Еңбекақы формалары мен жүйелері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Еңбекақының мәні мен маңыздылығы және нормативтік құқықтық реттеу

1. 2 Еңбекақы формалары мен жүйелері

2 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-ның ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЕҢБЕКАҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУЫНЫҢ ЕСЕБІ

2. 1 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-ның құрылымы мен экономикалық сипаттамасы\

2. 2 Қызметкерлердің өндірімі мен жұмыс уақытын пайдалану

есебі

3 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-ның ЕҢБЕКАҚЫСЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ

3. 1 Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын құрастыру

3. 2 «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-дағы аудит өткізу

тәртібі

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы жолдауында “Экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына ену”, “Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясында” атап көрсетілгендей Қазақстанның болашақта экономикасын мықты дамыту жоспарлары жасалуда, ал бұл жоспарлар нақты істерсіз жылжуы мүмкін емес.

Қазақстан қарапайым технологияларды қолданатын ел қатарынан шығып, дамыған прогрессивті технология қолданатын елге айналуы үшін экономикалық қуатын арттыруы керек. Осы және көптеген басқа реттеуге келетін факторларды қолдану (сыртқы байланыстарда белгілі мемлекеттерге ерекше назар аудару, құрылымдық саясат, интеграциялық процестерді күшейту арқылы сыртқы күштерге қосылу) экономиканы тұрақтандыруға, Қазақстанның дамуына және өркендеуіне жеткілікті шарт болуы мүмкін.

Отандық өнеркәсіпте өңдеуші салаларды дамытудың маңызы зор. Экономикалық қатынастардың мәні мен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен басқару, ақпараттарды реттеу мен ақылға сиымды тиімді шешімдер қабылдау үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту, қаржылық қатынастардың теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан-жақты талдау, тиімді және оңтайлы шешім қабылдау қызметінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор.

Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар, бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы мен өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.

Бухгалтерлік есептің ең басты бөлігінің бірі - еңбекақыны есептеу, ұйымдастыру және тарату болып табылады.

Еңбекті ұйымдастыру және жалақыландырудың экономикалық құрал ретінде маңызы өте зор. Қалыптасқан нарықтық қатынастар жағдайында еңбекті ұйымдастыру мен ақы төлеу мәселесіне қойылатын талаптар төмендетілген емес. Жұмыс күшіне деген бағаның нарықтық реттелуіне сүйене отырып, үкімет мемлекеттің реттеуші функцияларын азайтуда. Қазіргі таңда шаруашылық құрылымдарды еңбек ұйымдастыру мен жалақыландыру саласында тәуелсіз.

Еңбекақы дегеніміз - еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім-шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алынады. Сыйақыларды жазу үшін басқару аппараттарының басшы қызметтеріне статистикалық есептің деректері, жедел есептің деректері негіз болып табылады. Моральдік факторлар ескеріледі. Бұл тақырыптың өзіндік маңыздылығы кез келген кәсіпорын мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың еңбегін дұрыс бағалап олардың сіңірген еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу, қай кәсіпорынның болмасын күрделі мәселесінің бірі. Белгілі уақыттағы ұйымның жұмысшылары мен қызметкерлерінің тізімдегі орташа санын анықтау үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті сандық есебін жүргізу, еңбекақы есебін маңызды элементі болып табылады. Еңбектің күрделілігіне, мамандық дәрежесіне қарай еңбекақы төленеді. Маңызды элементінің бірі тиісті еңбекақымен қатар қосымша төлемдер жүргізіледі. Сол қосымша ақылар құрамына жас өспірімдерге еңбекақы төлеу. Әрине, белгіленген заңға сәйкес қысқартылған жұмыс күніне байланысты еңбекақы төленеді. Ең маңыздысы күндізгі ақыға қарағанда тарифтік мөлшері жоғары болады [2] .

Курстық жұмыстың өзектілігі - жұмысшылар мен қызметкерлермен уақытылы дұрыс есеп айырысу. Өндіріске жедел басшылық жасау тиісті мәліметтер алу. Еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлік қорытынды есепті беру.

Ал, курстық жұмыстың негізгі міндеті - кәсіпорынмен өндірілетін өнімдер мен істелінетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетін еңбекақы мөлшерін, еңбек өнімділігін дұрыс бағалау, сонымен қатар жұмсалған еңбектің саны мен сапасын, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау болып табылады.

Қазақстандағы экономикалық бақылау нарықтық экономиканың маңызды элементтерінің біріне айналып отыр. Басқарудың барлық жүйесі мен деңгейлерін қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа бақылаушы мемлекеттік емес органдар пайда болды және әрекет етіп жүр.

Соңғы жылдары елімізде тәуелсіз аудиторлық бақылау жүйесін құру, аудитор кадрларын дайындау және олардың қызметін лицензиялау, қабылданған жекеленген заң актілеріне сай аудитордың кәсіби міндетін, құқықтары мен жауапкершіліктерін реттеу жөнінде көптеген жұмыстар жүргізіліп келеді.

Аудиттің ақпараттық негізі бухгалтерлік есеп болып табылатындықтан, ұйымдарды тексеретін аудиторлар бухгалтерлік есептеме нақтылығымен олардың аудиторлық дәлелдерін және өндірісті жетілдіру мақсатындағы шығындарды, қаржыларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, жобаларды, бизнес жоспарлары мен жоспарларды жасау үшін дәйекті ақпараттар алу және қызмет процесін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында басқа іс-шараларды іске асыру үшін тексерудің арнаулы әдістерімен тәсілдерін қолдана білуі керек.

Қолданылатын әдіс, тәсілдері бойынша жалпы еңбекақының жүйелік тәсілдері көп. Тариф жүйесінің кестесі, мөлшері мамандық анықтамасына бөлінетінінен байқадық. Тарифтік кесте еңбекақы жұмыстарының түріне қарап екіге бөлінеді. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы ұйымдарда өндіріс түрлеріне байланысты, еңбек және еңбекақы мөлшерінің есебін қолдануына сәйкес өнім өндіруге байланысты оның есебін ұйымдастырудың әртүрлі тәсілі бар.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-ы алынды.

Курстық жұмыстың мақсаты - «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-ның жұмысшыларымен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебін және аудитінің ұйымдастырылуын зерттей отырып, жетілдіру жолдарын анықтау.

Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін келесідей мәселелер қойылып шешіледі:

1. еңбекақыны зерттеудің теориялық негізін қарастыру;

2. еңбекақы есебін жүргізу тәртібін зерттеу;

3. еңбекақының синтетикалық және аналитикалық есебін көрсету;

4. еңбекақыдан ұсталымдарды қарастыру;

5. еңбекақы қорын талдау;

6. еңбекақыға жүргізілген аудитін қарастыру.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуді тексерудің негізгі міндеті - еңбекақы төлеуде нормативтік-құқықтық актілердің сақталуын бақылау, жалақыдан ұстап қалу мен еңбекақы төлеуде бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығын текcеру болып табылады.

Зерттеудің ақпараттық базасы болып «Ұлттық аккредиттеу орталығы-ның» 2007 - 2009 жылғы қаржылық есептілігі, кәсіпорынның негізгі құралдарының қозғалысы туралы есеп, кәсіпорынның жарғысы мен есеп саясаты табылады. Негізгі құралдар есебіне, аудитіне және пайдалану тиімділігін талдау мәселелеріне Қазақстанның В. Л. Назарова, Қ. К. Кеулімжаев, А. Қ. Байдақов, А. С. Исмаилова, Д. О. Абленов және тағы басқа экономист ғалымдардың жұмыстары қарастырылған, олардың еңбектері осы жұмыста тақырыпты ашу үшін пайдаланылған.

Курстық жұмыстың әдістемелік негізі болып кәсіпорында негізгі қорлардың есебі, аудиті және талдауы сұрақтарын қамтитын нормативтік, заң актілері, арнаулы, кезеңдік әдебиеттер табылады.

Қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес жұмыстың құрылымын зерттеу тақырыбын біртіндеп ашатын үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде еңбекақының экономикалық категория ретінде, сондай-ақ еңбекақыны ұйымдастыруға, жалақы төлемінің үлгілері мен түрлеріне қойылатын негізгі талаптар қаралады.

Екінші бөлімде «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-ның қызметкерлерімен еңбекақы бойынша есеп айырысуының есебі жүргізіледі.

Үшінші бөлімде «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-ның еңбекақысы бойынша есеп айырысудың талдамасы және аудиті қарастырылады.

Курстық жұмысты дайындау барысында еңбек ақы төлеудің проблемалары жөнінде қазақстандық зерттеушілердің еңбектерін зерттелді. Сондай-ақ заңдылық пен нормативтік актілері, оқулық және тәжірибелік құралдарымен қолданды.

1 ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Еңбекақының мәні мен маңыздылығы және нормативтік құқықтық реттеу

Нарықтық қатынастарға көшу еңбек ақы төлеу деген экономикалық категорияның мәнін өзгертті. Егер де, бұрын халық шаруашылығын жоспарлаудың орталықтандырылған жүйесі бойынша еңбекшілерді материалдық-тіршілік игіліктерімен қамтудың бір ғана жолы - оларды жарияланған еңбек мөлшері мен қоғамның әрбір мүшесінің тұтыну мөлшері эквиваленттілік принципі негізінде бөлінсе (іс жүзінде жүзеге асырылмайтын), ал нарықтық жүйе бойынша бұл игіліктер кез келген орталықтан бөлінбей, әр нақтылы жағдайда жұмыскердің мамандығы мен уақытының еңбекақысы мен кіріске қатысудан табыстың тура айырбастау принципі негізінде анықталады. Әрине, мұндай жүйеде - еңбекақы, бұрынғыдай, мемлекеттің еңбек ақыға бөлінген ұлттық табыстың бөлігі емес, қазіргі кезде бұл тек қана, жалдау шарттары (еңбек келісім шарты, контракт) және жұмыс нәтижесіне сай жалданба жұмыскерлердің еңбегін төлеуге жұмсалатын кәсіпкердің (өндіріс құралдарының жеке меншік иесі мен жұмыс берушінің) табысының бір бөлігі. Сондықтан, еңбек ақы - еңбек келісімінің шарттарына сәйкес істелген жұмыс үшін (немесе көрсеткен қызмет үшін) жалданба жұмыскерге оның тапқан қаражатын төлеу - жұмыс берушінің міндеті / 5. -214 б. /.

Еңбек ақының кең мағынасы - бұл істелген жұмыстың белгілі бір мөлшері мен сапасы үшін сыйақы берудің бір түрі. Әлеуметтік-экономикалық категория ретінде еңбекақы оның жұмыскер мен жұмыс беруші үшін ролі мен маңыздылығы тұрғысынан қарауды талап етеді. Жұмыскер үшін еңбекақы - оның жеке табысының басты және негізгі статьясы, өзі және отбасы игілігінің дәрежесін көтеру көзі, ал бұдан келіп алынатын сыйақының мөлшерін көтеру үшін нәтижелерінде еңбекақы ынталандырушы ролі зор. Жұмыс беруші үшін жұмыскердің еңбекақысы - бұл өндіріс тауарлары мен қызметтердің өзіндік құнындағы шығыстың негізгі статьяларының бірін құрайтын, жалдам бойынша қатыстырылған жұмыс күшін пайдаланғаны үшін жұмсалатын қаржылар. Бұндайда, әрине, бір жағынан, жұмыс беруші өнімнің бірлігіне жұмсалатын жұмыс күшінің жеке шығынын мүмкіндігінше төмендетуге мүдделі, ал, екінші жақтан егер де, жұмыскерлердің еңбек және шығармашылық инициативасын ынталандыру арқасында кәсіпорынның кірісі ұлғайса, жұмыстың сапалық дәрежесін арттыру мақсатында жұмыс күшіне жұмсалатын шығындарды көтеруге орынды деуге де болады. Одан басқа, еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың қалыптасқан тең емес жағдайында олардың арасындағы қатынастарды реттеуге байланысты, жұмыскер мен жұмыс берушінің мінез-құлқына еңбек ақы дәрежесінің тигізетін ықпалы елеулі.

Еңбекке белсенділігін арттыру сипатындағы келесі төлемдер жатады: тарифтік ставкаға және окладқа үстемеақы және қосымша ақы: кәсіби шеберлігі үшін; мамандығы мен лауазымды үйлестіре білгені үшін (екі жақты келісім негізінде) ; нормадан артық жұмысы үшін; мемлекеттік құпияларға берілген рұқсаты үшін; түнгі жұмыс үшін; көпауысымдық тәртіппен жұмыс үшін; түрлі біліктілік бойынша жұмыс атқарғаны үшін; жоғары кәсіби жетістіктері үшін; қызмет аясын кеңейткені үшін /21. -421 б. /.

«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-ның қызметкерлеріне сыйақы төлеу жүйесі сыйақы беру Ережесіне сәйкес, мынадай түрлерді қамтиды:

  1. шаруашылық қызметтің негізгі нәтижелері үшін басшыларды, мамандарды және қызметкерлерді сыйақымен марапаттау;
  2. арнайы сыйақы - жоғары жауапкершілікті талап ететін жұмыстарды атқарғаны үшін; қосымша және нормадан артық жұмыстарды қосымша қызметкерлер пайдаланбай орындағаны үшін; тікелей атқарымдық міндетіне кірмейтін жұмыстарды және әлеуметтік тартымсыз жұмыстарды атқарғаны үшін.
  3. Бас директордың немесе бөлім басшылары қорларынан бір мәртелік сыйақы.

Сыйақы тағайындау жүйесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, жекелеген ережелердің мерзімі тоқтатылуы мүмкін, мұның бәрі олардың сол кездегі өзектілігіне және кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайына байланысты.

Нақты қызметкерге қосымша немесе үстеме ақы тағайындау құрылымның негізгі құрамына қарағанда осы қызметкердің артықшылығы дәлелденген жағдайда жүзеге асырылады. Бір жетістік үшін екі түрмен қосымша ақша тағайындауға болмайды.

1. 2 Еңбекақы формалары мен жүйелері

Еңбек төлемінің нысаны. Жалақы - бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алады.

Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұмыс беруші нақты жағдайын ескере отырып, "Еңбек ақы төлеу туралы" ережесін дербес әзірлей алады, сондай-ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс ауқымының тәртібін, "Қызметкер туралы" ережесін белгілей алады. Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тәртібін ұйымдастыру мен еңбек келісім-шартын жасау үшін ғана емес, сондай-ақ, ол шығыстар мен ұсталымдары негіздеу үшін де қажет. Төлем жеке және (немесе) ұжымдық еңбек нәтижесі бойынша жасалуы мүмкін.

Бұл жағдайда жұмыс берушінің белгілеген жалақысының деңгейі заңда белгілеген ең төменгі жалақының деңгейінен төмен болмау керек.

Іс жүзінде еңбек ақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады - кесімді (өнім санына қарай ақы төлеу) және мерзімді (істеген күніне қарай төлеу) .

Мерзімді еңбек ақысы деп, нақты істеген уақыты үшін еңбек ақының айлығының мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін жалақының нысанын атайды. Мерзімдік еңбек ақының нысаны жай-мерзімділік және сыйақылы-мерзімділік болып бөлінеді.

Жай мерзімділік жүйесінің кезінде өзіне берілген тарифтік мөлшерлемесі немесе нақты істеген ауқыт бойынша еңбеккерлерге еңбек ақы есептейді. Енді осы жүйеге сандық және сапалық көрсеткіштері үшін қосымша еңбек ақы сыйақылы-мерзімділік төлем болып табылады.

Тариф мөлшерлемесін және бюджет сферасындағы еңбеккерлердің қызмет иесінің айлығын белгілеген кезде жалақының минималды деңгейін және бірыңғай тариф сеткасын пайдаланады. Бірыңғай тариф сеткасы еңбек ақының 21 разрядының негізінде құрылады және әрбір разряд үшін өзіндік коэффициенті белгіленеді.

Кесте 1 - Тариф мөлшерлемесі

Тариф сеткасының

бірыңғай разряды

Тарифтік коэффициент

(1 разрядқа қатынасы)

Тариф сеткасының

бірыңғай разряды

Тарифтік коэффициент

(1 разрядқа қатынасы)

Тариф сеткасыныңбірыңғай разряды:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

11

Тарифтік коэффициент(1 разрядқа қатынасы):

1, 0

1, 07

1, 15

1, 24

1, 33

1, 43

1, 54

1, 66

1, 78

1, 91

2, 05

Тариф сеткасыныңбірыңғай разряды:

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

Тарифтік коэффициент(1 разрядқа қатынасы):

2, 20

2, 37

2, 55

2, 74

2, 95

3, 17

3, 41

3, 67

3, 94

4, 24

Жұмыс мамандығы негізінен біріншіден, сегізінші разрядқа дейін жіктеледі, ал қызметкерлердікі екінішіден жиырма біріншіге дейін бірыңғай тарифтік сетка бойынша тарификацияланады. Бірыңғай тарифтік - мамандандырылған (квалификацияланған) анықтама (БТМА) және мамандандырылған анықтама (МА) бойынша еңбеккелердің тарификациясын жасайды /4, -146 б. /.

Тарифтік мөлшерлемесін және әртүрлі машықтық - мамандандырылған топтарындағы қызмет иесінің (лауазымды адамның) айлығын жұмыс берушінің ең төменгі жалақыны сақтаған кәсіпорын бекіткен разрядтың мөлшерлемесіне сүйене отырып бірыңғай тарифтік сеткасында белгіленген тарифтік - мамандандырылған коэффициенттер бойынша анықтайды.

Тарифтік - мамандандырылған анықтама жұмысшылардың жұмысын тарификациялауға және оларға әртүрлі өндіріс пен жұмыс түрі бойынша разряд беруге пайдаланылады.

Ал мамандандырылған анықтама қызметкерлердің жұмысының күрделілігін, мамандығының деңгейі бойынша анықтауды қамтамасыз етеді. Бұл анықтамалар бірыңғай және салалық болып келеді. Олардың негізінде нақты өндіріс еңбеккерлері үшін жергілікті анықтамалар әзірленіп және белгіленуі мүмкін.

Ал меншік нысанына тәуелді кәсіпорындар еңбек ақы туралы мәселесін ұжымдық - шарттың негізінде дербес түрде шеше алады. Ал тарифтік - мамандандырылған анықтаманы қажет болған кезде ғана пайдаланады.

Кесімді еңбек ақы төлеген кезде алдын - ала белгіленіп қойған деңгейде әзірленген өнімнің немесе орындалған жұмыстың әрбір бірлігіне есептейді (дана, килограмм т. б. ) . Кесімді еңбек ақы нысаны келесідей еңбек ақы жүйесіне бөлінеді:

тікелей кесімді еңбек ақы жүйесі әрбір өнім бірлігі бойынша бағасын қою (кесу) арқылы белгіленеді;

кесімді сыйлық - бұл қосымша марапаттау төлемін қарастырады, белгіленген көрсеткішті орындаған кезде ғана пайдаланылады;

кесімді прогрессивті (үдемелі) еңбекақы төлемі. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың белгіленген нормадан артық өндіргені үшін көтермелеу ретінде пайдаланылады. Норма мөлшерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойынша есептейді, ал нормадан асыра дайындалған өнім үшін үдемелі (прогрессивті) бағалар бойынша есептейді;

жанама кесімді еңбек ақы төлемі. Мұнда қосалқы және басқа да жұмысшылардың еңбек төлемі қызмет көрсететін учаскесін, цехтың негізгі жұмысшылардың төлем ақысына шаққандағы пайызымен анықталады;

еңбек ақы төлемінің аккордтық жүйесі. Бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек төлемін нормаланған тапсырманың немесе жұмыс көлемінің (уақытының, өндіріс нормаларының) орындалуы және алдын ала кешендік жұмыстың тұтастай орындалуына белгіленген жалпы кесімдік бағасы бойынша анықтайды. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың бөлек топтары немесе бригадалардың бөлек ұжымдары үшін еңбек өнімділігін арттыруда және жұмыстың орындалу мерзімдерін қысқартуда, олардың материалдық ынталылығын күшейтуге ықпал ету үшін пайдаланады. Еңбек төлемінің аккордтық мөлшерін қолданыстағы нормаланған тапсырмалар (уақыт нормалары, өнімдер) мен бағалар негізінде белгілейді, ал олар болмаған жағдайда - онда ол осы тәріздес жұмыс үшін қолданып жүрген, нормативтік тапсырмалар мен баға бойынша белгіленеді. Еңбек төлемінің бұл жүйесі бойынша аккордтық тапсырманы мерзімінен бұрын орындағаны үшін сыйақы беру тәртібі белгіленуі мүмкін.

Болашақта өндірісті кешенді түрде механикаландыру мен автоматтандырудың дамуы, мамандықтарының жетілуі, еңбек төлемінде нақты сараланудың кемуі кесімді жүйенің қолданыс аясын қысқартады, ал оларды жұмысшылардың еңбек төлемінің мерзімділік - ұжымдылық және мерзімділік - сыйақылық жүйелеріне алмастыруы мүмкін.

Мысал. Еңбекақы төлеудің әртүрлі жүйесін пайдаланған кезде жалақыны есептеудің жолдарын қарастырып көрсетейік:

  1. Мерзімді еңбек ақы төлеу жүйесі. Кәсіпорында 200 адам жұмыс істейді делік, оның 150 - і қызметкер. Кәсіпорынның қырықтай еңбеккері кесімді белгіленген айлықпен жұмыс істеген, өйткені атқаратын міндеттемесі мен машықтығы (квалификациясы) соған сәйкес келген:

Кесте 2 - Мамандардың міндеттемесі мен машықтығы

он адам (маман) - 9-шы разрядпен;

он бес адам (маман) - 11-ші разрядпен;

бес адам (маман) - 14-ші разрядпен;

бес адам (маман) - 16-шы разрядпен;

үш адам (маман) - 19-шы разрядпен;

екі адам (маман) - 21-ші разрядпен жұмыс істеген.

Айлық жалақысын есептеу үшін әртүрлі разрядтар бойынша мына формуланы пайдаланады:

Айлық

жалақысы

(оклады)

=

Ұйымның 1 разрядқа

белгіленген

мөлшерлемесі

*

Тарифтік коэфициенттің 1 разрядқа

қатынасы (бірыңғай тарифтік

сеткасының разрядтарына сәйкес)

1 - ші разрядтың мөлшерлемесін ұжымдық келісім - шартта 15000 теңге мөлшерінде бекіткен. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі бойынша аптаның бес күнін жұмыс күні етіп белгіленген (ағамдағы айда күн жұмыс 21 күні болған) . Кәсіпорынның 14 - ші разряды барлық маманы ағымдағы айда 18-ақ күн жұмыс істеген. Ағымдағы айдағы еңбеккерлердің жалақысын есептеп көрейік:

9-шы разрядтағы мамандардың жалақысы =15000*1, 78*10=267000

11-шы разрядтағы мамандардың жалақысы =15000*2, 05*15=461250

14-ші разрядтағы мамандардың жалақысы =15000*2, 55*2=76500

14 разряды бар үш маман, ағымдағы айда толық жұмыс істемеген, сондықтан оларға нақты істеген күні үшін жалақы есептелген =(15000*2, 55) /21*18*3=98357

16-шы разрядтағы мамандардың жалақысы =15000*2, 95*5=221250

19-шы разрядтағы мамандардың жалақысы =15000*367*3=165150

21-ші разрядтағы мамандардың жалақысы =15000*4, 24*2=127200

Мерзімді еңбек ақы нысаны кезінде, еңбеккерлерге есептелген жалақысының жиыны = 1416707

2. Кесімді прогрессивтік төлем ақысының жүйесі. Сату бөлімінің он жұмыскеріне (еңбеккеріне) келесі еңбек ақы белгіленген: 100 тауар бірлігіне 1000 теңгеден және одан әрі сатылатын 100 тауар бірлігіне 200 теңгеден төленетін бес жұмыскері 230 тауар бірлігін, үш жұмыскер - 190 тауар бірлігін және екі жұмыскер - 160 тауар бірлігін сатқан.

Енді біз ағымдағы айда тауарды сатумен айналысқан еңбеккерлердің жалақысын есептейміз.

230 тауар бірлігін сатқан еңбекерлердің жалақысы=(1000+(230-100) *200) *5=135000 теңге;

190 тауар бірлігін сатқан еңбекерлердің жалақысы=(100+(190-100) *200) *3=57000 теңге;

160 тауар бірлігін сатқан еңбекерлердің жалақысы=(100+(160-100) *200) *2=26000 теңге;

Тауар сатумен айналысқан еңбеккерлердің жалақысының жиыны=218000 теңге.

3. Тікелей кесімді төлем ақысының жүйесі. Негізгі өндіріс цехында жұмыс істейтін еңбеккерлерге (100 адам) тікелей кесімді төлем ақысы бойынша әзірленген 100 өнім бірлігіне 850 теңгеден жалақы есептелген. Әзірленген өнім бірлігінің есебі әрбір еңбеккер бойынша жеке жүргізілген және солардың әрқайсысына жеке жалақы есептелген. Ағымдағы айда еңбеккерлер 300 000 өнім бірлігін әзірлеген, олардың жалпы жалақысы: 3/100*850 = 2 550 000 теңге құраған.

Сонымен, негізгі өндіріс цехында жұмыс істейтін еңбеккерлердің жалақысының жиынтығы - 2 550 000 теңге құраған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПОРЫННЫҢ ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ
Қызметкерлердің жұмыс уақыттары
Еңбек және еңбекақы есебі
Қызметкерді денсаулығына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
Еңбекақыдан ұсталымдар мен аударымдар есебі
Еңбекақы туралы жалпы түсінік
Еңбекақы және құжаттау
Қызметкрлерді пайдалану
Кәсіпорындағы еңбек ақысын төлеудің ақпараттық жүйесі
Еңбекақы формалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz