ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАДАН БОСАТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КIРIСПЕ

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАДАН БОСАТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қылмыстық жазадан босатудың түсiнiгi және оның қылмыстық жауаптылықтан босатумен арақатынасы

1. 2 Қылмыстық жазадан босатудың түсінігі мен негіздері

1. 3 Жазадан босатудың қылмыстық және құқықтық мәселелері

2 ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРI БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАДАН БОСАТУДЫҢ НЕГIЗДЕРI МЕН ТӘРТIБI

2. 1 Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату

2. 2 Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру

2. 3 Жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдердiң жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру

2. 4 Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату

2. 5 Төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру мәселелерi

2. 6 Айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмi өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату

2. 7 Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жазадан босату

3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАСЫН ӨТЕУДЕН БОСАТЫЛҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ШЕКТЕУДІҢ НЕГІЗДЕМЕСІ

3. 1 Қылмыстық жазасын өтеп шыққандардың құқықтық мәртебесі

3. 2 Соттылық - бостандыққа шыққандардың құқықтарын шектеудің құқықтық негіздемесі ретінде

3. 3 Бостандыққа шыққандардарға қойылатын құқықтық шектеулер және олардың жүйеленуі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН НОРМАТИВТIК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТIЛЕР

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Қосымша

4

7

7

20

23

29

29

33

36

39

42

43

46

53

53

60

62

76

78

79

82

КIРIСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектiлiгi. Қазақстан Республикасы жаңа егемендi демократиялық әрi құқықтық мемлекет ретiнде орнықтыру үшiн маңызды мiндеттерiнiң бiрi ретiнде құқықтық тәртiптi нығайту мен құқықтық саясатты жетiлдiру мақсатын өз алдына қойған.

Құқықтық реформаның мемлекеттiк бағдарламасының жүзеге асырылуының маңызы: онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау - ол құқықтық мемлекет құрудың басты басым мақсаты ретiнде қойылған және қажеттi шараларының бiрi ретiнде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөнiнде халықаралық актiлерге сәйкес келетiн жаңа заңдар белгiленген.

Қылмыстық әрекеттердiң, олардың алуан түрлерi мен әдiстерiнiң қарқынды дамуы кезеңiнде қылмыстылықпен күресудi қамтамасыз ететiн заңдардың сапасын жақсарту керек. Қазiргi нарықтық қоғамның дамуына сәйкес келетiн мемлекеттегi сапалы заңдардың қабылдауына құқықтық ғылымдардың, әсiресе соның iшiнде қылмыстық құқықтың әсерi өте зор.

Қылмыстылықпен күресуде қылмыстық жаза маңызды орынды иеленедi. Бiрақ та заң шығарушы жазаны барлық жағдайларда да қолдануды көздемейдi, мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы ретiнде жаза тек қылмыс жасаған адамға басқа әсер ету амал-жолдарының болмауының негiзiнде, сонымен қатар әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сондай-ақ сотталған адамды және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады.

Қылмыстылықпен күресудiң жазалаумен қатар, бiр жолы ретiнде кейбiр қылмыс жасаған адамдарға қатысты қылмыстық жазадан босату шараларын қолдану танылады. Заң шығарушы осындай нормаларды белгiлей отырып, жазаларын өтеп жүрген адамдардың түзелуiн қамтамасыз етедi, мәселен сотталғандар түзелу арқылы жазадан босатылуы немесе өз жағдайларын жеңiлдетуi үшiн ұмтылады. Мұның барлығы қылмыстық заңның iзгiлiгiн бiлдiредi. Қылмыстық жазадан босату институтын қолданудың көп жылдық тәжiрибесi қауiптi құқық бұзушыларды түзеудiң бiрден-бiр құралы екендiгiн дәлелдейдi.

Қылмыстық жазадан босату тек қазiргi ғана емес, бұрыннан да заң әдебиеттерiнде өзектi зерттеу объектiлернiң бiрi болып табылады. Бұл мәселеге осындай көп көңiлдiң бөлiнуiнен бұл институттың қылмыстық құқық теориясындағы алатын орнын көремiз. Мысалыға, Г. Б. Виттенберг, И. И. Крапец, С. Н. Сабанин, С. И. Зельдов, Н. Д. Дурманов, Ю. М. Ткачевский, А. С. Михлин, А. Т. Потемкина, И. М. Гальперин, И. И. Рогов және қазақстандық ғалымдар Е. Қайыржанов, С. М. Рахметов, Д. Бұғыбайқызы және т. б. ғалымдардың еңбектерiнде көрiнiс тапқан.

Бiрақ та осындай көптеген зерттеулерге қарамастан, қылмыстық жазадан босатудың кейбiр мәселелерi толықтай ашылмаған және одан әрi зертеудi қажет етедi. Қылмыстық жазадан босату институтының құқықтық табиғатын анықтауда түпкiлiктi пiкiр жоқ және оны жауаптылықтан босату институты мен арақатынасын анықтағанда бiрқатар қарама-қайшылықтар да кездеседi. Зерттеулердiң көбiсi қазiргi заман талабына сай келмейдi және ескi заң көзқарасымен жазылған. Көптеген зерттеулерде жазадан босатудың жаңа негiздерi қарастырылмаған, сонымен қатар қылмыстық заңға одан әрi зерттеудi қажет етедi. Осы мәселелер менiң дипломдық жұмысымды осы тақырыптан таңдап алуыма әсер еттi.

Жұмыстың мақсаты: қылмыстық заңнама мен оны тәжiрибеде қолдануды жетiлдiруге бағытталған қылмыстық жазадан босату институтының теориялық мәселелерiн одан әрi зерттеу, сондай-ақ осыған байланысты белгiлi бiр қорытындыға келiп, оны заңнама мен тәжiрибеде қолдануға байланысты ұсыныстар енгiзу басты мәселе болып табылады.

Осы мақсатттарға жету үшiн алға төмендегi мiндеттер қойылған:

  • қылмыстық жазадан босату нормаларының тиiмдiлiгiне әсер ететiн факторларды анықтау;
  • қылмыстық жазадан босатудың жекелеген негiздерi бойынша жазадан босату заңдарын қолданудағы кемшiлiктерiне баға беру;
  • жазадан босату нормаларын жетiлдiруге бағытталған ұсыныстарды қалыптастыру;
  • осы нормаларды тәжiрибеде қолдануды зерттеп, онда орын алып жатқан кемшiлiктердi жою шараларын қалыптастыру.

Дипломдық жұмысты жазу барысында көптеген қылмыстық құқық ғалымдарының еңбектерi, диссертациялық жұмыстар, Қазақстан Республикасының заңнамалары мен ҚазКСР заңнамалары салыстырыла отырып қолданылды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары және Ақтау және Қызылорда қалалық сотынан алынған қылмыстық жазаға тартылған және одан босатылғандардың есептерi пайдаланылды.

Жазадан босату нормаларының қылмыстық заңмен белгiленбегенiмен, бұл жөнiндегi заңдарды тәжiрибеде соттармен қолдануда кемшiлiктер мен олқылықтар жиi орын алғанымен, ондай келеңсiздiктер де кездеседi. Мәселен, көптеген соттар қоғамға онша қауiптi емес қылмыс негiздерi бар iс-әрекеттерiн жасаған адамдарға қылмыстық жаза қолданбай-ақ түзеу және қайта тәрбиелеуде қылмыстық жазадан босату нормаларын қолданудың қылмыстылықтың алдын алушылық пен адамды тәрбиелеуде маңызының мүмкiншiлiгiн жете бағаламайды. Сол себепті, қылмыстық жаза мен жауаптылықтан босату кезінде қылмыстық заңның ескертушілік міндетін жете назарда ұстау қажет.

Осы нормаларды тәжiрибеде қолдануда жiберiлетiн қателiктерден бұрын, осы қылмыстық заңды қабылдаудағы заң шығарушының назарынан тыс қалған мәселелерге байланысты кемшiлiктердi де атап өтуiмiз керек. Мысалыға, жоғарыда қарастырылып кеткендей тек жүктi әйелдердiң жазасын өтеуiн кейiнге қалдыруды көздейтiн норманың заңда белгiленуi асырауында жас балалары бар жалғыз басты ер азаматтардың жазасын өтеуiн кейiнге қалдыру мүмкiндiгiн көздейтiн норманың заңда көрiнiс таппауы, олардың жағдайын ескермеушiлiк пен оларға қатысты әдiлетсiздiктің орын алғандығы туралы мәселе туындайды. Сонымен қатар, қылмыстық заңда кәмелетке толмаған адамға қатысты жазадан босатудың бiр негiзi - жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру мен қосымша жазалардан босату мүмкiндiктерiн қолдануды көздейтiн нормалардың орын алмауы, қылмыстық саясат кәмелетке толмағандарға қатысты iзгiлiк бағытында дамуы тиiстiгiн белгiлеген Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасының талабының орындалмауының бiрден-бiр көрiнiсi болып табылады. Бұл жерден бұрынғы қылмыстық заңмен қарастырылған бiрiншi аталған мүмкiншiлiктің көзделуiне байланысты жаңа заңда осы мәселеге қатысты шектеушiлiк орын алғандығын көруге болады.

Жоғарыда аталған заң шығарушының назарынан тыс қалған мәселелермен қатар, заң шығарушылық қызметiнде iс жүргiзу құжаттарына қатысты кейбiр терминолгиялық қателiктер де орын алған, мәселен мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатудан, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырудан бас тарту туралы сот ұйғарымы деген қателiк заңның өзiнде бұл норманы қолдану - қолданбауға байланысты сот шешiмi қаулы түрiнде шығарылады дегенге қарамастан кездеседi.

Қылмыстық заңда бұрын болмаған жаңа жазадан босату негiздерi мен соңғы енгiзiлген өзгертулер мен толықтыруларға байланысты мәселелер қарастырылып, оларға баға берiлген.

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАДАН БОСАТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қылмыстық жазадан босатудың түсiнiгi және оның қылмыстық жауаптылықтан босатумен арақатынасы

Тақырыпқа кiрiспес бұрын қазақ қоғамындағы құқық жүйесiнiң даму тарихына көз жүгiртсек.

Тәуке ханның реформаторлық қызметiнiң сапынан ерекше орын алатын мәселе - қазақ қоғамының құқықтық жүйесiн қалыптастыруы. Мемлекеттi нығайтып, тәртiп орнату үшiн тиiмдi халық мүддесiне сай келетiн заң жүйесi болуы шарт.

Сол замандағы қазақ қоғамының ұлттық хартиясы - «Жетi Жарғы» болды. Ол тек қана сол заманның талаптарына сай келетiн құқықтық құжат емес. Оның мәнi және мазмұны жағынан көшпелi қазақ халқының ерекшелiктерiне сай қабылданған аса құнды құқықтық ескерткiшi болып келедi.

Бекiтiлген ереже бойынша «Жетi Жарғының» қылмыстық нормалары құқық субъектiсiн қылмыстық әрекеттерi үшiн қылмыстық жазадан босатуды да қарастырады. Атап айтсақ, балаларын өлтiрген ата-аналар қылмыстық жазадан босатылады. Тек некеге тұрмаған әйел күйеусiз туған баласын өлтiрсе, оған керiсiнше өлiм жазасы кесiлген [1] . Екiншiден, әйелi еркегiнiң көзiне шөп салғаны үшiн, егер әйел еркекпен жатқан жерiнде күйеуi ұстап алса, өлтiруге құқық бередi, ол үшiн күйеуi ешқандай жауапқа тартылмайды. үшiншiден, күйеуiн өлтiрген екiқабат әйелге ешқандай жаза қолданылмайды, ол ел арасында жеккөрiнiштi болып қарғысқа ұшырайды. Төртiншiден, әкесiнiң және күйеуiнiң ұрлық iстегенiн бiлiп тұрып, оны хабарламағаны үшiн әйелi және балалары жауапқа тартылмайды. Бұл норма жалпы адамгершiлiк, қандық қасиеттің заңнан да жоғары болуы қажеттiгiн анық көрсетедi [2] .

Тарихтан осылай бастау алған бұл норма әлi күнге дейiн өз жалғасын табуда.

Қылмыстық жазадан босату - соттың үкiмi бойынша сотталған адамды тағайындалған жазадан толық немесе iшiнара босату. Босатудың мәнi қоғамға аса қауiптi емес қылмыс жасаған адамға немесе қылмыстық қудалауды үнемдеуге негiз беретiн өзге де жағдайларға сәйкес қылмыс жасаған адамға әсер етуден тұрады.

Жазадан босату институтын тағайындаудың басты мақсаты сотталған адамныњ түзелуiн ынталандыру, тез арада оны қайта тәрбиелеу, сонымен бiрге жазаны қолданбай-ақ қылмыстық құқықтың мақсаттарына қол жеткiзуге болатын жолдарды қолдану табылады. Мұның барлығы қылмыстық заңның iзгiлiгiн бiлдiредi.

Негiзiнен қылмыстық жазадан босату қылмыс жасағаны үшiн кiнәлi адамға соттың үкiмi шығарылғанға дейiн, яғни жазаның орындалуы басталғанға дейiн, сонымен бiрге сотталған адам жазаның бiр бөлiгiн өтегеннен кейiн, егер сот жазаның мақсаттары орындалды және сотталушыны түзеу үшiн тағайындалған жазаның орындалуы қажет емес деп тапқан жағдайларда тағайындалады.

Қылмыстық құқықсаласындағы қылмыстық жазадан босату институты қылмыстық-атқару құқығымен ұштасып отырады [3] .

Бiрақ та, бұл салада жазадан босату институты толық қамтылмайды. Жазадан босату жазаны өтегеннен кейiн не жазадан босату туралы ұсыныстан кейiн орындалады. Жазадан босатудың материалдық негiзi сотталған адамға оның денсаулығына қатысты немесе басқа мән-жайлардың болуымен байланысты немесе кiнәлiнiң түзелуi үшiн жазаны толық өтеуiнiң қажет еместiгi болып табылады. Белгiлi бiр қылмыс үшiн көзделген жазадан гөрi неғұрлым жеңiл жаза қолдану (ҚР ҚК-тің 55-бабының 1-бөлiгi) және шартты түрде соттау (ҚР ҚК-тің 63-бабы) мiндеттi белгiлер ретiнде саналады, яғни қылмысытық жазадан босату институтымен әсiресе осындай жаза тағайындау кезiнде тығыз байланыста болады.

Белгiлi бiр деңгейде жазадан босату қылмыстық жауаптылықтан босатуды еске түсiредi. Бiрақ жауаптылық ұғымы жаза ұғымынан неғұрлым кеңiрек.

Қылмыстық құқықтың қылмыстық жазадан босату институты қылмыстылықпен күресудiң адамгершiлiк бағытта жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi, яғни қылмыс жасаған кейбiр тұлғаларды түзеу және қайта тәрбиелеудiң бiр жолы, сондай-ақ репрессияның үнемделуi болып табылады. Мiне, осы арқылы қылмыс жасаған тұлғаларды түзеу - қылмыстардық алдын алудың бiрден-бiр құралы.

Ресей ғалымы В. В. Скибицкий «қылмыстық жаза мен қылмыстық жауаптылық ұғымы бiр-бiрiне өте жақын түсiнiк дейдi». Алайда, бұл екi ұғым арасында қанша ұқсастық болғанымен қолданылу негiзiне байланысты үлкен айырмашылық бар [4] .

Қылмыстық жазадан немесе қылмыстық жауаптылықтан босату институттары - ол қылмыстық құқықта адамгершiлiктің көрiнiс табуы және ол өзiнiң қалыптасу тарихында ешқашан жазаны қылмыс жасаған тұлғаға физикалық күш көрсету немесе оның ар-намысын, қадыр-қасиетiн аяқ асты, кекшiлдiк мақсатында қолдануды көздемеген, керiсiнше құқықбұзушыны түзеу және қайта тәрбиелеу мақсатын көздеген.

Қазiргi қолданыстағы қылмыстық заңда қылмыстық жазадан босату түсiнiгi «Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату» деген 5-бөлiмiнде көрсетiлген, бұл жерден қылмыстық жауаптылықтан босату мен қылмыстық жазадан босату түсiнiктерiнiң тығыз байланысты екенiн көремiз. Алғашында бұл екi түсiнiк туралы заң әдебиеттерiнде екеуi ұқсас синонимдес ұғымдар деген қате пiкiрлер қалыптасқан едi, бiрақ та сол кездiң өзiнде-ақ КСРО Жоғары Сотының тәжiрибесiнде бұл түсiнiктердiң ара-жiгi ажыратылып көрсетiлген, оған дәлелдеме ретiнде сол кездегi тезис «Кодекстің 43-бабын қолдана отырып, оның екi бөлiмiнен тұратынын ескеруiмiз керек, яғни бiрiншiсi қылмыстық жауаптылықтан босату, ал екiншiсi қылмыстық жазадан босату мәселелерiн қамтиды» [5] .

Қылмыстық жазадан, сондай-ақ жауаптылықтан босату институттарының қылмыстық құқықта орын алуы оның адамгершiлiк, iзгiлiк және жауапкершiлiктi дараландыру қағидаларымен тығыз байланыстылығымен түсiндiрiледi.

Қылмыстық жазадан босату институттарының қазiргi заңға сәйкес түсiнiгiн бермес бұрын, оның даму тарихына көз жүгiртiп өткенiмiз жөн, сонымен қатар жоғарыда аталған институттардың ара-жiгiн ажыратуды сол кезден бастап қарастырайық.

Қылмыстық жауаптылықтан босату институты Ресей қылмыстық заңнамасында жазадан босату институттарынан кейiн пайда болды. Ол бiрiншi рет 1958 жылғы КСРО және Кеңестiк Республикалардың қылмыстық заңында көрiнiс тапты [6] .

Тарихта қылмыстық жазадан босату институты XVII ғасырдағы I Петрдың әскери Артикулынан бастау алады және онда жазадан босатудың екi жағдайы қарастырылған:

  • егер тұлға қоректiк-iшетiн немесе құнды емес заттарды ұрласа және оларды нәресте жас бала жасаған жағдайда;
  • егер ер азамат өзiнiң кiнәлi әрекетiнiң нәтижесiнде некеден тыс туылған баласының анасына үйленген жағдайда.

Ал 1845 жылғы қылмыстық және түзеу жазалары туралы ережеде жазадан босатудың 3 негiзi қарастырылған едi, мәселен:

  • қылмыскердiң қаза болуына байланысты;
  • жәбiрленушiмен татуласуына байланысты;
  • жасалған қылмыстың ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты.

1845 жылғы ережеге сәйкес қылмыскердiң шын өкiнуi тек жағдайды жеңiлдететiн мән-жай ретiнде қарастырылады.

1864 жылы қабылданған бiтiмгершiлiк соттармен қолданылатын жазалар туралы жарғыға сәйкес қылмыстық жазадан босатудың жаңа негiздемесi пайда болды және ол тек кәмелетке толмаған балаларға қатысты қолданылды. 10 жас пен 14 жастың арасындағы балалар қылмыстық жазадан босатылады және олар ата-аналарының немесе қамқоршыларының бақылауына берiледi.

Қылмыстық жазадан босату институтының одан әрi дамуы 1903 жылы қабылданған ережеден көрiнiс тапты. Онда шын өкiну қылмыстық жазадан босату негiзi ретiнде көрiнiс тапты. Кәмелетке толмағандар (17 жасқа дейiн) және жас балалар қылмыстық соттылықтан алынып тасталынып, кәмелетке толмағандардың iстерi кәмелетке толмағандар жөнiндегi комиссияның құзыретiне жатқызылады делiнген. Осы уақытта қылмыстық жазадан босатудың ерекше түрлерi пайда болды, мысалыға, пара алу iстерi бойынша қару-жарақ сақтау, қашқындық iстерi және басқа да iстер бойынша.

1922 жылғы РСФСР-дiң Қылмыстық кодексiнiң 21-бабында алғашқы рет қылмыстық жаза қолданылмайтын ескiру мерзiмiнiң өтуi туралы норма қарастырылды, ал қылмыстық жазадан босатудық арнайы түрлерi көрiнiс таппады. Бұрынғы қылмыстық заңда қарастырылған қашқындық, қару сақтау, пара алу және өзге де iстерi бойынша шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жазадан босату негiздерi бұл Кодексте көрiнiс таппады.

1958 жылғы Қаз КСР Қылмыстық кодексi қылмыстық жазадан босатудың төмендегi негiздерi көзделген:

  • мерзiмiнен бұрын-шартты түрде жазадан босату және жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру:
  • сотталған адамды мiндеттi еңбекке тарта отырып, бас бостандығынан айыру жерлерiнен шартты түрде босату:
  • кәмелетке толмаған адамдарды жазасынан мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату және жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру;
  • әскер жағдайында әкери қызметшiлердiң немесе әскери мiндеттiлердiң үкiмдерiн орындауды кейiнге қалдыру;
  • үкiмнiң орындалуын кейiнге қалдыру;
  • Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiлерiнiң негiзiнде жазадан босату.

Ал қазiргi қолданыстағы жаңа Қазақстан Республиксының Қылмыстық кодексi қылмыстық жазадан босатуды реттейтiн құқықтық нормалар жүйесiнде бiрқатар өзгерiстер енгiзген, мәселен, Қаз КСР ҚК-нiң 45-бабының 2-бөлiгiнде қарастырылған қылмыс жасаған тұлға өзiнiң әдептi мiнез-құлқы мен еңбекке әдiл және жауапкершiлiкпен қараған жағдайда, ол қоғамға қауiптi деп танылмай, сот үкiмiнiң негiзiнде қылмыстық жазадан босатылу мүмкiндiгiн көздейтiн норма ҚР ҚК-де көрiнiс таппаған.

Сонымен қатар, Қаз КСР ҚК-нiң 41-бабының 1-бөлiгiмен қарастырылған үкiмдi орындауды кейiнге қалдыру нормасы ҚР ҚК-мен қарастырылмаған. Бұл норма бiрiншi рет 3 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған тұлғаларға ғана қолданылған едi. Бұл норманың жаңа кодексте орын алмауының себебi ретiнде онда шартты түрде соттау институтының орын алуын көрсетуге болады. Бұл норма үкiмдi орындауды кейiнге қалдыру нормасымен бәсекелес деп айтуға болады [7] .

ҚР ҚК-де жазадан босатудың жаңа түрi - ауруға шалдығуына байлансты жазадан босату енгiзiлдi. Қылмыстық жазадан босатудың бұл түрi бұрын Қаз КСР Еңбекпен түзеу кодексiнiң 107-бабымен, ҚIЖК-нiң нормаларымен, сондай-ақ iшiнара ҚК-нiң 11-бабымен реттелген едi және оса нормаларға сәйкес кiнәлi тұлға сот үкiмi шығарылғанға дейiн өз әрекетiне есеп беру мүмкiндiгiнен айыратын жан дүниесi ауруға шалдыққан жағдайда, ол жазалануға жатпайды деп танылған.

Жаңа қылмыстық заң жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдердiң жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру нормасын қарастырады, сондай-ақ ҚР-ның Құқықтық саясат тұжырымдамасы қылмыстық саясат бiрiншi кезекте ауыр емес және бiрiнiшi рет орташа ауыр қылмыс жасаған адамдарға, сол секiлдi халықтың әлеуметтiк тұрғыдан әлсiз топтарына - жүктi және жалғызiлiктi әйелдерге, асырауында кәмелетке толмаған балалары барларға қатысты iзгiлiк бағытында даму тиiстiлiгiн белгiлеп көрсеткен.

Сонымен қатар, жаңа заңнамада жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату мен жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруды қолданудың шеңберi кеңейтiлiп, кеңiнен ашылып көрсетiлген [8] .

Қазiргi қолданыстағы қылмыстық заң қылмыстық жазадан босатумен бiрге ҚК-нiң 5-бөлiмiнде қарастырады. Қылмыстық жазадан босату институты қылмыстық құқықта мемлекет кейбiр қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты адамгершiлiк қатынасты қалыптастыруда маңызды әлеуметтiк роль атқарады. Қылмыстық жауаптылықтан босатудан жазадан босатудың ерекшелiгi - ол сот айыптау үкiмiн шығарғанда тек тұлғаны жазалаудан босатады (мұнда сот жаза тағайындайды ма әлде жоқ па ескерiлмейдi), соның өзiнде де қылмыстық жауаптылыққа тарту жүзеге асырылды деп есептеледi.

Қылмыстық жазадан босату - бұл жазалаушылықтан босатылу, жазаның мазмұнын құрайтын және тағайындалған жазаны өтеу кезiнде сотталушылардың нақты кейбiр құқықтарын шектеу мен айырылудан босатылуы. Қылмыстық жазадан босатылған жағдайда қылмыстық құқықтық қатынастар тоқтатылады, бiрақ та кәмелетке толмағандарды жазадан босату бұл ережеден тыс, яғни ҚР ҚК-нiң 81-бабында көрсетiлген бiрiншi рет кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшiн сотталған кәмелетке толмаған тұлға, егер оны түзеуге Қылмыстық кодекстің 82-бабында көзделген тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткiзуге болады деп танылса, сот оны жауаптылықтан босатуы мүмкiн, яғни:

  • ескерту;
  • ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не болмаса мамандандырылған мемлекеттiк органның қадағалауына беру;
  • келтiрiлген зиянды қалпына келтiру мiндетiн жүктеу;
  • бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүрiс-тұрысына ерекше талаптар белгiлеу;
  • кәмелетке толмағандарға арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесiне орналастыру.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ЖАЗАДАН БОСАТУ НЕГІЗДЕРІ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Жекелеген түрлерi бойынша қылмыстық жазадан босатудың негiздерi мен тәртiбi
Қылмыстық құқықтағы жаза туралы
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Қылмыстық жауаптылық босату түрлері
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері
Қылмыстық жауапкершіліктен босату
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Шешімді шығарған соттың атауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz