Тауар биржасының мүшелері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
І. Тауар биржасы және оның нарықтық экономикадағы орны
1.1 Тауар биржасы жайлы түсінік және оның функциялары
1.2 Биржа мүшелері және биржаны басқару
1.3 Тауар биржаларының іс-әрекетін ұйымдастыру және оның құрылымы

ІІ Қазақстандағы тауар биржаларының іс-әрекетін заңдылық тұрғыдан
реттеу
2.1 Тауар биржалары жайлы жарғының негізгі баптары
2.2 Тауар биржасын құру және оның қызметін тоқтату
2.3 Биржалық сауданы ұйымдастыру
2.4 Тауар биржаларының қызметін мемлекеттік реттеу

ІІІ. Тауар биржасының Қазақстан экономикасындағы орны
3.1 Қазақстандағы тауар биржаларының қалыптасуы және дамуы
3.2 Ірі тауар биржалары және олардың қызметі
3.3 Қазақстандағы тауар биржаларының проблемалары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша 1
Қосымша 2
Қосымша 3
Қосымша 4

Кіріспе
Қор биржасы деген бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын
негізгі нарық орны. Қор биржаларында ірі банктер қожалық етеді. "Биржа"
деген термин ежелгі грек сөзі - "бурзэ", яғни әмиян деген мағынаны
аңғартады. Алғашқы қор биржасы XVIғ. Голландияда бағалы қағаздар
(облигация, содан кейін акция) шығару және сату үшін пайда болған. Ал XVII
ғ. биржалар тауар және қор биржасы болып бөліне бастады. Қор биржаларының
ең кең түрде дамыған кезі капитализмнің монополизм сатысына өту кезі, яғни
XX ғ. бас кезі. Ол уақытта қор биржаларының негізгі операциялары өндіріс
кэсіпорындарының акцияларын шығару және сату болды. Биржа өнеркөсіп циклын
және жалпы елдің экономикасы мен саясатындағы өзгерістерді қадағалап
отыратын барометр сияқты. Сондықтан қор биржасы өнеркәсіптің өрістеу
фазасында экономиканың өсуіне, ал дағдарыс фазасында оның баяулауына
себепші болады.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде биржалар бірнеше түрге бөлінеді:
• қор биржасы (бағалы қағаздар сатады);
• валюта биржасы;
• тауар биржасы;
• еңбек биржасы.
Сонымен, биржа - нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным
негізінде тауармен, бағалы қағаздармен "сауда жасалады және қызметкерлер
жалданады. Ол - сатушылар мен сатып алушылар келісімге келу үшін кездесетін
орын.
Қор биржасы жеке кәсіпкерлік принципінде жұмыс істейді (мысалы,
Лондон, Нью-Йорк биржалары), немесе оны мемлекет ұйымдастырады (мысалы,
Францияда, Италияда). Қор биржасын ұйымдастыру және оны басқаруда әр елде
көптеген өзгешеліктер бар.
Қор биржасының жұмысы жарғы бойынша ұйымдастырылады. Жарғыда қор
биржасы құру, оны басқару тәртібі және оның әрбір буынының қызметі,
мүшелерінің құрамы және сол сияқты ұйымдастыру принциптері анықталады.
Биржаның басшы органы болып биржалық комитет саналады, ал оның мүшелерін
брокер (немесе маклер) деп атайды. Олар бағалы қағаздар нарығында
клиенттердің есебінен және солардың атағынан делдал болып операциялар
жүргізеді. Себебі нарыққа клиенттердің өздері қатысуға болмайды. Брокерлер
сол жұмысы үшін куртаж деп аталатын төлем ақы алады. Брокерлермен қатар өз
есебінен ақша жұмсап алыпсатарлықпен айналысатын дилер де жүреді. Осы Заң
тауар биржалары қызметі және биржалық сауданы жүзеге асыру процесінде
туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, тауар биржаларының ашық және
тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, биржалық саудаға қатысушылардың
құқықтарын және олардың арасындағы адал бәсекелестікті қорғау мақсатында
тауар биржаларының қызметін реттеу және мемлекеттік бақылау тәртібін
белгілейді.
Бағалы қағаздармен сауда-саттықты қор биржасы, заңдарға сәйкес өзге
де ұйымдар ұйымдастырады.
Қор биржасы - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында
құрылған, осы сауда- саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдалана
отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда- саттықты ұйымдық және
техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңи тұлға және
акционерлік қоғам нысанындағы өзін - өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым.
Қор биржасының қызметі өзін - өзі өтеу қағидатына негізделеді және оның
қызметінен түскен кірістер биржаны материалдық – техникалық дамытуға
пайдаланылады.
Қор биржасы:
- сауда жүйелерін пайдалану және қолдау;
- қор биржасының тізіміне бағалы қағаздарды енгізуге жорамалданып
отырған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ қор биржасында айналысқа
жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарына
талап қою;
- қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздармен және өзге
де қаржы құралдарымен мәміле жасау мақсатында сауда жүйесіне кіруге өз
мүшелеріне мүмкіндік беру, осы қаржы құралдары бойынша тұрақты сауда-саттық
ұйымдастыру және өткізу, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп
айырысуды ұйымдастыру және жүзеге асыру, не осындай есеп айырысуды жүзеге
асыру үшін қажет ақпаратты әзірлеу;
- өз мүшелеріне ұйымдық, консультациялық, ақпараттық және өзге де
қызметтер көрсету;
- бағалы қағаздар рыногы және өзге де қаржы құралдары мәселелері
бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;
- банк заңнамасында белгіленген тәртіппен банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыру және қор биржасының ішкі құжаттарында
көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Қор биржасы бағалы қағаздардың қайталама рыногының ұйымдастырушысы
болып табылады. Биржадан тыс рынок, әдеттегідей, тек бағалы қағаздардың
жаңа шығарылымдарын қамтиды. Онда көбінесе облигациялар орналастырылады.
Биржада, керісінше, бағалы қағаздардың ескі шығарылымдарының, негізінен
акционерлік қоғамдардың акцияларының бағамы белгіленеді. Заңнамамен қор
биржаларының ең төмен жарғылық капиталы белгіленеді. Қор биржасы
инвестициялық институттар ретінде қызметпен айналыспайды, бірақ меншікті
акциялар шығара алады және сата алады, бұл оның мүшелері болуға құқық
береді.
Қор биржасы заңнамаға сәйкес тіркелінеді және бағалы қағаздармен
биржалық қызмет жүргізуге Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясында
лицензия алады.
Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары және заңдарға сәйкес
бағалы қағаздардан басқа өзге қаржы құралдарымен өзге мәмілелерді жүзеге
асыру құқығы бар өзге де заңи тұлғалар қор биржаларының мүшелері болып
табылады. Қор биржасында бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының
кемінде он мүшесі болуы тиіс. Қор биржасының мүшелері мәмілелерді жасау осы
мүшелер үшін қор биржасының ережелерінде жол берілетін қаржы құралдарының
түрлері бойынша сауда- саттыққа қатысуға құқылы.

Сауда-саттықты ұйымдастырушының кірісі оның негізгі қызметінен
алатын қаражат есебінен құрылады. Сауда – саттықты ұйымдастырушы мынадай
жағдайларда:
1) сауда-сатықты ұйымдастыушының мүшелігіне кіргені үшін;
2) сауда-саттықты ұйымдастырушының мүлкін пайдаланғаны үшін;
3) бағалы қағаздар листингі үшін және олардың сауда-саттықты
ұйымдастырушысының тізімінде болғаны үшін;
4) мәмілелерді тіркеу және ресімдеу үшін;
5) ақпараттық қызмет көрсеткені үшін және өзге де жағдайларда ақшалай
жарналар мен алымдар алады.
Негiзгi ұғымдар:
1) биржалық брокер (бұдан әрі - брокер) - сауда қызметін реттеу
саласындағы уәкілетті орган беретін лицензия негізінде Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тауар биржасында өз қызметін
жүзеге асыратын, акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және клиенттің
тапсырмасы бойынша соның есебінен және мүддесі үшін биржалық тауармен
мәмілелер жасайтын заңды тұлға;
2) биржалық дилер (бұдан әрі - дилер) - сауда қызметін реттеу
саласындағы уәкілетті орган беретін лицензия негізінде Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тауар биржасында өз қызметін
жүзеге асыратын, акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және өзінің мүддесі
үшін және өзінің есебінен, сондай-ақ клиенттің тапсырмасы бойынша биржалық
тауармен мәмілелер жасайтын заңды тұлға;
3) биржалық сауда – тауар биржасында сауда-саттықты, оның iшiнде
электрондық сауда-саттықты жүргiзу, мәмiлелердi тiркеу және ресiмдеу
жолымен жүзеге асырылатын биржалық тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк
қызмет;
4) биржалық сауда ережелері – Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекітетін биржалық сауданың үлгі ережелері негізінде әзірленген, әрбір
тауар биржасы үшін биржалық сауда жүргізудің тәртібін белгілейтін құжат;
5) биржалық сауда-саттық – биржалық тауарлар бойынша мәмілелер жасауға
бағытталған биржалық сауда ережелері шеңберінде жүргізілетін процесс;
6) биржалық саудаға қатысушылар – биржалық сауданың белгіленген
ережелері бойынша тауар биржасында өзара әрекет ететін клиенттер, брокерлер
және дилерлер;
7) биржалық тауар – айналымнан алынып тасталмаған немесе айналымда
шектелмеген тауар, оның ішінде жылжымайтын мүлікті және зияткерлік меншік
объектілерін қоспағанда, тауар биржасы биржалық саудаға жiберген мерзімді
келісімшарт;
8) биржалық тауарларға баға белгiлеу – тауар биржасында белгiлi бiр
уақыт кезінде биржалық тауарлар бойынша жарияланған сұраныстың және
(немесе) ұсыныстың бағасы;
9) бұйрық – нақты биржалық тауарларға қатысты тауар биржасында белгілі
бір әрекетті жүзеге асыруды көрсете отырып, клиент брокерге және (немесе)
дилерге ұсынатын құжат;
10) клиент – биржалық тауармен мәмілелер жасау үшін брокердің және
(немесе) дилердің көрсететін қызметтерін пайдаланатын жеке немесе заңды
тұлға;
11) клиринг – тауар биржасында жасалатын мәмілелер бойынша биржалық
сауда-саттыққа қатысушылар арасында өзара талаптар мен мiндеттемелердiң
есебiн жүргізу;
12) мерзімді келiсiмшарт – орындау мерзiмi ұзартылған биржалық тауарды
шартсыз немесе шартты сатып алу-сатуға арналған келiсiмшарт, оған фьючерс,
опцион жатады;
13) опциондық келiсiмшарт – сатып алушыға сыйлыққа айырбастап, белгілi
бiр уақыт кезеңiнiң iшiнде немесе белгiлi бiр күнге (опцион мерзiмi
аяқталған күнге) опцион сатушысынан орындау бағасы бойынша биржалық тауарды
сатып алуға немесе сатуға құқық (мiндеттемесiз) беретiн келiсiмшарт;
14) опциондық мәмiле – опциондық келiсiмшарт объектiсi болып табылатын
биржалық мәмiле;
15) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі –
уәкілетті орган) – сауда қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді және
үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
16) спот-тауар – шұғыл берілетiн немесе алдағы уақытта берілетiн,
қоймада тұрған тауар;
17) тауар биржасының мүшесi – Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес тауар биржасының ішкі құжаттарында көзделген тәртiппен биржалық
тауармен мәмілелерді жүзеге асыруға құқығы бар брокер және (немесе) дилер;

18) тауар биржасының сауда жүйесi – тауар биржасының материалдық-
техникалық құралдар, бағдарламалық өнiмдер, iшкi құжаттар және өзге де
қажеттi активтер мен рәсiмдер кешені, тауар биржасындағы сауда-саттыққа
қатысушылар арасында биржалық тауарлармен мәмiлелер жасалатын сауда-саттық
солардың көмегімен жүзеге асырылады;
19) тауар биржасының iшкi құжаттары – тауар биржасына қатысушылар
қызметiнің шарттары мен тәртібін, тауар биржасының, оның органдарының,
құрылымдық бөлiмшелерінiң жұмысын, қызмет көрсетулер, оларға ақы төлеудiң
тәртiбi мен мөлшерiн реттейтiн құжаттар;
20) фьючерстiк мәмiле – есеп айырысулар клирингтік орталық арқылы
кепілді төлей отырып жүргізілетін, сауда-саттыққа қатысушылар мәмiле
жасалған сәтте белгiленген баға бойынша биржалық тауардың белгiлi бiр санын
болашақта белгiлi бiр кезеңде беруге (қабылдауға) өзіне мiндеттеме
қабылдай отырып, тауар биржасында мерзімді келiсiмшартпен жасалатын
биржалық мәміле.

3-тарау. ТАУАР БИРЖАСЫН ҚҰРУ

6-бап. Тауар биржасы
Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, сауда-
саттықтарды ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді тауар биржасының сауда
жүйесін пайдалана отырып тікелей жүргізу жолымен жүзеге асыратын заңды
тұлға тауар биржасы болып табылады.
Тауар биржасы сауда-саттық жүргізуді биржалық сауданың
белгіленген ережелері бойынша қамтамасыз етеді.
Тауар биржасы өз қызметін уәкілетті орган беретін лицензия
негізінде жүзеге асырады.
Тауар биржасының атауында тауар биржасы деген сөздер болуға тиіс.
Тауар биржасының жарғылық капиталын қалыптастыру Қазақстан
Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге
асырылады.

7-бап. Тауар биржасының жарғысы
Тауар биржасының жарғысы Қазақстан Республикасының акционерлік
қоғамдар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен бекітіледі.

Тауар биржасының жарғысында Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген мәліметтерден басқа тауар биржасын мамандандыруға нұсқау болуға
тиіс.

8-бап. Тауар биржасындағы дауларды шешу
Биржалық мәмілелер жасаcумен байланысты дауларды шешу үшін тауар
биржасы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік отыз
күн ішінде тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік құрады.

Биржалық төреліктің қызметі Қазақстан Республикасының аралық
соттар туралы заңнамасымен реттеледі.

9-бап. Тауар биржаларының сыныптамасы

Мамандануы бойынша тауар биржалары:
1) биржалық сауда-саттыққа әртүрлі тауарларды қабылдайтын
әмбебап;
2) тауардың белгілі бір түрінің айналымына қызмет көрсететін
мамандандырылған болуы мүмкін.

10-бап. Биржалық сауданың үлгі ережелері
Биржалық сауданың үлгі ережелері тауар биржасы мүшелерінің биржалық
тауарлармен биржалық мәмілелер жасау кезіндегі қызметінің тәртібін
айқындайды.
Биржалық сауданың үлгі ережелері мыналарды:
1) тауар биржасына мүшелікке қабылдаудың, мүшелікті тоқтата
тұрудың және тоқтатудың шарттары мен тәртібін;
2) биржалық сауда-саттықты жүргізу тәртібін;
3) биржалық сауда-саттықта тауарлармен жасасылған мәмiлелер
бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртiбiн;
4) тауар биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта
жаңартудың шарттары мен тәртібін;
5) биржалық төрелік қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыру
тәртібін, сондай-ақ биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер жасасуға
байланысты дауларды шешу тетіктерін;
6) биржалық сауда бойынша құжаттарды қабылдау (бекіту)
тәртібін;
7) тауар биржасындағы мәмілелерді есепке алу және тіркеу
тәртібін қамтиды.

11-бап. Тауар биржасының мүшелері
Тауар биржасы мүшелерінің саны үшеуден кем болмауға тиіс.
Тауар биржасына мүшелік осы Заңға сәйкес биржалық сауда-саттыққа
қатысуға құқық береді.

12-бап. Тауар биржасының қызметкерлері

Тауар биржасымен еңбек қатынастарында тұрған және жұмысты еңбек
шарты бойынша тікелей орындайтын жеке тұлғалар тауар биржасының
қызметкерлері болып табылады.
Тауар биржасының қызметкерлерiне биржалық мәмiлелерге қатысуға,
сондай-ақ коммерциялық ақпаратты өз мүдделерiнде пайдалануға тыйым
салынады.

4-тарау. ТАУАР БИРЖАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

13-бап. Тауар биржасының қызметі
Тауар биржасының негiзгi қызметінің түрi биржалық сауда-саттықты
ұйымдастыру және жүргiзу болып табылады.
Тауар биржасы мынадай функцияларды:
1) сауда-саттықты ұйымдастыруды және жүргізуді;
2) тауар биржасында жасалатын мәмілелерді, оның ішінде спот-
тауарлармен жасалатын мәмiлелерді тiркеуді және ресімдеуді;
3) биржалық мәмiлелер бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыруды
және жүзеге асыруды;
4) тауар биржасында жүргізілген сауда-саттық нәтижесінде
тауарға биржалық бағаны тіркеуді;
5) биржалық сауданың үлгі ережелері негізінде биржалық сауданың
ережелерін әзірлеуді және бекітуді;
6) биржалық сауда-саттық арқылы сатылатын биржалық тауардың
сапасына биржалық саудаға қатысушының талабы бойынша сараптама
ұйымдастыруды;
7) тауар биржасының мүшелеріне ұйымдастырушылық,
консультациялық, ақпараттық, әдiстемелiк қызметтер көрсетуді;
8) биржалық тауарлар нарығына талдамалық зерттеулер жүргiзуді;
9) биржалық қызмет туралы ақпаратқа жататын баспа өнiмiн
шығаруды;
10) биржалық тауар нарығының қатысушыларын оқыту және олардың
бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде оқу курстарын ұйымдастыруды;
11) тауар биржасының сауда жүйесiн пайдалануды;
12) халықаралық биржалық сауда-саттықты дамытуды жүзеге
асырады.
Тауар биржасына биржалық сауданы ұйымдастырумен тікелей байланысты
емес сауда және өзге де қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.
Тауар биржасы осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де
заңнамалық актiлерімен өзіне берiлген құқықтар шегiнде өз атынан
шетелдіктермен және басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды
тұлғалармен ынтымақтастық туралы келiсiмдер жасасуға құқылы.

14-бап. Тауар биржасының кірістері

Тауар биржасының кірістері тауар биржасы мүшелерiнiң кiру жарналары
мен жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдаланғаны, биржалық мәмілелерді
тiркегені және ресiмдегені үшін төлемдер есебінен және заңнамамен тыйым
салынбаған басқа да түсімдер есебінен құралады.
Тауар биржасы мыналарды:
1) тауар биржасы мүшелерінің кепілдік жарналарының мөлшерi мен
оларды енгiзу тәртiбiн;
2) биржалық сауданың ережелеріне сәйкес сауда-саттыққа
қатысқаны үшін төлемдердiң мөлшерiн;
3) алыпсатарлық әрекеттерді болдырмау мақсатында сауда-саттықты
тоқтата тұру үшін алдыңғы сауда-саттық нәтижесінде қалыптасқан бағаларды
ескере отырып, бір сауда күні шеңберінде нақты биржалық тауарға бағалар
деңгейлерінің ең аз және ең көп шектерін белгілеуге құқығы бар.
Тауар биржасына биржалық мәмiлелердегi делдалдық үшiн брокерлер
және дилерлер алатын сыйақы мөлшерiн белгілеуге тыйым салынады.
Тауар биржасының мүшелерінен алынатын төлемдердің мөлшері биржалық
сауданың ережелерімен айқындалады және биржалық сауданың кез келген
қатысушысының танысуы үшін қолжетімді болуға тиіс.

15-бап. Биржалық мәміле
Биржада айналымға жіберілген мүлік нысанасы болып табылатын және
Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына және
биржалық сауда ережелеріне сәйкес ол жүргізетін сауда-саттыққа
қатысушылармен жасалатын мәміле биржалық мәміле болып танылады.
Тауар биржасында жасалған, бірақ осы баптың 1-тармағында көзделген
талаптарға сәйкес емес мәмілелер биржалық болып табылмайды.
Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлармен тауар
биржаларынан тыс жасалған мәмілелер мүдделі адамдардың, уәкілетті органның
не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылады.
Биржалық мәмiлелер тауар биржасының атынан және оның есебiнен
жасалмайды.

16-бап. Биржалық мәмілелердің түрлері

Тауар биржасында:
1) халықаралық іскерлік операцияларымен өзара байланысты
мәмілелерді қоса алғанда, спот-тауарларға қатысты құқықтар мен міндеттерді
өзара беріп отыратын мәмілелер;
2) фьючерстік мәмілелер;
3) опциондық мәмілелер;
4) қоймалық құжаттарға қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара
беріп отыратын мәмілелер жасалады.

17-бап. Фьючерстік және опциондық мәмілелер жасау кезіндегі
биржалық саудадағы кепілдіктер
Тауар биржасы онда жасалатын фьючерстік және опциондық мәмілелердің
орындалуын қамтамасыз ету мақсатында клирингтік орталықтар арқылы есеп
айырысу қызметін көрсетуді ұйымдастыруға міндетті.
Тауар биржасында фьючерстік және опциондық мәмiлелердi жасауға
брокерлердің және (немесе) дилерлердің ғана құқығы бар.
Тауар биржасында фьючерстік және опциондық мәмiлелер
автоматтандырылған сауда-саттық жүргізуді, клирингтi жүргiзуді, баға
белгiлеу өзгерiстерiнiң серпiнiн қамтамасыз ететiн бағдарламалық
құралдардың арнайы кешенi болған кезде ғана жасалады.
Клирингтiк орталықтар тауар биржасынан тәуелсіз ұйымдар ретінде
тауар биржасының құрамында арнайы ұйымдастырылған құрылымдық бөлiмше -
клирингтiк орталық ретінде де құрылуы мүмкiн.
Клирингтік орталықтар өз қызметінде:
1) фьючерстік және опциондық мәмілелердің орындалуына және осы
мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалмау не тиісінше орындалмау
нәтижесінде пайда болған зиянды өтеуге кепілдік беретін жарналардың
түрлерін, мөлшерін және оларды алу тәртібін белгілейді, сондай-ақ осы
мәмілелерге қатысушылардың басқа да қаржылық міндеттемелерін айқындайды;
2) фьючерстік және опциондық мәмілелерге кепілдік беру үшін
шаралар қабылдайды;
3) тауарлармен мәмілелер жасау нәтижесінде жүзеге асырылатын
есеп айырысуларға қатысушы тараптардың өзара талаптары мен
міндеттемелерінің есебін жүзеге асырады.

18-бап. Биржалық баға
Тауарға биржалық баға биржалық тауарлардың бағасын белгілеу
нәтижесiнде қалыптасады. Тауар биржалары биржалық тауарларға баға
белгілеуді бұқаралық ақпарат құралдарында күн сайын жариялауға міндетті.

5-тарау. БРОКЕРЛІК ЖӘНЕ ДИЛЕРЛІК ҚЫЗМЕТ. ТАУАР БИРЖАСЫНДАҒЫ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰПИЯ

19-бап. Брокердің және дилердің қызметін жүзеге асыру тәртібі
Тауар биржасындағы брокерлік және дилерлік қызмет уәкілетті орган
беретін лицензия негізінде жүзеге асырылады.
Брокер және дилер осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де
заңнамалық актілерінде, уәкілетті органның нормативтік құқықтық
актілерінде, тауар биржасының ішкі құжаттарында белгіленген талаптарды
сақтауға міндетті.

Брокер мен дилер және олардың клиенттері арасындағы қатынастар
Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының нормалары қолданылатын
брокерлік және дилерлік қызметтер көрсету туралы шарттың негізінде
туындайды.

20-бап. Брокермен және дилермен мәмілелер жасау
Биржалық мәмілелер жасауды брокер - клиенттің бұйрығына сәйкес,
дилер клиенттің бұйрығына да сәйкес, өз мүддесіне де орай және өз
есебінен жүзеге асырады. Клиенттер бұйрықтарының түрлері, олардың мазмұны
мен ресімделуі тауар биржасының ішкі құжаттарымен белгіленеді.
Клиенттің бұйрығын орындауды осы бұйрықта көрсетілген мәмілелер
жасау шарттарын сақтай отырып, брокер және дилер жүзеге асырады. Егер
мәміле жасау кезінде мәміленің шарттарын өзгерту қажеттігі туындаса,
брокер және дилер өз әрекеттерін клиентпен келісуге міндетті.
Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда брокер және дилер мәмілені
клиент мүдделерінің өз мүдделерінен басымдығын негізге ала отырып жасауға
міндетті.

21-бап. Тауар биржасындағы брокер мен дилердің және олардың
клиенттерінің арасындағы қатынастар
Тауар биржасы өз өкілеттіктері шегінде брокер мен дилердің және
олардың клиенттерінің өзара қатынастарын регламенттейді, биржалық сауданы
бұзушыларға шаралар қолданады.

22-бап. Брокерлер мен дилерлердің ішкі құжаттарына және
жасалатын биржалық мәмілелердің есебін жүргізуге қойылатын талаптар
Брокерлер мен дилерлерге арналған тауар биржасының ішкі құжаттары
тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің сақталуын
қамтамасыз ететін, биржалық саудаға қатысушылардың, олардың өкілдерінің
немесе үшінші тұлғалардың мүдделері үшін пайдалануға жол бермейтін
шарттарды қамтуға тиіс.
Брокерлер мен дилерлер әрбір клиент бойынша жеке жасалатын биржалық
мәмілелердің есебін жүргізуге және осы мәмілелер туралы мәліметтерді мәміле
жасалған күннен бастап бес жыл ішінде сақтауға міндетті.

23-бап. Тауар биржасындағы коммерциялық құпия
Коммерциялық құпия:
1) тіркелген биржалық саудаға қатысушылар туралы мәліметтерді;

2) тауар биржасында жасалатын мәмілелер туралы мәліметтерді
қамтиды.
Брокерлер мен дилерлер табиғи баға белгілеуді бұзуға және тауар
нарығының тұрақсыздануына әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттерге
(әрекетсіздіктерге) жол беруге құқылы емес.

Өзiнiң қызметтiк жағдайына байланысты көрсетілген ақпаратты алуға
мүмкiндiгi бар адам коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа ие адам болып
табылады.

24-бап. Тауар биржаларының қызметі туралы коммерциялық
құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну
Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгiленген жағдайларды
қоспағанда, тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтер жария
етілуге жатпайды.
Коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтер биржалық саудаға қатысушыға
оның құқықтарына қатысты не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
ресiмделген сенiмхат негiзiнде оның өкіліне берiлуi мүмкiн.
Тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер:
1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына: прокурордың
санкциясымен олардың іс жүргізуіндегі қылмыстық істер бойынша;
2) соттарға: ұйғарым, қаулы негізінде олардың іс жүргізуіндегі істер
бойынша;
3) прокурорға: оның құзыреті шегінде тексеру ісін жүргізу туралы
қаулы негізінде оның қарауындағы материалдар бойынша;
4) атқарушылық іс жүргізу органдарына: сот орындаушысының
атқарушылық іс жүргізу органының мөрімен куәландырылған және прокурор
санкция берген қаулысы негізінде олардың іс жүргізуіндегі атқарушылық іс
жүргізу бойынша;
5) уәкілетті органға: оның сұрау салуы бойынша өз құзыреті шегінде
берілуге тиіс.

6-тарау. ТАУАР БИРЖАЛАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ

25-бап. Тауар биржаларының қызметін тексеру
Тауар биржаларының қызметін тексеру осы Заңға және Қазақстан
Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган жүзеге асыратын тауар биржаларының қызметін тексеру
жоспарлы және жоспардан тыс болуы мүмкін.
Тауар биржаларының қызметін жоспарлы тексеруді уәкілетті орган
жылына бір реттен жиі жүргізбейді.
Уәкілетті органның басшысы жыл сайын бекітетін уәкілетті
органның жұмыс жоспары жоспарлы тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады.
Жоспарда өздеріне қатысты тексерулер жүргізу көзделіп отырған тауар
биржаларының тізбесі және оларды жүргізу кезеңі қамтылуға тиіс.
Тауар биржаларының қызметіне уәкілетті органның жоспардан тыс
тексеру жүргізуіне:
1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері;
2) мемлекеттік органдардың ақпараты;
3) құқық қорғау органдарының хабарламалары;
4) бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары негіз болып
табылады.
Осы баптың 4-тармағында көзделген негіздер туындаған күннен бастап
күнтізбелік он күннен кешіктірмей, уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын
бұзушылық фактілеріне тексеру жүргізу туралы шешім қабылдайды;
2) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы
заңнамасын бұзушылық фактілеріне негіздер болмауына орай тексеру
жүргізуден бас тартады.

26-бап. Тауар биржаларының қызметіне тексеру жүргізудің
тәртібi
Тауар биржаларының қызметін тексеру уәкілетті органның тексеруді
тағайындау туралы актісі негізінде жүргізіледі. Тексеруді тағайындау туралы
актіде:
1) уәкілетті органның атауы;
2) тексеруді тағайындау туралы актінің шығарылған күні мен
тіркеу нөмірі;
3) тексеру жүргізуге уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған ретте), лауазымы;
4) салық төлеушінің – тауар биржасының атауы, орналасқан жері
және сәйкестендіру нөмірі;
5) тексеру түрі;
6) тағайындалған тексерудің нысанасы;
7) тексерудің басталған және аяқталған күні;
8) тексеруді тағайындаудың негіздемесі;
9) егер тауар биржалары қызметінің белгілі бір уақыт
кезеңіндегі құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайда тексерілетін кезең;
10) тауар биржаларының қызметіне тексеру жүргізудің негізгі
міндеттері мен мақсаттары көрсетіле отырып, тексеру бағдарламасы, тауар
биржаларының қызметін тексеру барысында анықталуға жататын мәселелер
тізбесі мен мән-жайлар шеңбері қамтылуға тиіс.
Уәкілетті органның тексеруді тағайындау туралы актісіне уәкілетті
органның басшысы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды және ол
уәкілетті органның мөрімен расталады.
Тексеруді тағайындау туралы акт Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен құқықтық статистика және арнайы есепке
алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын
мемлекеттік органда (бұдан әрі - құқықтық статистика органы) міндетті түрде
тіркеледі.
Тауар биржаларының қызметіне тексеру жүргізу кезінде уәкілетті
органның лауазымды адамы тауар биржасының басшысына немесе оны алмастыратын
адамға:

1) құқықтық статистика органында тіркелгені туралы белгі
қойылған тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куәлігін;
3) уәкілетті органның басшысы бекіткен тексеру жоспарын
көрсетуге міндетті.
Тексеруді тағайындау туралы актіні және қызметтік куәлікті көрсеткен
кезде тауар биржасының басшысы немесе оны алмастыратын адам уәкілетті
органның лауазымды адамын өздеріне тиесілі аумаққа немесе үй-жайға жіберуге
және тексерілетін тауар биржаларының лауазымды адамдарынан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биржалық қызмет бағдарлары және Қазақстандағы қор биржалары
Биржа ісін талдау
Тауар биржалары: мәні және даму жолдары
Қазақстанда қор биржасының дамуы
Тауар биржасы және оның нарықтық экономикадағы орны
Тауар биржасының қызметі
Қазақстанның биржа қорының қалыптасуы мен дамуы
Биржа саудасын ұйымдастыру және оның даму бағыттары
Қор биржасы және биржалық сауданы ұйымдастыру
Қор биржасы және биржадан тыс нарықтың ұйымдастырушылары
Пәндер