Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
(2006.22.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢДАР ЖИНАҒЫНЫҢ III ТОМЫНА ЕНГІЗІЛГЕН (2006
ЖЫЛҒЫ 5 МАМЫРҒА БЕРІЛГЕН) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ
КОДЕКСIНІҢ МӘТІНІН ҚАРА
ҚР 1997 ж. 13 желтоқсандағы N 209-I Заңын қараңыз
Жалпы бөлім
1-Бөлім. Қазақстан Республикасының (1-21 баптар)
қылмыстық-атқару заңдары
1-тарау. Жалпы ережелер (1-7 баптар)
2-тарау. Сотталғандардың құқықтық жағдайы (8-13 баптар)
3-тарау. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар (14-21 баптар)
және олардың қызметіне бақылау жасау
Ерекше бөлім
2-Бөлім. Сотталушыны қоғамнан оқшаулауға (22-63 баптар)
байланысты емес жазаларды атқару
4-тарау. Айыппұл түріндегі жазаны атқару (22-24 баптар)
5-тарау. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі (24-30 баптар)
бір қызметпен айналысу құқығынан айыру
түріндегі жазаны атқару
6-тарау. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны атқару (30-36 баптар)
7-тарау. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны атқару (36-43 баптар)
8-тарау. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны (43-56 баптар)
атқарудың тәртібі мен ережелері
9-тарау. Қосымша жазаларды атқару (56-63 баптар)
3-Бөлім. Қамау түріндегі жазаны атқару (63-67 баптар)
10-тарау. Қамау түріндегі жазаны атқарудың (63-67 баптар)
тәртібі мен ережелері
4-Бөлім. Бас бостандығынан айыру түріндегі (68-139 баптар)
жазаны атқару
11-тарау. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны (68-76 баптар)
атқарудың жалпы ережелері
12-тарау. Түзеу мекемелеріндегі режим және оны (77-81 баптар)
қамтамасыз ету құралдары
13-тарау. Түзеу мекемелерінде жазаны өтеу жағдайлары (82-98 баптар)
14-тарау. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың (99-104 баптар)
еңбегі, кәсіптік білімі және кәсіптік даярлығы
15-тарау. Бас бостандығына айыруға сотталғандарға (105-115 баптар)
тәрбиелік ықпал ету
16-тарау. Алуан түрлі түзеу мекемелеріндегі (116-127 баптар)
жазаларды атқарудың ерекшеліктері
17-тарау. Кәмелетке толмаған сотталғандардың бас (128-138 баптар)
бостандығынан айыру түріндегі жазаны
өтеу ерекшеліктері
5-Бөлім. Сотталған әскери қызметшілерге қатысты (139-164 баптар)
әскери қызмет бойынша шектеу, қамау және
тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі
жазаларды атқару
18-тарау. Әскери қызмет бойынша шектеу түріндегі (139-144 баптар)
жазаны атқару
19-тарау. Сотталған әскери қызметшілерге қатысты (145-149 баптар)
қамауды атқару
20-тарау. Тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі (150-164 баптар)
жазаны атқарудың тәртібі мен жағдайлары
6-Бөлім. Өлім жазасы түріндегі жазаны орындау (165-167 баптар)
21-тарау. Өлім жазасы түріндегі жазаны орындаудың (165-167 баптар)
тәртібі мен жағдайлары
7-Бөлім. Жазаны өтеуден босату. (168-180 баптар)
Жазасын өтеуден босатылған сотталғандарға
көмек және оларға бақылау жасау
22-тарау. Жазаны өтеуден босату (168-175 баптар)
23-тарау. Жазаны өтеуден босатылған адамдарға (176-180 баптар)
көмек және оларды бақылау
8-Бөлім. Шартты сотталған адамдарға бақылау жасау (181-184
баптар)
24-тарау. Шартты сотталғандардың жүріс-тұрысын (181-184
баптар)
бақылауды жүзеге асыру
Қосымша. Сот үкiмi бойынша тәркiленуге жатпайтын мүлiктер
Тізбесі
Жалпы бөлім
1-Бөлім. Қазақстан Республикасының
қылмыстық-атқару заңдары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару
заңдары
Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдары осы Кодекстен және
Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, сондай-ақ жазаны және
сотталғандарға қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқару мен
өтеудiң тәртiбiн және жағдайларын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық
актiлерден тұрады.
2-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдарының мақсаттары мен
мiндеттерi
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдарының мақсаттары
әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сотталғандарды түзеу,
сотталғандардың да, өзге адамдардың да жаңа қылмыстар жасауының алдын алу
болып табылады.
2. Аталған мақсаттарға сәйкес қылмыстық-атқару заңдарының мiндетi жазаларды
өтеудiң тәртiбi мен жағдайларын реттеу, сотталғандарды түзеу құралдарын
анықтау, олардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерiн қорғау, оларға
әлеуметтiк бейiмделуге көмек көрсету деп саналады.
3-бап. Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңдарының сотталған әскери
қызметшiлерге қатысты қолданылуы
1. Сотталған әскери қызметшiлердi жазалау осы Кодекске, өзге де заңдар мен
нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлiгi бекiткен сотталған әскери қызметшiлердiң қылмыстық жазаларды
өтеу ережелерiне сәйкес атқарылады.
2. Сотталған әскери қызметшiлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жазасын өтейдi және әскери қызметтен өтедi. Оларға осы баптың 1-тармағында
аталған нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген шектеулер қолданылады.
4-бап. Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңдарының кеңiстiк пен
уақыт тұрғысында қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында жазасын өтеушi сотталғандарға
Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдары қолданылады.
2. Сотталғандардың қылмыстық жазаларды атқаруы, сондай-ақ оларға түзеу
амалдарын қолдану мен босатылатындарға көмек көрсету жазаның осы түрiн
атқару кезiнде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
5-бап. Жазаны атқару негiздемесi
Соттың заңды күшiне енген үкiмi немесе қаулысы, сондай-ақ рақымшылық немесе
кешiрiм жасау актiсi жазаны атқару негiздемесi болып табылады.
6-бап. Қылмыстық-атқару заңдарының принциптерi
Қылмыстық-атқару заңдары заңдылық, баршаның заң алдындағы теңдiгi,
гуманизм, демократизм және жариялылық, жазаларды атқарудың саралануы мен
жеке-даралығын, жазаны түзеу ықпалымен бiрiктiрудi қамтамасыз ететiн
принциптерге негiзделедi.
7-бап. Сотталғандарды түзеудiң негiзгi құралдары
1. Сотталғанды түзеу - оның бойында құқық ұстанушылық мiнез-құлықты, жеке
адамға, қоғамға, еңбекке, адамзат қоғамының нормаларына, ережелерi мен
дәстүрлерiне оң көзқарастарды қалыптастыру.
2. Сотталғандарды түзеудiң негiзгi құралдары мыналар: жазаны атқару мен
өтеудiң белгiленген тәртiбi (режимi), тәрбие жұмысы, қоғамдық-пайдалы
еңбек, орта бiлiм алу, кәсiптiк даярлық пен қоғамдық ықпал ету.
3. Түзеу құралдары жазаның түрiн, жасалған қылмыстың сипатын, қоғамдық
қауiптiлiк дәрежесiн, кiнә нысаны мен себептерiн, сотталушының жеке басы
мен мiнез-құлқын ескере отырып қолданылады.
2-тарау. Сотталғандардың құқықтық жағдайы
8-бап. Сотталғандардың құқықтық жағдайының негiздерi
1. Қазақстан Республикасы сотталғандардың құқықтарын, бостандығы мен заңды
мүдделерiн құрметтейдi және қорғайды, олардың түзелуiне қажеттi
жағдайларды, әлеуметтiк әдiлеттiлiк кепiлдiгiн, олардың жазаларды атқару
кезiнде жеке басының әлеуметтiк, құқықтық және өзге де қорғалуын қамтамасыз
етедi.
2. Сотталғандар жазаның нақты түрiн атқарудың тәртiбi мен жағдайларын
негiзге ала отырып, Республика Конституциясында, Қылмыстық, қылмыстық-
атқару кодекстерiнде және өзге де заңдарында белгiленген шектеулермен
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары болады және солардың
мiндеттерiн атқарады.
3. Сотталған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жазаның нақты түрiн
атқарудың тәртiбi мен жағдайларын негiзге ала отырып, шетелдiктер мен
азаматтығы жоқ адамдардың жағдайы туралы Конституцияға, халықаралық
шарттарға, заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясында
қылмыстық, қылмыстық-атқару кодекстерiнде және өзге де заңдарында көзделген
шектеулерi бар құқықтары болады және олар сондай мiндеттер атқарады.
9-бап. Сотталғандардың негiзгi мiндеттерi
1. Сотталғандар осы Кодекспен, өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен және
үкiммен белгiленген құқықтық шектеулерден туындайтын талаптарды сақтауға
мiндеттi.
2. Сотталғандар жазаларды атқарушы мекемелер мен органдар әкiмшiлiктерiнiң
өздерiнiң мiнез-құлқына арнап белгiлеген заңды талаптарын орындауға
мiндеттi.
3. Сотталғандардың өздерiне жүктелген мiндеттердi, сондай-ақ жазаларды
атқарушы мекемелер мен органдар әкiмшiлiгiнiң заңды талаптарын орындамауы
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
10-бап. Сотталғандардың негiзгi құқықтары
1. Сотталғандардың сот тағайындаған жаза түрiн өтеудiң тәртiбi мен
жағдайлары, өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерi туралы ақпарат алуға құқығы
бар. Ақпаратты жазаны атқарушы мекеме немесе орган бередi.
2. Сотталғандар жазаны атқарушы мекеменiң немесе органның әкiмшiлiгiне,
жазаны атқарушы мекемелер мен органдардан жоғары тұрған басқару
органдарына, сотқа, прокуратура органдарына, мемлекеттiк өкiмет
органдарына, қоғамдық бiрлестiктерге, сондай-ақ адам құқығы мен бостандығын
қорғау жөнiндегi халықаралық ұйымдарға ауызша және жазбаша ұсыныстар,
өтiнiштер жасауға және шағымдануға құқылы.
3. Сотталғандар түсiнiктеме беруге және хат алысуға, сондай-ақ осы баптың 2-
тармағында аталғанындай ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн кез келген басқа
тiлде ұсыныстар, өтiнiштер жасауға және шағымдануға, қажет болған
жағдайларда аудармашының қызметiн пайдалануға құқылы. Сотталғандарға жауап
өтiнiш жасаған тiлiнде қайтарылады. Өтiнiш жасаған тiлде жауап қайтаруға
мүмкiндiк болмаған жағдайда ол Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
тiлiнде немесе ресми қолданылатын орыс тiлiнде берiледi. Жауапты өтiнiш
жасаған тiлге аударуды жазаны атқарушы мекеме немесе орган қамтамасыз
етедi.
4. Сотталғандар адвокаттардың, сондай-ақ осындай көмек беруге уәкiлеттi
басқа адамдардың заң көмегiн пайдалануға құқылы.
5. Сотталғандардың әлеуметтiк қамтамасыз етiлуге, оның iшiнде Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы алуға құқығы бар.
6. Қамауға немесе бас бостандығынан айыруға сотталғандар өздерiнiң
денсаулығын сақтау үшiн қажеттi материалдық-тұрмыстық және медициналық-
санитариялық қамсыздандыру құқығын пайдаланады.
7. Соттың үкiмi бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын
адамдарды қоспағанда, сотталғандардың мемлекеттiк органдарды және
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға,
сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.
8. Жазасын өтеген және сотталуына байланысты атқарып жүрген қызметiнен
босатылған адамдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбекке
және тұрмыстық жағынан орналасуға, әлеуметтiк көмектiң басқа түрлерiн алуға
құқығы бар.
9. Жазасын өтеп жүрген адамдардың қызметкерлер тарапынан сыпайылық көру
құқығы бар. Олар қатаң немесе адамшылық қасиетiн қорлайтындай қарауға
ұшыратылмауға тиiс. Сотталғандарға мәжбүрлеу шараларын заң негiзiнен өзгеше
қолдануға болмайды.
10. Қамауға, бас бостандығын шектеуге немесе бас бостандығынан айыруға
сотталған шетелдiктердiң өз мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкiлдерiмен және
консулдық мекемелерiмен, ал Қазақстан Республикасында дипломатиялық және
консулдық мекемелерi жоқ елдердiң азаматтарының - олардың мүдделерiн
қорғауды өз мойнына алған мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерiмен
немесе оларды қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдармен байланыс жасауға
құқығы бар.
11. Сотталғандардың құқықтарын iске асыру тәртiбi осы Кодекспен, Қазақстан
Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен,
Қазақстан Республикасы бекiткен мемлекетаралық шарттармен белгiленедi.
11-бап. Сотталғандардың жеке басының қауiпсiздiгiне құқығы
1. Сотталғандардың және басқа адамдардың тарапынан сотталушының жеке басына
қарсы қылмыс жасау қаупi туындаған кезде ол қамау, бас бостандығын шектеу
немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны атқарушы мекеменiң кез
келген лауазымды адамына өзiн мұндай қатер жоқ қауiпсiз орынға ауыстыру
туралы өтiнiш жасауға құқылы. Бұл жағдайда лауазымды адам сотталушыны
қауiпсiз орынға ауыстыру жөнiнде дереу шаралар қолдануға мiндеттi.
2. Мекеменiң бастығы сотталушыны қауiпсiз орынға ауыстыру туралы шешiм,
сотталушының жеке басына қарсы қылмыстың жасалу мүмкiндiгiн болғызбайтын
өзге де шаралар қолданады, оның жазасын одан әрi өтеу орны туралы мәселенi
шешедi.
12-бап. Сотталғандардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ету
1. Сотталғандарға ар-ождан бостандығы мен дiн ұстану бостандығына кепiлдiк
берiледi.
2. Қамау немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазасын өтеп жүрген
адамдарға олардың өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген тәртiппен тiркелген дiни бiрлестiктердiң қызметшiлерi
шақырылады. Жазаны атқарушы мекемелерде сотталғандарға заңда тыйым
салынбаған дiни ғұрыптарды орындауына, табыну заттары мен дiни әдебиеттi
пайдалануына рұқсат етiледi. Мекеме әкiмшiлiгi ол үшiн тиiстi үй-жай
бөледi.
3. Ерекше режимдегi колониялардың карцерлерiнде, жалғыз адамдық
камераларында, айыптық және тәртiптiк оқшаулау орындарында, сондай-ақ
камералық үлгiдегi үй-жайларда ұсталатын сотталғандарға дiни қызметшiлер
жiберiледi, бұл орайда олардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
шарт.
4. Ауыр науқасты сотталғандарға, сондай-ақ өлiм жазасына кесiлгендерге
үкiмдi орындау алдында олардың өтiнiшi бойынша дiни қызметшiлер шақырылып,
осы жағдайда қажеттi барлық дiни ғұрыптарды жасау мүмкiндiгi қамтамасыз
етiледi.
5. Дiни ғұрыптарды орындау ерiктi болып табылады. Ол iшкi тәртiптi
бұзбауға, сондай-ақ жазасын өтеушi басқа адамдардың құқықтарына нұқсан
келтiрмеуге тиiс.
13-бап. Сотталғандардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi
1. Сотталғандардың ұсыныстарын, арыздары мен шағымдарын жазаны атқарушы
мекемелер мен органдардың әкiмшiлiгi қарайды.
2. Қамауға, тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, бас бостандығынан айыруға,
өлiм жазасына сотталғандардың осы Кодекстiң 10-бабының 2-тармағында аталған
органдарға жолданған ұсыныстары, арыздары мен шағымдары жазаны атқарушы
мекемелер мен органдардың әкiмшiлiгi арқылы жiберiледi. Жазаның өзге
түрлерiне сотталғандар ұсыныстарын, арыздары мен шағымдарын өздерi
жiбередi.
3. Қамауға, тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, бас бостандығынан айыруға,
өлiм жазасына сотталғандардың жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың
қызметiн бақылау мен қадағалауды жүзеге асырушы органдарға жолданған
ұсыныстары, арыздары мен шағымдары цензураға жатпайды және бiр тәулiктен
кешiктiрiлмей (демалыс және мереке күндерiн қоспағанда) тиiстi жерiне
жiберiледi.
4. Сотталғандардың жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкiмшiлiгiнiң
шешiмдерi мен iс-әрекеттерi жөнiндегi ұсыныстары, арыздары мен шағымдары
бұл шешiмдер мен iс-әрекеттердiң атқарылуын тоқтатпайды.
5. Органдар мен лауазымды адамдар өздерiне сотталғандар жолдаған
ұсыныстарын, арыздары мен шағымдарын Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген мерзiмдерде қарап, қабылданған шешiмдердi сотталғандардың
назарына жеткiзуге тиiс.
3-тарау. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар
және олардың қызметіне бақылау жасау
ҚР 21.12.02 ж. N 363-II Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
14-бап. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар
1. Айыппұл салу немесе мүлiктi тәркiлеу түрiндегi жазаны үкiм шығарған сот,
сондай-ақ мүлiктiң орналасқан жерi бойынша және сотталушының жұмыс орны
бойынша сот атқарады.
2. Белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу
құқығынан айыру түрiндегi жазаны атқаруды сотталушының тұрғылықты жерi
бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы, түзеу мекемесi немесе тәртiптiк
әскери бөлiм жүзеге асырады. Белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр
қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкiмiнiң талаптарын
сотталушының жұмыс орны бойынша ұйымның әкiмшiлiгi, сондай-ақ қызметтiң
тиiстi түрлерiмен айналысуға берiлген рұқсатты қайтып алуға Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес құқықты органдар атқарады.
3. Құрметтi, әскери, арнайы немесе өзге де атақтардан, сыныптық шеннен,
дипломатиялық дәрежеден және бiлiктiлiк сыныбынан айыру туралы сот үкiмiнiң
талаптарын атақты, сыныптық шендi, дипломатиялық дәреженi және бiлiктiлiк
сыныбын берген лауазымды тұлға атқарады.
4. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны сотталушының тұрғылықты жерi
бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы атқарады.
5. Бас бостандығын шектеу, қамау түрiндегi жазаларды қылмыстық-атқару
жүйесiнiң мекемелерi атқарады.
6. Түзеу жұмыстары түрiндегi жазаны қылмыстық-атқару инспекциясы атқарады.
7. Әскери қызметшiлерге жазаларды: тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауды - осы
үшiн арнайы арналған тәртiптiк әскери бөлiмдер; қамауды сотталған әскери
қызметшiлерге арналған гауптвахталарда гарнизондардың командованиесi немесе
гарнизон гауптвахталарының тиiстi бөлiмшелерi; әскери қызмет бойынша
шектеудi - аталған әскери қызметшiлер қызметтен өтiп жүрген әскери
бөлiмдердiң, мекемелердiң, органдар мен әскери құрамалардың командованиесi
(бұдан әрi - әскери бөлiмдердiң командованиесi) атқарады.
8. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны қылмыстық-атқару жүйесiнiң
мекемелерi және шаруашылық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн
қалдырылған сотталғандар жөнiнде тергеушiлiк оқшаулау орындары атқарады,
сондай-ақ ең ауыр жаза - өлім жазасы тергеушілік оқшаулау орындарында
атқарылады"
9. Шартты сотталғандар қылмыстық-атқару инспекциясының бақылауында болады.
Шартты сотталған әскери қызметшiлерге бақылау жасауды әскери бөлiмдердiң
командованиесi жүзеге асырады.
15-бап. Жазаны өтеу орны туралы хабарлау
Сотталушының жазасын өтеу орнына келгенi туралы жазаны атқарушы мекеменiң
немесе органның әкiмшiлiгi сотталушының қалауы бойынша жақын туыстарының не
заңды өкiлдерiнiң бiрiне 10 тәулiк iшiнде хабарлауға мiндеттi.
16-бап. Сотталғандарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану
1. Бас бостандығынан айыруға сотталған, алкоголизммен, нашақорлықпен немесе
уытқұмарлықпен ауыратын, сондай-ақ есiнiң кемiстiгi болуы мүмкiн,
психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдарға атқарушы мекемелер соттың
шешiмi бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданады.
2. Егер осы баптың 1-тармағында аталған жазаларды өтеу кезiнде сотталушының
алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратыны анықталса,
жазалардың аталған түрлерiн атқарушы мекеменiң әкiмшiлiгi сотқа мұндай
сотталушыға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы ұсыныс
жiбередi.
3. Бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларға сотталған және осы
баптың 1-тармағында аталған сырқаттармен ауыратын адамдарға Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 88-95-баптарына сәйкес медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
4. Бас бостандығын шектеуге, қамауға алуға, бас бостандығынан айыруға
сотталған адамдарға және туберкулездiң ашық түрiмен ауыратын немесе соз
ауруынан емделудiң толық курсынан өтпеген, сондай-ақ ВИЧСПИД жұқтырған
сотталғандарға жазалардың аталған түрлерiн атқарушы мекеме медициналық
комиссияның шешiмi бойынша мiндеттi емдеу қолданады.
2004.20.12 N 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi)
17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
17-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың бақылауы
1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi
атқарушы органдары өздерiнiң аумағында орналасқан түзеу мекемелерiнiң,
қамау үйлерiнiң қызметiне бақылау жасауды осы Кодекске сәйкес жүзеге
асырады.
2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы
органдары өздерiнiң аумағында орналасқан қылмыстық-атқару инспекцияларының
қызметiне бақылау жасауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге
асырады.
18-бап. Сот бақылауы
1. Жазаны өтеуден шартты-мерзiмiнен бұрын босату туралы, жазаның өтелмеген
бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсақ түрiне ауыстыру туралы, сотталушының
ауыруына байланысты жазадан босату туралы, адамның жеке басына қарсы
жасаған ауыр және аса ауыр қылмыстары үшiн бес жылдан артық мерзiмге бас
бостандығынан айыруға сотталғандарды қоспағанда, жүктi әйелдердiң және
сегiз жасқа дейiн балалары бар әйелдердiң жазаларын өтеуiн кейiнге қалдыру
туралы, сондай-ақ түзеу мекемесiнiң түрiн өзгерту туралы мәселелердi шешу
кезiнде жазалардың атқарылуын сот бақылайды.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда сотталғандар
мен өзге де адамдардың жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың iс-
әрекетiне жасаған шағымдарын сот қарайды.
3. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар үкiм шығарған сотқа
сотталғандардың қоғамдық жұмыстарды, түзеу жұмыстарын, бас бостандығын
шектеудi, қамауды, тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауды, бас бостандығынан
айыруды өтеуiнiң басталғаны және оның орны, айыппұл салу, белгiлi бiр
лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру,
арнайы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық
дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградалардан айыру,
әскери қызмет бойынша шектеу, мүлкiн тәркiлеу, өлiм жазасы түрiндегi
жазалардың атқарылуы туралы хабарлайды.
19-бап. Ведомстволық бақылау
Жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметiне жоғары тұрған басқару
органдары мен лауазымды адамдардың тарапынан ведомстволық бақылау жүзеге
асырылады. Ведомстволық бақылауды жүзеге асыру тәртiбi нормативтiк құқықтық
актiлермен белгiленедi.
2004.29.12 N 25-III ҚР Заңымен 19-1- баппен толықтырылды (ресми жарияланған
күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
19-1-бап. Қоғамдық бақылау
1. Қоғамдық бақылауды қоғамдық бiрлестiктер түзеу мекемелерi мен тергеу
изоляторларында ұсталатын адамдарға олардың Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген ұстау жағдайлары, медициналық-санитарлық қамтамасыз
ету, еңбегiн, бос уақытын және оларды оқытуды ұйымдастыру бөлiгіндегi
құқықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асыруына жәрдемдесу мақсатында жүзеге
асырады.
2. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi
айқындайтын тәртiппен облыстық (республикалық маңызы бар қалалық,
астаналық) қоғамдық байқау комиссиялары құрылады.
3. Қоғамдық байқау комиссиялары түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының
әкiмшiлiктерiне түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларында ұсталатын
адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету
үшiн жәрдемдесуге құқылы.
4. Түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторлары әкiмшіліктерiнiң қызметiн
қоғамдық бақылау және қоғамдық байқау комиссияларының оларға жәрдемдесуi
ерiктiлiк, тең құқықтық, өзiн-өзi басқару және заңдылық принциптерi
негiзiнде жүзеге асырылады.
5. Қоғамдық бақылауды жүзеге асырған кезде түзеу мекемелерi мен тергеу
изоляторларының қызметiне, сондай-ақ жедел-iздестiру, қылмыстық iс жүргiзу
қызметi мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу жөнiндегi қызметiне
араласуға жол берiлмейдi.
2004.29.12 N 25-III ҚР Заңымен 19-2- баппен толықтырылды (ресми жарияланған
күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
19-2-бап. Қоғамдық байқау комиссиясының өкiлеттiгi
1. Қоғамдық байқау комиссиясы, сондай-ақ қоғамдық байқау комиссиясының
мүшелерi:
1) түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларына қоғамдық байқау комиссиясының
кемiнде екi мүшесi құрамында қылмыстық-атқару жүйесiнiң уәкiлеттi органы
белгiлеген тәртiппен кедергiсiз кiруге;
2) сотталғандармен олардың келiсiмi болған кезде әңгiмелесуге, сондай-ақ
олардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылу мәселелерi жөнiндегi
өтiнiштерi мен шағымдарын қабылдауға;
3) түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларындағы адамдардың құқықтары мен
заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге байланысты мәселелер жөнiнде түзеу
мекемелерi мен тергеу изоляторларының әкiмшiлiгiне және (немесе)
прокуратура органдарына өтiнiш жасауға құқылы.
2. Түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларында ерекше режим енгiзiлген
кезеңде қоғамдық байқау комиссиясының аталған мекемелерге бару жөнiндегi
өкiлеттiгi тоқтатыла тұрады.
3. Қоғамдық байқау комиссиясының мүшелерi өз өкiлеттiктерiн орындау кезiнде
түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларының қызметiн қамтамасыз ететiн
нормативтiк құқықтық актiлердiң ережелерiн сақтауға, сондай-ақ аталған
мекемелер әкiмшiлiгiнiң заңды талаптарына бағынуға мiндеттi. Қоғамдық
бақылау iс-шараларын өткiзу iс жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асыруға кедергi
келтiрмеуге тиiс.
20-бап. Қылмыстық-атқару iсiн жүргiзудегi қадағалау
Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкiмшiлiгiнiң заңдарды сақтауын
қадағалауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан
Республикасының Бас Прокуроры мен оған бағынышты прокурорлар жүзеге
асырады.
2004.29.12 N 25-III ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр.ред. қара) (ресми
жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
21-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде болу
1. Жазаларды атқарушы мекемелерде, тергеу изоляторларында арнаулы рұқсатсыз
болуға мыналардың құқығы бар:
1) Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Премьер-
Министрi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, Қазақстан
Республикасының Премьер-Министрi, сондай-ақ тиiстi аумақтардың шегiнде
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және республика
астанасының әкiмдерi;
2) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оған бағынысты прокурорлар;
3) Қылмыстық-атқару жүйесiнiң жоғары тұрған органдарының қызметкерлерi.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi мен өзге де адамдардың жазаны
атқарушы мекемелерге ,тергеу изоляторларына сол мекемелер әкiмшiлiгiнiң
немесе қылмыстық-атқару жүйесiнiң жоғары тұрған органдарының арнаулы
рұқсаты бойынша қылмыстық-атқару жүйесiнiң уәкiлеттi органы белгiлеген
тәртiппен болуға құқығы бар.
3. Сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталғандардың қауiпсiздiгi мен
олардың күзетiн қамтамасыз етушi объектiлердi кино, фото және
бейнекөрiнiске түсiру түзеу мекемесi , тергеу изоляторы әкiмшiлiгiнiң
рұқсатымен жүзеге асырылады.
4. Сотталғандарды кино, фото және бейнекөрiнiске түсiру, олармен сұхбат
жүргiзу, соның iшiнде аудиобейнетехника құралдарын пайдаланып жүргiзу
сотталғандардың өз келiсiмiмен жүзеге асырылады.
Ерекше бөлім
2-Бөлім. Сотталушыны қоғамнан оқшаулауға
байланысты емес жазаларды атқару
4-тарау. Айыппұл түріндегі жазаны атқару
22-бап. Айыппұл түрiндегi жазаны атқару тәртiбi
1. Сотталушы үкiм заңды күшiне енген соң бiр айдан кешiктiрмей айыппұл
төлеуге мiндеттi.
2. Сотталушының айыппұлды бiр жолғы төлеуге мүмкiндiгi болмаған жағдайда,
сотталушының өтiнiшi бойынша төлемнiң мерзiмiн ұзартуға немесе алты айға
дейiн бөлiп-бөлiп төлетуге жол берiледi.
3. Сотталушы айыппұлды ерiктi түрде төлемеген кезде жазаны атқару сот
берген атқару парағының негiзiнде мәжбүрлеп жүргiзiледi. Айыппұл
сотталушының мүлкiнен, соның iшiнде оның сотта айқындалған ортақ меншiк
құқықтарындағы мүлiктегi үлесiнен өндiрiп алынуы мүмкiн.
4. Айыппұлды өндiрiп алу кезiнде осы Кодекске қосымшамен белгiленген
тiзбеге сәйкес тәркiлеуге жатпайтын мүлiктi алып қоюға болмайды.
23-бап. Айыппұл төлеуден қасақана жалтару
1. Айыппұлды осы Кодекстiң 22-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiмде
төлемеген және өзiнiң кiрiстерi мен мүлкiн мәжбүрлеп өндiрiп алудан
жасырушы сотталушы айыппұл төлеуден қасақана жалтарушы деп танылады.
2. Айыппұл төлеуден қасақана жалтарушы сотталғандар жөнiнде сот атқарушысы
сотқа айыппұлды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 40-бабының
төртiншi бөлiгiне сәйкес жазаның басқа түрiмен ауыстыру туралы ұсыныс
жiбередi.
5-тарау. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі
бір қызметпен айналысу құқығынан айыру
түріндегі жазаны атқару
24-бап. Белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу
түрiндегi жазаның атқарылуын ұйымдастыру
1. Негiзгi жаза ретiнде белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр
қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегi, сондай-ақ негiзгi жазаға
қосымша ретiнде айыппұл, түзеу жұмыстары немесе қоғамдық жұмыстарға тарту
түрiндегi, сондай-ақ шартты соттау кезiндегi жазаның атқарылуын
ұйымдастыруды сотталушының тұрғылықты жерi бойынша қылмыстық-атқару
инспекциясы жүзеге асырады.
2. Бас бостандығын шектеу, қамау, бас бостандығынан айыру немесе тәртiптiк
әскери бөлiмде ұстау түрiндегi негiзгi жазаға қосымша ретiнде тағайындалған
бұл жазаның атқарылуын ұйымдастыруды негiзгi жазаны атқарушы орган, ал
негiзгi жазаны өтеген соң - сотталушының тұрғылықты жерi бойынша қылмыстық-
атқару инспекциясы жүзеге асырады.
3. Қылмыстық-атқару инспекциясы:
сотталғандардың есебiн жүргiзедi;
сотталғандардың сот үкiмiнде көзделген белгiлi бiр лауазымда болуына немесе
белгiлi бiр қызметпен айналысуына тыйым салудың сақталуын бақылайды;
сотталушының жұмыс орны бойынша ұйым әкiмшiлiгiнiң, сондай-ақ сотталушыға
тыйым салынған қызметтiң тиiстi түрлерiмен айналысуға берiлген рұқсатты
қайтып алуға құқығы бар органдардың үкiмдi орындауын тексередi;
сотталушымен тәрбие жұмысын жүргiзудi ұйымдастырады.
4. Өзiнде жазаның негiзгi түрiн өтеп жүрген, сондай-ақ белгiлi бiр
лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру
түрiндегi қосымша жазаға сотталған адамды мекеменiң (ұйымның) әкiмшiлiгi
сотталушының орындауына тыйым салынған жұмыстарға тарта алмайды.
5. Сотталғандар әскери қызметке шақырылған немесе олар баламалы арнайы
мемлекеттiк қызметке кiрген жағдайларда қылмыстық-атқару инспекциялары
әскери комиссариатқа немесе сотталғандардың тұрғылықты жерi бойынша қызмет
өткеру кезiнде сол жазаны атқаруға арналған сот үкiмiнiң көшiрмесiн
жiбередi.
25-бап. Ұйымдар әкiмшiлiктерiнiң сот үкiмiн атқару жөнiндегi мiндеттерi
1. Белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу
құқығынан айыру туралы сот үкiмiнiң талаптары сотталушының жұмыс орны
бойынша меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың әкiмшiлiктерi үшiн мiндеттi.
2. Сотталушының жұмыс орны бойынша ұйымның әкiмшiлiгi:
сот үкiмiнiң көшiрмесiн не қылмыстық-атқару инспекциясының хабарламасын
алған соң үш күннен кешiктiрмей сотталушыны лауазымынан немесе ол айналысу
құқығынан айырылған қызмет түрiнен босатуға; сотталушының еңбек кiтапшасына
оның қандай лауазымда болу құқығынан қандай негiзде, қандай мерзiмге
айырылғаны немесе қызметтiң қандай түрiнен айырылғаны туралы жазба жазуға;
қылмыстық-атқару инспекциясына сот үкiмiнiң талаптарын орындау туралы
хабарлауға;
қылмыстық-атқару инспекциясының талап етуi бойынша жазаны атқаруға
байланысты құжаттарды табыс етуге;
сотталушымен еңбек шарты өзгерген немесе тоқтатылған жағдайда бұл туралы
қылмыстық-атқару инспекциясына үш күн мерзiм iшiнде хабарлауға мiндеттi.
26-бап. Белгiлi бiр қызметпен айналысуға берiлген рұқсатты қайтып алуға
құқықты органдардың мiндеттерi
1. Сотталғандарды белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот
үкiмiнiң талаптары қызметтiң тиiстi түрiмен айналысуға берiлген рұқсатты
қайтып алуға құқықты органдар үшiн мiндеттi.
2. Аталған органдар сот үкiмiнiң көшiрмесiн немесе қылмыстық-атқару
инспекциясының хабарламасын алған соң үш күннен кешiктiрмей сотталушыға
тыйым салынған қызмет түрiмен айналысуға берiлген рұқсатты қайтып алуға,
осы адамға қызметтiң көрсетiлген түрiмен айналысуға құқық беретiн тиiстi
құжатты қайтарып алуға және бұл туралы қылмыстық-атқару инспекциясына
хабарлама жiберуге мiндеттi.
27-бап. Белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу
құқығынан айыру түрiндегi жазаны атқару мерзiмдерiнiң есептелуi
1. Негiзгi жаза ретiнде немесе айыппұлға, қоғамдық жұмыстарға немесе түзеу
жұмыстарына тарту, сондай-ақ шартты соттау кезiнде қосымша жаза түрi
ретiнде тағайындалған белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр
қызметпен айналысу құқығынан айыру мерзiмi, егер бұл жағдайда қосымша
жазаның атқарылуы кейiнге қалдырылмаса, сот үкiмi заңды күшiне енген кезден
бастап есептеледi.
2. Бас бостандығын шектеуге, қамауға, бас бостандығынан айыруға немесе
тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға қосымша жаза ретiнде белгiлi бiр лауазымда
болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегi жаза
қолдану кезiнде ол жазаның аталған негiзгi түрлерiн өтеудiң бүкiл уақытына
қолданылады, бiрақ бұл орайда оның мерзiмi оларды өтеу кезiнен бастап
есептеледi.
28-бап. Белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу
құқығынан айыру түрiндегi жазаға сотталушының мiндеттерi
Белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан
айыру түрiндегi жазаға сотталғандар сот үкiмiнiң талаптарын орындауға,
қылмыстық-атқару инспекциясының талап етуi бойынша аталған жазаны атқаруға
байланысты құжаттарды беруге, жұмыс орны, оның өзгергенi және одан босағаны
туралы инспекцияға хабарлауға, сондай-ақ шақыру бойынша инспекцияға келуге
мiндеттi. Сотталушы келмей қалған жағдайда оған ерiксiз келтiру қолданылуы
мүмкiн.
29-бап. Белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу
құқығынан айыру туралы сот үкiмiн орындамаудың салдары
Соттың белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу
құқығынан айыру туралы үкiмiнiң орындалмауына кiнәлi өкiмет өкiлдерi,
мемлекеттiк қызметшiлер, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының
қызметшiлерi, мемлекеттiк мекемелердiң, коммерциялық немесе өзге де
ұйымдардың қызметшiлерi, сондай-ақ сот үкiмiнiң талаптарын бұзушы
сотталғандар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен
жауапты болады.
6-тарау. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі

30-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
30-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны атқару тәртiбi
1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны сотталушының тұрғылықты жерi
бойынша қылмыстық-атқару инспекциясының келiсiмiмен облыстық маңызы бар
қаланың жергiлiктi атқару органдары, республикалық маңызы бар қаладағы
(астанадағы) ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың
(селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмдерi белгiлейтiн объектiлерде
қылмыстық-атқару инспекциясы атқарады.
2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жаза жөнiндегi сот үкiмi соттың
тиiстi өкiмi үкiмнiң (ұйғарымның, қаулының) көшiрмесiмен қоса қылмыстық-
атқару инспекциясына келiп түскен күннен бастап он күн мерзiмнен
кешiктiрiлмей атқарылады.
3. Қылмыстық-атқару инспекциясы:
сотталғандардың есебiн жүргiзедi;
оларға жазаны өтеудiң тәртiбi мен ережелерiн түсiндiредi;
аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарында қоғамдық
жұмыстардың объектiлерiн сұратып алады;
сотталғандардың мiнез-құлқын бақылайды;
жазаны өтеуден жалтарған сотталғандарды ұстау туралы шешiм қабылдайды;
олардың атқарған уақытының жиынтық есебiн жүргiзедi және сотталғандардың
орындаған жұмыстары үшiн қаржы қаражатының тиiстi бюджеттерге уақытылы
түсуiн бақылайды.
31-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны атқару ережелерi
1. Сотталғандар:
жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбi мен ережелерiн сақтауға, еңбекке адал
қарауға;
өздерiне белгiленген объектiлерде жұмыс iстеуге және сот белгiлеген
қоғамдық жұмыстардың мерзiмiн атқаруға;
тұрғылықты жерiнiң өзгергенi туралы қылмыстық-атқару инспекциясына хабарлап
отыруға мiндеттi.
2. Сотталушыға негiзгi жұмыс орны бойынша кезектi демалыстың берiлуi
қоғамдық жұмыстар орындауды тоқтатпайды.
3. Сотталушы бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедек деп танылған жағдайда
қылмыстық-атқару инспекциясы сотқа оны жазасын одан әрi өтеуден босату
туралы, ал сотталған әйел жүктi болған жағдайда - оның жазасын өтеуiн
кейiнге қалдыру туралы ұсыныс жасайды.
32-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жаза мерзiмiнiң есептелуi
1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаның мерзiмi сотталушы қоғамдық
жұмыстарды орындаған сағаттармен есептеледi.
2. Қоғамдық жұмыстар уақыты демалыс күндерi мен сотталушы негiзгi жұмыспен
немесе оқумен айналыспаған күндерi - төрт сағаттан; жұмыс күндерi - жұмыс
немесе оқу аяқталған соң екi сағаттан, ал сотталушының келiсiмiмен - төрт
сағаттан аспауы керек. Қоғамдық жұмыстар уақыты апта iшiнде, әдетте, он екi
сағаттан кем болмауы керек. Дәлелдi себептерi болған кезде қылмыстық-атқару
инспекциясы сотталушыға апта iшiнде саны аз сағат жұмыс iстеуге рұқсат
беруге құқылы.
ҚР 21.12.02 ж. N 363-II Заңымен 33-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
33-бап. Сотталғандардың қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеу
орны бойынша ұйымдар әкiмшiлiгiнiң мiндеттерi
1. Сотталғандардың қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеу орны
бойынша ұйымдардың әкiмшiлiгiне сотталғандардың өздерiне белгiленген
жұмыстарды орындауына бақылау жасау, қылмыстық-атқару инспекциясына жұмыс
iстелген сағаттар саны туралы немесе сотталғандардың жазаны өтеуден
жалтаруы туралы хабарлау жүктеледi.
2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдардың еңбегін
ұйымның пайдалануы өтеусіз негізде жүзеге асырылады. Сотталған адамдар
орындаған жұмыстың көлемі мен құны ұйымда қолданылып жүрген бағалау бойынша
бөлек есептеледі және есептелген ақшалай қаражат тиісті бюджетке
аударылады.
34-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеуден қасақана жалтару
Сотталушы:
қоғамдық жұмыстарға дәлелдi себептерсiз бiр айдың iшiнде екi реттен астам
шықпаса;
еңбек тәртiбiн бiр айдың iшiнде екi реттен артық бұзса;
жазаны өтеуден жалтару мақсатымен жасырынса, қоғамдық жұмыстарға тарту
түрiндегi жазаны өтеуден қасақана жалтарған деп танылады.
35-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеушi адамдардың
жауаптылығы
1. Сотталғандардың қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеудiң
тәртiбi мен ережелерiн бұзғаны үшiн қылмыстық-атқару инспекциясы оған
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарына сәйкес жауапты болатынын
ескертедi.
2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеуден қасақана жалтарушы
сотталғандар жөнiнде қылмыстық-атқару инспекциясы Қазақстан Республикасы
Қылмыстық кодексiнiң 42-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес сотқа қоғамдық
жұмыстарды жазаның басқа түрлерiмен ауыстыру туралы ұсыныс жасайды.
7-тарау. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны атқару
36-бап. Түзеу жұмыстары түрiндегi жазаны
атқару тәртiбi
1. Түзеу жұмыстары сотталушының негiзгi жұмыс орны бойынша өтеледi.
2. Түзеу жұмыстарына сотталғандар жазаны өтеуге қылмыстық-атқару
инспекциясына үкiмнiң (ұйғарымның, қаулының) көшiрмесi мен соттың тиiстi
өкiмi келiп түскен күннен бастап он бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей
тартылады.
3. Қылмыстық-атқару инспекциялары:
сотталғандардың есебiн жүргiзедi;
жазаны өтеудiң тәртiбi мен ережелерiн түсiндiредi;
сотталғандардың жазаны өтеу ережелерiн сақтауын және сотталғандардың жұмыс
орны бойынша ұйымдар әкiмшiлiгiнiң үкiм талаптарын атқаруын бақылайды;
сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргiзедi;
сотталғандардың мiнез-құлқын бақылайды, қажет болған жағдайда оларды
еңбекке орналастыру үшiн жұмыспен қамту орталықтарына жiбередi;
шақыру бойынша немесе тiркелуге дәлелдi себептерсiз келмеген сотталғандарды
ерiксiз келтiру туралы шешiм қабылдайды;
сотталғандарды iздеу жөнiндегi алғашқы шараларды жүргiзедi, тұратын жерi
белгiсiз сотталғандар туралы материалдарды әзiрлеп, тиiстi қызметке бередi;
жазаны өтеу кезеңiнде өз қалауы бойынша жұмыстан босауға рұқсат бередi.
37-бап. Түзеу жұмыстары түрiндегi жазаны өтеу ережелерi
1. Түзеу жұмыстарына сотталғандар жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбi мен
ережелерiн сақтауға, еңбекке адал қарауға, өздерiне қылмыстық-атқару
инспекциясы жүктеген мiндеттердi орындауға және оның шақыруы бойынша
тiркелу үшiн айына екi рет келуге мiндеттi.
2. Түзеу жұмыстарына сотталғандардың табысынан сот үкiмiмен белгiленген
мөлшерде ақы ұсталып қалады.
3. Жазаны өтеу мерзiмi iшiнде сотталғандарға қылмыстық атқару
инспекциясының жазбаша рұқсатынсыз өз қалауы бойынша жұмыстан босауына
тыйым салынады. Рұқсат жұмыстан босау себептерiнiң негiздiлiгiн тексерген
соң берiлуi мүмкiн. Жұмыстан босауға рұқсат беруден бас тарту дәлелденуге
тиiс. Бас тарту туралы шешiмге заңда белгiленген тәртiппен шағым жасалуы
мүмкiн.
4. Сотталушы қылмыстық-атқару инспекциясына жұмыс орны мен тұратын жерiнiң
өзгергенi туралы он күн мерзiмде хабарлауға мiндеттi.
5. Сотталушы жұмыс iстейтiн ұйымның әкiмшiлiгi жазаны өтеу уақытында
қылмыстық-атқарушы инспекцияның келiсiмi бойынша кезектi демалыс, сондай-ақ
он күнге және одан да көп күнге қосымша демалыс бередi. Сотталғандарға
еңбек заңдарында көзделген демалыстың өзге түрлерi жалпы негiздерде
берiледi.
38-бап. Түзеу жұмыстары түрiндегi жаза мерзiмiнiң есептелуi
1. Түзеу жұмыстарының мерзiмi сотталушы жұмыс iстеген және оның табысынан
ақы ұсталып қалған жылдармен және айлармен есептеледi. Сотталушының жұмыс
iстеген күндерiнiң саны соттың жаза мерзiмiн белгiлеген әрбiр айындағы
жұмыс күндерiнiң санынан кем болмауға тиiс. Егер сотталушы көрсетiлген
күндер санында жұмыс iстемесе және жұмыс iстелмеген күндердi жаза мерзiмiне
есептеу үшiн осы Кодексте белгiленген негiздеме болмаса, түзеу жұмыстарын
өтеу сотталушының тиiстi жұмыс күндерiнiң санында толық жұмыс iстегенге
дейiн жалғастырылады.
2. Ұйым әкiмшiлiгiнiң сот үкiмiнiң (қаулысының) көшiрмесiн алған күнi
жазаны өтеу мерзiмiнiң басталуы болып табылады.
3. Сотталушының дәлелдi себептермен жұмыс iстемеген уақыты жазаны өтеу
мерзiмiне есептеледi. Бұл мерзiмге сотталушы ресми түрде жұмыссыз деп
танылған уақыт та есептеледi.
4. Сотталушы қатарынан төрт айдан астам ұзақ ауырған кезде қылмыстық-атқару
инспекциясы сотқа оны жазасын өтеуден босату туралы ұсыныс жасайды.
5. Жазаны өтеу кезiнде сотталушы әйел жүктi болған жағдайда қылмыстық-
атқару инспекциясы сотқа жүктiлiгi бойынша демалыс берiлген кезден бастап
оның жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру туралы ұсыныс жасайды.
6. Жұмыс уақытының жиынтық есебi қолданылатын ұйымдарда жұмыс iстейiн
сотталғандардың жазасын өтеу мерзiмi есептi кезең үшiн белгiленген жұмыс
сағатының санынан аспайтын жұмыс уақытының ұзақтығы негiзге ала отырып
есептеледi.
7. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сотталушының
жұмыс iстемеген уақыты; алкогольдiк, нашақорлық немесе уытқұмарлық
масаңдаудан болған немесе соларға байланысты iс-әрекеттерден болған ауыру
уақыты; қамау түрiндегi әкiмшiлiк жазаны өтеу, сондай-ақ жазаны өтеу
кезеңiнде басқа iс бойынша тыйым салу шарасы тәртiбiнде қамау уақыты жазаны
өтеу мерзiмiне есептелмейдi.
39-бап. Түзеу жұмыстарына сотталғандардың оны өтеу орны бойынша ұйымдар
әкiмшiлiгiнiң мiндеттерi
Түзеу жұмыстарына сотталғандардың оны өтеу орны бойынша ұйымдар
әкiмшiлiгiне:
сотталушының табысынан ұсталып қалатын ақыны дұрыс және уақтылы жүргiзу мен
ұсталған сомаларды белгiленген тәртiппен аударып отыру;
сотталғандардың өндiрiстегi мiнез-құлқына бақылау жасау және
сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргiзуде инспекцияға жәрдемдесу;
осы Кодексте көзделген жазаны өтеудiң ережелерiн сақтау;
қылмыстық-атқару инспекциясына сотталушыға қолданылған көтермелеу және
жазалау шаралары туралы, оның жазаны өтеуден жалтаруы туралы хабарлап
отыру, сондай-ақ басқа қызметке ауыстырылуы мен босатылуы туралы алдын ала
хабарлау жүктеледi.
40-бап. Түзеу жұмыстарына сотталғандардың жалақысынан ұстап қалуды жүргiзу
тәртiбi
1. Қылмыстық-атқару инспекциясы, сотталушының өзi немесе ол жұмыс iстейтiн
ұйымның әкiмшiлiгi оның материалдық жағдайы нашарлаған ретте жалақысынан
ұстап қалу мөлшерiн кемiту туралы сотқа өтiнiш жасауға құқылы. Ұстап қалу
мөлшерiн кемiту туралы шешiм сотталушының барлық табыстары ескерiле отырып
шығарылады.
2. Ұстап қалу жалақы төлеу кезiнде әрбiр жұмыс iстелген ай үшiн атқару
құжаттары бойынша, сотталушыға талаптардың болуына қарамастан, негiзгi
жұмыс орны бойынша жалақының барлық түрiнен жүргiзiледi.
3. Сотталғандардың жалақысынан ұстап қалуды жүргiзу кезiнде оның ақшалай
және заттай бөлiгi ескерiледi. Ұсталған ақша сомалары ай сайын мемлекет
кiрiсiне аударылып отырады.
4. Ұстап қалу әлеуметтiк сақтандыру және әлеуметтiк қамсыздандыру
тәртiбiмен алатын жәрдемақылардан, бiр жолғы сипаттағы төлемдерден
жүргiзiлмейдi.
5. Түзеу жұмыстарына сотталғандарға еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша
жәрдемақы сот үкiмiмен тағайындалған ұстап қалу шегерiлiп тасталғандағы
жалақысынан есептеледi.
6. Iстiң қысқартылуымен сот үкiмiнiң күшi жойылған немесе ол өзгертiлген
жағдайда сотталушының жалақысынан артық ұсталған сомалар оған толық
қайтарылады.
7. Қылмыстық-атқару инспекциясы сотталғандардың жалақысынан дұрыс және
мерзiмiнде ұстап қалуға және ұсталып қалған соманың мемлекет кiрiсiне
аударылуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
41-бап. Түзеу жұмыстары түрiндегi жазаны өтеушi адамдарға қолданылатын
көтермелеу шаралары
Өзiнiң түзелгенiн көрсеткен сотталғандар осы Кодексте көзделген тәртiппен
шартты мерзiмiнен бұрын босатуға ұсынылуы мүмкiн.
42-бап. Еңбекпен түзеу жұмыстары түрiндегi жазаны өтеудiң тәртiбi мен
шарттарын бұзғаны үшiн және жазаны өтеуден қасақана жалтарғаны үшiн
жауаптылық
1. Түзеу жұмыстары түрiндегi жазаны өтеудiң тәртiбi мен ережелерiн бұзу
мыналар болып табылады:
жазбаша ескертуден кейiн дәлелдi себептерсiз қылмыстық-атқару инспекциясына
келмеу;
жазбаша ескертуден кейiн осы Кодексте белгiленген мiндеттердi бұзу;
жұмысқа келмеуi немесе мас күйiнде немесе нашақорлық не уытқұмарлық масаң
күйде келу.
2. Түзеу жұмыстары түрiндегi жазаны өтеудiң тәртiбi мен ережелерiн бұзғаны
үшiн сотталушыларға түзеу жұмыстарын жазаның басқа түрiмен ауыстыру туралы
жазбаша ескерту түрiндегi жаза қолданылуы мүмкiн.
3. Осы баптың 2-тармағында аталғандардың кез келгенiн бұзғаны үшiн жазбаша
ескерту хабарланған соң түзеу жұмыстары түрiндегi жазаны өтеудiң тәртiбi
мен ережелерiн қайталап бұзуға жол берген, сондай-ақ тұратын жерiнен
жасырынған, жүрген жерi белгiсiз адам түзеу жұмыстары түрiндегi жазаны
өтеуден қасақана жалтарушы деп танылады.
4. Түзеу жұмыстары түрiндегi жазаны өтеуден қасақана жалтарушы сотталғандар
жөнiнде қылмыстық-атқару инспекциясы сотқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодексiнiң 43-бабының төртiншi бөлiгiне сәйкес түзеу жұмыстарын жазаның
басқа түрлерiмен ауыстыру туралы ұсыныс жасайды.
ҚР 21.12.02 ж. N 363-II Заңымен 8-тарау жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8-тарау. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны атқарудың
тәртібі мен шарттары

43-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
43-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу орны
1. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдар жазаны оларға қадағалауды
қылмыстық-атқару инспекцияларының жүзеге асыруы жағдайында тұратын жері
бойынша өтейді.
2. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары қылмыстық-атқару
инспекцияларына бас бостандығын шектеуге сотталған адамдардың еңбекке
орналастырылып, тұрмыстық жайластырылуына жәрдемдесуге міндетті.
44-бап. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдарды жазасын өтеу орнына
жіберу
1. Бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу
түріндегі жазаға ауыстырылған сотталған адамдар күзетте ұстаудан босатылады
және жазасын өтеу орнына мемлекет есебінен өздері барады. Түзеу мекемесінің
әкімшілігі сотталған адамға оны есепке қою үшін қылмыстық-атқару
инспекциясына бару бағыты мен уақытын көрсете отырып, жазаны өтеу орнына
бару туралы нұсқама береді.
2. Сотталған адам жазасын өтеу орнына белгіленген мерзімде барып жетпеген
жағдайда ішкі істер органдары оны іздестіруді жүзеге асырады.
3. Сотталған адам ұсталғаннан кейін бас бостандығын шектеуді бас
бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселені шешу үшін материалдар оның
ұсталған жеріндегі сотқа беріледі.
45-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның мерзімін есептеу
1. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның мерзімі қылмыстық-атқару
инспекциясының үкімді орындауға қабылдаған кезінен бастап есептеледі.
2. Сотталған адамның жұмыста немесе тұрғылықты жерінде бір тәуліктен артық
өз бетімен болмаған уақыты жаза мерзіміне есептелмейді.
46-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі
1. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтейтін адамдар қадағалауда
болады және:
қылмыстық-атқару инспекцияларының Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген режимдік
талаптарын орындауға;
қылмыстық-атқару инспекциясы әкімшілігінің рұқсатынсыз жұмыс, оқу орнын
және тұрғылықты жерін ауыстырмауға;
оқудан жәңе жұмыстан бос уақытта тұратын жерінде болуға;
қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігі белгілеген мерзімде тіркелу және
тәрбиелік іс-шаралар өткізуге қатысу үшін қылмыстық-атқару инспекциясына
келуге;
жұмыс немесе оқу кестесінің өзгеруі туралы қылмыстық-атқару инспекциясы
әкімшілігін жиырма төрт сағат ішінде хабардар етуге;
жеке басын куәландыратын белгіленген үлгідегі құжатты өзімен бірге алып
жүруге міндетті.
2. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші сотталған адамдарға
жазаны өтеу орны бойынша облыс шегінде орналасқан жоғары және арнаулы орта
оқу орындарында оқуға рұқсат етіледі. Сотталған адам қылмыстық-атқару
инспекциясы әкімшілігінің келісімімен өзге жерде орналасқан жоғары және
арнаулы орта оқу орындарында оқи алады.
47-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдардың еңбек
жағдайлары
1. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдардың еңбегі, осы Кодекспен
белгіленген ережелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының еңбек туралы
заңдарымен реттеледі.
2. Сотталған адамды басқа жұмысқа, оның ішінде басқа жерге ауыстыру
қылмыстық-атқару инспекциясы әкімшілігінің келісімімен жүзеге асырылады.
48-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдармен тәрбие
жұмысы
1. Қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігі бас бостандығын шектеу
түріндегі жазаны өтеуші адамдармен тәрбие жұмысын жүргізеді.
2. Сотталған адамдардың тәрбиелік сипатта жүргізілетін іс-шараларға
белсенді қатысуы көтермеленеді және түзелу деңгейін анықтаған кезде
ескеріледі.
49-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдарға
қолданылатын көтермелеу шаралары
1. Қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігі жазаны өтеудің белгіленген
тәртібін адал орындағаны үшін сотталған адамдарға мынаДай көтермелеу
шараларын:
алғыс жариялау;
бұрын қолданылған жазаны мерзімінен бүрын алу;
демалыс және мереке күндерін тұратын жерінің шегінен тыс жерлерде өткізуге
рұқсат беру;
демалысын тұратын жерінің шегінен шығып өткізуге рүқсат беру шараларын
қолдана алады.
2. Сотталған адамдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен шартты түрде
мерзімінен бүрын босатуға немесе жазаның өтелмеген бөлігін неғүрлым жұмсақ
жазамен ауыстыруға ұсынылуы мүмкін.
50-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдарға
қолданылатын жазалау шаралары
1. Қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігі жазаны өтеу тәртібін бүзушы
сотталған адамдарға мынадай жазалау шараларын:
сөгіс беру;
демалыс және мереке күндерінде тұратын жерінің шегінен шығуға бір айға
дейінгі мерзімге тыйым салу;
бас бостандығын шектеудің бас бостандығынан айырумен ауыстырылуы мүмкін
екендігі туралы ескерту шараларын қолдана алады.
2. Қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігі жазасын өтеуден қасақана
жалтарушы адамдарға қатысты бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан
айырумен ауыстыру туралы мәселелерді шешу үшін сотқа материалдарды табыс
етеді.
51-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдарға көтермелеу
және жазалау шараларын қолдану тәртібі
1. Көтермелеу және жазалау шаралары жазбаша түрде қолда-нылады.
2. Жазалау шараларын қолдану кезінде құқық бұзушылық жасалған мән-жайлар,
сотталған адамның жеке басы мен оның теріс қылық жасағанға дейінгі мінез-
құлқы ескеріледі. Тағайындалатын жаза ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz