Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

1 Әлеуметтік саясаттың теоретико - әдістемелік аспектілері
1.1 Әлеуметтік саясаттың мәні мен типологиясы 10
1.2 Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің ролі 10
14
2 Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты
2.1 Қазақстан Республикасында әлеуметтік саясаттың қалыптасу кезеңі 21
2.2 Қазақстан Республикасында әлеуметтік саясат аясындағы 21
бағдарламалар жүйесі
2.3 Қазақстан Республикасында әлеуметтік мәселелердің реттелу және 24
жетілдіру жолдары
25
Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28
30

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Курстық жұмыста қазіргі кезеңдегі
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың жалпы теориялық негіздері,
саяси институттар мен үрдістерде алатын орны теориялық-әдіснамалық
тұрғыдан зерттеліп, саяси талдауға ұмтылыс жасалды. Әлеуметтік мемлекетті
қалыптастыру жағдайында әлеуметтік саясатты зерттеу қазіргі заман
талаптарына сәйкес шетел тәжірибелерімен салыстырыла отырып жүргізілді.
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың, саяси
проблемалардың деңгейін айқындауға, оларды шешудің жолдары мен негізгі
бағыттарын анықтауға салмақты мән берілді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда өркениетті даму жолына
түскен Қазақстан Республикасы қоғамның барлық саласында аса маңызды
реформаларды жүзеге асыруда. Бұл реформалардың ішіндегі ең күрделісі әрі
өте байыптылықты қажет ететін бағыты әлеуметтік саладағы реформалар болып
табылады. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен
тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде
тұрады; екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік саясаты әрқашан халықтың
назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады. Сондықтан да
әлеуметтік саясат мемлекеттілікті орнықтыру мен мемлекетті басқаруда аса
маңызды орын алады. Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің негізгі
бағыттарының бірі - әлеуметтік мемлекет құру. Қазақстан Республикасы
Конституциясының 1-бабы бойынша біздің еліміз әлеуметтік мемлекет деп
жарияланған. Сонымен қатар, мемлекетіміздің басты Стратегиялық құжаты -
Қазақстан-2030 бағдарламасында елімізді әлеуметтік мемлекетке айналдыру
мәселесі басым бағыттардың бірі ретінде атап көрсетіледі [1]. Бұл
әлеуметтік мемлекет қалыптастыруды басты нысан етіп алған билік өзінің
саяси жауапкершілігін сезінетінін дәлелдейді. Бір қарағанда, әлеуметтік
мемлекет немесе әлеуметтік саясат деген мәселелердің күрделілігі байқалмай,
түсінікті болып көрінгенімен, оның ішкі мәнін кез келген қарапайым адамның
түсіндіріп беруі екіталай. Себебі, ұсынылған идея қоғамдық санада, халықтың
күнделікті өмірінде өте қарапайым деңгейде тараған. Қалай дегенмен де,
бұқара халық белгілі бір дәрежеде әлеуметтік мемлекет дегеніміз не, оның
қасиеті, негізгі белгілері, өзіне тән ерекшеліктері, қызметі туралы нақты
білуі қажет. Сондықтан, әлеуметтік мемлекет мәселесін барлық қырынан
зерттеп қарастыру, оның мәні мен мазмұнын ашып көрсету теориялық және
қолданбалық жағынан көкейкесті әрі маңызды мәселелердің бірі екендігі ешбір
дау тудырмасы анық.
Қазіргі кезеңде Қазақстанның мемлекеттік басқару тәжірибесінде
қоғамның сұраныстары мен талаптарына жауап бере алатын мемлекеттің
әлеуметтік саясатты орнықтыру саясаты жүзеге асырылуда. Ал өркениетті
елдерде әлеуметтік мемлекет үлгісі жасалып, соған көшу үрдісі жүзеге
асырылып жатқанда бұл мәселенің біздің еліміз үшін өзектілігі зор.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының негізгі тұжырымдары
айқындалып, оны жүзеге асырудың тетіктері әлі де болса жетілдірілу үстінде
екенін ескерсек, бұл мәселелер бойынша тиімді ғылыми ұсыныстар жасаудың да
маңызы зор деп есептейміз. Сол себепті қазіргі кезеңдегі Қазақстан
Республикасының әлеуметтік саясаты мәселелерінің өзектілігі оны ғылыми
тұрғыда зерттеудің аса қажет екенін айқындап тұрса керек. 1999 жылы ЮНИСЕФ-
тің Ұлттар Дамуы бағдарламасында: Ұлттың болмысы әскери қуаты мен күші
арқылы емес, астаналарының көркі мен қоғамдық сарайларымен емес, ондағы
адамдардың өмір сүру сапасымен бағаланады; денсаулық жағдайы, тамағы мен
білімі, еңбегінің жеткілікті ақысы, шешім шығара алатын мүмкіндіктері,
азаматтық және саяси еркіндіктері құрметі, үйсіз-күйсіздерді қамқорлыққа
алуы, өскелең ұрпақтың ақыл-есінің дамуы мен дендерінің саулығы арқылы
бағаланады... деп әлемдік саясаттың жаһандық сипаттағы қазіргі саяси
үрдістерінің даму бағытына тереңірек принциптік түрде негіз қалады [2].
Әрбір ғылым теория негізінде пайда болып, тәжірибе жүзінде қолданбалы
салаға айналады. Ғылымның адамзат игілігіне жұмыс істеуі қоғамның қарқынды
дамуының жаңа белестеріне жетелейді. Көтеріліп отырған мәселенің
көкейкестілігі саясаттану ғылымынан бастау алатындықтан, қазіргі кездегі
демократиялық басымдықтар саяси үрдістер мен нарықтық қатынастарда қатар
дами отырып, қоғам өміріндегі саяси және әлеуметтік өзгерістерді зерделеуге
мүмкіндіктер береді. Саясат пен оның шешімдерінің, саяси қызметтің
әлеуметтік саясатпен байланысы барынша шоғырланған түрде көрініс береді.
Сондықтан әлеуметтік саясаттағы қарым-қатынас адамзат өмірінде
дүниетанымдық әрі әдіснамалық маңыздылығымен айқындалады. Ал, мемлекет
саясатының қоғам өміріне әсері болмайтын болса, оның нақты әлеуметтік
мағынасынан айырылып, базистік тетігін жоғалтуы ықтимал.
Дүниеде адам пайда болғалы объективтік шындық ретінде адамдардың
мүдделі топтарының қалыптасуы әлеуметтік және саяси мүдделерді өмірге
әкелді. Бұл тарихи үрдістер әсіресе демократиялық бағытты таңдап алған
Қазақстанның да дамуына тікелей әсерін тигізді. Қазақстан Республикасы
экономикасы нарықтық қатынастарға өтуге байланысты әлемдік нарықтың
талаптары мен заңдылықтарын қабылдауы тиіс. Сонымен қатар, қарқынды
экономикалық-саяси жаңғыру ағымында әлемдегі дамыған индустриалды елдердің
әлеуметтік саясат тәжірибелерін меңгеруінің де маңызы зор. Әлбетте, әлемдік
деңгейдегі үрдістерге тең дәрежеде араласу үшін мемлекет ішкі саяси -
әлеуметтік қатынастары мүмкіндіктерінің теориялық, құқықтық және қолданбалы
негізін нығайтуы қажет. Әлеуметтік саясаттың басымдықтарының ерекшеліктерін
зерттеу мақсатында әр елдегі жалпы саясаттағы оның алатын орнын, даму
бағыттарын қарастыру қоғамтану, саясаттану, экономика, әлеуметтану және заң
ғылымдарының өзекті мәселесі болмақ.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Саясаттану ғылымында әлеуметтік саясатты
зерттеу маңызды орын алады. Әлеуметтік саясат проблемасы ғасырлар бойы
экономика мен саясаттану, заң және әлеуметтану саласындағы ғалымдардың
еңбектерінде үнемі көтеріліп келеді. Жалпы алғанда саясаттану қоғамдық
құбылыстарды, оның субьектілерінің арасындағы қатынастарды анықтайтын
ерекше ғылым саласы ретінде біртіндеп қалыптасты. Оның билік пен меншік
түрлерінің өзгеріске ұшырауын, қоғамдық қатынастарды саралап жіктеп,
олардың саясаттағы орны мен рөлін адам өмірінде айқындап отыруы,
зерттеушілердің назарынан тыс қалмады. Оған дәлел – Джон Локктің, Жан Жак
Руссоның еңбектері саяси ғылымның көкжиегін кеңейтіп, тереңірек толықтырды.
Джон Локк моральдік-саяси доктринасында саясат туралы ғылымда мемлекеттің
пайда болуы парасатты сананың арқасында деп көрсетеді [3]. Мемлекет
заңдарды шығару арқылы оның орындалуын азаматтардан талап ету құқығына ие
екендігін түсіндіреді. Сонымен қатар азаматтарға өмір сүру құқығы, еркіндік
пен жеке меншіктерін қорғау сияқты қарапайым құқықтарын да зерттейтін сала
ретінде қарастырып қана қоймай, олардың мұқтаждықтарының орындалуын
мүмкіндіктермен қамтамасыз ету туралы айтылып кеткен болатын. “Қоғам
мүшелерін қорғау және олардың амандықта екендігін білдіретін ең сенімді
белгі бұл – олардың саны мен өсуі” деген Жан Жак Руссо [4]. Ол саяси
биліктің жүргізіп отырған саясатының негізгі басымдықтары айқындалмай, оның
толық саяси дұрыс шешімдерге негізделген бағыт-бағдарын жасақтамай, осы
саладағы саяси институттардың міндеттері мен қызметтерінің жемісті нәтиже
беруі екіталай екендігін атап көрсетеді.
Саяси ғылымда әлеуметтік саясаттың тарихи-ғылыми негізі Шарль Луи
Монтескьенің Заңдар рухы туралы еңбегінен бастау алады[5].
Саясаттану ғылымының теориялық және қолданбалы негіздері де қай
мемлекеттің болмасын әлеуметтік саясатының бағыт-бағдарын айқындауда оның
ішкі мәніне тереңірек үңілуге мүмкіндіктер береді. Теориялық саясаттану
саяси идеялардың дамуын, пайда болуын, саяси билікті, саясаттың обьектілері
мен субьектілерін, саяси жүйені, саяси үрдістерді, саяси қатынастарды,
саяси мәдениеттерді және т.б. құбылыстарды жүйелі түрде зерттей отырып,
біздің тақырыбымыздың нысаны болып отырған әлеуметтік саясаттың теориялық -
әдіснамалық негізінің өзегіне айналады. Ал, қолданбалы саясаттану арқылы
саясат аясындағы адамдардың және әртүрлі әлеуметтік субьектілердің белсенді
іс-әрекеттері тәжірибеге алынып, яғни мұнда тәуелсіз Қазақстан
Республикасындағы әлеуметтік саяси қатынастар, мемлекеттің әлеуметтік
саясаты және оның жүзеге асырылуы, оның халықтың әл- ауқатын арттырудағы
тиімділігі немесе тиімсіздігі көрініс тауып отырғандығы және т.б. сияқты
мәселелердің түйінін шешуге ұмтылыс жасалады.
Әлеуметтік саясатқа ғылыми тұрғыда ерекше мән беріп, оның теориялық
әдіснамалық негізін тереңдетуге О.В. Байдалова, Ф.Э. Бурджалов, Д. Белл,
Дж. Гэлбрейт, Е.А. Гонтмахер, В.И. Жуков, С. И. Калашников, Дж. Кейнс, В.Н.
Лексин, Дж. Миллъ, Т.В. Негина, Дж. Робинсон, И. А. Соболева, А.Н. Швецов,
А. Фон Хайек сынды еуропалық және ресейлік ғалымдардың да қомақты үлес
қосқандығы белгілі[6].
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты мен әлеуметтік мемлекет
құруының ғылыми-теориялық тұжырымдамасы және оның негізгі бағыттары мен
жүзеге асырылу жолдары ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері мен жыл
сайынғы халыққа Жолдауларында да ерекше атап көрсетіледі. Президенттің жыл
сайынғы Жолдауларында әлеуметтік саясаттың мемлекеттік саясаттағы орны мен
ролі қаншалықты дәрежеде екендігінен нақты мәліметтер беріледі.
Әлеуметтік саясаттың зерттелу мәселесінде кеңестік дәуірде жарық
көрген ғылыми еңбектерді назардан тыс қалдыру ғылыми әділетсіздік болар
еді. Бұл еңбекті қайта сараптау мен сын тұрғысында салыстырмалы саяси
талдау Кеңес Одағында әлеуметтік мемлекет құру тәжірибесінің, яғни
социализмнің неліктен сәтсіздікке ұшырағандығы туралы ой қорытуға мүмкіндік
береді. Мұндай еңбектердің қатарына С.Б.Баишевтің, Ф.М. Бородкиннің, Ю.Е.
Волков пен В.З. Рогозиннің, С.С. Шаталиннің және т.б. ғылыми зерттеулерді
жатқызуға болады [7].
Әрбір елдегі саяси трансформациялар жағдайында әлеуметтік саясаттың
сипатына ерекше көңіл аударылатыны заңды құбылыс. Өйткені, Кеңес Одағы
ыдырағаннан кейін Қазақстан мен бұрынғы одақтас республикаларда рухани және
ғылыми құндылықтарды қайта қарау үрдісі басталды. Ол әлеуметтік мемлекет
пен әлеуметтік саясат сияқты саяси ойда да орын алды. Бұл үрдіс нәтижесі
әлеуметтік саясат бойынша жарық көрген еңбектердің теориялық және
институционалдық негіздерінің дамуына ықпал етіп отыр. Оны саясаттанушы
ғалымдардың әлеуметтік саясат мәселесіне тереңдей назар аударып, тақырыпты
ғылыми тұрғыда кеңірек талқылауынан, аталмыш мәселеге қатысты арналған
еңбектер санының өсуінен көруге болады. Осыған орай саясаттану ғылымында
Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың теориялық және құқықтық негіздеріне
талдаулар жасалуда. Отандық зерттеуші-ғалымдардың, саясаттанушылардың
ғылыми-зерттеушілік еңбектерінде әлеуметтік саясаттың кейбір мәселелеріне -
табиғатына, мәніне, құрылымы мен қызметіне, жүзеге асырылу механизмдеріне
талдаулар жасалуда. Мұндай ғылыми зерттеулердің қатарына А.Ж.
Абдрахманованың, Н.А. Аитовтың, М.М. Ахметованың, Р.Б. Әбсаттаровтың, Р.С.
Жарқынбаеваның, А. Каримовтың, Н.И. Мұстафаевтың, А.Ж. Мұқажанованың, Н.З.
Нығматулиннің, Қ.Ж. Нұғманованың, М.Б. Тәтімовтің, И.Н. Тасмағамбетовтің
және т.б. авторлардың еңбектерін жатқызуға болады [8]. Дегенмен жоғарыда
аталған жұмыстарда Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың
теориялық-әдіснамалық негізін жан-жақты зерттеу, әлеуметтік саясатқа саяси
талдау жасау арнайы мақсат етіп қойылмаған. Бұл ғалымдар мен зерттеушілер
аталмыш мәселенің тек жекелеген аспектілерін ғана қозғаған. Бұл еңбектер
біздің зерттеп отырған мәселеміздің түрлі қырынан ашылуына, оған кешенді
саяси талдау жасауға мүмкіндіктер береді.
Сондай-ақ әлеуметтік саясаттың кейбір аспектілері ғалымдарымыз М.С.
Аженов, К.Г. Ғабдуллина, С.М. Борбасов, К.Н. Бұрханов, Ә.Х. Жүнісов, Л.М.
Иватова, А.И. Лұқпанов, Р.А. Нұртазина, А.Н. Нұрмағамбетов, Н.В. Романова,
Т.С. Садықов, М.С. Садырова және т.б. өз еңбектерінде қарастырады.
Әлеуметтік саясаттың теориялық-әдіснамалық негізі мен өзекті саяси
проблемалары дербес зерттеу нысанына алынбағандықтан біз осы мәселелердің
жүйелі түрде саяси талданбағанына көз жеткіздік. Қазақстан
Республикасындағы саяси мәселенің негізгі тетіктерінің біріне айналған
қазіргі кезеңдегі әлеуметтік саясаттың саясаттану ғылымындағы теориялық
негізі мен практикалық қолданылуын саяси талдау тұрғысында кешенді
зерттеудің қажеттілігі даусыз екені айқындалып отыр.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Әлеуметтік мемлекет құру
жолындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатына саяси талдау жасай
отырып, оның мәні мен мазмұнын ашып көрсету курстық жұмыстың негізгі
мақсаты болып табылады. Сонымен қатар әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы
саяси институттардың қоғамда алатын рөлін анықтау да қажеттілік болып
табылады. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделіп отыр:
- демократиялық мемлекеттегі әлеуметтік саясаттың теориялық
әдіснамалық негізін зерттеу;
- әлеуметтік саясаттың саяси институттар мен үрдістерде алатын орнына
әдіснамалық талдау жүргізу;
- әлеуметтік мемлекет құру жағдайында мемлекеттің әлеуметтік
саясатының үлгілеріне талдау жасау;
- мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының теориялық
мәселелерін анықтау;
- әлеуметтік саясаттың саяси-құқықтық негіздерін сараптау және осы
саясатты жүзеге асыруда заңнамалардың атқаратын қызметін ашып
көрсету;
- қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясат
мәселелерінің деңгейін анықтау және олардың шешілу жолдары мен
негізгі бағыттарын айқындау;
- мемлекеттің әлеуметтік саясатты жетілдіруінің басым бағыттары
бойынша тиімді және практикалық мәні бар ұсыныстары мен кеңестерін
беру.
Зерттеу жұмысының гипотезасы әлеуметтік мемлекет қалыптастыру
жолындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты еліміздің тарихи
және рухани даму ерекшеліктері ескеріле отырып, алдыңғы қатарлы дамыған әрі
әлеуметтік мемлекет қалыптастырған елдердің озық тәжірибесі оңтайлы
пайдаланылған жағдайда тиімді әрі жүйелі түрде жүзеге асырылады деген
болжамға негізделген. Біздің ойымызша Қазақстан үшін Сауд Арабиясы,
Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Норвегия сияқты экономикасы табиғи
байлыққа (мұнайға) негізделген елдердің тиімді жүзеге асырып отырған
әлеуметтік саясатының тәжірибесін ескерген дұрыс болар еді.
Жетекші идея. Әлеуметтік мемлекет құруды басым бағыт ретінде таңдап
алған мемлекет үшін оны жүзеге асырудың ең басты кепілі тиімді әрі тұрақты
даму жағдайында болатын мемлекеттік әлеуметтік саясат жүйесін жасау болып
табылады. Сол себепті мемлекеттің ішкі мүмкіндіктері мен әлемдік тәжірибені
оңтайлы пайдалану ең алдымен халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына
негіз болады.
Зерттеудің негізгі нысаны: Қазақстан Республикасының әлеуметтік
саясатының негізгі бағыттары және оны жүзеге асырудағы саяси институт
ретіндегі мемлекеттің атқарып отырған қызметі болып табылады.
Зерттеу жұмысының пәні: Қазақстан Республикасының мемлекеттік
әлеуметтік саясатының қалыптасу және жүзеге асырылу тетіктері; саяси
институттар мен азаматтық ұйымдардың әлеуметтік саясат үрдісіндегі іс-
әрекеттері мен өзара байланысы.
Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негізі. Курстық зерттеудің
теориялық негіздері ретінде ғылыми саяси ойды қалыптастырушы ойшылдар мен
ғалымдардың, еуропалық, ресейлік және отандық саясаттанушы, философ,
әлеуметтанушы, экономист, құқықтанушы ғалымдардың теориялық еңбектерімен
қатар Президент Н.Ә. Назарбаевтың да еңбектері басшылыққа алынды.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының қалыптасу
ерекшеліктерін зерттеуде тарихи-философиялық, институционалдық, жүйелік,
пәнаралық, құрылымдық-функционалдық, статистикалық және салыстырмалы
сараптау әдістері кеңінен қолданылды. Бұл әдістерді қолдану арқылы
әлеуметтік мемлекет қалыптастыру жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы
әлеуметтік саясатты күрделі, кешенді әрі тұрақты даму үстінде болатын жүйе
ретінде қарастыруға мүмкіндік алдық.
Тақырыптың дерек көздері. Тақырыптың зерттеу көздеріне негіз
болған теориялық және нақтылы фактілерге негізделген ғылыми зерттеулер.
Курстық жұмыста негізінен төмендегідей нормативтік актілер мен басқа да
ресми құжаттар пайдаланылды.
Тақырыпты зерттеуге теориялық негіз болған әлеуметтік саясатты терең
зерттеген қоғамдық ғылым салалары бойынша зерттеу жүргізген ғалымдардың
еңбектері, соның ішінде әлемдік философиялық ой өкілдерінің осы мәселе
бойынша жасаған ғылыми тұжырымдамалары. Сонымен қатар, қазіргі замандағы
отандық және шетелдік, ресейлік зерттеушілердің әлеуметтік саясатты
талдауға бағытталған ғылыми мақалалары мен монографиялары және зерттеушілік
еңбектері.
Қазақстандағы әлеуметтік саясатты саяси талдауға негіз бола алатын
Қазақстан Республикасының осы бағыттағы қабылданған заңдары мен нормативтік
актілері. 1991 жылы қабылданған Халықты еңбекпен қамту туралы алғашқы
Заңы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан
Республикасында арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы Заңдарына және
Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне, Қазақстан Республикасының
Азаматтық Кодексіне және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғыларына,
Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулыларына ( мәселен Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 886 қаулысымен
мақұлданған), Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтік қорғау
тұжырымдамасы сияқты нормативтік актілеріне сүйенеді. Аталған заңнамаларға
енгізілген қосымшалар мен түзетулер де курстық жұмыста қолданылды. Сонымен
қатар зерттеуде елдің Стратегиялық даму бағдарламалары мен Қазақстан
Республикасының Президентінің еңбектері мен халыққа жолдаған Жолдаулары
жетекшілік қызмет атқарды.
Дүниежүзінде әлеуметтік саясаттың ортақ үлгісін құрастырудағы Біріккен
Ұлттар Ұйымы, Еуроодақ, Даму банкі, ЮНЕСКО сияқты халықаралық ұйымдардың
ресми құжаттары кеңінен пайдаланылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам
құқықтары туралы Декларациясынан бастап, Бүкіләлемдік еңбек ұйымының, Сауда
және Даму конференциясының басшылығымен қабылданған шешімдері, Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығының құқықтық мәртебесін айқындайтын Жарғысы және сол
сияқты халықаралық институттардың құжаттары да диссертацияда қолданылды.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Министрлігінің, Білім және Ғылым Министрлігінің, Қазақстан Республикасы
статистикалық Агенттігінің ақпараттары мен есептері, түрлі отырыстардың
шешімдері және басқа да ресми құжаттар пайдаланылды. Сонымен қатар,
мемлекеттік жергілікті билік органдарының әлеуметтік саясатқа байланысты
ресми құжаттары және қаулылары пайдаланылды.
БАҚ аналитикалық материалдары, статистикалық жинақтар мен интернет-
сайт материалдары да қолданылды.

1 Әлеуметтік саясаттың теоретико-әдістемелік аспектілері.
1.1 Әлеуметтік саясаттың мәні мен типологиясы.

XX ғасыр кез келген мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарының
бірі – әлеуметтік саясат болатынын көрсетті. Әлеуметтік саясаттың маңызды
міндеті қоғамдық өмірде белгілі бір теңдікке жету болып табылады:
- аштық, қуаңшылық, ауру, табиғи және техногенді апаттар мен
демографиялық жарылыстардың салдарын жою немесе қалпына келтіруге
мемлекеттік кепілдік беру;
- әлеуметтік араздықты азайту, өмір сүру деңгейін қалпына келтіру мен
оның сапасын арттыру бағытында материалдық байлықтарды және
ұйымдастырушылық күштерді қайта бөлу;
- өмір сүру салтын реттеу (салық, құралдар және т.б) 1.
Әлеуметтік саясатты құрғанда мемлекеттің алдында ең алдымен шешуді
қажет ететін әлеуметтік міндеттер немесе басымдықтар туралы сұрақ тұрады.
Мұны таңдау азаматтық құқықтар, әлеуметтік қажеттіліктер мен сұраныстарды
қанағаттандыру үшін күрес сияқты әлеуметтік саладағы мемлекет саясаты
тұжырымдамалары арасындағы қысым мен кеңістікте жүреді.
Жақсы өмірге деген азаматтық құқықтың белсенділігі қоғам өмірін
ұйымдастырудың түрлі концентрацияларын өмірге әкелді. Кейбіреулері шындыққа
сай келмей жойылды, басқалары кейбір мемлекеттің ішкі саясатын көптеген он
жылдықтар бойы анықтап, XX ғасыр азамат қоғамының дамуында маңызды роль
атқарды. Біздің пікірімізше, қоғамдық өмірдің ұйымдастырылуының негізгі үш
тұжырымдамасын бөліп көрсетуге болады:
1. Мемлекеттің Түнгі күзет - концепциясы.
2. Мемлекеттің Жалпыға ортақ қайырымдылық - концепциясы.
3. Мемлекеттің Коммунистік- концепциясы.
Мемлекеттің Түнгі күзет тұжырымдамасы консерватизм мен либерализмнің
өзіндік қоспасы болып табылады.
Көптеген зерттеушілер кедергі мен нәтижелік тұрғысынан мемлекеттік
реттеудің тиімсіздігінің үш жеке дара себептерін бөліп көрсетеді.
Біріншіден, мемлекет белгілі бір әлеуметтік саяси мақсатқа жету
барысында басқа белгілерден шығып, мұнда мемлекет пен нарықтық ойын ережесі
арасында қайшылық пайда болады. Бұл жерде қайшылық мемлекеттік сектордың өз
ішінде пайда болады.
Екіншіден, мемлекеттік реттеуге жауап ретінде ерекше мүдделері бар
түрлі топтардың қысым жасауы салдарынан, мемлекет саясаты күшті топтың
мүдделерінің көрінісі болып қалады. Мұндай жағдайда мысалға, мемлекет және
кәсіподақтар қысымына тым көнбіс болып қалады. Шындығында мемлекет үлкен
бизнестің мүддесіне қызмет етеді, ал қоғамдағы саяси билік ірі қаржы -
өндірістік топтың экономикалық билігімен тығыз байланыста болып қалады.
Үшіншіден, мемлекеттік реттеу кезінде бюрократиялық құрылымдар
кеңейіп, мемлекеттік органдардың қызметі сәйкессіздік пен қарама-қайшылыққа
ұласады. Мемлекеттік аппарат әкімшілік автономдығын көрсете отырып, өзін-
өзі бекіту мен шенеуніктік басымдылықты кеңейту мүддесін көздейтін жеке
даму логикасын қалыптастырады. Қызметтік әлеуметтеңдіру тұжырымдамасына
сай әлеуметтік саясат жүргізу барысында нарықтық экономиканы сақтай отырып,
кірістің теңсіздігі мен жұмыссыздықтың өсуін болдырмауға тырысады. Осы
мақсатта ол әлеуметтік қаматамасыз ету жүйесін қайта қарастырады.
Кәсіпорындар тиімді өндірісті қамтамасыз етуге арналған. Әлеуметтілікке
бағытталған экономикалы мемлекеттерде әлеуметтік жағдайы әлсіз тұрғындарға
жекелеген көмек жүйесімен қоса, еңбек нарығында да белсенді саясат
жүргізіледі, яғни жұмысшыларды қайта дайындау, жұмыс табуға көмектесу,
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жаңа жұмыс орынын ашуды жетілдіру.
Әрине, еңбек нарығында осындай белсенді мемлекеттік саясат жүргізу
әрқашан оның мүміндіктерімен сәйкеседі және тиімділігі әр елдегі нақты
саяси және әлеуметтік - экономикалық факторларға тәуелді болады.
Коммунистік қоғамда әлеуметтік саясат мемлекеттің Түнгі күзет
тұжырымдамасы қарама-қарсы түрі және Жалпыға ортақ қайырымдылық
концепциясынан біршама өзгеше болады.
Дәстүрлі либералды - консервативтік және кейнсиандық теориялармен
қатар, ХІХ-ХХ ғасырларда коммунистік-социалистік даму жолы концепциясы
өмірге келді.
XIX ғасыр келесі қоғам дамуының альтернативті теориясы ретінде пайда
болып, тіпті XX ғасыр бұл тұжырымдама әлемнің көптеген елдерінің тағдырында
негізгі роль атқарды. Батыс капитализмінің ішкі өзгерістері XX ғасыр
әлемдік дамудың негізгі бағттарындағы өзгерістер біршама деңгейде
марксистік сын мен коммунизмнің нақты тәжірибесінің әсерімен жүзеге асты.
Бұл онда тек жаман ғана емес жақсы да бастаулардың болғанын дәлелдейді.
Теориялық тұрғыдан марксизм коммунизмнің ғана емес социал-демократияның да
қайнар көзі болды.
Социалистік жүйе күшті нысанында мемлекеттік патернализм саясатын
толықтай және жартылай қайталады. Әлеуметтік саладағы мемлекеттің қызметі
барлық тұрғындарға қатысты Әкелік қамқорлыққа ұласты. Социализм
жағдайында мемлекеттік патернализм саясаты өзіне тұтастай әлеуметтік-
экономикалық және ұйымдастырушылық-техникалық шаралар жүйесін қамтиды. Бұл
қоғамда экономикалық өсу темпін тоқтатқан әлеуметтік жатып ішерлерді
туғызды. Әлеуметтік сыбайластық идеясын жүзеге асыру туралы сөз де болған
жоқ.
Дамудың социалистік жүйесінде еңбекақы төмен деңгейде болды, алайда
еңбеккерлер кәсіпорындармен көрсетілген кең әлеуметтік қызметтерді
пайдаланды. Жұмысқа қабілетті тұрғындар толық жұмыспен қамтылды және
жұмыстан шығарудан кепілдендірді. Мұнда кіріс иерархиясы физикалық
еңбектегі жұмысшылардың пайдасында болды және олар ақылы еңбегімен
айналысатындардан көп жалақы алды.
Әлеуметтік әділдік қағидасы қоғамның барлық мүшелеріне өз
мүмкіндіктерін жүзеге асыру мен өмірлік қажеттіліктерін қанағаттавдыруға
тең мүмкіндіктер жасау қажеттігін көздейді. Адамдардың және олардың
бірлестіктерінің қоғамнан оның институттарынан алатын сыйақылары олардың
істеріне, өмір сүру сипатына, әрекеттеріне тең, сәйкес болуы керек. Алайда
шаруашылық жүргізудің социалистік жүйесінде әлеуметтік теңдік қағидасы көп
жағдайда қоғам мүшелерін еңбек нәтижесімен тең қамтылу салдарынан кез-
келген шаруашылық ұмтылыстарды жойып, әлеуметтік жатып ішерлерді көбейтті.
Әрине, өмірге әлеуметтік теңдік қағидасын еңгізе отырып, социализм
идеологиясы Нәтижелердің теңдігі тұжырымдамасымен де қаруланды, бұл
әлеуметтік теңсіздікті болдырмау үшін мемлекет пен жүргізілетін қайта
үлестірудің ерекше нысанын көздеді. Сонымен қоса, классикалық Нәтижелердің
теңдігі тұжырымдамасында қажет жағдайда әлеуметтік теңдікке жету үшін
мемлекетке салық арқылы үлесті қайта бөлу міндеті жүктелді. Социалистік
жүйеде осы мақсатқа жету үшін тұрғындардың негізгі бөлігінің еңбек ақысын
теңестіретін Жалпыға ортақ теңестіргіш жүйе қолданылады 3.
Белгілі мөлшерде жоспарлы экономика нарықтыққа қарағанда біршама әділ
болды. Мысалы, кіріс айырмашылықтары нарықтық экономикалы елдерден
қарағанда біршама аз болды. Алайда, ұрандалған әлеуметтік теңдік идеалы
Номенклатура деген атпен белгілі үстем таптың пайда болуы мен енуіне
кедергі келтірмеді. Қоғамның басқа бөлігі үшін әлеуметтік әділдік өте төмен
деңгейдегі жалпыға ортақ теңестіргіш болды. Көпшілік жұмысшы тұрғындардың
кірісі өте аз болды. Әсіресе, қызмет саласындағы жұмысшылардың жалақысы мен
зейнетақысы 4.
Социалистік қоғам таптық және әлеуметтік біркелкілік пен төмен
мүліктік өзгешелік және кірісті бөлудегі теңсіздіктің жоқтығымен
сипатталды. Мүліктік өзгешеліктер орын алса да, табыс теңсіздігінің нақты
көлемі қоғамдық санада көрініс таппады. Бұған байланысты ұсқынсыз Жалпыға
ортақ теңдік құр сөз болып қала отырып, қоғамға жоғарыдан танылған
идеологиялық аңыз емес, обьективті шындықтың бір бөлігі ретінде қабылданды.
Қоғамның абсолютті көп бөлігіне мұндай теңдік елеулі әлеуметтік
құндылықтардың бірі болып табылатын.
Зерттеушілер бір-бірінен әлеуметтік қызмет көрсетуде мемлекеттің
нарықтық жанұя мен азаматтық қоғамның қатысу деңгейімен ерекшеленетін
негізгі төрт әлеуметтік үлгісін бөліп көрсетеді. Бұл континентальді,
норзиялық британдық және Жерорта теңіз үлгілері болып табылады.
Социалистік елдердің әлеуметтік үлгісі көп жағдайда континентальді
және норзиялық үлгілерге келеді. Алайда, социалистік үлгі еуропалықтан
әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуде азаматтық ұйымдарды жібермеуімен
ерекшеленді. Сондықтан, діни ұйымдар, кәсіподақтар ерікті қоғамдастықтардың
әлеуметтік қызметті қамтамасыз етуші ретіндегі ролі жоғары.
Социалистік пен континентальді, норзиялық үлгілері әлеуметтік
саясатындағы елеулі айырмашылық – бұлардың кейінгісі байлықты кедейлердің
пайдасына қайта бөлуге тырысса, біріншісі өнім мен қызметті әлеуметтік
теңдікті сақтай отырып бөлумен айналысты. Басқаша айтқанда, нарықтық
экономикалы елдердің әлеуметтік моделі кедейшілік деңгейін түсіру мен
теңдік мүмкіндіктеріне жету жолында байлықты әділ үлестірді. Бұдан өзгеше
социалистік үлгідегі Жаңа адам жасауға тырысты, яғни, әркімнен мүмкіндігі
келгенше алып, әркімге қажетінше беруді ойластырды. Мұнда тұтыну саласымен
қоса өндіріс нәтижесіне әлеуметтік тәуелділік те болды. Сондықтан, мәселені
талдау нәтижесінде біз келесі қорытындыға келдік, әлеуметтік саясат өз мәні
бойынша, саяси жүйенің маңызды бейімделуші механизмі болып табылады. Нақты
саяси жүйенің тұрақтылығы мен стратегиялық беріктігі елеулі мөлшерде
әлеуметтік саясаттың қай тұжырымдамалық бағытын таңдағанына байланысты
болады. Біз әлеуметтік саясаттың келесі түрлі қоғам өмірін ұйымдастыру
тұжырымдамаларына негізделген түрге жүктеуді ұсынамыз.
Әлеуметтік саясатта Түнгі күзет мемлекеті тұжырымдамасы келесіні
көрсетеді:
- Шектен тыс антиэтатизм идеясын және индивидтіктің шексіз
еркіндігін, мемлекеттік реттеудің социалистік және кейнсиандық
әдістерінің тиімсіздігін,
- мемлекет- адам еркіндігі үшін құртушы болатын анархияны болдырмау
немесе сақтандыру мақсатында әлеуметтік қатынастарды реттеуші
екендігін,
- нарық заңдылықтары бойынша әділ үйлестіру қағидасын жүзеге асыру
соңғысы әлсіз болып қалатын сирек жағдайда кездесетіндігін,
- әлеуметтік шектеу саясаты, яғни кез-келген мемлекеттің әлеуметтік
жоспары тек ұлттың көтерілуі ғана емес, сондай-ақ экономиканың құлдырауына
да әкелетіндігін көрсетеді 5.
Ал, әлеуметтік саясаттағы Жалпыға ортақ қайырымдылық мемлекеті
тұжырымдамасы келесіні көрсетеді:
- Қазіргі заманғы мемлекет бейтарап Жіктен жоғары күш болып
табылады. Қоғамның барлық бөлігінің мүддесін көздейді,
- мемлекет кірісті бөледі. Әлеуметтік теңсіздікті жұмсартады,
- мемлекет қызметін реттейтін әлеуметтік және институционалдық
реформалар арқылы жеке кәсіпкерліктің қоғам мүддесіне бағынуы,
- жүйені түпкілікті өзгертуге мүмкін күшті әлеуметтік жарылыстың
алдын алатын және әлеуметтік қайшылықтың өсуін бәсеңдететін котализатор
ретінде реформаның икемдегіш механизмі,
- тұрғындардың әлсіз бөлігіне жекелеген көмек жүйесімен қоса, еңбек
нарығындағы жұмысшыларды дайындау, жұмыс табуға көмектесу қоғамдық
жұмыстар ұйымдастыру және жұмыс орынын ашуды жеңілдету сияқты белсенді
саясат.
Әлеуметтік саясатта Коммунистік қоғам тұжырымдамасы мынаны
көрсетеді:
- Меншікті мемлекеттеңдіру;
- Кірісті тең бөлу;
Мемлекеттік сектордағы кепілдендірілген тұрғындарды жұмыспен қамту мен
айырмашылығы аз жалақы есебінен әлеуметтік теңдікке жету;
- Мемлекеттік қамқорлық саясатын шектен тыс нысанында толық және
жартылай қайталау; .
- Кәсіпорындардың еңбеккерлерге көптеген әлеуметтік қызметтер
көрсету; Жіктік және әлеуметтік біркелкіліктің жоғары деңгейі әлеуметтік
теңдікті сақтау мақсатындағы тауармен қызметі нарықтан тыс бөлу;
Әлеуметтік қамтамасыз ету мен жұмыспен қамтуға кепілдік берумен,
қоғамдағы билікті толығымен мемлекеттің иеленуі.

1.2 Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің ролі.

Қазақстандағы саяси жүйенің жаңа сапаға өту мәселесі таңдалған даму
бағытын тексеруде елеулі теоретико-әдістемелік және тәжірибелік мүддеге ие
сұрақты қайта құрудың мақсаты-реформаның жетістігі мен кемшілігін,
демократияға өтудегі әлемнің тәжірибесімен салыстырмалы тұрғыдан қарайды.
Терең-тәжірибелік маңызға ие мемлекеттік биліктің жан-жақты ұйымдастырылуы,
өмір сүру жағынан тұрақты саяси жүйе құру туралы сұрақтарды шешу болды.
Қазақстан қоғамын трансформациялау міндетін шешу, өтіп жатқан қоғамдық
қайта құрудың мәнін ашатын теориялық білімімен тығыз байланысты.
Посткеңестік мемлекеттердің тоталитаризмнен демократияға өтуі "ашық
қоғам" қозғалыс процесімен байланысты, себебі бұл термин демократиялық
қоғамды оған тән экономикада, саясатта, мәдениеттегі плюрализм, құқықтық
мемлекет пен азаматтық қоғамның дамыған құрылымын кең сипаттайды.
Шығыс Еуропа елдеріндегі мәселеге қарап, неміс әлеуметтанушысы
Р. Дарендорф былай дейді: "бір жүйеден екіншісіне өту емес. Социализмнен
капитализмге өтудің ешбір мағынасы жоқ. Еркіндікке жол деген – ол жабық
қоғамнан ашық қоғамға өту. Ал ашық қоғам – жүйе емес, тек жақсысын
зерттеудің механизмі. Бірақ та, экономикалық құрылым мен саясат онда
анықталмаған..." 6.
Саяси трансформация мәселесіне мазмұндық әдіс қалыптастыру сәйкесінше
дайын теориялық түсіндермелік аппарат пен тұжырымдамалық көзқарасты қажет
етеді. Поскеңестік елдердің саяси ғылымы формациялық әдістен бас тартты,
себебі бұл капитализмді формациялық бөлу кезінде ашық "кейін қалған"
кезеңін зерттеу міндетін қойды.
"Ашық және жабық" қоғамның екі жақты өзгешелігіндегі қайта құру
процесінің мәнін түсінуге негізделген әдіс неғұрлым толық болып табылады.
"Ашық пен жабық" қоғамның текетірес идеясы британ философы және
әлеуметтанушысы К. Р. Поппердің "Открытое общество и его враги" деген
еңбегінде айтылады. Таза ойшылдық құрылғы бола отырып, К. Поппердің идеясы
барлық елдердің осы идеяға көшу қажеттілігін насихаттады. Бұдан ертерек
пайда болған "ашық қоғам" түсіндірмесі француз философы
А. Бергсонның "Дін мен моральдың екі қайнары" еңбегінде ұсынылды.
Бергсонның ойынша, "ашық қоғам"- адамдарды қанамайтын халықаралық адамдар
бірлестігі, адамгершілік моралі шығармашылық пен жеке тұлға еркіндігі
болатын кемшіліксіз қоғамдық құрылым.
Әлеуметтік-философиялық тұрғыдан "ашық қоғам" түсінігі социалистік
елдердің "жабық қоғамы" мен дәстүрлі типтегі қоғамға қарсы болады.
"Ашық қоғам" идеясына капиталистік және социалистік жүйенің
конвергенция идеясы жанама түрде тоғысқан. "Конвергенция мен ашық қоғам"
идеясының ұқсастығы, әлеуметтік және саяси жүйелердің ғаламдық бір-біріне
әсер етуі түрлі жүйелердің бір-біріне біртіндеп жақындасуына әкеледі деп
жорамалдауға болады. "Ашық қоғам мен конвергенция" идеясының айырмашылығы
осы жақындасудың жолы, нысаны және әдісі туралы ұсыныста. "Ашық қоғам"
идеясы К. Поппер бойынша, батыс демократиясына жақын негізделген, яғни
социалистік елдерге Батыстық тәжірибесі мен жетістіктерін алу керек.
Модернизация түсінігі кең, себебі дәстүрлі қоғамнан индустриалдыға
өтуші елдерде де, индустриалды дәуірден, постиндустриадыға өтетін елдерде
де қолданылды. Саяси ғылымда модернизацияның екі типін көрсетеді:
1. Негізгі, аралас модернизация олардың ішкі дамуының жетістігі
ретінде дамыған елдерге тән.
2. Шағылысқан және қуушы модернизация өмір сүру деңгейі, сапалылығы
бойынша Батыстан кейін қалған елдерге тән.
Модернизацияның классикалық теориясының зерттеу объектісі – бұрынғы
колониалды елдер болды.
Ростоу теориясы бойынша, дамушы елдер оқиғаның жүрісін тездетіп
дамудың биік сатысына жетуге тырысу қажет. Р. Арон Азия, Африка Латын
Америкасы және Жапония сияқты Батыстық жолымен, олардың капиталын,
технологиясын және тәжірибесін пайдаланып дамуға ешкім кедергі жасамайды.
Осындай әдістің негізінде модернизация теориясын ұсынушылар дамыған
мемлекет болуы үшін Азия, Африка, Латын Америкасы елдеріне тек даму
сатысының ретін сақтау жеткілікті деп дәлелдейді.
Осыған байланысты модернизация түсінігінің анықтамасы қалыптасты.
Осындай анықтамалардың бірін Ш. Н. Эйзенштайнд берді: "Модернизацияның
қайнар көзі – бұл әлеуметтік-экономикалық саяси жүйелердің ХVII-ХІХ ғ.ғ.
Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка дамыған түрге қарай өзгеру процесі,
кейін Еуропаның басқа да елдеріне таралды, ал ХІХ-ХХ ғ.ғ. Оңтүстік Америка,
Азия, Африка континеттеріне тарады" 8.
Осы тұрғыдан модернизация "ашық қоғамға" өтудің құрамдас бөлігі болып
табылады.
Саяси модернизация тұжырымдамасы бір саяси режимнен басқасына өтуді
талдайтын негізгі саяси даму теориясы болып табылады 9.
Батыстың экономикалық әдебиеттерінде социалистік елдердегі нарықтық
реформалар көбінесе "трансформация" деп аталады, яғни орталықтандырылған
жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту. Мұнда жетілдіру емес,
нарықтық реттеу мен жекеменшік басым мүдделі жаңа жүйеге ауысу туралы
айтылады 10.
Кең түрде трансформация мен модернизацияның өзгешелігі туралы ұғым
мынандай: "саяси даму тұжырымдамасының негізгі мәні – тоталитаризм мен
авторитаризмнен демократияға өту бағыты, сипаты мен қайнар көзіне берілсе,
трансформация ұғымында өтіп жатқан немесе біткен қайта құру процесінің
мазмұны туралы сөз болады, яғни саяси модернизация түсінігінде ерекше
белгілері бойынша режимдердің ауысуын талдау, бақылау" туралы сөз болады.
Посткеңестік саяси жүйелердің ауысуы саяси экономикалық, мәдени
процестердің біркелкі емес өтуімен сипатталатын қоғамда болды. "Өтпелі
кезең", "транзиттік қоғам", "өтпелі жүйе", "өтпелі саяси процесс", "өтпелі
мемлекеттілік" деген түсініктерге анықтама беру мәселесі туады.
Өтпелі кезең деп, нені анықтау керек дегенде қиындық туады.
Қазақстандық қоғамда саяси жүйенің эволюциясының көрсеткіші болып табылатын
мемлекеттік құрудың жаңа нысанына өтті. Өтпелі кезеңдегі даму
тұрақсыздығымен ерекшеленетін конвергенциялық саяси жүйе тән 11.
Кең түрде өтпелі кезең деп, тотолитаризмнен тұрақты демократияға
өтетін саяси жүйенің өзгеруі болатын мемлекеттіліктің дамуының
посттоталитарлық кезеңі түсіндіріледі. Профессор С.В. Полениннің пікірінше:
Өтпелі кезең-бұл ... негізінде елдің саяси-экономикалық, әлеуметтік өмір
саласының түпкілікті өзгеруі, маңызды өзгеріске ұшырайтын құқықтық құрылым.
Алайда, осы кезеңнің уақыттық шеңбері өзгермелі және анықталмаған. Зерттеу
барысында жаңа Конституция қабылдаумен өтпелі кезең аяқталады деген
пікірден бас тартуға тура келді. Оның пікірінше: "... өтпелі деп,
Конституциямен жарияланған демократия, мемлекеттің әлеуметтік және құқықтық
сияқты кейбір елдердің базалық қағидалары нақты жүзеге асқан уақыт аралығын
есептеу қажет" 12.
Өтпелі әлеуметтік жүйеге өту процесіне "жеке әлеуметтік бірлестіктер,
мақсат пен әдістерді түсінудегі құрылымдық қайшылықтар мен коллизиялар"
қоса қарастырылуымен сипатталады. Өтпелі жағдайда тұрған қоғам дағдарыстан
жүйені қайта құру жолымен шығуға мәжбүр, өтпелі саяси процестердің
ерекшеліктері көрінген жағдайда кейбір құрылымдық элементтер жойылады.
"Тәжірибеде ескі және жаңа саяси және экономикалық құрылым элементтерінің
әсерлеуі және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және оның нарықтық экономиканы дамытудағы ролі
Жастар саясатын қалыптастыруда және жүзеге асыруда мемлекеттің араласу деңгейі
Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты
Бірегейлік пен бірлікті қалыптастырудағы жастар саясаты басым бағыттарының баспасөзде берілу ерекшеліктері
Қылмыстық саясаттың негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасындағы жастар саясатын қамтамасыз етудегі әлеуметтік жұмыс
Жастар саясаты
Қазақстан Республикасының фискалдық саясаты
Қазақстан Республикасының қаржылық қатынастары
Пәндер