Шаруашылық жүргізуді субъектілердің қаржысы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4

І ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ.
1.1. Қаржының қалыптасуы. Түсінігі, маңызы және мақсаты...5-6
1.2. Қаржы жүйесінің құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3. Мемлекеттік қаржылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-11

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
2.1 Қаржы жүйесінің қағидаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-15
2.2 Қаржы жүйесінің құрамы, қызметтері және принциптері ... 15-18
2.3 Қаржы механизмі, қаржылық саясаты. ... ... ... ... ... ... ...19-20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21-22

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... 23

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24-25

КІРІСПЕ

Қаржы жүйесінің негізгі буыны мемлекеттік бюджет болып табылады.
Мемлекеттік бюджет ретінде 1991-ші жылға дейін Одақтық бюджет болып келді.
Оған барлық Одақтас республикалардың бюджет енген еді. Бүгінде Қазақстан
егеменді ел болған сон, республика үкіметі өзінің ұлттық мемлекеттік
бюджетін жасауға кірісіп кетті.
Одақтық бюджет 1984-ші жылдан бастап тапшылық күйін кеше бастады.
Рыноктық қатынастарға көшу бюджет баланыстылығына қатты әсер етті. Ол жылма-
жыл қарыздар болған кәсіпорын мен ауыл шаруашылығының салмақты дотацияларды
бюджет иығына артуымен түсіндіріледі. Өнеркәсіп өнімін сатып алу бағасы мен
ауыл шаруашылығы өнімін сату бағалары тепе-тендігінің бұзылуы нәтижесінде
де болды. Күрделі әлеуметтік бағдарлама мен қорғанысқа кеткен шығындарды
мемлекет дотациялап отырды.
Мемлекеттік бюджет - мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Ол
мемлекеттің шығын мен табыстарының балансы. Бюджет ұғымы француздың сөзі
немесе табыс пен шығындарды бөлу. Бюджет табысы мен шығын құрылымы және
нарықтық экономикада елдің мемлекеттік бюджеті жеке баптар бойынша ара
салмағы төмендегідей
Қаржы экономиканың қоғамдық қатынастармен анықталады. Бірақ қаржы
звеносында осы қатынастар анықталады да өзіндік әр мағыналарымен
түсіндіріледі. Бүтіндей қаржы жүйесі дегеніміз- ақша құралдар қорын
пайдалану және іске асыру процесіндегі қаржы қатынастағы әр жүйенің
жиынтығы. Басқаша сөзбен қаржы жүйесі кәсіпорындағы ақша қоры құралдарын
пайдалану және бөлу әдістері және формаларының жүйесі. ҚР қаржы жүйесі
келесі қаржылық қатынастың келесі звеноларын қамтиды:
1. Мемлекеттік бюджет жүйесі;
2. Бюджеттен тыс арнайы қорлар;
3. Мемлекеттік несие;
4. Сақтандыру қорлары;
5. Жекешелендіру;
6. Әртүрлі формадағы кәсіпорындағы қаржылары.
Қаржы жүйесі әртүрлі қаржылық қатынастардың топтарын арнайы
байланыстары және жиынтығы әрқайсысын ақша құралдар қорын пайдалану, іске
асыру негізін пайдаланады.
Қаржының қажеті әр субъектінің шаруашылық жұмыс ұйымдарға қажет.
Қаржының әрқашанда керектігінен туады. Қаржының арқасында ғана
шаруашылықтардың айналым қорының негізгі қорларын жасау,олардың негізгі
өнімдерін үлғайту және әртүрлі қызмет орындау, сол шаруашылықтардың қаржы
ресурстарға байланысты болады. Шаруашылық ұйымдардың әр сатысында қаржы
қажеттілігі анықталады. Қаржы мемлекеттің халық шаруашылығын реттеу үшін
экономикалық бір деңгейге жақсарту үшін, әлеуметтік-мәдени салаларды дамыту
үшін және халықты қорғау үшін негізінде мемлекеттің басқару және
ұйымдастыру жұмыстарын орындау үшін қаржының маңызы зор.
Қаржы жүйесіне жататындар:
1. Мемлекеттік мекеменің қаржысы;
2. Кәсіпорынның, шаруашылық субъектінің және мекеменің формасы;
3. Қоғамдық мекеменің қаржысы.
Қаржы жүйесінің негізгі буыны мемлекеттік бюджет болып табылады.
Мемлекеттік бюджет ретінде 1991-ші жылға дейін Одақтық бюджет болып келді.
Оған барлық Одақтас республикалардың бюджет енген еді. Бүгінде Қазақстан
егеменді ел болған сон, республика үкіметі өзінің ұлттық мемлекеттік
бюджетін жасауға кірісіп кетті.
Мемлекеттің ішкі қарызынан басқа сыртқы қарызы да болады. Бюджет
тапшылығын бәсеңдету үшін мемлекет тек кана ішкі мүмкіндіктерімен ғана
шектелмей, кайтару мақсатымен сыртқы займдар мүмкіндіктерін де пайдаланады.
Міне, осылай мемлекеттің сыртқы қарызы да пайда болады.
Егер шығындар табыстан асып кетсе, бюджет тапшылығы пайда болады.
Бюджет тапшылығын жою үшін табыс бөлігін толтыру қажет немесе мемлекеттік
бюджеттің шығын бөлігін қысқартқан жөн. Бюджеттің табыс пен шығысының
айырмашылығын жабу үшін мемлекет қиыстырылған вариантына көшеді.
Осы туралы курстық жұмысымда толығырақ тоқталып өтейін.

І ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ
1.1. Қаржының қалыптасуы. Түсінігі, маңызы және мақсаты

Алғашқы қауым құрылысы кезінде класстар және мемлекет болған жоқ.
Бірінші ірі қоғамдық класстағы бөлініс – бұл құл иеленушілік және құлдар
және бірінші мемелекеттік құл иеленушілер. Қоғамдық экономикалық құл
иеленуші формацияда феодалықты өтуде феодалдық мемлекет құруды, сонымен
қатар қаржы төлеу категориясы ретінде қарастырды. Бірақ айта кету керек
қаржы ғана емес несие және баға пайдалану жолымен де іске асырылады. Ұлттық
табысты бөлу және қайта бөлу үшін тауар үйлестірілуі болуы керек. Баға ақша
құралдардың өсіңкілігін өнімді иесіне үйлестірілуден түскенін көрсетеді.
Ірі қайта бөлу процесі несиелік қатынастардан реттеледі. Қаржы және несие
өзара байланысты категория, сәйкесінше олар кәсіпорынның ақша қорын ұлғайту
негізгі айналымын қамтамасыз етеді. Несие ресурстары мемлекеттік бюджеттік
тапшылығын жабады.
Қаржы қатынасы екі жүйені қамтиды :
1. Экономика ақша қатынасы. Мемлекет орталықтанған ақша қорын пайдалану
және іске асырумен байланысты. Мемлекет бюджеттік жүйесі және
бюджеттік емес қорлардың өзіндік толықтырулар;
2. Экономикалық ақша қатынасы. Орталықтанбаған ақша қорының айналымын
басқарудың бөлінуі. Қаржы өзін экономикалық қатынасымен көрсетеді.
Іске асыру, бөлуі, дестранизацияланған, орталықтанған ақша құралдар
қорын, өндіріс ұлғайту жағдайы және мемлекет тапсырмаларымен және
функция мақсатына қатынасы.
Қаржыны бөлу функциясы екіге бөлінеді :
1. Ұлттық табысты бөлу- негізгі және алғашқы кіріс деп атайды. Олардың
қосындысы ұлттық табысқа тең болады. Материалдық өндіріс қатысушылар
арасында ұлттық табысты бөлу негізгі кіріспен іске асырылады. Олар екі
топқа бөлінеді:
а) материалдық өндіріс саласында адамдардың шаруалық кірісі
жұмысшылар мен жұмысшылардың еңбекақысы;
б) Материалдық өндіріс жүйесіндегі кәсіпорын кірісі;
2. Ұлттық табысты қайта бөлу және сала аралық бөлу құралы.
Кәсіпорынның және ұйымдардың қорлануы және табысты өте тиімді пайдаланумен
байланысты(денсаулық сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру тағы басқа). Сонымен
қатар қаржы бақылау функциясын да орындайды. Бақылау функциясы қор және
шығынға қатысты жалпы ішкі өнімді бөлген кезде немесе бөлуді бақылау
кезінде пайда болады.
Нарықтық қатынастарға өту кезінде қаржылық бақылау жалпы және
жеке кәсіпорындар ғылыми техникалық прогресстің пайда болуы халық
шаруашылығының барлық салаларындағы дүниежүзілік жұмыс сапасын жақсаруын
динамикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Ол өндірістік және
өндірістік емес жүйені қамтиды. Қаржылық бақылаудың басты мақсаттың бірі
болып қаржылық құқықтық сақталуын тексер, бюджеттік жүйесінің алдында
каржылық міндеттің толық және өз уақытында орындалуын, сонымен қатар салық
жүйесі банктер, ұйымдар мен кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың өзара
міндеттері. Қаржы-ақша қатынас жүйесі олардың айналым процесінде көрінетін
ақша қорын пайдалану мен орналасуында.
Ақша қозғалысы қаржылық экономикалық қатынастармен анықталады. Бұл
қатынас өзіне :
1. Кәсіпорындар аралық және мемлекет аралық (яғни заңды тұлғалар
аралығында) бұл мемлекеттік бюджетке салық төлеулермен;
2. Жұмысшылар мен қызметкерлердің әлеуметтік қажеттілігін мемлекет
қаржыландару;
3. Халықпен мемлекетаралық- салық төлеу, халыққа жәрдемақы төлеу;
4. Кәсіпорындар мен жұмысшылар арасында еңбекақы төлеу, осы бағалы
қағаздар ұстаушыға дивидент төлеу;
5. Кәсіпорындар мен банктер арасында ақша құралдарын сату ұзақ мерзім
мен қысқа мерзім несие алу.

1.2 Қаржы жүйесінің құрамы

Қаржы жүйесі ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және
пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды
ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің
қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.
Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік
сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі,
оның-қоғамдық-экономикалық үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес
қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:
1) қаржы қатынастарының жиынтығы;
2) ақша-қаражат қорларының жиынтығы;
3) басқарудың қаржылық аппараты.
Қаржыдағы функционалдық сыныптамаға сәйкес, салық, бюджет, сыртқы
экономикалық қатынастар, қаржыны жоспарлау, бақылау және басқаларды
функционалдық жүйеастылар деп атауға болады.
Қаржы жүйесінің сыныптамасында функционалдық критерийден басқа қаржы
жүйесін звенолар бойынша шектеуге мүмкіндік беретін қаржы субъектілерінің
нышаны бойынша мемлекет қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржысы, халық қаржысы деп жіктеуге болады. Сыныпқа байланысты болып
келетін звенолар қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқару аппараты тәрізді
элементтерден тұрады. Қасиеттерін осылай жүйелендіру қаржы жүйесіне
интеграциялық сипат береді.
Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы
болып келеді. Бастапқы элемент басқа элементтер жүйесінде жетекші орынға ие
болып келеді. өйткені оның ролі звенолар мен элементтер жүйесінде басты
орында болып келеді. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік бюджет түрінде берілген
мемлекеттік қаржылар.
Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржылары қаржының негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы
буыны болып табылады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім қоғаның
қаржы ресурсының негізгі көзін құрайды.
Өндірістік емес саладағы қржының қаржы жүйесіндегі орны мен ролі
оның ұлттық табысының қолдануы мен бөлісіне байланысты анықталады. Бұл
салада қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымы мен оның қаржылық жүйенің
буындарымен, сонымен қатар баға, несие, т.б. тәрізді басқа экономикалық
буындарымен пайда болады.
Халықтың қаржылары қаржы жүйесінің ерекше бір бөлігін көрсетеді.
Халық өзінің қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржылық жүйесімен және
меншіктің барлық нысанындағы материалдық өндіріс пен өндірістік емес
салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілермен қатынасқа түседі.

1.3 Мемлекеттік қаржылар

Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші
субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс
істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық
банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен
байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік
бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.
1. Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен
мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған елдің
елдің ортақтандырылған бюджет қорын құру және пайдаланумен
байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық
табысты бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын ақа қатынастарын
бейнелейтін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджеке орталық және
жергілікті бюджеттер кіреді.
2. Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі
негізінде кешенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді
қаржыландыру үшін қамтылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен
пайдаланудың ерекше нысаны.
Оның негізгі қалыптасу көздері:
А) арнайы мақсатты салықтар, займдар;
Ә) бюджет субсидиялары;
Б) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;
В) ерікті түрдегі жарналар.
Бюджеттен тыс қорлар маңызды әлеуметтік шараларды уақтылы
қаржыландыру және түскен қаржыларды мақсатты түрде толық көлемде
пайдалануға кепілдік береді; қаржы қиындықтары болған жағдайда мемлекттік
биліктің қаржы резерві ролін атқарады.
3. Мемлекеттік несие – мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы
ақшалай қатынастар, оның ішінде мемлекеттік билік органдары
қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды
мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін пайдалану.
Қаржы жүйесіне сақтандыруды да жатқызуға болады, біраұқ көптеген
ғалымдар оны қаржымен байланысты дербес категория деп тұжырымдайды.
Сақтандыру – сақтандыру оқиғаларына орай отбасы табыстарындағы
шығындарды немесе шаруашылық жүргізуші субъектілерге тигізілуі мүмкін
залалды мақсатты сақтандыру қорының ақшалай салымдары есебінен жабуды оның
қатысушылары арасында жабық қайта бөлу қатынастарының жиынтығы.
Сақтандыру өзінің әлеуметтік сақтандыру (барлық әдістер), жеке
сақтандыру, мүлікті сақтандыру, жауапкршілікті сақтандыру және т.б. тәрізді
негізгі звенолары бар ерекше сала.

Шаруашылық жүргізуді субъектілердің қаржысы.

Материалдық өндіріс саласында Материалдық емес өндіріс саласында
1) алғашқы табыстардың құрылуымен, 1) саланың немесе мекеменің
материалдық өндірістің шаруашылық бюджетпен арақатынасы. Осының
бөлімшерінде ішкі шаруашылық негізінде бюджет қаржылары есебінен
мақсаттағы жарғылық қорды қолдау денсаулық сақтау, мәдениет, ағарту
қорларын құрумен және пайдалануымен және т.б. салалық қаржылар
байланысты. Олардың бірі өндірістік қалыптасады;
қажеттілікті, екіншісі тұтынушылар
қажеттігін қанағаттандыруға
пайдаланады;
2) айырбас жүргізбейтін, қайта бөлу 2) басқарудың салалық ұйымдары,
сипатына ие шаруашылық жүргізуші ведомствоішілік және ұйымішілік
субъектілер арасында пайда болады; арасында. Олар шаруашылық жүргізуші
мұнда қаржы ресурстарының ағымы субъектілер иелігіндегі салалық
қордан тыс түрде жүргізіледі мақсатты ақша қаражаттарын (еңбекақы
(айыппүлтөлеу және алу, жарна төлеу,төлеу, күрделі жөндеу және т.б.)
қаражаттарды басқа кәсіпорындардың пайдаланумен сипатталады. Мекеме,
акция, облигацияларына салу, т.б.); ұйым ішінде қаржы қатынастары
еңбекақы және экономикалық
ынталандыру қорларын құрумен
байланысты туындайды; арнайы
мақсатты ақша қаражаттарын қайта
бөлумен байланысты;
3) шаруашылық жүргізуші субъектілер 3) әр түрлі саладағы шаруашылық
мен сақтандыру ұйымдарының арасында жүргізуші субъектілер арасында, оның
сақтандыру қорларын құру және ішінде әлеуметтік сақтандыру,
пайдалануға байланысты туындайтын зейнетақы және т.б. бюджеттен тыс
қаржы; қорларды құру және бөлумен
байланысты ақша қатынастары;
4) шаруашылық жүргізуші субъект және4) шаруашылық жүргізуші
банк арасындағы ссуда алуға, оларды субъектілердің тұтынушылармен және
өтеуге пайыз төлеуге, банктерге демеушілермен арасында ақша
уақытша бос ақша қаражаттарын беругеқатынастары. Оның негізінде
байланысты пайда болатын қаржылар; өндірістік емес саладағы мекемелер
мен ұйымдардың қаржы көздері
құрылады.
5) орталықтандырылған қорларды құру
және пайдалануға байланысты
шаруашылық жүргізуші субъектілердің
мемлекетпен қатынасы;
6) шаруашылық жұргізуші субъект және
басқарудың жоғарғы құрылымы
арасындағы қаржылар (қаржы
ресурстарын сала ішінде қайта бөлу
шегінде вертикалды өзара
байланыс).

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржылық жүйенің
саласы ретінде қоғам экономикасының негізін құрайды, себебі мұнда
материалдық және материалдық емес игіліктер қалыптасады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржыларының шеңберінде
материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарының көп бөлігі шоғырланады, сол
арқылы қоғамдағы ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісі қамтамасыз етіледі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының құрамына мыналар кіреді:
1) Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық есеп негізінде жұмыс
жүргізетін материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және өндірістік емес
саладағы кәсіпорындардың бір бөлігі. Коммерциялық есеп рентабельді деңгейде
шаруашылықты одан әрі жүргізуге жеткілікті, минималды шығындардан
максималды табыс алу басты мақсаты болып табылаты шаруашылық жүргізудің
әдісі.
Коммерциялық есптің ерекшеліктері:
– шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржылық тәуелсіздікке ие;
– қаржылық қатынастар мемлекет тарапындағы ұсақ бекітулерден
тәуелсіз;
– қаржы қатынастарының субъектілері жұмыстың нақты нәтижелері
мен міндеттемелері өз уақытында орындалуы үшін экономикалық
жауапкершілікке ие;
– коммерциялық есеп жағдайында шаруашылық жүргізуші субъекті
банктермен, сақтандыру ұйымдарымен және мемлекетпен әр түрлі
қатынаста болады.
2) Коммерциялы емес салдағы қаржылар. Коммерциялық емес қызмет
белгілі бір табыс алуды көздемейді.
Қаржыландыруға төмендегідей ресурстар пайдаланылады:
– бюджеттік қаражаттар;
– бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар;
– халықың қаражаттары;
– әр түрлі коммерциялық құрылымдардың ақшалай аударымдары;
– келісім-шартқа сәйкес орындалған қызмет пен жұмысқа
төленген қаражаттар;
– өнімді өткізуден түскен табыс, мәдени шараларға билеттерді
сатудан түскен табыс;
– мүлікті жалға беруден түскен табыс;
– мамандарды дайындаудан (қайта даярдаудан, біліктілігін
көтеруден, т.б.) түскен табыс.
Өндірістік емес салаға, сондай-ақ, мыналар кіреді:
а) қоғамдық қаржылар, оның ішінде кәсіподақ ұйымдарының қаржылары;
ә) саяси және қоғамдық қозғалыстар қаржылары;
б) арнайы мақсатты қорлардың қаржылары;
в) қайырымдылық қорлардың қаржылары.
Қоғамдық бірлестіктер – мүдделерінің ортақтығы негізінде
азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған бірлестіктер.
Қоғамдық ұйымдар қаржыларының экономикалық мазмұны ақшалай
қатынастардың төмендегідей топтары мен түрлеріне ие:
– әр түрлі жарналарды төлеу, материалдық көмек көрсетуге
байланысты қоғамдық ұйымдар мен олардың мүшелері арасындағы
ақша қатынастары;
– қоғамдық ұйымдар қорларына жіберілетін ерікті жарналарға
байланысты қоғамдық ұйымдардың кәсіпорындар мен мекемелер
арасындағы ақша қатынасы;
– мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану бойынша
қоғамдық ұйымдардың ақшалай қатынасы;
– қоғамдық ұйымдардың төменгі және жоғарғы құрылымдар
арсындағы ақшалай қатынастары;
– қоғамдық ұйымдар және өндірістік шаруашылық құрылымдар
арасындағы ақшалай қатынастар.
Коммерциялық емес мекемелердір қаржы шаруашылақ қызметі
қаржылық реурстарды пайдананудың үш тәсілін үйлетіреді: өзін-өзі ақтау,
сметалық қаржыландыру және шаруашылық есеп әдісі.

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
1. Қаржы жүйесінің қағидаттары

Қазақстан Республикасында макро және микроэкономиканың қаржы жүйесін
реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және
оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге
байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды.
Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының
біршама дербес мына сфераларынан тұрады:
мемлекеттің бюджет жүйесі;
арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
мемлекеттік несие;
жергілікті қаржы;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
халықтың қаржысы.
Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жапымемлекеттік, яғни
орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен
әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады. Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және
микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін
пайдаланылады.
Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып
табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік ролі, оның құрамы мен құрылымы
бүтіндей жергілікті органдарға жүтелінген функциялардың сипатымен, сондай-
ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық
бағыттылығымен анықталады.
Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке
біріктіріледі:
мемлекеттік және муниципалдық қаржы;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.
Мемлекеттің қаржысы қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын
жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекекттің негізгі қаржы жоспары ретінде
мемлекеттік бюджетте, қоғамдық құжаттарды мақсатты қаржыландырудың қосымша
көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік несиеде
көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды.
Несие қатынастарының қаржы қатынастарынан айырмашылығы болғанымен
мемлекеттік несие қаржы жүйесіне қамтылады. Бірақ несиенің бұл түрі
мемлекеттің бюджеттің тапшылығын жабу мақсатына бағытталғандықтан, мемлекет
қаржысының тұрақтылылығын қамтамасыз ететіндіктен, ол бойынша есеп айырысу
бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан – бұл буын қаржы жүйесіне де,
сондай-ақ несие жүйесіне де жатады деп есептеуге болады.
Қаржы қатынастары сфераларының әрқайсысының ішінде буындар бөлінеді,
оның үстіне қаржы қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша қорларының құрамы
мен арналымына белгілі бір әсер ететін субъектк қызметінің сипатына қарай
жүргізіледі. Бұл белгі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы сферасында
мынадай буындары бөлуге мүмкіндік береді: коммерциялық кәсіпорындар мен
ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы.
Қаржы жүйесінің әр буыны өз кезегінде буыншаларға(ондағы қаржының
өзара байланысының ішкі құрылымына сәйкес) бөлінеді. Мәселен, салалық
бғыныштылығына қарай коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар
(ұйымдар) қаржысының құармына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік,
құрылыс және т.б. кәсіпорындарының қаржылары болып мүшеленеді. Мемлекет
қаржысының құрамында буындар ішіндегі қаржы қатынастарын топтастыру,
мемлекеттік басқарудың деңгейіне (республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге
асырылады. Сақтық қатынастары сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың
түрлеріне (жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру) бөлінеді.
Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты –
фискалдық (қазыналық) федерализм қағидаты.
Қаржы жүйесінің функциялық құрылысы мынадай негізгі қағидаттарды
қанағаттандыруды тиіс:
біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша
қатынастарының аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып
табылатын қаржыға ғана тән қасиет;
екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте
объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік
сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.
Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
Қаржы жүйесін ұйымдастыруға централизм мен демократизмнің үйлесуі.
Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған
басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық
жүргізуші субъектілергі кең құқық пен дербестік берілген.
Бұл қағидат жергілікті қаржы ограндарының тиісті жергілікті
әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін
алдын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы жүйесі туралы жалпы түсінік
Мемлекеттік қаржылар. Қаржы жүйесінің құрамы
Қаржы жүйесінің құрамы
Каржы жүйесі. Қазқстан Республикасының қаржы қатынастары
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі туралы
Коммерциялық ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
Қаржы жүйесінің мәні
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы түсініктемелері
Қазақстанның қаржы жүйесі
Пәндер