Балалармен ата - аналардың арасындағы қатынастар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

М а з м ұ н ы

К і р і с п е . . . 6

1-тарау. Ата-аналардың балалары алдындағы құқықтары мен міндеттері

1. 1 Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері туындауының негіздері . . . 8

1. 2 Некеге тұру және некені тоқтату . . . . . 12

1. 3 Ерлі-зайыптылар және ата-ана мен бала арасындағы құқықтық қатынастар …… . . . 19

1. 4 Бала асырап алу, қамқоршылық пен қорғаншылық институттары . . . 26

2- тарау. Қазақстан Республикасының неке және отбасы заңнамасы бойынша баланың құқықтары

  1. Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы . . . 28

2. 2 Баланың өз пікірін білдіру құқығы . . . 38

3-тарау. Ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу

3. 1 Ата-ана құқықтарынан айыру тәртібі . . . 59

3. 2 Ата-ана құқықтарынан шектеу . . . 64

Қ о р ы т ы н д ы . . . 84

Пайдаланған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер . . . 86

К і р і с п е

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Ата-аналар мен балалар арасындағы құқықтық қатынастар тақырыбында қаралатын мәселелер адам өміріндегі отбасы мағынасы мен маңызын бағалауда қиынға соғады.

Отбасы бұл қоғамның бөлінбес және құрамдас бөлігі болып табылады. Неке-отбасы қатынастары мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыты деп анықтай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді [1. 5 б. ] .

Отбасы - адамның өте маңызды, өте жауапты жанұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның ішкі тобы, алғашқы ұясы. Отбасы мәселелері - күрделі және маңызды болып табылатындықтан, тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Қaзipгi замандағы отбасы құқықтық қатынастары күрделеніп және бip қатар сұрақтар туындайды, сол сұрақтардың шешімін табуды міндеттейді.

Құқық салаларының өзара айырмашылықтарының басты критериясы
болып, арнайы қоғамдық қатынастардың болуы және сол қатынастардың реттеу пәні мен әдістері шеңберінің анықталуы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Отбасы құқығы - өзінің құқықтық реттеу пәні мен әдісі бар бөлек құқық саласы болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 3-бабында, неке-отбасы заңдарымен реттелетін қатынастар:

-некеде тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарты мен тәртібін белгілейді;

-отбасы мүшелерінің ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке - отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді;

-ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін анықтайды;

-азаматтық хал актілерін тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіп арқылы қызмет көрсету тәртібін реттейді [2. 4 б. ] .

Отбасы құқығымен реттелетін қатынастардың әлеуметтік табиғаты екіге бөлінеді, яғни мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар.

Әлеуметтік қатынастардың едәуір өзгерістерге ұшырауы, яғни әкімшілік-әміршілік жүйеден нарықтық экономикаға өтуі отбасы қатынастарына ықпалын тигізді. Бip жағынан, Қазақстандық неке-отбасы қатынастары заңнамасының халықаралық құқықтық стандарттарға сәйкес келуін талап етті.

Қазақстан Республикасындағы соңғы жылдардағы елеулі өзгерістерге байланысты неке-отбасы қатынастарының мемлекеттік қатаң реттелуінің басымдылығы халықаралық адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың басты кағидаларында қайшылықтар байқалды. Сондықтан, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы «Неке және отбасы туралы» заңындағы epлi-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың мүліктік құқықтар мен міндеттердің реттелуінде, басты болып материалдық игіліктер мен отбасындағы құндылықтар саналмады, керісінше ата-аналар мен балалар арасындағы құқықтық қатынастарды басқару мүмкіндіктері сипатталды, осы меселені дипломдық жұмысымның объектісі мен пәні ретінде қарастырамын.

Қазақстан Республикасының 17 желтоқсан 1998 жылғы «Неке және отбасы туралы» заңында ата-аналар мен балалар арасындағы құқықтық қатынастар толығымен көрсетілген.

Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңының нормалырына тиісті алимент төлеу туралы келісім алимент төлеуге міндетті адам және алимент алушы адам арасында реттеледі яғни бұл институт өзі нақты құқықтық сипат алды.

Дипломдық жұмыстың мақсаттары болып , Қазақстан Республикасының 17 желтоқсан 1998 жылғы «Неке және отбасы туралы» заңына сәйкес ата-аналар мен балалар арасындағы құқықтық қатынастарды зерттеу табылады.

Дипломдық жұмыстың теориялық, нормативтік-құқықтық және тәрбиелік жағы : Тақырыпты зерттеу барысында келесідей ресейлік ғалымдардың еңбектерін пайдаландым: Антокольская М. В., Дробитов А., Игнатенко А., Калпин А. Г., Максимович Л., Муратов С., Нечаева A. M., Симонян С. Л., Хазова О. А., сонымен қатар Қазақстандық ғалымдардың ішінде: Муканова М. Ж., Камбергенова Ж. С., Сулейменов М. К. .

Айта кететін жағдай, негізінде бұл қатынастарды түрлі ғылыми деңгейде Қазақстанды Ресеймен салыстырған жағдайда зерделеп зерттеуді қажет деп таптым.

Дипломдық жұмысты орындау барысында келесідей әдістер қолданылды: диалектикалық танымның жалпы ғылыми әдістері, сонымен бipгe жеке ғылыми әдістер: жүйелілік, тарихи, салыстырмалы-құқықтық талдау, ғылыми талдау сияқты әдістер.

Дипломдық жұмыс шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ата-аналар мен балалар арасындағы құқықтық қатынастарға байланысты теориялық және практикалық мәселелер кешенді қарастырылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы - кіріспе, үш негізгі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрып, жалпы көлемі 87 бетті құрайды.

1-тарау. Ата-аналардың балалары алдындағы құқықтары мен міндеттері

  1. Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері туындауының негіздері

Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым-қатынас жасауға қақысы бар. Неке бұзылған кезде бала көбінесе анасының жанында қалып, сонымен бірге тұрады, ал әкесімен, әдетте, демалыс күндері жолығып тұрады. Ата-аналарының ажырасуы бұдан кейін бөлек тұра бастаған әкесі мен баласының арасындағы қатынастарды тоқтатуға әсер етпеуі тиіс. Бірақ сот практикасында баланың әкесімен кездесіп тұруына анасының рұқсат бермейтіндігінің, не әкесінің баласын және оны тәрбиелеуге міндетті екендігін ұмытып кететіндігін, сансыз мысалдарды кездестіруге болады.

Заң ажырасқан ата-аналарға, екі жақта баланы тең түрде тәрбиелеуді міндеттейді. Егер олардың біреуі өз міндетін орындамаса, сот оны орындауға мәжбурлеуге құқылы. Мысалы, сот баланың әкесімен кездесу уақытын және орнын белгілейді немесе анасының талабы бойынша әкенің бала тәрбиесімен айналысуын міндеттейді [2. 21 б. ] .

Баланың өз ата-анасының тәрбиесінде болуға, мүдделері мен жан-жақты дамуының қамтамасыз етілуіне, оның адамдық кадір-касиетінің құрметтелуіне қақысы бар. Бала өз мүддесіне қатысты кез келген отбасылық мәселелерді шешкенде өз ой-пікірін еркін білдіруге құқылы. Бала 10 жасқа толған соң, оның пікірімен де санасады. Мысалы, тегі мен атын өзгерткенде, бала асырап алғанда немесе оның кажеттігі болмағанда ескеріледі.

Баланың құқықтары жөніндегі Конвенцияға сәйкес әрбір баланың өзінің даралығын сақтауға қақысы бар. Оны даралайтын белгілер аты, тегі, әкесінің аты. Балаға есім беру ата-анасының келісімімен жасалады. Ата-аналардың бала мүддесіне қайшы келетін, оған айналасындағы адамдардың күлкісін келтіретін немесе қолайсыз жағдайларға қалдыратын есім пайдалануларына болмайды.

Егер баланың әкесі анықталмаған жағдайда, оған есім - анасының айтуымен қойылады, баланың әкесі болып жазылған адамның аты оның әкесінің аты болады, ал тегі - анасының тегі болады.

Мысалы, қазақтарда өз балаларын әйгілеудің көптеген ырымдарға, т. б. мәнді оқиғаларға байланысты әрқилы түрлері болды. Ер балаларға қарағанда қыз балаларға көз тию онша әсер етпейді деп есептелді, сол себепті оларға ең әдемі, нәзік, айтуға жеңіл аттар таңдалады.

Ер балаларға ат кою басқаша болды, себебі өмір ауыртпалықтары ерлердің мойынына жүктелетін. Сондықтан бірінші кезекте олардың туған ошағы мен тегін қорғаушы, ал бейбітшілік кезеңде ел құрметтеген атақты адамдардай болса екен деп тіледі.

Заң балалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құқығын да бекітіп береді. Баланың құқықтарын қорғауды ата-аналары (асырап алушылар, қорғаншылар, қамқоршылар), қорғаншы және қамқоршы органдар, сот, прокурор жүзеге асырулары тиіс. Заң балаларды әр түрлі қолсұғушылықтан, оның кадір-қасиетін қорлаудан, ата-анасы тарапынан болатын қиянаттардан (ұрып-соғу, қаңғыбастыққа итермелеу) қорғайды.

Біздің мемлекетімізде, әдеттегідей, құқығын қорғау үшін қамқоршы органдарға, сотқа жугіну керек.

Көптеген Еуропа мемлекеттерінде, АҚШ-та, Канадада арнаулы қызметтер (полиция) жұмыс істейді. Балалар соларға телефон соғып, ата-аналарының дөрекі қылықтары, күш қолданып жәбірлеуі туралы хабарласа, олар тездетіп сол араға жетіп шаралар қолданады, ата-аналарынан айыппұл алады.

Баланың мүліктік құқығы да бар, ол көбінесе баланың өз ата-аналары мен отбасының өзге де мүшелерінен асырап-бағу үшін қаражат көмегін алуына байланысты. Алименттер, зейнетақы мен жәрдемақылар ата-анасының атына келіп түседі, бірақ олар балаларды асырап-бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалуы керек.

Заң баланың сыйлық ретінде немесе мұраға алған меншігінің, еңбекпен айналысып тапқан кіріс меншігінің, жекешелендірілген пәтер меншігінің болуына жол береді [2. 23 б. ] .

Мемлекет балалардың мүдделерін қорғап және балаларды отбасында тәрбиелеу балаларға тәрбие берудің ең тәуір түрі екендігін тани отырып, тәрбиенің отбасылық турінің артықшылығын заң жолымен бекітті.

Қазіргі кезде балалар деревнясының, отбасылық балалар үйлерінің құрылып, өріс алуы кездейсоқ жай емес.

Жас аналар (әдетте, студент немесе кәмелетке толмағандар) материалдық қиыншылықтары шешілгенше, жоғары оқу орнын бітіргенше, кәмелетке толғанша балаларын уақытша тәрбиелеуге бере тұратын үміт үйі кұрылды. Мұндай аналардың өз балаларына келіп, кездесіп тұруына, қамқорлық жасауына тыйым салынбайды.

Мемлекет балаларға қамқорлық көрсете отырып, бала туғанда жәрдемақы төлейді, көп балалы отбасыларына барынша көмектесіп отырады.

Ата-аналар өздерінің конституциялық міндеттерін еркімен орындамаған жағдайда, олардан алиментті мәжбурлеп өндіріп алу да мемлекеттің балалар құқығын қорғауының бір көрінісі болып табылады [2. 23 б. ] .

Ата-ана қарым-қатынасының балаға әсері.

Баланың қоғамға бейімделуі үшін қажетті дағдыларды, құндылықтарды және әлеуметтік мінез-құлықты дамыту керек. Бұл бірнеше сапаларға тәуелді. Олардың ең маңыздылары: баланың темпераменті, ұлты, таптық жігі, баланың отбасында ұстанатын діні, құрдастарымен қарым-қатынасы, тарихи дәуір және отбасындағы ата-ананың мінез-құлқы мен қарым-қатынасы.

Бала ата-ансының физиологиялық және психоәлеуметтік көшірмесі. Ол бойындағы барлық нышандарды ата-ансынан тұқым қуалау арқылы алады. Ал дүниеге келіп, отбасындағы өмірлік ортаға түскенде, ең алдымен, бала тұлғасының дамуына оның ата-анамен қарым-қатынасы әсер етеді.

Ата-ана балаларына бірнеше механизмдер көмегімен әсер етеді. Біріншіден, балалардың қылығын мадақтау және жазалау. Ата-ана бала санасына нақты нормалар жүйесін енгізеді, бұл жүйе уақыт өте келе баланың ішкі қажеттілігіне айналады.

Екіншіден, сәйкестендіру:ата-анаға ұқсауға ұмтылып, еліктеу. Үшіншіден, түсіну: баланың ішкі әлемін біліп, өмірлік мәселелеріне, әсерлеріне рет-орнымен араласу арқылы ата-аналар оның өзіндік санасын және коммуникативті сапаларын қалыптастырады.

Тәрбиелеудің шеткі стильдері, мейлі ол авторитарлы немесе еркіне жіберуші стиль болсын теріс нәтижелер береді. Авторитарлы стиль баланы ата-анадан оқшаулануға әкеледі, бала өзін отбасында керексіз сезінеді. Ата-ана талаптары негізсіз болса онда ол балада, апатия мен енжарлықты тудырады. Өз еркіне жіберу стилінде бала ата-анасының өзінде жұмысы жоқ деп түсінеді.

Егер бала қызығу танытпайтын ата-ана болса олар еліктеу мен сәйкестендіру нысаны бола алмайды, ал басқа әсерлер: мектеп, құрдастар, БАҚ бұл бос орынды ешқашан толтыра алмайды, сөйтіп бала қиын өзгермелі әлемде жетекшісіз қалады.

Ата-ана көңілінің әлсіреуі және оның гипертрофиясы әлсіз «Мені» бар тұлғаның қалыптасуына әсер етеді.

Адамгершілікке тәрбиелеу құралы - еңбек пен ата-ана үлгісі

Ы. АЛТЫНСАРИН

Отбасы - қоғамның маңызды буыны. Көп ұлт өкілдері мекен еткен мемлекетіміздің негізі осы шағын ұжымдардан қаланады. Осы жағынан келгенде кез-келген отбасы өзін қоғамның бір бөлігі деп түсінеді.

Бала тәрбиесінде ата-ананың орны ерекше. Біздің қазақта «Бақытыңды басқадан емес, балаңнан ізде »- деген даналық сөз бар.

Біздің балаларымыз келешектегі аталар мен аналар, олар да өз балаларын тәрбиелейтін болады [6. 29 б. ] .

Біздің балаларымыз өте жақсы аталар мен аналар болып өсулері керек. Бірақ бұл аз.

Біздің бабаларымыз « Дұрыс тәрбиелеу - біздің қуанышымыз, ал нашар тәрбиелеу бұл біздің болашақ көз жасымыз бен сорымыз, біздің басқа адамдар алдындағы, Отан алдындағы айыбымыз» - деген болатын.

Ата-аналар өз балаларын дұрыс тәрбиелесе, өзін бақытты кәрілікпен қамтамасыз етеді. Егер ата-ана бала тәрбиелеу жұмысына көңіл бөлмей, немқұрайды қарайтын болса, кәрілігі қайғы мен сордың құрсауында қалады. Демек, бала тәрбиесі адам алдындағы ең күрделі де ардақты жұмыс. Бірақ ата-аналар балаларын тек өздерінің ата-аналық мерейі үшін тәрбиелеп қана қоймайтындығын үнемі есте ұстауы қажет.

Тәрбиенің алғашқы бастамасы отбасынан басталады. Ата-ананың баламен жасайтын қарым-қатынасының үлкен тәрбиелік мәні бар. Әсіресе, отбасындағы ата мен ананың өзара қатынасы үлкен тәрбиелік мәнге ие. Мәдениетті отбасындағы ерлі-зайыпты кісілердің бір-біріне айтқан игі ниеті, кішіпейілділігі, отбасы қажеттілігінен туындаған мәселелерді ақылдаса отырып шешуі бала мінезіне жағымды әсер етеді.

Бала тез еліктегіш, иланғыш болғандықтан, жаман қылықтарды да тез үйренеді. Отбасындағы ерлі-зайыптылар отбасындағы жарамсыз сөздердің, қатынастардың бала тәрбиесіне үлкен нұқсан келтіретіндігін айтпай кетуге болмайды.

Отбасы жағдайында балаларды әкесі мен шешесі ғана тәрбиелеп қоймайды, сонымен қатар отбасының басқа мүшелері де тәрбиелейді. Соның үшін барлық отбасы мүшелерінің балаға қоятын талабы алдын ала ойластырылып алынғаны жөн. Егер әкесі баладан бір жұмысты талап етсе, ал шешесі оны қуаттамаса, балада әке-шешесіне жалған қатынас пайда болады. Баланың мінез ерекшеліктерінің қалыптасуына және оларды тәрбиелеуге ата-ананың басқа кісілермен қарым-қатынасы да күшті әсер етеді. Соның үшін ата-ана өзінің айтқан сөзіне, жасаған әрекетіне, қимылына аса жауапкершілікпен қарауы керек. Баланың мінез ерекшеліктерінде кемістіктерді болдырмау үшін отбасы тәрбиесінде оны тым еркелетпей, ұрып-соғып жазаламай ата-аналық мол мейіріммен, оның барлық қимыл әрекеттерін терең талдай отырып, жарамды қылықтарын айрықша атап көрсетуден жалықпау керек.

Әрбір ата-ана өз баласының мінез ерекшеліктерін тәрбиелеумен бірге басқа кісілердің балаларындағы жарамсыз қылықтарды сезе қалған жағдайда, оларға да өз баласындай көңіл аударып жәрдем бергендері жөн.

Баланың мінез ерекшеліктерін қалыптастыруда отбасындағы еңбек тәрбиесі айрықша орын алады. Еңбектің барлық түрі баланы қызықтыра бермейді. Соның үшін, балаға тапсыратын жұмыстар олар ойлайтын ойындардың мазмұнына қарайлас болғаны абзал. Отбасындағы еңбек тәрбиесін баланың сәби кезінен-ақ бастау керек. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын процесін еңбекке тәрбиелеумен ұштастыра отырып жүргізген дұрыс.

Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27-бап, 2-тармағында "Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата - ананың табиғи құқығы, әрi парызы" делiнсе, "Қазақстан -2030" бағдарламасында " Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердiң өз балалары мен немерелерi алдындағы жауапкершiлiгiн күнделiктi есте ұстауға тиiспiз. Бiз өз балаларымыз бен немерелерiмiздi сонау алыс болашақта, олар бiздiң жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргiмiз келедi . . . " делiнiп, ұрпақ тағдыры айтылады [1. 13 б. ] .

Бала тәрбиесiнде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени - әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi - үлкен тәрбие мектебi. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың ықпалында болып, өмiрге бағыт берушi тәрбие мектебiнен нәр алады.

"Қатты тәртiп көрсе бала күнiнде,

Өнерiмен қуантады түбiнде.

Бала ненi бiлсе жастан, ұядан-

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер - бiлiм берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан,

Ата - анадан өсiп ұрпақ тараған,

Жақсы-жаман болса, бала - солардан",

деп, ХI ғасырда Жүсiп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшелiктерiн жас күннен танып, соған қарай бағыт - бағдар, тәрбие берудiң маңызы ерекше. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсiнiстiк, үлкен жауапкершiлiк сезiмдерi бар отбасы - бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берiлген тәрбие сiңiмдi және негiздi.

  1. Некеге тұру және некені тоқтату

Қазақстан Республикасының отбасы және неке заңында, сондай-ақ, халықаралық жеке кұкықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін нормаларда отбасы кұқығы, некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне кабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын зерттейтін құқық саласы болып табалады.

Халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін нормалар қатарына Балалар құқықтарын қорғау және халықаралық бала (қыз) асырап алу туралы 1993 жылғы 29 мамырдағы халықаралық Конвенция, Адам құқықтары туралы Жалпыға бірдей Декларация, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқыктарды қорғау туралы Халықаралық пакт, Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар және құқықтық көмек туралы 1993 жылғы 1 қаңтардағы Минск конвенциясы, Қазақстан Республикасы заңымен 1999 жылғы 30 желтоқсанда ратификацияланған Шет елден алимент өңдіріп алу туралы 1962 жылғы 5 қыркүйектегі Конвенция, Балаларды қорғау және жет елдегі бала (қыз) асырап алу қатынастары жөніндегі қызметгестік туралы 1993 жылғы Конвенция, Некеге тұруға келісім беру, неке жасы және некеге тіркеу туралы 1966 жьшғы халықаралық Конвенция, сонымен бірге, 1966 жылғы азаматтық және саяси кұқықтар туралы пактінің факультативті протоколы, Бала құқығы туралы 1959 жылғы халықаралық Декларация, Біріккен Үлттар Үйымының 1959 жылғы балалар құқығы туралы Конвенциясы, балаларды халықаралық ұрлау және азаматтық туралы Конвенциялар жатады. Қазақстан осыңдай кептеген конвенцияларды мойындап, осы бағыттағы халықаралық ұйымдарға мүше болып табылады.

Отбасы - қоғамның ең басты ұясы. Сондықтан, мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай комектеседі, кім-кімнің болсын сырттан заңсыз араласуына жол бермейді және қорғайды. Әрине некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекет те белгілі бір талаптар қояды. Тек осындай талагггар орындалған жағдайда ғана, мемлекет неке, отбасына қамқорлық жасау туралы міндеттемелер қабылдайды. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар азаматтардың кемедценуіне және қоғамның мүдцелеріне байланысты туындайды. Сондықтан, отау тігу үшін занда көзделген шарттарды сақтау қажет. Отбасы құқығы бойынша неке - бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасы құру мақсатымен, занда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті жөне толық келісімі жағдайында жасалатын еркек пен өйел арасындағы тең құқықты одақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ата- аналардың МДМ-мен өзара қатынасындағы психологиялық-педагогикалық құзырлық бағдарламасы
Отбасылық тәрбиенің теориялық аспектілері
Тәрбиеші мен ата-аналар қарым-қатынасын ашып көрсету
Мектепке дейінгі балалармен жұмыс тәжірибесі
Сөйлеу қабілеті бұзылған баласы бар отбасының ерекшеліктері
Жас ерекшелік топтарға бөлу, тәрбиешінің балалармен ұйымдастырылған режимдік сәттерін қарастыру
Баланы мектепке баруға дайындау
Қоғамымыздың бірден бір байлығы – болашақ жастар
Балалар үйіндегі балаларды азайтуға бағытталған шаралар
Толық емес отбасынан шыққан бастауыш сынып балаларының сипаттамалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz