Қылмыс құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 235 бет
Таңдаулыға:   

А. Ш. МАЛИКОВА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ

(Жалпы бөлім)

Оқу құралы

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

«Тұран-Астана» университеті

А. Ш. МАЛИКОВА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ

(Жалпы бөлім)

Оқу құралы

Астана, 2009

УДК 343 (075)

ББК 67. 408 я 7

М 17

Пікір берушілер:

Сәрсенбаев Т. Е., заң ғылымдарының докторы, профессор

Абдиканов Н. А., заң ғылымдарының докторы, профессор

Баймурзин Е. Ш., заң ғылымдарының кандидаты, доцент

Маликова А. Ш.

М 17 Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім) .

Оқу құралы. - Астана, 2009. - 180 бет.

ISBN 978-601-214-043-9

Бұл оқу құралында Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығының жалпы мәселелері, оның қағидалары, қылмыстың ұғымы, қылмыс құрамы, қылмыстың жасалу сатылары, қылмыс пен жаза туралы ұғымдар, сонымен қатар жазаға тарту мен одан босату, соттылықтан арылу тәжірибесі қарастырылыған.

Оқу құралы студенттерге, магистранттарға, аспиранттарға, сот, прокуратура және тергеу органдарының қызметкерлеріне арналған.

УДК 343 (075)

ББК 67. 408 я 7

Баспаға «Тұран-Астана» университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған

ISBN 978-601-214-043-9

© Маликова А. Ш.

© «Тұран-Астана» университеті, 2009

Мазмұны

Кіріспе . . .

Бірінші тарау

Қылмыстық құқықтың пәні, түсінігі, міндеттері мен қағидалары

1. 1 Қылмыстық құқықтың пәні және түсінігі . . .

1. 2 Қылмыстық құқықтың міндеттері . . .

1. 3 Қылмыстық құқықтың қағидалары . . .

Екінші тарау

Қылмыстық заң

2. 1 Қылмыстық заңның түсінігі, құрылымы . . .

2. 2 Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші . . .

2. 3 Қылмыстық заңның мезгілдегі күші . . .

2. 4 Қылмыстық заңды түсіндіру . . .

Үшінші тарау

Қылмыстың ұғымы

3. 1 Қылмыстың ұғымы және белгілері . . .

3. 2 Қылмыс санаттары . . .

3. 3 Қылмысты саралау . . .

Төртінші тарау

Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері

4. 1 Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі . . .

4. 2 Қылмыстық жауаптылықтың негіздері . . .

Бесінші тарау

Қылмыс құрамы

5. 1 Қылмыс құрамы және оның маңызы . . .

5. 2 Қылмыс құрамының элементтері мен белгілері . . .

5. 3Қылмыс құрамының түрлері . . .

Алтыншы тарау

Қылмыс объектісі

6. 1 Қылмыс объектісінің түсінігі және оның мәні . . .

6. 2 Қоғамдық қатынастың түсінігі және оның маңызы . . .

6. 3 Қылмыс объектісінің түрлері . . .

6. 4 Қылмыстың заты . . .

Жетінші тарау

Қылмыстың объективтік жағы

7. 1 Қылмыстың объективтік жағының түсінігі мен маңызы . . .

7. 2 Қоғамға қауіпті іс-әрекеттің түсінігі . . .

7. 3 Қылмыстық зардаптың түсінігі және оның түрлері . . .

7. 4 Себепті байланыс және оның қылмыстық-құқылық маңызы . . .

7. 5 Қылмыстың объективтік жағының факультативтік белгілері . . .

Сегізінші тарау

Қылмыстың субъектісі

8. 1 Қылмыс субъектісінің түсінігі . . .

8. 2 Есі дұрыстық және есі дұрыс еместік . . .

8. 3 Қылмыс субъектісінің жасқа толу белгісі . . .

8. 4 Қылмыстың арнаулы субъектісі . . .

Тоғызыншы тарау

Қылмыстың субъективтік жағы

9. 1 Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі мен маңызы . . .

9. 2 Кінәнің түсінігі және нысандары . . .

9. 3 Қасақаналық және оның түрлері . . .

9. 4 Абайсыздық және оның түрлері . . .

9. 5 Қылмыстық ниет және мақсат . . .

9. 6 Кінәнің қосарланған нысаны . . .

9. 7 Қате және оның түрлері . . .

9. 8 Жазықсыз зиян келтірудің түсінігі . . .

Оныншы тарау

Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлар

10. 1 Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлардың түсінігі және түрлері . . .

10. 2 Қажетті қорғану . . .

10. 3Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтіру . . .

10. 4 Аса қажеттілік . . .

10. 5 Жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру . . .

10. 6 Орынды тәуекел ету . . .

10. 7 Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу . . .

10. 8 Бұйрықты немесе өкімді орындау . . .

Он бірінші тарау

Қылмыс істеу сатылары

11. 1 Қылмыс істеу сатыларының түсінігі, түрлері және оның мәні . . .

11. 2 Қылмыс істеуге дайындалу . . .

11. 3 Қылмыс істеуге оқталу . . .

11. 4 Аяқталған қылмыс . . .

11. 5 Қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту . . .

Он екінші тарау

Қылмысқа қатысу

12. 1 Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысудың түсінігі . . .

12. 2 Қылмысқа қатысушылардың түрлері . . .

12. 3 Қылмысқа қатысудың нысандары . . .

Он үшінші тарау

Қылмыстардың көптігі

13. 1 Қылмыстардың көптігі және олардың түрлері . . .

13. 2 Қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы . . .

13. 3 Қылмыстардың жиынтығы . . .

13. 4 Қылмыстың қайталануы . . .

Он төртінші тарау

Жазаның түсінігі және мақсаттары

14. 1 Жазаның түсінігі . . .

14. 2 Жазаның мақсаттары . . .

Он бесінші тарау

Жазаның жүйелері мен түрлері

15. 1 Жаза жүйесінің түсінігі және оның мәні . . .

15. 2 Айыппұл . . .

15. 3 Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру . . .

15. 4 Қоғамдық жұмыстарға тарту . . .

15. 5 Түзеу жұмыстары . . .

15. 6 Әскери қызмет бойынша шектеу . . .

15. 7 Бас бостандығын шектеу . . .

15. 8 Қамау . . .

15. 9 Тәртіптік әскери бөлімде ұстау . . .

15. 10 Бас бостандығынан айыру . . .

15. 11 Өлім жазасы . . .

15. 12 Арнаулы әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру . . .

15. 13 Мүлікті тәркілеу . . .

Он алтыншы тарау

Жаза тағайындау

16. 1 Жаза тағайындаудың жалпы негіздері . . .

16. 2 Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар . . .

16. 3 Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар . . .

16. 4 Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау . . .

16. 5 Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау . . .

16. 6 Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау . . .

16. 7 Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау . . .

16. 8 Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі жеңілірек жаза тағайындау . . .

16. 9 Мерзімдерді қосу кезінде оларды белгілеу тәртібі және жаза мерзімдерін есептеу мен жазаны есепке алу . . .

Он жетінші тарау

Шартты түрде соттау және жазаны өтеуді кейінге қалдыру

17. 1 Шартты түрде соттаудың түсінігі және оның маңызы . . .

17. 2 Шартты түрде соттауды қолданудың негіздері . . .

17. 3 Шартты түрде соттауды қолдануға жол берілетін жағдайлар . . .

17. 4 Сынақ мерзімі және оның маңызы . . .

17. 5 Шартты түрде соттаудың күшінің жойылуы . . .

Он сегізінші тарау

Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату

18. 1 Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі және түрлері . . .

18. 2 Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату . . .

18. 3 Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату . . .

18. 4 Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату . . .

18. 5 Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату . . .

18. 6 Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату . . .

18. 7 Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату . . .

18. 8 Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру . . .

18. 9 Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату . . .

18. 10 Айыптау үкімін орындаудың мерзімі ескіруіне байланысты жазадан босату . . .

18. 11 Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату . . .

18. 12 Сотталғандықтан арылу және оны жою . . .

Он тоғызыншы тарау

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы

19. 1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы сипаттамасы . . .

19. 2 Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері . . .

19. 3 Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату . . .

19. 4 Кәмелетке жасы толмағандардың сотталғандығын жою ерекшеліктері . . .

Жиырмасыншы тарау

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары

20. 1 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түсінігі . . .

20. 2 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері . . .

20. 3 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және тоқтату . . .

Курстық жобалар мен жұмыстардың тақырыптары . . .

Қылмыстық құқық Жалпы бөлімі бойынша өзін-өзі тексеру тест сұрақтары . . .

Қосымша. Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқық пәнінің бағдарламасы . . .

Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімі бойынша оқуға ұсынылатын Әдебиеттер . . .

9

10

12

14

18

19

21

22

25

25

27

31

35

37

39

42

45

48

50

53

56

58

59

60

61

65

67

73

76

82

84

88

91

93

94

96

97

101

102

103

105

106

107

107

108

112

112

113

114

115

118

119

121

124

125

125

126

129

130

133

134

135

136

137

138

139

140

141

141

143

144

144

148

149

157

163

163

165165

166

167

170

170

171

171

172

174

174

175

175

176

176

177

178

179

180

181

182

186

186

188

189

191

192

193

196

198

223

231

КІРІСПЕ

Оқырманға ұсынылып отырған оқу құралы - Қазақстан тарихында қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің негізгі ұғымдары тұңғыш рет қазақ тілінде жүйелі түрде мазмұндалып, Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі нормаларына сүйеніп жазылған еңбек.

ҚР 1997 жылдың 16 шілдесінде қабылданған Қылмыстық кодексі құрайтын бұл еңбекте қылмыстық құқықтың нормалары мен институттары, оның Жалпы бөлімін құрайтын: қылмыстық заңның түсінігі, қылмыстық заңның кеңістіктегі және мезгілдегі күші, қылмыс ұғымы, оның құрамы мен белгілері, қылмыс санаттары, қылмыстық жауаптылық және оның негіздері, қылмыстың объектісі мен объективтік жағы, қылмыстың субъектісі мен субъективтік жағы, іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар, қылмыс істеу сатылары, қылмысқа қатысу, қылмыстардың көптігі, жаза ұғымы мен мақсаттары, жазаның жүйелері мен түрлері, жаза тағайындаудың жалпы негіздері, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түсінігі мен түрлері және басқа да мәселелері жан-жақты талданған.

Оқу құралында қылмыстық заңды жетілдіру, халықаралық нормалардың тиімді жақтарын пайдалану, қоғамға шамалы қауіпті емес іс-әрекеттерді қылмыс қатарынан шығару, қылмыстық жазаны ізгілендіру және қылмыстық құқықтың жұрт таныған халықаралық тиімді қағидаларын заңдарды жетілдіруге пайдалану мәселелерін зерттеу - көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Қылмыстық заңда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін Қылмыстық кодекс қылмыстық жауаптылықтың негізін белгілейді. Яғни, қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау болып табылады.

Оқу құралы ғылыми әрі құрылымдық жүйелігімен, қарастырылатын мәселелердің тарихи, әлеуметтік, құқықтық жақтарына қажетінше назар аударуымен ерекшелінеді. Осыған орай, жоғарыда аталған оқу құралын оқытудың басты мақсаты студенттерге, магистранттарға, аспиранттарға қылмыстық заң пәнінен тиянақты білім беруді және оқу барысында болашақ заңгерлер жеке адамдардың әрекетінде немесе әрекетсіздігінде қылмыстың нақты құрамының барын анықтауды, қылмысты дұрыс саралауды, іс-әрекетте құқыққа қайшы және қоғамға зиянды мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін дұрыс белгілеуді, кінәліге жаза тағайындауды қолданып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қолдануды, бұл жерде іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің мәнін және дәрежесін, кінәлінің жеке тұлғасын, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып қолдануды, сол сияқты адамды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың заңда көрсетілген негіздері мен шарттарын нақты, терең біліп үйренеді.

Қылмыстық құқық пәнінің Жалпы бөлімін терең оқып меңгеру болашақ заңгерлер үшін заңдылық қағидасын берік сақтаудың, оны іс жүзіне асырудың кепілі болары сөзсіз.

Бірінші тарау

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, ТҮСІНІГІ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ

1. 1 Қылмыстық құқықтың пәні және түсінігі

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады.

Оның бірінші түрі - қорғаушылық қылмыстық құқықтық қатынастар.

Бұл қатынас қылмыстың жасалуына байланысты туындайды. Қылмыстық жауапкершілікті жүзеге асыру және қылмыс оқиғасымен байланысты жаза, сонымен қатар жазаны тағайындауға оны өзгерту қылмыста жауапкершілікті және жазадан босату қорғаушылық қылмыстық құқықтық қатынастың мазмұны болып табылады. Қылмыс жасаған тұлға заң қылмыс жасаумен байланыстыратын қолайсыз зардаптарды міндетті түрде өткеру қажет. Құқық қорғау органдары қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартуға міндетті. Бұл қатынастар құқықтық нормалармен реттеледі. Жалпы реттеушілік қылмыстық құқықтық қатынастар нормаларда көзделген жазалау қаупімен моральдық тұрақсыз тұлғаларды қылмыс жасаудан сақтап қалумен байланысты қоғамдық қатынастар. Қылмыстық құқықтық тыйым анықталмаған тұлғалар шеңберінде қылмыс жасаудан тоқталу міндетін жүктейді.

Екінші түрі - реттеушілік құқықтық қатынастар.

Реттеушілік қылмыстық құқықтық қатынастарды азаматтарды қоғамдық қауіпті қол сұғудан қорғану кезінде қылмыстық құқықтық нормалармен реттелетін зиян тигізу құқықтарына ие қылатын қоғамдық қатынастар. Берілген құқықтық қатынастар реттеушілік нормалар негізінде құрылады және бір уақытты және саяси пайдалы болып табылатын тұлғалардың құқықтық мінез құлықтарын реттейді.

Яғни, қылмыстық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың екінші түрі - реттеушілік қылмыстық құқықтық қатынастар деп аталады.

Қылмыстық құқық пәнінің құрамына кіретін қатынастың үшінші түрі адамдарды жазамен қорқыту арқылы қылмыс жасаудан сақтандыруға байланысты қатынастар. Яғни, мемлекет қылмыстық-құқықтық тыйым салу арқылы азаматтарды қылмыс жасаудан бас тартуға міндеттейді және қоғамдағы адамдардың тәртібін реттеп отырады. Бұл қылмыстық құқықтық қатынастың үшінші түрі - ескертушілік және алдын алушылық деп аталады .

Қылмыстық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың түрлерін реттеу үшін арнайы әдістерді қолдану қажет. Қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатындағы құқық саласының ықпал ету шараларының жиынтығы әдісті құрайды. Осыған орай, қылмыстық құқықтық қатынастардың өзіне тән реттейтін әдістері бар.

Мәселен, қорғаушылық қылмыстық құқықтық қатынастарды реттеу әдістері:

  • қылмыс жасаған тұлғаларға санкция нормаларын қолдану; қылмыстық жауапкершіліктен босату; медициналық сатыдағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.

Реттеушілік қылмыстық-құқықтық қатынастарға:

- барлық қоғам мүшелеріне жеке адамға, қоғам мен мемлекетке келтірілген қауіпті әрекеттермен белсенді күресу құқықтарын бөліп беру.

Ескертушілік қылмыстық-құқықтық қатынастарға:

- қылмыстық-құқықтық тыйым салуды орнату әдісі жатады.

Логика ғылымына сәйкес «пән» ұғымы - бұл танымның белгілі объектісі немесе қабылдауға, атауға, анықтауға болатын заттар. Ал қылмыстық құқықтың пәні болып не табылады?

Қылмыстық құқықтың реттеу пәні өте кең, оған мемлекеттік және қоғамдық құрылыс, меншік, жеке адам және оның ар-ожданы, құқықтары мен бостандықтары, құқықтық тәртіп және сонымен бірге басқа құқық салаларымен реттеліп қойған қоғамдық қатынастардың шеңбері де кіреді.

Қылмыстық құқық дегеніміз - құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын анықтайтын құқықтық нормалардың жиынтығы.

Қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады.

Жалпы бөлім қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері, қылмыстық заңның кеңістіктегі күші, мезгілдегі күші, қылмыс құрамының түсінігі, қылмыстық жауаптылықтың негізі, қылмыстың объектісі, субъектісі, объективтік жағы, субъективтік жағы, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоятын мән-жайлар, қылмыс істеу сатылары, қылмысқа қатысу, қылмыстардың көптігі, жазаның түсінігі мен мақсаттары, жазаның жүйелері мен түрлері және жазаны тағайындау, қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату, шартты түрде соттау және жазаны өтеуді кейінге қалдыру, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы және медициналық мәжбүрлеу шараларының түсінігі мен түрлері қылмыстық құқықтың жалпы бөлімінде зерттеледі.

Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары және оларды істегені үшін белгіленген жаза түрлері көрсетіледі. Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімі тығыз байланысты.

Қылмыстық құқық құқық саласының жеке саласы болуымен бірге ол басқа құқық салаларымен де тығыз байланысты. Сонымен қатар, өзінің бағыты, атқаратын рөлі, мәні және құқықтық реттеу әдісінің ерекшілігіне байланысты басқа құқық салаларынан бөлектеніп, ажыратылады.

Қылмыстық құқық - қылмыстық атқару құқығымен тығыз байланысты. Қылмыстық атқару құқығының пәні болып, сот үкімі бойынша күшіне енген қылмыстық жазаны орындау, оларды қылмыс істеуден сақтандыруға байланысты қоғамдық қатынастарды ретке келтіру болып табылады, қылмыстық құқық - криминология пәнімен де байланысты. Қылмыстық құқық қылмыс пен жазаны белгілейтін ерекше құқық саласы болса, криминология қылмыстылық, оны туғызатын себептер мен жағдайлар, қылмыскердің тұлғасы, қылмыстылықтан сақтандыру шараларын белгілейтін ғылым саласы болып табылады. Сонымен қатар қылмыстық құқық - қылмыстық істер жүргізу құқығымен де тығыз байланысты. Қылмыстық құқық қандай әрекеттердің қылмыс екендігін және оларға қандай жаза қолданатындығын белгілесе, қылмыстық істер жүргізу құқығы қылмыстық жауапқа тартуды жүзеге асырады, қылмыстық істі тергеудің және сотта қараудың тәртібін белгілейді.

Сонымен, қылмыстық құқық - бұл қандай әрекеттердің қылмыс болып табылатынын және қандай жазалар мен басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары осы қылмыс жасаған адамға тағайындалатынын, сонымен бірге қылмыстық жауаптылықтың негізі мен қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың негіздерін белгілейтін құқық нормаларын біріктірген құқықтың ерекше саласы.

1. 2 Қылмыстық құқықтың міндеттері

Қылмыстық кодекстің 2-бабына сәйкес қылмыстық заңның міндеттері болып:

1. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.

2. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді делінген.

Жаңа 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінде орын алған сапалық өзгерістер ескерілген. Қылмыстық құқықтың негізгі міндеті қоғамдық қатынастарды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау. Осыған орай аталған қылмыстық құқықтың міндеттері қылмыстылықпен күресу саласындағы мемлекеттік саясаттың бірі болып табылатын қылмыстық саясат арқылы жүзеге асырылады.

Қылмыстық саясат - қылмыспен күресудің басты бағыты, жолдары мен әдістері туралы мемлекеттің басқарушы сатысы болып табылады. Қылмыстық саясат мынадай бағыттармен негізделеді:

- қылмыстың алдын алу қылмыспен күресудің негізін құрайды;

- қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік болуы керек;

- қылмыспен күрес заңдылықтардың қатаң сақталуымен жүргізілуі қажет;

- қауіпті және аса қауіпті қылмыстың бірнеше мәрте жасалуына ауыр және ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін жазаның қатаң шаралары қолданылуы қажет;

- ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстармен күресуде бас бостандығынан айырумен, сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысы жоқ әсер ету шаралары ерекше орында болуы қажет;

- қылмыспен күрес қалың бұқараның тартылуымен жүзеге асырылуы керек.

Заң шығарушылық, құқық қорғанушылық, қылмыспен күресуге және оның алдын алуға бағытталған бұқараның қызметі мен құқықты насихаттау мен құқықтық тәрбиедегі бұқараның және мемлекеттік органдардың қызметі қылмыстық саясатты нақтыландыру нысандарын құрайды.

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық ғылымы басқа ғылым салалары сияқты өзіне жүктелген зор, жауапты міндеттерді атқарады. Ол - қылмыстық заң туралы түсініктердің, олардың әлеуметтік тиімділігін, оның даму және жетілдіру заңдылықтары мен тенденциялары жөнінде, қылмыстық құқықтың қағидалары және тарихы туралы қылмыстық құқықтық көзқарастар мен ой-пікірлердің жүйесін құрайды.

Қылмыстық құқық ғылымының зерттеу объектісі қылмыстық заң және оның құқық қолдану органдары тәжірибесінде дұрыс қолдануын, жаза тағайындаудың қылмыстылықпен күрес жүргізудің ғылыми негіздерін белгілеу болып табылады. Осы аталған күрделі мәселелерді зерттеуде қылмыстық құқық ғылымы қылмыстылықпен күрес жүргізетін криминология, құқықтық статистика, қылмыстық-атқару құқығы, криминалистика, сот психологиясы, сот психиатриясы және басқа ғылым салаларымен тығыз байланысты. Осы ғылым салаларының ортақ міндеті - қылмыстылықпен күрес проблемаларын белгілеу, оны азайтудың, оны сақтандырудың жолдарын, әдістерін және тәсілдерін зерттеу болып табылады.

Сонымен, қылмыстық құқық ғылымының негізгі міндеті болып - қолданылып жүрген қылмыстық заңдарға жүйелі талдау жасап, оның пәрменділігін, тиімділігін жетілдіру; қылмыстық заңның және оны жүзеге асыру мәселелерінің тарихын зерттеу; қылмыстық заңдарды, оның жекелеген институттарын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жасау; қылмыс қатарына жататын немесе қылмыс қатарынан алынып тасталатын әлеуметтік құбылыстарды дер кезінде анықтап отыру; қылмыстық заңдарды әзірлейтін мемлекеттік органдардың қызметіне кеңінен араласып, олардың заңды қолдану, қылмысты саралау жөніндегі тұжырымдарды жасауына белсенді қатысу; шет мемлекеттердің қылмыстық заңдарын және олардың іс-жүзінде қолданылу әдістерін зерттеу арқылы, оның пайдалы жақтарын ескеру және т. б. ғылыми болжамдар жасау болып табылады.

1. 3 Қылмыстық құқықтың қағидалары

Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы Конституцияға сүйене отырып, қылмыстық заң алдына бірқатар қағидаларды іске асыру міндетін қойып отыр. Қылмыстық құқық өзінің алдына тұрған барлық міндеттерді тек белгілі бір қылмыстық-құқықтық қағидаларды сақтау арқылы ғана жүзеге асыра алады.

Қылмыстық құқық қағидаларына мыналар жатады:

  • заңдылық; азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі; жеке жауапкершілік; кінәлі жауапкершілік; ізгілік; әділеттілік; қылмыстық жауаптылық пен жазадан құтылмайтындық.

Заңдылық қағидасы. Қылмыстық заңда көзделген әрекеттер ғана қылмыс болып табылады. Осыған байланысты келесі жағдайларды басшылыққа алу керек:

- қылмыстылық әрекеттің жазалануы және оны жасаудың өзге де қылмыстық құқықтық себептері тек қылмыстық заңмен анықталады;

- қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған тұлғаға міндеттер жүктеледі және заңмен белгіленген құқықтармен қолданады;

- қылмыстық заңның мазмұнын нақты мәтініне сәйкес түсіну керек.

Азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдік қағидасы - қылмыс жасаған тұлғалар заң алдында тең және жауапкершілікке олардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсілдік және ұлттық көзқарасына, жынысына, біліміне, тіліне, діни нанымына, айналысатын ісінің түрі мен сипатына, тұрғылықты жері және т. б. мән-жайларға тәуелсіз тартылады. Берілген ереже тікелей ҚР Конституциясының 14-бабында белгіленген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқықтық қатынастар және қылмыстық жауаптылық
Қылмыстық жауаптылықтың негізі
Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері
Қылмыс және қылмыс құрамы
Қылмыстық жаза тағайындаумен арқылы жүзеге асырылатын қылмыстық жауаптылық
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі
Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Әрбір қылмыс құрамының белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz