Коммерциялық банктердің несиелендіру операциялары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ

1. 1 Банк қызметерінің нарықтық экономикадағы ролі

1. 2 Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру

2 БАНК ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАНК ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫ

2. 1 Депозиттік (салымдық) операцияларды ұйымдастыру

2. 2 Коммерциялық банктердің несиелендіру операциялары

2. 3 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу

2. 4 Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі

3 БАНК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУЫ

3. 1 Банк қызметтері нарығындағы банктердің үлесін анықтау

3. 2 Қазақстан Республикасының банк қызметтері нарығының дамуы мен даму тенденциялары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

3

5

5

8

13

13

15

20

22

25

25

32

45

47

Кіріспе

Банктер - нарықтық құрылым жүйесінің орталық тізбегінің бірі болып табылады. Олардың қызметінің дамуы - нақты нарықтық механизмді құрудың керекті шарты. Экономикалық қайта құру банк жүйесін реформалаудан басталды. Бұл қазір де даму үстінде.

Екі деңгейлі банк жүйесі халық шаруашылығының қызметін қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Есеп айырысу, салымдар, несие және басқалай операцияларды жүзеге асыра отырып банктер қоғамға қажетті қызметтерді атқарады. Сонымен қатар басқа коммерциялық кәсіпорындардың қызметі сияқты банк қызметі де көптеген тәуекелдерді бастан кешіреді және сондықтан көптеген елдерде бұл қызмет кәсіпкерліктің ең көп реттелетін түрі болып есептеледі. Сонымен қатар реттеу Ұлттық банк жүйесінің құрылу ерекшелігін сипаттайтын ұлттық ерекшеліктерге ие.

Банктердің тұрақтылығы елдің экономикасының тиімділігіне маңызды әсер етеді. Көптеген банктердің өтімділік пен банкроттық күйзелісі нарықтық банк жүйесінің құралуының бірінші деңгейінің біткенін сипаттады. Бұл деңгейде банктік қызмет сферасында бәсекелестік орта пайда болды. Бұл банк қызметінен еш қиындықсыз пайда алуға мүмкіндік беруді қамтамасыз ететін инфляцияның жоғарғы қарқынында өтті. Дамудың байсалды деңгейі банктердің тұрақтылығын басқарудың ғылыми, тексерілген халықаралық тәжірибисін пайдалану кезінде ғана болады.

Бәсекелестік банк жүйесінің пайда болуы жауапкершілікті жаңа сапалы деңгейге қояды. Жаңа құрылымдардың жекелеген банк операциялары зонасында пайда болуы банктерді өз қызметін басқаруда икемді саясатты ұстануларына мәжбүрлейді.

Айырбас сферасында банктердің қызмет етуі оның мәнін аша түседі. Банктерді көбінесе делдалдық сипатта сипаттайды. Бұған біреулерде уақытша бос тұрған және келесілерге қажет болған ресурстардың ағыны негіз болады. Ресурстардың бір бөлігін иеленген кредитор сәйкес кепілге қарай оны белгілі уақыт аралығына белгілі пайыздық ставкамен контрагент-қарыз алушыға бергісі келеді. Кредитордың мүддесі бұл жерде қарыз алушының мүддесімен сәйкес келуі керек, бірақ олар бір регионда болулары шарт емес. Ресурстардың жеке кредиторымен салыстырғанда банкте ресурстар өздерінің алғашқы түрін өзгертеді. Банк барлық бос қаражаттарды шоғырландыра отырып көптеген қарыз алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Несиені әр түрлі мерзімге, әр түрлі пайыздық ставкамен бере алады, ал жеке кредиторда мұндай мүмкіндік болмайды. Банк бұл жерде екі субъектіге қызмет көрсетеді: кредитор және қарыз алушы.

Кез келген елдің экономикасының дамуы жинақтардың инвестицияға тиімді айналуымен тығыз байланысты. Экономиканың республиканың ішкі жинақтарына бағыттаудың қажеттілігі инвестициялық қаражаттардың жетіспеушілік мәселесіне және тікелей шетелдік инвестициялардың үлес салмағының көбеюіне негізделген. Қазақстан, ірі қаржылық қаражаттарға деген жетіспеушілікті сезіне отырып инвестициялаудың ішкі мүмкіндіктерін біразға дейін пайдалана алмай келді. Сарапшылардың бағалауы бойынша үй шаруашылығында бір миллиард долларға дейін ақша қорланған, ал орларды өз кезегінде экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында нақты секторларға орналастыруға болады.

Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы банк жүйесін жетілдіру бағыттарын іздестіру.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері ретінде банк жүйесі мәселесі бойынша отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми жұмыстары, Қазақстан Республикасының заңдары, банк жүйесін жетілдіруге қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және статистикалық органдардың ресми мәліметтері алынды.

Зерттеу жұмысындағы қорытындылар мен тұжырымдамалар салыстырмалы талдау, материалдарды графикалық өңдеу, экономикалық-математикалық болжамдау, зерттеудің әдістерін қолданумен негізделеді.

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ

1. 1 Банк қызметерінің нарықтық экономикадағы ролі

Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.

Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүреді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушылардың экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдарының капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың пайдалануына береді, ақшалай есеп айрылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысында тікелей ықпал етеді (сызба 1) .

Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауаданаралық үлестіру механизмін қамтамасыз ету арқылы саңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.

Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісіне, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттамалерді жасады. Клиенттедің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды.

Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметінің қозғалысы орын аыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.

Әр түрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша қаражаттарының «тобын» құрайды және де оларды жұмыс істеп тұратын капиталға айналдырып, әр түрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды қанағаттандыра алады.

Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық-несиелік қызмет көрсетуін ұйымдастыру және несеиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық құрылымдарының дамуына маңызды роль атқарады.

Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және барлық қаржылық капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына кіреді. Несеилік жүйе «ертегідей күшке» ие бола отырып, «нақты өндіріске ең қауіпті түрде араласуы» мүмкін. К. Маркс келесіде «Ағылшын банкісі сияқты мекеменің сауда мен өнеркәсіпке билік етуіне» назар аударады. Банктер шаруашылық өмірдің орталығы, барлық экономиканың негізгі түіні екені ескеріледі.

Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттары және міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамаыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Экономиканы басқару органы үрдісіне және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда көрініс табады.

Сызба 1 - Қаржылық-несиелік институттардың қаржылық делдалдар

ретіндегі ролі

Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетеді, ал әр қоғамның мэкономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелрді пайдаланады. Мүддені осылай деп түсінуден келесі туындайды, яғни оларға қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. Банктер басқарудың экономикалық әдістері, мәселен, несеилеу арқылы, экономиканың әр түрлі буындарының қарыз қаражаттары қажеттіліктерін әр түрлі несеиелермен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді.

Банктер есеп айрысу операцияларын жүргізудің тәртібін бұзғаны үшін айыппұл, төлем төлеу күнін созғаны үшін өсім, несеині өз уақытнда қайтармағыаны үшін жоғары пайыздарды алумен өзінің мүддесін ғана емес, сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесін қорғайды.

Банктер өз қызметерін орындау кезінде функционалдық (экономикалық), салалық (министерсволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергілікті орган) басқару органдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Банктер экономикалық басқарудың органы болғандықтан, оның өз клиенттерінің алдындағы жауапкершілігі де экономикалық сипатта болады. Банктердің экономикалық жауапкершіліктерінің ең алдымен олар қызмет көрсететін меншік түріне, ведомствоық тәуелділігіне байланысты емес, шаруашылық органдардың (яғни, өз акционерлерінің) шаруашылық және қаржылық қызметтерінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің айналасындағы өздеріне әрбір банкті таңдайтын фирмалар мен компаниялар топталады. Олар басқа жағдайларда пайдамен қамтамасыз етілетін, өзі және клиенттері үшін операцияларды неғұрлым тиімді жүргізетін несеилік сипатта жүргізіледі.

Банктерде басқарудың басқа органдарында жоқ ағымдағы ақпараттар болады. Ең алдымен ол қызмет көрсетілетін клиенттердің негізгі қызметі туралы ақпарат болып табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем жасау, банктік неселерді қайтару үшін қаражаттың болмауы тек объективті емес, сонымен бірге, осы шару иесінің жұмысының нашар екендігінің күнделікті оперативті көрсеткіші болып табылады. Шотқа ақшаның келіп түсуі жабдықтаушының тиеген тауарларының өткендігін және т. б. сипаттайды. Банктің мәліметтері бухгалтерлік есепті құруды күтпей-ақ кәсіпорын қызметтерінің көптеген маңызды факторлары туралы, әрі олардың нәтижелерін алдын ала көруге мүмкіндік береді. Бұл банктерге өз клиенттерінің жағдайын білуге, оларды бақылауға және олардың тағдыры мен табыстылығын анықтауға мүмкіндік бееді.

1. 2 Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 ж. желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылданған «Банктер және банк қызметі туралы» Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес Республикада екі деңгейлі банк жүйесі құрылды: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк - ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және (екінші) деңгейдегі банк - коммерциялық банктер жүйесі.

Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының территориясында жинақталған несие ресурстары осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншігі болып саналады. Мемлекеттік банк республиканың меншігі және оның Орталық банкі болып саналады. Қазақстан территориясында біртектес ақшаны пайдалану және біртектес ақша саясатын жүргізу мәселелері Одақтық шартта көрсетілген. Оның айналымға монополиялы құқықпен ақша белгілерін эмиссиялауға, ақша-несие қатынастарын реттеуге, мемлекеттік бюджеттің кассалық жұмысын жүргізуге, республика территориясында коммерциялық банктер ашуға рұқсат беретін құқығы бар.

Кәсіпорындардың, ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың несие-есеп жұмыстарын жүргізу үшін республика территориясында коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері ұйымдастырылады. Коммерциялық банктер өз жұмысында осы Заңды және Қазақстан Мемлекеттік банкісінің нұсқаулары мен ережелерін басшылыққа алады. Клиенттермен шарттасып қызмет көрсетеді. Коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері мемлекеттік, ұжымдық, жеке және аралас(шетел капиталы қосылған) меншікте болуы мүмкін. Қазақстан заңдарына сай Мемлекеттік банк деп (Орталық - Ұлттық банктен басқа) капиталы толығынан үкімет иелігінде, немесе акционерлік капиталдың басым бөлігі мемлекеттік құрылтайшылардың (мысалы, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың) акциясы болғанда есептеледі.

Коммерциялық банктер өздерінің акционерлер жиналысында қабылданған Жарғысы бойынша қызмет істейді. Сонымен бірге республика территориясында шетел мекемелерімен бірігіп құрылған коммерциялық банктер қызмет істеуі мүмкін. Егер банктің жарғылық капиталын қалыптастырғанда өзіміздің мемлекеттік емес құрылым, немесе шетел мемлекеттік, ия болмаса мемлекеттік емес құрылымдары қатынасса, онда аралас банктің түрлері деп есептеледі. Аралас банктер мынандай варианттарда құрылуы мүмкін: мемлекеттік-жеке, мемлекеттік-кооперативтік, жеке-кооперативтік . Қосылып құрылған банктермен олардың филиалдарының қызметі Қазақстан заңдарымен реттеледі делінген Заңда.

Сөйтіп тәуелсіз Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы мен даму жолдарын 1-кестеде өрнектелгендей шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады.

Кесте 1- Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері

1930 жылға дейінгі банк жүйесі
1930-1987 жж. (одақтық бір деңгейлі банк жүйесі)
1988-1990 жж. (одақтық бір деңгейлі маманданған банктер жүйесі)
1991 жылдан бастап (дербес екі деңгейлі банк жүйесі)
1930 жылға дейінгі банк жүйесі: Ресей Мемлекеттік банкі және көптеген несие-банк мекемелері
1930-1987 жж. (одақтық бір деңгейлі банк жүйесі):

1. КСРО Мем-банкі (оның ішінде КСРО Мемлекеттік еңбек жинақ кассалар жүйесі) .

2. КСРО Мемле-кеттік құрылыс банкі.

3. КСРО Сыртқы-сауда банкі.

1988-1990 жж. (одақтық бір деңгейлі маманданған банктер жүйесі):

1. Банк жүйесін қайта ұйымдастыру: КСРО Мембанкі және Маман-данған банктер: КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкі.

КСРО Агро-өнеркәсіп банкі.

КСРО Тұрғын үй-әлеуметтік банкі.

КСРО Жинақ банкі.

КСРО Сыртқы-эконом банкі.

2. Жаңадан кооперативтік және коммер-циялық банк-тердің құрыла бастауы.

1991 жылдан бастап (дербес екі деңгейлі банк жүйесі): 1. Егемен Қазақстанда өзінің банк жүйесінің құрылуы. Екі деңгейлі банк жүйесі - Ұлттық банк және коммерциялық банктер.

Бірнеше кезең, 1917 ж. мен 1930 ж. аралығы - патшалық Ресейден қалған банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әр түрлі меншіктегі банктер мен несие мекемелері қатар қызмет істеді.

Екінші кезең, 1930 ж. мен 1987 ж. аралығы - елде КСРО Мемлекеттік банкі әмбебап қызмет атқарды, яғни ол мемлекеттің Орталық банкі ретінде эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де қызмет көрсетті.

Үшінші кезең, 1988-1991 жж. аралығы - елде мемлекеттік маманданған банктердің құрылуы, яғни КСРО Мемлекеттік банкі «банктердің банкісі» ретінде эмиссиялық, ереже, нұсқау және т. б. нормативтік актілер шығарушылық, бақылау және басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған банктер экономиканың әр түрлі салаларына қызмет көрсетті. Сонымен бірге 1990 ж. басында кооперативтік және коммерциялық банктер де құрыла бастады.

Төртінші кезең, 1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін - нарықтық банк жүйесінің қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсіз республиканың нарықтық қатынастарға өту жағдайында екі деңгейлі банк жүйесінің пайда болуы және дамуы.

Қазіргі уақытта экономикасы нарықтық типпен дамыған мемлекеттердің барлығында дерлік екі деңгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі өрістеуде. Оның бірінші деңгейінде эмиссиялық, қадағалау, нұсқау ереже шығару, рұқсат ету және сол сияқты басқа қызметтерге қызмет көрсететін коммерциялық банктер орналасқан. Бұл елдердің тәжірибесі дәлелдегеніндей олардың банк жүйесі ақша айналымын ұйымдастыратын орталық банкпен, ал кәсіпорындарды, ұйымдарды және халықты несиелейтін коммерциялық банктерден құрылған.

Банктерді эмиссиялық және іскерлік (коммерциялық) деп бөлу Қазақстан мемлекетінің жаңа экономикалық механизмін құруға септігін тигізуде.

Ұлттық банк - Қазақстан Республикасының Орталық банкі

Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан соң КСРО Мембанкінің Республикалық Кеңсесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталады. Ол республикадағы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.

Ұлттық банк - заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелерімен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді. Әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне белгілі бір жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Үкіметтің өкілдік және тқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.

Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындалуы үшін нормативтік актілер шығарады. Ол нормативтік актілер «Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы», «Вестник Национального Банка Казахстана» атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын ресми басылымдарда жарияланады.

Ұлттық банктің негізгі міндеті - ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол:

  • Ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;
  • Ақша, несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді;
  • Несие берушілер мен салымшылардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу-сату және айырбастау операцияларын жүргізетін банктік және басқа ұйымдардың мүддесін қорғау және басқа ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізеді.

Президенттің немесе үкіметтің тапсырмасы бойынша Ұлттық банктің қоймасында сақтау үшін үкіметтік (бюджеттік) резервке алынған құндылықтарды қабылдайды. Алтын және басқа да бағалы металл құймаларын, монеталарды, өңдеген және өңделмеген табиғи асыл тастарды ішкі және сыртқы нарықта сатып алу және сату операцияларын жүргізеді.

Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражатымен өтейді. Оның өз қаражаты: жарғылық, резерв капиталынан, қайта бағалау шоттары және арнайы провизияларынан (резервтерінен) құрылады.

Ұлттық банктің жарғылық капиталы 20 млрд теңгеден қалыптасады және оның міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Жарғылық капитал мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыдан, мемлекет берген негізгі қордың құнынан және Ұлттық банктің алған пайдасынан құрылады.

Қазіргі Қазақстанның нарықтық банк жүйесінде әр түрлі меншік формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде. Солардың әрқайсысына сипаттама берелік.

Мемлекеттік банк - үкімет қаулысымен құрылған екінші деңгейлі банк, оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет.

Инвестициялық банк - негізінен тікелей және портфельдік инвестиция тартумен шұғылданатын екінші деңгейдегі банк.

Шетелдің қатысуымен құрылған банк - акциясының 50 % астамы төмендегі иеленушілердің қарамағында, меншігінде және басқаруында болатын екінші деңгейдегі банк:

  • Қазақстан Республикасының резиденті емес;
  • Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға, акциясының 50% көбісі республиканың резиденті еместің қарамағында, меншігінде және басқаруында;
  • Қазақстан Республикасының резиденттері еместің қаражатын басқаратын сенімді адамы - республиканың резиденті.

Мемлекетаралық банк - халықаралық келісім негізінде құрылған банк, оның жарғылық қорының иеленушісі - Қазақстан үкіметі және келісімге қол қойған мемлекеттердің үкіметі.

Банк емес несие-қаржы мекемелері - Ұлттық банктің лицензиясы негізінде кейбір банктік операция жүргізуге құқы бар банк емес заңды тұлғалар.

Коммерциялық банктер - кәсіпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ халыққа тікелей және жан-жақты кешенді қызмет көрсететін банктер. Бұл олардың басқа арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы. Ал банк емес несие мекемелерінің банктерден өзгешелігі олар тек кейбір банктік операциялар жүргізумен және қызмет түрін көрсетумен шұғылданады. Коммерциялық банктердің негізгі мақсаты - неғұрлым жоғары пайда табу.

Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес, банк емес несие мекемелері өзінің негізгі немесе қосымша қызметтері ретінде депозиттер қабылдауға құқы жоқ. Сондай-ақ өзінің атауында, құжаттарында, хабарландырулар мен жарнамаларында «банк» деген сөзді, ия болмаса депозиттер қабылдап, басқа банктік операциялар жүргізеді немесе банк ісіне аудиторлық бақылау жүргізеді деген ұғым қалыптастыратын туынды сөздерді қолдануға құқы жоқ.

ҚР-дағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі» және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңдарын басшылыққа алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР коммерциялық банктерінің несиелік процесін жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасындағы несиелеу жүйесі: жағдайы, проблемалары мен даму перспективалары
Коммерциялық банктердің қызметі
«Коммерциялық банктің активті операциялары»
Банктің активтері мен пассивтері
Қазақстан Республикасының комерция банктері, олардың қызметтері мен операциялары
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері
Банктердің қызметтері және операциялары
Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде, қызметтері мен операциялары
Казақстан Республикасындағы банк жүйесінің дамуы мен коммерциялық банктерді ұйымдастыру принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz