Халықаралық стандарттар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1 Қазақстан Республикасында метрология жүйесінің даму тарихы мен
қазіргі жағдайы
2 Метрология жүйесінің жалпы сипаттамасы және оны реформалау бағыттары
3 Қазақстан Республикасының Стандарттау және метрология
4 Стандарттардың әр түрлі санаттарының жалпы сипаттамалары
5 Стандарттардың түрлері
6 Стандарттарды әзірлеу және бекіту тәртібі
7 Пайдаланылған әдебиеттер

1 Қазақстан Республикасында метрология жүйесінің даму тарихы мен
қазіргі жағдайы

Метрология - (грек тілінен аударғанда метро - өлшеу, логос -
ғылым) өлшеу, тәсілдер мен құралдар, оларды біріктіру мен дәлдікті қажет
етудің жетістік әдістерін қамтамасыз ететін ғылым.
1992 жылдың 13 наурызында Стандарттау және метрология саласында
Келісілген саясатты жүргізу туралы ТМД елдерінің Келісіміне қол қойылып,
мемлекетаралық Стандарттау және метрология жүйесінің негізі қаланды. Бұл
құжат бойынша мыналар танылды: қолданылып жүрген мемлекеттік стандарттар
мемлекетаралық стандарттар ретінде, бұрынғы КСРО эталондың базасы ортақ
мүлік ретінде, Стандарттау және метрология , сертификаттау және метрология
жүйелерін өзара тану үшін екі жақты келісімдердің қажеттілігі.
Мемлекетаралық деңгейде Стандарттау және метрология , сертификаттау және
метрология бойынша мемлекетаралық кеңес құрылды. Оның негізгі функциялары:
Стандарттау және метрология саласындағы қызметтің басты бағыттарын
айқындау; мемлекетаралық стандарттардың жобаларын бекіту, стан- дарттау
саласындағы жұмыстардың негізгі бағыттарын және оларға қажетті шығынның
сметасын талқылау және қабылдау. Кеңестің қабылдаған шешімдері оған
өкілдері кірген мемлекеттерге міндетті. Келісімге қатысқан ТМД елдерінің
Стандарттау және метрология , метрология және сертификаттау жөніндегі
ұлттық органдардың басшылары мемлекетаралық кеңестің мүшелері болып
табылады. Мемлекетаралық жұмыстың негізгі органы - стандарттың, метрология
және сертификаттау жөніндегі Минск қаласында орналасқан бюросы. Қалыптасқан
дәстүр бойынша кеңестің жиналыстары Келісімге енген елдердің әрқайсысында
кезектесіп өткізіліп отырады. Мемлекетаралық кеңестің жұмысы арқасында КСРО-
да қолданылған нормативтік құжаттар қоры мен эталондық база (шамамен 25
мың мемлекеттік, 40 мың салалық стандарттар, 35 техникалық-экономикалық
ақпаратты жіктегіштер, 140 физикалық шамалар өлшемдерінің метрологиялық
эталондары) сақталып қалды. Қазіргі уақытта ТМД елдерінің ұлттың
сертификаттау жүйелерін өзара тану үдерісі толығымен аяқталды.
Мемлекетаралық кеңестің жұмыс органы - мемлекетаралық техникалық
комитеттер. Олар мемлекетаралық стандарттарды әзірлейді және мемлекетаралық
Стандарттау және метрология саласындағы басқа да нақтылы жұмыстарды
жүргізеді. Мемлекетаралық стандарттар және оларға енгізілетін өзгерістер
кеңес шешімімен қабылданады, ал кеңес жиналыстары жылына екі рет
өткізіледі. Бес жылда (1992-1997 жж.) Кеңестің шешімімен 2500 нормативтік
құжаттар қабылданды. Олар негізінде міндетті сертификаттауға жататын
өнімдерге техникалық талаптарды белгілеу бағытталған. Қабылданған
стандарттар халықаралық стандарттармен үйлестірілген, яғни ТМД елдерінің
дүниежүзілік нарыққа шығуына мүмкіндік туғызады. Мемлекетаралық кеңестің
атқарып отырған нәтижелі жұмыстарын бағалай отырып, Стандарттау және
метрология жөніндегі халықаралық ұйым (ИСО) оны Стандарттау және
метрология дың халықаралық аймақтық мекемесі ретінде таныды.
Стандарттау және метрология саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың
мәселелері

Халықаралық байланыстың даму жағдайында Стандарттау және метрология
саласындағы жұмыстарды тек қана бір ел шеңберінде жүргізу мүмкін емес.
Барлық елдердің арасында сауда, экономикалық, ғылыми-техникалық
ынтымақтастығын құру үшін халықаралық Стандарттау және метрология дың
маңызы өте зор. Халықаралық стандарттардың қажеттілігі уақыт өткен сайын
айқындалып келе жатыр, өйткені, халықаралық нарыққа шығарылатын өнімдер
түрлеріне тағайындалған ұлттық және халықаралық стандарттардың арасындағы
айырмашылықтар халықаралық сауданы дамытуға кедергі жасауда. Халықаралық
сауданы дамытудың проблемаларын шешуде стандарттардың арақатынастық
функциясы анық көріне бастады. Халықаралық Стандарттау және метрология
адамдардың, энергияның және ақпараттық алмасуына жәрдемдеседі. Осыған
байланысты халықаралық стандарттар рыноктарды ашатын құлып деген ұғым
қалыптасқан. Стандарттау және метрология саласындағы ғылыми-техникалық
ынтымақтастықтың негізгі мәселесі - үйлестіру, яғни Қазақстан
Республикасының мемлекеттік Стандарттау және метрология жүйесін басқа
елдердің халықаралық, аймақтың, ұлттық жүйелерімен қиыстыру. Мұның мақсаты
отандық өнімдердің сапасын және әлемдік нарықта оның бәсекеге жарамдылығын
жоғарылату. Стандарттау және метрология жөніндегі халықаралық
ынтымақтастықты халықаралық, аймақтық мекемелер жүзеге асырады.
Халықаралық Стандарттау және метрология саласында Стандарттау және
метрология жөніндегі Халықаралық ұйым (ИСО), Халықаралық электротехникалық
комиссия (ХЭК), Халықаралық электр байланыстары одағы (ХЭО) жұмыс атқарады.
Стандарттау және метрология жөніндегі халықаральщ үйым (ИСО) 1947 жылы
құрылған. ИСО-ның қызметі электроника мен электротехникада басқа
Стандарттау және метрология салаларының барлығын қамтиды. 1999 жылдың 1
қаңтарынан ИСО жұмысына 178 ел қатысты. ИСО-ның органдары - Бас ассамблея,
ИСО кеңесі, Кеңес комитеттері, техникалық комитеттер және орталық
секретариат, Жоғарғы органы - Бас ассамблея .
Бас ассамблея сессияларының арасында ұйым жұмысын ИСО-ның Кеңесі
басқарады. Кеңеске Стандарттау және метрология дың үлттық мемлекеттік
өкілдері кіреді. Кеңес жанынан техникалық комитеттердің жұмысын басқаратын
атқарушы бюро құрылған. Халықаралық стандарттардың жобасын техникалық
комитеттер шеңберінде жұмыс атқаратын жұмыс топтары дайындайды. Техникалық
комитеттер жалпытехникалық және техниканың нақтылы саласына қатысты болып
екіге бөлінеді. Жалпытехникалық топқа жататын техникалық комитеттер (ИСО
құрамында олардың саны 26) жалпытехникалық және салааралық мәселелермен
шүғылданады. Оларға жататындардың ішінде Өлшем бірліктері (ТК 12),
Ерекше сандар (ТК 19) ж.б. бар. Қалған техникалық комитеттер (ИСО
құрамында олардың саны шамамен 140) техниканың нақты салаларына қатысты.
Мысалы, Автомобильдер (ТК 22), Станоктар (ТК 39) ж.б. ТК күрделі
салаларға қатысты болған жағдайда (химия, космостың техника ж.б.) олардың
құрамында комитет бөлімдері және жұмыс топтары құрылады. Халықаралық
стандарттың жобасын қабылдау үшін ТК мүшелерінің 75%-ның келісімі болуы
керек. 2000 жылдың басында шамамен 12 мың халықаралық стандарттар
қолданыста болған. Халықаралық стандарттарды қолдану міндетті емес, яғни
әрбір ел оны толығымен, тек қана кейбір бөлімдерін қолдануына болады немесе
жалпы қолданбауы да мүмкін. Бірақ та халықаралық нарықтағы бәсекелестіктің
артуы жағдайында өндірушілер өз өнімдерінің бәсекелесу деңгейін көтеру
мақсатында халықаралық стандарттарды қолдануға мәжбүр. Шетел мамандарының
бағалауларына қарағанда кейбір өндірістері дамыған елдерде ИСО-ның
стандарттар қорының 80%-ына дейін қолданылады. Халықаралық
электротехникалық комиссия (ХЭК) электротехника, радиоэлектроника және
байланыс салаларында қолданылатын стандарттарды дайындайды. Ол 1906 жылы,
яғни ИСО-дан көптеген жылдар бұрын құрылған. Әр уақытта құрылғандықтан және
жұмыс бағыттары әр түрлі болғандықтан, осы халықаралық мекемелердің екеуі
де бүгінгі күнде жұмыстарын жалғастыруда. ИСО мен ХЭК алдындағы
мәселелердің тұтастығын ескере отырып және жекелеген техникалық органдардың
жұмыстарында жарыса жүргізуді болдырмау үшін мекемелер арасында өзара
келісім жасалған. Келісім, біріншіден, іс-қимылдар шеңберін шектеуге,
екіншіден, техникалық қимылдарды үйлестіруге бағытталған. Біраз елдерде
электротехника, электроника және байланыс салаларының дамуы деңгейінің
төмендігіне байланысты ХЭК мүшелерінің саны (шамамен 60) ИСО мүшелерінің
санынан аз.ХЭК жоғарғы органы - барлық ұлттық комитеттер өкілдерін қамтитын
Кеңес. ХЭК бюджеті ИСО бюджеті сияқты үйым мүшелерінің жарна төлемінен және
халық- аралық стандарттарды сатудан түскен қаржылардан құрылады. ХЭК
техникалық органдарының құрылымы ИСО құрылымына ұқсас - техникалық
комитеттер (шамамен 80), комитеттер бөлімі және жұмыс топтары. Осы органдар
қазіргі кезде 3000-нан астам стандарттар дайындаған. Халықаралық
Стандарттау және метрология саласында ИСО, ХЭК-тен басқа да ұйымдар бар.
Олар - Біріккен Ұлттар Үйымының (БҮҮ) Еуропалық экономикалық комиссиясы,
Халықаралық сауда палатасы. Стандарттау және метрология жұмыстарына БҰҰ
жанындағы ЮНЕСКО, МАГАТЭ ж.б. ұйымдар да қатысады. Дүние жүзіндегі
Стандарттау және метрология саласында жеті аймақтың ұйымдар жұмыс істейді.
Скандинавияда, Латын Америкасында, Арабия аймағында, Африкада, Еуропалық
Одақ (Е.О). Бұлардың ішінде ЕО жұмыс тәжірибесін ерекше атауға болады.

2 Метрология жүйесінің жалпы сипаттамасы және оны реформалау бағыттары

Қазіргі кезде экономиканы интеграциялауға, аймақтық біріккен нарықтар
құруға бетбұрыс айқын байқалады. Интеграцияның кең дамыған аймағы -
Еуропалық Одақ шеңбері (ЕО). 1993 жылы Еуропаның 15 елі бірігіп құрған
нарық осы елдердің шамамен 400 млн. тұрғындарын қамтиды. Осыған байланысты
ұлттық кедергілерді жою мақсатында аймақтық стандарттарға басты назар
аударылып отыр. 1961 жылы Стандарттау және метрология жөніндегі Еуропалық
коми- тет (СЕН ЭЛЕК) құрылды. Бұл комитеттердің құрамын- да 239 техникалық
комитеттер бар. Біріккен нарық жағдайына сәйкес ЕО Еуропаның жасыл кітабы
деп аталған (Еуропада техникалық интеграцияны жеделдету үшін еуропалық
стандарттарды дамыту) бағдарлама жасалды. Бұл бағдарламада Еуропада
Стандарттау және метрология ды ңайтадан құру және дамыту жоспа- ры
қарастырылған. Жасыл кітапта көрсетілгендей, еуростандарттар техника мен
технологияның ең соңғы жетістіктерін қамтуы керек, ал директивалар -
тұрғындар мен қоршаған ортаға қауіпсіз емес немесе зиянды өнімдерді
Қоғамдастыққа енгізбеу үшін тиімді шараларды қарастыру қажет. Осындай
шаралар негізінде Стандарттау және метрология жұмыстарында көптеген
ілгерілеу жасалды. Мысалы, 1991 жылы ЕО 200 директива және 1200
еуростандарттар болған болса, 1993 жылы директивалар саны екі есе
үлғайтылып, еуростандарттар саны бірнеше мыңға жеткізілді. Қазіргі жағдайда
СЕН жәнө СЕНЭЛЕК-тің басты саясаты - ИСОМЭК халықаралық стандарттарын
аймақтық ретінде кеңінен қолдану. Осының нәтижесінде ЕО шеңберінде
қолданылатын нормативтік құжаттардың 45% -ын ИСОМЭК шығарған халықаралық
стандарттар.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі - өз
құзыреті шегінде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын
мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ техникалық
регламенттердің, стандарттардың жиынтығы. Қазақстан Республикасының
Техникалық реттеу туралы Заңын қабылдағаннан кейін мемлекеттік
Стандарттау және метрология жүйесін реформалау басталды. Бұл жұмыстың үш
кезеңін атап өтуге болады.
кезең - алғашқы (2005 ж.) - мемлекеттік Стандарттау және метрология
жүйесінің Қазақстан егемендік алғаннан бастап атал- ған заң қабылданғанға
дейінгі жағдайы.
кезең - өтпелі (2005-2012 жж.) - жүйе жұмыс ының құқықтың статусын
мемлекеттіктен еріктілікке өзгер- ту үшін мемлекеттік Стандарттау және
метрология жүйесін үлттың стан- дарттау жүйесі етіп қайта құру.
кезең - ңорытынды, яғни Стандарттау және метрология дың үлттық жүйесін
қалыптастыруды аяңтау. Бұл жүйені мемле- кеттік емес үйымдар басқаруға
тиісті жене жүйе ерікті қолданылатын үлттық стандарттарға негізделеді.
Алғашқы кезеңде Қазақстанның мемлекеттік Стандарттау және метрология
жүйесінің негізін осы саладағы заңнамалар қоры, Заңдарды іске асырушы
актілер және нормативтік құжаттар құрды. Өтпелі кезеңде адамның өмірі мен
денсаулығы және қоршаған орта үшін өнімге және оның өмірлік циклінің
процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілейтін техникалық
регламенттер және олармен үйлестірілген стандарттар қолданысқа енгізілгенге
дейін мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы
заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Техникалық регламенттердің қолданысқа
енгізілуіне қарай олар қамтитын немесе оларға қайшы келетін нормативтік
құқықтық актілердің күші жойылды деп танылуға тиіс. Қорытынды кезең. 2013
жылға дейін ұлттың жүйе біржолата шет елдердегі практикаға ауысуға тиісті.
Жүйені мемлекеттік емес мекеме басқарады. Қажетті техникалық регламенттер
қоры қалыптасқандықтан, ұлттың стандарттарда тек қана ұсынылатын талаптар
қарастырылады. Ұлттық жүйенің статусының өзгеруі бұл жұмысқа Қазақстан
Республикасының Үкіметі мүлдем ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кітаптарды халықаралық стандартты нөмірлеу
Стандарттау жөніндегі уәкілетті органның функциялары
Қазақстан Республикасының мемлекеттпк стандарты
Исо - стандарттары, сапа ілгіші
Стандарт, стандартизация туралы түсініктер
Халықаралық стандарттау ұйымы
Стандарттарды зерттеп дайындау, бекіту және енгізу тәртібі
Стандарттау, метрология және сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуде негізге алынатын техникалық заңнамалар
Қазақстан Республикасында стандарттаудың мемлекеттік жүйесі
Халықаралық стандарт халықар
Пәндер