Нарықтық экономика жағдайындағы шағын бизнесті ұйымдастырудың қажеттілігі мен экономикалық мәні


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 Нарықтық экономика жағдайындағы шағын бизнесті ұйымдастырудың қажеттілігі мен экономикалық мәні

1. 1 Бизнес түсінігі және оны ұйымдастырудың қажеттілігі

1. 2 Шағын бизнестің экономикадағы ролі мен орыны

1. 3 Мемлекет тарапынан шағын бизнестің құқықтық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуі

2 Қазақстан Республикасының шағын кәсіпорындар қызметінің экономикалық тиімділігін талдау

2. 1 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті мемелекеттік қолдау

2. 2 Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі жолы салықты реттеу және арнайы салық режимі

2. 3 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ құру көздері және олардың бағыттары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Нарықтық экономика дамуының теориясы мен тәжірибесіне сәйкес кәсіпкерлік қоғам өмірінің неғұрлым маңызды: экономикалық әлеуметтік және саяси сфераларындағы құрылым құрушы элемент болып табылады.

Курстық жұмыстың өзектілігі:

Нақты өмірде аталған аспектілердің көрінісі бірқатар ішкі және сыртқы факторларға байланысты қалыптасады, ол кәсіпкерлік зерттелу объектісі ретінде күрделі және көп жақты болып келеді. Шағын бизнесті дамытудың негізгі мақсаты кәсіпкерлік ары қарай дамуы үшін жаңа мықты импульс алуы үшін көзқарасты шоғырландыру қажет негізгі (маңызды, стратегиялық) сәттерді анықтау болып табылады.

Осындай сәт ретінде нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерліктін негізін құрайтын ортаңғы класс мәселесін қарастырылу ұсынылады.

Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Арнайы зерттеулер жүргізген ғалымдардың образдық салыстыруы бойынша “қазіргі дамыған қоғамда әлеуметтік құрылымды эллипс түрінде көрсетуге болады, оның жоғарғы және төменгі жағын сәйкесінше элита мен кедейлер ал ортаңғы саны көп бөлігін - ортаңғы класс құрайды”. Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы өтпелуі кезең ерекшеліктеріне байланысты қиын және қайшылықтарымен жүзеге асырылады.

Курстық жұмыстың практикалық маңыздылығы:

Шағын бизнестің қалыптасуының бастапқы кезеңінде жалпы ұлттық масштабта аталған сектор дамуын мемлекеттік қолдауға кенцептуалдық көзқарас қалыптасқан кейіннен соған негізделе нормативтік құқықтық база құрылып, қойылған мақсатқа қамтамасыз ететін жүзеге асырушы ұйымдастырушылық - құқықтық механизмдер қалыптасқан. Қолданылған шаралар нәтижесінде 1992-1993 жылдары күш жинай бастаған шағын кәсіпкерлікті белсендіру процессі 1994 жылы бәсеңдеп кейінгі екі жылда мүлдем тоқтады. Ол жалпы экономикалық жағдайдын нашарлауына, қолайсыз криминогендік жағдайдын болуына, сондай-ақ қабылданған заң және бағдарламалы құжаттардың нақты орындалмауына байланысты болды.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстанның бәсекелесті қабілетін жоғарлату болып табылған Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалдық - инновациялық даму стратегиясында мемлекеттік саясат көзқарастарын қайта қарастырылып шағын және орта кәсіпкерліктің жаңа даму идеологиясы жасау қажет.

Қазіргі таңда, шағын және орта кәсіпкерлік өзін инновациялық экономикада табуда жедел іздестіру үшін өзінің икемділігін, мобильділігін, нарықтық объективтілігін қолдануына жағдай пісіп жетілді. Мемлекет өз тарапынан кәсіпкерлік орта инициативасы жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай туғызуы қажет. Нарықтық экономика жағдайындағы шағын бизнесті ұйымдастырудың қажеттілігі мен экономикалық мәнін ашу.

Курстық жұмыстың міндеті: Негізінен алға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін, Қазақстан Республикасының Үкіметі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жедел шараларын қабылдауда. Қазақстан Республикасы Агенттігінің мәліметтері бойынша республикада шағын кәсіпкерліктің 145, 1 мың субъектісі тіркелген, ал 2005 жылмен салыстырғанда 10, 9 % көп. Шағын кәсіпкерліктің істегі субъектілері тіркелгендер санының 71, 2% құрайды. 2008 жылдың бірінші қаңтарында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны жалпы заңды тұлғалар санының небәрі 61% құрайды.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Осы уақытқа дейін Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудағы негізгі бағыт салық преференцияларын мен мемлекеттік қаржы есебінен жеңілдіктік қаржыландыру болды, ол жерде қысқа мерзімді нақты әсер алынып, жүйелі бастамаларда жүргізіледі. Сондай-ақ, келешекте шағын және орта бизнесті мемлекеттік тұрғыдан қолдау және дамыту болып саналады.

Курстық жұмыстың теориялық базасы және әдіснамасы:

Осы уақытқа дейін Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудағы негізгі бағыт салық преференцияларын мен мемлекеттік қаржы есебінен жеңілдіктік қаржыландыру болды, ол жерде қысқа мерзімді нақты әсер алынып, жүйелі бастамаларда жүргізіледі. Сондай-ақ, келешекте шағын және орта бизнесті мемлекеттік тұрғыдан қолдау және дамыту болып саналады. Осы уақытқа дейін қолданылған қазіргі кезеңдегі мемлекеттік қолдаудың формаларымен әдістері жеткілікті дәрежеде тиімді емес және қайта қарауды талап етеді. Ең біріншіден ол үкімет қабылдаған шараларға қарамастан шағын бизнес үшін тартымды сфера болып сауда, және қызмет көрсету қалып отырғандығына, ол өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, транспорт және байланыс көп жағдайда ірі бизнеске тән болғандығына байланысты болып отыр. Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуына кедергі жасаушы, жалпыға мәлім салық-салу, несиелендіру, бақылау-қадағалау қызметтерін атқарушы органдармен арақатынас мәселелері кейінгі бірқатар жылдар ішінде өзгерместен қалып отыр.

1 Нарықтық экономика жағдайындағы шағын бизнесті ұйымдастырудың қажеттілігі мен экономикалық мәні

1. 1 Бизнес түсінігі және оны ұйымдастырудың қажеттілігі

Экономикалық әдебиеттерде «пайда» түрінде табыс әкелетін кез-келген қызмет түрі ретінде «бизнес» (ағылшынша «business») түсінігінің трактовкасы кеңінен таралды. Бірақ басқа да пікірлер бар. Мысалы, бірқатар зерттеушілер «бизнес» сөзі («busy» - «бос емес» деген формадан) уақыт өте келе мағынасы әртүрлі болған: кәсіп, іс, кәсіпкерлік, іскерлік орта, компаниялар, еңбекақы көзі сияқты американдықтарың сөзінен шыққан деп санайды. Көріп отырғанымыздай, әңгіме күрделі және санқырлы категория туралы болып отыр, сондықтан оны талқылау белгілі бір шектеулерді талап етеді.

Ал «бизнес» ұғымын ең алғаш XVIII ғасырдың басында ағылшын экономисті Ричард Контильон (1680-1734ж. ж. ) енгізген. Ол «кәсіпкер» деп нарық жағдайында әрекет жасайтын адамды айтқан.

Егер «бизнес» терминнің эволюциясының қалай қалыптасқан қарастыратын болсақ; 1723ж. Парижде басылып шыққан « Коммерцияның жалпылай сөздігінде ең алғаш «кәсіпкер» ұғымы, яғни «объектіні өндіру немесе құруда өзіне міндеттеме алатын адам» пайда болған /2/.

Жыл: Жыл
Автор: Автор
Түсінік: Түсінік
Жыл: 1725ж.
Автор: Р. Кантильон:
Түсінік: кәсіпкер -ол нарық жағдайында тәуекел етуімен байланысты іс-әрекеттер жиынтығын жүзеге асыратын адам
Жыл: 1776ж.
Автор: А Смит
Түсінік: бизнес - кәсіпорының меншік иесі
Жыл: 1797ж
Автор: К. Бодо
Түсінік: кәсіпкер - ол белгілі бір жүзеге асырылатын іске жауапкершілігі бар адам
Жыл: 1803ж.
Автор: Ж. Б. Сэй
Түсінік: бизнес- екі өндіріс факторлары еңбек пен капиталдық тәуекел жағдайындағы шағармашылық үйлесуі;
Жыл: 1876ж.
Автор: Ф. Уокер
Түсінік: кәсіпкер - ол өзінің ұйымдастырушылық қабілеттілігімен пайда табатын адам
Жыл: 1934ж.
Автор: И. Шумпетер
Түсінік: кәсіпкер- инновациялардың көзі және дамудың қозғаушы күші, новаторлар
Жыл: 1964ж
Автор: П. Друкер
Түсінік: кәсіпкер- белгілі бір мүмкіндіктерден мейілінше көп пайда түсіретін адам
Жыл: 1975ж.
Автор: А. Шапиро
Түсінік: кәсіпкер-ол әлеуметтік -экономикалық механизмдерді ұйымдастырушы

Кең мағынада категорилық талдау (грекше «kategoria» - айту, белгі) - бұл нақты шындықты тану тәсілі, атап айтқанда, зерттелетін объектілердің әртүрлі жақтарын туындататын нақты-ғылыми категориялар түріндегі элементтері бар «бизнестің» экономикалық қызметін тану тәсілі.

Қазіргі түсінікте бизнес іскер адамдардың, кәсіпорындардың және ұйымдардың табиғи игіліктерді шығару, өнімдер өндіру мен сату, қызметтер көрсету жөніндегі коммерциялық ісі болып табылады. Басқаша айтқанда, бизнес - бұл шаруашылық жүргізуші субъектінің пайда табу немесе қандай-да бір материалдық пайда алу мақсатындағы ісі және басқа қызмет түрі.

Табыс немесе материалдық пайда әкелмейтін әрекет немесе басқа да қызмет «хобби», мейірімділік қызметтер, көмек көрсету, материалдық және ақшалай қаржыларды сыйға тарту және беру, жай уақыт өткізу ретінде қабылдануы мүмкін.

«Бизнес» ұғымымен «кәсіпкерлік» түсінігі тығыз байланысты. Көп жағдайда оларды синонимдер ретінде қолданады, бірақ ол дұрыс емес, өйткені бұл ұғымдардың мазмұнының көптеген айырмашылықтары бар. Кәсіпкерлік жаңа өнім түрлерін, жұмыстар мен қызметтерді жасау және игеру үшін мүмкіндіктер іздеу мен жүзеге асыруға, тәуекелге байланысты жаңашыл, творчестволық және ынталы шаруашылық қызмет деп түсіндіріледі. Барлық жаңаны іздейтін, басқалар жасамаған немесе басқаша жасайтын іскер адамдар кәсіпкерлер болып саналады.

Творчество, іздену және қызметтің жаңа тиімді бағыттарын жүзеге асыру - міне осы негізгі белгілер кәсіпкерліктің бизнестен айырмашылығы. Ал «бизнес» термині болса, жалғыз мақсаты табыс табу немесе материалдық пайда алу болып табылатын кез-келген үздіксіз немесе кәдімгі қызметті анықтау үшін қолданылады /3/. Дегенмен, бұл жағдайлар кәсіпкерлік негізінде іске асырылатын бизнес тәрізді жеткілікті түрде кеңінен таралған жағдайды шектемейді, керісінше, көздеген мақсаттарға тез жету, ірі жетістіктер мен жоғары табысты көздейді.

Категориялық талдау «бизнес» түсінігі «кәсіпкерлік» түсінігінен тек мазмұны жағынан ғана емес, сондай-ақ қатысушылардың құрамы бойынша да кең екендігін көрсетеді. Өйткені ол нарықтық экономиканың барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және бизнесмендердің ғана емес, сол сияқты тұтынушылардың да, серіктестердің де, жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік, шаруашылық, әлеуметтік және басқа да құрылымдардың да әрекетін қамтиды. Бизнесті категориялық талдаудың негізгі мақсаты қоршаған ортаны жан-жақты зерттеу, экономикалық әлеуетті бағалау және оның барлық қатысушыларының қызметінің тиімділгін арттыру мүмкіндіктерін көрсету блоып табылады. Мұнда бизнесті танып-білудің капитал, жер, өндіріс құралдары, табыс, шығындар, қуаттылық, өнімділік, тиімділік, модель, фактор, көрсеткіш, ақша ағыны, тәуекел, инвестициялар, қаржылар, пайыз, ставка, девередж, опцион, дисконт және т. б маңызды категориялар қолданылады /4/.

Өз ісін әр түрлі ұйымдық нысандарда, жеке және кіші кәсіпорындардан бастап трансұлттық корпорациялар, компаниялар мен қауымдастықтар түрінде кез-келген адам, топ, ұжым және басқа да адамдардың бірлестіктері бастай алады. Олардың жалпы ұмтылысы - бұл бизнестің барлық қатысушыларының лайықты өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететіндей табыстар, материалдық игіліктер мен басқа да пайдалар алу.

Бизнестің мақсаты оның сипатына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Категориялық талдау олардың ішіндегі ең маңыздыларын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді, атап айтқанда:

  • тұрақты табыстар мен материалдық игіліктер алу;
  • бизнесті дамыту үшін капитал жинау;
  • бизнеске қатысушылардың жеке мүдделерін ескере отырып, қоғамның қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандырудың резервтерін іздестіру;
  • ықпал ету өрісін кеңейту және нарықтағы озық позицияларды иелену;
  • өнімдерді өндіру мен сатудың, жұмыстар мен қызметтердің оңтайлы жағдайларын жасау;
  • бизнеске қатысушылардың мүдделерін сақтау және қажеттіліктерін қанағаттандыру;
  • бизнеске қатысушылардың қабілеттерін көрсетуге ықпал ету;
  • әлеуметтік-экономикалық қызметтің әр түрлі сфераларында табысқа жету;
  • бизнес проблемаларын шешуде творчестволық тәсілдерді дамыту;
  • тұрақты түрде пайда, табыс және материалдық игіліктер алуға деген үмітті арттыру

Бизнестің нақты мақсаттарына сүйене отырып, оның міндеттері қойылады және оның жағдайын кешенді талдау мен экономикалық бақылау әдістері анықталады. Еркін кәсіпкерлік экономикасы түбегейлі оң өзгерістерге ұшырағанын да ескеру қажет. Объективті бақылаусыз, функционалдық-құндық талдаусыз және шаруашылық қызметтің барлық шығындары мен нәтижелерін өлшемей, бәсекелестік пен конъюнктура деңгейін, сұраныс, ұсыныс және баға арақатынасын ескере отырып нарық механизмдерін қолданусыз тиімді бизнес туралы сөз қозғаудың өзі орынсыз .

Әр түрлі бөліктер мен элементтерден тұратын экономикалық жүйе ретіндегі бизнесті бақылауды кешенді тұрғыдан қарастырудың маңызы ерекше. Мұнда шаруашылық субъектілері қызметінің экономикалық, құқықтық, саяси, әлеуметтік-мәдени, географиялық, технологиялық, нарықтық және салалық жағдайларын қоса бизнестің макро-, мезо-, микроорталарының жағдайын арнаулы талдауға ерекше көңіл бөлу керек. Бизнес жүйесі деп экономикалық қызметтің жұмыс істеуінің жалпы тәртібіне әрқайсысы өз үлестерін қосатын, өзара байланысты бөліктер мен элементтерден тұратын белгілі бір тұтастықты айтамыз. Кешенді талдау мен экономикалық бақылау объектісі ретінде бизнес шаруашылық субъектілерінің іскерлік байланыстарының күрделі желісін білдіреді. Бизнес жүйесіне әлемдік шаруашылықтың әр түрлі элементтері мен оның инфрақұрылымы, жекелеген салалар, аймақтар мен ұдайы өндіріс процестері, менеджмент, маркетинг, қаржы және шаруашылық субъектілерінің іскерлік қарым-қатынастарының әр түрлі аспектілері кіруі мүмкін.

Сонымен бір мезгілде бизнес оның белгілі бір қатысушыларының экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде көрінеді. Қазіргі бизнестің қатысушыларын 4 ірілендірілген топқа бөлуге болады/5/:

  1. Кәсіпкерлер - бұл өнімдерді өндіру мен сату, қызметтер көрсету жөніндегі өзінің ынталы әрекетін жүзеге асыратын тұлғалар. ¤зінің қызметі барысында олар басқа шаруашылық субъектілермен іскерлік қарым-қатынасқа түседі. Нәтижесінде үш негізгі компонент: өнім өндіру, сауда (коммерция) және коммерциялық кәсіпкерлік кіретін кәсіпкерлік бизнес сферасы қалыптасады.
  2. Кәсіпкерлер ұсынатын өнімді жеке және ұжымдық тұтынушылар. Бизнестің осы тобының қатысушыларының мүдделері өзара пайдалылық негізінде өнімді өндірушілермен және сатушылармен қарым-қатынастарын реттеу барысында тауарлар мен қызметтерді сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
  3. Іскерлік мүдделері орындаған жұмыстарының нәтижесінде алынатын жеке табыстары арқылы жүзеге асырылатын жалдамалы персонал мен олардың кәсіби одақтары. Бұл топтың қатысушылары еңбек бизнесінің сферасын құрайды.
  4. Іскерлік келісімдердің тікелей қатысушылары болғандағы мемлекеттік органдар, мекемелер мен ұйымдар. Олардың мүдделері тұтас мемлекеттің, сондай-ақ оның барлық азаматтарының қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпымемлекеттік ғылыми-техникалық, өндірістік, әлеуметтік және басқа да бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы көрінеді. Бұл топ мемлекеттік бизнес сферасын құрайды.

Материалдық өндіріс пен әлеуметтік сфераны қоса, адамдар өмірінің әр түрлі жақтары бизнес объектісі болуы мүмкін. Қызмет сферасына байланысты, ең алдымен, өндірістік, коммерциялық және қаржылық бизнес түрлерін ажыратады. Олар бизнестің жеке түрі бола отырып, өзара байланысты болуы және бірін-бірі толықтыруы мүмкін.

Өндірістік бизнес ел экономикасын дамытуда маңызды және анықтаушы мәнге ие. Бұл бизнестің ең күрделі және қиын түрлерінің бірі. Нарықтық экономикаға өтпелі кезеңде ТМД елдеріндегі көптеген кәспкерлер басым жағдайда бизнестің коммерциялық сферасына ұмтылды. Қоғамдағы экономикалық жағдайдың тұрақтануына қарай өндірістік бизнес кеңейе түседі және өзінінің негізгі орынын алады.

Коммерциялық бизнес сатып алу-сату және сауда-делдалдық әрекеттерге қатысты операцияларды жүргізгенде қалыптасатын тауар-ақша қатынастарымен сипатталады. Мұнда бизнесменге нақты өнім, жұмыс, қызмет түрлеріне бәсекелестік деңгейін, нарық конъюнктурасын, сұраныс, ұсыныс және баға арақатынасын анықтау қажет. Не және қалай сатып алу керек, қашан және қайда сату керек, қандай тауарлар мен қызметтер сұранысқа ие болады және ең бастысы пайда әкеледі деген сұрауларға жауап табу мақсатында маркетингтік зерттеулер жүргізу керек.

Қаржылық бизнес - сатып алу-сату объектісі ақша, бағалы қағаздар және қарыздық міндеттемелер болып табылатын коммерциялық бизнестің ерекше түрі. Валюта-ақша және қаржы-несие операцияларын жүргізу шығындарды жабу және пайда алу үшін кәсіпкерлік табыс әкелуі тиіс. Қаржылық бизнес валюта нарығы мен бағалы қағаздар нарығына жүргізілген маркетингтік зерттеулерге негізделеді.

Бизнестің кез-келген түрінің қалыпты жұмыс істеуі үшін сәйкес инфрақұрылым қажет. Бизнес инфрақұрылымы - бұл шаруашылық субъектілерінің әр түрлі іскерлік қатынастарын тұтас байланыстыратын, ұйымдық-құқықтық нысандардың жиынтығы /6/.

Бизнес инфрақұрылымының маңызды элементтері:

  • информациялық жүйелер, технологиялар мен басқа да коммуникация құралдары;
  • қаржы-несие жүйесі, банкілер мен қор биржалары;
  • инвестициялық және зейнетақы қорлары, сақтандыру және трасттық компаниялар;
  • сауда-делдалдық ұйымдар, тауарлық- шикізаттық биржалар, жәрмеңкелер, көрмелер мен аукциондар;
  • салық, кеден, бақылау және бизнесті мемлекеттік реттеудің басқа да органдары;
  • аудиторлық, консалтингтік, жарнамалық және ақпараттық ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары;
  • бизнеске қатысты қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар

Бизнестің көптеген функцияларының ішінде өндірістік функциясының орыны ерекше. Өнім өндірілмесе сатылатын ештеңе болмас еді, бәсекелестік деңгейін, нарық конъюнктурасын зерттеудің қажеті болмас еді. Нақ осы өндіріс процесінде жекелеген элементтерді біріктіру жүргізіледі: капитал, жалдамалы жұмысшылардың еңбегі, табиғат ресурстары, еңбек құралдары және маңыздылығы еш кем емес төртінші фактор - кәсіпкерлердің жасаушы қызметі мен өндірісті ұйымдастырушылар. Ең жоғары нәтижелерге жету, жоғары табыстар мен басқа да материалдық игіліктерге ие болу мақсатында ұдайы өндіріс процесінің барлық кезеңдері оңтайлы тәртіпте жүргізілуі тиіс.

Бизнестің қазіргі нарықтық тұжырымдамасы бұрынғысынан барынша тезірек жоғары пайда алуға бағытталғандығымен емес, аз көлемдегі табыс жағдайындағы ұзақ мерзімді рентабелділік пен тұрақтылыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Қолайлы бәсекелестік деңгейі мен нарық конъюнктурасын баға маркетингі, жеке бизнесті мемлекеттік реттеу мен ынталандыру көмегімен үйлестіру оның әлеуметтік мәртебесі мен этикалық деңгейінің өсуіне алып келеді.

Осының барлығы экономиканың даму тенденциясын, сәйкес табыстарды, материалдық және рухани игіліктерді алуда әділдік қағидалары мен мүмкіндіктер теңдігінің сақталуын, бизнестің барлық қатысушыларының тұтастығы мен демократиялық еркіндік алуын жағымды сипаттайды.

Әлемдік экономиканың даму тенденциясын және осы кезеңдегі артықшылықты факторлардың жиынтығының әсерін айқындай отырып, ғалымдар мен маман-тәжірибешілер өздерінің бизнеске деген көзқарастарын қайта қарайды, оның жаңа тұжырымдамаларын жасайды. Мұнда нарықтық экономикалы индустриалдық дамыған елдердегі бизнесті ұйымдастырудың түрлері, нысандары мен озық тәжірибелері сыни тұрғыдан талданады. Мысалға, қазіргі уақытта АҚШ-та, Ұлыбритания мен Германияда бос уақыттың артуы, ішкіфирмалық жоспарлау, ғаламдану және бизнестің дамуының халықаралық аспектілері сияқты факторларға басымдылықпен назар аударылуда.

Әр елдің экономикалық дамуының әр түрлі кезеңдерінде бизнестің жағдайына әсерін тигізетін белгілі бір факторлардың маңызы зор. Қазіргі уақытта жаңа технология мен өнім түрлерін жасауға, ұдайы өндіріс процесінің тиімділігін арттыруға, фирмалардың, елдер мен аймақтардың арасындағы шаруашылық байланыстарды оңтайландыру негізінде бизнесті ғаламдандыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Бизнесті кеңейту жағдайларын қарастырғанда ұдайы өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде ұтымды қолданылуы тиіс табиғат, еңбек және материалдық ресурстар сияқты факторлар бірінші кезекті маңызға ие.

Нақ осы арада өндірісті ұйымдастырушылардың, бизнестің барлық қатысушыларының: кәсіпкерлердің, жалдамалы персоналдың, қаржы-несие және нарықтық экономиканың басқа сфералары жұмысшыларының ынталылығы мен жетіктілігі көрінуі тиіс.

Бизнес позициясының қалыптасуы мен нығаюына мемлекеттік реттеу, монополия мен инфляцияның әсерін төмендету, қоғам мен оның ұйымдық-институционалдық құрылымдары тарапынан кәсіпекрлікті қолдау сияқты нарықтық емес факторлар да өзіндік ролін атқаруы қажет. Бизнеске қатысушылар өз ісінің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін экономика мен саясаттағы болжауға болмайтын құбылыстарға уақытында және барабар (адекватты) жауап қайтаруды үйренуі тиіс/7/.

Шағын және орта кәсіпорындар - экономиканың негізі, өйткені кәсіпкерлер нарық конъюктурасының өзгеруіне жедел жауап береді, өз қорларын, тұрып қалған күштері мен адамдарын жұмылдырады. Сондықтан, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау Қазақстан экономикасының қазіргі кезеңінде тұрақтандыруға әсер етеді. Шағын және орта бизнеске мемлекеттік көмек көрсету Қазақстан Республикасының Президенті жарлығына да және өкіметтік құжаттарда көрсетілгендей, экономика реформасы бағытында маңызы зор. Бәсекелестің дамуына әсер етіп, қызмет және тауармен тұтынушы нарығын толтырып, жаңа жұмыс орындарын құруға, кәсіпкерлер мен меншік иелерінің кең топтарының дамуына әсер етті /8/.

Шағын бизнес түріндегі кәсіпкерлік біздің елімізде зор болашаққа ие болуы тиіс. Осыған байланысты, барлық деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарға әлі де бизнес кең тыныс алу үшін және мемлекеттегі тұрақтылықтың негізі болуы үшін көп істер атқаруы қажет болып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерліктің экономикалық негізі
Кәсіпкерлік нарықтық экономика дамуының негізі ретінде
Шағын бизнестің клеткасы - шағын кәсіпорындар
Шағын бизнесті дамытудың теориялық негіздері
Шағын бизнестің мәні мен ерекшеліктері
«Шағын және орта бизнес қызметінің аудиті.»
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қолдау мен басқару
Бизнес-жоспардың теориялық және практикалық аспектілері
Қазіргі кезде кәсіпорынның ақша қаражаттарын басқарудың тиімділігін арттыру жолдары
Нарық жағдайындағы кәсіпорындардың инвестициялық қызметтерінің теориялық негіздері мен рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz