Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсім мен шығындар


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І. МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Мердігерлік шартының түсінігі және мазмұны

1. 2 Тараптардың құқықтары мен міндеттері

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС МЕРДІГЕРЛЕРІНІҢ ШАРТЫНАН ТУЫНДАЙТЫН ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУIНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. 1 Құрылыс мердігерлік шарты туралы түсінік

2. 2 Құрылыс салуға жасалған шарттарды біріктіру мен бөлу

2. 3 Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсім мен шығындар

2. 4 Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша табыстар мен шығыстарды тану

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Қосымша

3

5

5

6

9

9

10

14

17

22

25

26

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының осы кезеңінде нарықтардың көптеген салалық түрлері іс-қимылда, олар экономикалық процестер мен экономикалық даму қарқынын қамтамасыз етуде әртүрлі роль ойнайды. Нарықтың салалық түрлерінен, базистікті бөлуге болады, яғни сол нарықты, олардан экономика жалпы, басқадай нарықтардың іс-қимылдар тиімділігінен тікелей тәуелді. Осындай нарықтардың біріне - құрылыс материалдары нарығы жатады. Осы нарықтың ерекшелігі, оның Қазақстан Республикасының құрылыстық кешенімен, құрылыс саласымен бірігуі, сондай-ақ, өндірістік және өндірістік емес қозғалмайтын мүлік саласында негізгі қорлар жасау үшін айналымды қорлардың басты жеткізушісі болып саналады. Осылайша, құрылыс материалдары нарығы жетекші халықтық-шаруашылық рольді ойнайды.

Құрылыс материалдары нарығының іс-қимыл тиімділігі көптеген ұйымдастыру-экономикалық факторлардан тәуелді, ол үшін көптеген проблемалар тән, ал проблемаларды шешу маңызды сипатта болуда.

Соңғы жылдары құрылыс материалдары нарығы индустриалды-инновациялық дамудың объектісі болып саналады. Қазақстандағы құрылыс материалдары нарығы біршама дәрежеде шетел өндірісінен басымдықта, сұраныс ұсыныстан артады, құрылыс материалдарын шығару жөніндегі дамымаған және моральді-ескірген өндірістің барлығы, еліміздің өңірлері мен облыстарында аса бай ресурстық әлеуеті мен ғылыми жаңалықтар толық көлемде пайдаланбайды.

Құрылыс материалдары нарығының әлсіз дайындамасы ұйымдастыру жоспарында қалуда. Осы аспектіде нарықтың инфрақұрылымдық дамуының жеткіліксіз деңгейде және саудалық-өткізу іс-қимылдарын дамытуды бөлуге болады.

Қазақстан экономикасының индустриалды-инновациялық даму жағдайында құрылыс материалдары нарығы іс-қимылының қалыптасқан проблемалар жиынтығы, оның іс-қимылдағы ұйымдастыру-экономикалық механизмдерін жетілдіру жолдарын жасауды талап етеді.

Осылайша, Қазақстан Республикасындағы құрылыс мердігерлерінің шартынан туындайтын қатынастардың құқықтық реттелуiнің ерекшеліктері курстық жұмыстың тақырыбын анықтады.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Құрылыс материалдары нарығын дамытудың теориялық және әдістемелік мәселелеріне жоспарлы тұрғыда да, нарықтық экономика тұрғысынан да назар аударылып отыр. Жоспарлы экономикада құрылыс материалдарының нарығы үнемі шаруашылықтың кеңестік жүйесі жағынан, яғни еліміздің құрылыстық кешенінде атқарылатын құрылыс материалдарының саласы ретінде қарастырылады. Құрылыс материалдарының нарығы біздің зерттеуімізде қолданылатын нарықтық қатынастарды жетілдіру проблемалары мен жеке мәселелер жақын және алыс шетелдердің көптеген ғалымдарының еңбектерінде зерделенген. Ғылымды дамыту, өнеркәсіптегі технологиялық және құрылымдық түрлендірулерді мемлекеттік саяси институттар көмегімен осы процестердің өзара қамтамасыз ету және тиісті шаралармен оларды реттеу экономист-ғалымдардың басты назарында. Экономикалық ғылымның осы бағытының теоретикалық әдіснамалық негізін: Д. Доси, Б. -Э. Лундвалл, Ф. Малерб, Д. Норт, М. Портер, Р. Нельсон, Н. Розенберг, Р. Солоу, Я. Тинберген, А. Фолис, Й. Шумпетер және басқадай ғалымдардың еңбектері өнеркәсіпті технологиялық дамыту, ұлттық инновациялық дамыту заңдылықтары мен тұжырымдамалары, өндірісте ғылыми сыйымдылықты ұйымдастыру, бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету мәселелерін зерттеуге арналған.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақстан экономикасын индустриалды-инновациялық дамыту мақсатында құрылыс материалдары нарығын дамытуда ұйымдастыру-экономикалық механизмді жетілдіру бойынша ұсыныстар жасаумен ұйғарылады.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін диссертациялық зерттеуде мынадай міндеттер қойылды:

  • мердігерлік шартының түсінігі және мазмұнын анықтау;
  • тараптардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу;
  • Қазақстан Республикасындағы құрылыс мердігерлерінің шартынан туындайтын қатынастардың құқықтық реттелуiнің ерекшеліктерін тану;
  • Құрылыс мердігерлік шарты туралы түсінік беру;
  • Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары нарығының дамыту мен құру тиімділігін талдау;
  • құрылыс материалдары нарығындағы сұраныс пен ұсынысқа қазіргіше баға беру;

Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасының құрылыс материалдарының нарығы саналады.

Зерттеудің әдіснамалық және теоретикалық негіздері . Құрылыс материалдарын зерттеулер бағытында жұмыс істейтін қазақстан мен ресей ғалымдардың еңбектері қызмет жасады.

Зерттеулердің негізгі әдістері ретінде: салыстыру, талдау мен синтез, жүйелі келу, абстрактілеу, ұқсастық, дәріптеушілік қолданылады.

Зерттеудің ақпараттық базасы. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігі тақырыптық жинақтары мен анықтамалық материалдары, Қазақстан Республикасының өңірлері мен облыстардың құрылыс материалдары өнеркәсібін дамыту бағадарламаларының ақпараттық деректері, сондай-ақ, ғылыми зерттеулер саласына арнайыланған бірқатар агенттіктердің материалдары, сондай-ақ, ресми басылымдарда басылған материалдар.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан құралады.

1 МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Мердігерлік шартының түсінігі және мазмұны

Мердiгерлiк шарты бойынша бiр тарап (мердiгер) екiншi тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгiлi бiр жұмысты атқаруға және белгiленген мерзiмде оның нәтижесiн тапсырысшыға өткiзуге мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) мiндеттенедi. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердiгердiң тәуекелiмен орындалады.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер тапсырысшының тапсырмасын орындау әдiстерiн дербес айқындайды. Мердiгерлiк шартының жекелеген түрлерiне (тұрмыстық мердiгерлiк, құрылыс мердiгерлiгi, жобалау немесе iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк, ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгерлiк) . Егер шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердiгердiң қарамағында: соның материалдарымен, күштерiмен және қаражатымен орындалады.

Мердiгер өзi берген материалдар мен жабдықтардың сапасы лайықсыз болғаны үшiн, сондай-ақ үшiншi тұлғалардың құқықтары қосылған материалдар мен құралдарды бергенi үшiн жауапты болады.

Мердiгер шартты орындауға басқа тұлғаларды (қосалқы мердiгерлердi) тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердiгер - тапсырысшының алдында бас мердiгер, ал қосалқы мердiгердiң алдында тапсырысшы болады. Бас мердiгер қосалқы мердiгердiң алдында тапсырысшының мiндеттеменi орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн жауапты, ал тапсырысшының алдында қосалқы мердiгердiң мiндеттеменi орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн жауапты болады.

Тапсырысшы мен қосалқы мердiгер бiр-бiрiне өздерiнiң бас мердiгермен арадағы шарттарды бұзуына байланысты талаптар қоюға құқығы жоқ.
Бас мердiгердiң келiсiмiмен тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға үшiншi тұлғалармен шарт жасасуға құқылы. Мұндай жағдайда үшiншi тұлға жұмысты орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн тiкелей тапсырысшының алдында жауапты болады. Егер шарт бiр мезгiлде екi немесе одан да көп мердiгермен жасалса және мiндеттеме нысанасы бөлiнбейтiн болса, мердiгерлер тапсырысшыға қатысты ортақтасқан борышқорлар және тиiсiнше ортақтасқан кредит берушiлер болып танылады. Мiндеттеме нысанасы бөлiнетiн жағдайда, сондай-ақ заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген басқа да жағдайларда мердiгерлердiң әрқайсысы құқықтарға ие болып, тапсырысшыға қатысты өз үлесiнiң шегiнде мiндеттемелердi мойнына алады. ердiгерлiк шартта жұмысты орындаудың бастапқы және түпкi мерзiмi көрсетiледi. Тараптардың арасындағы келiсiм бойынша шартта жұмыстың жекелеген кезеңдерiнiң аяқталу мерзiмдерi (аралық мерзiмдерi) де көзделуi мүмкiн.

Мердiгер жұмысты орындаудың бастапқы және түпкi, сонымен қатар аралық мерзiмдерiнiң бұзылғаны үшiн жауапты болады. Жұмыс орындаудың мердiгерлiк шартта көрсетiлген бастапқы, түпкi және аралық мерзiмдерi шартта көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша өзгертілуі мүмкін.

Мердiгер тұрлаулы бағаны (тұрлаулы сметаны) көбейтудi, ал тапсырысшы оны азайтуды, оның iшiнде шартты жасау кезiнде орындалуға тиiс жұмыстардың толық көлемiн немесе бұл үшiн қажеттi шығындарды қарастыру мүмкiндiгi болмаған жағдайда да талап етуге құқығы жоқ.

Шарт жасасқаннан кейiн мердiгер беруге тиiстi материалдар мен жабдықтардың, сондай-ақ оған үшiншi тұлғалар көрсететiн қызметтердің құны едәуiр өскен кезде мердiгердiң белгiленген бағаны (сметаны) көбейтудi, ал тапсырысшы бұл талапты орындаудан бас тартқан жағдайда шартты бұзуды талап етуге құқығы бар. Мердiгердiң нақты шығыны бағаны белгiлеу (сметаны жасау) кезiнде есептелгеннен кем болып шыққан жағдайда, егер тапсырысшы мердiгер алған үнем орындалған жұмыстың сапасына терiс әсер еткенiн дәлелдей алмаса, мердiгер шартта (сметада) көзделген баға бойынша жұмысқа ақы алу құқығын сақтайды Егер мердiгерлiк шартта орындалған жұмысқа немесе оның жекелеген кезеңдерiне алдын ала ақы төлеу көзделмесе, тапсырысшы мердiгерге жұмыс тиiстi түрде және келiсiлген мерзiмде, не тапсырысшының келiсiмiмен - мерзiмiнен бұрын орындалған жағдайда жұмыстың нәтижесiн түпкiлiктi тапсырғаннан кейiн келiсiлген бағаны төлеуге мiндеттi.

1. 2 Тараптардың құқықтары мен міндеттері

Мердiгерлiк шартты орындауға байланысты мердiгердiң иелiгiне өткен заттарды немесе өзге де мүлiктi өңдеу үшiн тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың сақталмағаны үшiн мердiгер жауапты болады.

Тапсырысшы мердiгердiң қызметiне араласпай, кез келген уақытта жұмыстың барысы мен сапасын тексеруге құқылы. Егер мердiгер шартты орындауға уақытылы кiрiспесе немесе жұмысты соншалықты баяу орындап, оны мерзiмiнде аяқтау көрiнеу мүмкiн болмаса, тапсырысшы шарттан бас тартуға және шеккен залалдарын өтеудi талап етуге құқылы. Егер жұмыстың орындалу барысында оның тиiстi дәрежеде орындалмайтыны анық болса, тапсырысшы мердiгерге кемшiлiктердi жою үшiн қисынды мерзiм белгiлеуге және мердiгер белгiленген мерзiмде ол талапты орындамаған жағдайда шарттан бас тартуға не жұмысты түзетудi мердiгердiң есебiнен үшiншi тұлғаға тапсыруға, сондай-ақ залалдарын өтеудi талап етуге құқылы.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы жұмысты өзiне өткiзгенге дейiн кез келген уақытта мердiгерге тапсырысшының шарттан бас тартқаны туралы хабарлама алғанға дейін орындаған жұмысы үшiн ақы төлеп, мердiгерлiк шарттан бас тарта алады. Тапсырысшы мердiгерге орындалған жұмыс үшiн төленген бағаның бөлiгi мен барлық жұмыс үшiн белгiленген бағаның арасындағы айырма шегiнде шарттың тоқтатылуынан келтiрiлген залалды өтеуге де мiндеттi. 1

Мердiгер:
1) тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың, техникалық құжаттаманың немесе өңдеуге берiлген заттың жарамсыздығы немесе сапасыздығы;
2) оның жұмысты атқару әдiсi туралы нұсқауларын орындаудан тапсырысшы үшiн болуы ықтимал қолайсыз салдарлар;
3) орындалатын жұмыс нәтижелерiнiң жарамдылығына немесе берiктiгiне қауiп туғызатын не оны мерзiмiнде аяқтауға мүмкiндiк бермейтiн мердiгерге қатысты емес өзге де мән-жайлар анықталған жағдайда тапсырысшыға дереу ескертiп, одан нұсқау алғанға дейiн жұмысты тоқтата тұруға мiндеттi.

Тапсырысшы мердігерлiк шартта көзделген көлем мен тәртiп бойынша мердiгерге жұмыстың орындалуына жәрдем көрсетуге мiндеттi.
Тапсырысшы бұл мiндеттi орындамаған жағдайда мердiгер бос тұрыс не жұмыстың орындалу мерзiмiн ауыстыру не жұмыстың бағасын көтеру туғызған қосымша шығындарды қоса алғанда, келтiрiлген зиянды өтеудi талап етуге құқылы.

Егер мердiгерлiк нысанасы оны тапсырғанға дейiн кездейсоқ жойылса немесе жұмысты аяқтаудың мүмкiн болмауы тараптардың кiнәсiнен болмаса, мердiгердiң жұмыс үшiн сыйақы талап етуге құқығы жоқ.

Мердiгер орындаған жұмыс шарт ережелерiне, ал олар болмаған немесе толық болмаған жағдайда - әдетте тиiстi тектес жұмысқа қойылатын талаптарға сай болуы тиiс. Егер заң актiлерiнде немесе оларда белгiленген тәртiпте мердiгерлiк шарты бойынша орындалатын жұмысқа мiндеттi талаптар көзделсе, кәсiпкер ретiнде iс-әрекет етушi мердiгер жұмысты осы мiндеттi талаптарды сақтай отырып орындауға мiндеттi.

Егер мердiгерлiк шартта өзгеше көзделмесе, кепiлдiк мерзімі орындалған жұмыс нәтижесiн тапсырысшы қабылдаған немесе қабылдауға тиiс болған кезден басталады Егер жұмысты мердiгер шарттан жұмысты нашарлататын ауытқулармен немесе оны шартта көзделген не шартта тиiстi ережелер болмаған кезде - әдеттегi пайдалану үшiн оларды жарамсыз ететiн өзге де кемшiлiктермен орындаса, заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбегендiктен, тапсырысшы өз таңдауы бойынша мердiгерден:

1) қисынды мерзiмде жұмыстың кемшiлiктерiн өтемсiз жоюды;

2) жұмыс үшiн белгiленген бағаны мөлшерлес азайтуды;

3) тапсырысшының кемшiлiктердi жою құқығы шартта көзделсе, өзiнiң оларды жоюға шыққан шығыстарын өтеудi талап етуге құқылы.

Мердiгер өзi жауап беретiн жұмыстың кемшiлiктерiн жоюдың орнына, тапсырысшыға орындаудың мерзiмiн өткiзiп алу арқылы келтiрген зиянды өтей отырып, жұмысты тегiн қайта орындауға құқылы. Бұл жағдайда тапсырысшы, егер жұмыс сипаты бойынша ондай қайтарып беру мүмкiн болса, оған бұрын тапсырылған жұмыс нәтижесiн мердiгерге қайтарып беруге мiндеттi. Егер жұмыста шарттың талаптарынан ауытқу немесе жұмыстың өзге де кемшiлiктерi елеулi және жоюға келмейтiн болса не анықталған кемшiлiктер тапсырысшы белгiлеген қисынды мерзiмде жойылмаса, тапсырысшы шарттан бас тартуға және келтiрiлген залалдарды өтеудi талап етуге құқылы. Шартта белгiлi бiр кемшiлiктерi үшiн мердiгердi жауаптылықтан босату көзделуi мүмкiн. Жұмысты орындау үшiн материалдар берген мердiгер олардың сапасы үшiн сатушының сапасы лайықсыз тауарлар үшiн жауаптылығы туралы ережелер бойынша жауап бередi Мердiгерлiк шарт бойынша орындалған жұмыс сапасының лайықсыз болуынан туындаған талаптар үшiн талап арыз қою мерзiмiнiң өтуi тапсырысшы мерзiм шегiнде мәлiмдеген кемшiлiктер анықталған күннен басталады.

Мердiгер тапсырысшыға жұмыстың нәтижесiмен бiрге, егер бұл шартта көзделсе немесе ақпараттың сипаты, онысыз жұмыстың нәтижелерiн шартта көрсетiлген мақсаттар үшiн пайдалану мүмкiн болмаса, шарттың нысанасын пайдалануға немесе өзгеше iске асыруға қатысты ақпаратты беруге мiндеттi. Егер бiр тарап шарт бойынша өзiнiң мiндеттемесiн атқарудың арқасында басқа тараптан жаңа шешімдер мен техникалық білiмдер туралы ақпарат, оның iшiнде құқықтық қорғауды пайдаланбайтын ақпарат, сондай-ақ коммерциялық құпия ретiнде қаралуы мүмкiн мәлiметтер алса, оны екiншi тараптың келiсiмiнсiз үшiншi тұлғаларға хабарлауға құқығы жоқ.

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС МЕРДІГЕРЛЕРІНІҢ ШАРТЫНАН ТУЫНДАЙТЫН ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУIНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. 1 Құрылыс мердігерлік шарты туралы түсінік

Құрылыс мердiгерлiгiнiң шарты бойынша мердiгер тапсырысшының тапсырмасы бойынша шартта белгiленген мерзiмде белгiлi бiр объектiнi салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы мердiгерге жұмысты орындауы үшiн қажеттi жағдайлар жасауға, оның нәтижесiн қабылдап алуға және ол үшiн келiсiлген бағаны төлеуге мiндеттенедi. Құрылыс мердiгерлiгiнiң шарты кәсiпорынды, үйдi (оның iшiнде тұрғын үйдi), ғимаратты немесе өзге де объектiнi салуға немесе қайта жаңартуға, сондай-ақ монтаждау, iске қосу-жөнге келтiру және салынып жатқан объектiмен тығыз байланысты өзге де жұмыстарды орындауға жасалады. Егер мұның өзi шартта көзделген болса, мердiгер объектiнi пайдалануға берудi тапсырысшы объектiнi қабылдағаннан кейiн шартта көрсетiлген мерзiм iшiнде қамтамасыз етуге мiндеттеме алады.

Құрылысты толық аяқтау туралы шарт жасасу кезiнде мердiгер өзiне құрылыс және оны қамтамасыз ету жөнiндегi барлық мiндеттеменi алады және шарт ережелерiне сәйкес тапсырысшыға пайдалануға дайын объектiнi тапсыруға тиiс. Аяқталмаған құрылыстың иесi оны тапсырысшыға тапсырғанға дейiн және оған төлем жасалғанға дейiн мердігер болып табылады. Құрылыс, мердiгерлiгi шарты бойынша жұмыс азаматтың (тапсырысшының) тұрмыстық немесе басқа жеке қажеттерiн қанағаттандыру үшiн орындалатын жағдайда мұндай шартқа тиiсiнше тұрмыстық мердiгерлiк шарт бойынша тапсырысшының құқықтары туралы ережелер қолданылады.

Жүргiзiлетiн жұмыстардың қауiпсiздiгi үшiн мердiгер жауапты болады Мердiгер құрылысты және оған байланысты жұмыстарды жұмыстың көлемi мен мазмұнын және жұмысқа қойылатын басқа да талаптарды айқындайтын жобалау құжаттамасы мен жұмыстың бағасын айқындайтын сметаға сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi. Шартта өзге нұсқаулар болмаған кезде мердiгер жобалау-құжаттамасында және сметада (жобалау-сметалық құжаттамада) көрсетiлген барлық жұмыстарды орындауға мiндеттi деп түсiнiледi. Егер шартта өзгеше көзделмесе, шетел тiлiнде жасалған жобалау-сметалық және басқа техникалық құжаттама мердігерге мемлекеттік немесе орыс тiлдерiне аударылып берiледi Құрылыс мердігерлігі шартында жобалау-сметалық құжаттаманың құрамы мен мазмұны айқындалуға тиiс, сондай-ақ тараптардың қайсысы және қандай мерзiмде тиiстi құжаттаманы беру керек екенi көзделуге тиiс.

Құрылыс жүргiзу барысында жобалау-сметалық құжаттамада есептелiнбеген жұмыстарды және осыған байланысты қосымша жұмыстар жүргiзу мен құрылыстың сметалық құнын өсiру қажеттiгiн анықтаған мердiгер тапсырысшыға ол туралы хабарлауға мiндеттi.

Жұмысты тиiстi дәрежеде орындамаған мердiгер оның орындалуына тапсырысшының бақылау мен қадағалау жасамағанына сiлтеме жасауға құқылы емес, бұған мұндай бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру міндеті заң актілерінде немесе шартта тапсырысшыға жүктелген жағдайлар қосылмайды. Егер қоршаған ортаны қорғау және құрылыс жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу туралы тараптар үшiн мiндеттi талаптарды бұзуға әкелiп соғатын болса, мердiгердiң жұмысты жүзеге асыру барысында тапсырысшы берген материалдарды (бөлшектердi, конструкцияларды) және жабдықтарды пайдалануға немесе оның нұсқауларын орындауға құқығы жоқ.

Мердiгер жауап беретiн кемшіліктердің (ақаулардың немесе шала істелген жұмыстың) салдарынан объект пайдаланыла алмаған барлық уақытқа кепiлдiк мерзiмiнiң өтуi тоқтатыла тұрады.

Құрылыс мердiгерлiгi шартында тапсырысшының талап етуi бойынша және тапсырысшының есебiнен мердiгер жауапты болмайтын кемшiлiктердi (ақаулар мен шала iстелген жұмыстарды) мердiгердiң жою мiндетi көзделуi мүмкiн.

2. 2 Құрылыс салуға жасалған шарттарды біріктіру мен бөлу

Мердігерлік құрылыс-монтаж ұйымдары тапсырыс берушімен жасақан келісім шарт бойынша ұйымдар мен объектілердің құрылысын жүзеге асыру үшін кешенді жұмыстарды орындайды. Мердігерлік келісім шарт тапсырыс беруші мен бас мердігерлік ұйымдардың арасындағы байланыстарды зерттейді. Келісім шарт жасасу кезінде мердігерлік құрылыс ұйымы тапсырыс берушіден объектінің жобалық-сметалық құжаттарын алады, оның негізінде құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаудың тәртібі, көлемі, мерзімі және құрылыстың келісім бағасы көрсетіледі.

Келісім бағаға құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құны, мердігердің қызметіне байланысты тапсырыс беруші төлейтін жұмыстар мен шығындардың бөлігі (материалдар құндарының айырмасы, көп жылғы еңбегі үшін төлемдер, жұмысшыларды тасымалдау шығындары, аккордтық еңбек ақы, жұмыстың жоғарғы қарқынына байланысты вахталық әдіспен жұмыстарды ұйымдаcтыру және басқа да шығындар, сонымен қатар ұйымның жаңа құрылыстарды игеруге байланысты жұмыстары; құрылыс-монтаж жұмыстарының құнына қосылатын жоспарланбаған жұмыстар мен шығындарға жалпы резервтегі қаражаттардың бөлігі және таға басқа да шығындар) жатады. Мердігерлік құрылыс келісім шартының нақты бекітілген және ашық бағамен екі түрі болады.

Нақты бекітілген бағамен мердігерлік құрылыс келісім шарты бойынша екі жақ құрылыс жұмыстарының тұрақты бағасына (құнына) немесе өзгермелі баға бойынша орындалған жұмыс бірлігіне бекітілген құнына келісімге келеді.

Ашық бағамен келісім шарт бойынша мердігерге орындаған құрылыс жұмыстарына тікелей байланысты нақты шығындар және келісілген сыйақы мөлшері қоса төленеді.

Мердігерлік келісім шарт бойынша кірістерге мыналар қосылады:

а) құрылыс жұмыстарының бастапқы келісім құны;

б) келісім шарттың өзгеруіне байласты кірістер, талаптар бойынша кірістер және кіріс әкелетін жағдайда сыйақы түріндегі төлемдер.

Мердігерлік құрылыс келісім шартының өзгерісі - келісім шарт бойынша бұл кірістің жоғарылауына немесе төмендеуіне ықпал ететін жұмыстың көлемін, құрылымын және орындалу мерзімін өзгерту жөніндегі тапсырыс берушінің бұйрығы.

Талаптар бойынша кірістер - бұл келісім бағаға енгізілмеген қосымша шығындардың орнын толтыру үшін мердігердің тапсырыс берушіден алуға тиісті сомалары.

Сыйақы төлемдері - келісім шартта көрсетілген мөлшерлеме (норма) орындалғаны немесе артық орындалғаны үшін мердігерге төленетін қосымша сомалар.

Мердігерлік келісім шарт бойынша шығындарға төмендегілер қосылуға тиісті:

а) осы келісім шартқа байланысты тікелей шығындар;

б) мердігерлік келісім шарт бойынша таратылатын және келісім шарттың құнына қосылатын жалпы құрылыстық жұмыстармен байланысты үстеме шығындар;

в) мердігерлік құрылыс келісім шартының шарттары бойынша тапсырыс берушімен төленетін қосымша шығындар.

Егер мердігерлік құрылыс шартының шарттарында келісілген болса, тапсырыс берушімен төленетін шығындардың құрамына жалпы және әкімшілік шығындардың кейбір түрлері қосылуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыс салуға жасалған шарттар
Жұмыстың көлемі мен құрылымы
18 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру туралы ақпарат
Сақтандыру компанияларының қызметінен тускен табыс шоты
Табыстар мен шығындар есебі
2 IAS халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
Түсімдер есебі
Кәсіпорынның табысы
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz