Құқытық мемлекеттің белгілері
Заңдылық түсінігі және оның негізгі белгілері
Заңдылық – бұл мемлекеттік-құқытықшындықтың барлық элементеріне
енетін құбылыс. Оның мәні – қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық
нормаларын қатаң, дәлме-дәл және бұлтартпай орындалуын, әрі ауытқымай
қолдануы. Әрине, заңдылық құқық нормаларына негізделген. Олай дейтініміз
құқы нормасы жоқ болса заңдылық та болмайды деген сөз.
Заңдарды сақтауды талап ету жағынан қарасақ, заңдылық-бұл ең басты
талаптардың жиынтығы болып табылады.
Біріншіден, бұл заңдарды оған бағытталған (қатысты) адамдардың дәлме-дәл
және бұлтартпай орындау талабы.
Екіншіден, заңдардың және басқа да нормативтік актілердің иерархиялығын
сақтау талабы.
Үшіншіден, заңдарды шығарған органдардан басқа ешкімнің де оны жоя
алмайтындығын талап ету.
Төртіншіден, құқық қолдану актілерінің заңдарға және басқа нормативтік
құқықтық актілерге сәйкесітігнталап ету.
Заңдылық қоғамдық өмірдің рехимі ретінде мемлекет органдарының
азаматтармен өзара қарым-қатынасын анықтауға бағытталғаныныан байқалады,
әрі олардың тәртібі заңға негізделініп іске асырылады. Сондықтан заңдарды
орындау міндеті екі жаққа бірдей болады, ал заң жауапкершілігі олардың
мәртебесіне, дәрежесіне қарамай әрқайсысына жүктеледі. Сөйтіп, заңдалық
режимі қоғамның бүкіл азаматтарын, олардың әлеуметтік-таптық (топтық)
жағдайына және билік дәрежесіне қарамастан заң алдында бірдей қылып
теңестірген.
Демек, заңдылықтың негізгі заңдар болып табылады, яғни заң шығарушы
жоғарғы органдар қабылдаған нормативтік-құқытық актілер, ең бастысы
бүкілхалықтық референдумда қабылданған және ең жоғарғы күші бар Негізгі Заң
(Конституция) болып табылады Сондықтан, заңдылықтың ең басты белгілерінің
бірі – нормативтік-құқықтық жүйесіндегі заңдардың жоғарлылығы, бұл заңдар
және мемлекеттің өзге де актілері Қазақстан Республикасына қайшы келмеуі
тиіс. Сонымен бірге халықаралық шарттарға сәйкес болулары тиіс, өйткені
соңғысының алдынғылардан басымдылығы болады әрі тікелей қолданылады.
Заңдылық режимі демократиялық саяси режимнің ажыратылмас бөлігі болып
табылады, себебі мемлекет билігін іс жүзіне асыру әдістемелері заңға
негізделген.
Заңның жоғарлығынан басқа да заңдылықтың белгілері бар, олар:
- заңдылықтың біртұтастығы – еліміздің бүкіл аумағында Конституция және
өзге заңдар қолданылады, ал жергілікті өкілді және басқару органдарының
актілері тек өз аумақтары шегінде қолданыс табады, сөйтіп олар
Конституцияға,әрі заңдарға қайшы келмеуі тиіс.
- Заң алдында барлығының теңдігі - әрбір адам лауазымдық, мүліктік,
әлеуметтік жағдайларына, ұлттық және діни көзқарастарына қарамастан заңмен
бірдей қорғалады және барлығы да бірдей заңдарды сақтауға, орныдауға,
қадірлеуге міндетті.
- Құқық бұзғандығы үшін әркім де заң жауапкершілігінсіз қалмайды деген сөз
кез келген құқықбұзушылық дер кезінде ашылуы, оған кінәлі адам міндетті
түрде жауапқа тартылуы тиіс.
- Заңдылықты қажеттілікке қарсы қоюға жол берілмейтіндігі – заңдарды сақтау
қажеттілігіне арқа сүйеп, қандай да болмасын одан ауытқуға болмайтындығын
білдіреді. Демек, сәл ғана болса да заңдылықты бұзуды ақтауға
болмайтындығы.
- Заңдылық пен мәдениеттің тығыз байланыстылығы. Заңдылық режимі қоғамдағы
жалпы, әсіресе, құқытық мәдениеттің төменгі денгейімен қабыспайды. Бірақта
заңдылық қоғамның мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.
Заңдылықты түсінуде заңдылықтың субьектісі мен обьектісі жөніндегі
ұғымдар басты рөл атқарады.
Заңдылықтың субьектісі болып мемлекеттік органдар және олардың
лауазымды адамдары, азаматтар және олардың қоғамдық ұйымдары табылады. Заң
тұжырымдарын қатаң орындау талаптарын қоя алатындардың барлығы да
заңдылықтың субьектісі болып саналады. Сондықтан, осындай субьектілердің
қатарында мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарынан басқа да
азаматтардың өздері де бар, өйткені бұлар бір-біріне талаптар қоя алады.
Заңдылықтың обьектісі болып субьектілердің қызметі (мінез-құлқы) табылады.
Солай бола тұрса да заңдылықты қаматамасыз ететін кепілдіктер де
қажет. Заңдылық кепілдігі дегеніміз құқық тұжырымдарын сақтауды және оны
өмірге енгізуді қамтамасыз ететін құралдар мен жағдайлар. Оған:
1) әлеуметтік-экономикалық, яғни қоғамның экономикалық дамуының дәрежесі,
оның тұрмыстық әл-ауқатының деңгейі, меншіктің әр түрлілік және т.б.
2) Саяси, яғни қоғамның демократиялық дәрежесі. Қоғамның саяси жүйесінің
тұрақтылығы, саяси әр алуандылығы
3) мәдениеттік (идеологиялық), яғни қоғамдағы адамгершілік тәрбиенің
деңгейі, азаматтардың арасында заң білімінің таратылуы және т.б.
4) аранаулы-заңдық, яғни құқықтық талаптарды бұзушылықты алдын алып ескерту
және болдыртпау мақсатында қолданылып жүрген заңдарда көрсетілген құралдар.
Бұған жататындар: заңдарды жетілдіру, бақылау, қадағалау шаралары
(прокуратура, ішкі істер органдары, сот және т.б. жағынан), қорғау
шаралары, жауаптылық шаралары, т.б.
Сондықтан, заңдылықтың бірнеше анықтамасын беру қажет
1. Заңдылық – бұл құқық қатынастарына қатысушылардың құқытық норманы дұрыс
сақтауын, орындауын, пайдалануын және қолдануын айтамыз.
2. Заңдылық – бұл осыларды орындаудың принципі немесе талабы.
3. Заңдылық – бұл қоғамды басқарудағы мемлекеттік әдістемелік, әрине бұл
құқық тұжырымдарын жаппай орындауға негізделген.
4. Заңдылық – осындай орындауға негізделген қоғам өмірінің режимі.
5. Заңдылық пен мемлекет аумағында қолданылып жүрген барлық нормативтік
құқытық актілерді бүкіл құқық субьектілердің дәлме-дәл, қатаң және
бұлжытпай сақтауларын және орындалуын айтамыз.
Заңдылықтың жай-күйіне әр түрлі фактілер ықпал етеді, солардың ішінен
мыналарды атауға болады.
1) тұлғаға қатысты факторлар, яғни құқыққа қатысты құқық білімінің
деңгеці, құқықтық мінез-құлықтың (тәртіптің) мотиві, тұлғаның психологиялық
қасиеті, және т.б.
2) ішкі ортаға қатысты факторлар, бұл дегеніміз елдің экономикалық
жағдайы, әлеуметтік-саяси жағдайы, мемлекеттік органдардың қызметінің
ұйымдастырылу жағдайы, заңдарды жетілдіру деңгейі
3) нақты өмірлік жағдайды анықтайтын факторлар, яғни-мінез құлық
варианттарын (құқыққа сай және құқыққа қарсы) қалаған уақыттағы тұлғаның
нақтылы жағдайларға түсуі.
Аталған факторлар, әрине, жағымжы және жағымсыз жақтарынан тұрады.
Бұлардың арақатынастарын міне-құлықтың нұсөқасын таңдау мен заңдылықтың жай-
күйін анықтайды.
Факторлардың көптілігн ескеріп айтарымыз, заңдылықты қамтамасыз
ететін кепілдіктердің өздері ғана емес, оның іске асырылуы олардың өзара
байланысы мен қолайлы жағдайлардың тууы әсерін тигізеді.
Заңдылықты құқытық тәртіппен ажыратуымыз қажет. Егер заңдылық құқытық
нормаларға негізделсе, ал құқытық тәртіп заңдылыққа негізделегн.
Құқықтық тәртіп.
Құқықтық тәртіп дегеніміз – бұл заңдылыққа негізделіп, құқықпен
реттелген қоғамдық қатынастардың нақтылы жағдайы. Осыдан келіп, құқытық
тәртіп дегеніміз – бұл заңдылықтың нәтижесі. Оның ерекшелігі мынада:
Біріншіден, ол құқық нормаларында көрсетілген;
Екіншіден, ол құқы нормаларын іске асырғаннан кейін пайда болады;
Үшіншіден, мемлекеттің құралдарымен қамтамасыз етіледі;
Төртіншіден, азаматтардың өмірлік қызметі үшін қолайлы жағдайлар
жасалынады;
Бесіншіден, заңдылықтың қорытындысы болып табылады.
Құқытық тәртіп мемлекеттік қызметтің ең маңызды мақсаты, өйткені
тұлғаның бостандық дәрежесі, олардың құқытары мен бостандықтарының шындығы,
сонымен бірге демократияның дамуы және жалпы адамдық құндылықтың салтанаты
оған байланысты.
Құқытық тәртіп қоғамдық тәртіптің негізін қалайды. Осы екеуінің
айырмашылық егер құқытық тәртіп құқық нормаларының талаптарын іске асыру
кезінде пайда болса, ал қоғамдық тәртіп бүкіл әлеуметтік нормалар
жүйелерінің құқық нормалары, адамгершілік нормалары, қоғамдық ұйымдардың
нормалары, әдет-ғұрыптар, дәстүрлер іс-қимылдарының нәтижесі. Сондықтан
қоғамдық тәртіптің ұғымы құқытық тәртіп ұғымына қарағанда кең мағынады
түсіндіріледі. Бұдан келіп туындайтын қорытынды: кез келген құқытық
тәртіпті бұзушылық (құқықбұзушылық) сонымен бірге қоғамдық тәртіпті
бұзушылық болып табылады. Бірақта құқытық тәртіп бұзылмаса да, кейбір
жағдайларда қоғамдық тәртіп бұзылуы мүмкін. Құқытық тәртіп мемлекет
тарапынан қорғалады, ал басқа әлеуметтік нормалардың (құқықытқ емес),
мысалы, адамның әдепсіз қылықтары қоғамдық тәртіпті бұзуға әкелсе оған тек
қоғамдық айыптау, сөгіс қолдану мүмкін.
Сөйтіп, құқытық тәртіп дегеніміз құқық субьектілерінің мемлекет
аумағындағы қолданылып жүрген барлық құқық нормаларын сақтау мен орындауға
негізделген қоғамдық қатынастанрдың ықшамдалған жай-күйі. Егер заңдылықтың
нәтижесі құқытық тәртіп болса, ал қоғамдық тәртіп-бұл тәртіптің нәтижесі.
Тәртіп дегеніміз қоғамдағы қалыптасқан құқық нормалары мен моральға,
сонымен қатар қандай да болмасын ұйымдардың талабына сай келетін адамдардың
нақтылы мінез-құлық тәртібі.
Тәртіп өз ұғымында мынадай түрлерді қамтиды:
1) Мемлекеттілік-бұл мемлекеттілік қызметкерлерге қойылатын талаптарды
орындауға байланысты тәртіптің ерекше бір түрі;
2) Еңбектің-бұл ұжымдағы нақты ішкі тәртіп ережелеріне бағынуға
байланысты еңбек қатынастарына қатысушыларға қойылатын талаптар;
3) Әскери – бұл әскери қызметшілердің жарғылардағы, бұйрықтардағы,
т.б. ережелерді, т.б. ережелерді орындауы.
Мемлекеттік тәртіптің өзге де түрлері бар, айталық,қаржылық, жоспар,
шарттық, технологиялық, т.б.
Демек, тәртіп – бұл заңдылыққа қарағанда өте кең мағыналы ұғым,
өйткені ол тек құқық нормаларын ғана емес, одан туындайтын, қосымша
әлеуметтік мінез-құлық нормаларын сақтау, - деген сөз.
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Заңдылықты және қоғамдық
тәртіпті іске асырғандағы олардың рөлі.
Заңдылық құқытық мәдениет жоқ немесе оның деңгейі төмен қоғамда болуы
мүмкін емес деп заңдылықтың белгілерін қараған кезде айтылған.
Құқытық мәдениет дегеніміз бұл жалпы мәдениеттің бөлігі, ол құқық
саласындағы адамдардың тапқан барлық құндылықтың жиынтығы. Оның түрлері:
қоғам, әлеуметтік топтар, тұлға болып табылады.
Қоғамның құқықтық мәдениетінің көрсеткіштеріне жататыңдар:
- азаматтардың және лауазымды адамдардың құқық санасының деңгейі, олардың
құқықтық нормалардың тұжырымдарын орындауға сенімділіг;
- заңдарды жетілдіру деңгейі (ғылыми негізділігі, тиімділігі);
- заңдылық пен құқытық тәртіптің деңгейі;
- құқықшығармашылық және құқықты іске асыру мәдениетінің деңгейі.
Тұлғаның құқытық мәдениетнің деңгейі:
- құқықты білу мен түсіну;
- тұлғаның сеніміне қарай құқықты құрметтеу;
- өз істерін заңға сәйкестендіру әдеті;
- құқытық белсеніділік.
Сондықтан да болар құқытық мәдениет құқытық нигилизмге қарама-қайшы
келетін құбылыс.
Құқықтық нигилизмнің пайда болуының басты себебі – құқытық тәрбиенің
жоқтығы, адамдардың көпшілігінің заңнан хабарсыз болуы, өз елінің заңдарын
білмеуі.
Құқытық нигилизмнің нысандарының көріністері:
- қолданылып жүрген заңдарды және өзге нормативтік құқытық актілерді
тікелей қасақана бұзуы.
- заң тұжырымдарын жаппай сақтамау және орындамау;
- актілерді қайшылықтарына және бірін-бірі жоюға бағытталғанына қарамастан
шығару;
- заңдылықты саяси, идеологиялық және тәжірибелік қажеттілігіне байланысты
алмастыру;
- барлық деңгейдегі мемлекеттік өкілді және бастаушы органдардың іс-
қимылдарының үйлесімсіздігі;
- адамның құқытарын, әсіресе өмір сүру, абырой, ар-ожлан, қадір-қасиет,
тұрғын үй, мүліктік құқытарын бұзу;
- тәуелсіздік идеяны және мемлекеттік тұтастық идеяларды сепаратизммен
алмастыру.
Демек, заң нигилизмі, жалпы алғанда, құқытың құндылығын жоққа
шығарады.
Жоғарыда айтылғандардың қайсысы болса да құқытық сананың дамуына әкеп
соқтырады. Құқытық сана дегеніміз құқы туралы идеялардың, көзқарастардың
жиынтығы. Мұның арқасында адам құқыты танып білумен қатар өмірмен
ұштастырылған тәжірибе қызметін ұйымдастырады. Сөйтіп, құқытық сана жеке
адамда, жеке адамдардың топтарында және бүкіл қоғамда бар. Оларды жекелеген
(дара) құқытық сана, топтық құқытық сана, мамандандырылған (кәсіптік) және
бұқаралық құқықтық сана деп бөлуге болады.
Құқықтық сананың негізгі белгілері:
1) Ол қоғамдық сананың бір нысаны болып табылады.
2) Идеялардың, теориялардан, сезімталдықтан, т.б. компонентерінен тұрады;
3) Құқытықө сананың компонентнріне иелі – бұл әртүрлі құқық субьектілері
болып табылуы;
4) Оның қазіргі кездегі заманға, әрі өткен кездерге де және болашаққа
бағытталғандығы;
5) Қоғам дамуының әр кезеңінде құқық нысаны болып табылады.
6) Құқық субьектілерін әлеуметтік құқытық жағдайларға бағдарлайды, оларға
тиісті іс-әрекетті (кей уақытта құқыққа сай болмауы да мүмкін) талдап алуға
және құқықтық мәнді шешім қабылдауға мүмкіндік туғызады, яғни адамдардың
қызметін реттегіш Ішкі механизмі ретінде көрінеді.
Құқытық сананың құрылымы – бұл құқытық сананың құрылысы, тұтастығын
қамтамасыз ететін негізгі элементтері мен байланыстарының орналасуы. Оның
элементтері болып құқытық идеология (теория, идеялар, санаттар, принциптер,
тұжырым амалдар, конструкциялар, құқытық психология (сезім, эмоция,
мотивтер, мүдделер, елестер, психологиялық күйі, т.б), мінездемелік
элементтер (дағды, құндылық, бағдар, іс-әрекетке дайындығы) табылады.
Құқытық сананың түрлеріне жеке-дара, топтастық, бұқаралық (қоғамдық),
мамандандырлыған (кәсіпкерлік), ғылыми (теориялық), саналық, санасыздық
және т.б. жатады.
Құқықтық сананың кемшіліктері де болатынын білеміз. Әсіресе оны
бұрмалау кезінде анық сезінеміз. Құқытық сананың деформациясы дегеніміз
жағымды идеяларды, нанымды, сезімді және т.б. бұрмалау, бұзу. Оның әр
түрі бар. Олар: құқықтық инфантилизм (жақсы заң дайындығы бар деп
сендіретіндердің, шын мәнінде, заң білімінің жеткіліксіздігі, заңды білуге,
үйренуге қалай да болмасын қалыптаспағандығы), құқықтық нигилизм
(білімсіздік), яғни құқықтық әлеуметтік құндылығын жоққа шығару, заңның
талаптарын саналы түрде орындамау, құқытық сананың бір бөлігі құқыты сақтау
мен құрметтеу талаптарына ашық сын көзбен қарамау, құқықтық сананың қайта
тууы (құқытық сананың бұрмалануының ең өрескел деңгейіне жетуі, құрамына
қасақана қылмыстың енуі, бұл заңдылыққа қарсы жақ): құқықтық дилентанизм
(заңмен еркін айналысуы, нмесе заңның құндылығына немқұрайлықпен қарап заң
жағдайларына дұрыс баға бере алмай түсінуі); құқықтық фетишизм (әлеуметтік-
экономикалық, саяси және өзге де міндеттерді шешудегі заң құралдарының рөлі
туралы жалған түсініктеме).
Кез келген құқықтық тұжырымдар адамдардың санасына бағытталған. Адам
құқықтық тыйым салуды, рұқсатты және міндеттілікті қалай жан-тәнімен
қабылдаса, солай оны орындайды, немесе оған немқұрайлы қарап салақтық
жасайды, тіпті оны бұзуға дейін баратынын өмір көрсетуде. Ерікті және сналы
түрде заңдарды орындап, құрметтеген адамның құқықтық сана мен құқықтық
мәдениеті өте жоғары болады. Бірақта кейбір адамдар қорқып, үрейленудің
әсерімен заңдарды орныдайтынын білеміз. Өйткені олар құқықты бұзатын болса,
тиісті жазаға ұшырайтынын біледі.
Қоғамның ең басты мақсаты бүкіл адамдардың құқықты саналылықпен
орындаулары, оған құрметпен қарап, өз іс-әрекеттерін заңдармен ұштастыру
болып табылады. Ол үшін заңдарды жетілдіре түсу қажет., олар адамға қызмет
істеулері тиіс, жас заңгер кадрларын дәйекті дайындауға өз көмегін тигізу
қажет. Бұл мәселені одан әрі байыта түсетін құжаттың бірі Қазақстан
Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі №949 Жарлығымен
мақұлданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы.
Онда: Тұжырымдаманы іске асыру дәрежесі, тиімділігі құқытық саясаттың,
құқықтық нормалардың мазмұнын, қоғам мүшелері секілді мемлекеттік
органдардың да, сонымен қатар олардың лауазымды тұлғаларының қаншалықты
жете түсінуіне де, нормативтік құқықтық актілердің нұсқамаларын ықыласты
және адал орындау дайындығына да байланысты, - делінген.
3.Тақырып. Құқықтық сананың қалыптасуы мен тәрбие берудегі құқытық
мемлекеттің рөлі
Жоспары:
1. Азаматтық қоғамды жетілдіру-құқытық мемлекетті құрудың негізі.
2. Құқытық мемлекеттің белгілері.
3. Қазақстанда құқытық мемлекетті қалыптастыру проблемалары.

Қазіргі заманымыздағы құқытық сананың негізгі идеясының бірі құқытқы
мемлекет идеясы болып табылады. Кейбір Батыс еуропалық елдердің (Германия)
конституциялық заңдарында құқытық мемлекеттің құрылысы басталды деп
жарияланды. Бұл идея Қазақстан Республикасы Конституциясында да бекітілген,
оның бірінші бабында, өзге сипаттамалармен бірге, Қазақстан Республикасы
өзін құқытық мемлекет ретінде орнықтырады, - делінген. Бұл идеяның
өзегінде, ерте заманғы ғалым-ойшылдардың тұжырымдары, әсіресе, француз
Ш.Монтескьенің, неміс ғалымы И.Канттың және өзге де ХҮІІІ ғасырдағы
ғалымдардың құқықтық мемлекет – бұл бостандықты тұншықтырушы полициялық
бюрократтық мемлекеттің орнын басушы ұйым деп болжаушылары жатқандығын
білеміз.
Құқықтық мемлекет – бұл құқық нормаларының шегінде және соның
негізінде жұмыс істейтін, сондай-ақ азаматтар мен бірлестіктердің табиғи
құқытарының бөлінбейтіндігін танитын және оларды шеттеп, аяққа басып, жоя
алмайтын мемлекеттік өкімет.
Құқықтық мемлекеттің ұғымы ХІХ ғасырда Германияда қалыптасты. Бұл
идеяның дамуына көп әсерін тигізген мемлекет туралы Дж.Локктің ілімі
болатын, мұнда ол адамдардың ажырамас табиғи құқықтарын дәріптеп, заң үстем
болуын қалады.
Құқықтық мемлекеттің ережесі бойынша қылмыс жасаған үшін кінәлі деп
есептейтін азаматтың ісін қараған кезде, сот, ең алдымен, полиция мен
тергеу органдарының қызметкерлері іс-әрекеттерін кінәлыға дұрыс қолданды
ма, жоқ па, соның заңдылығын тексеруге тиісті. Егерде қандайда болмасын бір
құжат, айталық, тінту немесе қамау туралы ордерлік қағаз дұрыс толтырылмаса
болғаны айыпты адам ұсталғандығы дәлелді болса да бостандыққа дереу
шығарылуға жатады.
Құқықтық мемлекет ұғымының ең бастысы адамды өкіметтің озбырлығынан,
оның жеке өміріне қол сұғылмауынан босату болып табылады. Ол мыналарды
қамтиды.
- азаматтардың ажырамас құқығын өкіметтің тануы;
- заңдардың құқыққа сәйкестігі;
- өкіметтің өзінің органдары мен азаматтардың өзара құқықтары мен
міндеттерін тануын.
Егерде құқықтық мемлекеттің ең басты принципі неде десек, әрине, адам,
оның қазынасы, бостандығын айтамыз. Сондықтан, құқытық мемлекетті құру
азаматтық қоғамды қалыптастырусыз мүмкін емес.
Азаматтық қоғам – бұл жай азаматтардың жиынтығы емес, мұнда азаматтар
өздерінің мүддесі мен қажеттілігін әр түрлі тәуелсіз ерікті партияларды,
ұйымдарды, кәсіпкерлік және басқа да одақтарды құру, мемлекеттік өкімет
органдары мен лауазымды адамдар арқылы еркін іс жүзіне асыра алады. Демек,
азаматтық қоғам – мемлекеттен, әрі саясаттан тыс қатынастардың жиынтығы
(экономикалық, әлеуметтік, мәдени, адамгершілік, отбасылық, діни).
Азаматтық қоғамның элементтеріне жататындар:
- ерікті өзін-өзі басқара алтын адамдардың жиынтығы (отбасы,
кооперация, ассоциация, шаруашылық корпорация, кәсіптік, спорттық және
басқа да бірлестіктер);
- мемлекеттік емес (саяси емес) экономикалық (оның негізін жеке
меншік, нарықтық экономика құрайды), әлеуметтік, адамгершілік және басқа да
қоғамдық ұйымдардың жиынтығы:
- өндірістік және адамдардың жеке өмірі, әдет-ғұрпы, дәстүрі;
- ерікті адамдардың өзін-өзі басқару сферасы және олардың ұйымдары:
- бұқаралық ақпарат құралдары.
Азаматтық қоғамда ең басты функцияны мектеп пен ЖОО атқарады.
Азаматтық қоғамның қажеттілігін білім деңгейі анықтайды, әрине ондай сапалы
білімді тек қана мектеп пен ЖОО беретіні сөзсіз. Дәлірек айтсақ, орта
(негізгі) және жоғары білімдік нақтылы стандарттан құрылады. Бұл
стандарттар мемлекеттік оқудың бағдарламасы ретінде, әсіресе орта
мектептерде жиі кездеседі, әрі осындай түрде бекітіледі. Оқуды бір жүйеге
келтіру кейбір уақытта, өте жоғары деңгейде өтеді: Францияда, мысалы,
барлық лицейде бір тақырып бір мезгілде оқылады, айталық АҚШ-та әрбір
колледж өз бағдарламаларын өздері бекітеді, өйткені, онда орта оқу
мектептеріне арналған ұлттық бағдарлама жоқ. Университетке келетін болсақ,
жоғары оқу мекемесі ретінде ұйымдық қызметінің нысандарына қарамастан
демократиялық елдерде оқу бағдарламасын анықтауда, ол автономдылықты
пайдаланады.
Қазіргі кезде білімнің ұйымдық-құқықтық нысандары ретінде жекешеленген
мектептер және университеттер, институттар және мемлекеттік оқу орындары
қызмет етеді. Жекешелендірілгендерге жататындар: жеке адамдар немесе
қоғамдық, әсіресе діни ұйымдар құрған және солардың есебінен
қаржыландырылған оқу мекемелері. Батыс елдерінде, айталық, католиктік
шіркеулерге қарайтын діни мектептер таралған. Америка Құрама Шаттарында
мемлекеттік жоғары оқу мектептері жоқ, барлық университеттер
жекешелендірілген. Мысал ретінде АҚШ- тың заң білімдерінің жүйесін қаралық.
АҚШ университетіндегі негізгі білім сатысы- аспирантура; оқыту әдісі-
диалог (семинар); студенттердің аттестациялау жүйесі- жазбаша (экзамен);
оқу мерзімі- 3 жыл; оқулық құрал- сот шешімдерінің жинағы; заң факультетін
бітірге құқық бакалавр дипломы беріледі, кафедраларға бөлінбейді, әрі заң
факультетін бітіргендерге стажировка ұйымдастырылмаған; заң факультетінде
тек қана студенттерге арналған құқық вестнигі (журнал) бар.
Жеке оқу мекемесі оқушылар мен студенттерге жиналған ақшадан
қаржыландырылады. Бірақ, бұл мекеме пайда табуды көздемейді, ең басты
мақсаты – білімді тарату. Сондықтан, мұндай жеке мекеме түрі салық төлеуден
жеңілдетілген. Өйткенменде, олар пайда табу үшін де қызмет істеуі мүмкін,
әсіресе, университеттерге тән. Олар ғылыми ізденудің нәтижесінде пайда
табады, бірақта мұның басым көпшілігі университеттердің мұқтаждығына
жұмсалады: ғылыми және оқулық базаларын кеңейтуге, библиотекалық қорды
көбейтуге, жатаханаларды салуға, педагогтерге еңбекақы төлеуге және т.б.,
мысалы, АҚШ – тағы Гарвард университетінің жеке меншік жері, ғимараттары,
ғылыми – зерттеу орталықтары, т.б. бар.
Дегенменде, жекешеленген оқу мектептерінде балаларды оқыту көп
қаражатты тілейді, сондықтан әрбір ата – ананың мұндайға әлдері келе
бермейтіні сөзсіз. Соған қарамастан ХҮІІІ ғасырда әрбір адамның білімнің ең
төменгі оқу деңгейі белгіленген. Міндетті түрде барлығына білім беруді
енгізу қажеттілігі туындады. Ал, мұның өзі мемлекет күшімен бітетін іс.
Осының саладарынан мемлекеттік мектептер жүйесі қалыптасаса бастады, яғни
бұлар мемлекет қаражатымен қамсыздандырылды, әрі оны мемлекеттік органдар
басқаратын болды.
Демократиялық елдерде мемлекеттік университеттер ішкі автономды және
өзін-өзі басқару болып келеді: профессорлық ұжымдар ректорды сайлайды,
мемлекет болса оқу әдістемелігіне, әрі мазмұнына кіріспейді, кейбір
елдерде, тіпті полицияның өзі де соттың шешімімен ғана университетке кіре
алады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5-шілдедегі Жекелеген
мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәрте беру туралы Жарлығына
сәйкес, жеке тұлғаның ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым және
техниканың жетістіктері негізінде қалыптасуына, дамуына және кәсіби
орнығуына қосқан елеулі үлесін ескере отырып, төмендегі мемлекеттік ЖОО-
рына ерекше мәртебе берілген:
1. Әл-Фараби атындағы Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетіне;
2. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне;
3. Қазақ Ұлттық аграрлық университетіне;
4. Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне;
5. С.Ж.Асфандияров атындағы Қазақтың ұлттық медициналық университетіне;
6. Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақтың ұлттық өнер академиясына;
7. Құрманғазы атындағы Қазақтың ұлттық консерваториясына;
8. Қазақ ұлттық музыка акаднмиясына.
Азаматтық қоғамның институттары болып баспасөз, радио және теледидар
болып табылады. Бұлар бұқаралық ақпарат құралдары, әрі қоғамдық пікірді
білдіруші ретінде азаматтық қоғам мүшелерінің барлығын біріктіруші күш.
Демократиялық дәстүр баспасөз, радио және теледидар бостандығын бекітті.
Азаматтық қоғам – нарықтық-демократиялық қоғамның өмір сүру нысаны,
сондықтан да болар бұл құқытық мемлекеттің өзеге болып табылады. Сөйтіп
құқықтық мемлекетте азаматтарға бостандық, еріктілік, меншіктік кепілдіктер
мемлекет тарапынан құқыққа сәйке беріледі. Оның негізгі принциптері:
Құқықтың мәртебелелігі, заңның жоғарлылығы, биліктің бөлінуі, жеке тұлғаның
шынайы бостандығы, азамат пен мемлекеттің өзара жауаптылығы, ұлттық
заңдардың халықаралық құқық нормалары мен жалпыға танымал стандарттарға
сәйкестігі. (студентер жеке осыған тоқталу керек)
Азаматтық қоғамдағы мемлекеттің міндеттеріне құқытық тәртіпті қорғау,
қылмыстылармен күресу, жеке және ұжымдық меншік иелерінің қызметіне
кедергісіз қолайлы жағжайды тудыру, олардың құқықтары мен бостандықтарының
іс жүзіне асырылуына жәрдемдесу, т.б. жатады.
Азаматтардың міндеттері:
- заңға бағыну;
- заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарыды және өзге де міндетті
төлемдерді төлеу;
- басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін,
абыройы мен ар-намысын қадірлеп, сақтау;
- монополизациялауға немесе жосықсыз бәсекеге бағытталған экономикалық
қызметке тыиым салу (жол бермеу);
- қоршаған ортаны қадірлеу;
- тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасау, тарих пен
мәдениет, діни ескерткіштерін қорғау;
- отанды қорғау;
- балаларды және жұмысқа жарамсыз ата-аналарды құрметтеп, қорғау.
Қорыта келгенде,азаматтық қоғамның ұйымдастырылу жағдайы мен
принциптерін атап өту қажет. Оларға жататындар:
- экономикалық еріктілік, меншіктің әрқилы нысандары, нарықтық қатынастар;
- адам мен азаматтың табиғи құқытарын
2.Құқытық мемлекеттің белгілері. Біздің елімізде құқықтық мемлекетті
құру идеяысы ойшылдарымыздың көкейіндегі өзекті мәселе болатын. Бұл идеяға
кедергі жасаған 1917 жылғы қазан революциясынан кейін дүниеге келген кеңес
мемлекеті бірден бір себепкер болды. Тек, 50 жылдардың аяқ шенінде ғана
құқытық мемлекет құру идеясы қайтадан жанданып, оны қалыптастыру міндеті
алға қойылды. Құқытық мемлекетті қалыптастыру үшін төмендегі міндеттер
атқарылуы тиіс болды:
• билік жүйесін қайтадан жаңдандырып реформа жүргізу
• заңдарды жетілдіру
• әлеуметтік қоғам құндылығын арттыру
• соттың маңыздылығын көтеру
• азаматтардың ғана емес, лауазымды адамдардың саяси және құқытық
мәдениетін көтеру
• құқытық нигилизмді болдыртпау
• азаматтық қоғамды қалыптастыру
Құқытық мемлекеттің мәні қабылданған заңдардың саны мен анықталмайды,
олардың сапасымен, мазмұнымен және орындалу сипатымен анықталады. Құқытық
мемлекет жағдайында заңның өзі заңды болуы тиіс, яғни заңдар еліміздің Ата
заңына сәйкессіздікте, қоғам құрылымының саяси-әлуметтік саяси-әлеуметтік
маңызды қағидалармен қайшылықты болмауға тиіс. Әсіресе құқықтық мемлекет
құру идеясына азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін бұзатын, заң
негіздеріне сәйкес келмейтін көптеген норматьивтік актілердің, ведомствалық
нұсқаулықтардың, ережелердің, шешімдердің қабылданып, әрекет жасауы қайшы
келеді.
Еліміздің Ата заңында құқықтық мемлекет құру туралы тұжырымдалған
негізгі қағидалары мен бағыттарын, ерекшеліктерін сұрыптап,
Конституциямыздың Жалпы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz