Кәсіпкерлік қызметке салынатын салықтардың салық кезеңі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1-тарау. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму
бағыттары және оларға мемлекеттік әсер ету жүйесіндегі салықтардың
ролі 6
1.1 Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік экономикалық алғы шарттары 6
1.2 Қазақстан Республикасында орта және шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің даму тенденциялары 23
1.3 Кәсіпкерлік қызметті салықтық реттеу мемлекеттік реттеудің
негізі ретінде 29
2-тарау. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызметке салық салу механизмі 44
2.1 Жеке кәсіпкерлерге салық салу ерекшеліктері 44
2.1.1 Кәсіпкерлік қызметке арналған арнаулы салық режимі 51
2.1.2 Кәсіпкерлік қызметке салынатын салықты есептеу әдісі 51
2.1.3 Кәсіпкерлік қызметке салынатын салықтардың салық кезеңі
2.2 Кәсіпкерлікпен айналысатын субъектілерден түсетін салықтық 55
түсімдер және олардың бюджет кірістерін құрудағы атқаратын рөлі
56
3-тарау. Жеке кәсіпкерлерге салық салуды
жетілдірудің бағыттары
3.1 Кәсіпкерлік қызметтi қолдау мен дамытуды жетілдіру жолдары 64
3.2 Кәсіпкерлік қызмет тиімділігін бағалау жолдары 64
73
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер 75
78
Кіріспе
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау орта және кіші бизнестің дамуына
жағдай жасайтын, олардың қызметтерін ынталандыруға мүмкіндік тудыратын
экономикалық құқықтық жағдай жасауды, сонымен қатар оларға жеңілдіктерді
пайдалана отырып материалдық және қаржылық ресурстар салуды білдіреді.
Кәсіпкерлердің көзқарасы бойынша, олардың максимальды пайда табуы, салынған
инвестицияның тиімділігі, тәуекелдік деңгейінің жоғары болуы, меншік пен
азаматтардың құқықтық жағдайынан қорғалуы сияқты дітттеген мақсаттарына
жетуіне тек мемлекет қана жағдай жасай алады. Ал, мемлекеттің көзқарасы
бойынша кәсіпкер ең жоғары деңгейдегі мүдделер мен мақсаттарға жетуі тиіс
(мысалға, қоғамдық байлықтың өсуіне, жұмысбастылық мәселесін шешуге, ұлттық
қәуіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалын тигізуі қажет және т.б.)
Мемлекет пен орта және шағын кәсіпкерліктің мақсаттары мен мүдделерін
түйістіру барысында тиімді мемлекеттік саясат жүргізілуі тиіс.
Дамыған елдер тәжірибесі мен Қазақстандағы қалыптасып жатқан нарықтық
қатынастар көрсетіп отырғандай өндірістің тұрақтандырылуы мен дамуы және
тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу бәсекеге төтеп бере алатын шағын
экономиканың дамуына және солар көтеретін бастамаларға негізделуі қажет.
Сондықтан, мемлекеттік ресурстар бұрынғы проспективасы жоқ өндірістен
қазіргі кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталуы қажет және жеке
инвестициялар экономикалық көтерілудің бастамасы мен тұрақтандырудың егізгі
кіліті болуы тиіс.
Тауарлар мен қызметті көбейтуге мүмкіндік беретін және осы негізден
орталықтандырылған қаражылық ресурстары қорларын құруға, оның ішінде
мемлекттік бюджеттік қалыптастыру құралы болып табылатын мемлекеттің салық
саясаты кәсіпккерлікте негізгі роль отқаратыны сөзсіз. Нарықтық экономика
кезінде салық саясаты шаруашылық жүргізудің тиімді нысандарын ынталандырып
отыру қажет және өндіріс деңгейін көтеруге, оның пайдалылығын жоғарылатуға
жағдай жасауы шарт.
Салық жүйесі салықтық қатынастар жиынтығынан және оны реттйтін
институттардан тұрады. Қаржы қатынастары кез келген қоғамдық жүйеде орын
алатын жалыпы экономикалық қатынастардың құрамдас бөлігі. Мемлекет салық
жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі
қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, өзінің ішкі сыртқы қызметтерін
жүзеге асыру үшін жұмсалады.
Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық
экономикалық құрлымын қалыптастьыруда ,өндіргіш күштерді жетілдіруде
маңызды рөл атқарады. Мемлекеттің қаржылары әеуметтік бағдарламаларды жү
зеге асыруға, мемлекеттік басқару апараты мен қорғанысқа, тәртіп сақтау
күштерін қар жыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті тақаруға жұмсалады.
Мемлекеттік бюджеттің кірістері біріншіден орталық және жергілікті
органдар жинайтын салықтарда, мемлекеттік заемдардан, бюджеттен тыс немесе
мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады.
Мемлекеттік табыстың жалпы материалдық енгізін ұлттық табыс құрайды,
мұны бөлу және қайта бөлу негізінде бірқатар ашралар жүзеге асырылады.
Мұндай қайта бөлу механизмінің негізгі және тұрақты буындары салықтар,
мемлекеттік заем, бюджеттен тыс қорлардан алынған төлемдер.
Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі салықтар. Өнеркәсібі
дамыған елдердің бюджетіндегісалықтардың үлесі 90 процент.
Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөл мемлекеттік органдарды
қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты
мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі
артып келеді, мұны жалпы ұлттық өнімнің көлеміндегі салық үлесінің
ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың,
ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқаыс ретінде жана
сипатқа ие болуда. Мұндай ықпал көп бағытта жүргізілуде. Табысқа салық салу
арқылы манипуляция жасап, мемлекет капиталының қролану процесіне
айтарлдықтай әсер етеді.
Салық арқылы ерттеу әдістері салалардың бәсеклестігін ынталандыруға,
капиталдың қорланыуна қолайлы жағдай жасауға, корапарациялардың әлеуметтік
қызметін қолдауға кеңінен пайдаланылады. Осы мақсатта түрлі салық
жеңілдіктерін беру қажет. Салықтық жеңілдіктер беру арқылы мемлекет
өндіргіш күтшерді аймақтық орналастыруға, инфрақұрылым объектілерін салуға
және тағы басқалары айтарлықтай әсер ете алады. Салықты реттеуде мемлекет
тек жекелеген шаралар жүргізіп қоймай, соынмен қатар барлық шаруашылық
коньюктураға ықпал етеді. Экономикалық тоқыраудан шығу үшін мемлекет салық
салдудағы жеңілдіктер беру жолымен күрделі қаржыны ынталандырып, тұтыну мен
инвистицияны қолдап, тауарларға жиынтық қоғамдық сұраныстың болуы үшін
қолайлы жағдайлар жасайды.
Қазіргі кезде нарық тық экономиканың белсенді қатысушылары
кәсіпкерлер, іскер адамдар немесе бизнесмендер.
Кәсіпкерлік туралы көзқарас мыңдаған жылдар бойы өндіргіш күштің
дамуымен меншік қатынастарымен, ғылыми техникалық прогресстің және
қоғамдағы өндірісті ұйымдастырудың түріне, оның шоғырлануы дәрежесіне қарай
өзгеріп тұратынын атап өту қажет.
Әлеуметтік экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғамдық
қатынастарды қамтиды. Кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық
жағдайларында жатыр.
Кәсіпкерлік қызметтің мәні өндіріс құрал жабдықтарын шаруашылық
объектісі ретінде иемденуде және табыс алу мақсатында өндіріс факторларын
тиімді пайдалану. Кәсіпкерлік ққызметтің өркениетті дамуы үшін мемлекет
тарапынан жағдай жасалуы қажет.
Сондықтан да, Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілерінің дамуын мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудың салықтық
аспектілері деген актуалды болып табылады.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік қызметтің даму проблемалары мен оларды мемлекеттік қолдау
бағыттары, оның ішінде салықтық реттеу тетіктерінің әсер ету тиімділігіне
баға беру.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегі сұрақтар қарастырылады:
1. Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік экономикалық алғы
шарттары;
2. Қазіргі жағдайдағы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің
даму жағдайы;
3. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тетігі ретіндегі салық
жүйесінің атқаратын рөлі;
4. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында щағын және орта кәсіпкерлік
қызметке салық салу механизмі;
5. Кәсіпкерлерден түсетін салықтық түсімдердің бюджет кірісіндегі
алатын орны;
6. Шағын бизнес субъектілеріне салық салуды жетілдіру бағыттары;
Жоғарыда аталған мәселелерді қарастыруда ең бірінші салықтық заңдық
нормативтік актілер, содан кейін көптеген классик экономистердің, отандық
ғалымдардың, экономика саласындағы қызметкерлердің ғылыми еңбектері, оқу
құралдары, оқулықтары және түрлі мақалалары қолданылып отыр.

бағыттары және оларға мемлекеттік әсер ету жүйесіндегі салықтардың ролі
1.1 Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік экономикалық алғы шарттары
Кәсіпкерлік қызметке талдау жасау оның жалпы экономикалық категория
ретінде ұзақ тарихы мен терең тамыры барын көрсетеді. Орта ғасырларда
кәсіпкер деген термин, одан да бұрынғы антрепренер (антрепренер
француз сөзі делдалдық дегенді білдіреді екі мағынада қолданылады түрлі
мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы және ірі өндірістік енмесе
құрылыс жобаларын басқарушы. Көне тарих пен орта ғасыр ғалымдарында
кәсіпкерлік туралы оның индустриялық кезіне дейін қалай аталатынына
қарамастан, ерекше ой пікір болған. Алайда батыстың экономикалық
теориясында кәсіпкерлік мәселелеріне назар аудару 18 ғасырдан басталды.
Оны атақты ғалымдар Р.Кантильонаның, А.Тюргоның, Ф.Кенэнің, А.Смиттің,
Ж.Сэйдің есімдерімен байланыстырады. Кәсіпкер терминының атасы белгілі
ағылшын экономисі Ричард Кантильон. Ол кәсіпкер деген нарық жағдайында
әрекет жасаған адамды айтқан.
Әлеуметтік экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғадық
қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң құқылық, психологиялық, тарихи
жақтары бар. Бірақ кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық
жағдайларында жатыр. Кәсіпкерлік қатынастарды қараудың алғашқыт нүктесі
олардың субъектісі мен объектісін анықтау.
Кәсіпкерлік субъектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі мүшелер,
алдымен жеке дара индивидтер, адамдар жатады. Олар бұл сапада жеке дара
өндірісті ұйымдастырудан көрінеді. Мұндай кәсіпкердің жұмысы өзінің еңбек
шығындарына немесе жалдамалы еңбекті қолдануға негізделеді. Соңғы жағыдайда
кәсіпкер жалдаушы болады. Кәсіпкер қызметті бір топ адамдар жүргізу мүмкін,
оларды байланыстырушы-міндетті шарттар мен экономикалық мүдде. Мұндай
кәсіпкерліктің түрі – ұжымдық, коллективтік деп аталады. Ұжымдық
кәсіпкерліктің субъектісі - әртүрлі ассоциациялар: акциөнерлік қоғам
кооперативтер және тағы басқалар. Жеке дара кәсіпкерлерге қарағанда
партнерлік бірлестіктер ірі көлемдегі мәселелерді шеше алады.
Мемлекеттік кәсіпорындар туралы ерекше айтқан жөн. Өйткені мемлекетте
кәсіпорындарының ұжымы өзінен-өзі кәсіпкерліктің субъектісі бола алмайды.
Бірақ егер қайта құрылыс болып, бұрынғы ұжымның орнына жаңа, айталық
арендаторлар ұйымы құрылса, онда соңғылары ұжымдық кәсіпкерліктің
субъектісі болады. Осыдан келіп кәсіпкерлік қызмет түрінің ирархиясы
шығады:
Мемлекеттік (жоспарлы кездегіден өзгеше нарықтық экономикадағы роліне
байлданысты), ұжымдық жеке дара.
Кәсіпкерліктің потенциалдық мүмкіндіктерінен толық бағалау үшін
олардың субъектілерін номиналды және реалды деп бөлудің маңызы ерекше.
Номиналдық кәсіпкерлік қызметімен айналысу құқығы. Нарықты экономика
елдерінде әрбіреуінің бұган құқығы бар. Алайда мұны жүзеге асыру қоғам
мүшесінің бәрінің қолынан келмейді. Сондықтан кәсіпкерліктің шын реалды
субъектісі-бұған деген алғы шарттары бар, ең бастысы - капитарл иемдену
құқысы бар. Міне осы адамдар экономиканың кәсіпкерлік септігін құрып дамыта
алады.
Кәсіпкерліктің объектісі – адамның бергілі қызметі. Кәсіпкерліктің
соңғы нәтижесі-өндірілген өніммен көрсетілген қызмет. Бірақ, ең бастысы -
әр кәсіпкер оның өзіне тиімдісін пайдалысын ғана жасайды. Міне осы себептен
кәсіпкерлердің ең басты мақсаты өз кәсіпорнының пайданы көп келтіруі немесе
шығындарын барында азайту. Ал кәсікердің табысы көбіне оның істі
ұйымдастыруына тікелей байланысты. Ал қызметінің бастапқы кезінде кәсіпкер
қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшін өндіріс факторларын
комбинациялаудың жаңа жолдарын іздейді, яғни бұл кәсіпкер ісінің ең басты
мақсаты.
Сонымен, кәсіпкерлік - жаңа мүмкіндіктерді іздеу, жаңа технологияны
пайдалану, капиталды жұмсаудың тың салаларын іздеу, ескі ойлау шеңберіне
шығу, былайша айтқанда өндірістің жаңа түрін ашып дамыту, қызметтер мен
тауарлардың жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру құрылымдарын
өзгерту, жаңарту және өркендету болып отыр. Мұндай өзгерістердің түрлері әр
алуан жаңа кәсіпорындар ашу немесе ескілерін жою және модификациялау.
Демек, нақты өмірде кәсіпкерліктің объектісі - новаторлық, жаңашылдық,
ерекше мағынадағы новаторлық- өндіріс, айырбас және бөлудің түрлі
факторларын үйлестіру.
Кәсіпкерлік әр кезде де белгілі бағытта ұйымдастырылады, нақты
формалары бар. Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше
жалпы белгілері бар. Оның ішінде негізгісі – шаруашылық субъектілерінің
еркіндігі мен тәуелсіздігі. Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін
қамтамасыз ететьін тәртіп қалыптастырады. Кәсіпкердің тәуелсіздігі оған
экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен
тауар өндіру процесін ұйымдастыру және оларды нарықта кәсіпкердің
ойлағанындай сату құқығын береді. Материалдық ресурстармен ақша капиталының
иелері бұл ресурстарды өз қалауынша пайдалана алады. Әрбір қызметші өзі
істей алатын еңбекпен айналысуға құқығы бар. Алайда қандайда болмасын
еркіндік көптеген жағдайлармен шектелген, олар сыртқы орта мен субъектілер
әрекетінің нәтижесінен шығады. Дегенмен кәсіпкерліктің басты шарты - барлық
мүмкіндіктердің деңгейі тұрғысынан шешім қабылдауға автономиялылығы,
өзбеттілігі.
Барынша көп табыс келтіру – кәсіпкерлік жұмыстың қозгаушы факторы. Көп
жағдайларда тек осы тұрғыдан ғана іс ұйымдастырылып, одан әрі кеңейтіледі.
Бірақ нарық жағдайында белгілі бір өзгерістер өне бойы болып тұрады.
Кәсіпкер көбіне бұл өзгерістердің басталуын күтпейді, тек соңынан қана
оларға тиісінше көңіл аударады. Олар өздеріне тиімді өзгерістер яғни
жұмыстарына жаңалықтар енгізеді. Жаңалық процесінің мұраты - пайда табу.
Нарыққа жаңа тауар шығарған немесе ресурс үнемдейтін экономикалық тиімді
технология ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі уақытқа дейін баламалы
құнынан жоғары бағамен сатады, міне осы қабілет - әдеттегіден ерекше шешім
қабылдау іскерлік әлемінде ерекше жоғары бағаланады.
Кәсіпкерлікке тән тағы бір сипат шаруашылық жүргізудегі тәуекелге бел
бууы. Іске кіріскенде алғашқы болашақ бұлдыр, оны болжап білу киын. Жаңа
идеялармен жобаларды пайдаланғанда бастапқыда қауіп-қатері көп, оларды өне
бойы экономикалық жағынан есептеуге мүмкін емес,
Шаруашылық қауіп–қатердің, тәуекелдің негізінде мүмкін болатын және
шын нәтижелердің ара қатынасы жатады. Егер өндірілген тауарлар бағасы
жұмсалған шығындарды қайтармаса, онда кәсіпкер өз қызметін тиімді
ұйымдастыра алмағаны , әлде күткен конъюктура жайсыз болғаны.
Өндіріс факторларын конбинациялауды тұрақты бақылау кәсіпкерді өне
бойы ауыр жағдайда ұстайды, ал мұндай психологиялық жай өндірістің басқа
мүшелерінде тарайды. Сонымен, нақты кәсіпкерлік қызметтің шеңберіне
шаруашылық белсенділіктің жаңа мүмкіндіктерін іздеу пайдалылықтарын
анықтау, өндірісті ұлғайтудың қаржылық және басқа ресурстарын қамтамасыз
ету, жұмысшыларды жалдау, өкіметпен жабдықтаушымен, кленттермен қарым-
қатынастар енеді. Әрине осы жұмыстардың бәрін бір адамның атқаруы міндетті
емес. Бірақ кәсіпкерді лизамен салыстыру орынды; ол басқалардың энергиясын
көбейтеді. Тәуелсіздік және ұйымдастырудағы новаторлық кәсіпкерліктің мәні
осында: біреу оған өмір берсе, екіншісі тағдырын анықтайды .
Кәсіпкерліктің мәнін толық түсіну үшін оны меншік қатынастарын жүзеге
асырудың бір түрі деп қарау керек. Кәсіпкер меншік иесі ме? Бұл сұраққа
жауап беру үшін меншік иесінің қызметін шаруашылық субъектісінің қызметінен
айыра білу шарт. Өткен ғасырдың өзінде-ақ меншіктегі капиталдан қызмет
атқаратын капитал бөлінеді. Осыған қарап өндіріс құрал –жабдықтарын меншік
объектісі ретінде иемденуден оларды шаруашылық объектісі ретінде иемденуі,
тиісінше меншік иесі қызметін шаруашылық субъектісі қызметінен айыра білу
қажет. Субъектінің өндіріс құрал–жабдықтарын меншік және шаруашылық
объектісі ретінде иемденуі жеке–дара кәсіпкерлік деп түсіндіріледі. Шешім
қабылдау процесі капитал иесін түгелдей тәуекелді. Алайда әдетте шешім
қабылдау капитал иесінің капиталды басқарушыға ауысып отырады. Бұл өндіріс
құрал-жабдықтарынан шаруашылық объектісі ретінде иемдену. Оның иелері жеке
адам, топ немесе ұжым болулары мүмкін. Олар белгілі жағдайлар негізінде
кәсіпкерлерге айналды - өздерінің шаруашылық жұмыс нәтижелеріне
экономикалық жауапкершілікпен қарайтын оқшауйланған тауар өндірушілер. Ол
тенденция бағыт акциөнерлік қоғамдарының пайда болуы мен байланыстарды
күшейтеді. Жеке кәсіпорындарда бұрынғысынша меншік иесі кәсіпкер бірақ
қазір кәсіпкерлер кооператив болып, ұйымдастыру, техникалық басқару меншік
иесінен толық қанды өкілі – менеджерге ауысуымен сипатталады. Сонымен,
кәсіпкер өндіріс құрал-жабдықтарын меншіктенуші болмай-ақ шаруашылық өкілі
ретінде иемдене алады. Кәсіпкер қызмет істейтін меншікті иесі ретінде
шаруашылық субъектісі болып оқшауланады. Оған шаруашылық жұмысын өз бетімен
жүргізуге жағдай жасайды, өз есебінен кәсіпорында ашық, өндіріс құрал-
жабдықтарын тиімді пайдалануға оны жұмыс күшімен қосудың жағдайын анықтауға
мүмкіндік береді.
Демек, кәсіпкер мен меншік иесі арасында айтарлықтай байланыс жоқ.
Кәсіпкерлікті өркендетудің шарттары: меншік қатынастарын персонификациялау
(адамдық келбеті), мүліктерді қолдану жөнінде өз еркі, жауапкершілігі мен
шешім қабылдау мүмкіндігінің өнімдер мен табыстары жөнінде де осындай
мүліктердің берілуі қабілеттер мен жинақтарды пайдалану жолдарын таңдап
алудағы өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық еркіндігі, нарықтардың
ашықтығы және тең салмақтылығы, қызметтер мен тауарлардың капиталдың,
информация мен жұмыс күшінің қозғалысында кедергінің болмауы, тауарды
бірдей бағамен сатып алу мүмкіндігі болуы, азаматтардың құқықты қоғамының,
оның ішінде заң шығаратын, орындаушы – сот үкіметінің құрылуы және меншікті
иесі мен кәсіпкермен құқығын қорғау.
Кәсіпкерлік дамуының дәрежесі, немесе жетілдірілмеген болуы мүмкін.
Кәсіпкерлік қызмет нарықтан шығады, ол нарық қатынастарының сипаты мен
көлеміне байланысты. Кәсіпкерлікті өркендетудің жағдайларын жасауда
бәсекенің орны ерекше. Кәсіпкер үшін шаруашылықты жүргіз – бәсекеге түсу,
өндірісті ұйымдастыра отырып, ол бәсекелік күреске әзір болуын, нарықтың
қоғамдық қажеттілігіне сай келмейтінінің артығын қиып түсетіндігінен әзір
болуы керек. Кез-келген меншік түрі (соның ішінде мемлекеттік де) прогресс
жолына шыға алады. Сонымен қатар кез-келген меншік тірі (соның ішінде
жекеменшік те) прогрестің күшті символы болады, егер сол жасампаз бәсеке
жол ашса. Күшті нарықтық эконмикасы бар елдер тәжірибесі көрсеткендей еркін
бәсеке жүйесін реттейтін экономика белгі болады. Ол мемлекетсіз жұмыс істей
алмайды, өйткені мемлекет ақша ұсынысын ұйымдастырады, ұжымдық
қажеттіліктің бөлігі ретінде өтемдер береді. Нарықтық мінездердің тиімсіз
жақтарын тежеп жібермейді.
Нарықтық экономика үшін күрделі ауруға бірден қарсы тұра алмайды-
монополизмге, инфляцияға және іскерлік пен белсенділіктің төмендеуіне.
Өзінің ішкі резервтері арқылы оларға қарсы тұруы қиын. Егер мемлекет бұған
араласпаса аурулар асқынып, біраз экономикалық және әлеуметтік зиян
келтіреді. Кеңісшіл теоретиктер өздерінің саяси ұсыныстарында инфляцияның
зардаптарынан керісінше көңіл бөлмегенінен 70-жылдардағы инфляцияны
күшейтті, ал нарықтық күш – қуаттары бұған жетпеді. Ол үшін мемлекет
ретеудің формалау, 80-жылдардағы консерваторлардың күшті дәрілері қажет
болды.
Қазіргі нарықтық шаруашылық монополияға, инфляцияға қарсы,
шараларынсыз, өндірістің ұзақ құлдырауынан тоқтататын саясатсыз мүмкін
емес. Мемлекеттің нарықтық экономикаға раласуының басты белгілері осындай.
Бұл шеңбер рыноктық механизммен реттеудің қисынды тетігіне, қазіргі
қоғамның әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге жеткілікті.
Егер мемлекет ақшаны нарықтық экономикаға жібергеннен артық шығарса,
онда ол қандай да ізгілікті мұраттарды басшылыққа алса да, рыноктық
процестердің бұзылуы тиімділігінің төмендігіне әкеледі.
Ерте ме кеш пе экономиканың мемлекетсізденуі, оның мемлекеттің
белсенді араласуынан шыйғуын қажет етеді. Мемлекетсіздендіру жүйесі кемінде
4 шаруашылықты басқаруды бюрократтандырудан құтқару, мемлекеттік кәсіпкер
қызметі шектеу, жеке капиталды ынталандыру экономиканы реттеуді тарылту.
Мұндай жүйенің қажеттілігін есепке алу мұндай қорытындға әкеледі:
жекешелендіруді, мемлекетсіздендіруді жай бір іс деп қарап оны шаралардың
барлық жүйесінен бөлек жүргізу (кешіктіріп я ерте) шаруашылық түбірлі
өзгертулердің тиімді құралы бола алмайды.
Бұл жағдайда жекешелендірудің теориялық анықтамасын берудің маңыз зор.
Жекешелендіру-объектілерді белгілі қызмет түрлерін мемлекет қолынан алып
жеке меншікке беру кең мағынада бұл түсінікке кейбір артықшылықтарды немесе
монопольды нарықтың белгілі сегментін жаулап алу, немесе жаңа
мемлекеттіктен басқа қызметпен тауарларды ұсыну түрлерін жекелендіру
кіреді.
70-80 жылдарда жекешелендіру бүкіләлемдік құбылысқа айналды. 80-жылдың
аяғында дүниежүзінің 80 елі – Латын және Солтүстік Америка мемлекеттерінен
Оңтүстік Корея, Филиппин, Малайзияға дейін мемлекеттік секторды қысқарту
бағдарламасын қабылдады. Мұнда Ұлыбритания елінің мысалы айтарлықтай 1979
жылы Маргарет Тэтчер үкіметі жекешелендіруді экономикалық саясаттың басты
мәселесі деп есептеді. Нәтижесінде өткен 10 жылдықта жеке капиталға
экономиканың мемлекеттік секторынан 29 ірі кәсіпорны берілді. Ол шаруашылық
жұымысның көрсеткіштеріне игі әсер етті, Мысалы, БритишСтиль мемлекеттік
бола отырып жылына 1 млн. стерлинг шығынға ұшырады, ал
денационализацияланғаннан кейін, яғни мемлекет иелігінен шыққаннан соң
тұрақты пайда келтіреді. Бірақ Англия жекешелендіруде біраз жетістікке
жеткенмен ол техникалық және экономикалық қиындықтарға кездесті.
Біздің жағдайымызда жекешелендірудің ерекшелігі меншіктің мемлекет
қолында жоғары шоғырландыру мен кәсіпкерлік дәстүрмен сипатталады мұндай
ерекшеліктер жекешелендіруді жүргізудің қосымша шаралар мен де байланысты.
Национализациялануға қарағанда жекешелендірудің ерекшелігі процесі бір
сатылы акт емес, яғни оны тез жүргізуге болмайды. Кәсіпорында сату меншік
иесін ауыстырудың құқықтық жақтарын анықтайтын бірінші саты.
Ал тағы да кемінде екі сатыдан тұру керек: Меншік иесінің құқығын
нақты жүзеге асырудың шын жағдайларын жасау (саяси, экономикалық,
әлеуметтік, праволық нормаларын) және ең соңында меншік иелерімен
басқарушылар арасында коммерциялық жұымстардың басқа меншік иелеріне беру
жөнінде еңбек бөлінісінің болуы. Әрине бұл ұзақ сипаттағы процесс. Мұның
мемлекетке жүргізу мүмйкін, бірақ фодан кейінгі қарқыны әртүрлі
орындаушылар мен әрекет етушілерге баланысты және олардан басқа объективті
фактілерге де қатысты болады.
Жекешелендірудің түрі көп, әрбір ел өзінің қайталанбас жекешелендіру
жолын қалыптастырады. Алайда ерекшеліктерінің көптігіне қарамастан,
жекешелендіру концепциясының әзірлігінде төмендегідей талаптарды ескерген
жөн: одан басқалары өтпелі кезеңді нарықтық шаруашылық өлшемдері бойынша
жұмыс істеуге ынталандыруды пайдалану, жекелендіру кезінде көз бояушылыққа
жол бермеу; ішкі нарықтың капитал сенімділігінің проблемасын; халықты
жекешелендіруге құызықтыру жағдайларын жасау, оны үнемі сақтау; халықты
әлеуметтік жағынан қорғау әсіресе аз табыс алатындарды; жекешелендіруден
түскен түсімдерді әлсіз кәсіпорындарға бермеу керек.
Ешбір елде жекешелендірудің ойдағыдай керемет тәсілі жоқ. Әрбір елдің
тәжірибесі оң және теріс жақтарын көрсетеді. Көптеген жағдайларда бұл
процесс сол елде қалыптасқан нақты тарихи және әлеуметтік мәдени ортамен
анықталады; қоғамдағы тұрақтылықтың дәрежесі мен праволық реттеу жүйесі
және оның тиімділігінен экономикалық дамудың жағдайы мен, дамыған қаржы мен
банк жүйесінің болуы мен әлеуметтік құрылымындағы орта топ үлесі мен,
халықтың психологиясына байланысты.
Жекешелендеруді кең шеңберде тиімді және кезеңдер мен өткізу үшін
жоғарыдағы аталған шарттарды орындау әсіресе көптеген инвесторларды тауып,
саяси және әлеуметтік келісім және мемлекет тарапынан тұрақты ауқымды
бақылау арқылы жүргізуге болады.(пара беру мен, коррупция мафия мен күрес).
Әр түрлі елдердің тәжірибесі көрсеткендей жоғарыда аталған шарттардың
тек біреуін ғана елемеу жекешелендірудің нәтижесін және қарқынын
төмендетеді. Бұл процесті асығып және қалай болса солай жүргізу, жергілікті
жерде ескі экономикалық жүйені жасамай жекешелендіру-әлеуметтік қауіпке
әкеледі.
Мысалы: Қазақстан Республикасында да жекешелендіру процесінде де қиын
жолмен жүріп келеді. 1991-1997 жылдарға арналған жекешелендіру мен
мемлекеттік иелігінен алудың бірінші кезеңінен нәтижесінде құны 1млрд
сомаға жуық болған 6198 объект сатылды. Жекешелендірілген кәсіпорындарында
767 000 адам іс жүзінде меншік иелеріне айналды. Бұл республика бойынша
жалпы жұмыс істеушілердің 12 % алайда мақсат орындалған жоқ. Саудада
жекешелендірілген кәсіпорындардың үлесіне барлық бөлшек тауарлар
айналымының небәрі 4% ған келеді. Ал олардың жалпы санының 40%
жекешелендірілген елді бұл процесті жүзеге асыруда жоғарыда айтылғандай
асығыстық, мүлікті талан-таражға салу басым болды.
Республикада мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 2 кезеңі де
осы және тағы басқа кемшіліктер қайталанбас үшін біраз өзгерістер
енгізілді. Ең бастысы бұған бүкіл халықты кеңінен қатыстыру, жариялықты
күшейту, үкімет пен мемлекет тарапынан бақылау жүргізіледі. Жекешелендіруге
тұрғын үй купондарын барынша қатыстырып инвестициялық қорлар құрыап,
жекешелендіруден түскен қаржының 10-15% халықтың материалдық жағдайы нашар
топтарына бағыттау көзделген.
Жекешелендірудің 1998-2000 жылдарға арналған екі кезеңнің ұлттық
бағдарламасында бұны үш бағытта белгіленген:
Бірінші бағыт - шығын салаларды қамтиды. Онда 200 адамға жұмыс
істейтін сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыс қажетін өтеу
кәсіпорындары иелеріне берледі. Бұл бағыт шамамен 27000 кәсіпорынды, онда
істейтін адамдарды қамтиды.
Екінші бағыт - жаппай иелендіру. Бұл жолы 500 адамға дейін жұмыс
істейтін бүкіл кәсіпорындар мемлекет қарауынан иелерінің қолына өтеді,
мұндай кәсіпорындарының саны 9000 шамасында және 3 млн адам қамтылады.
Үшінші бағыт- аса ірі және бірегей кәсіпорындарды және басқа
нысандарды(объектілерді) мемлекет иелігінен алу бұл тұста үкімет олардың
әрқайсысына өзгеше талаптар мен келеді. Мұнда холдингтер ұйымдастыру
болады. Үшінші бағытта 1,5 мың кәсіпорын және 2млн адам қамтылады.
Үкіметтің ұсынысы бойынша шағын кәсіпорындар аукциондар мен конкурстар да
өткізіледі.
1997 жылдың орта кезеңінде Қазақстан Ресбуликасының 35 акциөнерлік
қоғамы 76 салааралық қоғамдастық, 30 концерндермен концорциум, 120
коммерциялық банктер 60 тауар биржасы 40 сақтандыру компанияларды
2аудиторлық орталық, 11000 кооперативтер, 5,5 шағын, кіші кәсіпорындар
болды. Бұл күндері олардың саны мен сапасы өсті. Қазір 200 түрлі банктер
бар. Тек ауылшаруашылығында жекешелендірудің бір кезеңінде 759 ұжымдық, 388
кіші кәсіпорындар 766 шаруа шаруашылығы, 99 ауыл шаруашылық кооперативі, 39
шаруа шаруашылығының ассосациясы мен 25 шағын кәсіпорындар ассосациясы
құрылды.
Сонымен жекешелндіру нарықтық экономикаға өтудің алғышарттарын жасай
отырып, кәсіпкерліктің құнарлы топырағын әзірлейді. Бастапқы кезде
кәсіпкерлік капиталдың тез айналатын салаларында дамиды, саудада да,
қоғамдық тамақтану органдарында қызмет көрсетуде және т.ғ.б.
Кәсіпкерлік экономикалық қызметтiң басқа түрлерiмен салыстырғанда
өзiнiң жылдамдығымен және инисативалылығымен ерекшеленедi. Кәсіпкерлік мен
үнемi жаңа өнiмдi, технологияны, сапаны, рыноктi, бағаны, сондай-ақ
тұтынушыларды, материалдарды, құрал-жабдықтарды, транспортты, ғимараттарды,
ақпараттарды, байланысты және тағы басқаларын iздестiру үстiнде болады.
Адам Смит iскерлiктен түскен пайданы жеке меншiк иесi - Кәсіпкерлік
менге оның қым-қиғаш қызметi мен коммерцияық идеяларын iс жүзiнде асыру
жолындағы тәуекелi үшiн қоғамның берген ақысы деп атады. Басқару
саласындағы iрi маман Макс Вебер Кәсіпкерліктi ақыл -ойдың дәнiн себушi
ретiнде бағалаған. Жоғарыда айтып кеткен Иозеф Шумпетер iскерлiктi
экономиканың басты факторы, оның дамуының негiзгi қозғаушысы еп санаған.
Белгiлi ағылшын экономисi Джон Мейнард Кейнс iскердiң бойында болуы тиiс
төмендегiдей негiзгi қасиеттердiң астын сызып айтқан: абайлай бiлу, алдын
болжай бiлу, есептей бiлу, өркениетке ұмтылу, тәуелсiздiк, алдағы күнге
сенiммен қарау, iлкiмшiл болу, ұқыптылық, жиған ауқатын мұрагерлерiне
қалдыру ниетiнiң болуы [1].
Нағыз Кәсіпкерлік меннiң бойынан табылатын осы қасиеттер тiзбесi
сырттан қарап түрған бақылаушының бойында секем туғызуы ықтимал. Өйткенi,
оның ойынша iскерлiкте тек қана ешқандай бiлiмi, тәжiрибесi, аами
қасиеттерi жоқ, шала сауатты адамдардың жолы болады. Шынында да, қазiргi
хаос билеген, заңның орындалмайтын амағайып кезеңiнде, тауарлық игiлiктерге
қол жеткiзудiң тәртiбi жасалмаған жағдайда, iскерлiк әдеп, пен моральдiң
сақталмауы арсыздықтың етек алуына жол ашып түрғанда мафиялық құрылымдар
табысқа жетуi мүмкiн. Алайда бұл уақытша нәрсе.
Тауарлар мен қызмет көрсетудiң өркениеттi рыногi қалыптасқан кезде
бәсекелестiк пайда болады, тиiстi заңдық қағидаттар қабылданады. Сол кезде
бiрқалыпты нарықтық орта қалыптасып, жоғарыдағыдай iс-қимылдар орын алмайы.
Ал жоғары кәсiби шеберлiлiк жарамсыз iскерлiктi нарықтан ысырып тастайды [5-
8].
Кәсіпкерлік немесе iскерлiк – бұл өзiндiк инициативалық, өз мүлкiнiң
жауапкершiлiгi аясында жүзеге асатын, жекелеген адамзаттардың немесе
олардың топтарының пайда немесе басқалай түрiнде экономикалық олжа табуға
бағытталған кез келген қызметi.
Сонымен қысқаша айтқанда Кәсіпкерлік - нарықтық экономика жағдайында
адамның пайда табуына, пайда алуға негiзделген экономикалық қызметi.
Бiздiң Республикамыздың көптеген азаматтардың пiкiрiнше Кәсіпкерлік –
коммерциялық қызмет ретiнде санайы. Кәсіпкерлік нарықтық қатынас жағдайында
экономиканың барлық жақтарын: өндiрiс, өнiм тарату, қаржылық қамтамасыз
ету, қамсыздандыру, қызмет көрсету, жұмыс орындау және өнiмдi өндiрумен,
бөлумен, айырбаспен және тұтынумен байланысты қызметтiң басқа да түрлерiн
қамтитын көп қырлы қызмет [11-18].
Қызметтiң мәнiне байланысты Кәсіпкерлік өндiрiстiк, саудалық,
қаржылық, делдалдық, және сақтандырулық болып бөлiнедi. Ендi олардың
әрқайсысының мазмұнын қарастырайық:
Өндiрiстiк Кәсіпкерлік . Өндiрiстiк Кәсіпкерлік ке негiзiн
материалдық, рухани және интеллектуалдық өндiрiс құрайтын iскерлiк
қызметтiң түрi жатады. Бұл -iскерлiктiң қоғамдық түрғыдан алғана ең
қажеттi, өте салмақты, күрделi, сондықтан да бiршама ауыр түрi. Егер
өндiрiстiк Кәсіпкерлік болмаса, мысалы, коммерциялық Кәсіпкерліктiң
материалдық негiзi болмас едi.
Өндiрiстiк Кәсіпкерлік бұл негiзiнен алғанда, өнеркәсiптiк және ауыл
шаруашылық өнiмдерiн шығару. Өндiрiстiк Кәсіпкерлік бұл тұтынушыларға
өткiзiлетiн өнiм, тауар, жұмыс, ақпарат, рухани (интелектуалдық)
игiлiктердi өндiру процесiн ұйымдастыру және iске асырумен айналысатын
iскер. Кейбiр iскерлер өнiм өндiрумен және дайындаумен өздерi айналысады,
бiрақ бұл бiрдi—екiлi жағдай ғана. Көпшiлiк жағдайда жағдайда өндiрiстiк
iскерлер өз Кәсіпкерлік iне отбасы мүшелерiн, туған-туыстарын (мысалы,
шаруа қожалықтарында) тартады, сондай-ақ жалдамалы жұмысшылардың қызметiн
пайдаланады.
Өндiрiстiк Кәсіпкерліктiң принциптiк сызбасы төменде берiлiп отыр
(сызба 1).
Өндiрiстiк Кәсіпкерліктiң принциптiк сызбасы
М Др Рс Т
Дм Дт
До ОС
1-сызба
Шартты белгiлер:
М- өндiрiстiң айналым қоры; РС- жалдамалы жұмысшылар;
Дм- айналым қорды сатып алуға Др- жалдамалы жұмысшылар-
арналған ақша; дың еңбек ақысы;
ОС- өндiрiстiң негiзгi қоры; Т- тауар, сатылуға тиiстi өн-
До- негiзгi қорды алуға немесе дiрiс өнiмi;
жалға алуға арналған ақша; Дт- тауарды сатудан түскен
ақша;
Өндiрiстiк Кәсіпкерліктi жүзеге асыру үшiн өндiрiстiң бiрқатар
факторларын сатып алуы керек. Бiрiншiден, материалдар, энергия, жартылай
фабрикаттар және басқа өндiрiстiң дайын өнiмдерi, яғни қосымша қор (сызбада-
М) керек. Бұл үшiн Кәсіпкерлік мен ақша (Дм) төлеуi тиiс. Екiншiден,
өндiрiс негiзгi қорсыз (ОС) –жерсiз, техникасыз өндiрiстiк ғимаратсыз,
құрал жабдықсыз және тағы басқаларсыз өмiр сүре алмайды. Егер iскерде
бұлардың барлығы жоқ болса, онда сатып алуға немесе жалға алуға тура
келедi. Бұл үшiн де ақша (До) керек. Өз меншiгiндегi негiзгi қор ұзақ уақыт
бойы қызмет етедi, сондықтан Кәсіпкерлік меннiң шығыны белгiлi бiр
өндiрiлген өнiмнiң көлемiне аммортизациялық аударым көлемiмен анықталады.
Үшiншiден Кәсіпкерлік мен өндiрiстi жүргiзу үшiн жұмысшылар жалдауы (РС)
қажет, олардың еңбек ақысы (ДР) да төленуi тиiс. Осы шығындардың үстiне
iскер өз еңбегiнiң де ақысын енгiзуi қажет. Өйткенi, iскерлiк қызметке
кететiн кез-келген шығын өнiмнiң өзiндiк құнына кiредi [4-8].
Онан әрi ақпарат алуға, алынған материалдар мен дайын өнiмдердi
сақтауға және тасмалдауға, негiзгi қорды жөндеуге, пайдалануға және
басқаларына шығын шығару керек болады. Өндiрiстiк iскерлiк дайын өнiм (Т)
алып, оны өткiзгеннен кейiн нәтижесiнде Кәсіпкерлік меннiң ақшалай қаржы
(Дт) табуы мен аяқталады. Барлық өндiрiстiк iскерлiктiң мәнi өндiрiс өзiн
–өзi ақтап, Кәсіпкерлік менге белгiлi –бiр пайда әкелуiнде жатыр. басқаша
айтқанда, бұл жағдайда Дт- Дм, До,Др, қосымша шығындар мен салықтан көп
болып, iскердiң табысының (Пп) көлемiндей болуы керек, басқа жағдайда
iскерлiк өзiнiң мәнiн жояды.
Қол өнер және жеке өндiрiстiк iскерлiк кәiспорынды тиiстi сандық
түрғыдан тiркеусiз де ашуға болады. Алайда, орта және iрi өндiрiстiк
Кәсіпкерлік те iстiң бұл формалды жағын айналып өту мүмкiн емес.
Өндiрiсiтiк Кәсіпкерлік - қолға түсе бермейтiн және қымбат өндiрiс
факторын қажет ететiн өте күрделi және ауыр iс. Әлбетте, осындай себептер
қазiргi жағдайда Қазақстанда өндiрiсiтiк iскерлiк өсуiне қол байлау болып
отыр. Бұған қоса жаңадан пайда болған Кәсіпкерлік мендердiң төмен
бiлiктiлiгi, өндiрiстiк қызметтiң әлi де беделге ие болмауы, жеңiл пайда
табу көздерiнiң баршылығы. Кәсіпкерліктiң бұл түрiне iскерлердi көбiрек
тартуға кедергi келтiруде. Сонымен қатар, өндiрiстiк iскерлiк кез-келген
мемлекет экономикасының және жалпы Кәсіпкерліктiң негiзi болып табылады.
Сондықтан да егре сол сәтндегi арзан табысты ойламай, болашағы мол түрақты
Кәсіпкерлік ке ұмтылатын болсақ, онда дәл өндiрiстiк iскерлiктi дамыту өте
қажет.
Коммерциялық Кәсіпкерлік . Коммерциялық немесе саудалық Кәсіпкерлік -
бұл тауарларды сату мен сатып алуға байланысты iскерлiк. Коммерция өзiнiң
бастапқы мағынасында сауда ұғымын бiлдiредi, ал коммерцант- сауда, тауар
айырбастау, тауар ақша операцияларымен айналысатын саудалық iскер,
Кәсіпкерлік мен. Коммерциялық Кәсіпкерлік өндiрiстiк Кәсіпкерлік пен
тiкелей байланысты. Өйткенi,өндiрiлген тауарды ақшаға өткiзу немесе басқа
тауарларға айырбастау керек. Дәл осы саудалық iскерлiк тауарға деген
сұранымды анықтап, қандай да бiр болсын өнiмнiң түрiн өндiрудi көбейтуге
немесе керiсiнше шектеуге әсер етедi. Коммерциялық iскерлiктiң принциптi
сызбасы қажеттi факторлардың аз болуына байланысты өндiрiстiк бинеске
ақарағанда әлде қайда қарапайым. Жалпы алғанда, ол төмендегiдей көрiнедi
(сызба-2).
Коммерциялық бизенстiң принциптi сызбасы
Т Т
Дф Дт
2- сызба
Шартты белгiлер:
Т- тауар;
Дф- тауар иесiне берiлген ақша;
Дт- коммерциялық iскерден (коммерсанттан) сатып алынған
тауар үшiн берiлетiн ақша.
Сауда операциясының негiзгi формуласы: сату кезiнде (тауар-ақша( және
сатып алу кезiнде- (ақша-тауар(. Коммерциялық Кәсіпкерлік те сату –сатып
алу операциясынан басқа (тауар-тауар( (тауар үшiн-басқа тауар немесе
қызмет) формласы бойынша тауар айырбастау, бартер жүзеге асырылады [2].
Коммерциялық iскерлiктiң өзегi тауар бағасының айырмасы болып
табылады. Мысалы, өнiмнiң кейбiр түрлерiн өндiретiн жерлерде сол өнiмнiң
бағасы басқа ауданарға қарағанда әлде қайда арзанырақ болады, мiне,
коммерсанттар осы жағдайды пайдаланады. Келесi жағдайда (яғни, тауарды
сатып алу-сату iрi партиямен жүзеге асырылады) және бөлшек сауда арасындағы
айырмашылықты айтуға болады. мұндай жағдайды белгiлi –бiр тауардың бағасы
бөлшек сауаға қарағанда көтерме саудада әлде қайда төмен. Бағаның бұл
айырмашылығында тауарды арзанырақ бағаға сатып алып зжәне одан әлде қайда
жоғарырақ бағамен сататын коммерсант (саудалық Кәсіпкерлік мен) әлбетте
пайдалана бiледi.
Былай қарағанда қарапайым көрiнетiн коммерциялық Кәсіпкерлік ((арзан
сатып алдым- қымбат сатамын() шын мәнiсiнде iлде қайа күрделi.
Сұранысқа ие тауарды тауып, оны сатып алу, оны сақтау, тасмалдау,
сауда кәсiпорнына жеткiзу, сату алдынағы дайындық, сатып алушыларға
қызметкөрсету-мiне, коммерсанттың күш-жiгерi мен шығынының толық емес
тiзiмi осындай. Мұның үстiне егер сол Кәсіпкерлік меннiң өзiнiң және
жалдаған жұмысшыларының еңбек ақысына кететiн, сауда орындарын және басқа
құрал –жабдықтарды алу немесе жалға алуға, оларды күтiп баптауға, сатып
алушыларға саудадан кейiн көрсетiлетiн қызметке (тауарды үйiне жеткiзу,
орнату, кепiлдiк беру), сауда операцияларының құжаттық дайындалуына кететiн
шығындарды, сондай -ақ салықты қоссаңыз, онда коммерсанттың қызметi iс-
жүзiнде сауда Кәсіпкерлік iнiң принциптi сызбасына қарағанда әлде қайда
күрделi болып шыға келедi.
Жалпы, коммерцияда өндiрiстiк iскерлiктегiдей де Кәсіпкерліктiң көп
факторлары жұмсалады.
Қаржылық iскерлiк. Саудалық Кәсіпкерлік ке әлде қайда жақын түрған
қаржылық iскерлiк болып табылады. Өйткенi, оның негiзiнде сатып алу-сату
жатады. Бiрақ, мұнда ақша, валюта, бағалы қағаздар сиқты ерекше тауарлар
айналымға түседi [11].
Өндiрiстiк, коммерциялық және iскерлiк қызметтiң басқа түрлерiн жүзеге
асыру ақшалық (қаржылық) көзердi керек етедi. Шикiзат пен материаларды
сатып алу, ғимараттарды жалға алу, жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақысын
төлеу және басқа iскерлiк жұмыстар ақша көздерiн түрақты жұмсауды қажет
етедi. Әрине, әлде бiр Кәсіпкерлік мен өз iсiн жүргiзу үшiн жеткiлiктi
мөлшерде ақша көздерiн иеленген деп ойлаймыз.
Алайда, тәжiрибе көрсетiп отырғандай, белгiлi –бiр Кәсіпкерлік
-операцияның басталуынан оның аяқталуына дейiн жеткiлiктi дәрежеде ұзақ
уақыт кетедi, сондықотан да операция аяқталғаннан кейiн ақшаны алғанға
дейiн Кәсіпкерлік менге қолда бар қаржы ресурстары жетiспеуi мүмкiн, осыған
қарай ол заемдық көздердi iздестiрудi бастайды. Дәл осындай жағдай, iскер
өз қолында отандық валютадағы жеткiлiктi мөлшерден қаржы көздерiн ұстап
отырса да, шетелдiк шикiзат пен материалдарға есеп айырысу үшiн шетелдiк
валютаны сатып алғанда да ұшырасады. Одан әрi Кәсіпкерлік мен белгiлi –бiр
табыс табу үшiн өзiнiң қолындағы бос жатқан ақшаны пайыз алу аясында
банкiге салады немесе акция, басқа да бағалы қағаздарды сатып алады. Мiне,
осындай, сондай-ақ көптеген басқа жағдайларда ақша көздерiнiң рыногы пайда
болады. Онда ақша, заем сату және сатып алу, валюта айырбастау жүргiзiледi.
Осындай рынокте өз Кәсіпкерлік iн жүргiзетiн және қарыжылық Кәсіпкерлік
операциясын жүргiзу есебiнен пайда табатын қаржылық iскер жұмыс iстейдi
[8].
Қаржылық iскерлiктiң негiзгi мазмұны мен принцитi сызбасы мынадай:
Кәсіпкерлік мен (сызба-4) ақша көздерiн (ақша, шетелдiк валюта, бағалы
қағаздар) оның иесiнен ақшалай соммаға (Дф) сатып алады. Содан соң сатып
алынған ақша көздерi сатып алушыларға Дф-дан асып түсетiн Дт-ға сатылады.
Дт мен Дф –ның арасындағы айырмашылық қаржылық Кәсіпкерлік меннiң тапқан
пайдасы болып есептелiнедi.
Қаржылық кәсіпкерліктiң принциптi сызбасы
Дс Дс
Дф Дт
3- сызба
Шартты белгiлер:
Дс-ақша көздерi;
Дф- ақша көздерiн сатып алғаны үшiн Кәсіпкерлік меннiң төлеген ақысы;
Дт- Кәсіпкерлік мен-қаржыгерден ақша көздерiн алғаны үшiн сатып
алушының төлеген ақысы;
Кәсіпкерлік мен несиелiк iскерлiктi жүзеге асыру барысында салымның
кейiннен қайтарылуын қамтамасыз ете отырып, депозиттiк пайыз түрiнде салым
салушыларға белгiлi-бiр сыйлық төлеу үшiн өзiнiң ақшалай салымын (Дс)
пайдаланады. Бұдан соң ақшалар несие түрiнде депозиттен жоғары несиелiк
пайыз үшiн берiледi.
Несиелiк (Дт) және депозитивтiк (Дф) несиенiң арасындағы айырмашылық
қаржылық iскер –несие берушiнiң тапқан пайдасы болып табылады [21].
Әрине, бұл жерде қаржылық iскерлiктiң барынша жалпы ортақ сызбасы
көрсетiлiп отыр. Шындығында мұның барылығы өте күрделi. Қаржы көздерiн
операциялай бiлу- қаржылық шаруашылық және заң жүйесi бойынша арнаулы
бiлiмдi қажет ететiн өте жауапты және iлкiлiмдiлiктi iс.
Қаржылық iскерлiк Қазақстанда қалыптасу және бастапқы даму кезеңiн
бастан кешiруде. Тiптi қазiрдiң өзiнде коммерциялық банктер өз жұмыстарын
дұрыс ұйымдастыра алмағандықтан жабылып қалуда. Алайда, соған қарамастан,
мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру, кәсiпорындарды акционерлендiру,
жеке Кәсіпкерліктiң пайда болуы мен дамуы және осы жанғаруларға байланысты
акцияларды, басқа бағалы қағаздарды (мысалы, купондар) сатып алу-сату
операцияларының кең етек жаюы, несиелiк қарым –қатынастар мен валюталық
операциялардың кеңiнен жүргiзiлуi қаржылық Кәсіпкерліктi дамыту үшiн нақты
негiз бола алады.
Делдалдық Кәсіпкерлік . Жоғарыда қарастырылған Кәсіпкерліктiң
өндiрiстiк, коммерциялық (саудалық) және қаржылық түрлерi iскерлiктiң тағы
бiр түрi делдалдық Кәсіпкерліктi дүниеге әкеледi. Бұл Кәсіпкерлік
өндiрiстiк, сауда-коммерциялық, қаржы-несиелiк сияқты әр түрлi салаларда
жүзеге асырылады. Оның негiзгi ерекшелiгi –мұнда Кәсіпкерліктiң материалдық-
заттай элементi болмайды.
Делдал өзi өнiм өндiрмейдi, тауар, валюта немесе бағалы қағаздармен
сауда жасамайды, несие берумен айналыспайды. Оның ролi мен мiндетi- осы
операциялардың жүргiзiлуiне және бiтiм жасауға мұрындық болу. Бұл жерде
Кәсіпкерліктiң дәнiн себушi-елдал әкелетiн ақпарат [22].
Сатып алушы, тұтынушының жағында, екiншi жағынан өндiрушi тауар
сатушының жағында түратын делдал оларды iскерлiк бiтiмнiң аясына әкелiп
қосады. Сондықтан да делдалдық Кәсіпкерліктiң принциптi сызбасы
байланыстардың саны және мәнi жағынан аса күрделi емес (сызба-4).
Делдалдық Кәсіпкерліктiң принциптi сызбасы
И
Дф Дф
Дт Дт
4- сызба
Шартты белгiлер:
И - ақпарат;
Дф- ақпарат үшiн ақы;
Дт – делдалдық үшiн ақы.
Делдал-Кәсіпкерлік меннiң мақсаты – тауар мен қызмет көрсетудiң
мөлшерi және оларды сатудың шарты (бағасы жеткiзулi және тағы басқа),
сондай-ақ оларға деген сұраныстың деңгейi туралы ақпарат алу. Сондықтан да
ақпарат делдалдық Кәсіпкерліктiң басты факторы болып табылады. Өндiрушiден
немесе тауар және қызмет көрсетушiден ақпарат алу, ақы төлеу (Дф) арқылы
жүргiзiледi.
Алайда, көбiнесе ақпаратүшiн ақы 0-ге тең болады (Дф(0), өйткенi
өндiрушi немесе сатушы өз тауары мен қызметiн өткiзуге мүдделi, сондықтан
да ол ақпаратты тегiн беруi мүмкiн.
Сатушының немесе өндiрушiнiң ақпаратын (И) алған делдал тауар немесе
қызметтi сату үшiн сатып алушыны iздейдi. Сонымен бiр мезгiлде ол сатып
алушы үшiн тиiмдi сатып алу шарттары мен аталмыш тауарға сұраным туралы
сатып алушылардың ақпаратын алуға ұмтылады. Мұндай ақпарат бергенi үшiн
сатып алушы делдалдан ақша (Дф) сұрауы мүмкiн оның (Дф) маңызы да 0-ге
теңелуi мүмкiн. Өйткенi, егер сатып алушы белгiлi бiр тауарды сатып алуға
мүдделi болса, онда ол бұл ақпаратты делдалға тегiн бере алады.
Делдал сатып алушының ақпаратын алғаннан кейiн сатып алушының ниетi
және сатып алудың шарты туралы сатушыға хабарлайды. Мiне, осылай iскерлiк
бiтiм- сауда – саттық жүргiзу үшiн екi жақ та (сатушы және сатып алушы)
жеткiлiктi дәрежеде мәлiмет алады [25].
Егер сауда - саттық жасалса, онда делдал сатушыдан да, сатып алушыдан
да ақы (Дт) алуға құқығы бар. Осындай ақыны немесе бұдан шамалы аздау ақыны
делдал сауда –саттық болмай қалған жағдайдың өзiнде де, екi жаққа берген
ақпараты үшiн сатушыдан да, сатып алушыдан да талап етуiне болады. Әрине,
сатушы мен сатып алушы да ақпарат үшiн алынған ақы (Дт) делдалдың өзi
сатушыға ақпарат үшiн берген ақы мен сонымен бiрге сатып алушыға ақпарат
үшiн берген ақыдан (Дф) көбiрек болуы керек. Мiне, осы айырмашылық
делдалдың iскерлiк табысын құрайды.
Бұдан басқа, егер сауда-саттық сатып алу- сату немесе жалға алу сияқты
жағдайдазаңды түрғыдан құжаттандырылуы қажет болса, онда делдал осы
жұмыстармен айналысады. Сондықтан да ол осы қызметтерге жұмсалған ақысын
сатып алушыдан немесе сатушыдан, мүмкiн жағдайда келiсiм бойынша екеуiнен
де қайтарып алуға құқығы бар.
Бiр қарағанда, делдалдық iскерлiк Кәсіпкерлік те басы артық буын
сияқты көрiнедi. Дей түрғаны мен, тауарлардың молшылығы және кең
ассортимент жағадйында Кәсіпкерлік базарында делдалдық ерекше рөл атқарады.
Олар тауарларды сатып алу-сату процестерiн жеңiлдетумен қатар жалпы
экономикалық айналым процесiн жеделдете түседi [25].
Кәсіпкерлік мен –делдалдар (оларды әдетте брокер, маклер, сауда
агентi, коммивояжер деп те атайды) өз қызметтерiн тек қана материалдық
игiлiктердiң айналым саласында ғана емес, әлеуметтiк салада да жүзеге
асырады. Басқаша айтқанда, олар тек қана сатушы мен сатып алушыны
табыстырмайды, сонымен бiрге бозбала мен бойжеткендердiң, жалға жұмысшылар
iздеушiлер мен қызметкерлердiң арасында дәнекерлiк жұмыстар жүргiзедi.
Кәсіпкерлік мен- делдалдың қызметi қосымша мәндегi жұмыс болып
табылады. Өйткенi, ол бағалы игiлiктермен, яғни тауармен, ақшамен,
валютамен емес, тек қана адамдармен жұмыс iстейдi. Бiрақ, бұл елдалдың
тауып жейтiн наны оңай келедi деген сөз емес. Себебi делдалдықпен өте
жоғары дәрежеде коммуникабельдi (тез тiл табыса бiлетiн, ешкiмдi де
жатырқамайтын адам) болуы шарт. Ол белглi бiр ақпаратты дер кезiнде алу
үшiн психолог да бола бiлу керек. Мiне, осы жағайда ғана ол өзiнiң пайдасын
таба алады. Әтпесе, iскерлiк те басты рөлдерде ойнайтын адамдар
өндiрушiлер, сатушылар, сатып алушылар және тұтынушылар екенiн ол жақсы
бiледi [26].
Егер делдалдықты қызмет көрсетудiң белгiлi бiр түрi ретiнде
қарастырсақ, онда бұл түрғыдан алғанда делдалдықты қызмет көрсету жөнiндегi
Кәсіпкерлік мендердiң тобына жатқызуға болады.
Сақтандыру Кәсіпкерлік i. Cақтандыру экономикалық қарным-қатынастың
бiр түрi ретiнде бiздiң тарихымыздың кеңестiк кезеңiнде орын алды және оны
еңбек табысын табуға мүмкiндiгi жоқ немесе көмекке зәру адамдарға жәрдем
көрсету (зейнетақы, жәрдемақы және басқала) мақсатында белгiлi бiр қаржы
қорын құру үшiн кәсiпорындар мен азаматтардың тапқан табысының белгiлi бiр
бөлiгiн ерiксiз тәртiппен алу арқылы мемлекет жүзеге асырып отырады [27].
Сақтандыру Кәсіпкерлік i – сақтандырудың ең ерiктi формасы. Оған
мүлiктi сақтандыру, өз өмiрi мен денсаулығын қамсыздандыру, тәуекелдiлiк
пен жауапкершiлiктi сақтандыру жатады. Нарықтық қатынастарға көшу
жағдайында қызмет көрсетудiң ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz