Қаржылық және басқарушылық есептердің салыстырмалы мінездемесі
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ
ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Бухгалтерлік есеп
және
аудит кафедрасы
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП-1
ПӘНІНЕН
050508 МАМАНДЫҒЫ БОйЫНША
ОҚИТЫН СТУДЕНТТЕРДІҢ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ЖАЗУ ЖӨНІНДЕ
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР, ТАҚЫРЫПТАР
ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖОБАЛЫ ЖОСПАРЛАРЫ
КАРАҒАНДЫ 2009
Құрастырушы: э.ғ.к.,проф. Мадиева К.С., доцент Жакупова О.М
Пікір жазушылар: э.ғ.к.,проф. Китебаева К.А
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының ғылыми әдістемелік семинар
отырысында талқыланып, бекітілген.
Мәжіліс хат № 2 “ 15 “ қазан 2009ж
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
050508 Есеп және аудит мамандығы бойынша оқитын студенттер оқу
жоспарына сәйкес Қаржылық есеп- 1 пәні бойынша курстық жұмыс жазып оны
қорғайды. Курстық жұмыстың жазылуына студенттің теориялық материалды
қаншалықты меңгергенін және алған білімін тәжірбиелік зерттеу үшін
пайдалану қабілетінің қаншалықты екендігін, нарықтық қатынаста
кәсіпорындардың бухгалтерлік есепті және қаржылық есептілікті жетілдіру
жөніндегі нақты міндеттерді шеше білу қабілетінің қаншалықты екендігін
тексеруге мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың мәні оны орындау негізінде студенттің алған териялық
білімін бекітіп қана қоймай, сонымен бірге тереңдете түсетіндігінде.
Қаржылық есеп- 1 пәні бойынша курстық жұмыс студенттердің өз бетімен
жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Оны орындау студентті өз бетімен
жұмыс істеуге дайындығын тексеру ғана емес, сонымен бірге өз бетімен ғылыми
жұмыс жүргізу дағдысын дамытудың маңызды формасы. Оқудың осы кезеңіндегі
студенттің алған тәжірибесі мен білімі дипломдық жұмысқа дайындық кезінде
көп көмегін тигізеді.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫН ТАҢДАП АЛУ ЖӘНЕ БЕКІТУ
Курстық жұмыстың табысты жазылуына тақырыпты дұрыс таңдаудың тигізетін
әсері мол. Курстық жұмыс бухгалтерлік есеп және аудит кафедасында жасалады
және бекітіледі. Тақырыпты таңдау кезінде студенттердің ғылыми үйірмедегі
жұмысындағы, арнайы әдебиеттерді оқудағы, бұрынғы жұмыс тәжірибесіндегі,
семинар сабақтардағы, баяндамалардағы, сабақтас пәндер бойынша курстық
жұмыстағы ғылыми және практикалық мүдделерді студенттің ескеруі қажет.
Курстық жұмыстың тақырыбы болашақтағы дипломдық жұмыста келтірілген
мәселемен ұштасқан жөн. Мұндай жағдайда студент алған білімін тереңдете
отырып, проблеманы жан-жақты зерттеп, дипломдық жұмысты өз мүддесіне жақын
тақырыпта орындауға алдында мақсат қояды.
Студент оқу процесінде өздеріне аз оқытылған тақырыпты да таңдап алуға
болады. Бірақ курстық жұмыстың тақырыбын таңдап алу негізді болуы қажет.
Тақырыпты таңдап алған кезде қандай да болмасын проблемалық мәні туралы
шамалы болса да түсінікті болып, жұмысында қандай мәселені көрсететіндігін
білуге тиіс.
Сырттай оқитын студенттің сынақ кітапшасының (транскрипт) соңғы екі
нөміріне (жыл нөмірі саналмайды) байланысты курстық жұмыстың тақырыбын
таңдау кестесінен анықталады. Мысалы студенттің шифрі 023-09. Соңғы
цифрлар – университетке түскен жылы, кесте бойынша №23 нөмірін табамызда,
қатарын бойлай көрсетілген: 24,19,14. Осы үш тақырыптың біреуін таңдаймыз.
Жетекшінің және кафедра меңгерушісінің келісімі бойынша студент кафедра
ұсынған тізімге кірмеген тақырыпты алуына, сол сияқты тақырыптың атын
өзгертіп алуына болады.
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау кестесі
Две последние цифры порядкового Номер темы курсовой работы
номера студента
00 25 50 1 26
75 41
01 26 51 2 27
76 42
02 27 52 3 28
77 43
03 28 53 4 29
78 44
04 29 54 5 30
79 45
05 30 55 6 31
80 46
06 31 56 7 3 2
81 47
07 32 57 8 33
82 48
08 33 58 9 3 4
83 49
09 34 59 10 35
84 3
10 35 60 11 36
85 5
11 36 61 12 37
86 6
12 37 62 13 3 8
87 7
13 38 63 14 3 9
88 8
14 39 64 15 40
89 9
15 40 65 16 41
90 10
16 41 66 17 42
91 11
17 42 67 18 4 3
92 12
18 43 68 19 44
93 13
19 44 69 20 45
94 14
20 45 70 21 46
95 15
21 46 71 22 47
96 16
22 47 72 23 48
97 17
23 48 73 24 49
98 38
24 49 74 25 20
99 39
АЛҒАН ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ӘДЕБИТТЕРДІ ІРІКТЕУ
ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ
Қаржылық есеп- 1 пәні бойынша курстық жұмыстың такырыбын таңдағаннан
кейін студент курстық жұмыс бойынша бірден әдебиеттерді іріктеуге кірісу
керек (негізгі және қосымша). Мұны өз бетімен жасау керек. Студент
каталогтармен библиографиялық анықтамаларды пайдалану білуін көрсету қажет.
Сол кезде курстың тиісті тарауы бойынша негізгі әдебиеттер көрсетілген
лекция конспектілерін де ұмытуға болмайды.
Пәндік тақырыптың каталогпен жұмыс кезінде курстық жұмыспен сәйкес
қана емес, сонымен бірге таңдалған тақырыпқа жақын келетін бөлімдерді де
қарау керек. Сол кезде проблеманың теориялық жағын ғана емес, сонымен бірге
тәжірибеде қолданылып жүрген бухгалтелік есепті көрсететін әдебиеттерді де
іріктеп алған жөн. Каталогтарды қарай отырып өз картотекасын жасау керек.
Әрбір жұмысқа жеке библиографиялық карточка ашылып, оған авторы, әдебиет
аты, баспасы, басылған жылы, қысқаша мазмұны жазылады. Картотекаға курстық
жұмыс бойынша соңғы 3 жыл ішінде шыққан жаңа әдебиетті жазған дұрыс болады.
Нұсқау беретін материалдардың ең соңғы шыққаны пайдаланылады.
Әдебиеттерді өз бетімен таңдап алғаны дұрыс, бірақ ғылыми жетекшімен
жүйелі түрде кеңесіп отыру қажет. Іріктеліп алынған әдебиетттердің тізімі
онымен міндетті түрде келісіледі. Іріктеліп алынған әдебиетттерді қарау
кезінде қандай жаңа өзгерістер мен толықтыруларды ескеру туралы да
жетекшімен ақылдасу керек. Танысу деңгейіне байланысты олар пайдаланылған
әдебиеттер тізіміне тіркеледі.
Іріктеліп алынған әдебиетттермен алдын ала таныстыру кітапхана немесе
жорналдағы мақаланың мазмұнын таңдаған тақырыпқа қаншалықты сәйкес
келетіндігін анықтау үшін де қажет. Сонымен қоса мұндай танысусыз
тақырыппен қаншалықты мәселенің ауқымының қаншалықты екендігін толық
түсініп, курстық жұмыстың жоспарының алғашқы нұсқасын жасау мүмкін емес. Ең
алдымен тақырып бойынша жалпы әдебиетпен, содан соң негізгі және қосымша
әдебиетпен (нұсқаулармен, әдістемелік нұсқаулармен) танысады: Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы қаржы
министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит әдістемелік Департаментінің
нұсқалық материалдарын, стандарттарын пайдалану қажет. Сонымен бірге
жұмыста жаңа арнайы әдебиетті, соңғы жылдардың мерзімдік басылымдарынан
мақалаларды, Бухгалтер Бюлетені, Бухгалтер файлы, Қаржы – қаражат, Салық
комитеінің жаршысы және т.б.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ НҰСҚАСЫН ЖАСАУ
Әдебиетттермен алдын ала таныс негізінде курстық жұмыстың алғашқы
нұсқасы мұқият ойластырылуы қажет. Әдетте курстық жұмыс кіріспеден, төрт-
бес параграфтан және қорытындыдан тұрады.
Жоспарды жасау кезінде ең бірінші кезекте жекелеген параграф
қарастырылатын мәселелердің ауқымының жобасын және олардың орналасу ретін
анықтап алу қажет.
Қандай тақырып болмасын әр түрлі ашылуы мүмкін. Бірақ сол курстық
жұмыс жоспары оның негізгі бағыттарын көрсетеді. Жұмыс жоспары жұмыстың
негізгі идеясын көрсетіп, оның мазмұны мен сипатын ашуы қажет. Онда
тақырыптың аса актуальды мәселелері бөлініп алынады.
Жасалынған жоспарды студент курстық жұмыс жетекшісімен келіседі.
ІРІКТЕЛГЕН ӘДЕБИЕТТТЕРДІ ОҚЫП ҮЙРЕНУ
Жетекшісімен жұмыс жоспарын келіскен соң, әсіресе кәсіпорынның
нарықтық жағдайдағы жұмыс ерекшеліктері туралы іріктеп алынған әдебиеттерді
жете оқып-үйренуге кірісу керек. Ол үшін әдетте конспектілер жасалады.
Конспектілердің сипаты болашақ жұмысқа оқып-үйреніп отырған материалдарды
пайдалану мүмкіндігі мен формасына қарай анықталады. Ол қысқаша көшіру
(дәйексөз) немесе ойды, фактіні қысқаша мазмұндай немесе курстық жұмысты
жазу кезінде қажет болатын жерлер үшін оқылған жан-жақты жоспар түріндегі
сипаттамасы болуы керек. Барлық жағдайда материалдың алынған жері, баспасын
және бетін көрсету қажет.
Алынған деректерді жұмыстың жоспарда көрсетілген негізгі
тараулары бойынша жүйеге түсіру іріктеп алған материалдардың тәжірибелік
негізінде тақырыптың негізгі мәселелерін терең де, жан-жақты көрсетуге
мүмкіндік береді.
Әдебиеттерді зерттеу кезінде белгілі бір ретпен жұмыс істеу ұсынылады.
Оқулықтар мен оқу құралдарынан бастаған жөн. Содан соң монографиялық
жұмысқа көшуге болады. Журналдық мақалалармен және нормативтік
материалдармен аяқтау қажет. Әдеби нұсқаларды зерттеудің мұндай жолы
білімді бірте-бірте жинақтап, тереңдете беруге, қарапайымнан күрделіге,
жалпыдан жекеге көшуге мүмкіндік жасайды. Әдебиеттерді мұқият оқып үйрену
нақты материалдарды іріктеп алғанша аяқталуы керек, өйткені әдеби ңұсқалар
бойынша барлық есептің теориясы мен практикасының мәселелерімен, әсіресе
озат кәсіпорындардағы есеп тәжірибесімен терең әрі жан-жақты таныcу
кәсіпорындағы тәжірибені сыни тұрғыда зерттеп, курстық жұмысқа қажет нақты
материалды білгірлікпен реттеп алуға жағдай жасайды.
ЖОСПАРДЫҢ ЕҢ СОҢҒЫ НҰСҚАСЫН ЖАСАУ
Әдебиеттер тақырып бойынша мұқият зерттеліп, жүйеге келтірілген соң
жұмыс жоспарының алғашқы нұсқасынà кейбір өзгертулер енгізілуі мүмкін.
Жоспардағы өзгерту жұмыстың өзінің бағытына кейбір түзетулер енгізумен,
зерттеп жатқан проблемамен жан-жақты таныса келе автор түзету кіргізу қажет
екендігіне көз жеткізгенде немесе өз алдында жеке алынған бөлімдегі
көптеген мәселелерде материалдар жеткілікті болмағанда, ал басқаларында,
керісінше теориялық және практикалық жаңа деректер пайда болуымен
байланысты болуы мүмкін.
Егер әдебиет материалдарымен танысып шыққан соң жоспардың жаңа
нұсқасы жасалған жағдайда соңғысы да курстық жұмыстың жетекшісімен
келісіледі. Курстық жұмыс ең соңында нұсқасы оның жазылатын мерзімі
көрсетілген графикпен толықтырылады.
ТӘЖІРБИЕЛІК МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨНДЕУ
Қаржылық есеп- 1 пәні бойынша курстық жұмыстың ерекшелігі нақты
кәсіпорынның қызметі туралы деректерді зерттеудің негізінде жазылады.
Сондықтан да нақты тәжирбиелік материалдарды жинау ең жауапты кезең болып
табылады. Нақты материалдың қаншалықты дұрыс және толық жиналуы курстық
жұмыстың сапаны жазылуына көп әсер етеді. Сондықтан тәжирбиелік материалды
жинауға кіріспес бұрын жұмыс үшін қандай материал қажет екендігін мұқият
ойластырып, мүмкіндігі болса арнаулы жоспар жасаған дұрыс.
Кәсіпорынның жұмыс тәжірибесін зерттеген кезде Қаржылық есеп- 1
курсын оқу кезінде сол сияқты әдеби нұсқаларды оқып үйрену кезінде алған
білімді пайдалану қажет.
Нақты тәжирбиелік деректерді жинастыру мен өңдеу кезінде есеп
жұмысының тиісті учаскесіндегі оң тәжірибе мен кемшіліктерін анықтауға
ерекше назар аударылуы қажет. Сонымен қоса есеп кәсіпорын мен оның
жекелеген буындарының басшыларын қажетті ақпаратпен қаншалықты қамтамасыз
ететіндігіне, есептегі қосарласу болған жағдайда оперативтілігі мен алынған
деректің толықтығына есептің компьютерлендірілуіне, т.б. назар аудару
керек. Нақты тәжирбиелік материалдарды жинастырып, өңдеу процесінде есептің
ұйымдастырылуы мен методологиясын жақсартуға бағытталған ұсыныстарды
ойластыру және ол ұсыныстарды дұрыс жазу қажет.
Есептің методологиясы мен құрастырылуы кәсіпкерлік қызметтің
ұйымдастырылуы мен технологиясына қатысы көп болатындығы жағдайын ескере
отырып, курстық жұмыстағы есептің проблемасы мен тәжірибесі кәсіпорындар
мен ұйымдар жұмысының нақты жағдайымен тікелей байланысты қарастырылуы үшін
де бұл мәселені де мұқият зерттеу керек.
Нақты тәжирбиелік материалдарды жинау және оны өңдеу жалпы тақырыпқа
курстық жұмыс жазу кезінде де пайдаланылады. Бұл жағдайда ол жұмыстың
теориялық жағын көрсетеді.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ЖАЗУ
Курстық жұмыс кәсіпорын тәжирбиелік материалдары жинақталып,
өңделген және мұқият зерттелген әдеби нұсқалар негізінде жазылады.
Курстық жұмыстың жекелеген тарауларының мазмұнын сипаттай
отырып, мынаны атау қажет:
Екі-үш беттік кіріспеде курстық жұмыстың тақырыбының негізгі мазмұны
мен мәні ашылады, мұнда студенттің жұмысты жазу кезінде алға қойған мақсаты
да көрсетіледі. Тәжирбиелік материалы бойынша курстық жұмыс жазылған
кәсіпорынның қысқаша сипаттамасын берген дұрыс. Сол кезде кәсіпорынның
есепті ұйымдастыру мен методологиясына ықпал ететін ерекшеліктеріне тоқталу
керек.
Бірінші тарау әдетте теориялық сипатта болады. Онда курстық
жұмыс бағытталған есеп көрсеткіштерінің экономикалық табиғаты, маңызы
көрсетіледі, одан есепті дұрыс ұйымдастырудың маңызы ашылады.
Осы айтылғандардың барлығы статистикалық анықтамалардан
монографиялардан, жорнал мақалаларынан және басқа материалдардан алынған
сандық деректермен өрнектеліп олардың қайдан алынғаны жөнінде сілтеме жасау
ұмыт қалмасын.
Келесі тарауда кәсіпорында жүргізілетін есеп тәжірибесі қарастырылады.
Баяндау рет-ретімен келіп, қисынды болсын. Ол сонымен бірге нақты және
түгелімен жүргізіліп жатқан тәжірибеге сүйенуі қажет. Сонымен бірге тек
жаза салу ғана емес, алынған кәсіпорынның есебін ұйымдастыру мен
методологиясына сыни талдау жасау маңызды. Нақты материалдарды талдау
нәтижесінде кәсіпорындағы озат тәжірибені жинақтап, оның жұмысындағы
жекелеген кемшіліктердің бетін ашуға, мүмкіндігі болса ондай кемшіліктерді
болдырмаудың жолын көрсетуге тырысқан жөн. Сол кезде есепті жетілдірудің
шешуші шарты оны толық компьютерлендіру есептің прогрессивті әдісін
бірқалыпты еңгізу естен шықпауға тиіс. Қосымшаларға сілтеме нөмірі
көрсетіліп жасалғаны дұрыс. Жұмыстың барлық тараулары бір-бірімен
байланысты болсын.
Сондықтан да бір тараудан екінші параграфқа көшкенде және тарау ішінде
бір мәселеден екінші мәселеге көшудің қисынды болуына ерекше назар
аударылсын.
Қорытынды бөлімде жалпы тұжырым жасап, есептің қолданылып жүрген
тәжірибесін жақсартуға бағытталған ұсыныстарды қысқаша баяндау қажет.
Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі келтіріледі
курстық жұмыста қолданылған ретінде.
Жұмыстың көлемі қолжазба күйінде 20-25 бетінен аз болмауы қажет.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ БЕЗЕНДІРУ
Жұмыстың материалы мынадай ретпен орналастырылады:
а) сыртқы бет ( 1 қосымшада көрсетілген);
ә) жоспар мазмұны;
б) курстық жұмыстың текстік баяндалуы (тараулар бойынша);
в) әдебиеттер тізімі;
г) жұмыста пайдаланылған нақты тәжірбиелік материал (егер ол баяндау
барысында симай қалса, қосымша түрінде беріледі).
Жұмыс стандартты қағаздың бір жақ бетінде жазылады, немесе компьютерде
теріледі. Беттің екі жағынан сол жағында 30,0 мм және оң жағында 10,0 мм,
жоғарғы және төменгі жақтарынан 20,0 мм жер қалдырады. Курстық жұмыстың
барлық беті нөмірленеді. Текстегі әрбір тарау жоспар мазмұнына сәйкесті
тиісті тақырып қойылады.
Жаңа тарауды егер тақырыптан соң бірнеше жол сиятын болса, алғашқы
тараудың соңы аяқталған беттен бастай беруге болады. Егер курстық жұмыс
компьютерде терілетін болса текст арасындағы қашықтық 1,0 интервалға , ал
шрифт 14-ке тең болу керек.
Топтарға бөлінген және бір жүйеге келтірілген сандық деректер кесте
мен график түрінде беріледі. Соңғысының дайындалуының мәні зор. Кестелер
оған сілтеме жасалған соң беріледі, бірақ оны бір беттен екінші бетке
жалғастыру жөн болмайды, оған қоса кесте мен оның тақырыбы бөлек бетерде
болып арасын үзу дұрыс емес. Кестенің рет нөмірі болуы керек, тақырыбы
мазмұнын ашатын болсын, ескертуде алынған материалға сілтеме жасалсын.
Материалға тікелей қатысы жоқ деректерді келтірмеу керек.
Кесте мен тексте ұзақ сандарды толық келтіруден қашқан жөн. Ол үшін
қажет дәлдікке байланысты өлшем бірлігін ірілендіріп алған дұрыс.
Жұмыста тек жалпыға бірдей қабылданған қысқарған сөздермен шартты
белгілерді ғана қолдану керек.
Жұмыста пайдаланылған сандық деректер, тұжырымдар, басқа авторлардың
ойлары және дәйексөздер міндетті түрде пайдаланылған әдебиеттерге
сілтемемен көрсетілуі қажет. Бұл сілтемелер сөйлемнің соңында көрсетіледі.
Басқа автордың ойы мен тұжырымын қолданғанда бұл ойларды өзгертусіз
пайдалану керек. Дәйексөз мұқият көшіріліп, тырнақшаға алынып жазылады.
Басқа авторлардың келтірілген деректерінің дәлдігі мен ойларының анықтығы
үшін студент жауап береді.
Әдебиеттерге жасалған сілтемелер олардың әдебиеттер тізіміндегі рет
нөмірімен цитаталар алынған беттің нөмірін көрсету арқылы орындалады. Олар
жазылу барысында төрт бұрышты тырнақшаға алынуы керек, мысалы [3., 91б].
Курстық жұмыстың соңғы сатысы оның сыртын безендіру болып табылады.
Курстық жұмысқа студент қол қоюы қажет.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Курстық жұмыс бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының белгіленген
мезгілінде жазылып бітуі керек. Курстық жұмысты мерзімінде қорғамаған
студент академиялық берешек болып есептеледі де, Қаржылық есеп- 1
бойынша емтихан тапсыруға жіберілмейді.
Курстық жұмысты қорғау кафедра меңгерушісі тағайындаған комиссиямен
жүргізіледі.
Курстық жұмысты қорғау таңдап алған тақырып бойынша студенттің
білімінің тереңдігі мен өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндігін анықтауға
бағытталады. Қорғау кезінде студент берілген жұмысты жақсы бағдарлауы,
сандық деректердің қайдан алынғанын түсіндіре білуі, жұмысқа қатысты
теориялық және сұрақтарға жауап бере білуі қажет. Қорғау алдында студент
тұтастай жұмыс бойынша да, жетекшінің ескертпелері бойынша да дайындық
жүргізуі керек.
Қорғау студенттің жұмысының негізгі жағдайын қысқаша ғана
мазмұндауынан тұрады. Жұмыстың жүргізіліп жатқан есеп тәжірибесіне сыни
ескертпелер, оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар туралы айтылған тарауларына
ерекше назар аудару керек. Хабарламаның соңында студент жұмыстың
ескертулері бойынша жауап береді. Содан соң комиссия мүшелері студентке
сұрақтар қояды. Курстық жұмысты бағалау кезінде комиссия оның жазылу сапасы
да, қорғау нәтижесіне еске алады. Егер жұмысты оқытушылар қанағаттанғысыз
деп есептейтін болса, онда студенттің айтылған ескертпелерді ескере отырып
түбегейлі қайта жұмыс істеуі үшін өзіне қайтарылып беріледі.
Кафедраның шешімі бойынша үздік жазылған курстық жұмысты
студенттердің ғылыми үйірмесінде немесе студенттердің ғылыми
конференциясында жасалатын баяндама ретінде ұсұнылуы мүмкін.
“ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП-1”
пәнінен 050508 “Бухгалтерлік есеп және аудит”
мамандығы студенттеріне арналған
курстық жұмыс тақырыптары
1. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті і
жетілдірудің негізгі бағыттары
2. Кәсіпкерлер мен ұйымдарда бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
3. Қаржылық және басқарушылық есептердің салыстырмалы мінездемесі
4. Халықаралық және ұлттық қаржылық есептілік стандарттарының
сипаттамасы, олардың маңызы мен мазмұны
5. Ұлттық қаржылық есептілік стандарттарының сипаттамасы, маңызы мен
мазмұны.
6. Ұйымдардың қоймаларында тауарлы - материалдық қорларды есепке алу және
материалды-жауапты тұлғаның есептілігі
7. Ұйымдардың бухгалтериясында тауарлы - материалдық қорлардың есебі
8. .Тауарлы - материалдық қорларды түгендеу және оның нәтижесін еспке
алу
9. Негізгі құралдарды жіктеу, бағалау және түсулерінің есебі
10. Негізгі құралдардың шығыстарының есебі
11. Негізгі құралдарға жөндеу өткізудің есебі
12. Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу әдістері және есепке алу
13. Негізгі құралдарды түгендеу тәртібі және нәтижесін есепке алу
14. Материалдық емес активтерді тану , бағалау және есепке алу
15. Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі
16. Есеп берісілі тұлғалармен есеп айырысу есебі
17. Басқа да дебиторлық борыштар бойынша есеп айырысу есебі
18. Күмәнді талаптар бойынша резервті құру мен қолдану есебі
19. Еншілес, тәуелді ұйымдар мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың
берешектері және міндеттемелері бойынша есеп айырысу есебі
20. Алдағы кезендердің табыстары мен шығыстарын есепке алу
21. Кассадағы ақша қаражатының есебі
22. Ағымдағы және банкідегі басқа да шоттардағы ұлттық валютадағы ақша
қаражаттар есебі
23. Ағымдағы және банкідегі басқа да шоттардағы шетел валютадағы ақша
қаражаттар есебі
24. Жарғылық капитал есебі
25. Басқа меншікті капитал есебі
26. Банктердің және банктен тыс мекемелерінің қарыздарын есепке алу
27. Қосылған құнға салық бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі
28. Әлеуметтік салық пен жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу
есебі
29. Басқа да салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі
(жер салығы, мүліктер салығы мен көлік салығы)
30. Жеткізушілер және медігерлермен есеп айырысу есебі
31. .Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебі
32. .Еңбек ақыдан ұсталымдар түрлері және оларды есепке алу
33. Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебін компьютерлендіру
34. .Басқа да негізгі емес қызмет табыстары мен шығыстар есебі
35. .Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны мен
оларды сатудан және көрсетуден алынған табыс есебі
36. Өнімдерді сату және қызметтерді көрсету жөніндегі шығыстар есебі
37. Әкімшілік шығыстар есебі
38. .Қортынды пайда(залал) мен бөлінбеген пайда (жабылмаған залалды)
есебі
39. Кәсіпкер мен ұйымдардың есеп саясаты, оның маңызы мен мазмұны
40. Кассадағы және банкідегі ағымдағы мен арнаулы шоттарындағы ақша
қаражаттарының есебін компьютерлендіру
41. Бухгалтерлік есеп үлгілер түрлерінің мінездемесі және оларды дамыту
42. Тауарлы-материалдық қорлар есебін компьютерлендіру
43. Ұйымдардың қаржылық есептілігі
44. Вексельдер қолдану арқылы есеп айырысу есебі
45. Кәсіпкерлер мен ұйымдарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
46. Тауарлы – материалдық қорларды бағалау және есепке алудың жүйе түрлері
47. Тауарлы – материалдық қорлардың түсуі мен шығыуын құжаттық рәсімдеу
және есепке алу
48. .Негізгі құралдарды қайта бағалау және құнсыздануын тану. 36
Активтердің құнсыздануы ХҚЕС
49. Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер есебі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖОБАЛЫ ЖОСПАРЛАРЫ
Тақырып 1. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық
есептіліктің жетілдірудің негізгі бағыттары
Кіріспе
1. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің нарық жағдайында
реформалаудың қажеттілігі
1. Бухгалтерлік есепті басқару жүйесін жетілдіру
2. Бухгалтерлік есеп әдістерін және есеп шоттар жоспарын жетілдіру
3. ХҚЕС талаптарына сәйкес ҰҚЕС -ы мен қаржылық есептілікті жетілдіру
4. Бухгалтерлік есеп формаларын жетілдіру
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымшалар: Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепті басқарудың
схемасы, кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру схемасы, бухгалтерия
ұжымының әлеуметтік даму жоспары, есеп шоттарының үлгі жоспары, халықаралық
қаржылық есептілік стандарттарының құрылымы
Тақырып 2. Кәсіпкерлер мен ұйымдарда бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
1. Кәсіпорын бухгалтериясының ұйымдастырылу құрылымы
2. Қаржылық және басқару бухгалтериясының құрылу мақсаты мен маңызы
3. Қаржылық және басқару бухгалтериясының қызметін жоспарлау
4. Қаржылық және басқару бухгалтериялары бухгалтерлерінің функциялары
5. Қазіргі жағдайда кәсіпорын бухгалтериясының ұйымдастыру құрылымын
жетілдіру жолдары
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар: қаржылық бухгалтерияның құрылу сызбасы, басқару
бухгалтериясының қызмет жоспары, жұмыс істеу графигі, компьютерлендіру
есебінің жоспары, құжат айналымының сызбасы.
Тақырып 3. Қаржылық және басқару есептерінің салыстыру сипаттамасы
Кіріспе
1. Қаржылық және басқару есептері-кәсіпорынның ақпараттар жүйесінің
құрамдас бөлігі
2. Қаржылық есептің мақсаты мен маңызы
3. Басқару есептің мақсаты мен маңызы
4. Қаржылық және басқару есептерінің айрықша ерекшеліктері мен жетілдіру
жолдары
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымшалар: қаржылық және басқару бухгалтериясының құрылу сызбасы, қаржылық
және басқару есебінің талдау (аналитикалық) есептің регистрлері, талдау
кестелері.
Тақырып 4. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының сипаттамасы,
маңызы мен мазмұны.
Кіріспе
2. Халықаралық қаржылық есептілік стандартарын қолданудың қажетілігі
3. ХҚЕС -ын құрастырушы органдар
4. Стандарттарды құрастыру процесі және олардың құрылымы
5. Нарық жағдайында, халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын
жетілдіру
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымшалар: қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарының құрылымы.
Тақырып 5. Ұлттық қаржылық есептілік стандарттарының сипаттамасы, маңызы
мен мазмұны.
Кіріспе
1.Ұлттық қаржылық есептілік стандартарын қолданудың қажетілігі
2.Ұлттық қаржылық есептілік стандартарын құрастырушы органдар мен
құрастыру процесі
3. Ұлттық қаржылық есептілік стандартарын құрылымы
4. ХҚЕС талаптарына сәйкес ҰҚЕС -ы мен қаржылық есептілікті жетілдіру

Тақырып 6. Ұйымдардың қоймаларында тауарлы - материалдық қорлар есебі
және материалды-жауапты тұлғаның есептілігі
Кіріспе
1. ТМҚ-дың классификациясы, бағалануы және қоймадағы қорлардың есебін
ұйымдастыру үшін олардың мәні
2. Кәсіпорынның қоймасына ТМҚ-дың түсуін және шығуын құжаттық рәсімдеу
3. Қоймада материалдарды есепке алу тәртібі
4. ТМҚ-дың қозғалысы туралы материалды- жауапты тұлғаның есебін толтыру
және тапсыру тәртібі
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымшалар: қоймаға ТМҚ-дың түсуін және шығуын рәсімдейтін бастапқы
құжаттар(накладной,шот-фактура,тауа рлы-көлік накладнойы, сенім хат т.б.)
құжаттық қойма есебінің карточкасы, тауарлық кітап, партиялық есеп
карточкасы, қоймадағы ТМҚ-дың қозғалысының есебі, айналым ведомосі,
сальдолық ведомосі.
Тақырып 7. Ұйымдардың бухгалтериясында тауарлы - материалдық
қорлардың есебі
Кіріспе
1. ТМҚ ұғымы, классификациясы және бағалануы. 2 Қорлар ХҚЕС
2. ТМҚ-дың бухгалтерлік есебінің ұйымдастыру жүйелерінің
сипаттамасы
3. .ТМҚ заттай –құндық талдау есебі
4. ТМҚ құндық талдау есебі
5. ТМҚ талдау есебін компьютерлендіру
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар: материалдардың кірісі және шығысы бойынша алғашқы құжаттар, ТМҚ-
ды есепке алу карточкалары, қоймадағы материалдың қозғалысы бойынша есеп
беру, материалдардың қозғалысын есепке алу ведомосі, айналым ведомосі,
сальдолық ведомосі.
Тақырып 8. Тауарлы материалдық қорларды түгендеу және оның
нәтижесін есепке алу.
Кіріспе
1. Тауарлы-материалдық қорларды түгендеудің мақсаты мен жүргізуді
ұйымдастыру негіздері
2. Тауарлы-материалдық қорларды түгендеуді жүргізу тәртібі мен құжаттық
рәсімдеу
3. Тауарлы-материалдық қорларды түгендеу нәтижесін айқындап және оны
бухгалтерлік есепте көрсету
4. Тауарлы-материалдық қорларды түгендеудің жетілдіру жолдары
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар: Тауарлы-материалдық қорларды түгендеу жүргізу тәртібі (бұйрық),
инвентаризациялық тізімі,тауарлы-материалдық қорларды түгендеудің салыстыру
ведомосі.
Тақырып 9. Негізгі құралдарды жіктеу, бағалау және түсу есебі
Кіріспе
1. Негізгі құралдар туралы түсінік, оларды бағалау және жіктеу. 16
Негізгі құралдар ХҚЕС
2. Кәсіпорынның өзі құрған негізгі құралдарының есебі
3. Негізгі құралдарды сатып алу мен басқа да жағдайда түсу есебі.
Паушалдық құнды бөліп тарату
4. Негізгі құралдардың талдау есебі
5. Негізгі құралдардың түсуін есепке алуды жетілдіру жолдары
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар: қабылдау-тапсырыс актісі, іске енгізу актісі, инвенторлық
карточка, есепке алу регистрі, автоматты есепке алу машинограммасы.
Тақырып 10. Негізгі құралдардың шығарылу есебі

2. Негізгі құралдардың шығу себептері, шығарылуын құжаттық рәсімдеу және
есепке алу
3. Негізгі құралдардың шығарылуының талдау есебі
4. Негізгі құралдардың шығарылуын есепке алуды жетілдіру жолдары
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар: қабылдау-тапсыру актісі, негізгі құралдарды жою актісі,
инвентаризациялық карточка, автоматты есепке алу машинограммасы.
Тақырып 11. Негізгі құралдарды жөндеу есебі
Кіріспе
1. Негізгі құралдарды жөндеу туралы түсінік және түрлерін сипаттау
2. Негізгі құралдарды жаңарту, кеңіту (ықшамдау), модернизация жүргізумен
байланысты күрделі шығыстарды есепке алу мен капитализацияға жатқызу
3. Негізгі құралдарды күрделі және ағымдағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz