Өндірістің тұтынушысы кім


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Тарих және құқық факультеті
"Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті
дамыту жолдары"
Орындаған: 070240 "Экономика"(сала бойынша)
4 курс студенті Конкина Г. С.
Ғылыми жетекші: "Экономика" кафедрасының
аға оқытушысы Нұрқанов Ж. Қ.
Арқалық - 2005
К і р і с п е
Нарықтық экономика дамыған елдерде шағын және орта бизнес бұл елдердің ұлттық экономикасының маңызды бөлігі болып табылады. Әлемнің дамыған елдерінде капиталды орталықтандыру шағын бизнесінің кәсіпкерліктің күшті түрі екендігін көрсетті. Бұған көрініс болып ХХ ғасырдың 70 - жылдарының ортасында болған әлемдік экономикалық дағдарыс табылады. Содан бұл дағдарысты азғана шығындармен өтіп шыққан шағын және орташа фирмалар болды. Әлемнің барлық дамыған елдерінде нарықтық экономиканың пайда болуы және дамуы кіші және орташа кәсіпорындардан басталады, кейін олар ірі корпорацияларға айналды. Шынында американдықтардың айтуы бойынша ірі бизнес - экономиканың сүйегі, ал оның бұлшық еттері болып шағын бизнес табылады. Біздің ел үшін нарықтық инфрақұрылым пайда болу кезеңінде шағын және орта бизнестің маңызын бағалау өте қиын. Қазіргі кезеңде, ірі кәсіпорындар реанимациялық күйде болған жағдайда, ауыртпалықтың барлығы кіші және орташа бизнеске түседі. Бұл кәсіпорындар ішкі нарықты керекті тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз етуде. Бұдан басқа, ірі өндірістің қысқаруы, ірі кәсіпорындардың күйреуі мыңдаған адамдарды жұмыссыз қалдырды.
Шағын және орта бизнестің экономикадағы ролін және маңызын біле отырып, Қазақстан Республикасының басшылығы 1997 ж. маусым айында арнайы заңдар қабылдады: "шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы", "Жеке кәсіпкерлік туралы". Бұдан басқа Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2001 ж. 7 мамырында "2001-2002жж. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" жарлық шығарды.
Бұл бағдарламаның негізгі бөлігі болып 2002 ж. 1 қаңтарында енгізілген Салық Клдексі табылады. Алғашқы шағын бизнеске салық салу сферасы 1995 ж. 24 сәуірінде №2235 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында көрсетілген.
Қазақстан Республикасының заңшылығына сәйкес шағын бизнестің субъектілері болып заңды тұлға құрмай қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар және қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын, активтерінің жалпы сомасы 60 мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар табылады.
2002 жылы салықтарды есептеу мәлімделген табыс негізінде жүзеге асырылды. Өткен жылы және осы жылы қолданатын жалпы белгіленген салық салу тәртібінің салық жүктемесі бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған 24 жеке кәсіпкер бойынша жүргізілген мониторингке сай 2%-ға өсті. Келесідей салдар осыған себеп болды:
- тоқсанға орташа жылдық табысты көбейту, яғни кәсіпкердегі айналымның, кәсіпкерлік қызметдеңгейінің әрі қарай өсуінің және дамуының жоғарылауы;
- есепті кезеңде табыс болды ма немесе болмады ма, срған қарамастан жалдамалы жұмысшыларды және өзі үшін әлеуметтік салықтың тіркелген мөлшерлемесін пайдалану.
Оңтайлатылған декларацияны қолданатын кәсіпкерлер үшін салық жүктемесі деңгейінде елеулі өзгерістер пайда болды. 2002 жылдың 1 шілдесі бойынша 7044 жеке 2880-і, яғни 32, 4%-і оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданды.
2003 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген Қазақстан Республикасы Салық Кодексінде салық механизмі арқылы шағын бизнесті мемлекеттік қолдау саясаты алғашқы рет нақты түрде расталды. Бұл қолдаудың негізгі әдісі - шағын бизнес субъектілеріне арнайы салық режимін енгізу. Жаңа Салық Кодексінде салық жүктемесін төмендетудің механизмдері және түрлі әдістері қарастырылған, кәсіпкердің даму деңгейі ескеріледі, әрбір салық төлеушіге егжей- тегжейлі әзірленген бюджетке салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің түсуін жоғарылатуда мүмкіндік туғызатын салық салу режимін таңдаудағы еріктілік принципі әрекет етеді, салықтар мен алымдарды төлеуге адалдық қатынасты ынталандырады, шағын бизнес субъектілерінің дамуы, өсуі қамтамасыз етіледі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті:
- кәсіпкерліктің дамуының экономикалық мәні;
- шағын бизнестің даму стратегиясы;
- шағын бизнестің маркетингтік стратегиясының ерекшеліктері;
- Қазақстанның кәсіпорындарындағы маркетингті пайдалану ерекшеліктері.
- Қостанай облысындағы өнеркәсіп кәсіпорындарының экономикалық жағдайын талдау;
- Кәсіпкерліктің жаңа формаларын ынталандырудағы мемлекеттің ролі;
Сонымен Республикамыздағы шағын кәсіпкерліктің даму жолдарын тереңірек қарастырайық. Негізінен дипломдық жоба құрылымы кіріспе, негізгі үш бөлім, қорытынды және қосымшалардан тұрады.
I -бөлім. Кәсіпкерліктің дамуының теориялық негіздері
1. 1. Кәсіпкерліктің дамуының экономикалық мәні
Кәсіпкерлік туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725 -1730 жылдары Ричард Кантиллионның еңбектерінде баяндалды. Кейінгі 250 жыл шегінде кәсіпкерлік теория әр түрлі ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде дамытылды да, олар бірте - бірте кәсіпкерлік - бұл адамның тәуекел мен жаңартпаға деген бейімділігі ғана емес, қорыта келгенде жаңа кәсіпорын құруды білдіретін ұғым деген пікірге келді.
Алғашқыда "Кәсіпкерлік" термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің өзі тауарды өндіру мен өткізуде белгілі бір тәуекел мен жауапкершілікті өз мойнына алатын адаммен байланыстырылды. Мысалы, 1725 ж. Кантилман кәсіпкерлікті, өз мойнына тәуекелді алумен байланыстырды, сонымен қатар ол капитал салушы кәсіпкерлер мен өз еңбегін, ресурстарын қолданушыларды ажыратып отырды. Ол кәсіпкерді өзіне өзі жұмыс орнын жасайтын адам ретінде қарастырды. Адамды белгілі бір төлемақы, сыйақы үшін жұмыс істеу қанағаттандырмаса, ол өз ойларын жүзеге асыру жолдарын іздей бастайды, сөйте келе ол кәсіпкерге айналады. Кантиллионның пікірінше, кәсіпкерлердің басты ерекшелігі олардың тұрлаусыз жағдайларда жұмыс істеулері.
Кейінірек XVIII ғасырдың 2 -ші жартысында Квисней сияқты физиократтар кәсіпкерлік концепциясын кеңейте түсті. Олар Кантиллион сияқты кәсіпкерлерді тұрлаусыздық иелері деп санады, бірақ ілгері жылжы отырып, бұл анықтамаға өндіріс процесін және кәсіпкерлердің пайда табуы үшін белгілі экономикалық ресурстарға ие болу қажеттілігін де енгізді.
Басқа бір физиократ Николас Бауде өндірушілер мен фермерлер топтарының гүлденуі, олардың жаңалықтарға яғни, жаңартпа мен менеджментке деген бейімділіктеріне байланысты деп санады. Бауде еңбек өнімділігінің ұлғаюындағы ғылым мен технологияның маңыздылығына әрдайым ерекше көңіл аударып отырды. Ол кәсіпкер мен меншіктенушінің өзара айырмашылықтары бар деп ұйғарды. Меншіктенуші кәсіпкерді капиталмен қамтамасыз етеді, олар өз кезегінде бұл қаржы құралдарын шикізат алуға және жұмысшыларға еңбекақы төлеуге пайдалана отырып, тәуекелге барады.
1776 ж. Адам Смит өзінің "Халық байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу" атты еңбегін жазғанда, ол негізгі өндіріс факторларын бөліп көрсетті: жер, еңбек капитал, бірақ кәсіпкерлердің рөлі туралы айтылмады. Тек 1810 ж. Жан Батист Сэй алғаш рет кәсіпкерліктің рөлі мен мәнін негізгі өндіріс факторының бірі дәрежесіне дейін көтерді, ол индустриялдық төңкеріспен қатар кәсіби менеджменттік төңкерістің де сап ете қалатынын айтты.
Субьективті австралиялық экономикалық мектептің неізін салушы Карл Менджердің кәсіпкердің шешім қабылдау концепциясын жасауға қосқан үлесі аз емес. Ол белгілі бір тәуекелді мойнына алу, кәсіпкердің қызметінде үлкен рөл ойнамайтындығын сендірді. Тәуекелдер - өте сирек кездесетін және эпизодтық сипаты бар құбылыс. Менджер кәсіпкердің қажетті ресурстарды табу және өнімді өндіру түрін таңдау туралы шешім қабылдау процесінің 4 негізгі сатыларын жасады:
а) экономикалық жағдай туралы мәлімдер жинау;
б) экономикалық есеп (әртүрлі өндіріс әдістерінің ішінен анағұрлым тиімдісін талдау) ;
в) кәсіпорынның мақсаттарына ең көп сай келетін өнімді таңдау;
г) негізгі экономикалық нәтижелерге жету мақсатында өндіріс жоспарының орындалуын басқару.
Смит А. Халық байлығының табиғаты мен себептері туралы зертеу.
Альфред Маршалдың пікірінше, тек кәсіпкер ғана бизнестің табыстылығына байланысты толық жауапкершілік пен тәуекелді өз мойнына алады. Негізінен кәсіпкерлер бір жағынан өте мықты, бір жағынан әлсіз болуы мүмкін бірақ кәсіпкердің негізгі міндеті капитал мен еңбекті қозғалысқа келтіру, негізгі жоспар мен оны орындаудың егжей- тегжейлі шараларын дайындау болып табылады.
Орта ғасырлық менеджер тарихын зерттеуші Джозер Шумпетерді қазіргі заман кәсіпкерлігінің атасы деп жиі атайды. Өзінің ілімдерінде Шумпетер кәсіпкер бейнесінен жай бизнесті басқаратын менеджер рөліне алшақтаған. Кәсіпкердің мәні, бұл оның өндіріс күштерін жаңадан ұйымдастыруы, ұластыруы, ал олардың қозғалысы өз кездегінде өндіріс циклдарының тездетілуне немесе жалпы экономикалық өсімге алып келеді. Шумпетер кәсіпкердің өз қызметтерінде қолдануға болатын келесі бағыттарды анықтайды:
- Жаңа өнімдер және қызмет көрсетулер;
- Жаңа өндіріс әдістері;
- Жаңа өткізу нарықтары;
- Жаңа жабдықтау көздері;
- Жаңа ұйымдастыру түрі.
Д. Шумпетер кәсіпкерлерді жай алыпсатарлар мен инвесторларға қарағанда, әртүрлі бағыттар мен әрекеттерді байланыстыру арқылы жаңа бизнес құратын әлеуметтік экономикалық жаңашылдар деп атайды. Шумпетер кәсіпкерлік еңбектің ерекшелігі туралы, ойын саралай келіп, оның өндіріс-құралдары мен әртүрлі материалдардың жай ғана жинақталуынан тұрмайтындығын, ол тауар мен қызмет көрсетудің жаңа түрлерін, өндірудің жаңа әдісін, жаңа өткізу нарығын, жабдықтаудың жаңа көздерін және ұйымдастырудың жаңа түрін іздеп, енгізу арқылы оларды тиімді қолданудан тұратындығын атап көрсетті. Сонымен қатар олар өз еңбегімен, осы уақытқа дейін теңдесі болмаған пайда табады және ол кәсіпкерлік пайда деп аталады.
Франк Найт (1921) кәсіпкерлік қызметінің өте маңызды белгісі - тұрлаусыздық жағдайында жұмыс істеу екендігіне ерекше көңіл аударады. Найт пікірі бойынша, кәсіпкер әртүрлі мүмкін болатын кедергілерді батыл жеңіп шығатын, өзінің көзқарасын әрдайым қорғай алатын адам. Кәсіпкер кәсіпорынның пайдасын ұлғайту мақсатында, көз жеткізген тәуекелге өзінің капиталы мен баруға дайын болуы керек.
Қазіргі заманғы авторлардың ұстанымдарын қарастырсақ Давид Минкеланд (1961) кәсіпкерге мынадай сипаттама береді:
● Дәлелденген тәуекелдерге бара білу;
● Жігерлік және іскерлік белсенділік;
● Жеке, дербес жауапкершілік;
● Қабылданатын шешімдердің салдарын білу;
● Қабылданған шешімдер нәтижесінің белгісі ретіндегі пайда;
● Болашақта қоршаған ортада болатын өзгерістерді болжай білу;
● Ұйымдастыру шеберлігі.
Питер Друкер (1964) алғашқылардың бірі болып, кәсіпорындарды ұйымдастыруға арналған мүмкіндік ұғымын енгізді. Жаңа кәсіпорын құру үшін қолайлы мүмкіндіктерге ие болу керек.
Харви Либенстейн (1978) кәсіпкерлік белсенділіктің 2 түрін атайды: қызметтің 1 - ші түрі менеджментке тән ескішілдікке негізделген күнделікті операцияларды орындаумен байланысты, екінші түрі - жаңартпашылық. Қызметтің 1 - ші түрі нарықтық ортада жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды басқаруды білдіреді. Жаңартпашылық қызмет - жаңа нарықтар жағдайында жұмыс істеу, қызмет көрсету мен өнімнің жаңа түрлерін өндіру. Кәсіпкер әртүрлі нарық жағдайында тиімді жұмыс істей білуі керек.
Шет елдік теорияда және практикада кәсіпкерлік қолда бар қаржы, материал және еңбек қорларын игеру базасында қызмет көрсету немесе өнімге деген белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыратын жаңа бизнесті құру процесі ретінде қарастырылады. Кәсіпкерліктің көрсетілген анықтамаларын талдай отырып, біздің көзқарасымыз бойынша кәсіпкерліктің келесі анықтамасын бөліп көрсетейік. Кәсіпкерлік - жаңа кәсіпорынды құрумен немесе белгілі бір дәрежедегі тәуекелділігі бар қазіргі кәсіпорынды дамытумен байланысты жаңартпашылық қызмет. Кәсіпкерлік экономикасының дамуына үлкен үлес қосады, себебі осы қызметтің арқасында жаңа жұмыс орындары пайда болып, техника мен технология дамиды, жаңа өндіріс және қызмет көрсету салалары қалыптасады.
Кәсіпкерлікті тек жаңа бизнестің басталуымен жиі байланыстырады. Шындығында, кәсіпкерлік қызмет саласы әлдеқайда кең. Бүгінгі фирмаларда өндіріс көлемін ұлғайтуға, фирма қызметінің географиясын кеңейтуге, фирманың дамуына жаңа күш беруге немесе жәй фирманың өмір сүру қабілеттілігін қолдануға және тақырға отырудан құтылуға деген қажеттіліктер жиі туындайды. Кәсіпкерлік қызметтің бұл элементтердің бюджеттік, былайша айтқанда пайдасыз деп аталатын ұйымдарға да байланысты айтуға болады (сур. 1. 1. )
Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90 - жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, "комсомолдық" кәсіпкерлік басталды, көптеген белсенді жас адамдар негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми - техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайында дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай - ақ қажетті, былайша айтқанда бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша "қымбат" алынып "арзан" қайтарылды. 1988 ж. "Кооперация туралы заң" қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988 -1991 жылдары жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды бірыңғай ырықтандырады. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекетікі болып қала бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар бірнеше дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.
ҚР - сы 1991 ж. тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы (1991), "Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы" (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болады. 1994 жылдың басында - ақ жеке кәсіпорындар саны 15, 7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01. 10. 1998 ж. шағын. Кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1, 2 млн. адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметінің негізгі 3 саласының ішінен 1 - ші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты. Соңғы жылдары ҚР Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы №3398 "Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы жарлығы кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш береді.
Кәсіпкерлік процесті қозғалысқа келтіретін іргелі күштерге 1-ші кезекте, фирманы құрушы және негізгін салушы болып табылатын кәсіпкердің өзі, бизнесті жүзеге асыруға қолайлы мүмкіндік пен қажетті қор жатады.
Тағы да ескеретін маңызды фактор, ол - кәсіпорынның болжамсыздықтан, қарама - қарсылықпен және тұрақсыздықпен сипатталатын нақты әлемде өмір сүруі. Сондықтан кәсіпкерлік процесс - бұл технологиядағы, маркетингтегі, менеджменттегі әрдайым болып жататын өзгерістер процесі. Кәсіпкер - бастамашыл негізде, толық экономикалық жауапкершіліктен қорықпай тәуеклге баратын және келешекте табыс әкелетіндей етіп басқа өндіріс факторын ұтымды түрде біріктіруге қабілетті ұдайы өндірістің субъективті факторы.
Қазіргі нарықтың қиын жағдайында, жақсы жинақталған жоғары білікті командасы бар фирмалар, кәсіпкері жеке жұмыс істейтін фирмаларға қарағанда бәсекеге анағұрлым қабілетті болып табылады. Менеджерлер командасына келесі анықтаманы беруге болады. Менеджлер командасы деп тек қоларды таба алатын ғана емес сондай-ақ . оны тиімді пайдалана алатын, бәсекелік күрестегі өзгерістерге тез жауап беруге қабілетті, мақсаты тек кәсіпорынды дамыту және тиімді өндіріспен қамтамасыз ету болып табылатын жоғары білікті мамандар тобын айтамыз.
Қазіргі заманғы теорияларда кәсіпкерліктің 7 концепциясы бөліп көрсетіледі, олардың әрқайсысы өз алдына мектеп болып табылады. Оларға жататындар:
- Кәсіпкерліктің жеке тұлғалық қасиеттерді бағалау ұстанымындағы мектебі;
- Кәсіпкеліктің психологиялық мектебі;
- Кәсікерліктің классикалық мектебі;
- Кәсіпкерліктің жетекші ұстанымындағы мектебі;
- Кәсіпкерліктің ішк мектебі;
- Кәсіпкерліктің маркстік ұстанымдағы мектебі;
- Кәсіпкерліктің менеджметтік ұстанымдағы мектебі.
Кәсіпорынның дамуының әртүрлі сатылары: бастама, бизнестің пайда болуы, кемелдену мен өсу сатылары, кәсіпкердің мінез - құлқы мен қасиеттеріне әртүрлі талап қояды. Әртүрлі мектептерге сәйкес кәсіпорынның әрбір даму кезеңдерінде кәсіпкерлікке қажетті мінез - құлықтар мен қабілеттерге сипаттама беріп кетейік.
Кәсіпкерліктің жеке тұлғалық қасиеттерін бағалау ұстанымдағы мектеп. Кәсіпкерліктің осы мектебіне сәйкесті кәсіпкерлер тиісті шешім қабылдауға және бизнесті іске асырау мүмкіндіктерін табуда сезімдік қабілеттерге ие болады. Басқа мектептің өкілдері нарықты болжау мен талдауға айырықша көңіл бөлсе, кәсіпкерліктің жеке тұлғалық қасиеттері ұстанымдағы кәсіпкердің табиғи сезіміне ерекше көңіл аударады. Бұл мектепке сәйкес, табысты кәсіпкер тәуелсіздік пен жетістікке ұмтылады және жұмыс істеу қабілеттілігі мен табандылығы жоғарғы дәрежеде болады, тек қана өз қабілетіне сенеді.
Кәсіпкерліктің психологиялық мектебі. Ол кәсіпкерлерді жұмысқа және өмірге деген өте сирек кездесетін көзқарастар мен құндлықтарға ие деп санайды. Психологиялық мектепте жеке қасиет ұстанымындағы кәсіпкерлік мектеп сияқты кәсіпкер басқалардан айрықшаланатын айқын белгілермен сипатталады деп санайды. Жоғарыда атап өткен мектепке қарағанда психологиялық мектеп кәсіпкер қасиеттерінің 3 тобын бөліп көрсетеді:
- Көзқарастар мен құндылықтардың жеке тұлғалық жүйесі. Оларға адалдық, жауапкершілік және әдепті тәртіп жатады.
- Тәуекелге бейімділік
- Жетістіктерге деген құштарлық.
