КСРО Жинақ банкі


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Қазақстан Республикасының банк жүйесі
1. 1 Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы . . . 5
1. 2 Банк қызметерінің нарықтық экономикадағы ролі . . . 13
1. 3 Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру . . . 18
2 Банк қызметін ұйымдастыру және банк қызметтері нарығы
2. 1 Депозиттік (салымдық) операцияларды ұйымдастыру . . . 39
2. 2 Коммерциялық банктердің несиелендіру операциялары . . . 45
2. 3 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу . . . 57
2. 4 Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі . . . 60
3 Банк операцияларының Қазақстандағы дамуы
3. 1 Банк қызметтері нарығындағы банктердің үлесін анықтау . . . 65
3. 2 Қазақстан Республикасының банк қызметтері нарығының дамуы мен даму тенденциялары . . . 74
Қорытынды . . . 92
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 95
Кіріспе
Банктер - нарықтық құрылым жүйесінің орталық тізбегінің бірі болып табылады. Олардың қызметінің дамуы - нақты нарықтық механизмді құрудың керекті шарты. Экономикалық қайта құру банк жүйесін реформалаудан басталды. Бұл қазір де даму үстінде.
Екі деңгейлі банк жүйесі халық шаруашылығының қызметін қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Есеп айырысу, салымдар, несие және басқалай операцияларды жүзеге асыра отырып банктер қоғамға қажетті қызметтерді атқарады. Сонымен қатар басқа коммерциялық кәсіпорындардың қызметі сияқты банк қызметі де көптеген тәуекелдерді бастан кешіреді және сондықтан көптеген елдерде бұл қызмет кәсіпкерліктің ең көп реттелетін түрі болып есептеледі. Сонымен қатар реттеу Ұлттық банк жүйесінің құрылу ерекшелігін сипаттайтын ұлттық ерекшеліктерге ие.
Банктердің тұрақтылығы елдің экономикасының тиімділігіне маңызды әсер етеді. Көптеген банктердің өтімділік пен банкроттық күйзелісі нарықтық банк жүйесінің құралуының бірінші деңгейінің біткенін сипаттады. Бұл деңгейде банктік қызмет сферасында бәсекелестік орта пайда болды. Бұл банк қызметінен еш қиындықсыз пайда алуға мүмкіндік беруді қамтамасыз ететін инфляцияның жоғарғы қарқынында өтті. Дамудың байсалды деңгейі банктердің тұрақтылығын басқарудың ғылыми, тексерілген халықаралық тәжірибисін пайдалану кезінде ғана болады.
Бәсекелестік банк жүйесінің пайда болуы жауапкершілікті жаңа сапалы деңгейге қояды. Жаңа құрылымдардың жекелеген банк операциялары зонасында пайда болуы банктерді өз қызметін басқаруда икемді саясатты ұстануларына мәжбүрлейді.
Айырбас сферасында банктердің қызмет етуі оның мәнін аша түседі. Банктерді көбінесе делдалдық сипатта сипаттайды. Бұған біреулерде уақытша бос тұрған және келесілерге қажет болған ресурстардың ағыны негіз болады. Ресурстардың бір бөлігін иеленген кредитор сәйкес кепілге қарай оны белгілі уақыт аралығына белгілі пайыздық ставкамен контрагент-қарыз алушыға бергісі келеді. Кредитордың мүддесі бұл жерде қарыз алушының мүддесімен сәйкес келуі керек, бірақ олар бір регионда болулары шарт емес. Ресурстардың жеке кредиторымен салыстырғанда банкте ресурстар өздерінің алғашқы түрін өзгертеді. Банк барлық бос қаражаттарды шоғырландыра отырып көптеген қарыз алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Несиені әр түрлі мерзімге, әр түрлі пайыздық ставкамен бере алады, ал жеке кредиторда мұндай мүмкіндік болмайды. Банк бұл жерде екі субъектіге қызмет көрсетеді: кредитор және қарыз алушы.
Кез келген елдің экономикасының дамуы жинақтардың инвестицияға тиімді айналуымен тығыз байланысты. Экономиканың республиканың ішкі жинақтарына бағыттаудың қажеттілігі инвестициялық қаражаттардың жетіспеушілік мәселесіне және тікелей шетелдік инвестициялардың үлес салмағының көбеюіне негізделген. Қазақстан, ірі қаржылық қаражаттарға деген жетіспеушілікті сезіне отырып инвестициялаудың ішкі мүмкіндіктерін біразға дейін пайдалана алмай келді. Сарапшылардың бағалауы бойынша үй шаруашылығында бір миллиард долларға дейін ақша қорланған, ал орларды өз кезегінде экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында нақты секторларға орналастыруға болады.
Қазақстанның экономикалық жүйесіне тән ерекшелік- банк құрылымдарын макроэкономикалық тұрақтандыру саясатын жүргізуге пайдалану. Депозитарлық нарықты құру мен дамытудың банктік саясаты уақытша ақшалайқаражаттарды тарту мен инвестициялаудың ішкі қайнар көздерін пайдалану. Дамыған банк жүйелерінде банктер тұрғындардың, ұйымдар мен мекемелердің жинақтарын тартуда маңызды роль атқарады, аса үлкен ақша массаларын экономиканың дамуы үшін жұмыс істеуге жұмылдырады. Әлемдік ірі банктердің пассивтерін талдау тұрғындар мен ұйымдардың жинақтары банктің міндеттемелерінің 70-80% құрайтынын көрсетті.
Сыртқы қарыздардың қымбаттауы коммерциялық банктерді ресурс базаларын көтеруге итермеледі. Банк мекемелері арасында еркін ақшалай қаражаттырды тартуда бәсекелестік пайда болды, депозиттік қызметтердің түрлері пайда болды, қызмет көрсету сапасы артты.
1. Қазақстан Республикасының банк жүйесі
1. 1 Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы
Кеңес үкіметі тұсында Қазақстан одақтас республикалардың бірі болғандықтан оның дербес банк-несие жүйесі болған жоқ. Қазақстан территориясында КСРО-ның орталықтанған банк-несие жүйесінің филиалдары мен бөлімшелері қызмет көрсетті. Сондықтан Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерісіне дейінгі патшалық Ресейдің және КСРО-ның банк жүйесінің тарихымен тығыз байланысты.
Ресейдің банк жүйесі батыс елдердің банк жүйесіне қарағанда әлдеқайда кеш қалыптаса бастап, өз даму жолында бірнеше кезеңдерден өтті. Алғашқы банктер XVIII ғ. екінші жартысында мемлекеттік (қазыналық) банк түрінде пайда болып, ХІХ ғ. аяғы және ХХ ғ. басында Ресейдің банк жүйесі негізінен мынадай банк-несие мекемелерінен құрылды:
- Мемлекеттік банк (1860ж. құрылған)
- Қоғамдық қалалық (252 банк) және жер банктері;
- Көп буынды жеке банктер: акционерлік банктер (49 филиалдары бар 44 банк), өзара несиелейтін қоғамдар (83), коммерциялық банктер (32), несие-жинақтау серіктестіктері (729) және т. с. с.
Бұлардан басқа банктік операциялардың көпшілігін жүргізіп, сонымен қатар жоғары қауіпті операциялар жүргізу үшін клиенттердің қаражатын тартумен шұғылданатын банктік кеңселер, сауда үйлері, айырбастау дүкендері болды [26, 29 б] .
1917 ж. қазан төңкерісінен кейін банк ісін ұйымдастыруды мемлекет монополиялы түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктірілді. Сонымен қатар Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында кооперативтік, жеке, мемлекеттік-капиталистік, шетел капиталының қатысуымен мемлекеттік және басқа банктер құрыла бастады. 1922 ж. Тұтыну кооперациясының банктері және Өнеркәсіп банкі құрылды.
1924 ж. акционерлік қоғам үлгісіндегі Сыртқы сауда банкі құрылып, оның акционерлері мемлекет, кооперативтік және қоғамдық ұйымдар болды. Ол КСРО-ның Мемлекеттік банкісінің құрамында болып, сыртқы сауда операцияларын және халықаралық есеп айырысу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп 1925 ж. КСРО-да Мемлекеттік банк, Өнеркәсіп банкі, Сауда банкі және Ауыл шаруашылық банкі болды. Сондай-ақ Орталық коммуналды банкі (Цекомбанк), Кооперативтік банк (Всекобанк) және акционерлік, салалық, аймақтық (Қиыр Шығыс, Орта Азия) банктер құрылды. Ұсақ тауарлы өндірістің дамуына байланысты өзара несиелеу қоғамдары, ауыл шаруашылығын несиелейтін қоғамдар, жинақ кассалары, несиелік кооперативтер пайда болды.
1927 ж. КСРО Орталық атқару комитеті мен Халық комиссариаты Кеңесінің «Несие жүйесін құру принциптері туралы» қаулысына сәйкес бүкіл банк жүйесін тікелей басқару Мемлекеттік банкке тапсырылды. Сол қаулыға сай маманданған банктер және банктердің проценттік саясат жүргізудегі дербестік құқығы жойылды. Банктер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несие түрлері бойынша да ажыратылды.
1928 ж. Өнеркәсіп банкі мен Электробанкі бірыңғай өнеркәсіп пен Электр шаруашылығын ұзақ мерзімді несиелеу Банкіне біріктірілді. Қысқа мерзімді несиені басқа шаруашылық салаларының бәріне олардың тоқсандық жоспарларына сай Мемлекеттік банк беруі тиіс болды. Жалпы 1927-1929 жж. банктердің өзіне тән ерекше қызметі - банктік несие беру жойылып, несие мемлекеттік жоспарлы қаржыландырудың жойылып, несие мемлекеттік жоспарлы қаржыландырудың түріне айналды.
1930-1932 жж. несие реформасы
1930-1932 жж. жүргізілген несие реформасы елдегі банк жүйесінің дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы еді. Бұл кезде 1929 ж. қабылданған халық шаруащылығын өркендетудің бірінші бесжылдық жоспары бойынша елді индустрияландыру және ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мемлекеттік бірыңғай жоспар бойынша орталықтан қаржыландырылуы қажет еді. Ол үшін ақша қаражатын қаржы-несие жүйесіне жинақтап, одан соң жоспарлы түрде шаруашылық салаларына бөліп беру керек. Бұл міндеттерді оған дейін айналым қаражатын өз бетімен жоспарсыз бөлумен шұғылданған әр түрлі несие мекемелері орындай алмады. Онымен қоса ірілі-уақты өнеркәсіп орындары біріне-бірі коммерциялық несие бергенде есеп айырысуды вексель берумен жүргізіп, банк бақылауынан тыс қалды. Іс жүзінде банктің несие алушымен, яғни тауар сатып алушымен байланысты болмады. Нәтижесінде шаруашылық орындарының бірін-бірі несиелеуі (яғни коммерциялық несие) тікелей мемлекеттік жоспарлы басқарумен қайшы келіп, елдегі несие қатынастарын түбегейлі өзгерту қажеттілігін тудырды.
Несие реформасын жүргізу үшін елде біраз алғы шаралар жүргізілді.
Біріншіден, бұл кезде экономика салаларында біраз жетістіктерге қол жетті және олардан жеке капитал ығыстырылды. Сөйтіп, 1930 жылы мемлекеттік сектордың өнеркәсіптегі үлес салмағы 99, 1 % - ке, көтерме саудада 97, 2% - ке, ал бөлшек саудада 86, 5-ке жетті. Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік және ұжымдық шаруашылықтар тауарлы астықтың 55% -ін өндірді.
Екіншіден, халық шаруашылығын тікелей мемлекеттік жоспарлы басқару жүзеге аса бастады. 1928 ж. Халық шаруашылығын өркендетудің бірінші бесжылдық жоспары дайындалып, олар шаруашылықтың әрбір буынына жеткізілді. Жоспар кәсіпорынның өндірістік және қаржылық іс-әрекеттерін қамтыды.
Үшіншіден, шаруашылықтың негізгі буыны - өнеркәсіп мекемесі шаруашылық есепке көшірілді.
Төртіншіден, коммерциялық вексельді айналымнан шығарып, оның орнына есеп айырысуды тек банк арқылы жүргізудің және қысқа мерзімді несиені тек банктерге жинақтаудың нәтижесінде 1929 жылдың 1 қарашасында халық шаруашылығына берген қысқа мерзімді несиенің 80% - ке жуығы банктер үлесіне тиді.
Сонымен, несие реформасын жүргізу үшін алғы шаралар жасалып, 1930 жылдың қаңтарында несие реформасы жүргізіле бастады. Несие реформасының мақсаты - несиелеу мен несие-есеп жұмыстарының жаңа түрлерін енгізу.
Несие реформасы төрт кезеңде жүргізіліп, негізгі мына мәселелер шешіледі [26, 32 б] :
- Шаруашылық орындарының бірін-бірі коммерциялық несиелеуін тікелей банктік несиемен өзгерту;
- Мемлекеттік банктің бағытын нығайтатын есеп жұмысының жаңа түрін - шаруашылық есепті енгізу;
- Халық шаруашылығын қысқа мерзімді несиелеу процесін Мемлекеттік банкке шоғырландыру. Өндіріс мекемелерінің өзінің және қарызға алған қаражаттарының жұмсалу бағыттарын ажырату, шаруашылықты несиелеудің принциптерін бекіту;
- Несие-банк жүйесін қайта құру, яғни Мемлекеттік банк пен ұзақ мерзімде несие беретін арнаулы банктердің қызметін ажырату.
Сөйтіп несие реформасының негізгі мақсаты коммерциялық және жанама банктік несиелеуді тікелей банктік несиемен алмастыру жүзеге асырылды. Банктік несие деген несие алушыға, яғни тауар сатып алушы кәсіпорынға жоғары басқару органының жоспары бойынша тікелей банк беретін несие. Бұл банктік несиенің коммерциялық несиеден негізгі айырмашылығы.
Дегенмен банктік несиенің бұл артықшылығы несие реформасын жүргізуде жіберілген қателерге байланысты халық шаруашылығына бірден өзгеріс енгізе қойған жоқ. Банктің жіберген қателері төмендегілер еді:
- Есептесудегі автоматизм(санасыз, тек бұрын қалыптасқан дағды бойынша істелетін әрекет) : жабдықтаушының банкісі сатып алушыға жіберілген барлық тауарлар үшін ақшаны дағдылы автоматты түрде аударса, ал сатып алушының банкісі де дәл солай автоматты түрде оның шотынан түскен тауарлар құнын шығарып отырады; жіберген жүктің дұрыстығы және шаруашылық органдардың арасындағы келісімнің орындалуы бақыланған жоқ;
- Несие берудегі автоматизм(немесе жоспармен несие беру) : жоспардың нақты орындалуын тексермей-ақ, банк шаруашылық мекемелеріне жоспарлы түрде несие берді; несиенің мөлшері жоспарды орындау үшін қажетті айналым қаражатының жалпы жетіспеуіне қарай анықталып, оның пайдалану мақсаты мен қайтарылу мерзімі көрсетілмей-ақ берілді;
- Шаруашылықтардың өзінің және қарызға алған айналым қаражаттарын ажыратпауы(араластыруы) :әрбір шаруашылық мекемесіне банкте бір шот ашылып, онда өз қаражатының да, банктік несиенің де барлық кірісі де, шығыны да есептелді, олардың арасындағы ерекшеліктер көрсетілмеді;
- Банктің несиелеу және есеп айырысу реформасын жүргізуге техникалық дайынсыздығы:ережелер, нұсқаулар, құжаттардың түрлері алдын-ала дайын болған жоқ, сондай-ақ банктің төлем жүргізуге қабылдайтын құжаттары саны жағынан да қарастырылмады. Есеп айырысудың жаңа тәртібі бойынша аз сомаға толтырылған құжаттардың тасқыны банк өңдей алмауының нәтижесінде халық шаруашылығындағы есеп айырысу ісі қиындап кетті.
Несие реформасының келесі кезеңдері осы жіберілген кемшіліктер мен бұрмалау-шылықтарды жойып, шаруашылық органдарының арасындағы келісім тәртібін нығайту мен Мемлекеттік банктің ролін күшейтуге арналды.
Сонымен 1930-1932 жж. жүргізілген несие реформасының қорытындысында жоспарлы социалистік экономикаға сәйкес үйлестіру типіндегі несие-банк жүйесі құрылып, Мемлекеттік банк өндіріс пен тауар айналымын есептейтін және бақылайтын бірыңғай аппаратқа айналды. Коммерциялық банктердің ролі төмендеп, кейін елде тек мемлекеттік банктерден тұратын монобанктік жүйе қалыптасты.
Банк жүйесі көрсететін қызмет белгілеріне қарай қайта ұйымдасып, қысқа мерзімді несие беретін жалпы мемлекеттік банк және күрделі қаржымен қамтамасыз ететін маманданған банктер жүйесі құрылды. Бұндай бір буынды банк жүйесіне: КСРО Мемлекеттік банкі және күрделі қаржымен несиелейтін төрт Одақтық маманданған банктер - Өнеркәсіп банкі, Ауыл шаруашылық банкі, Орталық коммуналдық банк, Сауда банк - кірді. Сонымен бірге орталық банк жүйесі шетел банктерімен кең корреспонденттік қатынастарды ұйымдастыратын Сыртқы сауда банкі және халықтың бос қаржысын тарту, төлемдерін жүргізу мен мемлекеттің зайымдарын орналастыру арқылы халыққа қызмет көрсететін бірыңғай жалпы мемлекеттік несие мекемесі, яғни жинақ кассалары қарады.
1959 ж. ұзақ мерзімді несие беретін банк жүйесі қайта қаралды. Ауыл шаруашылық банкі мен Орталық коммуналды банк таратылып, олардың қызметтері Мембанкке берілді. Өнеркәсіп банкі мен Сауда банкісінің негізінде күрделі қаржы беретін Одақтық банк - Құрылыс банкі құрылды. Ол халық шаруашылығының әр түрлі салаларының (ауыл шаруашылығынан басқа) ұйымдары мен кәсіпорындарын қаржыландырумен және ұзақ мерзімді несиелеумен шұғылданды. Осы өзгерістерден кейін 1960 жылдан 1988 жылға дейін КСРО банк жүйесінің құрамы келесідей болды: Мемлекеттік банк, Мемлекеттік Құрылыс банкі, Сыртқы сауда банкі және Мембанк құрамына кіретін жинақ кассалары жүйесі.
1988 жылғы түбегейлі банк реформасы
Елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуін жеделдету және ақша-несие қаты-настарының маңызын арттыру мақсатында Кеңес Одағы Компартиясы Орталық Комитетінің Пленумы 1988 ж. 1 қаңтарынан бастап банк жүйесін қайта құру туралы Қаулы қабылдады. Оған дейін бұрынғы КСРО- да және Шығыс Еуропа социалистік елдеріне банк жүйесінің құрылымы негізінен бірдей болды. Олар: елдің эмиссиялық, несие беру, есеп айырысу және кассалық орталығы - Мемлекеттік банк; күрделі құрылысқа қызмет ететін Мемлекеттік банк және сыртқы сауда-саттыққа қызмет көрсететін Мемлекеттік банк.
Сан жағынан шамалы несие мекемелерінде банк ісін шоғырландыру және несие беруді, есеп жүргізуді, мемлекеттік валюталық монополияны жоспарлы ұйымдастыру негізінде банктерді басқаруды орталықтандыру сияқты ерекше нышандар сол кездегі барлық социалистік елдердің банк жүйесіне тән еді. Дамыған мемлекеттердің банк жүйесінің әр буыны атқаратын көптеген банктік қызметтерді бұл елдерде тек Мемлекеттік банк атқарды. Шын мәнінде Мемлекеттік банк жан-жақты қызмет көрсететін әмбебап несие институты ретінде болды.
Шаруашылық механизмінің жалпы бағыты - банктердің құрылымы мен ондағы қызметкерлер санын анықтайтын басты фактор. Бір банктік жүйе - басқаруды қатал орталықтандыру мен шоғырландырудан шыққан нәтиже. Ал монополизмді бұзу концепциясы, экономиканы басқаруды жергілікті жерлерге беру бірнеше дербес банктердің құрылуына себеп болады. Бастапқыда осы жолды бұрынғы социалистік елдер - Венгрия, Қытай, Югославия - таңдап алды. Әлемдік тәжірибеде орталық банкпен қатар көптеген жеке және мемлекеттік емес несие институттарының (коммерциялық, кооперативтік, арнаулы және басқа) қызмет істеу үлгісі кең тараған.
Сөйтіп 1988 ж. қаңтарынан бастап КСРО-да банк жүйесін түбегейлі өзгеретін реформа жүргізіле бастады. Оның алғашқы кезеңінде елдегі Мемлекеттік банк пен Құрылыс банкінің негізінде Мемлекеттік банкпен қатар 5 салалық мемлекеттік маманданған банктер құрыла бастады. Олар:
- КСРО Мемлекеттік банкі, оның міндеті - «банктердің банкісі» ретінде елдің ақша айналымын ұйымдастыру. Ол бұрынғыдай мекемелер мен ұйымдардың кассалық және несие-есеп қатынастарын жүргізбейді, оның клиенті - маманданған мемлекеттік банктер;
- КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі, Оның міндеті - өндіріс, құрылыс, транспорт, байланыс саларындағы негізгі жұмыстарды несиелеу, күрделі тшығындарды қаржыландыру мен несиелеу және олардың есеп айырысу жұмыстарын жүргізу;
- КСРО Аграрлы-өнеркәсіп банкі; Оның міндеті - аграрлы-өнеркәсіптік кешендерінің мекемелері мен ұйымдарына қызмет көрсету;
- КСРО Тұрғын үй және әлеуметтік банкі -ол тұрғын үй шаруашылығы мен әлеуметтік салалар мекемелеріне қызмет көрсету үшін құрылды;
- КСРО Жинақ банкі -ол бұрынғы жинақ кассаларын біріктіру арқылы құрылған, оның негізгі міндеті - халыққа қызмет көрсету;
- КСРО Сыртқы экономикалық банкі -ол бұрынғы Сыртқы сауда банкінің негізінде қайта құрылған банк. Оның міндеті - экспорт-импорт операцияларын ұйымдастыру және ол бойынша есеп жүргізу, сыртқы экономикалық байланыстағы шаруашылық орындарын несиелеу, жинақ-валюталық жоспардың орындалуын бақылау, елдің валюта ресурстарын тиімді пайдалану, халықаралық валюта және несие нарығында операция жүргізу жұмыстарын қамтамасыз ету.
Бұл маманданған салалық банктердің құрылымы әкімшілік-территориялық принциппен ұйымдастырылған. Олардың әрқайсысының (КСРО Сыртқы экономикалық банкісінен басқа) республикалық банкі (Алматыда, 5 банк) және облыс орталықтарында сол банктердің облыстық басқармалары құрылды. Аудан орталықтарында және қалаларда олардың дамуының негізгі бағытына байланысты кейбір салалық банктердің бөлімшелері құрылып, маманданған банк өз клиенттерімен қатар сол аудандағы немесе қаладағы басқа салалық банктердің клиенттеріне де қызмет көрсетті. Сонда банктердің мамандануы тек облыстық басқарма деңгейінде жүріп, несие-банк жүйесінің төменгі сатысын өзгерткен жоқ. Бұл әрине банк реформасындағы негізгі минус еді.
Жаңадан құрылған банк жүйесі бұрынғыдан да көлемді, әрі ыңғайсыз, көп сатылы, көп шығынды, үлкен бюрократ аппараты бар жүйе болды. Осы айтылғандар төменгі, яғни аудандық, қалалық банк мекемелерінің несие және есеп жұмыстарының бұрынғыдан бірнеше есе көбеюіне әкеп соқтырды. Банк жүйесінің төменгі буынындағы бөлімшелері жоғары деңгейдегі әрбір маманданған салалық банктерге (облыстық басқармаларға және республикалық кеңселерге) өздері қызмет көрсететін клиенттері бойынша несие ресурстарын жоспарлап және оның пайдалануы туралы есеп беріп отырды. Оны мына бір мысал дәлелдейді, 1987 ж. (реформаның алдындағы жыл) Мемлекеттік банк бойынша негізгі экономикалық жоспар 82 баптан құрылса, ал 1988 ж. яғни реформадан кейінгі бір жылда Агроөнеркәсіп банкі, Тұрғын үй және әлеуметтік банкі, Мемлекеттік банк бойынша дәл сол көрсеткіш 112 баптан құрылды. Ал осы көрсеткіштердің бәрін банк бөлімшелері қызметкерлері орындап, ол жөнінде үш салалық банктердің жоғары сатыларына есеп беріп отырды.
Банк жүйесін қайта құрудан кейін маманданған банктер арасында әр түрлі қайшылықтар туындады. Сонымен қатар жаңа банк жүйесі клиенттер мен банктер арасындағы қарым-қатынастарға да кері әсерін тигізді. Мысалы, реформаға дейін банк бөлімшесін клиенттердің бәріне бірдей қызмет көрсетілсе, ал реформадан кейін қызмет көрсететін банктің мамандануына қарай «клиент біздікі» немесе «басқанікі» болып бөлінді. Әрине бұндай қолайсыз жағдайлар несие-есеп механизмінің қоғамдық өндірістің тиімділігін төмендетуіне себеп болды. Бірдеңгейлік жүйеде банктердің көп болуы, олардың қызметтерінің араласуы банк жүйесін қайта ұйымдастырудың себептерін одан әрі шиеленістірді.
Банктік өзгерістердің ең елеулі кемшіліктері - банк ісінің мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін түбегейлі өзгертпей-ақ, негізінен «банк шығармашылығымен» (банкотворчество) айналысу болды деп мәлімдеді кейбір сарапшылар. Сондай-ақ олардың ойынша банктер өз қызметін нашарлатып алды, банк жүйесін қайта құру жаңа экономикалық үлгі құруға ешқандай әсер етпеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz