Қазақстанда қор биржасының дамуы


Жоспары
Кіріспе
I бөлім. Қор биржасының мәні мен міндеттері
1. 1 Қор биржасының түсінігі мен дамуы
1. 2 Қор биржасын құрушылар және оның мүшелері, басқару органдары
II бөлім. ҚР қор биржасының даму ерекшелігі
2. 1 Қазақстанда қор биржасының дамуы
2. 2 Қор биржасында атқарылатын биржалық операциялар. Қазақстан қор биржасында бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды талдау
III бөлім. Қазақстан Республикасы биржасының негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
3
5
5
8
13
13
16
24
30
31
КІРІСПЕ
Қазақстанда нарықтық қатынастардың орнауы тек қана бұған дейін болған басқарудың формалары мен әдістерінің трансформациясы, тауар және қаржы нарықтарының функцияларының өзгеруі, экономиканың барлық саласының модернизациялануы ғана емес, сонымен қатар әкімшілік экономика тұсында қажет болмаған кейбір экономикалық қызметтердің, атап айтқанда - қор биржасының және т. б. жандануына әкелді.
Жоспары экономика жағдайында қаржылық ағындардың жылжуы тек экономикалық ведомстволардың шешімімен анықталды. Сондықтан сол кездері қор биржасына қажеттілік те болмады. 90-жылдары Қазақстан Республикасында қор нарығын жаңғырту айналасында үдеріс басталды. Бүгінгі таңда қор нарығы, нарықтық экономиканың басқа сегменттерімен салыстырғанда өте жылдам қарқынмен дамып келеді.
Биржа дегеніміз бұл - ұйымдастырылған, дәйекті жұмыс істейтін нарық, онда сұраныс пен ұсыныстың негізінде ресми түрде белгіленетін бағалар бойынша бағалы қағаздар саудасы (қор саудасы), стандарттар мен үлгілер бойынша көтерме сауда (тауар саудасы) немесе валюта саудасы (валюта) іске асырылады.
Биржалық тауар түріне байланысты әлемдік практикада:
• Тауар (тауарлы-шикізат) биржасы;
• Қор биржасы;
• Валюта биржасы болып үшке бөлінеді.
Биржалық сауданың ерекшелігі ретінде, ондағы мәмілелердің әрдайым бір жерде, қатаң белгіленген уақытта - биржалық сеанс өткізу уақытында және де барлық қатысушыларға ортақ, нақты ережелердің болуын айтуға болады. Биржа биржалық құндылықтармен жасыланатын мәмілелердің келісілуі мен орындалуының анық ұйымдастырушылық құрылымын, анық механизмін және мәмілелердің орындалуының сенімділігі жоғары бақылау жүйесін қамтамасыз етеді.
Осы тақырыптың маңыздылығы - қазіргі нарықтық экономика, соның ішінде қазақстандық экономика, құнды қағаздар мен қор биржаларынсыз қызмет етуі мүмкін емес, олар экономиканың ажырамас бөлшегі болып табылады. Қазіргі таңда қор биржалары нарықтық экономиканы тепе-теңдікте ұстаудың қамтамасыз етушісі.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Қор биржасы бойынша шетелдік, ресейлік, қазақстандық ғалымдардың көптеген ғылыми еңбектері бар. Қор биржасы, оның қатысушылары, қор биржасының қызмет ету механизмі ресейлік ғалымдар А. А. Галанов, Я. Миркин, Е. Ф. Жуков, М. В. Романовский, Т. С. Селеванова, Б. Б. Рубцов еңбектерінде көрініс тапты. Шетелдік экономистер Д. Кидуэлл, Э. Найман қор биржасы және шетелдік қор биржасының даму сипатын көрсетті.
Шетелдік және ресейлік экономистермен қатар, көптеген қазақстандық ғалымдардың да қор биржасы бойынша ғылыми еңбектері аз емес. Қор биржасының негізгі теориялық және тәжірибелік тұстарын зерттеуде Г. Т. Абдрахманова, У. М. Искаков, Д. Т. Бохаев, Э. Рузиева, Б. А. Көшенова, А. А. Ильясов, А. А. Адамбекова, А. А. Арыстанов, Г. Н. Шалгимбаева, Г. С. Сейтқасымов ғалымдардың еңбектері қарастырылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты ретінде Қазақстан Республикасы қор биржасының теориялық-әдістемелік және тәжірибелік жақтарын зерттей отырып, қор биржасының даму бағыттарын анықтау болып табылады. Аталған мақсатқа жету барысында зерттеудің алдында келесідей міндеттер анықталған:
- қор биржасының теориялық пен тәжірибелік мазмұнын қарастыру;
- әлемдік және ұлттық бағалы қағаздар нарықтарының үлгілерін, оны құрушы факторларды зерттеу;
- қор биржасының дамуы жағдайында Қазақстанда мемлекеттік реттеудің сипатын айқындау;
- ҚР эмиссиялық қор биржасының жағдайына талдау жүргізу;
- ҚР қор биржасындағы қатысушылардың өзара байланысының механизмін және олардың қызметіне бағалау жүргізу;
- қор биржасының даму бағыттары бойынша ұсыныстар беру.
Жұмыс 3 бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде қор биржасы туралы жалпы түсінік беріліп, тақырыптың теориялық мәні ашылады. Келесі бөлімде талдау ретінде Қазақстан қор биржаларында жасалатын мәмілелер қарастырылады. Ал қорытынды бөлімде Қазақстан қор нарығының мәселелері мен оларды шешу жолдары ұсынылған.
I бөлім. Қор биржасының мәні мен міндеттері
1. 1 Қор биржасының түсінігі мен дамуы
Қаржылық қолдануды қосқанда ресурстардың бөлінісі жаңа экономикалық шарттардың формасына сәйкес экономикада қайта құруды міндет етіп қойып отыр. Нарық қатынасы дамыған елдерде қаржы ресурстарын тиімді түрде қайта бөлу қор биржалары арқылы жүзеге асады. [1, 231 бет]
Қор биржасы - құнды қағаздардың қалыпты айналымы үшін қажетті жағдайлардың жұмысын қамтамасыз ететін ұйым. [1, 231 бет]
Қазіргі заманғы қор биржалары әрине, өздерінің түп тамырынан мүлде өзгеше, бірақ бұған қарамастан осы уақыттың ішінде биржалық сауданың негізгі қағидасы өзгерген жоқ. Биржа дегеніміз бұл - ұйымдастырылған, дәйекті жұмыс істейтін нарық, онда сұраныс пен ұсыныстың негізінде ресми түрде белгіленетін бағалар бойынша бағалы қағаздар саудасы (қор саудасы), стандарттар мен үлгілер бойынша көтерме сауда (тауар саудасы) немесе валюта саудасы (валюта) іске асырылады.
Қор биржасы қандай да бір бағалы қағаздарды сатады деп ойлайтын адамдар көп. Шын мәнінде биржада сатылатын бағалы қағаздар онда жоқ. Биржаның өзі ештеңе де сатпайды, сатып та алмайды! Бұл әншейін мыңдаған компаниялар мен адамдар бағалы қағаздарды өздерінің агенттері арқылы сатып алатын жер, бұл агенттер брокерлер деп аталады.
Қор биржасының өзінің сатылатын және сатып алынатын акциялардың бағасын белгілеуге тікелей қатысы жоқ. Оларды нарық белгілейді. Бағалар сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен қалыптасады. Бірақ биржада нарықтық бағаларды айқындау үшін арнайы жағдайлар жасалған. Сатып алушылар қай жерде болса да және қашан болса да тауарды мүмкіндігінше арзанырақ сатып алуға, ал сатушылар - мүмкіндігінше қымбатырақ сатуға тырысады. Қор биржасы - нарықтардың барлығының ішіндегі ең серпінді нарық. Биржа сұраныс пен ұсыныстың өзара еркін әрекеттесуі үшін барлық кедергілерді жоюға тырысады. Биржадағы мәмілені жасаған сәтте, бағалардың арасалмағы сатушы мен сатып алушы үшін ең оңтайлы болатындай етіп жасауға болады.
Егер сатушы акцияларды ең жоғары бағаға сатса, бұл сатушыға пайдалы болар еді де, бірақ сатып алушы үшін пайдасыз болар еді. Егер сатып алушы акцияларды ең төмен бағаға сатып алса, бұл оған пайдалы болар еді де, бірақ сатушы үшін мүлде пайдасыз болар еді. Бұл орайда, әрине, әңгіме жоғары және төмен бағалардың ақылға қонымды шектері туралы айтылып отыр. Себебі, биржаға нарықтың беталысымен мүлде мөлшерлес келмейтін, ақылға сыймайтын төмен немесе жоғары бағаға сатып алу немесе сату ниетімен шығатын болса, бұл сұраныс та емес, ұсыныс та емес. Бұл әншейін орындалмас қиял ғана, салиқалы инвесторлар ондай қиялдарға жол бере алмайды.
Оңтайлы бағалар туралы мәселеге оралатын болсақ, биржада мәміле жасаудың бағасы - бұл сатушы үшін мәміле жасалған сәттегі мүмкіндігінше оңтайлы жоғары сату бағасы, ал сатып алушы үшін - мүмкіндігінше оңтайлы төмен сатып алу бағасы. Кәдімгі базарда сіз өзіңізге керекті тауар арзанырақ сатылатын жерді байқамай өтіп кетуіңіз мүмкін. Биржада бұлай болуы мүмкін емес. Сіз әр секунд сайын барлық бағаларды көріп отырасыз.
Бәлкім, сіз сатып алушы немесе сатушы ретінде өзіңіз бастапқыда жоспарлаған баға бойынша сатып алмассыз және сатпассыз, бірақ сіз өзіңіз жасаған мәміленің сол сәттегі ықтимал нұсқалардың ішіндегі ең жақсысы екеніне сенімді боласыз. Және де сіз, әрине, өзіңізге қолайлы бағаға сатып ала алмадым немесе сата алмадым деп биржаны тіпті де кіналай алмайсыз. Ауа райы нашар болса, сіз ауа райын болжаушыны кіналай алмайсыз ғой.
Әңгіме қор биржалары туралы болғанда, көптеген адамдардың басына акциялардың биржалық бағамының күрт ауытқулары, бағалардың күрт көтерілуі мен күрт түсіп кетуі, алаяқтықтар мен алыпсатарлықтар туралы ойлар келеді.
Әрине, биржалық бағам қатты ауытқуы мүмкін, алайда мұндай жайттар едәуір сирек болады. Көбінесе бағамның күрт өзгерістері акцияларды иеленушілердің көңіл-күйіне байланысты болады, ал ол өз кезегінде елдегі жалпы экономикалық жағдайға және нарықтың оптимистік немесе пессимистік күйіне әсер ететін, әдеттен тыс оқиғаларға байланысты болады.
Бағалы қағаздармен сауда-саттықты қор биржасы, заңдарға сәйкес өзге де ұйымдар ұйымдастырады [2] .
Қор биржасы - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда- саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда- саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңи тұлға және акционерлік қоғам нысанындағы өзін - өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым. Қор биржасының қызметі өзін - өзі өтеу қағидатына негізделеді және оның қызметінен түскен кірістер биржаны материалдық - техникалық дамытуға пайдаланылады.
Қор биржасы:
1) сауда жүйелерін пайдалану және қолдау;
2) қор биржасының тізіміне бағалы қағаздарды енгізуге жорамалданып отырған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарына талап қою;
3) қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәміле жасау мақсатында сауда жүйесіне кіруге өз мүшелеріне мүмкіндік беру, осы қаржы құралдары бойынша тұрақты сауда-саттық ұйымдастыру және өткізу, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру және жүзеге асыру, не осындай есеп айырысуды жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты әзірлеу;
4) өз мүшелеріне ұйымдық, консультациялық, ақпараттық және өзге де қызметтер көрсету;
5) бағалы қағаздар рыногы және өзге де қаржы құралдары мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;
6) банк заңнамасында белгіленген тәртіппен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру және қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Қор биржасы бағалы қағаздардың қайталама рыногының ұйымдастырушысы болып табылады. Биржадан тыс рынок, әдеттегідей, тек бағалы қағаздардың жаңа шығарылымдарын қамтиды. Онда көбінесе облигациялар орналастырылады. Биржада, керісінше, бағалы қағаздардың ескі шығарылымдарының, негізінен акционерлік қоғамдардың акцияларының бағамы белгіленеді. Заңнамамен қор биржаларының ең төмен жарғылық капиталы белгіленеді. Қор биржасы инвестициялық институттар ретінде қызметпен айналыспайды, бірақ меншікті акциялар шығара алады және сата алады, бұл оның мүшелері болуға құқық береді.
Қор биржасы заңнамаға сәйкес тіркелінеді және бағалы қағаздармен биржалық қызмет жүргізуге Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясында лицензия алады.
Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары және заңдарға сәйкес бағалы қағаздардан басқа өзге қаржы құралдарымен өзге мәмілелерді жүзеге асыру құқығы бар өзге де заңи тұлғалар қор биржаларының мүшелері болып табылады. Қор биржасында бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының кемінде он мүшесі болуы тиіс. Қор биржасының мүшелері мәмілелерді жасау осы мүшелер үшін қор биржасының ережелерінде жол берілетін қаржы құралдарының түрлері бойынша сауда- саттыққа қатысуға құқылы.
Сауда-саттықты ұйымдастырушының кірісі оның негізгі қызметінен алатын қаражат есебінен құрылады. Сауда - саттықты ұйымдастырушы мынадай жағдайларда:
1) сауда-сатықты ұйымдастыушының мүшелігіне кіргені үшін;
2) сауда-саттықты ұйымдастырушының мүлкін пайдаланғаны үшін;
3) бағалы қағаздар листингі үшін және олардың сауда-саттықты ұйымдастырушысының тізімінде болғаны үшін;
4) мәмілелерді тіркеу және ресімдеу үшін;
5) ақпараттық қызмет көрсеткені үшін және өзге де жағдайларда ақшалай жарналар мен алымдар алады.
Биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда - саттықты ұйымдастырушы клиенттердің арасында баға белгілеу арқылы айырбастау жүйесін пайдалану мен қолдау арқылы сауда - саттықты ұйымдық және техниклық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңи тұлға. Бұл ұйымның негізгі мақсаты оның клиенттері арасындағы бағалы қағаздарға баға белгілеудің алмасу жүйесін ұйымдастыру болып табылады. Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары ғана баға белгілейтін ұйымның клиенттері бола алады.
Қаржы рыногының жұмыс істеуі мемлекеттік реттеуді талап етеді. Ол бағалы қағаздар рыногының субъектілері қызметіне міндетті талаптар белгілейтін нормативтік - құқықтық актілер шығару, эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды тіркеу мен оларда көзделген шарттар мен міндеттерді элементтердің сақтауын бақылауды жүзеге асыру, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары мен олардың өзін - өзі реттейтін ұйымдар қызметін лицензиялау және олардың қызметіне бақылау жасау және т. с. с. жолымен жүзеге асырылады. Қазақстанда мұндай функцияларды жүзеге асырушы уәкілетті орган Ұлттық банктің құрамындағы Бағалы қағаздар жөніндегі департамент болып табылады. Ол эмитенттер қызметіне талаптар мен стандарттарды белгілейді, эмиссиялардың проспектілерін және бағалы қағаздар шығару туралы шешімдерін тіркейді, эмиссиялар бойынша барлық шарттар мен міндеттемелерді эмитенттердің сақтауына бақылауды жүзеге асырады, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының қызметін лицензиялайды, бұл рыноктағы әлемдік қаржы дағдарысының және экономиканың нақты секторларындағы өндірістің құлдырауынан туындаған сыртқы және ішкі факторлардың еліміздің бағалы қағаздар рыногына тигізетін жайсыз әсеріне қарамастан, ол даму үстінде. Республиканың бағалы қағаздар рыногында жасалып жатқан қадамдар соңғы кездері айтарлықтай белсенді бола түсті. Стратегиялық тұрғыдан келгенде экономиканы сақтандыру, қазір жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын жандандыру жөнінде жаңаларын құру үшін қажетті алғы-шарттар жасау, халықтын әлеуметтік жағдайын жақсарту жөніндегі табысты шаралар ғана Үкіметтің қаржы рыногы өтімділігінің төмендігі проблемасын толық шешуіне мүмкіндік береді [3] .
1. 2 Қор биржасын құрушылар және оның мүшелері, басқару органдары
Биржа неғұрлым ірі әрі дамыған болса, ол өзінде саудаға түсірілетін бағалы қағаздарға солғұрлым қатаң талаптар қояды. Ірі биржалардың тізімдеріне кіргізілу - бұл акционерлік қоғамдар үшін бедел мәселесі және жоғары деңгейінің көрсеткіші.
Биржаға шыққан компаниялардың деңгейі әр түрлі болатынын ескере отырып, биржалар қай компанияның қандай деңгейге сәйкес келетінін көрсететін түрлі санаттарды енгізеді.
Биржа оның құрушыларының (құрылтайшы) еркімен және қызмет ету мерзімінің шектеусіз құралады. Сондықтан, биржаның құрылтайшылары деп өзара құрылтай шартын жасасқан ерікті топ мүшелерін есептейді. [2, 199 бет]
Құрылтайшы неғұрлым көп болса, соғұрлым биржаның қаржылық-материалдық жағдайы мықты болады деп саналады. Әйтсе де құрылтайшылардың көптігі биржаны басқаруды күрделендіреді деген де тұжырым бар.
Қор биржасы - бағалы қағаздардың шығарылымы, айналысы және өтеуі бойынша нарық қатысушылары арасындағы экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы болып табылады.
Биржаның жоғары басқару органы - акционерлердің жалпы жиналысы. Оның негізгі қызметі:
• пайданы бөлу;
• төрағаны және биржа кеңесінің мүшелерін сайлау және оларды қызметінен түсіру;
• жарғыға және басқа реттеуші құжаттарға өзгеріс енгізу;
• биржа ісінің бағдарламасын бекіту;
• жылдық есебін қарау және оны бекіту туралы шешімдер қабылдау.
Жалпы жиналыс аралығында биржа жұмысын қолма-қол басқару және бақылау биржалық кеңеске жүктеледі. Ол биржа акционерлерінен сайланады. Оның құрамына биржа президенті мен тексеру комиссиясының төрағасы кеңесші дауыс құқығымен кіреді.
Қор биржасы, қор нарығы түсініктері әр түрлі және Қазақстанда оларды теориялық, құқықтық жағынан ажырату қажеттілігі бар. Қор нарығы эмиссиялық бағалы қағаздардан тұрады, ал қор биржасы одан кең - эмиссиялық және туынды қор биржасынан құралады. Қор биржасының дамуы бірінші сатысынан немесе қалыптасу сатысынан өтті деп тұжырымдауға болмайды, мұны тек қор нарығының үлесіне тиеді. Өкінішке орай, қор биржасының басқа элементтері, яғни туынды бағалы қағаздардың даму сипаты жоқ.
Сөйтіп, қор биржасы екі үлкен топтан тұрады, атап айтсақ қор нарығы және туынды қор биржасы. Қор биржасы экономикалық және әлеуметтік сұрақтарды шешуге көмектеседі. ҚР-да қор биржасының қалыптасуына мемлекеттік меншіктің жеке меншікке көшуі негіз болып табылады.
Қор биржасына келесідей анықтама береміз. Қор биржасы - бұл мемлекеттің, нарық субъектілерінің қаржылық ресурстарын шоғырландыруы мен бөлінуі сипат алатын қандай да болмасын мерзімдегі бағалы қағаздардың айналысы қарастырылатын жүйе. Қор нарығы қор биржасының құрылымына жатқызылады. Оның негізгі айырмашылығы ретінде - капиталдың айналысын қамтитын бағалы қағаздардың жүйесі.
Бағалы қағаздар келесідей ерекшеліктермен сипатталады: ақша қаражатқа айырбастау мүмкіндігі, сату-сатып алуға, эмитентке қайта сатуға, құқықты басқа тұлғаға беру мүмкіндігіне ие. Олар есеп айырысу кезінде қолдануға, кепіл ретінде пайдалануға болады.
ҚР заңнамада бағалы қағаздар түсінігі және «бағалы қағаз» мәртебесіне ие құралдар қарастырылған.
ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес, бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлердiң жиынтығы. Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы қағаздардың осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен айқындалған өзге де түрлерi жатады. Заңнамаларды салыстыру негізінде, Азаматық кодекс пен Қор биржасы заңдарының сәйкессіздігі байқалады. Сонымен қатар, инвестициялық қор туралы ҚР заңында пайды бағалы қағаз түрі деп бекітсе де, өзге құқықтық құжаттарда пай бағалы қағаз мәртебесі ретінде негізделмеген.
«Инфрақұрылым» термині - экономикалық жүйе негізі, фундаменті, ішкі құрылымын білдіреді. Осыған сәйкес, біз «қор биржасының инфрақұрылымына» келесідей анықтама береміз. Бағалы қағаздардың инфрақұрылымы - бұл бағалы қағаздарды шығаратын, сататын және сатып алатын субъектілер арасындағы қатынастарда қызмет атқаратын қатысушылар жиынтығы. Қор биржасының қатысушылары әр мемлекетте әр түрлі жиынтықтардан тұрады. Қор биржасының инфрақұрылымын кәсіби қатысушылар және сауданы ұйымдастырушылар ретінде қарастырмыз.
Әлемдік және ұлттық қор биржасының сипатын зерделей келе келесі тұжырымдама жасауға болады:
- «бағалы қағаздар нарық үлгі» түсінігінің жеткілікті деңгейде қарастырылмауы;
- қор биржасын дамытуда нақты үлгіге сүйенбеуі;
- ұлттық қор биржасын қалыптастыруда үлгіні құрастырушы факторлардың ескерілмеуі.
Біздің пікірімізше, қор биржасының үлгісі - бұл елдің өндірістік, экономикалық, дәстүрлік факторларды ескере отырып, қоғам субъектілеріне бағалы қағаз арқылы тиімді жүйесін құру болып табылады.
Қор биржасының үлгісін тек қатысушы институттарға ғана байланысты емес, сондай-ақ корпоративтік басқару, қаржы нарығының құрылымына байланысты анықтау қажет. Осыған байланысты, қаржы нарығының құрылымына байланысты республиканың бағалы қағаздар үлгісі - жапон-немістік үлгі деп танысақ, ал корпоративтік басқару жағынан - немістік үлгі деп анықтаймыз [4] .
Ішкі инвестициялық ресурстарды тарту стратегиялық маңызы бар мәселеге айналды. Экономиканың нақты секторларына инвестицияны тартуды қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар, қаржы дағдарысын алдын-алу үшін келесідей шаралар жиынтығы жүргізілуі тиіс:
- қор биржасының қызмет ету механизмін зерттеу;
- қор биржасының дамуын тежейтін себептерді анықтау;
- қор биржасының тиімді дамуына әсер ететін мемлекеттік әсер ету шараларын жүргізу.
Осыған орай, қор биржасын мемлекеттік реттеудің маңыздылығын, қажеттілігін байқауға болады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік реттеу органдары республиканың даму сатысына қарай өзгерді.
Қор биржасының қалыптасуы мен дамуы мемлекеттік реттеуді жүргізуіне байланысты. Қор биржасын реттеудің құралдарын, әдістерін және бағыттарын таңдау нарыққа ғана емес, мемлекеттің бүкіл экономикалық жүйесіне әсер етеді. Қор биржасын реттеу - бұл өкілетті қатысушылардың қызмет процесінде пайда болатын қарым-қатынастар жиынтығы болып табылады. Қор биржасын реттеу нарықтың барлық қатысушылары, ресурстары, қызметтері мен операциялары қамтылады. Реттеудің 2 негізгі үлгісі бар: мемлекеттік және өзін-өзі реттеу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz