Алғашқы екі кезеңде қазақ құқығының мәселелерін қарастыру патшалық


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Астана қаласында Қазақстан Республикасының жоғарғы соты ғимаратының алдында XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген үш биге: Төле, Қазыбек, Әйтеке билерге қатар отырған түрінде көрнекті ескерткіш орнатылған. Олар көшпелі шығыс халықтарының әдетінше төбе басында орналасқан. Олардың бірі сол қолын жүрек тұсында ұстап халқына тәжім еткендей түрде отыр, екіншісі шешендігімен көрініп, жартылай жұмылған оң қолын алдына тосуда, ал үшіншісінің қолында қағаздары бар. Бұл көрініс әрбір қазаққа жақын, әрі түсінікті. Бұл Республикамыз тәуелсіздік алғаннан бері “ресми мойындалмаған” қазақ мемлекетінің символына айналуда. Бұл билерге арналған ескерткіш көпшілік халық тағзым ететін орынға да айналып отыр. Ешбір мемлекетте сот әділдігі өкілдерінің бейнесі мемлекеттік символға дейін көтерілмеген. Бұл халық санасында тарихи тұрғыда қалыптасқан “дала демократиясының” құқықтық жүйесіне берілген жоғары баға.

Қазақ құқығының тарихын түбегейлі зерттеу соңғы он жыл ішінде, яғни Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері (1991 жылдан бастап) ғана қолға алына бастады.

Қазақ халқының өз-өзін тануда, тарихын тануда”идеологиялық бұғау” болған, ғасырларға созылған дәуірдің жойылуы нәтижесінде қазақ рухы көтеріліп, көптеген зерттеушілердің еңбектеріне арқау болуда.

Қазақ құқығы, құндылықтары - бостандық, әділдікке негізделген қасиеттері “Далалық Демократия” шеңберінде дамыды. Сот билігі беделінің өсуі, жоғары сатыға көтерілуі, билердің халық ілтипатына бөленуі, қазақ құқығының өзіндік қырын аңғартады. Қазақ құқығы бойынша сот әділдігін іске асыру әділдік, халықтық және адамгершілік идеологиясына негізделді және оның түп мақсаты дауласушы жақтары татуластыру болып табылды. Қазақ құқығында бауырласу және некелік одақ құру институты кеңінен қолданылды. Дауды қарастырудағы қарапайымдылық, сот әділдігімен дәлелдеу бостандығының қамтамасыз етілуі, тараптардың және процеске қатысушылардың әрқайсысының өкілдерінің іске қатысу мүмкіндігінің шектелмеуі, тараптарды татуластыруға тырысу және соттық шешімдердің, тіпті кінәлі тарапқа қатаң жаза тағайындалған кезде де қоғамның алдындағы әділеттігі мен логика заңдарына сай болуын қамтамасыз ету билер сотының нысаны мен мазмұнын құрады.

Қазақ құқығының қайнар көзі - Ұлы Даланың нормативтік ережелер жүйесі қаншама ғасырлар бойы тікелей және жанама түрде әр түрлі мемлекеттер тарапынан қысым көріп, олардың идеологиясының әсерін сезінсе де, өзінің таңқақаларлық өміршеңдігін сақтап келді. Әрине, қазақ қоғамы осындай күштердің әсерінен елеулі түрде өзгеріске ұшырап отырған, бірақ оның құқықтық мәдинеті мен тіл мәдинетін ешкім, ешбір күш өзгерте алмады. Олар мұндай қиын-қыстау жағдайларда, тек өзін- өзі сақтап қана қоймай ішкі күшке ие болып нығая түсті. Ұлан байтақ қазақ даласында болған өзгерістер мен төңкерістерге қарамастан, күні бүгінге дейін сақталып, өзінің бастапқы “мәйегін ” жоғалтпаған қазақ құқығының өміршеңдігін, оның негізі, құрлымның өзегі табиғи еркіндік, әділдік, өнегелік идеяларымен үндестікте болуымен түсіндіруге болады.

Көшпелі мемлекеттің мәдени және демократиялық дәстүрлеріне негізделген қазақ құқығы өзін тудырған дәуірлерден өтіп қана қоймай оны нешеме белестерге артына тастап үлгерді. XIX ғасырға дейін, кейбір жағдайларда XX ғасырдың басына дейін өзінің реттеушілік мәнін жоғалтпай сақтап келді. Қазақ құқығының бұлай ұзақ өмір сүруін екі негізгі жағдайлармен түсіндіруге болады: біріншіден, көшпелі өркениеттің шаруашылық - тұрмыстық, дүниетанымдыық негіздері қазақтың кең даласында жаңа дәуірге дейін сақталды. Екіншіден, қазақ құқығы халықтың тыныс - тіршілігінің өзегімен қисындас болатын, халықтың өзіне жақын - тәндес, жалпы адам баласының міңгілік рухани бітім - болмысына, талабына сай болатын.

Қазақ құқығының, оның тарихын, нормативтік құрылымын, көшпелі өмірдің демократиялық мәдени құндылықтарын зерттеу кеш басталды. Еуропа үшін қазақ көшпелі әлемі XVIII ғасырдың соңы XIX ғасырдың басында ғана белгілі бола бастады. Бұл жағдайды бірнеше себептермен түсіндіруге болады:

1. Ұлан - ғайыр Орталық Азияның " еркін " даласын мекендеген қазақ қоғамы Азия мен Еуропаның біраз бөлігін ертеде дүр сілкіндірген ірі саяси және соғыс науқандарынан тыс қалып отырды. Осыған орай, әйгілі саясаткерлер мен өзара мемлекет қатынастарының, зиялы қауымның назарына ілінбеді;

2. Қазақ қоғамы ғасырлар бойы негізінен мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі, жазу - сызудан гөрі ауыз әдебиетіне, еркіндік пен бейбіт өмірге бейімделген халықтардан құралды. Өркениетке сыртын беріп елеусіз қалған қазақ қоғамында шаруашылықты жүргізудің көшпелілік тұрақтылығы көп уақыттар бойы сақталынды;

3. Көшпелі қазақ қоғамы сөз бен Заңның үстемдігін қолдаған өзіндік ішкі идеология негізінде қалыптасты. Бұндай кең дала сипаттары еркіндік пен бостандықты пір тұтқан заң ережелерінің, әдет - құқықтық жүйенің еркін орнығуына негіз болды.

Отарлаушылық - экономикалық мүддені көздеген шет мемлекеттердің сыртқы саясаты XVIII ғасырдан бастап Қазақстанға деген қызығушылығы мен қысымын күшейте түсті. Сонымен бірге қазақ құқығын тануға, дендеп зерттеуге кеңінен жол ашылды. Бұл бағытта көрші Ресей патшалығы зор белсенділік көрсетті. "Артта қалған " қазақияның ішкі дүниесі Еуропалық деңгейде білім алған зиялы қауымдардың, шығыс халықтарының тарихына әуесқойлардың назарына іліне бастады. Олардың ішінде тәжірибелі зерттеушілерге қазақтың құқықтық мәдениетінің, оның өзіндік бітім - болмысы мен құндылығы ерекше әсер етті. Олар құнды пікірлер білдірді. Орыстың шығыстанушы - зерттеушісі А. Левшин қазақтың құқықтық өмірінде " Алтын ғасыр " дәуір болғандығы туралы алғаш пікір білдірді.

Қазақ құқығын зерттеуде үш кезеңді бөліп көрсетуге болады:

Оның бірінші кезеңі - Қазақ Даласын патшалық Ресейдің отарлауымен байланысты. Хронологиялық түрде ол XVIII - XX ғасырдың басын қамтиды.

Екінші кезеңі - Кеңес өкіметімен тұстас ( 1917-1989 ж. ж ) .

Үшінші кезеңі - тәуелсіз қазақ мемлекетінің Қазақстан Республикасы құрылған кезден басталады.

Алғашқы екі кезеңде қазақ құқығының мәселелерін қарастыру патшалық Ресейдің отарлау саясатына, кейін Кеңестік мемлекеттің империялық саясатының бағытына сай жүргізілді. Әдет - ғұрып ережелеріне негізделген қазақ құқығын жүйелі, объективті түрде зерттеу тек соңғы жылдары - үшінші кезеңде бой көтерді.

Патшалық Ресей Қазақстанды отарлау саясатын жүргізу барысында, орыс шенеуніктерінің өздері мойындағандай, ежелгі қазақ ата заңдарының, сондай - ақ, саяси өмірдегі және қоғамдық сана - сезімдегі билер соты ролінің мықтылығы оларды таң қалдырды. Патшалық Ресейдің отарлау саясаты неғұрлым белсенді жүргізілсе, қазақ даласының ежелгі құқық құрылымының оған қарсылығы соғұрлым күшті болды. Кешікпей - ақ, қазақ қоғамына ықпалын күшейту үшін, оның құқықтық жүйесін тұсауламай, оны өзінің отарлаушылық пиғылына ыңғайламай отарлау саясатын жүзеге асыру мүмкін еместігіне патшалық өкіметтің көзі жете бастады. XIX ғасырдың 20- шы жылдарынан бастап патша өкіметі өзінің отарлау саясатын күшпен енгізе алмайтындығын түсініп, ендігі жерде қазақтың құқықтық мәдениетін, құқықтық болмысын түсіну, зерттеу мақсатымен қазақ даласындағы құқықтық нормаларды жинау, оларды бір жүйеге келтіру жұмысын жүргізу туралы бұйрық берді.

Қазақстандағы отаршылық - әкімшілік жүйенің мекемелерінде жұмыс істеген білімді орыс шенеуніктерінің, әсіресе жас буын арасында «артта қалған », « мешеу » қазақ қоғамымен етене жақын танысу, оның құқықтық мәдениетіне деген өзіндік қызығушылықтарын тудырады.

Кеңес өкіметі дәуірінде жасалған зерттеулер қаншалықты маңызды болса да, « таптық көзқараспен » шектеліп, қоғамның қанаушылар мен қаналушылар деп бөлуіне негізделген тар идеологиялық мақсаттарды көздеді. Сондықтан да, билердің, шешендердің, қазақ ата заңдарының білгірлерінің көпшілігі халықтың ауқатты бөлігінен шыққандықтан, оларға деген көзқарас та теріс болды. Қазақ қоғамы және ондағы құқықтық құрылымдар Кеңестік дәуірде " үлкен саясатқа " қарсы жүйелер ретінде бағаланды.

Кеңес үкіметі тұсындағы жаппай қуғын - сүргінге ұшырату науқаны кезінде халықтың көзі ашық оқыған зиялы қауымның қолында сақталған көненің көзі саналатын құнды қолжазбаларды да өртеп, құртып жіберді. Кейінгі кездегі елімізде жүргізіліп жатқан қуғын - сүргін құрбандарын ақтау " ежелгі " қазақ құқығын қайта түлетуге мүмкіндік тудырды.

Қазақтың дәстүрлі құқықтық мәдениетін зерттеу бастапқыда Сталин қайтыс болғаннан кейінгі кезеңде, кейін Кеңес өкіметі тарағаннан соң Республикамыздың өзекті мәселелерінің біріне айналды.

Патшалық өкімет XVIII ғасырдың бірінші жартысында басталған, дала өлкесін отарлау саясатын белсенді түрде жүзеге асырса да, ғасырлар бойы Қазақстанда қалыптасқан дәстүрлі құқықтық режимнің түбегейлі жүйе екендігіне және оны бір ұрпақтың өмірі ішінде орыстың құқықтық жүйесімен күштеп немесе " бейбіт жолмен " алмастырудың мүмкін еместігіне күн өткен сайын көздері жете бастады. Өз халқының тарихы мен болмысын жақсы білетін жазушы, әрі ғалым, академик С. Мұқанов былай деп жазған еді: - " Киіз туырлықты қазақ аталатын бұл елдің өмір тарихы, тұрмыс салты, әдет - ғұрпы, мінез - құлқы айна қатесіз бірдей . . . осыншама тұрақтылық, тұтастық Қазан революциясына дейін тұтас мемлекет болмаған елде сақтаулы таңқаларлық құбылыс "[1]

Қазақ құқығының түбегейлі құралымы кешегі Жаңа заман дәуіріне дейін қоғамдағы ықпалын жоймады. XIX ғасырдың ортасында Ш. Уәлиханов атап айтқандай: " Билер соты, 50 жыл бойғы орыс саясатының әсеріне қарамастан, бізге дейінгі жүздеген, бәлкім, мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, сол қалпында қалды ".

Кезінде тағдырдың айдауымен, сойқан саясаттың салдарынан елімізге жер ауып келген ұлттар мен ұлыстар бүгінде ата жұртымызға, қазақтар секілді кеңпейіл халық мекендеген елге қоныстанғанына да жарты ғасырдан астам уақыт өтті. [2]

Тәуелсіздік алған 14 жылда қазақ елі ғасырларға тең жылдарды бастан кешірді. Ең бастысы - әрбір қазақстандықтың өз елі, өз Отаны - Қазақстанға деген отаншылдық сезімі атой салды. Ұлты мен ұлысына қарамай әрбір қазақстандық осынау құт мекеннің абыройын көтеріп, тәуелсіздікті бекемдей түсуді өзінің басты парызы санайды. Бұл орайда, біз еліміздің тәуелсіздігін баянды етіп, оның халықаралық дәрежедегі беделін көтеруде, ұлттар мен ұлыстар арасында ынтымақ пен азаматтық келісімді сақтауға теңдесі жоқ шара тындырдық десек артық айтқандық емес.

Елімізді гүлдендіріп, өркениетті елдердің деңгейіне жеткізу үшін бізге керегі - қазақстандық патриотизм, отанды шексіз сүю. Бұл сезім рух- жігерімен қатар оянбай, еңбек еткенде ғана көрініс бермек. Бұған байланысты мемлекеттік идеология болуы қажет. Жаңа Қазақстан жалпы адамдық құндылықты жариялай отырып, өзінде қоныстанған барлық халықтардың достығын арттырып, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуді мақсат тұтады. [3]

Жалпы егемендікке жету жолындағы қазақ қоғамының мемлекеттік - құқықтық дамуын объективті түрде зерделеу қазіргі күнде де өзекті проблемалардың бірі. Тәуелсіздік, егемендік ұғымдары халқымыздың рухымен тарихи, құқықтық санасымен тығыз байланысты. Тәуелсіз мемлекет болу жолындағы қазақ қоғамы көптеген кезеңдерді, белестерді бастан өткізді. Көптеген деректерге зер сала қарасақ мемлекеттік үрдісінің айқын, өзгеше құбылыс ретінде көзге түсетін сәттерін байқауға болады.

Осы орайда, дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты : мемлекеттік - құқықтық дамудағы қазақ зиялыларының еңбектерінде көрсетілген кейбір ерекшеліктерді зерделеу және сипаттау болып табылады.

Өзектілігі: қазақ мемлекеттілігінің даму кезеңінде халықтың тарихи санасында егемендік мәселесі белгілі бір кезеңдерді бастан өткергенде, тәуелсіз ел болу, мемлекеттік идеясы ретінде де немесе сол тәуелсіздікке жетуге байланысты ұлт - азаттық көтерілістерге шығуынан байқауға болады. Тәуелсіздік жолындағы күрестер тарихына үңілсек шартты түрде 70 - 80 жыл арасында тәуелсіздік рухы оянып, халық егемендік жолында күреске шығып отырды. Мысалы: 1847 жылғы Кенесары хан бастаған ұлт- азаттық қозғалыс, 1916 жылғы дәстүрлі мемлекеттік - құқықтық құрылымды жандандыруға ұмтылған ұлт - азаттық көтеріліс, 1986 жылғы тәуелсіздікке ұмтылған желтоқсан оқиғасы. Сондай - ақ, тәуелсіздік, егемендік ұғымдары әрқашанда халықтың рухымен бірге жасайтынын көре аламыз.

Қазақ даласында жүргізілген орыс әкімшілік - құқықтық реформаларына қарамастан, ұлт болашағы, елдің егемендігі жолында өз рухани парасаттылығымен, терең білімділік деңгейімен қазақ заңгерлері өз үлестерін көп қосты. Сол кезеңдегі қазақ заңгерлерінің идеялары, саяси - құқықтық ілімдері, қазіргі таңдағы мемлекетіміздің даму тұжырымдамаларымында, заңдарында, кейбір құқықтық құжат немесе актілеріндегі баптармен ұштасып жатады.

Қазақ қоғамындағы құқықтық жүйенің дамуы қазақ халқының дәстүрлі мемлекеттілік және құқықтық мәдениеттің алтын қорының мықты болғандығын көрсетеді. Қазақ хандығында өмір сүрген заңдар өздерінің қайнар көзін Еуразия көшпенділерінің бірнеше жылдар бойы қалыптасқан әдет - ғұрып заңдарына негізделген. Осындай ерекшеліктерді жіті байқаған қазақ заңгерлері қазақ қоғамының болашақтағы дамуын ұлттық негізде болу қажеттілігінен байқатады.

Міндеті: XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамы жағдайында әлеуметтік - саяси ахуал патша үкіметінің жүргізген реформаларының салдарынан шиеленісіп, ол қазақ ұлттық интеллигенцияның билікке араласуына әкелді. Осыған орай, жер мәселесіне байланысты, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Дулатовтар Патша өкіметінің отаршыл саясатына қарсы шығуын, орыс әкімшілігінің жер мәселесіне деген көзқарастарын қарастыру. Ал ол саясаттың мәні жер иеленушілердің меншік құқығын күшпен тәркілеу арқылы айыру және тартып алынған жерді орыс шаруаларына беру болды. [4] .

Практикада қолданылуы: факультативтік сабақтарда, семинармен лекцияларда және арнайы курс сабақтарында қолданылады.

Дипломдық жұмыс: Кіріспеден және 4-тараудан, әр қайсысы 3-бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. 1. Қазақстандағы XIX - ғасырдың екінші жартысындағы сот жүйесі.

XIX-ғасырдың екінші жартысындағы отарлық Қазақстанның сот жүйесін алғаш рет, мейлінше ірі қайта ұйымдастыру 1867-1868 жылдардағы жалпы империялық сот органдары мен билер соттарының жаңа құрылымын енгізу болды [5] .

Отаршылдық әкімшіліктің аса маңызды элементі 1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша құрылған сот ұйымдары еді. Қазақстан аумағында соттар өздерінің жоғары деңгейлері бойынша әкімшіліктен қол үзе алмады. Жоғары сот деңгейлері болып табылатын сот бөлімшелері облыстық басқарманың құрылымдық бөлігі болды. Ресейде сот ісін жүргізудің прогресшіл принциптері енгізілуіне қарамастан, 1864 жылғы реформа бойынша облыстық басқармамлардың сот бөлімшелерінің қызметі реформаға дейінгі сот ісін жүргізу нормаларына негізделді. Қылмыс толық анықталмаса да, қатаң жазалау шараларын қолдану сот бөлімшелері іс жүргізу қызметінің негізі болды. 1867-68 жылдардағы реформалар бойынша Әділет министрлігі тағайындаған уездік судьялар төменгі инстанция болды. Әдетте олар арнаулы заң білімі жоқ, жасының ұлғаюына қарай қызметтен босаған әскери адамдар қатарынан тағайындалды. Қазақстанда жұмыс істеген бүкіл судьялар корпусына білім деңгейінің төмендігі тән болды. Уездік судьялар қылмыстық істерді өз бастамасы бойынша қозғай алатын еді және оларға қылмыстарды тексеру мен ашу міндеті жүктелді; әрі тергеуші болып табылатын уездік судья істерді тергеу міндетін ғана емес, сонымен қатар мәні бойынша шешу міндеттерін де өз қолына шоғырландырды. Қазақстандағы уездік судьялар қызметінің негізіне алынған сот ісін жүргізудің бұл нысаны іс жүзінде сот тараптарын білмеді. Барлық құқықтарынан айырылған айыпты-тергеу объектісі, ал жәбірленуші тек қана арызқой саналды. Уездік судьялар қызметінде кеңселік құпия қатаң сақталды, оны барлық судьялардың іс жүзінде қазақ тілін білмеуі қиындата түсті, мұның өзі қиянат жасаушылыққа негіз туғызды.

Отаршылдық басқарудың күнделікті практикасы 1867-68 жылдардағы реформалар бойынша енгізілген сот жүйесінің тиімсіз екенін көрсетті. XIXғасырдың 70-жылдарының басында әкімшілік басқару реформаларының жаңа жобаларын әзірлеуге байланысты жергілікті отаршылдық-әкімшілік сот жүйесін реформалау туралы мәселені барған сайын табандылықпен көтере бастады. Сот жүйесін реформалаудың алғашқы нұсқаларының бірі 1872-73 жылдарда Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы К. П. Кауфманның басшылығымен әзірленген әкімшілік реформаның жобасында жасалды. Жобада 1864 жылғы сот реформасының көптеген элементтерін : бітістіруші судьялар институтын, бітістіруші судьялар съезін және сот палатасын енгізу көзделді; тергеу сот қызметінен бөлінді.

Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының әкімшілігі әзірлеген жобаларда сот ісін жүргізуде реформаға дейінгі нысандарынан бас тарту қарастырылды.

Іс жүзінде бұл жобалардың бәрінде де сот органдарын әкімшіліктен бөлу туралы ой арқау болды. Бірақ сот жүйесін дамытудағы бұл оң бағыт Ресей империясының дайындалған жобаларды заң арқылы ресімдеу позициясына тәуелді болған орталық ведомостволарынан тиісті қолдау таппады.

Бұл бағытта Әскери министрлік ерекше кертартпа көзқарас ұстады, ол Орта Азия мен Қазақстанның байырғы халқы жалпы мемлекеттік міндеттерді шешуге дейін жетілген жоқ, олар жария, ауызша және демократиялық сот ісін жүргізуді түсінбейді, өйткені ол барлық сот істерін жеке дара шешкен хандардың деспоттық билігіне қалыптасып қалған-ды деп санады. Бұл орайда Қазақстан Ресейге қосылғанға дейін-ақ қазақ қоғамында туындаған құқықтық жанжалды жағдайларды ауызша, жария және толық демократиялық жолмен шешіп келген билер сотының сан ғасыр бойы жұмыс істеген тәжірибесі мүлде еленбеді. 80-90 жылдардағы реформалар бойынша Түркістан және Дала генерал-губернаторлықтарында сот істерін жүргізу тәртібі негізінен өзгеріссіз қалды. Әсіресе, реформаға дейінгі бұрынғы тәртіптер негізінде жұмыс істеген облыстық соттарда ол ерекше кертартпалық түрде көрінді.

1896 жылы Әділет министрлігі Түркістан және Дала өлкелері генерал-губернаторларына аймақта Ресейдегі 1864 жылғы реформа бойынша сот жүйесін қолдану мүмкіндігі туралы хат жазды. Жергілікті облыстық соттардың төрағалары мен облыстық прокурорларға да осындай хаттар жіберілді. Әділет министрлігіне жауап хаттарында генерал-губернаторлар және жергілікті сот ведомоствосының шенеуніктері Әділет министрлігінің ұсынысына оң көзқарас білдірді. 1897 жылы Әділет министрлігі Түркістан және Дала генерал-губернаторларындағы сот-құқықтық реформаның жобасын дайындау жөніндегі жұмысты аяқтады, оған министрлік тарапынан көлемді түсіндірме жазба дайындалды. Онда сот жүйесі құрылымының, оның жекелеген буындары өкілеттігі көлемінің негізгі элементтеріне, азаматтық және қылмыстық үрдістегі өзгерістерге егжей-тегжейлі түсініктеме берілді. [6]

Қазақстан аймағындағы әзірленіп жатқан сот-құқықтық реформа бойынша ең ірі жаңалық сот палаталарының және округтік соттардың енгізілуі болды. Округтік сот бітістіруші судьялар шешкен істер жөніндегі аппелляциялық саты болды. Сот палаталары округтік соттарға қатынасы жөнінен аппелляциялық және қадағалаушы деңгей міндетін атқарды. Бірінші инстанциядағы сот ретінде олар ең күрделі істерді шешті.

Прокурорлық басқару қатаң орталықтандырылу және төменгі прокурордың жоғары тұрған прокурорға бағынуы негіздерінде құрылды. Заңда прокурордың міндеті мына тұрғыда белгіленді:

1. Заңның бірыңғай және дәл қолданылуын қадағалау;

2. Қандай да болсын заңды тәртіп бұзушылықты ашу мен заң алдында қарау және оны қалпына келтіру жөніндегі өкілдерді талап ету;

3. Азаматтық және қылмыстық сот ісін жүргізу жарғыларында көрсетілген жағдайларда сотқа алдын ала қамауға ұсыныс жасау.

1898 жылғы сот реформасында адвокатура қызметінің құқықтық негізін реттеу көзделді. 1898 жылғы 2 маусымдағы «Уақытша ережелердің» 24-бабында адвокаттық қызметті жүргізуге куәліктерді округтік соттардың беруі көзделген. Нақ осы куәліктер бітістіруші соттарға да адвокаттық қызметпен айналысу құқығын беретін.

1909 жылы « Ақмола, Семей және Орал облыстарында ант берген заседательдер сотын құруды енгізу туралы » Заң шығарылды. 1909 жылғы заң бойынша Ақмола, Семей және Орал облыстарында ант берген заседательдердің тізімі жалпы негізде және әрбір уезд бойынша арнайы жасалды. XX-ғасырдың басында Қазақстанда ант берген заседательдер сотының енгізілуі отарлық Қазақстандағы сот-құқықтық жүйенің дамуындағы елеулі кезең болды.

Патша үккіметі жалпыимпериялық соттарды енгізумен, оларды құзыретін кеңейтумен қатар сот органы ретінде билер сотын сақтап қалуға ұмтылды. Сонымен бірге, патша үкіметі билер сотын сақтай отырып, оның қызмет шеңберін шектеуге және тарылтуға тырысты.

XIX-ғасырдың 60-жылдарының орта шенінде патша өкіметі бірқатар жаңалықтар енгізіп, билер сотының қарауындағы іс жүргізудің маңызды тұстарын пайдалануды көздеді.

1867-68 жылдардағы реформалар бойынша билер сотының 3 деңгейі құрылды: бірінші деңгей-билердің жеке соты, екіншісі-билердің болыстық съезі және үшіншісі- билердің төтенше съезі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының дәстүрлі құқығының тарихы
Саяси жəне құқықтық ілімдер тарихының əдістемесі
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ
«қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша мүліктік қатынастарды құқықтық реттеудің ерекшеліктері»
Рим мемлекетінің пайда болуы
Адам құқығының дамуы жайлы қазақ ойшылдарының идеялары
Қазақстан Республикасында жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың құқықтық проблемалары
Ресейдің отарлауы алдындағы Қазақстан
Еліміздің тарихи-құқықтық дамуының жалпы заңдылықтарының көрсеткіші ретіндегі дәстүрлі қазақ қоғамындағы меншік институтының қалыптасу тарихын және әртүрлі кезеңдердегі оның дамуын зерттеу
Халықаралық құқықтық көптеген жаңа нормалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz