Меншік құқығының тармақтары


Жоспар.
І. Кіріспе. Қазақстан Республикасындағы меншік құқығы.
ІІ. Негізгі бөлім. Меншік құқығының тармақтары:
А:Көздері мен обьектілері
Б:Меншік құқығына ие болу, оны шектеу және қорғау.
ІІІ. Қорытынды. Біз меншік құқығын қолдаймыз.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Алексеев С. С. Теория права. 1994.
2. Мейер Д. И. Русское гражданское право.
3. Тихомиров Ю. М. Юридическая энциклопедия.
4. Алексеев С. С. Гражданский кодекс.
5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі(жалпы бөлім Алматы 1995)
6. Сулейменов М. К. Владение как вещное право по Казахстан. «Әділет»1988.
7. Беляцкий С. А. Частное право в основных принципах. Курс гражданского права.
8. Юридическая газета. 1998 №38.
9. Право и собственность. Алматы. 1998.
Меншік құқығы, меншіктің өзі сияқты қоғамдық өмірде негізгі орынның бірін алады. Тарихи дамуда қай кезеңді алып қарайтын болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Меншік ұғымын екі мағынада түсінуіміз қажет. Біріншіден экономикалық категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал жабдықтарымен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Меншік-базистік сипаттағы экономикалық санат. Экономикалық қатынастардың дамуына, қоғам өміріне араласуына тікелей ықпал етіп отырған біздің экономикалық заңдарымыз. Алдыға қойған мақсатқа жету үшін екі бағытты ұстанамыз. Біріншісі-меншік құқығы туралы неғұрлым жалпы нормативтік және доктриналық ережелерді ағылшын-саксон және роман-герман құқық жүйесінде қарастыру. Бүгінгі таңда құқықтың дамыған екі түрі:нормативтік-соттық және нормативтік-заңнамалық құқық екені белгілі. Құқықты елдерде меншік құқығы нақты мүлікпен және дербес мүлікпен байланысты негізгі заңды-техникалық дихотомия төңірегінде болатыны айтарлықтай мәнге ие.
У. Маттеидің пікірінше құрлықтық құқық үшін меншік құқығын нормативтік реттеуден бөлек жалпы заңдылықтары бар. Меншік иесі құқығы күшінің шектелген саны белгілі бір ауқымнан шықпауға және бақыланбауға тиіс болды, ал меншік иесінің меншікке қатысты құқығы болса, тар ауқымда қатаң түрде шектеліп отырды. Екіншіден, меншік жеке бастың еркіндігі ұғымынан туындайтын табиғи құқықты «байланыстырғыш» ретінде байқады. Жеке адамның меншікке егемендігі мемлекеттің өктемдігіне қарсы неғұрлым тиімді тосқауыл ретінде қарастырылды.
Азаматтық кодекстің 188-ші бабында анықталғандай, меншік құқығы дегеніміз субьектінің заң құжаттары арқылы танылатын, қорғалатын және тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану, оған билік ету құқығы.
Иелену құқығы дегеніміз:мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету, яғни айтқанда тұлғаның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізудің мүмкіншілігі. Мысалы азамат ұзақ командировкаға кеткенімен өз мүлкінің меншік иесі болып қала береді. ол мүлікке басқа біреудің қол сұғуға құқығы жоқ. Бірақ,
мүлікті иелену құқығы басқа субьектіге берілуі де ықтимал. Мысалы:жалға беру т. б шарттары. Азаматтық заңдарында көрсетілгендей иелену заңды, заңсыз, адал және арам ниетті де болуы мүмкін.
Пайдалану құқығы дегеніміз:мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу өзге нысандарда көрінуі мүмкін. Меншік иесі пайдалану құқығын басқа біреуге берместен бұрын ол субьектіні мүлікті иеленуге беруі тиіс, өйткені субьектіде иелену мүмкіншілігі болмаса, пайдалану құқығы мүлдем болмауы ықтимал.
Билік ету құқығы дегеніміз:мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы меншік иесінің өз мүлкіне байланысты кез-келген заңға қайшы келмейтін әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіншілік береді. Мысалы: сату, айырбастау, сыйға беру, жойып жіберу т. б.
Қазіргі Конституциямызға сәйкес меншіктің төмендегідей нысандары бар:жеке және мемлекетті.
Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде анықталады. Азаматтарға байланысты жеке меншіктің ұғымы түсінікті болса, мемлекетті емес заңды тұлғалардың меншік құқығын анықтау үшін заңды тұлғалардың ұйымдастыру-құқықтық нысандарына көз жүгіртуіміз қажет.
Республика аумағындағы мемлекеттік меншік құқығының субьектісі Қазақстан Республикасы болып табылады. Мемлекетті
мүлікті иелену, пайдалану, билік ету құқығын жүзеге асыру Қазақстан Республикасы атынан белгіленген тәртіптер бойынша Парламентке жүктелген. Ол бұл құқықтарды Үкіметке беруі мүмкін. Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып екіге бөлінеді.
Республикалық меншік республикалық қазынадан және заң құжаттарынаи сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Республикалық бюджет қаражаты, алтын-валюта қоры мен алмас қоры тек қана мемлекеттік меншік обьектілері және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасының қазынасын құрайды. Сонымен қатар, Республика қазынасының қатарына жер, оның қойнауы, су, өсімдік,
және жануарлар дүниесі басқа да табиғи ресурстар жатады.
Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Жергілікті бюджет қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналды мүлік жергілікті қазынаны құрайды.
Меншік қатынастары құқықтың әртүрлі салаларының нормаларымен реттеледі. Азаматтық-құқықтық реттеу нормативтік реттеу жүйесінде басты орынның бірін алады. У. Маттеи қазіргі құқықта қолданыстағы құқық тәртібінің мызғымастан, негізгі заңдар мәтініне меншік қатынастарын реттейтін және құқықтық нормалар иерархиясында құқықтың басқа көздеріне қарағанда жоғары деңгейде орналасатын арнайы ережелерді енгізу арқылы қол жететінін пайымдайды. Осы конституциялық ережелер қоғамның басты тарамды преференциясын ашады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі мен оның негізгі институты-меншік құқығы сүйенетін көздердің типологиясына басқа да көзқарас бар . Солардың екеуін мысалға келтірсем деймін.
К. Осакве Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстеріне салыстырмалы зерттеу жүргізе отырып, аталмыш елдердің кодекстері ережелерінің негізін құрайтын бірнеше басты ағымдар бар екенін айтады. РФ АК-не қатысты К. Осакве ықпал ететін бес көзді айтады:КСР одағы мен республикалардың 1991 жылғы азаматтық заңдарының негіздері :Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы республикалары үшін үлгілік азаматтық ; 1964 жылғы РКФСР Азаматтық кодексі; Франция мен Алманияның азаматтық және коммерциялық кодекстері; Америка Құрама Штаттарының Бірыңғай сауда кодексі, 1993 жылғы ресейлік Конституция. ҚР АК көздері ретінде К. Осакве 1964 жылғы РКФСР АК мен 1993 жылғы РФ конституцмясынан басқа Ресейге қатысты айтылғандарды атайды, ал өзге үш көз ҚР АК құрылымы мен мазмұнына тікелей ықпал етті. ҚР АК-не ықпал етуші төртінші көзге зерттеуші 1994 жылғы РФ АК қарастырып, ол тікелей әсер етті деп санайды. Біздіңше, нормативті актілерді ҚР АК-нің көзі ретінде, оған сәйкес оның негізгі институты-меншік құқығын алып тастауы дұрыс емес, өйткені олардың әрқайсысы жоғары заң күші бола отырып, белгілі бір дәрежеде меншік туралы нормативтік ережелергежәне республиканың Азаматтық кодексіне қатты ықпал етуде.
Қазақстандағы меншік қатынасының жетекші зерттеушісі, ҚР АК басты жасаушыларының бірі М. Сүлейменов меншік құқығы көздері ретінде, аталғандардан өзге кейінгі түзетулері мен толықтырулары бар Қазақ КСР өзін-өзі қаржыландыруы тұжырымдамасын, 1990 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақ КСР «Қазақ КСР-індегі меншік туралы»Заңын атап, ҚР АК меншік туралы ережелеріне 1993 және 1995 жылдардағы ҚР Конституцияларының ықпалын зерттеуді айтады. Оған қоса, ҚР АК-не цивилистік заңдар мен Нидерландық Азаматтық кодексінің, ТМД үлгілік кодексінің және меншік құқығы саласындағы кеңестен кейінгі доктриналарының белгілі бір деңгейдегі ықпалы аталады.
Меншік құқығы обьектісі түсінігінің маңызы үлкен. Бірақ, меншік құқығы мен өзге де заттық құқық обьектісіне не жатады деген жай сұраққа жауап беру оңай емесКөптеген заңгер ғалымдар осы тізімді тым созуға құмар, олар осы түсінікті затқа қоса, азаматтық қатынастардың мүліктік құқық, материялдық емес обьектілері т. б түрлеріне таңады. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімінің қабылдануы меншік құқығы обьектілерінің проблемасын ішінара ғана шешті.
Жалпы құқық және азаматтық құқық обьектілері тиісті құқық қатынасы бағытталған нысан болып табылады. ҚР АК-нің 115 бабынаң 1 тармағы азаматтық құқық обьектілеріне заттық және жеке заттық емес игілік пен құқықты атайды. -нің 115 бабынаң 1 тармағы азаматтық құқық обьектілеріне заттық және жеке заттық емес игілік пен құқықты атайды.
Меншік құқығы обьектілері мәселесіне В. А Дозорцев қатаң бағыт ұстанып, азаматтық құқық обьектілерімен меншік құқығы обьектілерін айқын бөлу қажеттігін айтты. Осы категориялар Азаматтық кодекстің әр тарауында көрсетілген. Автор азаматтық құқық обьектілерінің барлығы меншік құқығы обьектісі бола алмайды деп санайды. Меншік құқығы обьектілеріне тек қана заттар жатады. Басқа да көзқарас бар . Д. В Мурзин Ресей Федерациясының қолданыстағы азаматтық заңнамасын талдай келіп, Ресейдегі тараған «заттанған»меншік тұжырымдамасын бүгінде қайта қараудың қажеттігіне тұжырым жасап, заттық құқық нормаларымен реттелетін субьективтік міндеттемелік құқық ретінде қабылданатын заттың денелік емес түсінігін ұсынады.
«Заттанған меншік»тұжырымдамасы өзекті болып отыр, әрі құрлықтық құқық, әсіресе оның германдық тармағы үшін дәстүрлі, сол себепті қазіргі кезде оны қайта қараудың айта қаларлықтай заңды негізі жоқ. Қайта керісінше, Қазақстан Республикасының қазіргі ахуалында қолдану үшін оны жасаумен және жетілдірумен шын мәнінде айналысу қажет. Өйткені, азаматтық құқықтың меншік құқығымен бірге, бірнеше абсолют субьективтік азаматтық құқығының конструкциясы бар, оған негізгі сипаты авторлық құқық обьектісінің материалдық емес табиғатымен ерекшеленетін өзінің құқықтық әлпісі тән. Демек, қайсыбір нәрсенің материалдық негізі меншік құқығы обьектісі түсінігінің маңызды белгісін құрайды. Осы жағдайда кез келген материалдық нәрсенің, әдетте, сыртқы қабықшасы, белгілі пішіні болады да, оны иеленуге мүмкіндік беріді. Осылайша, зат ретінде заң жүзінде дене пішіні танылып, соның нәтижесінде өзінің сыртқы бейнесіне ие болатын және иеленушіге белгілі бір мүліктік мүдде тудыратын материалдық дүниенің нәрсесі деп қарастыру қажет. ҚР Азаматтық кодексінің жалпы бөлімінде заттардың бірнеше заңды жіктелуі бар.
Меншік құқығына ие болу әдісінің меншіктенушіде құқық пен міндеттеме пайда болған кезден уақыт бойынша белгілеу үшін шешуші маңызы бар.
У. Маттеи әртүрлі құқық жүйелерінің меншік құқығын беру мәселесіне кірісуі бір-біріне мүлдем қарама-қарсы тұрған екі мүддеге баланс табу талпынысымен байқалатынын көрсетеді . Бір жағынан меншік құқығын беру қажеттілігін барынша оңайлату, арзандату және қарапайымдату арқылы мүліктік айналымды кемелдендіре отырып, ең ақырында рыноктың гүлденуін көздейді. Екінші жағынан, мына екі себепке байланысты меншік құқығын беруге бақылауды жүзеге асыру:а) Мүліктік құқықты беру оларды тасушылардың еркі бойынша кепілді түрде болуы (ә) қоғамның дабылдық жүйесінің дұрыс қызмет етуі, ақпарат өте дәл болып, үшінші тұлғалар мүліктің нақты меншіктенушісіне сенетіндей болуы қажет.
ҚР Азаматтық кодексінде меншік құқығына ие болуға 235-248 баптар арналған. 235 бап меншік құқығына ие болу негіздерін тағайындайды :1) жаңа затқа меншік құқығы оны дайындаған
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz