Ұйымдасқан партиялық жүйе құру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
І бөлім. Әлеуметтік саясаттың теоретико - әдістемелік аспектілері
1.1. Әлеуметтік саясаттың мәні мен типологиясы
1.2. Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің ролі

ІІ бөлім. Қазақстан Республикасында әлеуметтік САҚТАНДЫРУДЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК САҚТАНДЫРУЫ
2.1 Сақтандыру жіктелуінің негіздері
2.2 Қазақстан Республикасының қайта сақтандыру жүйесінің дамуы және
оны жетілдіру жолдары
2.3 Қазіргі таңдағы әлеуметтік саясаттың негізгі басымдылықтары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Әлеуметтік саясат – аштық, қуаңшылық, ауру, табиғи және техногенді
апаттар мен демографиялық жарылыстардың салдарын жою немесе қалпына
келтіруге мемлекеттік кепілдік беруде және әлеуметтік араздықты азайту,
өмір сүру деңгейін қалпына келтіру мен оның сапасын арттыру бағытында
материалдық байлықтарды және ұйымдастырушылық күштерді қайта бөлуде,
сонымен қатар өмір сүру салтын реттеуде қоғамдық өмірде белгілі бір
теңдікке жету болып табылады.
Қазақстан мүше болып табылатын Халықаралық Еңбек Ұйым-ның анықтауы
бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды:
- тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру;
- негізгі әлеуметтік қатерлердің алдын алу, ал ол туындаған жағдайда
әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатерлердің салдарынан
айырылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру;
- халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына
арналған әлеуметтік көмек тәсілдері;
- азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтар мен
қызметтерге қол жеткізуі;
Әлеуметтік қорғау жүйесінің сандық көрсеткіштері экономикалық
даму деңгейімен анықталса, ал адамдар арасындағы ынтымақтастық, мемлекеттік
институттардың дәрежесі мен еңбекке ынталандыру деңгейі таңдалған
әлеуметтік - экономикалық модельмен өзара байланысты болады.
Толық ынтымақтастыққа негізделген жүйеде жарна мен төлемнің арасында
өзара байланыс болмайды және төлем алу құқығы қатерлі жағдай орын алған
сәттен туындайды да оның деңгейі адамның жүйеге қосқан үлесіне тәуелді
болмайды. Қаржыландыру бүкіл салық төлеушілер мойына түседі де әлеуметтік
қорғау жүйесі-нен төлем алу құқығына барлық азаматтар ие болады. Мұндай
жүйеде табыстарды қайта бөлу тетігі және қаржыландырудың бір көзі
мемлекеттік бюджет болып табылады, ал реттеуші ретінде мемлекет әрекет
етеді.
Толық ынтымақтастыққа негізделген жүйеде барлық азаматтар-ға
әлеуметтік қорғаудың бірдей, әдетте ең төменгі деңгейін ұсынады.
Шектеулі ынтымақтастыққа негізделген жүйеде төлемдерді алу құқығы
адамның жарнасына байланысты болады. Әдетте, мұндай жүйе еңбеккерлер мен
жұмыс берушілердің аударымдары есебінен қаржыландырылады, ал жарнасына
қарай төлемдерді алу құқығына, аударымдар жасаған азаматтар ғана ие болады.
Мұндай жүйелер, әдетте халықтың белгілі бір тобын, мысалы, ресми
жұмыс істейтін еңбеккерлерді немесе белгілі бір еңбек ұжымының еңбеккерін
әлеуметтік қорғаудың қосымша көзі болып табылады.
Бұдан басқа, ынтымақтастық белгісі жоқ, әр азамат өмірдегі қатер
жағдайына қаражатты дербес жинайтын әлеуметтік қорғау жүйелері де бар.
Тәуелсіздік алған соң Қазақстан қоғамдық өмірдің ұйымдасты-рылуының
жаңа бағытына түсті. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы кешегі,
қазіргі және болашақтағы басымдықтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып,
әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге арналған ынтымақты және
дербестендірілген жүйелердің міндетті және ерікті сқатандырудың
элементтерін қамтитын аралас жүйеге көшті.
Сондықтан, әлеуметтік саясат өз мәні бойынша саяси жүйенің маңызды
бейімделуші механизмі болып табылады. Нақты саяси жүйенің тұрақтылығы мен
стратегиялық беріктілігі елеулі мөлшерде мемлекеттік саясаттың қай
тұжырымдамалық бағытын таңдағанына байланысты болады.
Жұмыстың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік
саясаттың ерекшеліктерін анықтау, таразылау, сараптау және ғылыми тұрғыдан
талдау жасау болып табылады.

І бөлім. Әлеуметтік саясаттың теоретико - әдістемелік аспектілері
1.1. Әлеуметтік саясаттың мәні мен типологиясы
XX ғасыр кез келген мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарының
бірі - әлеуметтік саясат болатынын көрсетті. Әлеуметтік саясаттың маңызды
міндеті қоғамдық өмірде белгілі бір теңдікке жету болып табылады:
- аштық, қуаңшылық, ауру, табиғи және техногенді апаттар мен
демографиялық жарылыстардың салдарын жою немесе қалпына келтіруге
мемлекеттік кепілдік беру;
- әлеуметтік араздықты азайту, өмір сүру деңгейін қалпына келтіру мен
оның сапасын арттыру бағытында материалдық байлықтарды және
ұйымдастырушылық күштерді қайта бөлу;
- өмір сүру салтын реттеу (салық, құралдар және т.б) 1.
Әлеуметтік саясатты құрғанда мемлекеттің алдында ең алдымен шешуді
қажет ететін әлеуметтік міндеттер немесе басымдықтар туралы сұрақ тұрады.
Мұны таңдау азаматтық құқықтар, әлеуметтік қажеттіліктер мен сұраныстарды
қанағаттандыру үшін күрес сияқты әлеуметтік саладағы мемлекет саясаты
тұжырымдамалары арасындағы қысым мен кеңістікте жүреді.
Жақсы өмірге деген азаматтық құқықтың белсенділігі қоғам өмірін
ұйымдастырудың түрлі концентрацияларын өмірге әкелді. Кейбіреулері шындыққа
сай келмей жойылды, басқалары кейбір мемлекеттің ішкі саясатын көптеген он
жылдықтар бойы анықтап, XX ғасыр азамат қоғамының дамуында маңызды роль
атқарды. Біздің пікірімізше, қоғамдық өмірдің ұйымдастырылуының негізгі үш
тұжырымдамасын бөліп көрсетуге болады:
1. Мемлекеттің Түнгі күзет - концепциясы.
2. Мемлекеттің Жалпыға ортақ қайырымдылық - концепциясы.
3. Мемлекеттің Коммунистік- концепциясы.
Мемлекеттің Түнгі күзет тұжырымдамасы консерватизм мен либерализмнің
өзіндік қоспасы болып табылады.
Көптеген зерттеушілер кедергі мен нәтижелік тұрғысынан мемлекеттік
реттеудің тиімсіздігінің үш жеке дара себептерін бөліп көрсетеді.
Біріншіден, мемлекет белгілі бір әлеуметтік саяси мақсатқа жету
барысында басқа белгілерден шығып, мұнда мемлекет пен нарықтық ойын ережесі
арасында қайшылық пайда болады. Бұл жерде қайшылық мемлекеттік сектордың өз
ішінде пайда болады.
Екіншіден, мемлекеттік реттеуге жауап ретінде ерекше мүдделері бар
түрлі топтардың қысым жасауы салдарынан, мемлекет саясаты күшті топтың
мүдделерінің көрінісі болып қалады. Мұндай жағдайда мысалға, мемлекет және
кәсіподақтар қысымына тым көнбіс болып қалады. Шындығында мемлекет үлкен
бизнестің мүддесіне қызмет етеді, ал қоғамдағы саяси билік ірі қаржы -
өндірістік топтың экономикалық билігімен тығыз байланыста болып қалады.
Үшіншіден, мемлекеттік реттеу кезінде бюрократиялық құрылымдар
кеңейіп, мемлекеттік органдардың қызметі сәйкессіздік пен қарама-қайшылыққа
ұласады. Мемлекеттік аппарат әкімшілік автономдығын көрсете отырып, өзін-
өзі бекіту мен шенеуніктік басымдылықты кеңейту мүддесін көздейтін жеке
даму логикасын қалыптастырады. Қызметтік әлеуметтендіру тұжырымдамасына
сай әлеуметтік саясат жүргізу барысында нарықтық экономиканы сақтай отырып,
кірістің теңсіздігі мен жұмыссыздықтың өсуін болдырмауға тырысады. Осы
мақсатта ол әлеуметтік қаматамасыз ету жүйесін қайта қарастырады.
Кәсіпорындар тиімді өндірісті қамтамасыз етуге арналған. Әлеуметтілікке
бағытталған экономикалы мемлекеттерде әлеуметтік жағдайы әлсіз тұрғындарға
жекелеген көмек жүйесімен қоса, еңбек нарығында да белсенді саясат
жүргізіледі, яғни жұмысшыларды қайта дайындау, жұмыс табуға көмектесу,
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жаңа жұмыс орынын ашуды жетілдіру.
Әрине, еңбек нарығында осындай белсенді мемлекеттік саясат жүргізу әрқашан
оның мүміндіктерімен сәйкеседі және тиімділігі әр елдегі нақты саяси және
әлеуметтік - экономикалық факторларға тәуелді болады.
Коммунистік қоғамда әлеуметтік саясат мемлекеттің Түнгі күзет
тұжырымдамасы қарама-қарсы түрі және Жалпыға ортақ қайырымдылық
концепциясынан біршама өзгеше болады.
Дәстүрлі либералды - консервативтік және кейнсиандық теориялармен
қатар, ХІХ-ХХ ғасырларда коммунистік-социалистік даму жолы концепциясы
өмірге келді.
XIX ғасыр келесі қоғам дамуының альтернативті теориясы ретінде пайда
болып, тіпті XX ғасыр бұл тұжырымдама әлемнің көптеген елдерінің тағдырында
негізгі роль атқарды. Батыс капитализмінің ішкі өзгерістері XX ғасыр
әлемдік дамудың негізгі бағттарындағы өзгерістер біршама деңгейде
марксистік сын мен коммунизмнің нақты тәжірибесінің әсерімен жүзеге асты.
Бұл онда тек жаман ғана емес жақсы да бастаулардың болғанын дәлелдейді.
Теориялық тұрғыдан марксизм коммунизмнің ғана емес социал-демократияның да
қайнар көзі болды.
Социалистік жүйе күшті нысанында мемлекеттік патернализм саясатын
толықтай және жартылай қайталады. Әлеуметтік саладағы мемлекеттің қызметі
барлық тұрғындарға қатысты Әкелік қамқорлыққа ұласты. Социализм
жағдайында мемлекеттік патернализм саясаты өзіне тұтастай әлеуметтік-
экономикалық және ұйымдастырушылық-техникалық шаралар жүйесін қамтиды. Бұл
қоғамда экономикалық өсу темпін тоқтатқан әлеуметтік жатып ішерлерді
туғызды. Әлеуметтік сыбайластық идеясын жүзеге асыру туралы сөз де болған
жоқ.
Дамудың социалистік жүйесінде еңбекақы төмен деңгейде болды, алайда
еңбеккерлер кәсіпорындармен көрсетілген кең әлеуметтік қызметтерді
пайдаланды. Жұмысқа қабілетті тұрғындар толық жұмыспен қамтылды және
жұмыстан шығарудан кепілдендірді. Мұнда кіріс иерархиясы физикалық
еңбектегі жұмысшылардың пайдасында бодды және олар ақылы еңбегімен
айналысатындардан көп жалақы алды.
Әлеуметтік әділдік қағидасы қоғамның барлық мүшелеріне өз
мүмкіндіктерін жүзеге асыру мен өмірлік қажеттіліктерін қанағаттавдыруға
тең мүмкіндіктер жасау қажеттігін көздейді. Адамдардың және олардың
бірлестіктерінің қоғамнан оның институттарынан алатын сыйақылары олардың
істеріне, өмір сүру сипатына, әрекеттеріне тең, сәйкес болуы керек. Алайда
шаруашылық жүргізудің социалистік жүйесінде әлеуметтік теңдік қағидасы көп
жағдайда қоғам мүшелерін еңбек нәтижесімен тең қамтылу салдарынан кез-
келген шаруашылық ұмтылыстарды жойып, әлеуметтік жатып ішерлерді көбейтті.
Әрине, өмірге әлеуметтік теңдік қағидасын еңгізе отырып, социализм
идеологиясы Нәтижелердің тендігі тұжырымдамасымен де қаруланды, бұл
әлеуметтік теңсіздікті болдырмау үшін мемлекет пен жүргізілетін қайта
үлестірудің ерекше нысанын көздеді. Сонымен қоса, классикалық Нәтижелердің
теңдігі тұжырымдамасында қажет жағдайда әлеуметтік теңдікке жету үшін
мемлекетке салық арқылы үлесті қайта бөлу міндеті жүктелді. Социалистік
жүйеде осы мақсатқа жету үшін тұрғындардың негізгі бөлігінің еңбек ақысын
теңестіретін Жалпыға ортақ теңестіргіш жүйе қолданылады 3.
Белгілі мөлшерде жоспарлы экономика нарықтыққа қарағанда біршама әділ
болды. Мысалы, кіріс айырмашылықтары нарықтық экономикалы елдерден
қарағанда біршама аз болды. Алайда, ұрандалған әлеуметтік теңдік идеалы
Номенклатура деген атпен белгілі үстем таптың пайда болуы мен енуіне
кедергі келтірмеді. Қоғамның басқа бөлігі үшін әлеуметтік әділдік өте төмен
деңгейдегі жалпыға ортақ теңестіргіш болды. Көпшілік жұмысшы тұрғындардың
кірісі өте аз болды. Әсіресе, қызмет саласындағы жұмысшылардың жалақысы мен
зейнетақысы 4.
Социалистік қоғам таптық және әлеуметтік біркелкілік пен төмен
мүліктік өзгешелік және кірісті бөлудегі теңсіздіктің жоқтығымен
сипатталды. Мүліктік өзгешеліктер орын алса да, табыс теңсіздігінің нақты
көлемі қоғамдық санада көрініс таппады. Бұған байланысты ұсқынсыз Жалпыға
ортақ теңдік құр сөз болып қала отырып, қоғамға жоғарыдан танылған
идеологиялық аңыз емес, обьективті шындықтың бір бөлігі ретінде қабылданды.
Қоғамның абсолютті көп бөлігіне мұндай тендік елеулі әлеуметтік
құндылықтардың бірі болып табылатын.
Зерттеушілер бір-бірінен әлеуметтік қызмет көрсетуде мемлекеттің
нарықтық жанұя мен азаматтық қоғамның қатысу деңгейімен ерекшеленетін
негізгі төрт әлеуметтік үлгісін бөліп көрсетеді. Бұл континентальді,
норзиялық британдық және Жерорта теңіз үлгілері болып табылады.
Социалистік елдердің әлеуметтік үлгісі көп жағдайда континентальді
және норзиялық үлгілерге келеді. Алайда, социалистік үлгі еуропалықтан
әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуде азаматтық ұйымдарды жібермеуімен
ерекшеленді. Сондықтан, діни ұйымдар, кәсіподақтар ерікті қоғамдастықтардың
әлеуметтік қызметті қамтамасыз етуші ретіндегі ролі жоғары.
Социалистік пен континентальді, норзиялық үлгілері әлеуметтік
саясатындағы елеулі айырмашылық - бұлардың кейінгісі байлықты кедейлердің
пайдасына қайта бөлуге тырысса, біріншісі өнім мен қызметті әлеуметтік
теңдікті сақтай отырып бөлумен айналысты. Басқаша айтқанда, нарықтық
экономикалы елдердің әлеуметтік моделі кедейшілік деңгейін түсіру мен
теңдік мүмкіндіктеріне жету жолында байлықты әділ үлестірді. Бұдан өзгеше
социалистік үлгідегі Жаңа адам жасауға тырысты, яғни, әркімнен мүмкіндігі
келгенше алып, әркімге қажетінше беруді ойластырды. Мұнда тұтыну саласымен
қоса өндіріс нәтижесіне әлеуметтік тәуелділік те болды. Сондықтан, мәселені
талдау нәтижесінде біз келесі қорытындыға келдік, әлеуметтік саясат өз мәні
бойынша, саяси жүйенің маңызды бейімделуші механизмі болып табылады. Нақты
саяси жүйенің тұрақтылығы мен стратегиялық беріктігі елеулі мөлшерде
әлеуметтік саясаттың қай тұжырымдамалық бағытын таңдағанына байланысты
болады. Біз әлеуметтік саясаттың келесі түрлі қоғам өмірін ұйымдастыру
тұжырымдамаларына негізделген түрге жүктеуді ұсынамыз.
Әлеуметтік саясатта Түнгі күзет мемлекеті тұжырымдамасы келесіні
көрсетеді:
- Шектен тыс антиэтатизм идеясын және индивидтіктің шексіз еркіндігін,
мемлекеттік реттеудің социалистік және кейнсиандық әдістерінің
тиімсіздігін,
- мемлекет- адам еркіндігі үшін құртушы болатын анархияны болдырмау немесе
сақтандыру мақсатында әлеуметтік қатынастарды реттеуші екендігін,
- нарық заңдылықтары бойынша әділ үйлестіру қағидасын жүзеге асыру соңғысы
әлсіз болып қалатын сирек жағдайда кездесетіндігін,
- әлеуметтік шектеу саясаты, яғни кез-келген мемлекеттің әлеуметтік жоспары
тек ұлттың көтерілуі ғана емес, сондай-ақ экономиканың құлдырауына да
әкелетіндігін көрсетеді 5.
Ал, әлеуметтік саясаттағы Жалпыға ортақ қайырымдылық мемлекеті
тұжырымдамасы келесіні көрсетеді:
- Қазіргі заманғы мемлекет бейтарап Жіктен жоғары күш болып табылады.
Қоғамның барлық бөлігінің мүддесін көздейді,
- мемлекет кірісті бөледі. Әлеуметтік теңсіздікті жұмсартады,
- мемлекет қызметін реттейтін әлеуметтік және институционалдық реформалар
арқылы жеке кәсіпкерліктің қоғам мүддесіне бағынуы,
- жүйені түпкілікті өзгертуге мүмкін күшті әлеуметтік жарылыстың алдын
алатын және әлеуметтік қайшылықтың өсуін бәсеңдететін котализатор ретінде
реформаның икемдегіш механизмі,
- тұрғындардың әлсіз бөлігіне жекелеген көмек жүйесімен қоса, еңбек
нарығындағы жұмысшыларды дайындау, жұмыс табуға көмектесу қоғамдық жұмыстар
ұйымдастыру және жұмыс орынын ашуды жеңілдету сияқты белсенді саясат,
Әлеуметтік саясатта Коммунистік қоғам тұжырымдамасы мынаны
көрсетеді:
- Меншікті мемлекеттендіру;
- Кірісті тең бөлу;
Мемлекеттік сектордағы кепілдендірілген тұрғындарды жұмыспен қамту мен
айырмашылығы аз жалақы есебінен әлеуметтік теңдікке жету;
- Мемлекеттік қамқорлық саясатын шектен тыс нысанында толық және жартылай
қайталау; .
- Кәсіпорындардың еңбеккерлерге көптеген әлеуметтік қызметтер көрсету;
Жіктік және әлеуметтік біркелкіліктің жоғары деңгейі әлеуметтік теңдікті
сақтау мақсатындағы тауармен қызметі нарықтан тыс бөлу;
Әлеуметтік қамтамасыз ету мен жұмыспен қамтуға кепілдік берумен,
қоғамдағы билікті толығымен мемлекеттің иеленуі.

1.2. Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің ролі

Қазақстандағы саяси жүйенің жаңа сапаға өту мәселесі таңдалған даму
бағытын тексеруде елеулі теоретико-әдістемелік және тәжірибелік мүддеге ие
сұрақты қайта құрудың мақсаты-реформаның жетістігі мен кемшілігін,
демократияға өтудегі әлемнің тәжірибесімен салыстырмалы тұрғыдан қарайды.
Терең-тәжірибелік маңызға ие мемлекеттік биліктің жан-жақты ұйымдастырылуы,
өмір сүру жағынан тұрақты саяси жүйе құру туралы сұрақтарды шешу болды.
Қазақстан қоғамын трансформациялау міндетін шешу, өтіп жатқан қоғамдық
қайта құрудың мәнін ашатын теориялық білімімен тығыз байланысты.
Посткеңестік мемлекеттердің тоталитаризмнен демократияға өтуі "ашық
қоғам" қозғалыс процесімен байланысты, себебі бұл термин демократиялық
қоғамды оған тән экономикада, саясатта, мәдениеттегі плюрализм, құқықтық
мемлекет пен азаматтық қоғамның дамыған құрылымын кең сипаттайды.
Шығыс Еуропа елдеріндегі мәселеге қарап, неміс әлеуметтанушысы Р.
Дарендорф былай дейді: "бір жүйеден екіншісіне-өту емес. Социализмнен
капитализмге өтудің ешбір мағынасы жоқ. Еркіндікке жол деген-ол жабық
қоғамнан ашық қоғамға өту. Ал ашық қоғам-жүйе емес, тек жақсысын зерттеудің
механизмі. Бірақта, экономикалық құрылым мен саясат онда
анықталмаған..." 6.
Саяси трансформация мәселесіне мазмұндық әдіс қалыптастыру сәйкесінше
дайын теориялық түсіндермелік аппарат пен тұжырымдамалық көзқарасты қажет
етеді. Поскеңестік елдердің саяси ғылымы формациялық әдістен бас тартты,
себебі бұл капитализмді формациялық бөлу кезінде ашық "кейін қалған"
кезеңін зерттеу міндетін қойды.
"Ашық және жабық" қоғамның екі жақты өзгешелігіндегі қайта құру
процесінің мәнін түсінуге негізделген әдіс неғұрлым толық болып табылады.
"Ашық пен жабық" қоғамның текетірес идеясы британ философы және
әлеуметтанушысы К. Р. Поппердің "Открытое общество и его враги" деген
еңбегінде айтьшады. Таза ойшылдық құрылғы бола отырып, К. Поппердің идеясы
барлық елдердің осы идеяға көшу қажеттілігін насихаттады. Бұдан ертерек
пайда болған "ашық қоғам" түсіндірмесі француз философы А. Бергсонның "Дін
мен моральдың екі қайнары" еңбегінде ұсынылды. Бергсонның ойынша, "ашық
қоғам"- адамдарды қанамайтын халықаралық адамдар бірлестігі, адамгершілік
моралі шығармашылық пен жеке тұлға еркіндігі болатын кемшіліксіз қоғамдық
құрылым.
Әлеуметтік-философиялық тұрғыдан "ашық қоғам" түсінігі социалистік
елдердің "жабық қоғамы" мен дәстүрлі типтегі қоғамға қарсы болады.
"Ашық қоғам" идеясына капиталистік және социалистік жүйенің конвергенция
идеясы жанама түрде тоғысқан. "Конвергенция мен ашық қоғам" идеясының
ұқсастығы, әлеуметтік және саяси жүйелердің ғаламдық бір-біріне әсер етуі
түрлі жүйелердің бір-біріне біртіндеп жақындасуына әкеледі деп жорамалдауға
болады. "Ашық қоғам мен конвергенция" идеясының айырмашылығы осы
жақындасудың жолы, нысаны және әдісі туралы ұсыныста. "Ашық қоғам" идеясы
К. Поппер бойынша, батыс демократиясына жақын негізделген, яғни социалистік
елдерге Батыстық тәжірибесі мен жетістіктерін алу керек.
Модернизация түсінігі кең, себебі дәстүрлі қоғамнан индустриалдыға
өтуші елдерде де, индустриалды дәуірден, постиндустриадыға өтетін елдерде
де қолданылды. Саяси ғылымда модернизацияның екі типін көрсетеді:
1. Негізгі, аралас модернизация олардың ішкі дамуының жетістігі ретінде
дамыған елдерге тән.
2. Шағылысқан және қуушы модернизация өмір сүру деңгейі, сапалылығы бойынша
Батыстан кейін қалған елдерге тән.
Модернизацияның классикалық теориясының зертгеу объектісі-бұрынғы
колониалды елдер болды.
Ростоу теориясы бойынша, дамушы елдер оқиғаның жүрісін тездетіп
дамудың биік сатысына жетуге тырысу қажет. Р. Арон Азия, Африка Латын
Америкасы және Жапония сияқты Батыстық жолымен, олардың капиталын,
технологиясын және тәжірибесін пайдаланып дамуға ешкім кедергі жасамайды.
Осындай әдістіңи негізінде модернизация теориясын ұсынушылар дамыған
мемлекет болуы үшін Азия, Африка, Латын Америкасы елдеріне тек даму
сатысының ретін сақтау жеткілікті деп дәлелдейді.
Осыған байланысты модернизация түсінігінің анықтамасы қалыптасты.
Осындай анықтамалардың бірін Ш. Н. Эйзенштайнд берді: "Модернизацияның
қайнар көзі-бұл әлеуметтік-экономикалық саяси жүйелердің ХVII-ХІХ ғ.ғ.
Батыс Еуропа мен Солтүстік Америака дамыған түрге қарай өзгеру процесі,
кейін Еуропаның басқа да елдеріне таралды, ал ХІХ-ХХ ғ.ғ. Оңтүстік Америка,
Азия, Африка континеттеріне тарады" 8.
Осы тұрғыдан модернизация "ашық қоғамға" өтудің құрамдас бөлігі болып
табылады.
Саяси модернизация тұжырымдамасы бір саяси режимнен басқасына өтуді
талдайтын негізгі сяаси даму теориясы болып табылады 9.
Батыстың экономикалық әдебиеттерінде социалистік елдердегі нарықтық
реформалар көбінесе "трансформация" деп аталады, яғни орталықтандырылған
жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту. Мұнда жетілдіру емес,
нарықтық реттеу мен жекеменшік басым мүдделі жаңа жүйеге ауысу туралы
айтылады 10.
Кең түрде трансформация мен модернизацияның өзгешелігі туралы ұғым
мынандай: "саяси даму тұжырымдамасының негізгі мәні-тоталитаризм мен
авторитаризмнен демократияға өту бағыты, сипаты мен қайнар көзіне берілсе,
трансформация ұғымында өтіп жатқан немесе біткен қайта құру процесінің
мазмұны туралы сөз болады, яғни саяси модернизация түсінігінде ерекше
белгілері бойынша режимдердің ауысуын талдау, бақылау" туралы сөз болады.
Посткеңестік саяси жүйелердің ауысуы саяси экономикалық, мәдени
процестердің біркелкі емес өтуімен сипатталатын қоғамда болды. "Өтпелі
кезең", "транзиттік қоғам", "өтпелі жүйе", "өтпелі саяси процесс", "өтпелі
мемлекеттілік" деген түсініктерге анықтама беру мәселесі туады.
Өтпелі кезең деп, нені анықтау керек дегенде қиындық туады. Қазақстандық
қоғамда саяси жүйенің эволюциясының көрсеткіші болып табылатын мемлекеттік
құрудың жаңа нысанына өтті. Өтпелі кезеңдегі даму тұрақсыздығымен
ерекшеленетін конвергенциялық саяси жүйе тән 11.
Кең түрде өтпелі кезең деп, тотолитаризмнен тұрақты демократияға
өтетін саяси жүйенің өзгеруі болатын мемлекеттіліктің дамуының
посттоталитарлық кезеңі түсіндіріледі. Профессор С.В. Полениннің пікірінше:
Өтпелі кезең-бұл ... негізінде елдің саяси-экономикалық, әлеуметтік өмір
саласының түпкілікті өзгеруі, маңызды өзгеріске ұшырайтын құқықтық құрылым.
Алайда, осы кезеңнің уақыттық шеңбері өзгермелі және анықталмаған. Зерттеу
барысында жаңа Конституция қабылдаумен өтпелі кезең аяқталады деген
пікірден бас тартуға тура келді. Оның пікірінше: "... өтпелі деп,
Конституциямен жарияланған демократия, мемлекеттің әлеуметтік және құқықтық
сияқты кейбір елдердің базалық қағидалары нақты жүзеге асқан уақыт аралығын
есептеу қажет" 12.
Өтпелі әлеуметтік жүйеге өту процесіне "жеке әлеуметтік бірлестіктер,
мақсат пен әдістерді түсінудегі құрылымдық қайшылықтар мен коллизиялар"
қоса қарастырылуымен сипатталады. Өтпелі жағдайда тұрған қоғам дағдарыстан
жүйені қайта құру жолымен шығуға мәжбүр, өтпелі саяси
процестердің ерекшеліктері көрінген жағдайда кейбір құрылымдық элементтер
жойылады. "Тәжірибеде ескі және жаңа саяси және экономикалық құрылым
элементтерінің әсерлеуі және бірге өмір сүруі байқалады...". Бір саяси және
экономикалық кеңістікте түрлі үлгілерді көздеушілердің қарама-қайшы және
бір мезетте өмір сүру жағдайына өтудің бөлек кезеңдерінде ғана сақталмайды,
ол әрқашан сол жағдайлар мен қайшылықтарда өзін көрсетіп отырды. Өтпелі
мемлекеттілік-осы кезеңде болмай қоймайтын жағдай, себебі "... әкімшілік
саяси жүйені өзгертуде өтпелі кезеңнің негізгі мәселесі қоғамдық-саяси
процестерді реттеуде мемлекеттік институттардың қызметтік маңызын сақтай
отырып, оларды демократиялық институттар мен азаматтарға бағынышты ету
болып табылады. Өтпелі мемлекеттіліктің маңызды мәселесі-билік пен оны
берудің заңды механизмдерін ротациялау, оны бірдей саяси-құқықтық шешудегі
барлық кедергілерінде конституциялық қағидалар мен демократиялық іс-жүргізу
жүйесіне біртіндеп заңдастырылып, қалыптасады" 13.
Өтпелі процесс Т.Парсонстың тұжырымдамасына негізделген түсініктегі
әлеуметтік өзгерістерден тұрады. Оның тұжырымдамасы бойынша, әлеуметтік
өзгеру екі сатыдан тұрады: жүйеде теңдікті сақтап тұратын процесс пен
жүйенің басқа жағдайға өтуіне әкелетін құрылымдық қайта құру 14.
Модернизация теориясын жақтаушылары либералды және консервативтік бағыттағы
болып екіге бөлінеді: біріншілері, тұрғындарды өкілеттілік жолмен басқарушы
элитамен қауіпсіз салыстыру жолымен жүйдегі тепе-теңдікті сақтау маңызды
десе, екіншілері, жүйе басқа жағдайға өтіп, үнемі өзгерісте болатын
халықтың жаппай мүдделеріне икемделетін құрылымдық өзгерісті жақтайды.
Әдістегі өзгешеліктер бұрынғы колониалды елдердегі модернизация
тәжірибесін теориялық талдаумен байланысты. 50-60 жж. ортасында
модернизация теориясында "вестернизация" идеясы етек алды.
"Вестернизациялық" әдіс американ ғалымдары: Д. Эптер, Г. Сайро, Дж.
Коулмен, И. Неттла, Л.Пая, Ф.Риччса, ағылшын Ф. Дженнигс, француз А.
Дешан және де басқалардың да еңбектерінде кездесті 15.
Саяси құрылымды модернизациялау тәжірибесі "вестернизация" сызбасының
терістігін көрсетті. "Үшінші әлемдегі" бірқатар елдердегі саяси тұрақсыздық
мобилизация мен институттандыру қайшылығының туындауына байланысты болды:
мобилизация деңгейі ұйымдастыруды дамыту деңгейінен асып кетті. Бұл саяси
құлдырауға әкелетін негізгі фактор болып табылады. Саяси модернизация
тұжырымдамасына сәйкес келетін консервативтік бағытты жақтаушылар тұрақты
институттар мен құрылымдар туралы идеяны ұсынды. Консервативтер нарыққа
өтуді ұлттық бірлікті, тәртіпті қамтамасыз ете алатын қатаң режимді дұрыс
деп таныды. Ашық түрдегі саяси институттардың тұрақтылық идеясын
С.Хантингтон ұсынды. Оны бингархиялық, тоталитарлық сипаттағы билікті
орталықтандыруды қолдаған Т.Цурутани жалғастырды. С. Хантингтон мен И.
Нельсон: Халықтың саясатқа тым кең араласуы модернизацияны баяулатады, тек
элита ғана мұндай қатысудың мөлшерін шешу қажет"-, деп жазды 16.
Консервативтер бірінші кезекте саяси тәртіпті орталықтандырылған
институттардың көмегімен қамтамасыз етуге болады деді. Либералды
бағыттағылар тендік жағдайына ерекше мән береді, яғни тұрғындардың билікке
әсер ету мүмкіндігінің болуында, деп есептейді. Екі бағыт та теорияда
модернизацияның маңызды міндеті ретінде, түрғындардың әлеуметтік және саяси
талаптарының өзгерісіне тең жауап береді.
Либералды бағыттың өкілі американ саясаттанушы Р. Далямен еш шектеусіз
халықтың өз мүддесін ұсыныла алатын саяси режимді атауға полиархия
түсінігін ұсынды. Бұған элита мен бұқара арасындағы тең құқықтық ашық
бәсеке тән 17.
Мобилизация мен қатысу деңгейінің ұйымдастыру мен институцализация
деңгейімен сәкестігі, саяси институттардың тиімділігі полиархия теориясы
бойынша саяси либерализациямен шешіледі, оған:
1. Билікке таласушы саяси топтардың арасында өзара қауіпсіздікті
қамтамасыз ету.
2. Демократиялық институттарға тәуелді болатын күшті атқарушы билік құру.
3. Ұйымдасқан партиялық жүйе құру.
4. Өкілетті жергілікті үкіметтің пайда болуы кіреді.
Либералды бағыттылардың жақсы жағы басқару режимінің тиімділігі мен
азаматтарды жағымпаздықтан қорғауға кепілдік беруді сәйкестендіруі болып
табылады.
Полиархияға қарай қозғалудың жеті талабы бар: саяси реформалардың
тарихи реті; экономикалық биліктің жинақталу деңгейі; әлеуметтік-
экономикалық даму дәрежесі; теңдік-теңсіздік қатынасының сипаты;
субмәдениет типтерінің өзгешелігі; шетелдің ықпалы; саяси көсемдердің
сенімі 18.
Полиархия теориясының әлсіз жағы бәсекелі саясаттағы құқықтық
тәжірибесі жоқ елдерге бір саяси топтың үстемдігінен топтардың полиархиялық
бәсекесіне өтуді ұсынады. Алайда, тәжірибеде сенімсіз бәсекелестік
режимінің орнына, басқа топтың үстемдігі жиі орнайды.
Теоретиктер режимнің типі мен сипатында емес, экономикалық және
әлеуметтік саясаттың тиімділігі оны халықтың қолдауында көп мәнге ие болады
деген ойға келеді.
Ресей ғалымы В.А.Красильщиков: "Модернизацияның да, постиндустрияның
да маңызды жағдайы-барлық әлеуметтік-экономикалық саясаттың, білім мен
мәдениет жүйесінің, үлкен өнеркәсіп машинасының елдің модернизациялануын
шын мәнінде қолдайтын халықтың бөлігіне бағытталуы; ғылыми-техникалық
интеллегенция, жаңа жұмысшы тобы, дәрігерлер мен мұғалімдерді қоса алғанда
өндірістік кәсіпкерлер,... дәл осы бұқараға сүйену, жаңа индустриалды
елдердегі авторитарлық режиммен жүргізілген жақсы модернизацияның басты
"құпиясы" болған: Оңтүстік Корея, Тайланд, Сингапур, Чили, Бразилия,
Мексика елдерін атап өтуімізге болады. Билік қорының тапшылығы кезінде
бәріне "жағу" үшін "қайырымды" басқарушы
болып көрінуге тырысуы, өз кезегінде тығырыққа бір ғана елді кіргізіп
қойған жоқ, мысал ретінде Бразилияны келтіруге болады (1964 ж. әскери
төңкеріске дейін) 19.
Экономикалық және саяси модернизацияның байланысын айқындаған Чех
экономика реформасының авторы Вацлов Клаустың пікірі назарға ілінеді:
1. Институционалды қайта құрулар либерализация процесінің щеңберін
анықтауда мемлекеттік реттеу мен жекешелендіру макроэкономикалық саясатпен
байланысты болуы қажет.
2. "Қайта құру тұжырымдамасы қиындық туғызбайды, тек оны саяси әдіспен
жүзеге асыру қиынға соғады".
Модернизация процесінің жалпы заңдылықтары саяси дамуда пайда болатын
бес тығырықты шешуге арналған теңестірулер, лигитимділік, қатысушылық,
араласу, үлестірулер болып табылады 20.
Сондай-ақ, стратегиялық маңызды сұраққа келетін болсақ: әлеуметтік
саясат саяси модернизацияның нәтижелілігіне қаншалықты әсер ете алады?
Қалайша әлеуметтік саясат реформаның нәтижелілігін қамти отырып, қайта
құрудың аралықтарын біршама жеңілдете ала ма?
Қойылған сұраққа жауап қайта құрудың нәтижелілігіне әсер етеді.
Көптеген посткомунистік елдердегі реформа қоғамның жіктелуіне, әлеуметтік
шектеуге әкеледі. Тұрғындардың бір бөлігінің өмір сүру жағдайы көтерілсе,
басқасының өмір сүру деңгейі төмендейді. Әлеуметтік саясаттың жаңа
мәселелері пайда болып, ескілері өрши түсті: ол жаппай жұмыссыздықтың белең
алуы, қалыптасқан нарықтық жағдайдың тұрғындарды қорғаудың жаңа жолын
іздестіруді талап етті, денсаулық сақтау, мәдениет, білім, тұрғын үй
саласына көңіл бөлу және т.т. Әлеуметтік жағдайға мән бермеу халық
наразылығын туғызып, реформа мен демократиялық дамудың тағдырына қауіп
төндіреді.
Посттоталитарлық қайта құру барысында қоғамда саяси жіктелу болады.
Ортақ саяси мүдделері біріккен топтар пайда болады. Мұнда өтпелі кезеңде
ұтып шыққан топ кво-статусын иемденіп, реформаның басталған бағытында
жалғастыруға ұмтылады. Шығындар көп болған сайын реформалық бағытқа деген
қарсылық та күшейе түседі. Мұнда сайлау жүргізу көп дауыстың әлеуметтік
жағдайға бағытталған реформа нұсқасын таңдауына немесе социалистік кезеңге
оралуды қалауға әкеледі.
Кірісті тым кең емес бөлу әлеуметтік және саяси тұрақсыздыққа әкелетін
тезистің негізгі күшін жойған жоқ. Реформаның ұзақ стратегиялық жетістігі
үшін міндетті түрде әлеуметтік дамудың негізгі сұрақтарында қоғамның
келісімін қажет етті.
Трансформация кезінде дамудың адамзаттық факторы ерекше маңызға ие
болады. Бірінші кезеңге, адам мен оның мүддесі қойылады. Тұрғындардың өмір
сүру деңгейі өтпелі кезең процесінің жағдайын білдіреді. Мұнда әлеуметтік
теңдікті жүзеге асыру маңызды болып табылады. Ал экономикалық өсу үшін
еңбектің жемісі шешуші мәнге ие болады. Осыдан келіп: кедейшілікпен күрес,
адам капиталын сақтау, оны нарықтық экономикалық қажеттілігіне икемдеу,
сондай-ақ экономикалық өсуге де, әлеуметтік теңдікке де, саяси тұрақтылыққа
да жағдай жасайды. Бұл жағдай, әсіресе, өтпелі экономикалы елдерде
кездеседі. Егер тұрғындардың елеулі бөлігінде реформалар олардың мүдделерін
ескермеді деген ой туса, онда экономиканы өсіруге бағытталған реформалар
жүзеге аспайды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда экономика саласында жүргізіліп жатқан
қатаң монетарлы саясат шұғыл әлеуметтік шектеулермен ұласуда. Басқаша
айтқанда, реформаның идеологиялық-мемлекетгің қатысуы шаруашылық саласында
ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік мәселелерді шешуде де қысқартулы болып
табылады. Әлемдік тәжірибе тұрғысынан қарастырғанда мемлекеттің артық
экономикалық қызметтерден босатылуы аяқталса да, әлеуметтік салада белгілі
бір шектеулерге ие болуы қажет: мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саладан
ауытқуы шұғыл түрде емес, біртіндеп және аяқталмаған сипатта болуы қажет.
Қазақстанда соңғы оқиғалар "минималды мемлекет" қағидасының әмбебаптығын
теріске шығарады, бұл экономикалық өсу мен тұрғындарды әлеуметтік қорғау
мүдделерінің алшақтауына әкеледі. Мұндай алшақтауды болдырмау мақсатында
және әлеуметтік саладағы реформаның теріс салдарын азайту мақсатында
дағдарыс жағдайындағы мемлекетке осы саланы реттеу механизімін жасау қажет.
Бұл қоғамдық өмірдің тығырық шыңырауына кетуін тежеп, әлеуметтік-
экономикалық күйзелісінің тез өсуі үшін потенциалды деңгейін сақтайды. Бұл
"парашюттеу", "таспен құлауға" қарама-қарсы жұмсақ сипат қана емес, сонымен
қатар әлеуметтік "жарылыстарды" болғызбауға жағдай жасайды.
Дағдарыстың тууына байланысты әлеуметтік салада жаңа стратегиялық
өзгерістерді талап етеді. Экономикалық өсуді сақтай отырып, адамдардың,
топтардың мүддесін есепке алуды көздеп, теңдікті сақтайды.
Саяси жүйені өзгерту, әлеуметтік мобилизациялау процесін тездетуді
көздейді. Бұл тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, саяси өмірге
қатысуын қамтамасыз етеді. Мұнымен қоса, шұғыл әлеуметтік жіктелумен
шектеледі. Бұл екі топ, яғни әлсіз және күштінің арасындағы өзгешеліктің
артуына әкеледі. Күшті топ ұтып шыққандықтан кво-статусын бекітіп,
мемлекеттің қамқорлмқ саясатынан бас тартқызуға тырысады. Өмір сүру
деңгейінің шүғыл төмендеуі саяси тұрақсыздыққа әкелетін қоғамның
наразылығын туғызады. Сондықтан саяси трансформацияның жетістігі көбінесе
әлеуметтік мәселелерді шешумен тығыз байланысты.
Егер әлеуметтік қамқорлықтан бас тарта отырып, әлеуметтік реттеу
саласына өзгерістер енгізуге талпынса, онда бұл өз мақсатына жетпейді,
себебі азаматтардың талаптары мен сұрауларын шешім қабылдау орталығына
жеткізудің тиімсіз механизмі болып табылады.
Сонымен, "екінші әлем" елдеріндегі саяси трансформация мәселелері XX
ғ. 80 ж. соңында ерекше сипатқа ие болды. Сол кезде басталған социалистік
елдердің тоталитаризмнен демократияға өту процесі нақты практикалық сипатта
болды. Ғаламдық деңгейде бұл "жабық қоғамнан" "ашық қоғамға" өту процесі
болатын. Қазіргі тарихи аймақта саяси тәжірибеде дамыған қоғамды саналы
және мақсатты басқару, мемлекеттік және саяси институттардың барын иемдеп,
жаңасын құру қажеттігін көрсетіп тұр.
Ең кең тұрғыдан қарастырғанда, саяси институттардың жаңалау
тоталитаризмнен демократияға өту кезеңі щеңберінде әлеуметтік-экономикалық
және мәдени жаңартуларлармен тығыз байланыста деген пікір даусыз болып
табылады. Постсоциалистік қоғам құрылымдық өту жағдайында тұр, соның
сипатын анықтау мен айқындау ғылымының бір міндеті болып табылады. Жалпы
заңдылық, саяси элитаның саяси дамудағы пайда болған дағдарыстарды шешуге
міндетті болады.

ІІ бөлім. Қазақстан Республикасында әлеуметтік САҚТАНДЫРУДЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК САҚТАНДЫРУЫ
2.1 Сақтандыру жіктелуінің негіздері

Сақтандыру мен қайта сақтандыру жүйесі - осы нарықтық экономиканың ең
маңызды және біртұтас құндылықтарының бірі. Сақтандыру - қоғамның
экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне
категориялардың бірі. Сақтандыру ұйымдары жұмыстарының тұрақтылығы мен
қызметінің қаржылық бекемдігін қамтамасыз ету үшін қайта сақтандыру жүйесін
құру аса қажет. Сақтандыру - сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз
етіп, материалдық шығындарға ұшыраудан қорғап, экономикалық табысқа жетуге
кепілдік береді. Қайта сақтандырудың мақсаты - аса қауіпті қатерлердің
зардабын жоя алатын кең ауқымды кепілдіктердің кеңістігін кеңейту мен
нығайту. Бұл интернационалдық экономикалық және де сақтандыру балансымен
алғанда теңгермешілік өлшемнің ең соңғысы емес. Міне осыған орай сақтандыру
мен қайта сақтандыру техникалық экономикалық және де әлеуметтік прогрестің
аса маңызды құралы болып табылады.
Сақтандыру жауапкершілігінің көлемін өсіру процесіндегі сақтандыру
ұйымы жүргізетін қызметтің бастапқы кезеңінде де қайта сақтандырудың рөлі
ерекше. Сондықтан да ішкі нарықта қайта сақтандыру жүйесін құру міндетті,
бізде де барған сайын нарықтық экономикадағы өте маңызды, әрі актуальды
мәселе бола түсуде. Осыған байланысты сақтандыру операцияларының қаржылық
бекемдігін қамтамасыз ететін шалғай шетелдерде бұл тәсілдің рөлі мен мәнін
барынша жан-жақты ашып көрсеткіміз келеді.
Қайта сақтандырудың өзінің байырғы дәстүрі болғанымен де, оның мәні
ең алдымен Қазақстан экономикасында жүріп өтуі керек болып тұрған
индустриализациямен айрықша байланысты. Соңғы онжылдықтар ішінде Еуропа,
АҚШ пен Жапония индустриализацияның нәтижесінде үлкен де ірі қатерлер мен
қауіптердің кешенді көздерінің аса зор потенциалдары пайда болып. Олар
жекеленген сақтандырушының ал кейбір жағдайларда тіпті сақтандыру нарықтың
қаржылық мүмкіндігін мейлінше өсірді. Экономиканың ғылым мен техниканың
қуаты өркендеу қатерлер мен аса қатерлі қаржылық комбинациялардың күрт
өсуімен күрделене түсуіне әкеп соғуда. Сөйтіп бұл жай қазіргі экономикалық
өмірдің барлық укладтарын анықтай тұра, сонымен қоса олар әлі де
белгісіздік туғызуда. Ал, экономиканы тұрақты түрде жетілдіріп жаңартып әрі
күрделі қаржы үші батыл тәуекелге бару ғана әлгі етектен тартқан жұмысты
жүргізбей отырған жайларды болдырмайды. Міне бұл сақтандыру мен қайта
сақтандырудың қазіргі басты міндеті клиенттердің қауіп-қатер
жауапкершілігін қабылдай отырып, сақтандыру ұйымдары өз қызметтерін
клиенттердің қатерден аман болуына немесе оны клиенттердің мүддесіне орай
азайтуға бұруға тиіс.
Қатерді жабу үшін барлық қажеттілікті жасауға кепілдік беру керектігі
жұмыстың өзіне сай келетін, нысандар мен әдістерді талап етеді. Қайта
сақтандыру қоғамның стратегиясы жаппай нарықтық қозғалмалы құрылымы мен
өнімдеріне болашақтағы жаңа қатысушыларға ыңғайластыруға бағытталуға тиіс.
Өнімге деген сұраным мен осы факторге байланысты қатерді жабу
қажетігінің ықтимал өзгерісі есепке алынады.
Бастауыш сақтандырудың дамуы, қатерлерді ойдағыдай басқару үшін жаңа
прогрессивтік тәсілдері ойластыру, ықтимал толық қаржылық кепілдік пен
қосымша кепілдік үшін дәстүрлі қайта сақтандыру объектілерін зор көлемде
дифференциялау жоғары мамандандырылған қолдау. Қайта сақтандыру қоғамы
стратегиясының ең маңызды пункті болуға тиіс. Әсіресе қатерден тысқары емес
қызметтердің кең көлемді бағдарламасына қатысқан жерде қайта сақтандырудың
жалпы кепілдігін ойластырып жасаған кезде клиенттердің жекелеген
мүдделеріне ерекше көңіл бөледі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар
сақтандырудың нысандары болып табылады:
Міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті;
Сақтандыру объектісі бойынша – жеке және мүлікті;
Сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша-жинақтаушы және
жинақтаушы емес;
Міндетті сақтандыру - заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге
асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті
сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке сыныбы болып табылады. Міндетті
сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу
жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін
заңнамалық актілермен белгіленеді.
Ерікті сақтандыру - тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге
асырылатын сақтандыру.
Сақтық қызметі - сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта
сақтандыру) шарттарды жасаумен орындауға байланысты Қазақстан
Республикасының заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік
органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызметі.
Сақтық қызметті ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды
жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді.
Сақтық ұйымның сақтық қызметі "өмірді сақтандыру" саласы және "жалпы
сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады.
Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай
сыныптарды қамтиды: өмірді сақтандыру; аннуитеттік сақтандыру.
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай
сыныптарды қамтиды: жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
медициналық сақтандыру; көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және
су көліктерін) сақтандыру; жүктерді сақтандыру; мүлікті сақтандыру(көлік
құралдарын қоспағанда); кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; көлік құралдары
иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру;
зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру (көлік
құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық құқықтық жауаптылығын
қоспағанда).
Сақтандыру түрі сақтық ұйым сақтанушыға сақтандыру шартын жасау
арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және
беретін сақтық өнім болып табылады.
Жалпы сақтандыруға және өмірді сақтандыруға тән экономикалық
қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс
дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде
бұзылса толтырумен байланысты. Зиянның орны ынтымақтастық негізде сақтық
қатынастарға қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады,
бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларды құрайды.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер азаматтық – құқықтық
жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді, сақтандыру жалпы
сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу қаупі,
жетіспеуі немесе білінуі және өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтар
сақтандырылады.
Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктерді сақтандыруға мүддесі
болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым
жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе
кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның
денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын
тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемді
жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен
медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет
көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе
толық өтемді мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін жеке
басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге пайдалануға, оған
билік етуге байланысты адамдардың мүлікті мүдделеріне оның зақымдалуы
немесе оның жойылуы соның ішінде немесе ұрлап әкетілуі салдарынан
келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемді мөлшерінде сақтық төлемдерді
жүзеге асыруды көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге пайдалануға оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе оның
жойылуы соның ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жойылып кетуі
салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемді мөлшерінде сақтық
төлемдерді жүзеге асыруды көзделетін сақтандырудың түрлерінің жиынтығы
болып табылады
Мүліктік сақтандыру мүлікті иеленуге пайдалануға оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе
немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы
салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемді мөлшерінде сақтық
төлемдерді жүзеге асыруды көзделетін сақтандырудың түрлерінің жиынтығы
болып табылады
Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде үшінші бір
адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарынан
туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болуы, (келтірілген зияндары үшін
жауаптылықты сақтандыру) сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер
бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты) тәуекелін сақтандырады.
Зиян келтіргендігі үшін азаматтық–құқықтық жауаптылықты сақтандыру
кезінде сақтанушының өз жауаптылығы да, осындай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси партиялар ұғымы мен мәнісі
Бірпартиялық жүйе
Саяси партия саяси институт ретінде және Қазақстандағы саяси партиялардың дамуы
Қазіргі Қазақстанның саяси партиялары
Саяси партия туралы
Саяси партиялар
Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеу
Саяси партиялар және партиялық жүйелер
Идеологиялық партиялар
Саяси партия және партиялық жүйелер
Пәндер