Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының құрылымы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 Сақтандырудың экономикалық мазмұны мен
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының қалыптасуы
және даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

2. Қазақстан Республикасында сақтандыру ісінің
қызметін және Сая Сақтандыру компаниясының
қаржылық көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Қазақстан Республикасында сақтандыру нарығының қызметін

талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2.2 Сая сақтандыру компаниясының жалпы сипаттамасы және
оның қаржылық көрсеткіштеріне
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ ІСІНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасында сақтандыру ісінің мәселелері және
сақтандыру ісін жетілдіру
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .51
3.2 Қазақстан Республикасында сақтандыру нарығының даму болашағы
және перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .73

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..78

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 80

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 82

КІРІСПЕ

Қазақстандағы сақтандыру ісін бағалай отырып, бірнеше
келіспеушіліктерді атауға болады. Бір жағынан, бұл сектор қызықтырарлық
өсуді көрсетеді, екінші жағынан, көлемі бойынша банктік сектордан
айтарлықтай қалып отыр. Дегенмен, әлем бойынша сақтандыру компаниялары
банктерді құратын ең ірі инвесторлар ғана емес, экономиканың индикаторы да
болып табылады. Егер тұрақтылық болмай, сақтандыру компанияларының
акциялары төмендесе, онда саудаға да, көлікке де, банктерге де ол әсерін
тигізеді.
Қазақстанның сақтандыру нарығы қолданыстағы мемлекеттік сақтандырудың
(Госстрах) монопольді жүйесі негізінде құрылған, 90-шы жылдары ол ірі
қайтақұруларға тап болды. Отандық сақтандыру ісі өз дамуында әр қадам сайын
табиғи емес монополияны басып, альтернативті компанияларға жол берді.
Қазіргі уақыттан бастап Республиканың сақтандыру алаңында тосқауыл қойылған
шараларға жол берілмейтін анық бәсекелестік бар деп үлкен болмаса да
сеніммен айтуымызға болады. Тек шетелдерде қолданылған жаңа сақтандыру
түрлері ендіріліп жатыр, сақтандырушылардың жауапкершілігі өсуде.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде сақтандыру экономиканың
стратегиялық секторы болып табылады. Меншік иесіне мүліктің жойылуы мен
табыс жоғалуынан, адамды өмірдің барлық жағдайынан сақтай отырып,
сақтандыру қоғамда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Сақтандыру компанияларының резервтері өндірістік және өндірістік емес
бағыттың тиімді салаларына ірі инвестициялар көзі болып табылады.
Көптеген шаруашылық субьектілердің өндірісіне зиян келтіретін және
адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін үлкен территориялардағы ірі
табиғи немесе техногенді апаттар болған жағдайларда тиісті зиян шегудің
орнын сақтандыру компаниялары арқылы өтеу, макроэкономикалық жағдайға оң
әсер береді.
Қазақстан үшін өндірістік және өндірістік емес бағыттар табиғи немесе
техногенді апаттарға сезімталдық деңгейі жоғары, яғни сақтандырудың
потенциалды рөлі жоғары. Дегенмен, жеткілікті сақтандыру резервтерінің
болмауы стихиялық апат, авариялар мен техногенді катастрофалар болған
жағдайда, ішкі өнімді тұтыну, жинау және орнын толтыруға қайта бөлу
пропорцияларының жоспарын бұзады. Пайда болған тура және жанама зиянның
орнын толтыруға инвестициялық ресурстарды іздеу қажеттілігі туады.
Сондықтан нарықтық экономика жағдайында Қазақстанның барлық халықшаруашылық
кешенінің қаржылық жақсартудың тиімді жолдарын іздеу шарттарында,
сақтандыру елдің тағдырын анықтайтын маңызды экономикалық міндеттерді
шешуден тыс қалмауы керек.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі үздіксіз
дамуда, бұл тақырыптың өзектілігін анықтайды. Сақтандыру сыйақыларының
көлемі, капитализация деңгейі мен басқа да көрсеткіштер өсуде. Сонымен
қатар, сақтандыру ісі даму жолында елеулі мәселелер жатыр. Бұл дипломдық
жұмыстың тақырыбын таңдауға түрткі болды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты қазіргі кезеңде ҚР-ның сақтандыру ісінің
мәселелері және оны шешудің мүмкін жолдарын іздестіру. Бұл мақсатқа жету
үшін келесі міндеттерді қарастыру керек:
1) Сақтандырудың экономикалық мазмұны мен мәнін түсіну;
2) Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының қалыптасуы және даму
ерекшеліктерін зерттеу;
3) Қазақстан Республикасының сақтандыру ісінің дамуының тиімді
бағыттары мен жағдайын талдау;
4) Сая сақтандыру компаниясын мысал ретінде ала отырып, Қазақстан
Республикасының сақтандыру бизнесінің дамуын зерттеу.
Дипломдық жұмысты жазудың теориялық негізі болып: сақтандыру ісіне
қатысты ҚР-ның Үкіметінің Жарғысы мен Қазақстан Республикасының заңдары,
монографиялық және оқу әдебиеттері, мерзімдік басылымдар мәліметтері,
Интернет көздері, сонымен қатар, Сая СК құжаттары табылады.

1 САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Сақтандырудың экономикалық мазмұны мен мәні

Сақтандыру нарығы – қайта сақтандыру компаниялары қанағаттандыратын
сақтандыру ұйымдарына, сақтандыру қызметіне сұранысын құратын
сақтандырушылар (заңды және жеке тұлғалар) қызмет ететін экономикалық
кеңістік. Сақтандырушыдан сақтандырылушыға қызметтерді өткізетін сақтандыру
делдалдары (сақтандыру брокері мен агенті), актуарий, өкілетті аудиторлық
ұйымдар (өкілетті аудиторлар), бірін-бірі сақтандыру ұйымдары, сақтандыру
инфрақұрылымының ұйымдары, сақтандыру нарығының қаржылық тұрақтылығы,
сақтандыру операциялары бойынша шығын үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Экономиканың жалпы теориясында және сақтандыруда сақтандыру нарығы
мен сақтандыру шаруашылығы отандық сақтандыру ғылымы үшін жаңа ұғымдар.
Дегенмен де, сақтандыру нарығы ұғымы өндіріспен, қайта бөлумен, сатумен
және сақтандыру қызметін пайдаланушылармен байланысты сақтандыру саласында
қоғамдық қатынастар жүйесін сипаттайтын сақтандыру шаруашылығы жалпы
ұғымының бөлімі. Халықаралық шаруашылық масштабында халықаралық сақтандыру
шаруашылығы термині қолданылуы мүмкін. Бұл түсінікте сақтандыру
шаруашылығы мекемелермен, ұйымдастырушылық құрылғымен, қызметпен,
сақтандыру ұйымдарын басқарумен, сонымен қатар, сақтандыру компаниялар,
экономикалық қатынаста сақтандыруды қолдану шартын анықтау мен
алғышарттарда, сақтандыру бойынша сақтандыру нарығының басқа да
қатысушыларының қызметін мемлекеттік бақылау.
Шетел әдебиетінде сақтандыру экономикасы мен халықаралық сақтандыру
экономикасы түсініктері бөлек.
Қазіргі кездегі ғылым тұжырымы бойынша сақтандыру нарығы сатып
алушылар – сақтандырылатындар сұрынысы мен сатушылар – сақтандыру
қорғанысын қамтамасыз ету бойынша сақтандыру ұйымдарының сақтандыру қызметі
мен ұсынысының қатынасын басқаратын экономикалық кеңістік немесе жүйе
ретінде көруге болады.
Сақтандыру қызметіне сұраныс екі негізгі факторлармен анықталады: жеке
алынған азамат пен шаруашылық субьектінің тәуекел менеджментінің элементі
ретінде сақтандыруда қажеттілік, сонымен қатар, сақтандыру қызметін алу
жолымен сақтандыруға сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік беретін,
сақтандырушылардың сатып алынатын мүмкіндіктері.
Тәуекел қоғамдық өндіріске тән болашақ қауіп экономикалық қатынастар
дамуымен сақтандыру қызметтеріне сұраныстың өсуін анықтайды. Әлеуметтік
сақтандыру мен қамсыздандырудың мемлекеттік жүйесі арқылы ұсынылатын
сақтандыру қорғанысын бір мезгілде қысқарту, сонымен қатар, сақтандыру
қызметтеріне сұраныстың өсуіне себеп болады.
Дамыған және дамушы сақтандыру ісінің мәселесі сақтандырылушылар
жағынан қажетті сатып алу мүмкіндігінің болмауы. Бұл мәселені шешу бір
жағынан шаруашылық қызмет субьектілерінің қаржылық жағдайы мен халықтың
сатып алу мүмкіндігі өсуінен болса, екінші жағынан сақтандыру қызметтерін
сатып алу мүмкіндігін кеңейту мемлекеттің макроэкономикалық масштабында
ұлттық деңгейде мемлекетпен жүргізілетін белгілі бір шаралар есебінен де
жүргізілуі мүмкін. Мысалы, мүліктік сақтандыруға шығыстар, жұмыс, қызмет
пен тауарды өткізуден және өндіруден алынған табыстан алынатын шығынға
қосуды кеңейту кәсіпорындар мен ұйымдарға сақтандыру қызметтерін сатып алу
бойынша мүмкіндіктерді кеңейтеді. Және сақтандыру қызметтеріне сұраныс
өмірді сақтандыру, медициналық сақтандыру және басқа да әлеуметтік
сақтандыру түрлеріне келісімшарт бойынша сақтандыру сыйақыларына шығындар
азаматтар табысының салық базасынан алуға рұқсатпен ынталандырылуы мүмкін.
Сақтандыру қызметтеріне сұраныс субьективті сипатта, яғни сақтандыру
қорғанысын қамтамасыз етуде қажеттілікті түсіну тұтынушының ондай қызметтің
болуында, оның тұтынушылық сапасында, тиімділігінде, құнында және т.б.
хабарсыз болуынан сақтандыру қызметін сатып алу түрінде жүзеге асырылуы
мүмкін. Бұл жағдай сақтандырушылардан сақтандыру тәуекелін жабуда жасырын
қажеттіліктерді ашуға бағытталған маркетингтік шараларды жүргізуді қажет
етеді.
Сақтандыру қызметінің тұжырымы болашақ сақтандырылушыларды
сақтандыруда қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндігі бар, қаржылық
тұрақты және іскер сақтандыру ұйымдардың болуымен қамтамасыз етіледі.
Сақтандыру қызметі нарығы құралуының негізгі факторы инвесторлардың
сақтандыру компанияларын құруға қызығушылығы, сақтандыру тарифтерін
есептеуге қажетті статистикалық және ақпараттық базаның болуы мен
сақтандыру тәуекелін бағалау мүмкіндігі, сақтандыру компанияларына
инвестициялар қайтарымдылығы мен пайдалылығына кепілдік, сонымен қатар,
сақтандыру компанияларында іскер менеджерлер мен сақтандыру қызметі
андеррайтингі саласында мамандардың болуы.
Тауар, жұмыс пен қызметтің кез-келген түрлерінің нарығы сияқты
сақтандыру нарығы да сақтандыру қызметіне бағалардың өсуі мен түсуінде
экономикалық заңды толқулар цикліне ұшырайды.
Сақтандыру нарығында экономикалық циклдар ерекшелігі келесі
факторлармен анықталады:
• Табысты жылдары артық капиталды сақтандыруға тарту және сақтандыру
қызметіне бағаның түсуі;
• Сақтандыруға сұраныстың төмендеуіне әсер ететін теріс жаңалықтарды
төмендетуге болатын тиімді шаралардың өсуі;
• Табысты жылдары теріс жағдайлар нәтижесінде бос қалуды қатысты
төмендету;
• Сақтандыру және қайта сақтандыру қорғанысы құнын ұстауға алып
келетін стихиялық апаттар немесе адам қызметі нәтижесінде болған
катастрофалық шығындардың болуы.
Табыссыз жылдары бос қалдыратын шығындар болғаннан кейін сақтандыруға
баға тез көтеріледі.
Басқа нарық сияқты сақтандыру нарығында құрылымын сипаттайды:
• Сатушылар – сақтандыру қызметін ұсынуға мамандандырылған
сақтандырушылар;
• Сатып алушылар – сақтанушылар – заңға немесе келісімшартқа
негізделген мүліктік сақтандыру мүддесі бар заңды және жеке
тұлғалар;
• Делдалдар – сатып алушы мен сатушының өзара талабы мен тиісті
сақтандыру қызметімен қамтамасыз ететін заңды немесе жеке тұлғалар
– сақтандыру брокерлері мен сақтандыру агенттері (17, ??).
Осы негізгі тұлғалардан басқа сақтандыру нарығында обьективті түрде
бар және сақтандыру мүддесін жүзеге асыруда әрекет жасайтын, рынокта
сақтандыру қызметтерінің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін мекемелер мен
ұйымдар жүйесі ретінде қарастыруға болатын, сақтандыру нарығының біртұтас
инфрақұрылымын құрайтын, сақтандыруды жүргізуде қатысатын немесе
қызығушылығы бар әртүрлі құрылымдар, ұйымдар мен субьектілер.
Сақтандырушылар сақтандырылушылармен сақтандыру келісімшартын жасасқан
заңды және жеке тұлғалар болып табылады.
Сақтандыратын – сақтандырушылармен қатар сақтандыру заңды
қатынасындағы, өзіне тәуекелді алатын субьектілердің бірі. Сақтандыратын
түсінігі өзіне сақтандыру ұйымын рыноктың шаруашылық субьектісі ретінде
жалпылайды. Сақтандыратын сақтандыру қызметін жүргізетін және оны жүзеге
асыруға лицензиясы бар кез-келген ұйымдастырушылық-құқықтық формадағы заңды
тұлға (сақтандыру ұйымдары) болып табылады.
Сақтандыру ұйымдарының кең тараған ұйымдастырушылық-құқықтық формасы
акционерлік қоғам, бірін-бірі сақтандыру қоғамдары, ал халықаралық
тәжірибеде – акционерлік қоғамдар мен коммерциялық емес ұйым формасындағы
өзін-өзі сақтандыру қоғамдары. Сақтандыру нарығы құрылымын толығырақ келесі
түрмен сипаттауға болады:
1. Мемлекеттік сақтандыру бақылау Органы;
2. Акционерлік сақтандыру компаниялары;
3. Мамандандырылған қайта сақтандыру компаниялары;
4. Өзін-өзі сақтандыру қоғамдары;
5. Экспорттық несиелердің мемлекеттік сақтандырушысы;
6. Сақтандыру делдалдары (брокерлер мен агенттер);
7. Сақтандыру тәуекелін іскер бағалаушылар (аджастерлер мен
сюрвейерлер);
8. Актуарий;
9. Өкілетті аудиторлық ұйымдар (өкілетті аудиторлар);
10. Сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызмет атқаратын басқа да
заңды және жеке тұлғалар.
Сақтандыру нарығының құрылымын сақтандыру бақылауының мемлекеттік
Органы басқарады, оның міндетін әр мемлекетте әр түрлі органдар орындайды,
яғни мемлекеттің Орталық Банкі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау
мен қадағалау бойынша Агенттік (Қазақстан Республикасында), немесе Қаржы
Министрлігінің сақтандыруды бақылау Департаменті (Ресей Федерациясында).
Мемлекеттік сақтандыру бақылау Органының негізгі міндеттеріне
келесілер жатады:
• Сақтандырушыларға сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия
беру;
• Сақтандырушылар мен сақтандырушылар одағының біріңғай
Мемлекеттік реестірін, сонымен қатар сақтандыру брокерлерінің
реестірін жүргізу;
• Сақтандыру қызметі есептілігі мен сақтандыру операциялары
есебінің көрсеткіштері мен формаларын, сақтандыру резервтерін
құру мен орналастыру ережелерін құру;
• Сақтандыру мен қайта сақтандыруды ұйымдастыру және жүргізуде
қатысатын барлық заңды және жеке тұлғалар орындауға міндетті
сәйкес мемлекеттің заңына сай сақтандыру қызметінің сұрақтары
бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттар дайындау;
• Сақтандыру қызметінің тәжірибесін жалпылау, даму бойынша
ұсынысты белгіленген тәртіппен жасау және көрсету, сақтандыру
туралы белгілі-бір мемлекеттің заңын жетілдіру.
Сақтандыру компаниялары меншік формасына, ұйымдастырушылық-құқықтық
формасына және ішкі құрылымына байланыссыз қызметінің мақсаты сақтандыру
операцияларын орындау болып табылатын, шаруашылық құрылым. Олар құру
тәртібі мен қызметі арнайы заңмен бақыланатын заңды тұлғалар.
Сақтандыру компанияларының қызмет саласы тек сақтандыру болып
табылады, яғни сақтандыру келісімшартына отырумен, сақтандыру сыйақыларын
алу және жинаумен, бұл негізде сақтандыру резервтерін құрумен, сақтандыру
өтемін төлеуді жүзеге асырумен және сақтандыру жағдайында келісімшартта
белгіленген сақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты процесс. Оларға
өндірістік, саудалық-делдалдық және банктік қызмет етуге тыйым салынады.
Клиенттер алдында сақтандыру компанияларының міндетін орындау кепілі
мөлшері сақтандыру қызметінің бағытына байланысты заңмен бекітілген
жарғылық капиталы болып табылады. Ішкі құрылымы мен басқару органы
сақтандыру компаниясының жарғысымен белгіленеді.
Сақтандыру компаниялары бірнеше белгілері бойынша сыныпталады:
• Меншік формасына байланысты (мемлекеттік, жеке, біріккен,
өзара);
• Капитал мөлшеріне байланысты (ірі, орта, ұсақ);
• Қызмет территориясына байланысты (аудандық, ұлттық,
халықаралық);
• Сақтандыру қызметінің бағытына байланысты (мамандандырылған,
әмбебап) және т.б. байланысты.
Әмбебап сақтандыру компаниялар сақтандыру қызметінің әр түрлі түрлері
бойынша операциялар жүргізеді.
Ерекше орынды кэптивті сақтандыру компаниялары алады (мысалы
Ұлыбританияда), оларды бір немесе бірнеше заңды тұлға (негізінен
корпорациялар мен қаржылық-өндірістік топтар) сол корпорацияның немесе
құрамына кіретін шаруашылық бірліктің мүліктік мүддесін сақтандыру қорғауын
қамтамасыз ету мақсатында құрады. Мұндай сақтандыру компанияларын құру
себебі басқа сақтандыру компанияларында тиісті сақтандыру өтемін табу
мүмкіндігінің жоқтығы, рыноктық сақтандырумен салыстырғанда төмен
тарифтерді қолдану. Сонымен қатар, сақтандыру сыйақылары ретінде кэптивті
сақтандыру компанияларына төленетін корпорацияның құралдары құрылтайшының
бақылауында қалады. Және де мұндай компанияларды оффшорлы аймақтарда
құрылтайшылар саны мен жарғылық капитал мөлшеріне байланысты төмен талаппен
және салық салу жеңілдігімен құру корпорацияның сақтандыруға шығындарын
төмендетуге мүмкіндік береді.
Сақтандыру компаниялары өз қызметін бәсекелестік ұсынылатын қызмет
көлемі мен сапасын, бағасы мен жүктелетін сақтандыру міндетін орындау
сенімділігін салыстыру жағдайында жүзеге асырады. Сақтандыру компаниясының
ішкі ұйымдастырушылық және функционалдық құралуы әр түрлі. Атап өтетіні,
қазіргі рынок жағдайында ең ірі және ірі сақтандыру компанияларда операция
көлемі мен сақтандыру капиталының араласуы, сонымен қатар, рыноктың салалық
және территориялық қайта бөлінуі байқалады.
Маманданған қайта сақтандыру компаниялары – бұл тәуекелді түзету және
бөлудің кең таралған амалы ретінде тек қайта сақтандырумен айналысатын
компания. Қайта сақтандыруда сақтандырушы сақтандыру келісімшартына басқа
сақтандырушымен отырады, ол тәуекел бөлігін келесі сақтандырушыға береді,
ал өз кезегінде оны ары қарай беруіне болады.
Ортақ сақтандыру мен қайта сақтандырудың формаларының бірі пул болып
табылады. Бұл келесім негізінде қызмет ететін, барлық қатысушыларымен қол
қойылған, сақтандыру мен қайта сақтандырудың жеке түрлері немесе сақтандыру
обьектілері бойынша алдын-ала қарастырылған, сақтандырушылар мен қайта
сақтандырушылардың ерікті бірігуі. Пул мүшелері келісім шегінде келісілген
тәуекелді сақтандыруға және басқа қатысушылармен отырылған келісімшарттар
бойынша жауапкершіліктің тиісті үлесін алуға міндетті.
Құралу кезінде біріншілердің бірі және танымалы Швейцариялық
авиациялық пул болып табылады. Пул формасындағы бірлестіктер теңіз
сақтандыруында кең қолданылады. Ұлттық, ауданаралық және халықаралық пулдар
қайта сақтандыруда істейді. Мұндай пулдар Германияда (авиациялық пул,
атомдық тәуекел бойынша пул), Францияда (қоршаған ортаның ластануы тәуекелі
бойынша пул), Финляндияда, Үндістанда бар. Ресейдің Ядролық пул құрамында
20-дан аса компаниядан тұрады, оның құрамында Әскери сақтандыру компаниясы,
Ингосстах, ИнтерроСогласие, МАКС, Өндірістік сақтандыру компаниясы, РОСНО,
Спасские ворота, Энергогарант. Пул қызметінің мақсаты атомдық энергия
қолданатын обьектілермен жұмыс істейтін ұйымдардың азаматтық
жауапкершілігін сақтандыру.
Сонымен қатар, кәсіпорынды сақтандыру пулы болады – қаупі жоғары,
апаттар көзінен.
Сақтандырушының сақтандыру қоры әр түрлі экономикалық және құқықтық
табиғаты бар екі ұйымдастырушылық формасы болады – бұл өзін-өзі сақтандыру
қоғамдары мен коммерциялық сақтандырушының сақтандыру қоры.
Өзін-өзі сақтандыру – сақтандырудың идеологиялық таза формасы – бұл
сақтандыру қатысушылары арасындағы бір-бірімен тәуекел алмасу, олардың
мақсаты табыс табу.
Өзін-өзі сақтандыру – бұл сақтандыру қоры ұйымының коммерциялық емес
формасы, ол қоғам мүшелерінің мүліктік мүддесіне сақтандыру қорғанысын
қамтамасыз етуді ұсыну.
Өзін-өзі сақтандырудың қағидасы сақтандыру оқиғасы болған жағдайда
шығын сомасын қоғамның барлық мүшелеріне бөлуден тұрады. Заңды тұрғыда әр
клиент өзін-өзі сақтандыруда акционер болып табылады. Капитал иеленуіне
құқық беретін құжат сақтандыру полисі.
Өзін-өзі сақтандыру қоғамдары келесідей бөлінеді:
• Географиялық ауқымы бойынша – аймақтық, ұлттық, халықаралық;
• Мамандануы бойынша – мамандандырылған және көп профильді;
• Операция көлемі бойынша – Франция мен Голландиядағы өрт тәуекелін өзін-
өзі сақтандырудың ұсақ компаниялардан АҚШ пен Жапониядағы өзін-өзі
сақтандырудың ірі қоғамдарына дейін.
Өзін-өзі сақтандыру формасының артықшылығы сақтандырудың халықаралық
тәжірибесінде өзін-өзі сақтандыру қоғамдары кең таралуы алдын-ала
анықталған. Әлемдегі он ірі сақтандыру компаниясының алтауы өзін-өзі
сақтандыру қоғамы болып табылады. Бес ірі ұлттық сақтандыру нарығында
(Ұлыбритания, Германия, Франция, АҚШ, Жапония) 2007 жылы барлық әлемдік
сақтандыру операциясының 75% келген, өзін-өзі сақтандыру операциялары
бойынша сыйақылар үлесі барлық сақтандыру сыйақыларының шамамен 42% құрады.
Special Report: World Business (Wall Street Journal 2008 жылдың 28
қыркүйегінен) жарыққа шыққан мәліметтері бойынша 2007 жылы 6 трлн. доллар
активі болған, яғни әлемдік сақтандыру нарығының шамамен жартысын құрайтын,
50 ірі сақтандырушы ішінен өзін-өзі сақтандыру қоғамы болып жиынтық активі
2,6 трлн. долларды құрайтын 21 компания болып табылады. Азияның тоғыз ірі
сақтандырушы компанияларының сегізі өзін-өзі сақтандыру қоғамы болып
табылады және оның барлығы – Жапондық. 23 ірі солтүстік америкалық
сақтандырушының 11 өзін-өзі сақтандыру қоғамы, және 12 акционерлік қоғам.
Еуропаның он жеті компанияның біреуі, актив көлемі 50 млрд. доллар құрайтын
өзін-өзі сақтандыру қоғамы болып табылады.
Жалпы әлемдік сақтандыру сыйақыларының көлемі 75% үлесі бес елге
тиесілі: АҚШ, Жапония, Германия, Франция және Ұлыбритания. Бір-біріне
қатынас бойынша қызмет түріне байланысты олар әртүрлі позицияларда тұрса
да, әлемдік масштабта бірінші бес қатарды өмірді сақтандыру бойынша, және
өмірді сақтандырудан басқа түрлері бойынша алғашқы бес қатарда. Жиынтығында
бұл мемлекеттер үлесіне өмірді сақтандыру бойынша сыйақылардың 77%-ы және
өмірді сақтандырудан басқа түрлер бойынша сыйақылардың 73%-ы келеді.
Осылайша, әлемдік масштабта өзін-өзі сақтандыру қоғамдары нарығының үлесін
анықтауға болады.
Мемлекеттер бойынша өзін-өзі сақтандыру қоғамдарының үлесінің елеулі
тербелісіне қарамастан, әр ұлттық рынокта олардың үлесі маңызды. Үш ірі
Еуропалық өзін-өзі сақтандыру қоғамдарының үлесі Францияда 17%
Ұлыбританияда 25% аралығында. АҚШ-та ол шамамен 33, ал Жапонияда –75%.
Бізде Қазақстан Республикасында өзін-өзі сақтандыру қоғамдары жоқ.
2004 жылдан бастап Қазақстанда экспарттық несиелер мен инвестицияларды
сақтандыру бойынша Мемлекеттік корпорация қызмет атқарады, оның міндеттері:
- тәуекелдерді сақтандыру және қайта сақтандыру жолымен тауарлар мен
қызметтер экспортын ынталандыру;
- тәуекелдерді сақтандыру және қайта сақтандыру жолымен шетелге
инвестицияларды ынталандыру;
- сыртқы экономикалық қызмет ететін кәсіпорындарға сақтандыру
қызметіне байланысты арнайы кеіес берушілік, маркетингтік және
ақпараттық қызметтер көрсету.
Шетелде экспарттық несиелерді сақтандыру бойынша компанияларға
келесілерді жатқызуға болады:
- Ұлыбритания: Экспорттық несиелерге кепілдік беру Ұлттық
Департаменті;
- Франция: Сыртқы сауданы сақтандыру Мемлекеттік Компаниясы (КОФАСЕ);
- Германия: федеральді Үкімет агенті ретінде қызмет ететін Ойлер
Гермес кредит иншуранс Компаниясы;
- Жапония: сыртқы сауда мен өндіріс Министрлігі;
- Малайзия: Malaysia Export Credit Insurance Behad (MESIB) 97%-ы
Мемлекеттік Компания;
- Қытай: Мемлекеттік China Export & Credit Insurance Corporation
(Sinosure), Hong Kong Export Credit Insurance Corporation;
- Оңтүстік Корея: Мемлекеттік Korea Export Insurance Corporation
(KEIC);
- Польша: Export Credit Insurance Corporation (KUKE).
Сақтандыру нарығы инфрақұрылымының құрылуында сақтандыру өнімдерінің
өтуін қамтамасыз ететін, сақтандыру делдалдары ерекше роль атқарады. Олар
сақтандыру нарығында сақтандыру агенті және сақтандыру брокері ретінде
танымал.
Сақтандыру агенті – сақтандырушының атынан және ұсынылған міндеттерге
сәйкес оның бұйрықтарын орындайтын, мысалы, сақтандыру келісімшарттарына
отыру және олар бойынша сақтандыру төлемдерін қабылдайтын заңды немесе жеке
тұлға.
Сақтандыру брокері – сақтандыру мен қайта сақтандыру сұрақтарына кеңес
беру және сақтандыру келісімшарттарына отыру бойынша қызметті өз атынан
және сақтандырушы айтуымен немесе қайта сақтандыру келісімшарттарын өз
атынан және цедент атынан орындайтын заңды тұлға.
Ол кез-келген сақтандыру компаниясында сақтандыру тәуекелін өз бетінше
орналастырады, және ол үшін белгіленген сыйақы алады – брокерлік комиссия
(brokerage-брокеридж).
Цедент (қайта сақтандырушы) – қабылдаған сақтандыру тәуекелін қайта
сақтандыруға беруді жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру
ұйымы.
Сақтандыру тәуекелін іскер бағалаушыларға сюрвейер-эксперттер немесе
сақтандырылған мүлікті қарау бойынша агент, және аджастер (диспашер) –
кеме, фрахт және жүк арасында жалпы апат бойынша шығынды бөлу бойынша
диспаш-есепті құру бойынша мамандар.
Сонымен қатар, сақтандыру нарығының субьектілері андеррайтерлер –
сақтандыру бизнесі саласындағы сақтандыру ұйымы басқармасынан сақтандыру
тәуекелін қабылдауға, тарифті мөлшерлеме мен сол тәуекелді сақтандыру
келісімшарты ережелерін анықтауға өкілетті білікті маман. Сақтандыру
нарығының субьектілері, сонымен қатар, аудиторлық компаниялар (өкілетті
аудиторлар) – акционерлік компаниялардың қаржылық-шаруашылық қызметін
тексеруге қажетті өкілдігі бар заңды (жеке) тұлға.
Сақтандыру сақтандырушылардың әртүрлі категориялары мен сақтандыру
обьектілерін қамтиды, сақтандыру жауапкершілігі көлемі мен сақтандыру
шарттарының ережелері бойынша ерекшеленеді, заң шегінде және ерікті түрде
болуы мүмкін. Сақтандыру қатынасының әртүрлілігін дұрыс түсіну, біріне бірі
байланысты бір жүйеге келтіру үшін сақтандыруды сыныптау керек.
Сыныпталу – бір немесе бірнеше жалпы сипаты бойынша буындарға
біріктірілген бірнегізді заттар, обьектілер мен құбылыстардың иерархиялық
бағындырылған жүйесі (формасы, мақсаты, мазмұны, т.б.).
Сақтандырудың сыныпталуы келесілер үшін маңызды:
- сақтандыру резервтерінің құралуында;
- рынок құрылымының құралуында;
- дұрыс статистиканың құралуында.
Үш негізгі саласы – жеке, мүліктік сақтандыру және азаматтық
жауапкершілікті сақтандыру.
Жеке сақтандыру обьектісіне алам өмірі, денсаулығы, жұмыс қабілеттігі
жатады, оған кіретіндер:
- өмірді сақтандыру;
- жазатайым жағдайлардан сақтандыру.
Мүліктік сақтандырудың қорғау обьектісі ретінде мүліктің әр түрлі
түрлері болады, оған кіретіндер:
- жалға алынған көлік құралдарын сақтандыру;
- әуе көлігі құралданын сақтандыру;
- су көлігі құралданын сақтандыру;
- жүкті сақтандыру;
- қаржылық тәуекелді сақтандыру;
- мүліктің басқа түрлерін сақтандыру.
Жауапкершілікті сақтандыру – обьектісі сақтанушының қандай да бір іс
әрекеті кетірілген зиянның үшінші тұлға алдындағы жауапкершілігі болып
табылады.
Оның келесі түрлері бар:
1) Автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
2) Тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
3) Теміржол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
4) Әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
5) Су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
6) Жоғары қауіп көзі – кәсіпорындарының азаматтық жауапкершілігін
сақтандыру;
7) Келісімшарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
8) Іскерлік жауапкершілігін сақтандыру;
9) Міндетті орындамау жауапкершілігін сақтандыру;
10) Қайта сақтандыру.
Сақтандыру саласы кәсіпкерлік қызметтің барлық салалар тиімділігін
көтеруге ықпал ететін инфрақұрылым. Бұл Қазақстанда сақтандырудың барлық
түрлерін дамыту маңыздылығын анықтайды. Менің ойымша, біздің елімізде
сақтандыруды дамыту сақтандыру нарығын ұйымдастыру және сақтандырушылар
қызметін заңмен бақылау бойынша көп жылдық тәжірибесі бар өндірістік
дамыған елдердің тәжірибесін оқып және таразылап қолдануға негізделуі
керек.

1.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының
қалыптасуы және даму ерекшеліктері

Мемлекетіміздің егемендегі жарияланғаннан кейін әлеуметтік,
экономикалық және құқықтық жетістіктерімізді бекемдеу және нығайту үшін
бірқатар нормативтік актілер қабылданды. Соның бірі 1992 жылғы 3 шілдеде
қабылданған Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы Заң. Бұл
заңнамалық акті сақтандыру саласындағы өзекті істерді реттеуге өзіндік үлес
қосты. Араға жылдар салғаннан соң, атап айтқанда, 1995 жылғы 3 қазанда
Қазақстан Республикасы Президентінің Сақтандыру туралы заң күші бар
Жарлығы жарияланып, ол сақтандыру қызметін реттеу саласын елеулі түрде
кеңейуіне әсер етті. Алайда, даму қатынастары заңнаманың осы саласын
анағұрлым дәл регламенттеу мен нақтылай реттеуді алға тартып, 2000 жылғы 18
желтоқсаннан Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының жаңа
заңы қолданыла бастады.
Осы заң кәсіпкерлік қызмет түрі ретінде сақтандыруды жүзеге асырудың
негізгі ережелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру
брокерлерін құру, лицензиялау, реттеу, олардың қызметін тоқтату
ерекшеліктерін, өзге жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру рыногіндағы
мемлекеттік реттеу міндеттерін және сақтандыру қызметін қадағалауды
қамтамасыз ету принциптерін айқындайды. Сақтандыру қызметі туралы заңда
оның алдынғы актілерге қарағанда жаңа ұғымдар қосылған және анағұрлым
нақтыланған, сақтандырушылар мен сақтандыру нарығының кәсіби қатысушылары
қызметін ұымдастыруға көп көңіл бөлінген. Сонымен қатар Қазақстан
Республикасы Азаматтық Кодексінде сақтандыру нормалары туралы айтылған.
Заңды немесе жеке тұлғаның кез келген мүддесі сақтандыру объектісі
бола алады. Атап айтқанда, бұлар құқыққа қайшы келетіндерінен өзге,
азаматтың өмірімен, денсаулығымен, еңбек қабілеттілігімен, зейнетақымен
қамтамасыз етілуімен және басқа да жағдайлардың, міндеттемелердің
туындауымен, мүлікке иелік ету, оны пайдалану, билік жүргізумен байланысты,
азаматқа немесе жеке тұлғаның мүлкіне келтірілген залалдың, сондай-ақ заңды
тұлғаға келтірілген залалдың орнын толтырумен байланысты. Құқыққа қайшы
мүдделер сот тәртібімен белгіленуі мүмкін және оның сақтандырылуы
сақтандыру шартына қол қойылған сәттен бастап жарамсыз болып табылады.
Сақтандыру қызметi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру
(қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан
Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк органның
лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi.
Жалпы барлық мемлекеттер өз Сақтандыру қоғам өміріндегі басты
рөлдердің бірін атқаратын сақтандыру қызметін ұйымдастыру кезінде, сол өз
мемлекетінің ерекшеліктеріне сай ұйымдастыруға тырысады. Нәтижесінде
мемлекет, өз сақтандыру ұйымының қызметін реттейтін органның және
сақтандыруға қатысатын тараптардың (сақтандырушы мен сақтанушыға
байланысты) пайда болатын көптеген қатынастарды ұйымдастыруға байланысты
қарым қатынастар жүйесі пайда болады.
Бұл қатынастар ақша қаржылық қозғалысын немесе сақтандыру төлемін,
сақтандыру оқиғасынан келтірілген залалдың орнын толтыруға байланысты
төлемді білдірмейді, олардың бағыты басқаға арналған:
а) мемлекеттегі сақтандыру жүйесінің құрылуына әсер етеді;
б) материалдық сақтандыру қатынастарына қатысатын қатысушылардың
сақтандыру қызметін жүргізуге байланысты;
в) сақтандыру заңдылығының сақталуын қадағалайды және бақылайды.
Мемлекет сақтандыруды қоғам өмірінде басты рөл ойнайтын екенін біліп,
оны қараусыз қалдырмайды, сондықтан да мемлекет оны реттеу мақсатында
нормативтік құқықтық актілер шығарады.
Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметін ұйымдастыру Қазақстан
Республикасының Сақтандыру қызметі туралы Заңына сәйкес жүргізіледі.
Сақтандыру қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды
жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді.
Қазақстанда сақтандыру нарығының сақтандыру қызметі міндетті сақтандыру
нарығы және ерікті сақтандыру нарығы бөліп екіге бөлінеді. (1-сурет)
Ерікті сақтандыру нарығы өмірді сақтандыру саласы және жалпы
сақтандыру саласы бойынша жүзеге асырылады.
Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай
сипаттарды қамтиды: өмірді сақтандыру; аннуитеттік (лат. Аnnuitas жыл
сайынғы төлем) сақтандыру ісінде рентаны немесе зейнетақыны сақтандыру
жөніндегі төлемдердің шамасын көрсетеді) сақтандыру.
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай
сыныптарды қамтиды: жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
медициналық сақтандыру, көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және
су көліктерін) сақтандыру; жүктерді сақтандыру; мүлікті сақтандыру (көлік
құралдарын қоспағанда); кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; көлік құралдары
еилерінің және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру;
зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру (көлік
құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығын
қоспағанда).
Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар
қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процес дүлей апат пен
басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен
байланысты. Зиянның орны ынтымақтастық негізде сақтандыру қатынастарына
қатысушылардың төлейтін сақтандыру жарналары есебінен толтырылады, бұл
жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтандыру қорларды құрайды.

1 сурет - Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының құрылымы
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп - қатерлер) азаматтық
құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру
жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің
жоғалу (жойылу) қаупі, жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге де мүліктік
игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым
жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе
кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның
денсаулығына өзге де зиян келтірген жағдайда қосымша шығыстарын тіркелген
сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемді жүзеге асыру
көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен
медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет
көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе
толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерді жүзеге асыру көзделетін жеке
басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы. Медициналық сақтандыру нарығының
қатысушылары 2-суретте бейнеленген.
Көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған
билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы
немесе жойылуы, соның ішінде айдап немеес ұрлап әкетілуі салдарынан
келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді
жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көптеген елдерде қаншама жылдардан бері азаматтық-құқықтық және
мамандық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жүзеге асырылды, 1997 жылдың 1
қаңтарынан бастап біздің республика аумағында да автокөлік құралдары
иелерінің және тасымалдаушылардың жолаушылары алдындағы азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру енгізілді.
Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы,
соның ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі
салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде
сақтандыру төлемдерді жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің
жиынтығы болып табылады.
Мүліктік сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе
немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы
салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшеріндесақтық
төлемдерді жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір
адамның өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарынан
туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген зияндар үшін
жауаптылықты сақтандыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер
бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауапты сақтандыру) тәуекелін
сақтандырады.
Зиян келтірілгені үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру
кезінде сақтанушының өз жауаптылығы да, осындай жауаптылық жүктелуі мүмкін
болатын өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтандырылады.
Зиян келтіргендігі үшін азаматтық құқықтық жауаптылықты сақтандыру
кезінде сақтанушының өзінің жауаптылық тәуекелі ғана сақтандырылуы мүмкін.
Бұл талаптарға сәйкес келмейтін сақтандыру шарты жарамсыз деп есептеледі.

2 сурет - Медициналық сақтандыру нарығының қатысушылары

Шартты бұзғандығы үшін азаматтық құқықтық жауаптылық тәуекелі шартта
оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдында азаматтық құқықтық жағынан
жауапты болуға тиіс тарап болып табылатын және бұл жағдайда пайда алушы
ретінде іс-қимыл жасайтын тұлғаның пайдасына сақтандырылған болып
есептеледі.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақтанушы
ретінде іс-қимыл жасайтын келісімшарт жасаушы агенттердің өз
міндеттемелерін бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметтің залалдар тәуекелі
немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының
өзгеруінен болған залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті ала-
алмай қалу тәуекелі сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелдері сақтандыру
шарты бойынша тек сол сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның
пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін.сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың
кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның (пайда
алушының) пайдасына жасалған шарт жарамсыз болады.
Сақтандырылған мүліктің түрі немесе тобына қарай сақтандырудың
мынадай түрлерін ажыратады: ауылшаруашылығы дақылдарын, малдарды,
құрылыстарды, мемлекеттік, жеке меншік, кооперативтік кәсіпорындардың,
қоғамдық ұйымдардың мүлкін, көлік ққұралдарын, қаржылық тәуекелді (соның
ішінде банк салымдары мен банк операцияларын, бағалы қағаздар рыногіндегі
операцияларды), жүктерді, мұнай операцияларын (мұнай шығару, оны өңдеу және
тасымалдау жөніндегі) және т.т. сақтандыру. Мүліктік сақтандыруда міндетті
нысанда көліктің барлық түрімен тасу жасалғанда тасымалдаушының жолаушылар
алдындағы азаматтық-құқықтық жауаптылығы мен автокөлік иелерінің азаматтық-
құқықтық жауаптылығы сақтандырылады. 1996 жылдан бастап ауыл шаруашылығы
өндірісін: көп жылдық екпелерді, ауыл шаруашылық малдарын, жылжымалы және
жылжымайтын мүліктерді, ауыл шаруашылығы өнімдері мен тауарларын қолайсыз
қолайсыз табиғат климат жағдайларынан, эпизоотиялардан және басқа дүлей
апаттардан міндетті сақтандыру қайта қалпына келтірілді.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы N 533 Заңымен
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы Заң қабылданды. Бұл
заңның мақсаты өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiнiң мүлiктiк
мүдделерiн заңда көзделген жағдайларда, мөлшерде және тәртiппен сақтандыру
төлемдерiн жүзеге асыру арқылы, өнiмнiң iшiнара немесе толық жойылуына әкеп
соққан қолайсыз табиғат құбылыстарының зардаптарынан қорғауды қамтамасыз
ету өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру болып табылады.
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды мемлекеттiк қолдау
сақтандырушыларға қолайсыз табиғат құбылыстарының нәтижесiнде туындаған
сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерiнiң елу процентiн өтеу
үшiн өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға тиiстi
қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленетiн
бюджет қаражатын бөлу арқылы жүзеге асырылады.
Өмірді сақтандыру – азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек
қабілеттігін және жеке басына байланысты өзге де мүдделерін залалдан
қорғаудың нысаны, ол жеке басты сақтандыруға жатады. Жеке басты сақтандыру
шарты бойынша сақтанушының өзі, сондай-ақ шартта аталған басқа
(сақтандырылған) адам (тұлға) сақтандырылған болуы мүмкін. өмірді,
денсаулықты, еңбек қабілеттілігін және азаматтардың материалдық тұрмыс
халін сақтандыру арқылы қорғау сонымен қатар олардың экономикалық
мүдделерімен тығыз байланысты және мүліктік, жеке басты және әлеуметтік
сақтандыру қызметтерінің көмегімен жүзеге асады.
Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру
мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін
өмір сүрген жағдайда сақтық төлемді жүзеге асыруды көздейтін жеке басты
сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Аннуитеттік сақтандыру сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек
ету қабілетін (жасына, мүгедектігіне байланысты, науқастығына
байланысты)жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда
немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айырылуына
әкеліп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-
кезеңімен сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру
түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жеке басты сақтандырудың сан алуан түрлері бар: өмірді аралас
сақтандыру, балаларды сақтандыру, некені сақтандыру, шаруашылық жүргізуші
субъектілер есебінен олардың қызметкерлерін сақтандыру, әуе, темір жол,
теңіз, ішкі су және обылысаралық, халықаралық автомобиль көлігінің
жолаушыларын сақтандыру және тағы басқа.
Жеке басты сақтандырудың аталған түрлері жолаушыларды сақтандырудан
басқасы ерікті нысанда жүргізіледі. Міндетті нысанда сондай-ақ көлік
құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығы, әскери қызметшілердің
жеке құрамы, ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік, салық қызметі
қызметкерлері сақтандырылады.
Қазақстан Республикасының аумағында қайта сақтандыруды жүзеге асыру
жөнiндегi қызмет Сақтандыру қызметі туралы Заңда көзделген тәртiппен
лицензиялануға тиiс.
Қайта сақтандыру бара-бар және бара-бар емес болып бөлiнедi. Қайта
сақтандыру жөнiндегi лицензияның болуы лицензиатқа бара-бар қайта
сақтандыру қызметiн де, бара-бар емес қайта сақтандыру қызметiн де жүзеге
асыру құқығын бередi. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша немесе "өмiрдi
сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы бара-бар қайта
сақтандыру жөнiндегi қызметiн өзiнiң лицензиясында көрсетiлген сыныптарда
ғана қайта сақтандыру лицензиясынсыз жүзеге асыруға құқылы.
"Жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымының
тек қана "жалпы сақтандыру" саласында қайта сақтандыру жөнiнде лицензия
алуға және бара-бар қайта сақтандыру жөнiндегi қызметтi де, бара-бар емес
қайта сақтандыру жөнiндегi қызметтi де жүзеге асыруға құқығы бар.
"Өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымының
тек қана "өмірді сақтандыру" саласында қайта сақтандыру жөнiнде лицензия
алуға және бара-бар сақтандыру жөнiндегi қызметтi де, бара-бар емес
сақтандыру жөнiндегi қызметтi де жүзеге асыруға құқығы бар. Қайта
сақтандыруды қайта сақтандыру жөнiндегi лицензия негiзiнде қызметтің ерекше
түрi ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы "өмiрдi сақтандыру"
және "жалпы сақтандыру" салалары бойынша бара-бар қайта сақтандыруды да,
бара-бар емес қайта сақтандыруды да жүзеге асыруға құқылы.
Заңда қайта сақтандыру ұйымын құру, лицензиялау және оның қызметiн
тоқтату талаптары қайта сақтандыруды қызметтiң ерекше түрi ретiнде жүзеге
асыратын қайта сақтандыру ұйымдарына қатысты келтiрiлген.
Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге
асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға ғана сақтандырушы бола алады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметiнен басқа
қызметтiң мынадай түрлерiн:
1) уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде
көзделген тәртiппен инвестициялық қызметтi;
2) тиiстi жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегiнде
өзiнiң сақтанушыларына қарыз берудi (сақтандыру ұйымы үшін);
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн автоматтандыру үшiн
пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етудi сатуды;
4) ақпарат берiлiмдерiнiң кез келген түрлерiнде сақтандыру iсi және
сақтандыру қызметi жөнiнде арнаулы әдебиет сатуды;
5) бұрын өз мұқтаждары үшiн сатып алынған (сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымы үшiн) немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты
келiп түскен (сақтандыру ұйымы үшiн) мүлiктi сатуды немесе жалға берудi;
6) сақтандыру қызметiне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет
көрсетудi;
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру
мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргiзудi;
8) сақтандыру агентi ретiнде сақтандыру делдалы болуды;
9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы консорциум немесе жай серiктестiк
құруға қатысуға құқылы.
Азаматтық кодекстің 831-бабына сәйкес сақтанушының негізгі міндеттері:
- сақтандыру шарты белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде
сақтандыру сыйлықтарын төлеу;
- сақтандыру тәуекелінің жай-күйі туралы сақтандырушыны хабардар ету;
-сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы хабарлау;
- сақтандыру жағдайынан туатын залалдарды азайту үшін шаралар
қолдану;
- сақтандыру жағдайының басталғандығы үшін жауапты адамнан талап ету
құқығының сақтандырушыға өтуін қамтамасыз ету болып табылады.
Сақтандыру шартында сақтанушының басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.
Қазақстан Республикасында сақтандыру ұйымдары Қазақстан Республикасы
Сақтандыру қызметі туралы заң талаптарына толық жауап берген кезде ғана
құрылуы мүмкін.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары мен
акционерлері:
1. Жеке және заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттерi
мен резидент еместерi және уәкілетті мемлекеттiк органның өзге де
нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген талаптарды ескере отырып,
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлерi
бола алады.
2. Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкiметi арқылы ғана сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы және акционерi бола алады.
Жарғылық капиталының елу процентiнен астамы мемлекетке тиесiлi ұйымдар
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлерi
бола алмайды.
3. Мемлекет өзi құрылтайшысы немесе акционерi болып табылатын
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттемелерi бойынша, егер
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, оның жарғылық
капиталына салған қаражаты шегiнде жауапты болады.
4. Оффшорлық аймақта тiркелген, ұйым мәртебесi бар заңды тұлға не
жарғылық капиталына тiкелей немесе қосылма тұлғалар арқылы оффшорлық
аймақта тiркелген заңды тұлғалар қатысатын заңды тұлға, құрылатын
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының - Қазақстан Республикасы
резидентiнiң құрылтайшысы бола алмайды.
Сақтандыру қызметiн қадағалауды жүзеге асыру кезiнде оффшорлық деп
танылатын аймақтардың тiзбесiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құқықтық мәртебесi
келесідей:
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы коммерциялық ұйым болып
табылады және өз қызметiн Сақтандыру қызметі туралы заңмен Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге
асырады.
Коммерциялық ұйым түрiнде құрылған және қоғам мүшелерi болып
табылмайтын адамдардың мүдделерiн сақтандыруды жүзеге асыратын өзара
сақтандыру қоғамының құқықтық мәртебесi, құрылу, лицензиялану, қызметiн
реттеу мен тоқтату тәртiбi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк
құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық-құқықтық нысаны
акционерлiк қоғам болып табылады. Жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымының ұйымдық-құқықтық нысаны жабық акционерлiк қоғам болуға
тиiс.
3. Жабық акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына соңғы толық қаржы жылы iшiнде үнемi
залалсыз жұмыс iстеген және осы кезеңде уәкiлеттi мемлекеттiк орган
белгiлеген пруденциялық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi
нормалар мен лимиттердi сақтаған жағдайда мемлекеттiк тiркеуден өткен
күнiнен бастап кемiнде бiр жыл мерзiм өткеннен кейiн ашық акционерлiк қоғам
болып қайта құрылуына жол берiледi.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ресми мәртебесi заңды
тұлғаның әдiлет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретiнде
мемлекеттiк тiркеуден өтуiмен және уәкiлеттi мемлекеттiк органның
сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына берiлген лицензиясы болуымен
айқындалады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз жарғысында жазылған атауды өз
атауы ретiнде пайдаланады. "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге
асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "сақтандыру"
деген сөз немесе содан туындаған сөз болуға тиiс. "Өмiрдi сақтандыру"
саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында
мiндеттi түрде "өмiрдi сақтандыру" деген сөздер немесе содан туындаған
сөздер болуға тиiс. Тек қана қайта сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын
қайта сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "қайта сақтандыру"
деген сөздер немесе содан туындаған сөз болуға тиiс.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз атауында "ұлттық",
"орталық", "бюджеттiк", "республикалық" деген сөздердi пайдалануына тыйым
салынады.
Атау ретiнде бұрынғы құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының, оның iшiнде Қазақстан Республикасының резидентi емес
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының атауындағы белгiлермен бiрдей
немесе онымен араластыру дәрежесiне дейiн соған ұқсас сөздердi белгi атауы
ретiнде пайдалануға жол берiлмейдi. Мұндай тыйым салу, еншiлес сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдары негiзгi ұйымның атауын пайдаланған жағдайда
қолданылмайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi түрде мынадай алқалық
органдар құрады:
директорлар кеңесi - басқару органы;
басқарма - атқарушы орган;
тексеру комиссиясы - бақылау органы.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталын
қалыптастыру:
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары мен
акционерлерi сатып алатын акцияларына ақшаны тек қана ұлттық валютамен
төлеуге мiндеттi.
2. Заңды тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына
төлемдi, басқа заңды тұлғалардың акциялары және (немесе) жарғылық капиталға
қатысу үлесi үшiн төлем ретiнде енгізген активтерi сомасын шегерiп тастап,
өзiнiң меншiктi капиталы шегiнде ақшамен төлеуге құқылы. Мұндай шектеу
орнықты инвесторларға қолданылмайды.
3. Жеке және заңды тұлғалардың қарызға, кепiлге алған қаражатты немесе
өзге де тартылған қаражатты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
акцияларына төлеу үшiн пайдалануына тыйым салынады.
4. Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық
капиталының ең аз мөлшерiн оның құрылтайшылары оны мемлекеттiк тiркеуден
өткiзген кезге дейiн толық төлеуге тиiс.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы нарығының инфрақұрылымы
Қазақстан Республикасының Сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы: негізгі тенденциялары және даму мәселелері
Сақтандыру ісінің қалыптасу кезеңдері, экономикалық мәні және функциялары
Қазақстан Республикасының өмірді сақтандыру компаниялары
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы
Сақтандыру нарығының қалыптасуының негізгі ерекшеліктері
САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Сақтандыру нарығының құрылымы
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығы
Пәндер