Кәсіпкерліктің классикалық мектеп ілімдері, кәсіпкерлік процесінің құрамы жаңартпашылық және жасампаздық қызметінен тұрады, сондай - ақ кәсіпкердің өз кәсіпорны меншіктенушісі болуы міндетті емес деп санаған Шумпетер ілімімен үндеседі. Классикалық мектеп бойынша тәуекел элементтері бар жаңартпашылық пен жасампаздық қызметі кәсіпорынды құру кезеңінде әрі жұмыс істеу кезеңіндегі кәсіпкерлік қызметтің негізгі шешуші факторы болып табылады. Сондықтан көптеген ғалымдардың пікірінше жаңартпашылыққа бұл субъективті табиғи фактор болып табылады. Өйткені жаңа енгізуге жасауға бейім адамдар жаңартпашылық қызметті көбінесе қоғамның дамуына үлкен үлес қоса отырып, өздерінің жаңартпашылық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен жүзеге асырады.
Кәсіпкерліктің жетекшілік ұстанымындағы мектебіне сәйкесті, кәсіпкер белгілі мақсаттарға жету мақсатымен басқаларға әсер ете алатын жетекші болып табылады. Кәсіпкер ең алдымен мүмкін болатын даму келешегін басқалардан жақсырақ көрінетін және өзінің стратегиялық жоспарын іске асыру үшін басқаларды соңынан ерттіріп, қызықтыра алатын жетекші болуы керек. Бұл мектеп шеңберінде 2 ағыс бар. 1 - ші ағыстың ауырлығы кәсіпкерліктің жеке тұлғалық тұрғысындағы мекиепке түседі және кәсіпкердің бәсекелік жағдайға бейімделу мүмкіндігі, қарым- қатынас жасау, іскерлілік жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын болуы сияқты белгілі қасиеттер мен мінез - құлық ерекшеліктеріне ие болуы қажеттілігі көзқарасын қолдайды. Осы мектептің 2 - ші бағыты келесі сұрақтарға жауап табуға тырысады.
● Жетекші - кәсіпкер нақты орындаушылар үшін мақсаттар мен тапсырмаларды қалай қалыптастырады және оның іске асырылуына қалай қол жеткізеді?
● Тапсырманың орындалуына кәсіпкер жетекші қалай жағдай жасайды?
Бұл мектеп концепциясының негізінде ұжым ішінде белгілі бір жағдай жасау арқылы адам ресурстарын басқаруда жатыр.
Басқа мектептерге қарағанда кәсіпкерліктің ішкі мектебі ірі кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігі мен жаңартпашылық белсенділіктерінің төмендеуіне жауап ретінде пайда болды. "Ішкі" деп аталатын кәсіпкерлер ұйым ішінде әрекет ету еркіндігін алады. Бизнестегі ашылып келе жатқан жаңа мүмкіндіктерге қабілетті болу бұл ішкі кәсіпкерлік сипаттамаларының бірі болып табылады. Мұндай көзқарас қазіргі уақыттағы ұйымдардың әрі қарай дамып, өз қызметін басқа салалар мен аймақтарға әр тараптандыруына мүмкіндік береді. Ішкі кәсіпкерлік тәуелсіз, құрылымдық бірліктерге өздерінің өткізу нарықтарын табуға, қызмет көрсету, технология және өндіріс әдістері саласындағы жаңа енгізілімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кәсіпкерліктің ішкі мектеп қазіргі ұйымдарда жаңа енгізілімдер, жекелеген жұмысшылардың автономдық құрылымдық бірліктерде кәсіпкер ретінде жұмыс істеулеріне мүмкіндік беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін деп ұйғаруда.
Ішкі кәсіпкерлік белсенділік бірнеше бағытта іске асырылуы мүмкін, соның ішінде фирма стратегиясын өзгерту; ұйымды дамыту; өнімді дамыту; қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін жоғарлату . Фирма стратегиясын өзгерту үшін нарық мәселелері мен менеджерлердің негізгі құрамын тарту қажет. Ұйымның дамуы өнімдерді басқа аймақтарға тарату жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Өнімнің дамуы бұл өнімді жетілдіру мен жасау технологиясын жақсы меңгерген адамдар күшімен дайындалып, енгізілетін жаңа өнімдерді жасау мен қазіргі қолда бар өнімдердің жетілдіруін білдіреді. Соңғы стратегия көрсетілетін қызметтердің сапасы мен тиімділігін жақсартуға бағытталған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz