этникалық қауымдастығы
ретінде сезінді. Бұл дегеніңіз ұлттың өзін-өзі тануы және этникалық сақтап
қалуға ұмтылу. Қазақстандағы ұлттық сананың белсене түсуі 1989 жылдан
басталды. Ондай ұлттар қатарында немістер бар да еді. Ұлтжандылардың күш
салуы арқасында барлық жерде Қайта жаңару қауымдастығы құрылды.
Немістердің де мәдени орталықтары ашылды. Немістердің 1992 және 1995 жылы
бас қосқан съездерінде ол кезде республикада жарты миллионға жуық
немістердің мүдделерін қорғаған Немістер Кеңесі сайланды. Ал, 1994 жылы
Алматыда Қазақстанға және сырт елге де танымал болған Неміс үйі ашылды.
Ашылғанына көп болмаса да немістер үйі бұл кезеңде ұлттың мәдени және
әлеуметтік саяси өмірінің орталығына айналды. Ал немістер Кеңесі Қазақстан
мен Германияның арасындағы көпір іспетті болды. Ол ең алдымен Қазақстандағы
неміс этникалық топтарының, қала берді, екі елдің арасындағы
ынтымақтастыққа кең жол ашты. Олар 1993 жылғы қазан айында бекітілген,
немістердің қайта жаңарған этникалық тобының кешенді бағдарламасын жасады.
Оны Қазақстан үкіметі арнайы қаулысымен бекітті. Осы бағдарламаның
негізінде этникалық қайта жаңарудың облыстық бағдарламалар жасалды. 1994
жылғы желтоқсанда оның мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданып,
бағдарламаның қосымша шаралары бекітілді.
Немістер кеңесі өздерінің туған ана тілін қайта жандандыру жұмысына баса
маңыз беріп келеді. Астанада облыстық Қайта жаңару қоғамдастығының
күшімен құ-рамында балалар бақшасы, бастауыш мектеп және гимназиясы бар
неміс кешені құрылды. Қарағандыда неміс гимназиясының (бастауыш сыныптары)
және бала бақшасы жұмыс істейді. Қайта жаңару және мәдениетті кеңінен
насихаттау бағытында неміс қаумдастық бірлестіктері мәдени демалу жұмысына
баса назар аударып отыр. Облыстық қалалық және аудандық ұлттық мәдени
орталықтарда вокалдық топтар, фольклорлық, музыка-лық, отбасылық
ансамбльдер және би топтары құрылған. Мәдени орталықтардың жанында
кітапханалары, неміс балаларының жексенбілік мектептері бар. Павлодар және
Рудный қалаларында мәдени орталық үшін екі бірдей музыкалық колледжде
кадрлар дайындалады. Алматы қаласында бүкіл ТМД елдерінде бірегей неміс
драма театры жұмыс істейді. Қазақстандағы немістер өмірі туралы
теледидардан апта сайын Гутен абенд телебағдарламасы жүргізіледі.
Республикалық радиода неміс тілінде арнайы хабарлар таратылады Дойче
Альгемайне газеті республикалық бюджеттен қаржыландырылады. 1958 жылдан
бастап Қазақстанның мемлекеттік радиосында неміс редакциясы жұмыс істейді.
Немістің Феникс атты әдеби-көркем, қоғамдық-саяси альманахы да мемлекет
тарапынан қолдау табуда.1997 жылдың күзінен бастап Германияда Қазақстаннан
келген немістерге және басқа оқырмандарға арналған Еуразия курьері деген
басылым шығып келеді.Қазақстандағы неміс ғалымдары бірлестігін де ерекше
атап өткен жөн. Қазақстанның көп ұлтты халықтары тәрізді неміс этносы да
жалпы ұлттық келісімді қолдайды. Қазақстан тәрізді жартылай этникалық
мемлекетте онсыз жалпы ұлттық келісімге, азаматтық бірлікке жету, қаншама
ауыр болса да тарихи шындықты қайтадан қалпына келтіру мүмкін емес. Ал
шындықтың тарихы былай: небір ауыр кезеңдерде Қазақстан аумағына тұтастай
халықтар зорлықпен көшіріліп, жер ауып отырған. Егер Қазақ халқының
қолындағы бір тілім нанын бөліп беріп отырған қамқорлығы болмаса, сол
халықтардың аман қалуы да неғайбіл еді.Қазақстанды мекендеп отырған
этностардың тарихи-мәдени мұралары, ха-лықтардың қайталанбас салт
дәстүрлері біздің ортақ игілігіміз. Сондықтан оны көзіміздің қарашығындай
қорғап дамыту, өзара байыту, сөйтіп барша Қазақстандықтардың жалпы ұлттық
игілігіне айналдыру басты парыз.Қазақстан басшылары қазір эмиграцияны
қысқартуға бағытталған бірқатар шараларды қабылдап отыр. Бір айта кетерлігі
– соңғы жылдары Германияға кеткен қазақстандық немістердің көбі өздерінің
өскен елдеріне қайта оралмақ ниетінде.Еліміздің үкіметі олардың қайтадан
оралып, өздерінің тарихи отандарында жүрген бұрынғы қазақстандық
немістермен де байланыс жасауға қызығушылық танытуда. Бұл – шақыру жүйесін
жеңілдету, және азаматтық алып беру. Қазақстандық және Германдық отандастар
арасында байланысты нығайту, олардың жан-жақты ынтымақтастығын арттыра беру
– көп ұлтты қазақстандағы неміс этникасын сақтап және дамытудың бірден-бір
шарты.

Әлемдік алып держава – бұрынғы КСРО-дағы ұлттық демократиялық
процестердің бастауы қазіргі Астана, бұрынғы Целиноградта болған 1979 жылғы
19 маусымнан бастау алды десек, қателесе қоймаспыз. Қазақстандағы әкімшілік-
әміршілдік жүйеге тұңғыш соққы берген, жасанды түрде құрылған ұлттар
достығы тарихының бетіндегі қара дақ – Ақмоладағы маусым бүлігінен бері
тура 29 жыл өтіпті.
 
Қазақ жеріндегі неміс тарихы 
Немістер қазақ жеріне Ресей асып келгені белгілі. Ал Ресейдегі неміс
тарихы мың жыл бұрынғы Ярослав Мудрый, қаһарлы Иван кезінен бастау алады.
Еуропаға терезе ашқан император І Петр тұсында неміс оқымыстылары мен
әскерилері, көпестері қаптады. Патшайым Анна Иоановнаның тұсында немістер
Ресейдің барлық жоғары билік бұтақтарына орнығып үлгерді. Одан кейін ІІ
Екатерина патшайым Ресейге қоныс аударатындарға тегін жер және өсімсіз
несие беретінін және отыз жыл бойы салықтан босатылатынын, діні мен тілін
сақтауына кепілдік беретінін, әскерге алынбайтынын айтып, христиан әлеміне
жар салды. Немістер қуана-қуана Ресейге қарай ағылды. Сөйтіп, екі ғасыр
бұрын Саратов губерниясын, қазіргі Әзірбайжан жерін жайлайды. Біразы қазақ
даласына өтіп, қазіргі Қызылорда қаласының маңына қоныстанады. Жазушы
Герольд Бельгердің де жетінші атасы отбасымен бірге 1764 жылы Ресей асқан.
1874 жылға дейін ресейлік немістер орыс тілін керек те қылмастан ен жайлап,
еркін өмір сүріп келген. 100 жылдан астам уақыт әскер қамытын кимеген
немістер 1874 жылдан бастап орыс армиясына қызмет етуге шақырыла бастайды.
Осы себептен 100 мыңдай неміс қайта көшіп кетеді. ХІХ ғасырдың соңында
Қазақстандағы немістер саны 2600 адамды құрапты. Көбісі Кенді Алтайда,
Рудный кентінде қызмет істеген инженер отбасылары болғанға ұқсайды. Ресейде
неміс тілін ана тіліміз деп есептейтіндер саны 1914 жылы 2 миллионға
жетіпті. 1924 жылы Лениннің нұсқауымен Поволжьеде орталығы Энгельс қаласы
болып табылатын Неміс автономиясы құрылады. Ұлттық театры жұмыс істеп, 21
газет неміс тілінде шығып тұрған. Көп ұзамай басталған сталиндік репрессия
немістерді де шарпиды. 1934 жылы кенді Алтайдың өзінде 577 неміс
тұтқындалады. 1939 жылғы санақ бойынша жалпақ КСРО-да 1 миллион 427 мың
неміс болыпты. 1941 жылы Сталин Поволжьеде тұратын 451 мың немісті
түгелімен Сібір мен Қазақстанға жер аударады. Қазақ жеріне Еділ бойында
туған жазушы Герольд Бельгердің ауып келетіні осы кез. Герағаның есебі
бойынша, 1941 жылы 6 қыркүйекте 163 600, 21 қыркүйекте 142 мың, 22
қыркүйекте 110 мың – барлығы 415 600 неміс қазақ жеріне ауып келген. Жез
мұрт көсем қанша жерден сенімсіздік көрсетсе де, жиырмаға жуық неміс
ұлтының өкілі Кеңес Одағының Батыры атанады.
Немістердің қазақ жеріне қаптауы 1950 жылдардың ортасында басталған тың
игеруге қатысты. Басқа да одақтас республикадан келген 2 миллионнан астам
тың игерушілердің қатарында келген немістер, негізінен, Ақмола өңіріне
қоныстанды. Еңбекқор әрі тыңғылықты ұлт өкілдері тың жердің дамуына
айтарлықтай үлес қосты.
Осы арада қасқа бас Хрущев қасиетті қазақ жерін бөлшектеуге белсене
кірісті. Алдымен Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және
Ақмола облыстарынан Тың өлкесін құрып, Мәскеуге тікелей бағынатын етті. Тың
өлкесінің бірінші хатшысына Ф. Коломиец дегенді тағайындады. Ақмоланы
Целиноград деп өзгертті. Шымкент облысының жеті ауданын Өзбекстанға өткізіп
жіберді. Маңғыстауды Түрікменстанға сыйламақ болды. Шығыс Қазақстанды
Ресейдің Алтай өлкесіне енгізуді ойластырды. Ал Қазақстанды басқарған
И.Юсупов ака Хрущевке арқа сүйеп, Жетісуда Ұйғыр автономиялы облысын құруға
талаптанды. Әйтеуір қазаққа деген Құдайдың назары тура екен, ұлы жүгеріші
тақтан тайдырылып, 1965 жылы Тың өлкесі таратылды. Дәл сол жылы неміс
делегациясы Мәскеуге келіп, соғысқа дейін өмір сүрген Поволжье Неміс
автономиялық республикасын қалпына келтіруге әрекеттенеді. Қатарынан екі
жыл талпынғанмен, оларынан түк шықпайды. Кремльдегі қасқалар Поволжьеде
неміс қалған жоқ әрі онда автономия құрылса, Қазақстанның солтүстік
облыстарының экономикасын көтеріп отырған немістер Қазақстан тыңынан
қопарыла көшіп кетеді дегенді көлденең тартып, одан да Неміс автономиялық
облысын қазақ жерінде ашайық деумен немістердің сыртынан үкім кеседі. Осы
мақсатпен 1976 жылы СОКП ОК хатшысы Ю.Андропов бастаған комиссия құрылады.
 
Үшінші Германия қалай құрылмай қалды?  
Сонымен, 1979 жылдың 31 мамырында СОКП Орталық комитеті Қазақстанда
Неміс автономиялық облысын құру туралы құпия қаулы шығарады. Ол БАҚ
құралдарында айтылмайды, газет беттерінде жарияланбайды. Құпия түрде шекара
мәселесі шешіледі. Целиноград облысының Слеті ауданы, Павлодар облысының
Ертіс ауданы, Көкшетау облысының Уәлиханов ауданы, Қарағанды облысының
Молодежный ауданының Молодежный поселкелік кеңесі, Дальный, Пролетар,
Родников, Тельман және Шідерті селолық кеңестерін біріктіру көзделіп,
автономиялық облыстың орталығы ретінде Ерейментау таңдалады. Халық саны 200
мың адам, оның 30 мыңын немістер құрайтын болады.
Көп ұзамай аудандық дәрежедегі Ерейментау қаласы барынша тәртіпке
келтіріледі. Көшелерге КСРО мен Қазақстанның тулары ілініп, жаңа облыстың
бірінші хатшысы қызметіне тағайындалғалы отырған неміс ұлтының өкілі Андрей
Браун мен болашақ автономияның өзге де сорпа бетіне шығарларының портреті
ілінеді. Ерейментауға Орталық комитеттің екінші хатшысы А.Коркин бастаған
13 министр жиналады. Кәсіпорындарда кеңес немістерінің мемлекеттілігін
қалпына келтірудің пісіп-жетілгені жөнінде еңбекші ұжымдарымен жиналыстар
өткізіліп, қызу дайындық басталады. Жұрт түгел құлақтанып, бұған қарсы
алдымен листовкалар таратыла бастайды. Қазақ жастары ашуға мінеді.
1979 жылдың 16 маусымы күні таңертеңгі сағат ондар шамасында Қазақстан
бөлінбейді, Немістерге ұлтарақтай жер бермейміз деген ұрандар жазылған
плакаттар көтерген кәрі-жас Ленин атындағы орталық алаңға жинала бастайды.
Бес мыңдай адам жиналған қызу митинг басталады. Микрофонмен қазақ жастары
өздерінің наразылықтарын ашық білдіреді. Арандатпақ болған біреулер Ауыл
шаруашылығы институтында оқитын студент-немістерді алаңға контрмитинг
өткізу үшін жинап әкеледі. Бірақ оған мектеп пен институт мұғалімдері жол
бере қоймайды. Жастар Кремльдің жөнсіз қаулысы жойылмайтын болса, 19 маусым
күні алаңға қайта шығатындықтарын қатаң ескертіп, үш күнге мұрсат береді.
19 маусым күні ішінде соғыс және еңбек ардагерлері, жұмысшылар мен
студенттер бар 20 мыңдай адам алаңға қайта жиналады. Жұрттың ашуынан
сескенген Целиноград обкомының бірінші хатшысы Николай Морозов пен облыстық
атқару комитетінің төрағасы Жұмахметов КГБ-ның облыстық басқармасын да
көтермей, милиция нарядын, әскерилерді де шақырмай, ашынған топтың алдына
өздері шығады. Бұл кезде қазақпен бірге немістің де қарсы болып жатқанынан
Кремль құлақтанып, оқиға барысын қызу талқылап жатқан-ды. Мәскеуден тікелей
хабар-ошар алып отырған Морозов автономияның құрылмайтынын жариялауға
мәжбүр болды. Жұрт жеңіске жетіп, Мәскеудің беті қайтты.
Халық тынышталды. Дегенмен кейбір деректерде 22 маусым күні тіпті неміс
қаны төгілгені (4 адам жараланғаны және өлгені) айтылады. Орталық
комитеттің екінші хатшысы А.Коркин қызметінен шеттетіліп, облыстық
Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің басшылары Н.Маринкин мен И.Ахмедин
жауапқа тартылады.
КГБ және билік деген кітабында КГБ-ның бұрынғы генералы Бобков Неміс
автономиясын құруға байланысты Димаш Ахметұлы Қонаевпен арада келіспеушілік
туындағанын айтады. Қонаев немістердің өзі Қазақстандағы автономияны
қаламай отырғанын, сонда да КГБ-ның, яғни Мәскеудің бұл идеяны қайта-қайта
тықпалай беретінін түсінбейтініне кейиді. Қазақстанда жолы кесілген неміс
автономиясын 1981 жылы Саратов облысында ашу көзделді. Бірақ бұл кәрі
қақсал Брежневтің ФРГ-ға сапары қарсаңында көтерілген саяси ойын еді.
Қақсауық Горбачевтің тұсында да Волга бойында автономия ашуға ішінде
өзіміздің Г.Бельгер бар топ талаптанып көрді. 1990 жылы көктемде Саратов
облысында жергілікті тұрғындар көшеге шығып, Гитлер құра алмаған үшінші
Германияның Ресей жерінде құрылуына наразылықтарын білдірді. 1992 жылы
Борис патша (Ельцин) Саратов облысының тұрғындарымен кездесуінде,
Поволжьеде ешуақытта немістерге автономия берілмейтінін мәлімдеді. Оның
орнына Волгоград облысының 300 гектар әскери сынақ алаңынан жер бөлетінін
жеткізіп, оны соғыстан қалған миналардан тазартуды ұсынды. Егер неміс ұлты
көнсе, онда да сандары жергілікті халықтың тоқсан пайызын құраса, ол жерде
ұлттық аудан ашуға ойлануға болатынын білдірді. Бірақ бұл кеш жасалған
жүріс еді. 1987 жылы-ақ ФРГ бұрынғы отандастарына есігін айқара ашып,
кеңестік немістер ата-бабалары 200 жыл бұрын тастап кеткен тарихи
отандарына қарай ағыла бастаған. Сол 1987 жылдың өзінде 16 мың неміс
Германияға көшіп үлгерген-ді. 1988 жылы 52 мың, 1989 жылы 100 мыңдай неміс
кеңес шекарасынан асты. Жалпы, КСРО-дан Германияға екі миллиондай неміс
біржола көшіп кетті. Еңбексүйгіш, биік мәдениетті, тастай тәртіпті сүйетін
кеңес немістерінің кетуінен КСРО-ға келген экономикалық және әлеуметтік-
саяси шығын 4 миллиард рубльді құрағаны айтылып-жазылып жатты. Оның ішінде
елімізде саны жағынан қазақ пен орыстан кейінгі үшінші орында тұрған бір
миллионға жуық қазақстандық немістер де бар. Г.Бельгер: Біреулер қазір
Қазақстанда 200 мыңдай неміс қалды дейді. Мен өзім оларды көрген жоқпын.
Соған қарағанда, аралас некеден туғандар болса керек дейді.
Қорыта айтқанда, кезінде шетелдік баспасөздерді шулатқан қазіргі Астана
жастарының бас көтеруі халқымыздың рухын көтеріп, еліміздегі ұлттық-
демократиялық процестердің бастауы болған еді.
 
Төреғали Тәшенов
 
Айқын, 19.06.2008 ж.


Қайта жаңғырту Қазақстандағы немістер қоғамдық бірлестіктері
Ассоциациясы
1992 жылы Қазақстан немістерінің бірінші съезінде барлық аймақтық
қоғамдарды біріктіретін, Қазақстандағы немістердің қоғамдық ұйымы
Қайта жаңғыртуды құру туралы шешім қабылданды. Ассоциацияның жоғарғы
басшы органы - төраға және Кеңес.
Қазіргі кезде Ассоциация Қазақстанда тұратын 228123 неміс ұлты
өкілдерінің басын біріктіруде. Ассоциацияны басқару демократиялық
принциптермен жүзеге асырылады. Әр 3 жыл сайын жалпы халықтық
конгресс, ал конгрестер аралығында Ассоциация кеңесінің жиыны өтіп
тұрады.
Ассоциация жұмысының негізгі мақсаты-Қазақстан немістерінің қол
жеткізген дәрежелерін бекіту, халықаралық бірлестік, Қазақстан
қоғамына интеграция процесіндегі негізгі бағыттар мен мүмкіндіктерді
анықтау.
Немістер Ассоциациясы нақты жұмыс істейтін структуралар негізінде
неміс этникалық тобын дамытуда жұмыс істеуде:
-неміс тілін оқыту
-неміс мәдениетін дамыту
- мұқтаждарға әлеуметтік көмек
- жастармен жұмыс
- кәсіпкершілікті қолдау
- неміс баспасын шығару
Қазақстанда неміс тілі тереңдетіліп оқытылатын 6 мектеп, 84 неміс тілі
және мәдениеті демалыс мектебі бар.
Облыстық, қалалық, аудандық қоғамдар, мәдени орталықтар неміс ұлттық
мәдениетінің қалыптасуы мен жұмысына жауапты.
Deutsche Allgemeine Zeitung республикалықгазеті, Kasachstan im
Blickpunkt телебағдарламасы, неміс театры және неміс
радиобағдарламасы мәдениет ақпараттарын таратуда.
Неміс мәдениетінің фестивальдері, мәдениет күндері, семинарлар,
облыстық, регионалдық, республикалық, халықаралық деңгейдегі
ғылыми конференциялар дәстүрге айналды. Облыстық неміс қоғамдарында
230 шығармашылық топтар Қазақстан республикасында өтетін барлық
шараларға атсалысуда. Конференция нәтижелері бойынша Қазақстан
немістерінің тарихы, мәдениеті туралы ғылыми материалдар жарық көруде.
Қазақстандағы неміс суретшілерінің көрмесі ұйымдастырылып тұрады.
1996 жылы Неміс жастары одағы құрылды. Жастар жұмысына-халықаралық
жастар алмасу; лингвистикалық лагерлер, конференциялар мен семинарлар,
компьютер және интернет клубтары арқылы оқыту және дәрежелерін көтеру

“Нақтылық, жақсылық істеушілік, байсалдылық, керемет еңбекқор, ұқыптылық,
басқа адамға сыйлы бола білу – немістердің ұлттық мінез – құлқына тән
қасиет”.
Карстон Паккайзер

1989 жылы Қазақстандағы немістер халық санының 5,8% құрады. Олар ХУІІІ
ғасырда Екатерина ІІ өз отандастарын Волга өңіріне қоныстануға көндірген
немістердің ұрпақтары. Екінші дүинежүзілік соғыс жылдары Волга өңірінің
немістері Сталиннің бұйрығы бойынша Қазақстанға депортацияланды. 80-ші
жылдардың аяғында олардың Германияға қайтуы басталды, сөйтіп, 1992 жылға
қарай олар Қазақстан халқының 4,7% ғана құрады. Дегенмен де, тағдырдың
жазуына қарай өздерінің екінші отанына айналған елде біразы қалып, бүгінде
мұнда екі жүз мыңнан астам немістер тұрады. Сондықтан да, дәл қазіргі кезде
неміс тілінің, мәдениетінің Қазақстан аумағында сақталуы көкейкесті мәселе
болып отыр.

Облыс орталығындағы жасыл желек көмкерген көшелердің бірінде тып-тыныш,
сыртқы тұрпатына қарағанда басқалардан айырмашылығы аз, бір үй бар. Онда 2-
3, тіпті 9-10 адам да тұрмайды. Бұл үйді өзімдікі деп Талдықорған
аймағындағы неміс диаспорасының 12 мың өкілдері айта алады. Бұл неміс үйі
немесе Видергебурт Талдықорған немістері қоғамының үйі.

1999 жылдан бастап оны - Қазақстан халқы Асамблеясы және немістердің
қоғамдық бірлестігі Қауымдастығының, Қазақстандағы кәсіпкер немістері
Одағының мүшесі - Владимир Молодцов басқарады. Қоғамның басты бағыттарының
бірі - неміс ұлттық мәдениетін жаңғырту, сақтау және дамыту, туған тілін,
дәстүрін, салттары мен әдет-ғұрыптарын оқып үйрену, аз ұлттар өкілдеріне
олардың тұрған жерінде қолдау көрсету болып табылады. Осы мақсатта Германия
Федералды үкіметінің қаржылық қолдауымен бірқатар жобалар жүзеге асырылуда:
неміс және мемлекеттік тілді оқу, жастарды кәсіби мамандыққа  даярлау,
балаларға арналған лингвистикалық, егде адамдар үшін сауықтыру кешендері,
халықтың аз қамтылған санаттарын әлеуметтік қорғау.

Жастармен жұмыс істеу ҰМО қызметінің ең маңызды бағыты бола бастады. 2000
жылдан бастап Juwel клубы жұмыс істейді, оның миссиясы- жастарды
біріктіріп, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға қолдау көрсету. Клуб
жастардың бос уақытын ұйымдастыруға көмектеседі, белгілі адамдармен кездесу
жүргізеді, тілек білдірушілерді музыка аспаптарында ойнауға, би, компьютер
сауаттылығына үйретеді. Клуб балалары тек облыстық және республикалық
семинарларға қатысып қана қоймай, халықаралық жобаларға да қатысады.
Олардың әртүрлі семинарлары әрқашан қызықты өтеді, балалар қарым-қатынасқа
құштар, жұмыстары өнімді, іске шығармашылық тұрғыда қарауда. Жастар ең
жақсы концерттік нөмірлерімен орталықтың филиалдарындағы кездесулерге,
еңбек армиясына қатысқан және қарт кісілер демалып жатқан сауықтыру
кешендеріне барады. Концерттерде халықтық және қазіргі заманғы неміс әндері
мен билері орындалып, қазақ және орыс тілдерінде әндер айтылады.

Жастарды барлық қалалық және облыстық шараларда, неміс мәдениеті
күндерінде, достық фестивалдерінде көруге болады. 

Juwel қоғамдық-пайдалы қызметтермен айналысады. 2006 жылдың балаларды
қорғау күні облыстық Айналайын балалар үйінің сәбилері есінде ұзақ
сақталады. Оларға Juwel жастар клубынан балалар концерт қойды, көптеген
сыйлықтардан басқа шаттық күлкі және жүрек жылуын әкелді.
Juwel клубы қоршаған ортаны сауықтыру үшін бірнеше рет экологиялық
акциялар өткізді. Мысалы, Талдықорған қаласының көшелерін тазалау және
көріктендіру бойынша Таза бұлақ акциясы және жақын аудандарды қоқыс пен
қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Клуб  балалары жексенбілік
мектеппен біріге туған табиғатты мәпелей қарап, сақтауды өтініп
қалалықтарға үндеу таратты.
Жастардың экологиялық туры Алакөл, Жасылкөл, Балқаш көлдері және Қора
шатқалы маршруттары бойынша өткізілді.

Турдың әртүрлі кезеңдерінде экологиялық шаралар жүргізіліп отырды:
жағалауларды қоқыстардан  арылту, Бұрқан бұлақ сарқырамасының аумағына
жақын жатқан аумақтарды  тазалау, бұлақтардың көзін ашу, әр жердегі
үйінділерді тазалаумен айналысты.

Бағдарлама аясында туристік жорықтар, оның ішінде Асылбай мұздағына жорық
(т.д. 3500 м.)  жүзеге асырылды. Онда балалар биік таудың флора мен
фаунасын зерттеді. Бағдарлама орманды  құрғақ бұтақтардан тазалау, отын,
шөп дайындау, қоқыстарды тазарту, аумақтарды көркейту және құрылыстарды
жөндеу бойынша волонтерлік жұмыстарды қарастырады.

Жоспарға сәйкес Жетісу өңірінің қоршаған орта жағдайы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАТЫН ӨЗГЕ ҰЛТТАР МЕН ЭТНОСТЫҚ ТОПТАР
Көрнекті партия, мемлекет қайраткері
Қазақстанда XIX ғ. 60-70 жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалар және қазақ шаруаларының тағдыры
Бөкей ордасы және Жәңгір хан
Қазақ ауылының жағдайы
Т.Рысқұловтың қоғамдық саяси өмірі
Тұрар Рысқұлұлы-көрнекті партия және мемлекет қайраткері
Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының 2-ші кезеңі
Қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландырудың салдары
Патшалық ресейдің Қазақстанның оңтүстік өңірінде жүргізген қоныс аудару саясатының тұрғындардың ұлттық құрамының өзгеруіне әсері
Пәндер