Қазақстан Республикасының неке және отбасы заңнамасы бойынша баланың құқықтары


М а з м ұ н ы
К і р і с п е
1-тарау. Ата-аналардың балалары алдындағы құқықтары мен міндеттері
1. 1 Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері туындауының негіздері
- Некеге тұру және некені тоқтату
1. 3 Ерлі-зайыптылар және ата-ана мен бала арасындағы құқықтық қатынастар
2- тарау. Қазақстан Республикасының неке және отбасы заңнамасы бойынша баланың құқықтары
2. 1 Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы
2. 2 Баланың өз пікірін білдіру құқығы
3-тарау. Ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу
3. 1 Ата-ана құқықтарынан айыру тәртібі
Қ орытынды
Пайдаланған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер
К і р і с п е
Курстық жұмыстың өзектілігі: Ата-аналар мен балалар арасындағы құқықтық қатынастар тақырыбында қаралатын мәселелер адам өміріндегі отбасы мағынасы мен маңызын бағалауда қиынға соғады.
Отбасы бұл қоғамның бөлінбес және құрамдас бөлігі болып табылады. Неке-отбасы қатынастары мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыты деп анықтай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді [1. 5 б. ] .
Отбасы - адамның өте маңызды, өте жауапты жанұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның ішкі тобы, алғашқы ұясы. Отбасы мәселелері - күрделі және маңызды болып табылатындықтан, тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Қaзipгi замандағы отбасы құқықтық қатынастары күрделеніп және бip қатар сұрақтар туындайды, сол сұрақтардың шешімін табуды міндеттейді.
Құқық салаларының өзара айырмашылықтарының басты критериясы
болып, арнайы қоғамдық қатынастардың болуы және сол қатынастардың реттеу пәні мен әдістері шеңберінің анықталуы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Отбасы құқығы - өзінің құқықтық реттеу пәні мен әдісі бар бөлек құқық саласы болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 3-бабында, неке-отбасы заңдарымен реттелетін қатынастар:
-некеде тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарты мен тәртібін белгілейді;
-отбасы мүшелерінің ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке - отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді;
-ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін анықтайды;
-азаматтық хал актілерін тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіп арқылы қызмет көрсету тәртібін реттейді [2. 4 б. ] .
Отбасы құқығымен реттелетін қатынастардың әлеуметтік табиғаты екіге бөлінеді, яғни мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар.
Әлеуметтік қатынастардың едәуір өзгерістерге ұшырауы, яғни әкімшілік-әміршілік жүйеден нарықтық экономикаға өтуі отбасы қатынастарына ықпалын тигізді. Бip жағынан, Қазақстандық неке-отбасы қатынастары заңнамасының халықаралық құқықтық стандарттарға сәйкес келуін талап етті.
Қазақстан Республикасындағы соңғы жылдардағы елеулі өзгерістерге байланысты неке-отбасы қатынастарының мемлекеттік қатаң реттелуінің басымдылығы халықаралық адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың басты кағидаларында қайшылықтар байқалды. Сондықтан, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы «Неке және отбасы туралы» заңындағы epлi-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың мүліктік құқықтар мен міндеттердің реттелуінде, басты болып материалдық игіліктер мен отбасындағы құндылықтар саналмады, керісінше ата-аналар мен балалар арасындағы құқықтық қатынастарды басқару мүмкіндіктері сипатталды, осы меселені курстық жұмысымның объектісі мен пәні ретінде қарастырамын.
Қазақстан Республикасының 17 желтоқсан 1998 жылғы «Неке және отбасы туралы» заңында ата-аналар мен балалар арасындағы құқықтық қатынастар толығымен көрсетілген.
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңының нормалырына тиісті алимент төлеу туралы келісім алимент төлеуге міндетті адам және алимент алушы адам арасында реттеледі яғни бұл институт өзі нақты құқықтық сипат алды.
Курстық жұмыстың мақсаттары болып , Қазақстан Республикасының 17 желтоқсан 1998 жылғы «Неке және отбасы туралы» заңына сәйкес ата-аналар мен балалар арасындағы құқықтық қатынастарды зерттеу табылады.
Курстық жұмыстың теориялық, нормативтік-құқықтық және тәрбиелік жағы : Тақырыпты зерттеу барысында келесідей ресейлік ғалымдардың еңбектерін пайдаландым: Антокольская М. В., Дробитов А., Игнатенко А., Калпин А. Г., Максимович Л., Муратов С., Нечаева A. M., Симонян С. Л., Хазова О. А., сонымен қатар Қазақстандық ғалымдардың ішінде: Муканова М. Ж., Камбергенова Ж. С., Сулейменов М. К. .
Айта кететін жағдай, негізінде бұл қатынастарды түрлі ғылыми деңгейде Қазақстанды Ресеймен салыстырған жағдайда зерделеп зерттеуді қажет деп таптым.
Курстық жұмысты орындау барысында келесідей әдістер қолданылды: диалектикалық танымның жалпы ғылыми әдістері, сонымен бipгe жеке ғылыми әдістер: жүйелілік, тарихи, салыстырмалы-құқықтық талдау, ғылыми талдау сияқты әдістер.
Курстық жұмыс шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ата-аналар мен балалар арасындағы құқықтық қатынастарға байланысты теориялық және практикалық мәселелер кешенді қарастырылды.
Курстық жұмыстың құрылымы - кіріспе, үш негізгі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1-тарау. Ата-аналардың балалары алдындағы құқықтары мен міндеттері
- Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері туындауының негіздері
Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым-қатынас жасауға қақысы бар. Неке бұзылған кезде бала көбінесе анасының жанында қалып, сонымен бірге тұрады, ал әкесімен, әдетте, демалыс күндері жолығып тұрады. Ата-аналарының ажырасуы бұдан кейін бөлек тұра бастаған әкесі мен баласының арасындағы қатынастарды тоқтатуға әсер етпеуі тиіс. Бірақ сот практикасында баланың әкесімен кездесіп тұруына анасының рұқсат бермейтіндігінің, не әкесінің баласын және оны тәрбиелеуге міндетті екендігін ұмытып кететіндігін, сансыз мысалдарды кездестіруге болады.
Заң ажырасқан ата-аналарға, екі жақта баланы тең түрде тәрбиелеуді міндеттейді. Егер олардың біреуі өз міндетін орындамаса, сот оны орындауға мәжбурлеуге құқылы. Мысалы, сот баланың әкесімен кездесу уақытын және орнын белгілейді немесе анасының талабы бойынша әкенің бала тәрбиесімен айналысуын міндеттейді [2. 21 б. ] .
Баланың өз ата-анасының тәрбиесінде болуға, мүдделері мен жан-жақты дамуының қамтамасыз етілуіне, оның адамдық кадір-касиетінің құрметтелуіне қақысы бар. Бала өз мүддесіне қатысты кез келген отбасылық мәселелерді шешкенде өз ой-пікірін еркін білдіруге құқылы. Бала 10 жасқа толған соң, оның пікірімен де санасады. Мысалы, тегі мен атын өзгерткенде, бала асырап алғанда немесе оның кажеттігі болмағанда ескеріледі.
Баланың құқықтары жөніндегі Конвенцияға сәйкес әрбір баланың өзінің даралығын сақтауға қақысы бар. Оны даралайтын белгілер аты, тегі, әкесінің аты. Балаға есім беру ата-анасының келісімімен жасалады. Ата-аналардың бала мүддесіне қайшы келетін, оған айналасындағы адамдардың күлкісін келтіретін немесе қолайсыз жағдайларға қалдыратын есім пайдалануларына болмайды.
Егер баланың әкесі анықталмаған жағдайда, оған есім - анасының айтуымен қойылады, баланың әкесі болып жазылған адамның аты оның әкесінің аты болады, ал тегі - анасының тегі болады.
Мысалы, қазақтарда өз балаларын әйгілеудің көптеген ырымдарға, т. б. мәнді оқиғаларға байланысты әрқилы түрлері болды. Ер балаларға қарағанда қыз балаларға көз тию онша әсер етпейді деп есептелді, сол себепті оларға ең әдемі, нәзік, айтуға жеңіл аттар таңдалады.
Ер балаларға ат кою басқаша болды, себебі өмір ауыртпалықтары ерлердің мойынына жүктелетін. Сондықтан бірінші кезекте олардың туған ошағы мен тегін қорғаушы, ал бейбітшілік кезеңде ел құрметтеген атақты адамдардай болса екен деп тіледі.
Заң балалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құқығын да бекітіп береді. Баланың құқықтарын қорғауды ата-аналары (асырап алушылар, қорғаншылар, қамқоршылар), қорғаншы және қамқоршы органдар, сот, прокурор жүзеге асырулары тиіс. Заң балаларды әр түрлі қолсұғушылықтан, оның кадір-қасиетін қорлаудан, ата-анасы тарапынан болатын қиянаттардан (ұрып-соғу, қаңғыбастыққа итермелеу) қорғайды.
Біздің мемлекетімізде, әдеттегідей, құқығын қорғау үшін қамқоршы органдарға, сотқа жугіну керек.
Көптеген Еуропа мемлекеттерінде, АҚШ-та, Канадада арнаулы қызметтер (полиция) жұмыс істейді. Балалар соларға телефон соғып, ата-аналарының дөрекі қылықтары, күш қолданып жәбірлеуі туралы хабарласа, олар тездетіп сол араға жетіп шаралар қолданады, ата-аналарынан айыппұл алады.
Баланың мүліктік құқығы да бар, ол көбінесе баланың өз ата-аналары мен отбасының өзге де мүшелерінен асырап-бағу үшін қаражат көмегін алуына байланысты. Алименттер, зейнетақы мен жәрдемақылар ата-анасының атына келіп түседі, бірақ олар балаларды асырап-бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалуы керек.
Заң баланың сыйлық ретінде немесе мұраға алған меншігінің, еңбекпен айналысып тапқан кіріс меншігінің, жекешелендірілген пәтер меншігінің болуына жол береді [2. 23 б. ] .
Мемлекет балалардың мүдделерін қорғап және балаларды отбасында тәрбиелеу балаларға тәрбие берудің ең тәуір түрі екендігін тани отырып, тәрбиенің отбасылық турінің артықшылығын заң жолымен бекітті.
Қазіргі кезде балалар деревнясының, отбасылық балалар үйлерінің құрылып, өріс алуы кездейсоқ жай емес.
Жас аналар (әдетте, студент немесе кәмелетке толмағандар) материалдық қиыншылықтары шешілгенше, жоғары оқу орнын бітіргенше, кәмелетке толғанша балаларын уақытша тәрбиелеуге бере тұратын үміт үйі кұрылды. Мұндай аналардың өз балаларына келіп, кездесіп тұруына, қамқорлық жасауына тыйым салынбайды.
Мемлекет балаларға қамқорлық көрсете отырып, бала туғанда жәрдемақы төлейді, көп балалы отбасыларына барынша көмектесіп отырады.
Ата-аналар өздерінің конституциялық міндеттерін еркімен орындамаған жағдайда, олардан алиментті мәжбурлеп өндіріп алу да мемлекеттің балалар құқығын қорғауының бір көрінісі болып табылады [2. 23 б. ] .
Ата-ана қарым-қатынасының балаға әсері.
Баланың қоғамға бейімделуі үшін қажетті дағдыларды, құндылықтарды және әлеуметтік мінез-құлықты дамыту керек. Бұл бірнеше сапаларға тәуелді. Олардың ең маңыздылары: баланың темпераменті, ұлты, таптық жігі, баланың отбасында ұстанатын діні, құрдастарымен қарым-қатынасы, тарихи дәуір және отбасындағы ата-ананың мінез-құлқы мен қарым-қатынасы.
Бала ата-ансының физиологиялық және психоәлеуметтік көшірмесі. Ол бойындағы барлық нышандарды ата-ансынан тұқым қуалау арқылы алады. Ал дүниеге келіп, отбасындағы өмірлік ортаға түскенде, ең алдымен, бала тұлғасының дамуына оның ата-анамен қарым-қатынасы әсер етеді.
Ата-ана балаларына бірнеше механизмдер көмегімен әсер етеді. Біріншіден, балалардың қылығын мадақтау және жазалау. Ата-ана бала санасына нақты нормалар жүйесін енгізеді, бұл жүйе уақыт өте келе баланың ішкі қажеттілігіне айналады.
Екіншіден, сәйкестендіру:ата-анаға ұқсауға ұмтылып, еліктеу. Үшіншіден, түсіну: баланың ішкі әлемін біліп, өмірлік мәселелеріне, әсерлеріне рет-орнымен араласу арқылы ата-аналар оның өзіндік санасын және коммуникативті сапаларын қалыптастырады.
Тәрбиелеудің шеткі стильдері, мейлі ол авторитарлы немесе еркіне жіберуші стиль болсын теріс нәтижелер береді. Авторитарлы стиль баланы ата-анадан оқшаулануға әкеледі, бала өзін отбасында керексіз сезінеді. Ата-ана талаптары негізсіз болса онда ол балада, апатия мен енжарлықты тудырады. Өз еркіне жіберу стилінде бала ата-анасының өзінде жұмысы жоқ деп түсінеді.
Егер бала қызығу танытпайтын ата-ана болса олар еліктеу мен сәйкестендіру нысаны бола алмайды, ал басқа әсерлер: мектеп, құрдастар, БАҚ бұл бос орынды ешқашан толтыра алмайды, сөйтіп бала қиын өзгермелі әлемде жетекшісіз қалады.
Ата-ана көңілінің әлсіреуі және оның гипертрофиясы әлсіз «Мені» бар тұлғаның қалыптасуына әсер етеді.
- Некеге тұру және некені тоқтату
Қазақстан Республикасының отбасы және неке заңында, сондай-ақ, халықаралық жеке кұкықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін нормаларда отбасы кұқығы, некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне кабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын зерттейтін құқық саласы болып табалады.
Халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін нормалар қатарына Балалар құқықтарын қорғау және халықаралық бала (қыз) асырап алу туралы 1993 жылғы 29 мамырдағы халықаралық Конвенция, Адам құқықтары туралы Жалпыға бірдей Декларация, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқыктарды қорғау туралы Халықаралық пакт, Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар және құқықтық көмек туралы 1993 жылғы 1 қаңтардағы Минск конвенциясы, Қазақстан Республикасы заңымен 1999 жылғы 30 желтоқсанда ратификацияланған Шет елден алимент өңдіріп алу туралы 1962 жылғы 5 қыркүйектегі Конвенция, Балаларды қорғау және жет елдегі бала (қыз) асырап алу қатынастары жөніндегі қызметгестік туралы 1993 жылғы Конвенция, Некеге тұруға келісім беру, неке жасы және некеге тіркеу туралы 1966 жьшғы халықаралық Конвенция, сонымен бірге, 1966 жылғы азаматтық және саяси кұқықтар туралы пактінің факультативті протоколы, Бала құқығы туралы 1959 жылғы халықаралық Декларация, Біріккен Үлттар Үйымының 1959 жылғы балалар құқығы туралы Конвенциясы, балаларды халықаралық ұрлау және азаматтық туралы Конвенциялар жатады. Қазақстан осыңдай кептеген конвенцияларды мойындап, осы бағыттағы халықаралық ұйымдарға мүше болып табылады.
Отбасы - қоғамның ең басты ұясы. Сондықтан, мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай комектеседі, кім-кімнің болсын сырттан заңсыз араласуына жол бермейді және қорғайды. Әрине некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекет те белгілі бір талаптар қояды. Тек осындай талагггар орындалған жағдайда ғана, мемлекет неке, отбасына қамқорлық жасау туралы міндеттемелер қабылдайды. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар азаматтардың кемедценуіне және қоғамның мүдцелеріне байланысты туындайды. Сондықтан, отау тігу үшін занда көзделген шарттарды сақтау қажет. Отбасы құқығы бойынша неке - бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасы құру мақсатымен, занда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті жөне толық келісімі жағдайында жасалатын еркек пен өйел арасындағы тең құқықты одақ.
Отбасы құқығының материалдық-құқыктық нормалары түрлі мемлекеттерде үлкен алуандылыкпен көзге түседі, ал бұл өз кезегінде бұл саладағы шетел катысуымен болған құқықтық катынастарда коллизиялардың пайда болуына алып келеді. Экономикалық құрылымның ерекшеліктерімен қатар отбасы каты-настарын реттеуге, сонымен қатар, ұлттық, тұрмыстық, діни ерекшеліктер мен салт-дәстүр әсер етеді.
Отбасы және неке мәселесі коллизиялык сауалдардың ішіндегі ең күрделісі десе де болады. Некеге тұрушылардың екеуінің екі мемлекетте болуы, олардың некелеріндегі жастарынын айырмашылығы, яғни әрекет кабілеттігі, сонымен катар, некенің кай уақытта тоқтатьшатындығы туралы мәселелер де шешілуі қиын мәселелердің бірі болып табылады.
Халықаралық жеке құқықта неке және отбасы қатынаста-рынатоқталып, неке және отбасы қатынастарындағы коллизиялық сұрактарға жауап беріп, некеге отыру, некені токтатудың ерекшеліктеріне назар аударамыз.
Неке - бұл ерлі-зайыптылар арасында жасалатын шарт, осы ерлі зайыптылардың арасындағы қатынас, олардың бір жағы шетелдің қатысуымен болады, осы ерекшеліктері зерттеу объектілерінің бірі болып табылады.
Сонымен қатар, отбасындағы бала құқықтары, оларды асы-рап алу мен қорғаншылық, қамқоршылық институттарының халықаралық жеке құқыктың деңгейіңде ерекшеліктері бар.
Коллизиялық сұрақтарды шешуден бұрын біздің заңнама-ның осы неке және отбасы қатынастарына байланысты қандай ережелерді қолданатындығына назар аудару қажет. Біріншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәикес ер адамдар мен әйелдердің тең құқықтарға ие екендігін алға тартқан жен. Отбасьшық қатынастар үшін ерлі-зайыптьшардың отбасындағы сұрақтарды шешудегі тең күқықтық жағдайда болуы үлкен маңызға ие болып табылады және бұл отбасындағы бала тәрбиесіне де қатысты болып келеді. Біздің отбасы және неке құқығы саласындағы заңнама бала мен ананы жан-жакты қорғауға бағытталғандығын айту керек. Отбасылық қатынастарда тегіне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге кезқарасына байланысты кез келген езге жағдаяттар бойынша кемсітушілікке жол берілмейді.
Бірқатар мемлекеттердің отбасы құқығына ер адамның бас-шылығы тән болып табылады; көптеген мемлекеттерде осы күнге дейін отбасындағы әйел мен ер адамныңтеңсіз кұкықтық жағдайлары орын алып келе жатыр. Бұл мемлекеттердің отбасылык заңдарында неке шарты деген түсінік бар, бұл жерде не-кеге тұрғанша неке шарты бекітіліп, ер адамның әйел адамның мүлкіне деген күкықтарын анықтайды. [5]
Көптеген мемлекеттердің заңнамасы бір ғана некенің (моногамия) болуын бекітеді. Бірақ, қазіргі күнге дейін Азия мен Африканың көптеген мемлекеттерінде көп әйел алушылық (полигамия) танылады, некеге тұру кезінде қалындыққа ақы төлеу және басқа да архаикалық әдет-ғұрыптар күні бүгінге дейін сақталуда. Бұның барлығы отбасы құқығындағы әйелге қатысты дискриминацияның болуын білдіреді. Бірқатар елдердің заңнамасы мен тәжірибесі нәсілдік кемсітушілікке жол береді; түрлі нәсіл мен дінге көзқарастары бөлек адамдарға некеге отыруға тыйым салынады.
Осы жекелеген отбасы заңнамасындағы әр түрлі жағдайда екі мемлекетгің азаматы некеге отырған уақытта коллизиялық сұрақтарды шешу үлкен маңызға ие болып табылады. Батыс мемлекеттерінде отбасы күқығы қатынастарындағы коллизиялық нормалар алуаңдылыққа ие болып табылады. Некелік құқык кабілеттілік, яғни некеге тұру жасы, некеге тұруға кедергілердің болмауы - мұның барлығы түрлі мемлекеттерде ерлі-зайыптылардың өздерінің жеке заңдарымен анықталады. Некені тоқтатқан кезде түрлі азаматтыққа ие ерлі-зайыптылар арасында бірқатар мемлекетгерде ер адамның азаматтық заңы қолданылады.
Бір мемлекетте сол елдің заңының талаптарын сактай отырып жасалған неке сол мемлекетте танылғанымен, басқа мемлекетгерде танылмауы да мүмкін, бұны халықаралық жеке құқыкта «ақсандаған неке» («хромающие браки») деп те атайды.
Некедегі ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары бірқатар мемлекеттерде ер адамның жеке заңымен анықталады.
Бірқатар мемлекеттерде түрлі коллизиялық мәселелер шешіледі. Венгрияның халықаралық жеке кұкық туралы Заңының 30-параграфына сәйкес некенің жарамдылығының материалдық-құқықтық шарттары некеге тұрушылардың «ортақ жеке заңдарымен» анықталады. Егер де бұл тұлғалардың жеке зандары түрліше болып келсе, онда некенің жарамдьшығы сол екі тараптың да жеке зандарымен жарамды деп танылса (өзара түсіністік негізінде), жарамды болып баға беріледі.
Венгрияда некенің нысанына некеге отыру жерінің кұқығы қолданылады. КХР-да Қытай азаматы шетел азаматымен некеге тұратын болса, онда некеге отыру жер заңы колданылады, ал некені тоқтату кезінде - некені тоқтату туралы мәселені шешетін орган - сот елінің кұқығы қолданылады (Қытай Азаматтық құқығының жалпы ережелерінің 147-бабы) . Венгрия мен Румынияда некені тоқтату туралы сауалды шешу кезінде негізгі қағиданың бірі болып, ерлі-зайыптылардың зандары танылады.
Некені занды түрде ресімдеу дегеніміз халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастары туралы заңнамалар мен Казақстанның заңнамаларына сәйкес азаматтық хал актілерін жазу органдарында тіркеу болып табылады. Белгілі бір тәртіппен тіркелген некенің ғана құқықтық күші болады. Бұл ереже неке-отбасы зандарынын негіздерінің бірі. Бұл мән-жайдың халықаралық жеке құқықтағы неке және неке қатынастарын реттейтін заңнамаларда да ерекше маңызы бар. Ерлі-зайыптылардың зандық құқықтары мен міндеттері неке АХАЖ-да тіркелген кейін ғана ерлі-зайыптыларды қорғау туралы міндеттеме алады, оларды ерлі-зайыптылар ретінде ресми таниды, сондай-ақ бұл отбасыға қамқорлық көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz