Орталық атқарушы органдар


Жоспар
КІРІСПЕ
1 БИЛІК БӨЛІНІСІ ТЕОРИЯСЫ: ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢ
1. 1 Билік ұғымының тұжырымдары
1. 2 Биліктің заңдылықтары, жариялығы, топтастырылуы, бөлу теориялары, концепциялары мен негізгі ресурс көздері
1. 3 Мемлекеттік билікті бөлу теориясы
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ АТҚАРУШЫ ОРГАНЫ
2. 1 Атқарушы билік, биліктің бөліну ұстанымдары және белгілері
2. 2 Орталық атқарушы органдар
2. 3 Жергілікті атқарушы органдар
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АТҚАРУШЫ БИЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ
3. 1 Үкіметтің құзыреті және үкіметтің қызметін ұйымдастыру
3. 2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сот билігі
Қорытынды
Пайдаланған Әдебиеттер
3
5
5
7
9
14
14
18
19
21
21
22
25
27
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Биліктің бөліну қағидаларының тамыр тартқан тереңі мен даму, жалғасу жолдары - қазіргі құқықтану ғылымының, оның ішінде мемлекет және құқық теориясының үлкен де күрделі, маңызды да мәнді мәселелерінің бірі.
Қазақстан Республикасында биліктің атқарушы тармағын Үкімет, министрлік, жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Алайда басқарудың күрделі нысандары ықпал етудің кешенді әдістерін талап ететіндіктен, оған заңды тұрғыда өзге де органдар кіреді. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады және атқарушы органдардың жүйесін басқарып, олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет басшысы Премьердің кандидатурасын Парламент депутаттарының жалпы санының көпшілігінің мақұлдауымен Президент тағайындайды. Үкіметтің жеке құрамын Премьер-Министрдің ұсынуымен Президент тағайындайды [1] .
Біз бұл еңбегімізде биліктің бөліну қағидаларының түсінігін, түрлерін ресейлік және қазақстандық ғалымдардың зерттеулері мен ой-пікірлерін қолдана отырып ашық көрсетуге тырыстық. Бұл жөніндегі еңбектерден Ғ. Сапарғалиевтың «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығын» [2], А. М. Барнашевтың «Теория разделения властей. Становление, развитие, применение» [3] - деп аталатын әдебиетін, А. А. Гарановтың «Парламент и законодательная власть Казахстана» монографиясын [4], тағы басқа бір қатар еңбектерді атар едік.
Біз осы еңбекті жазарда алдымызға еңселі мақсат қойдық. Ол халық игілігі аталатын мемлекеттің билік органдарын жинақталған материалдар мен өзіміздің түйген ой-пікірлерімізді жүйелеп, саралап, тереңірек зерттеу.
Қазақстан Республикасындағы биліктің бөліну қағидалары туралы бір ауыз сөз айтып, мақала жазбаған ғалымдар, заңгерлер, студенттер кемде-кем. Соған қарамастан биліктің бөліну қағидалары әлі толық зерттеліп болған жоқ.
Атқарушы билік - заңдардың орындалуын, олардың құқықтық нормаларын өмірге енгізумен, мемлекеттік органдардың тоқтаусыз қызметін қамтамасыз ету, адамның құқықтары мен бостандыңтарын қорғау, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау үшін белгіленген мемлекеттік биліктің тіршілігін көрсететін абстрактілі саяси-құқықтық категория. Аталған атқарушы билік функцияларын жүзеге асыру, басқарушылық әрекет және басқарушылық шешімдерді қабылдауды істеудің нәтижесі болып саналады. «Мемлекеттік басқару» термині тәжірибелік ұйымдастырушылық-құқықтық мағынаға ие. Мемлекеттік басқару - бұл атқарушы билікті жүзеге асыру нысаны, яғни атқарушы билікті (оны атқарушы-әкімдік қызмет деп атауға болады) жүзеге асыру қызметі. Мемлекеттік басқару - бұл мемлекет механизмі жұмысының берік және үйлесімділігін қамтамасыз ететін мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік басқарудың қажетті белгісі болып, норма шығармашылық, биліктік құзыретті және мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын іске асыру және т. б. саналады.
«Атқарушы билік» терминінің ұғымы «мемлекеттік басқару» ұғымының терминіне қарағанда тым тар, өйткені атқарушы билік мемлекеттік басқарудан туындайды; оның қызмет тиімділігі мемлекеттік басқару жүйесін ұйымдастыру деңгейіне тікелей байланысты. Сонымен бірге атқарушы билік мемлекеттік-басқарушылық қызмет процесінде іске асырылатын биліктік құзыреттердің көлемі мен сипатын анықтайды. Атқарушы билік органдары мемлекеттік басқару құрылымының ұйымдастырушылық базасын құрайды және әр түрлі қоғамдың процестерге, адамдардың мінез-құлқына және қызметіне нақты басқарушылық әсер етеді. Атқарушы билік басқару нысанында және басқарушылық рәсімдер көмегімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік басқару белгіленген шекте басқа да билік органдарымен жүзеге асырылады. Заң шығарушы және сот билігі органдары өздеріне тән функциялар мен құзыреттерді іске асыра отырып, мемлекеттік басқаруды пайдаланады [4] .
Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасының атқарушы билігінің түсінігін ашып, түрлерін айқындап, жан-жақты тану. Қойылған мақсатқа орай келесі міндеттерді шешуді жөн көрдім:
- билік ұғымының тұжырымдарын қарастыру;
- биліктің заңдылықтары, жариялығы, топтастырылуы, бөлу теориялары, концепциялары мен негізгі ресурс көздерін анықтау;
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің атқарушы органы туралы жалпы түсінік беру;
- атқарушы билік, биліктің бөліну ұстанымдары және белгілері туралы ақпарат топтастыру;
- орталық атқарушы органдар мен жергілікті атқарушы органдарды қарастыру;
- Қазақстан Республикасында атқарушы билік субъектілерін анықтау;
- Үкіметтің құзыреті және үкіметтің қызметіне анықтама беру;
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сот билігіне тоқталу.
Курстық жұмыстың құрылымы. Біздің бұл еңбегіміз «Қазақстан Республикасының атқарушы билігі» деген тақырыпта өрбіп отырғандықтан әңгіме өзегі - Қазақстан Республикасының биліктің бөліну қағидалары, оның ішінде атқарушы биліктің қағидаларын толық, әрі жан-жақты қарастырдық.
Курстық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 БИЛІК БӨЛІНІСІ ТЕОРИЯСЫ: ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢ
1. 1 Билік - жалпы әлеуметтік категория
Биліктің бөліну қағидаларын толыққанды талқылау үшін алдымен билікті жалпы әлеуметтік категория ретінде қарастырып, мазмұнын, мағынасын ашып алуымыз қажет.
Билік болып қоғамда белгілі бір субъектінің (жеке тұлғаның, ұжымның, ұйымның) екінші бір субъектіге (жеке тұлғаға, ұжымға, ұйымға) бағынып, яғни сол субъектінің мүддесіне, еркіне бағынып, мінез-құлық дәріптеуі танылады.
Адамзат баласы өмір сүріп отырған қоғамда биліктің көптеген түрлері тараған. Атап айтар болсақ: ру, тайпа билігі, экономикалық билік, қоғамдық ұйымдардың билігі, ата-аналық билік, діни ағымдағы билік, осылардың арасында ерекше орын алатын, қоғамға кең тараған, қазіргі біздің мемлекетіміздің қадасын қағып, керегесін кеңейтіп отырған, осы еңбегіміздің басты тақырыбының іргетасы болып отырған билік - саяси (мемлекеттік) билік.
Осы аталған саяси билік негізгі заңдық мағынада мемлекеттік билік болып түсіндіріледі және мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асырылады.
К. Маркс «мемлекеттік билікті жүзеге асыратын мемлекет пен оның әр-түрлі органдары азаматтық қоғамның саяси тірегі болып табылады» деп пікір айтқан. Бұдан шығатын қорытынды мынадай: мемлекеттік билік - тікелей мемлекетпен жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың өкілеттігі мен қолдауы бойынша жүргізілетін, мемлекетпен белгілі бір әрекеттілік берілген немесе санкцияланған қоғамдық биліктің айрықша нысаны.
Биліктің маңызды белгісінің бірі - күш. Себебі, әр мемлекетте билік әр-қилы жағынан көрініс табады, мысалы бір мемлекетте мемлекеттік билік мемлекет тарапынан тікелей зорлыққа бағытталса, екіншісінде - жасырын мәжбірлеуге ие, сондай-ақ үшіншісінде ұйымдастырушылық қызметке ие. 2
Билік күші физикалық күш, қару-жарық күші (дубина, қару, атом бомбасы) немесе бедел, ақыл-ой күші болуы мүмкін. Енді осы билік жайында ежелгі ойшыл - ақылмандардың пікірлерін, ұстанған қағидаларын, бағыт-бағдарларын толғап өтсек. Ежелгі ақылман Никколо Макиавелли өзінің «Тақсыр» атты кітабында: «Билік иесі елді әр-түрлі тәсілмен басқарады. Бірі - қабылдаған заң жолымен, екіншісі- күш қолдану арқылы. Алғашқысы адамға, кейінгісі айуанға тән. Елде тәртіп орнатайын десе, билік иесі осы екі тәсілді де тең ұстағаны абзал, түсінігі молдарға заңды құрметтеуді үйрет, көнбегендерге амал жоқ, күш қолдан.
Өз бойыңа арыстан мен түлкінің мінезін қалыптастыр. Арыстан-айбатты, түлкі-айлакер. Мұның бірін сыртқы, екіншісін ішкі жауыңа пайдалан. Қорқыт та алдай біл, алда да қорқыта біл. Сонда ғана елдің тізгінін нық ұстайсың» - деген.
Иә, әр ғасырлардың, әр қоғамдық құрылыстардың өзіндік билік құпиялары болған. Ең бастысы билік иесі-жоғары лауазым иесі қарамағындағы, адалдық, адамгершілік, жан тазалығы және өз-өзіне сенімділік мен мұндалап, көзе ұрып тұруы шарт.
Жоғарыда атап өткен «Тақсыр» атты кітапшада, бұған керісінше, билеушіні орға жығатын бес бірдей сүйкімсіз мінез көрсетілген. Олар: тұрақсыздық. Жеңіл ойлылық, дөрекілік, сезімсіздік және дұрыс шешім қабылдай алмаушылық. 3
Шығыс филасофтарының көне жазбаларында билік иелерін үш топқа бөледі екен.
Біріншісі - кұдайдың өзі туа бітті ақыл дарытқандар. Мұндай билік иелері ұзақ мерзім билік құрады және еліне көп жақсылық әкеледі.
Екіншісі - өзгенің істегенін көріп, әрекет жасайтындар. Бұлар көбінесе қу болып келеді. Қоғамға өзгеріс әкелетіндей жаңалық жасай алмайды. Тек ескіні ғана нығымдап ұстауға бейім тұрады.
Үшіншісі - өзі білмейтін және өзгеден тәлім алмайтындар. Бұлар билік басына кездейсоқ келеді, олар кез-келген істі айқаймен, дауды соғыспен шешуге құмар. Мұндай билік иелері бар ел түбінде қырғынға, байлығы тонауға ұшырайды. 1
Наршахи деген ақылман: «Халқың, қара нан жесе, сен де қара нан же, әйтпесе сенімнен айырыласың. Биліктен ажырайсың» - деп жазыпты. Өнеге сөз. Қырғыз жазушысы, адамзаттың Айтматовы: «Мен білетін биліктің екі тармағы бар. Бірі - халқына қызмет ететін, екіншісі -өзіне және туған-туысқандарына, тұқым-жұрағатына ғана көлеңкесі түсетін билік. Алғашқысы - жауапкершілікті терең сезінуден, адалдықтан, кейінгісі эгоизм парықсыздықтан туындайды» - деген. 2 Десе де, қазіргі біздің билік иелеріміз кімнің, күйін күйттеп отыр, өзінің бе, жоқ әлде халқының ба? Халқының күйін күйттеп, жоғын жоқтар билік иелері көп болса, біздің қоғамымызда қолын созар қайыр-садақа сұраған қайыршылар саны азаяр еді. Осыны көріп еліміздегі билік иелері өзімшіл ме деп қаласың.
Біздің пікірімізше, қоғам рахаты тек мемлекет басшысына тәуелді. Себебі, мемлекет басшысы айналасына жинайтын билік иелерін дұрыс саралауы тиіс. Егер, мемлекеттік билік басына өңкей жағымпаздарды жинаса, өзінің де, елінің де күні қараң. Өйткені жағымпаздар басшыны мақтамай тұра алмайды. Ал, мақтау сөз у тәрізді, тұла бойыңды түгел билеп алады.
Алды-артыңды болжаудан қалдырады. Осының салдарынан халқыңды ұмытасың. Қаптап жүрген мүсәпір - қайыршыларды көрмейсің. Сондықтан Президент Үкіметті құруда мүше болушылардың психологиясына терең үңілуі тиіс.
Афина патшасы Амасиске ғұлама Солон: «Менің пікірімше үкімет билгін халық билігіне айналдыра алған патша ғана даңқты болады»-деп кеңес берген.
Олай болса, билік тізгінін ұстаған ақылмандардың кемеңгерлігі - ел бақыты. Конфуций - біздің дәуірімізге дейінгі 551- 479 жылдары өмір сүрген қытай халқының атақты философы, ойшылы. Оның ұлы қағидалары мен өсиеттерінен көне қытайдың көптеген билеушілері тәлім алған. Тіпті ең бір қаһарлы императордың өзі: «Ел басқару ісінде қателессек, ұлы ұстазымыз кешірмейді-ау» - деп қорыққан. Конфуцийдің билік туралы ұлағатты сөздері бұл күнде әлемнің барша тіліне аударылған.
«Әр адам өз ісін адалдықпен атқара білсін. Билеуші елді билесін, жұмысшы еңбек етсін, әке-әке, бала-бала орнында болсын. Тұрақтылықтың осы қарапайым қағидасы бұзылса, мемлекет іштен іриді. Үлкен өрт кішкене шақпақ тастан шыққан ұшқыннан басталады».
Жалпы тілмен айтсақ билік - айбалтаның басы да, демократия - сабы. Ал сабын ұстайтын әулетті қолдың иесі қашан да халық екенін естен шығармаған жөн. Сондықтан бұл екеуін бөле жара караудың қажеті жоқ. Осы екі тірліктің бірі бұзылса, екіншісі қисаймай тұрмайды. Мысалы, Люксембургте, көшеде келе жатқан адам жолда жатқан әмиянды тауып алса, ол оны міндетті түрде полицияға апарып тапсырады екен. Байыппен қарасақ. Бұл - қалыптасқан мінез бен демократияның шынайылылығы.
Ал жоғалғанды тауып бермек түгілі, қолыңдағыны жұлып алатын біздің қоғамда, демек билік те, демократия да, дұрыс орнықпай жатқаны-ау! Ендеше, біз демократияға қол жеткіздік, аспаннан алтын жауады екен деген ұғымнан арылуымыз қажет. Біз үшін - идеал қоғамның ауылы алыс. Осыны жан - тәніңмен, бүкіл болмысыңмен түсіну парыз. Қолдағы билік пен мүмкіндікті жалаң өз басына пайдаланбай, еліне жақсылық жасауға ұмтылса ғана демократияның бағы жанады.
Ежелгі заң реформаторы Солон өз билігі хақында былайша толғанған: «мен халыққа билікті олар қажет еткен мөлшерде бердім. Олардың абыройын шектемедім, бірақ артық құқық берген жоқпын» Солон болса бұдан ұтылмады, керісінше үнемі ұтыста болды.
Демек, біздегі билік иелері өз дәуірінде де, болашақ алдында да ұтылмау үшін халық мүддесін өз мүддесінен артық қоюы керек. Сонда ғана қоғамда демократия аясындағы билік салтанат құрары сөзсіз.
1. 2 Биліктің заңдылықтары, жариялығы, топтастырылуы, бөлу теориялары, концепциялары мен негізгі ресурс көздері
Сонымен, мемлекеттің бірден-бір орталығын құрайтын саяси (мемлекеттік) билік дегеніміз не? Енді осы сұраққа жауап іздеп көрсек.
Билік бұл - бір жеке тұлғаның немесе топтың шешім қабылдау құқығы мен мүмкіндігіне көрініс табатын өзге де жеке тұлға немесе топ үшін міндетті сипатқа ие әлеуметтік қатынас, әлеуметтік институт, басқаша айтқанда бұл «басқару-орындау» қатынасы, кейде бұл бұйрық берушілік пен
бағынушылықтың қатаң нысанында көрініс береді. Бір адамның басқа адамға бағыну негізінен теңсіздікке жатады: табиғи теңсіздік (физикалық, интеллектуалдық) және әлеуметтік теңсіздік (мәртебелілік, экономикалық, білімділік және т. б) .
Табиғи теңсіздік негізінде пайда болатын билік қашанда жеке тұлға аралық қарым-қатынас сипатына ие. Бұл жағдайда біз бір адамға бағынамыз. Алайда жаңадан пайда болған жағдайда ол адам өз үстемдігін, артықшылығын көрсете бере алмайды, біз оның өкімін орындамауымыз да ғажап емес.
Әлеуметтік теңсіздікке негізделген билік өзінің персоналдық нысанын жоғалта алады. Себебі біз қызметте физикалық тұрғыдан күшті, қуатты болсын немесе бізге ұнасын, ұнамасын бастықтың өкімін орындауға мәжбүрміз. Ол қоғамда да өзінің нақты қатысушыларынан тәулсіз және әлеуметтік кеңістікте жеткілікті дәрежеде тұрып, жүзеге асырылады. мысалы, отағасы, діни қауымдастықтың рухани басшысы, мекеме жетекшісі, партия қолбасшысы бұлардың барлығы әлеуметтік кеңістікте әртүрлі орында тұрса да өзінің бағдарламасы бойынша міндетті шешімдерді қабылдауда айрықша құқыққа ие. Мұндай биліктің тұрақты болуының себебі оның , әлеуметтік теңсіздікке негізделген билік әлеуметтік институт болып табылады.
Яғни, билік әлеуметтік теңсіздік негізінде пайда болады, бірақ бұл теңсіздік автоматты түрде билік қатынастарына ықпал етеді деген сөз емес. Мысалы, мекеме директоры көрші заводтың жұмыскерлеріне өкім бере алмайды. Билік беруге басқару, екіншісіне бағынуды мазмұндайтын нормалар мен ережелер бекітілгенде ғана және осы ережені бұзғандар бойынша санкция шыққанда ғана пайда болады.
Қоғамда биліктің айрықша түрі бар. Оның басты белгісі болып билік субъектілерімен қабылданған, қоғамның барлық мүшелері үшін міндетті болатын шешім табылады. Бұл салықты өндіріп алу жөніндегі, меншік құқығын реттеуші тәртіп жөніндегі, даулар мен келіспеушіліктерді шешу мен қарау тәртібі жөніндегі шешімдер болуы мүмкін. Биліктің бұл түрі осы еңбегіміздің мазмұнынан және бір бөліміне арқау болып отырған - мемлекеттік билік.
Мемлекеттік биліктің негізінен әлеуметтік теңсіздіктің ерекше түрі енеді - ол саяси теңсіздік. Саяси теңсіздік бұл - саяси мәртебелердің теңсіздігі. Адам жауапкершілігі мол шешім қабылдау құқығын Үкімет мүшесі бола отырып, Парламент депутаты бола отырып, қоғамның иерархиялық құрылуында өзінің ерекше мәртебесіне байланысты ала алады. Адамның осындай дәрежеге жетуіне ықпал етуші факторлардың қатарына жеке тұлғаның ерекше өзгешеліктерін атап айтуға болады: білім деңгейі, саяси ұйымдар қолдауы, жаппай ақпарат құралдарына қол жеткізу және т. б.
Әлеуметтік теңсіздік қоғамды басқару үшін мүмкіндік туғызады. Себебі социумның өмірлік координациясы үшін басқару орталығы «ми штабы», сонымен бірге жекелеген және топтық мүдделердің өзімшілдігін жеңу қажет.
Демек, қоғам тарихы - саяси теңсіздікті жою тарихы емес, бұл - қоғамды ұйымдастырудың тиімді әдістерін құру және іздеу. Саяси билік қашанда қоғамның дамуына үлес қосқан.
Саяси (мемлекеттік) билік қатынастарын реттейтін нормаларды сақтау саяси социализация үрдісімен қамтамасыз етіледі: адам бала шағынан өзінен орындауды талап ететін бұл нормалармен танысады. Жеке тұлға норманы сақтауы өзіндік әдет, қарапайым іс болып кетеді.
Мемлекеттік биліктің пайда болуы және институализациялану үрдісі мемлекеттің пайда болу және даму үрдісімен қатар жүреді. Себебі, саяси шешімдерді қабылдаудың айрықша құқығы мемлекеттік органдарға тиесілі, сондықтан мемлекеттік заң шығарудың соңғы нүктесі болып табылады.
Биліктің бөліну қағидалары - мемлекеттік биліктік өкілеттерге ие және өз құзыреті шегінде мемлекеттің белгілі бір міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті материалдық құралдарды иеленетін мемлекеттік қызметкерлерден тұратын мемлекеттік механизмнің ұйымдасқан, рәсімделген шаруашылықты бөлігі органдарының санын негіздейді. 1
Биліктің бөліну қағидалары оның лигитимдігінің заңды қайнар көзі ретіндегі критерий бойынша төмендегідей болып сараланады:
- Конституциямен, республикалық заңдармен мемлекет қызметін және міндетін тікелей орындау үшін республика субъектілерінің жарғысымен бекітілетін органдар. (Республика Үкіметі, Парламенті, сот органдары) .
- Жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың түрлерінің өкілеттіктерін орындауды қамтамасыз ету үшін құрылатын органдар (Президент әкімшілігі және тағы басқалары) .
Биліктің бөліну қағидалары мемлекет механизмін қамтиды.
Мемлекеттік механизмі түсінігі «мемлекеттік аппарат» категориясымен тығыз байланысты. Соңғысын екі мағынада: тар және кең мағынада түсінуіміз қажет. Кең мағынада мемлекеттік аппарат түсінігі барлық мемлекеттік органдардың жиынтығы ретінде мемлекеттік механизм анықтамасына сәйкес келеді. Неғұрлым тар (арнайы) мағынада мемлекеттік аппарат ретінде мемлекеттік басқару аппараты түсіндіріледі.
Ендеше, мемлекет механизмі (аппараты) бұл - Қазақстан Республикасының Конституциясында, өзге де республикалық заңдарда бекітілген, тепе-теңдік және тежемелік қағидасына негізделген мемлекеттік органдар жүйесі. Яғни, биліктің бөліну қағидалары мемлекеттік механизмге тоғысады. Біз қай тұрғыдан болмасын, биліктің бөліну қағидаларын қарастырғанда мемлекеттік механизмді де қарастыруымыз қажет.
1. 3 Мемлекеттік билікті бөлу теориясы
Билікті бөлу теориясы осыдан үш жүз жылдар бұрын пайда болған. Оның негізін қалаушылар болып ағылшындық философ - материалист, материализмнің идеялық - саяси доктринасын құрушы Джон Локк (1632 -1704) пен француздық философ және құқықтанушы Шарль Луй Монтескье (1689-1755) шықты.
Мемлекеттік билік бөлудің маңыздылығы мен қажеттіліктері жөніндегі Джон Локктың идеялары 1690 жылғы жарық көрген «Мемлекеттік басқару туралы екі трактат» деген басты еңбегінде көрініс тапса, Монтескьенің идеялары «Персиялық хат» романында мазмұндалады. Бұл еңбегінде Джон Локк «билікті бөліске салу керек, себебі абсолютті монархия-тирандық режимнің қалыптасуына ықпал етсе, заңсыздық - адамзат болмыс - бітіміне қарама-қайшы келеді, ал билікті бөлу қағидасы негізінде пайда болған жария саяси (мемлекеттік) билік адамдардың табиғи болмыс-бітімін сақтап, мүдделерін көздейді» десе, 1 Шарль Луи Монтескье. Әрбір мемлекеттік биліктің үш тегі болуы керек: заң шығарушы билік, халықаралық құқық сұрақтарын жүргізетін атқарушы билік және азаматтық құқық мәселелерімен айналысатын атқарушы билік. Осы аталғандардың біріншісінде мемлекет басшысы немесе мекеме уақытша немесе тұрақты заңдар шығарады және әрекет етіп жатқан заңдардың күшін тоқтатады немесе оларға өзгертулер енгізеді. Ал екінші биліктің құзыретіне соғыс жариялау, бейбітшілік орнату, өкілдерді қабылдау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты күрделі мәселелер енеді. Сондай-ақ, үшінші билік қылмысты жазалауды, жеке тұлғалардың қақтығыстарын реттеуді жүзеге асырады. Сонымен қатар ең соңғы билікті соттық билік деп қарастыруымыз керек» деп салиқалы пікір айтқан. 1
Мемлекеттік биліктің кеңестік концепциясының негізін қалаушылар К. Маркс, Ф. Энгельс жене В. И. Ленин мемлекеттік билікті «жұмысшы корпорация» ретінде қарастырған 2 . Көптеген уақыт бойы билікті бөлу теориясы кеңестік ғылыммен буржуазиялық болып есептелінеді. Яғни, мұндағы концепциялар мемлекеттің әр-түрлі органдары арасында қызметті, еңбекті бөлу қажеттілігін мойындамады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz