ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БИЗНЕС - ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. Туризм: мәні және түрлері
2. Қазақстан Республикасында туризм саласының қалыптасу және даму
кезеңдері
3. Туризм саласын реттеудің нормативті-құқықтық базасы

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БИЗНЕС-ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫН
ТАЛДАУ
2.1 ҚР-да бизнес-туризмнің дамуының қазіргі жағдайы
2.2 Туристік ағымды талдау
2.3 Алматы аймағының туристік инфрақұрылымын талдау

3. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТУРИЗМІН ДАМЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Туризмді жетілдіру жолдары
3.2 Туристік қызметті ғылыми және ресурстық қамтамасыз ету
3.3 Кадрларды дайындау жүйесін жетілдіру

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасуы тұрғындардың туристік
қызмет көрсету тәсілдері мен түрлеріне деген қызығушылығын өсірді. Осы
саланың шаршаң дамуы және турмстік қызметте бәсеке ролі мен коммерциялау
дәрежесінің өсуі туристік бизнсті мемлекеттік реттеу қажеттілігіне әкелді.
Бірнеше жылдар ішінде қазақстан турғындарының біршама бөлігінде туристік
қызметке деген сұранысы өскен, соның нәтижесінде оларға деген қажеттілік
көлемді болған, яғни өмір заңына кірген, ұлттық мәдениеттің бір бөлігі
ретінде қалыптасты.
Жиі туризм әр түрлі елдерде алтын қақпа қызметін атқарған. Сол
қақпаны пайдалану елдің бүкіл ұлттық экономикасын күшейтуге мүмкіндік
берді. Көптеген елдерде туризм жалпы ішкі өнімді қалыптастыруда, қосымша
жұмыс орындарын құруда және тұрғындарды жұмысбастылықпен қамтамасыз етуде,
сыртқы сауда балансын белсеңдіруде маңызды рөл ойнайды. Туризм көлік және
байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, халық тұтынатын тауарларды өндіру және
т.б.с.с. экономиканың басты салаларына өз ықпалын тигізеді, яғни әлеуметтік-
экономикалық даму катализаторының бірі болып табылады.
БТҰ (Бүкіләлемдік Туристік Ұйым) мәліметтері бойынша туризм әлемдік
капиталдың 7%-н пайдаланады, онымен әр 16-шы жұмыс орны байланысты, әлемдік
тұтынушылық шығындардың 11%-ы оның үлесінде және ол барлық салық
түсімдерінің 5%-н береді.
Соңғы жылдары Қазақстанда да туризмнің дамуына көп көңіл бөле бастады.
Қазақстанның туристік кешендерінің даму болашағы көбіне жалпы ұлттық
деңгейде туристік сфераны мемлекеттік реттеуді күшейтумен байланысты.
Қазақстан-2030 даму стратегияснда туризмді болашақта ел бюджетін
толтыратын ірі құрамдас бөлік болатын экономика саласының болашағы бар
сферасы деп белгіленген.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – жалпы туризм саласының өсу нүктесі
болып табылатын бизнес-туризмнің дамуының концептуалды негіздерін дәлелдеу.
Дипломдық жұмыстың мақсатына қол жеткізу үшін келесі тапсырмалар алға
қойылды:
– туризмнің түрлерінің классификациясын және мәнін анықтау, туристік нарық
құрылымында бизнес-туризмнің рөлі;
– бизнес-туризм дамуының шетелдік тәжірибесін жинақтап қорыту;
– туризмнің және бизнес-туризмнің ұлттық экономикаға қосқан үлесінің
көрсеткіштері мен тәсілдерін әзірлеу;
– нарықтық реформалар жағдайында туристік қызмет нарығының даму
ерекшеліктерін анықтау;
– Қазақстан Республикасы туристік нарығының приоритетті бағыты ретіндегі
бизнес-туризмнің дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу, оның ішінде: бизнес-
туризмнің даму шарты ретінде туристік инфрақұрылым индустриясын
мемлекеттік реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу; бизнес-
туризмнің дамуына әсер ететін факторларды талдауға алу; бизнес-туризмді
дамытудың аймақтық ерекшеліктерін анықтау.
Дипломдық жұмыс объектісі – туристік қызмет нарығы және оның сегменті
– Алматы қаласының бизнес-туризм облысындағы қызмет нарығы.
Дипломдық жұмыстың зерттеуі пәні – туристік қызмет нарығының
қатысушылары арасындағы экономикалық және басқарушлық қатынастарының
жиынтығы.
Дипломдық жұмыстың теориялық және методологиялық базасы болып отандық
және шетел ғалымдарының жұмыстарында келтірілген қорытындылар, туризм
саласындағы ҚР-ның құқықтық-нормативтік актілері мен Заңдары, ҚР-ның
статистикалық агенттігінің сандық көрсеткіштері табылады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстанда туризм дамуының
перспективті бағыттарын айқындау, оның ішінде бизнес-туризмнің даму
қажеттілігін негіздеу.
Дипломдық жұмыстың ақпараттық базасы. Микро және макро деңгейде
туризмді басқару мәселелері Т.В.Абрамова, В.Г.Гуляева, В.А.Квартальнова,
Л.Ю.Проурзинаның еңбектерінде кездеседі. Туристік нарықты мемлекеттік
реттеуді басқарудың бағдарламалы-мақсатты тәсілдерін қолдану туралы
мәліметтерді Е.Е.Румянцева және Л.В.Садинованың еңбектерінен алынды.
Сонымен бірге қазақстанның экономикалық ғылымында әлі де бизнес-
туризмді туристік нарықтың даму приоритеті ретінде кешенді түсінік
қалыптаспаған.
Бизнес-туризм тиімділігін бағалау тәсілі ретінде бизнес-туризмге
келген шығындар мен табыстар арасындағы арасалмақты көруге мүмкіндік
беретін жобалық талдау тәсілдерін пайдалану негізделінді.
Туризмнің экономикаға, сонымен бірге бизнес-туризмнің ұлттық
экономиканың дамуына, қосқан үлесін сипаттайтын көрсеткіштер әзірленді:
халықаралық туристер саны, елге келу және кету туристері; келу, кету және
ішкі туристер санының арақатынасы; экспорттық-импорттық операциялар
құрылымында халықаралық туризмнің үлесі; халықаралық туризмнен түскен
табыстар мен шығындар және т.б.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және
қолданылған әдебиетттер тізімінен тұрады.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

4. Туризм: мәні және түрлері

“Туризм” түсінігіне берілген анықтамаларды талдай отырып мынадай
қорытындыға келуге болады: авторлардың көп бөлігі туризмді тек тұтынушылар
көзқарасы жағынан қарастырады, яғни туризм белгілі мақсаттармен
ұйымдастырылған сапар ретінде [18;12б]. Біздің көзқарас бойынша туризмді
өндіріс сферасы және туристік ресурстары бар ұйымдарға туристік қызмет пен
тауарларды өткізетін өндіруші жағынан да қарастыруымыз қажет. Мынадай
анықтама беруге болады: “туризм” – бұл адамдардың саяхаттау кезеңінде
олардың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында туристік тауарларды сату
және туристік қызмет кешенін ұсыну бойынша туристік кәсіпорындар қызметін
қосатын экономиканың спецификалық саласы [27;23б].
Әдетте туризмде үш экономикалық функциялар айқындалады: өндірістік,
жұмыспен қамтамасыз ету және табыстың болуы. Кейбір ғалымдар туризмнің
экономикалық қызметі тізіміне аймақтық диспропорцияны бәсеңдету және төлем
балансының ауытқуын реттеу қызметтерімен толықтыру қажет деп есептейді
[16;134б].

Туризмнің экономикалық қызметтері

Сурет 1. Туризмнің экономикалық қызметтері

Туризмнің көптеген басқа да экономиканың салаларымен бай-ланысты сыртқы
экономикалық, экологиялық және әлеуметтік-мәдени тиімділіктерді тудырады,
олардың таралуы көбінесе туристік қызмет субъектілерін бақылау сферасынан
тыс жатыр [10;68б]. Туризмді дамытуды мемлекеттік жоспарлау сыртқы әсердің
жағымды жағын көбейтуге және теріс жағын минималдауға бағытталу керек
[13;39б].
Туризмді әлемдік шаруашылықтың интенсивті дамып келе жатқан және
табысты бизнестің бірі ретінде қарастырады. Бұған туризм үлесіне әлемдік
жалпы ұлттық табыстың шамамен 10%-ы келеді деген факт куә бола алады
[10:24].
Үшінші мың жылдықтың басында халықаралық туризм үлесіне жалпы әлемдік
экспорт көлемінің 8%-ы және әлемдік қызметтер саудасының үлесіне 30-35%
тиеді [10;84б].
Туризмнің дамуы әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады.
Әлемнің көптеген елдерінде тек қана туризм есебінен жаңа жұмыс орындары
ашылады, тұрғындардың жоғары өмір сүру деңгейі қалыптасады, елдің төлем
блансын жақсартудың алғышарттары пайда балады. Туризм сферасын дамыту
қажеттілігі білім деңгейін көтеруге, тұрғындарға медициналық қызмет көрсету
жүйесін жетілдіруге, ақпараттарды таратуда жаңа тәсілдерді енгізуге және
т.б. өз әсерін тигізеді.
Туризм мәдени байлықты дамытуға және сақтауға ықпалын тигізеді, әр
түрлі елдер мен халықтар арасында тепе-теңдік қатынастырады жүргізеді,
қоршаған ортаны сақтау және сауықтыру ісіне үкіметті, қоғамдық ұйымдарды
және комерциялық құрылымдырды белсенді қатысуын қадағалайды.
Қазақстандағы туризмнің қазіргі дамуы оның ұйымдастырушылық
құрылымында, дамудың бағытында, сапалық және сандық сипаттама жағдайында
терең қарама-қайшылықтардың бар болуымен сипатталады [4;5б].
Бір жағынан бастапқы қол жеткізген туристік қызметті ұсыну көлемінің
күрт төмендеуімен, туристік саладағы материалдық база-ның қысқартылуымен
және туристік қызметке деген тұрғындардың қажеттілігінің біршама
сәйкессіздігімен байланысты Қазақстан туризмнің қазіргі жағдайы дағдарысты
деп бағаланады[4;6б].
Екінші жағынан ең жоғары әлемдік стандарттарға жауап беретін туристік
объектілер құрылысының жоғары темпі, қазақстандықтардың шетелге саяхаттауға
шығуының біршама көбеюі, Қазақстанның барлық аумағында туристік ұйымдар
санының өсуі белгіленуде [4;6б].
Туризмдегі топтастырудың негізгі көрсеткіштері – критерияларға
байланысты оның жеке формалары мен түрлерін айқындауды білдіреді. Туризм
түрлерін топтастыру туризм дамуын, оның өзгеруін және негізгі
тенденцияларын тереңірек зерттеуге көмектеседі. Туризмнің түрлері мен
формаларын олардың таза күйінде бөліп қарастыру өте қиын, сандықтан
дүниежүзіне ортақ топтастыру жоқ. Қолданыста жүргендерінде кейбір
айырмашылық-тар бар, бірақбүтіндей бір мағынаға келеді.
Туризмді әр түрлі критерилер бойынша топтастыруға болады [18;126б]:
1. Саяхаттау мақсаты бойынша
Бұл критерий шешуші мағынаға ие, себебі нақ саяхаттау мақсаты көбіне
турлардың қалыптасуына және туристік қызметі ұйымдастыруға әсер етеді.
Саяхаттай отырып турист өзінің алдына бірнеше мақсаттар қоя алады, соның
тек біреуі саяхаттауды тудырушы себеп бола алады.
Мақсаттары бойынша туризм келесідей болып бөлінеді:
а) Танымдық немесе мәдени-ойын-сауықтық.
Келген елдің мәдениетімен, тарихи-мәдени көрікті жерлерімен,
мұражайларымен, театрлармен, қоғамдық құрылыстармен халық өмірімен және
дәстүрімен таныстыру мақсатымен ұйымдас-тырылған саяхат. Танымдық мақсаттар
демалу мақсаттарымен ұштау мүмкін.
ә) Іскерлік. Осы туризм түрінің негізінде қызметтік немесе кәсіби
тапсырмаларды орындау қажеттілігі жатыр. Іскерлік мақсатпен сапар шегу
қазіргі туристік айырбастық маңызды құрамдас бөліктерінің бірі ретінде
қарастырылады. Іскерлік туризмге халықаралық келісім-шартқа, бас қосуларға,
мекемелерге, коронацияларға, мемлекет пен үкіметті басқару міндетіне ету
рәсіміне қатынасатын жеке тұлғалардың немесе делегацияларды сапарлары
жатады. Бірақ туристердің қатарына елшіліктердің дипломатиялық жұмысшылары,
шет елдерінде жұмыс істейтін суда және басқа ұйымдар өкілдіктерінің
қызметкерлері жатпайды.
Соңғы жылдары мұндай сапарларға үнемі сұраныс өсуде. ´здерінің сипаты
бойынша олар танымдық сапарларға жақын, бірақ әр түрлі объектілер мен
кәсіпорындарға барудың арнайы бағдарламасы, сонымен қатар топтардың
біртекті кәсіби құрамы осындай сапарлардың туризмінің жеке түрлеріне бөлуге
мақсатты түрде алдын-ала анықтайды. Іскерлік туризмнің дамуы бірінші
кезекте соңғы уақытта әлемнің ірі компанияларына қамтитын бизнесті
халықаралық ұлттандырумен байланысты.
б) Этникалық. Бұл туризмнің мақсаты – туысқандарды, туған жерлерді
аралау. Берілген туризм түріне Германия, Ресей, Украина, Түркия және
Қазақстан аса мән береді.
в) Діни. Діни туризм ең ежелгі туризм түрі болып табылады және діни
мейрамдар күндері немесе күнәларды кешіру үшін шіркеулер мен мешіттерге
бард. мақсатымен “қасиетті жерлерге” белгілі бір адамдар тобының қозғалысын
білдіреді. “Діни, қасиетті жерлерге” барудың пайда болуы әлемде негізгі
діни ағымдардың қалыптасуымен байланысты. Қажылық жасау, жалпы туризм
сияқты ішкі (бір елдің шегінде) және халықаралық болады. Қажылық жасаушылар
жолға алған қаржыларының көп бөлігін дәл сол қасиетті жерлерде жұмсайды.
Сонымен қатар қажылық мыңдаған жергілікті тұрғындарға жалақы беруде. Діни
туризмнің орталығы: Мекке- Медина, Иерусалим, Ватикан және басқа да қалалар
мен жерлер.
г) Спорттық. Спорттық туризм - әр түрлі спорттық жарыстарға қатынасу
үшін жолға аттанатын сапарлар жиынтығы. Спорттық туризм екіге бөлінеді:
белсеңді – спорттық жарыстарға тікелей қатысу үшін сапар және енжар –
көрермен ретінде спорттық жарыстарды тамашалау үшін сапар шегу.
ғ) Рекреациялық.Рекреациялық туризм – бұл адамдардың физикалық және
ішкі жан дүниесі күйін қалыпқа келтіруге қажетті демалу мақсатымен
адамдардың бос уақытындағы қозғалысы.
д) Оқу мақсатымен. Оқу мақсатымен ұйымдастырылған туризмге білімін
көтеру,жалғастыру немесе алу жатады.
е) Экзотикалық. Экзотикалық туризм адамдардың күнделікті өмірде
кездеспейтін ерекше жағдайларды көру, тану және сезіну тілегімен
байланысты. Бұл климаттық жағдайлар, ерекше флора мен фауна, әр түрлі елдер
асханасы, архитектура, ұлттық дәстүрлер және т.б.
ё) Экологиялық. Экологиялық туризм қазіргі уақытта кең тараған туризм,
өйткені экология күн сайын кең мағынаға ие болып жатыр. Табиғат пен
қоршаған ортаға деген қамқорлық көзқарас туризмнің тартымды элементтерінің
бірі болып табылады. Жиі-жиі экологиялық сипатқа ие (мысалы, табиғат
аясында оны ластамай және зиян келтірмей демалуға бос уақытты өткізуге
болады) жарнамалық іс – шаралар және турлар өткізілуде. Экология және
туризим өзара өте байланысты және бір – біріне тәуелді. Туризм тек қана
экологиялық таза аймақта жүзеге асады. Халықаралық тәжірибеде "көк жамау
деген түсінік бар. Бұл мәртебені тек экологиялық таза аймаққа береді.
Әрине, туристер осындай аймақта демалуды жөн көреді, себебі олардың
денсаулығына қатер жоқ.
2. Қатынас құралдары бойынша.
а) жаяу жүру туризмі;
ә) велосипедтік туризм;
б) атты турзм;
в) тауға шығу (альпинизм);
г) шаңғы туризмі;
ғ) мототуризм;
3. Көлік құралдарын пайдалану дәрежесі бойынша.
Туризм мемлекет ішінде немесе оның аумағынан тыс адамдардың бір орыннан
екінші орынға қозғалысын тудырады. Көліктің стандартты түрлерін
пайдалынатын саяхаттау:
а) әуе көлігі (кесте бойынша рейстер);
ә) су көлігі (жолаушылар линиясы, паромдар және круиздер);
б) құрлықтық көлік (темір жол, қалааралық және қалалық автобустар, жеке
автокөліктер, көлік құралдарын жалға беру және т.б.)
в) көліктің экзотикалық түрлерін пайдалану (арқан жолдар, фуникулер,
ауа шары, дельтаплан және т.б.).
4. Туристерді орналастыру құралдары бойынша туризмнің келесі түрлері
ажыратылады.
а) отельдегі туризм.
ә) мотельдегі туризм.
б) пансиондардағы туризм.
в) кемпингтік туризм.
г) туристік ауылдарда, турбазалардағы туризм.
Отельдер қала орталықтарында, әуе жай немесе темір жол вокзалына жақын
орналасады.
Мотельдер не автокөлік трассалары бойында, не қала шетінде орналасады.
Мотельде тұру жағдайы туристердің автокөліктеріне қызмет көрсету жағдайымен
қамтамасыз етілуі керек (автотұрақ май құю станциялары, автосервис және
т.б.).
Кемпингтер, туристік ауылдар, турбазалар – жай немесе авто туристерді
орналастыруға арналған қала сыртындағы ғимараттар.
Туристік ауылдар – түнеуге қажет автономды жабдықтары жоқ, туристердің
демалуы мен тунеп шығуына арналған жабдықталған ортақ басқаруы бар
сервистік шаруашылық.
Жоғарыда аталып кеткен құралдар әр түрлі категориялы қонақ үй
кәсіпорындарына жатады. Орналастыру құралдарына тұрақты болып бөлінеді,
мұнда туристерді қабылдау жыл бойы жүзеге асырылады, маусымдық - тек
белгілі бір жыл уақытында, яғни туристік маусымды ғана туристерге қызмет
көрсетіледі.
5. Саяхаттау мерзімі бойынша.
Саяхаттау мерзімі бойынша бөлінеді:
а) ұзақ мерзімді,
ә) қысқа мерзімді,
б)демалыс күндері өткізілетін турлар.
6. Маусым бойынша.
а) Жаздық (жаздық демалыс және оқу демалысы кезеңі, мамыр айының аяғы
мен қыркүйектің ортасы аралығы).
ә) Қыстық (желтоқсан айы ортасынан ақпан айының аяғына дейін – тау
шаңғысы маусымы, жаңа жыл және рождество мейрамдары).
б) Маусымаралық. Біздің қалата – күз және көктем, белсенді маусымдарға
қарағанда туристер саны біршама кемиді.
7. Ұйымдастырылу деңгейі бойынша.
а) Жеке – тур бір немесе бірнеше тұлғалардың өз бетінше саяхаттауы және
құны жоғары болатын персоналды сипаттағы қызметпен байланысты.
ә) Топтық тур – ортақ бағдар бойынша және бірдей жағдайларды қамтитын
бірнеше тұлғалардың сапары. Туристердің бір топқа бірлесуі қызығушылықтың
және сапар мақсатының ортақшылығымен түсіндіріледі, сонымен қатар топтық
жеңілдіктердің болуына байланысты жеке турларға қарағанда салыстырмалы
түрде құны төмен болып табылады.
Саяхатты ұйымдастыру сипаты ұйымдастырылған және өз бетінше болуы
мүмкін.
Алдын - ала туристік фирмалар дайындаған бағдаламалар бойынша жеке және
топтық туристердің саяхаты ұйымдастырылған деп атайды. ұйымдастырылған
туристерге алдын – ала сатып алған турда атап өткен қажетті туристік қызмет
көрсетумен қамтамасыз етеді.
Өз бетінше немесе альтернативті туризмде саяхатты ұйымдастыруда
туроператор емес туристің өзі қатысады, саяхаттаушы ақпараттық желілер
көмегімен жарнамалық материалдарды пайдаланады. Басқа сөзбен айтқанда,
туристің өзі сапар мерзімін, бағдарын, баратын объектілерді анықтайды, өзі
қонақ үйлерді брондайды және тағы басқа, ол туристік фирмалармен ешқандай
міндеттемелерменбайланыспайды.
8. Сапарға қатысушылардың демографиялық және әлеуметтік құрамы бойынша.
Туристердің тұрғылықты жеріне (қалалық немесе ауылдық тұрғын),
қоғамдағы әлеуметтік жағдайына (балалық, оқушылық, жастық, отбасылық,
кәсіптік құрамы бойынша және т.б.) тәуелді. Туристің жасы көп роль ойнайды,
соңғы уақытта, зейнеткерлік жастағы саяхаттаушылар саны өсті.
9. Туристік ағым бағыты бойынша.
а) Кіру – басқа елдерде тұрақты тұратын тұлғалардың елдегі саяхаты.
ә) Шығу – басқа елдерде тұрақты тұратын тұлғалардың елінен шығып
белгілі бір елде саяхат.
б) Ішкі – тұрақты белгілі бір елде тұратын тұлғалардың өз елі ішіндегі
саяхаты.
10. Төлем құралы принципі бойынша.
а) Коммерциялық. Бұл туристік фирма сатып алушыға өзінің турөнілік
өткізетін және соған сәйкесінше пайда алатын стандартты вариант.
ә) Әлеуметтік. Әлеуметтік туризм әлеуметтік қажеттіліктерге мемлекеттен
түскен қаражаттардан субсидияланған саяхаттар арқылы түсіндіріледі. Сонымен
қатар заңмен тағайындалған ережелерге сай мемлекеттің жеке туристер
категориясына әлеуметтік сипаттағы жеңілдіктер ұсынуы.
с) Интенсив – туризм. Еңбектегі табысы үшін өздерінің жұмысшыларына
фирма есебі бойынша ұйымдастыратын сапарды білдіреді.
Туризм дамуына әсер ететін негізгі факторлар статикалық және
динамикалық болып бөлінеді. Статикалық факторларға табиғи – географиялық
факторлар жиынтығы жатады. Олар өшпейтін, ауыспайтын мәнге ие. Адамзат
оларды тек туристік қажеттіліктерге ғана бейімдейді, оларды қолдануға
икемді жасайды. Табиғи – климаттық және географиялық факторлар өздерінің
мәнін әдемі де әсем табиғатымен, климатымен, жергілікті рельефмен, жер асты
байлығымен ашады. Мәдени – тарихи факторларды (тарихи, сәулеттік
ескерткіштер және т.б.) белгілі бір мағынада статикалық факторларға
жатқызуға болады.
Динамикалық факторларға демографиялық, әлеуметтік – экономикалық,
материалды – техникалық және саяси факторлар жатады.
Сонымен қатар туризмге жер ететін факторлар сыртқы (экзогендік) және
ішкі (эндогендік) болып бөлінеді. Сыртқы (экзогендік) факторлар туризмге
демографиялық және әлеуметтік өзгерістер арқылы әсер етеді. Ол қатарына
экономикалық және қаржылық факторлар жатады:
- экономикалық және қаржылық жағдайдың жақсаруы (нашарлауы).
- жеке табыстың көбеюі (төмендеуі);
- демалысқа бөлінген табыс бөлігіне тәуелді жоғары (төмен)
- туристік белсенділік;
- саяхаттау мен туризм шығынын жабуға қоғамдық бөліністер құралдары
үлесінің өсуі (төмендеуі).
Туризм өсіміне әсер ететін әлеуметтік – экономикалық факторына, сонымен
қатар білім деңгейінің өсуі, мәдениет, халықтың эстетикалық қажеттіліктері
жатады.
Сонымен қатар сыртқы факторға саяси және құқықтық реттеудің өзгеруі;
технологиялық өзгерістер; көлік инфрақұрылымы мен сауданың дамуы,
саяхаттаудағы қауіпсіздік шарттарының өзгеруі жатады.
Ішкі (эндогендік) факторлар – бұл туризм сферасына тура әсер ететін
факторлар. Біріншіден, оларға туризм дамуы үшін маңызды мағынаға ие
материалды – техникалық факторлар жатады. Осылардың ішіндегі ең бастысы
орналастыру құралдарының, көліктің, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының,
рекреациялық сфераларының, бөлшектік сауданың және т.б. дамуымен
байланысты.
Туризм дамуына әсер ететін факторларының ішінде ерекше орын алатын
маусымдық фактор. Маусымға байланыстытуристік қызмет көлемінде салмақты
тербелістер болуы мүмкін. Туристік ұйымдар мен мекемелер маусымдық
тоқыраудан шығу үшін бірқатар шаралар ұйымдастыруды, мысалы, маусымдық
дифференциалданған бағаны енгізу, маусымдық тоқырауға ұшырамайтын туризм
түрлерін – конгрестік, іскерлік және т.б. – дамыту.

1.2 Қазақстан Республикасында туризм саласының қалыптасу және даму
кезеңдері

Туризм – ұзақ тарихи даму өнімі. Оның даму алғышарттары ежелгі заманнан
басталады. Бәріне мәлім, адамзаттың қоршаған әлеммен танысу үрдісі
саяхатпен тығыз байланысты.
Қазақстандағы туризмнің тарихи алғышарттары б.д.б. ІІІ мың жылдықта
қалыптасқан ұл Жібек Жолының пайда болу және дамуы болып табылады [2; 27б].
Қазақстанның тәуелсіздік алуынан бұрын туризмді экономиканың барлық
салалары сияқты орталықтан қатаң ережелерге бағындырған. КСРО-ғы негізгі
туристік қызмет аймақтары Кавказ, Қырым, Байкал маңы, Ресейдің тарихи
орталықтары, орталық Азия болған. Сонымен бірге Қазақстанның тарихи,
археологиялық және сәулеттік ескерткіштері мен табиғи көрікті жерлері
жарнамаланбаған және сұранысқа ие болмаған. Кеңестік кезеңдегі
Қазақстандағы туризм идеологиялық қызметтерді атқаратын мәдени – танымдық
жұмыстар жүйесінің бір элементі ретінде қарастырылған және оның рөліне
қарамастан қалдықтық принцип бойынша қаржыландырылған, нақты экономикалық
мәнге ие болмаған. Қазақстандағы туризм өнеркәсібінің дамымай қалған
себептерінің бірі экономиканың саласы ретінде мемлекеттік деңгейде онымен
мақсатты түрде айналыспауы болып табылады. Кешендік болжамдарға, ұзақ
мерзімді жоспарлауға, туризмді аумақтық ұйымдастыруға және мемлекеттік емес
туристік құрылымдарға көңіл бөлмеген. Сонымен қатар саланың дамуын тежейтін
фактор жергілікті басқару органдары жағынан туристік қызметті болашағы бар
сана ретінде мойындамауы басып табылады. Тәуелсіздік алғалы Қазақстанда
туристік қызметті реттеуге және халықтың мәдени және тарихи мұрасының қайта
тууына негіз қаланды [4;55б].
Отандық туризмнің даму тарихын 4 кезеңге бөлуге болады [4; 55б]:
1. КСРО кезеңіндегі қазақстандық туристік қызмет – саланы орталықтан
Алатау, Сарыағаш, Шымбұлақ сияқты туристік объектілерге тек қана жолдама
арқылы баруға болады.
2. 1992-1996 жылдар аралығы - Қазақстан Республикасының тұнғыш "Туризм
туралы" заңы бекітілді. 1993 жылы Қазақстан Бүкіләлемдік Туристік ұйымға
толық тұрақты мүшесі болып кірді.
3. 1996-1997 жылдар аралығы – 1997 жылы Қазақстан Түркі тілдес
мемлекеттер басшыларының Ташкент дикларациясына қатысады. ұлы Жібек жолының
Қазақстан Республикасындағы туристік инфрақұрылымын дамытудың алғышарттары
басталады. 1998 жылы Жібек жолының тарихи орталықтарын қалыпқа келтіре
бастайды. Туристер саны осы жылдары тәуелсіздік алғалы бері ең жоғары
дәрежеде болады. Көбіне жұмыс бабымен келген туристер ағымы өседі.
Санаторилер демалыс орындары өз қалпына келтіріледі.
4. 2000-2005 жылдар аралығы – 2000 жылдың 30 қазанында "Туризм
жөніндегі үйлестіру кеңесі", 2001 жылдың 6 наурызында туризмді дамытудың
тұжырымдасы, 2003-2005 жылдарға арналған туризм саласын дамыту бағдарламасы
құралады. Туризмге экономиканың табысты саласы ретінде үкімет тарапынан
көңіл бөлінеді. Шетел инвесторлары туризм саласын қаржыландыраду. Тұрақты
туристерді импорттайтын елдер пайда болады.
Қазақстандық туристік нарықтың қалыптасуы 1990 жылдан басталады. Бір
уақытта үш үрдіс жүрді.
1. ескі типтегі кәсіпорындардың ыдырауы (экскурсиялық бюролар,
саяхаттау бюролары).
2. туроператорлар немесе турагенттер деп аталатын жаңа кәсіпорындарының
ашылуы.
3. қазақстандық тұтынушылардың сұрасына ие болатын туристік өнімді
өңдеу үшін қайта құру жолымен ескі туристік кәсіпорындарды модификациялау.
Нарықты дамытудың бірінші кезеңінде негізінен шығу турлары
жетілдірілді. КСРО-ғы шығу туризмінің көп жылдық тапшылығы сыртқы туристік
өнімге деген жоғары сұранысты қалыптастырды. Кейбір елдер
қазақстандықтуристерді тарту мақсатында бірқатар шаралар енгізді: бұрынғы
социалистік достастық елдеріне визасыз кіру (Чехия, Болгария, Венгрия,
Сербия және т.б.); Германияға, Италияға, Испанияға визалық рәсімдерді
жеңілдету; кейбір елдерге (Франция, Қытай) қазақстандық туристер үшін
экономикалық турлар. Үлкен сұранысқа шоп – турлар, танымдық сипаттағы
турлар, Туркия, БАӘ, Италия, Грецияға демалыс, ойын – сауықтық және жастар
туризмі, білім алу және іскерлік турлар, тау шаңғылық туризмі, ем қабылдау,
теңіз круиздары ие болды Қазақстандық шығу туризмінің сипаты келесі
себептермен шартталды:
- қазақстандық тұтынушылардың шетел өніміне қызығушылы-ғы (КСРО-да шығу
туризмінің болмауы);
- шығу ережелерінің жеңілдетілуі;
- сыртқы іскерлік байланыстардың кеңеюі;
- валюталық құралдары бар жеке азаматтар мен кәсіпорындар санының өсуі;
- шығу туризмінің қолайлы бағалары;
- шетелдік туристік өнімдердің жоғары бәсекеге қабілеттілігі (бүтіндей
қонақ үй сервисі мен орналастырудың өте жақсы шарттары, турлардағы ыңғайлы
көлік және т.б.).
Туризмнің дамуына 1995 жылғы Қазақстандағы экономикалық тоқыраудың
болуы кері әсер тигізді. Көптеген фирмалар ішкі және шығу туризмі үшін
өнімді өңдеуге кірісіп кетті. Бұл туристік фирмалардың банкротқа ұшырау
үрдісін тоқтатып тұғуға және біртіндеп ішкі және келу туризм сегменттерін
қайта бөлуге мүмкіндік берді. Бүкіләлемдік Туристік ұйымның болжамы бойынша
2030 жылға Қазақстан туризмі ең атақты елдер ондығына кіруі мүмкін. БТҰ
сарапшыларының бағалауы бойынша Қазақстан Республикасы шетел азаматтарының
келуінің әлемдік классификациясы бойынша 18-ші орынды алады, бұл келу
туризмінің әлемдік нарығының 3,2%-н құрайды. 2005 жылдың келу өсімі
пайыздық қатынаста 2004 жылмен салыстырғанда 5,23%-ды құрайды [5; 21б].
Қазіргі кезде Қазақстанға 10,3 млн. шетел азаматтары келеді [34б]. Басқа
елдерден келген туристер санымен өлшенген турстік белсенділіктің өсуі [34б]
және оларға қызмет көрсетуден түскен табыс (%) 1-ші кестеде көрсетілген.

Кесте 1. Туристік белсенділіктің өсуі

Жылдар Келген туристер саны, %Туристерге қызмет
көрсетуден түскен
табыс, %
2007 3,2 4,2
2008 2,5 3,1
2009 3,8 5,2
Ескерту – ҚР-ның статистика жөніндегі мәліметтер негізінде құрастырылған

Сонымен қатар туризмнің экономикаға жанама әсері оның тікелей
нәтижесіне тең.
Туристік бизнес шаруашылықтың басқа салаларының дамуын ынталандырады:
құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, халық тұтынатын тауарлар өндірісі,
байланыс және т.б.
Осы бизнес кәсіпкерлерді көптеген себептермен қызықтырады: бастапқы
инвестиция мөлшерінің көп еместігі, туристік қызметке деген сұраныстың
өсуі, рентабельділіктің жоғары деңгейі және өзін - өзі ақтау шығындарының
минималды мерзімі.
Салымы жалпы ұлттық табыстың15-35%-н құрайтын шет елдер қатарында
туризм беделді саланың бірі болып табылады (Венгрия, Чехия, Австрия,
Швеция, Италия, Франция, Испания, Пертугалия [21; 152]).
Туристік белсеңділіктің өсуі 2-ші суретте көрнекі көрсетілген.

Туристік белсеңділіктің өсуі

Сурет 2. Туристік белсеңділіктің өсуі, %

Басқа салаларда туристік қызметке деген сұраныстың өсуі мен жұмыс
орындарының пайда болуы арасындағы аралық минималды болса, ал туристік
өнеркәсіпте ұсынылатын қызметтер көлемінің өсу динамикасы жұмыс орындар
санының көбеюіне әкеледі.
Қазақстан бастапқыда туризмді мемлекеттік қолдаудан бас тарту
салдарынан миллиардтаған теңге жоғалтып, мыңдаған потенциалды жұмыс
орындары қажетсіз болып қалды. Алайда бұл жағдай қазір түзелген.
Қазақстандағы туристік жарылыстың жалғасуына қарамастан ел
экономикасына туризм индустриясының әсері әлі де едеуір дәрежеде емес. Ол
мемлекеттің осы саланы дамыту салымына адекватты және негізінен нақты
инвестициялардың болмауынан, қонақ үй сервисінің төмен деңгеймен, қонақ үй
орындарының жеткіліксіздігімен, мамандандырылған кадрлардың жетіспеуінен
туып отыр.
Қазақстандық туризм индустриясына оптималды есептеулер бойынша әр 300
жұмысшының біреуі ғана тартылған, ал бұл әлемдік көрсеткіштен 30 есе төмен.
Туристік инфрақұрылымның дамымағаны, қызмет көрсетудің төмен сапасы
салдарынан қазіргі таңда біздің еліміздің үлесіне әлемдік туристік ағымның
1%-нан да төмен келеді.
Бүгінгі біздің мемлекетімізді туризмді дамыту "Туризм туралы" Қазақстан
Республикасының 1992 жылғы 13 шілдедегі N 1508-ХІІ Заңымен, Қазақстан
Республикасы Президентінің "Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент
декларациясын іске асыру туралы", "ұлы Жібек жолының Қазақстан
Республикасындағы туристік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ЮНЕСКО және
Бүкіләлемдік Туристік ұйымның жобасы туралы" 1997 жылғы 30 сәуірдегі N 3476
және Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес
мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау мен сабақтастыра дамыту, туризм
инфрақұрылымын жасау "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы
туралы" 1998 жылғы 27 ақпандағы N 3859 Жарлықтарымен қамтамасыз етіледі.
Осы құжаттарды қабылдау туризмнің қазақстандық нарығын дамытуға оң әсер
етті.
Туризм саласындағы халықаралық қатынастарды дамытуға жасалған
қадамдардың бірі - Қазақстанның 1993 жылы толығымен БТҰ-ға толық мүше болып
қабылдануы, туризм саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдер
жасауы болды. Бірқатар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік қызметтер нарығында маркетингті қолданудың ерекшеліктері
Алматы қаласындағы іскерлік туризмнің жағдайы мен даму болашағы
Қазақстан Республикасы оңтүстік аймағында мәдени туризмнің даму ерекшеліктері
Туристік саланың инвестициялық - инновациялық қызметін дамыту
Туристік компаниялардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының туризмді дамытудың экономикалық көрсеткіштерін талдау
Іскерлік туризм жайлы
Туристік саланы дамыту перспективалары
Қазақстанда халықаралық туризмнің дамуы
Туризмді дамытуға әр елдердің және Қазақстандағы туризм түрлерін дамытуға арналған перспективті бағдарламаларды талдау
Пәндер