Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі


Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың
Е Р Е Ж Е С І
Кіріспе
Республика жоғары білім беру жүйесіне кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыруды енгізу қазіргі таңдағы аса маңызды әрі өзекті мәселенің бірі болып отыр.
Кредиттік технология бойынша оқытуға көшудегі басты мақсат - білім жүйесін әлемдік білім кеңістігімен кіріктіру және кәсіби мамандардың әлемдік сұранысқа, бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік жасау болып табылады.
Кредиттік технология бойынша оқыту - студенттің жоғары оқу орны қабырғасында білім алуын жеке жоспарлауына беріліп отырған мүмкіндік. Ол білім берудің демократиялығымен сипатталып, әр студенттің жеке бас ерекшелігі мен қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды. Жаңа жүйенің басты ерекшелігі - студенттердің білім кеңістігін қалыптастыру еркіндігі, яғни, жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартының мамандар дайындаудың сапасына қоятын талаптарына сәйкес, білім алудағы өзінің ерекшелігі мен қалауына сай қалыптастыра алады.
Кредиттік технология бойынша оқыту - оқу үдерісін ұйымдастыруда жаңа ізденістерге мүмкіндік ашып, “жалпыға ортақ білім” парадигмасынан “әркімге арналған білім” парадигмасына қадам жасатады.
Оқу үдерісі барысында студент пен тьютор арасында өзара жаңаша байланыс қалыптасып, студентке өзінің әр оқу пәні бойынша жеке дайындығына көп уақыт бөліп, оқу үдерісіне белсенді түрде қатысуы және алға қойған мақсатқа жетуге деген тұрақты қызығушылығының болуын талап етеді.
Кредиттік технология бойынша оқыту студент пен тьютор арасында жаңа білімді игеру барысында, сенімді қарым-қатынастың қалыптасуын талап етеді. Оқытушы студент үшін тек ақпарат көзі ғана емес, ол студенттің қажетті ақпаратты іздеп тауып, саралап іс жүзіне пайдалануға үйретуші маман болуы керек. Сондықтан тьюторлар оқу пәніне деген жауапкершілігін арттырып, өзінің біліктілігін жоғарылату жолында үздіксіз ізденісте болуы қажет.
Сізге ережеде кредиттік технология бойынша оқу оқу үдерісін ұйымдастыруда әдістемелік нұсқаулар беріледі.
Нормативтік сілтеме
Ережеде төмендегі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалынды:
- Қазақстан Республикасындағы Білім туралы заңнама, Заң актілерінің жиынтығы, - Алматы; “Юрист” 2007 - 196 б.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 195 қаулысымен бекітілген Жоғары кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесі.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 22 қарашадағы № 566 бұйрығымен бекітілген Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республика жоғары оқу орындарында оқу үдерісін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру туралы нұсқау хаты (№ И-01 14. 03. 2008)
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізудің үлгі ережесі
- Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарындағы білімді бақылау және бағалау туралы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (ҚР МЖМБС 5. 03. 006- 2006)
- Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Білім алушылар контингенті туралы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (ҚР МЖМБС 5. 03. 008- 2006)
- Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Оқу жұмысы және педагогикалық жүктеме туралы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (ҚР МЖМБС 5. 03. 015- 2006)
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 13 қаңтардағы №13 бұйрығымен бекітілген Кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында білім алушыларды ауыстыру және оқуға қайта алу ережесі туралы
Глоссарий
Академиялық күнтізбе (Academic Calendar) - оқу жылы барысындағы оқу және бақылау іс-шараларын, демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсететін күнтізбе;
Академиялық кезең (Term) - теориялық оқыту кезеңінде жоғары оқу орны үш нысанның (семестр, триместр, тоқсан) бірін таңдап алады;
Апелляция (Appeal) - студент өтініші бойынша білімін бағалауда орын алған кемшіліктерді жою мақсатымен өткізілетін процедура;
Академиялық анықтама (Transcript) - студенттің тиісті оқу кезеңіндегі өткен пәндері бойынша меңгерген кредиттері мен бағалары әріппен және санмен көрсетілген құжат;
Білім алушының оқу жетістіктерін бақылау (Student Academic Achievement) - түрлі бақылау тапсырмалары негізінде (жазбаша жұмыстар, тестілер, практикалық жұмыстар, ауызша сұрау т. б. ) білім алушылардың нақты пән бойынша меңгерген білімін тексеру, ол ағымдық, аралық және қорытынды бақылау болып бөлінеді;
Білім алушылардың академиялық рейтингісі (Academic Rating) - аралық аттестаттау нәтижелері бойынша жасалатын білім алушының бағдарламалық материалды меңгеру деңгейінің сандық көрсеткіші;
Білім алушылардың өздік жұмысы (Independent Work, Student out of Class Work) - оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсыныстармен қамтамасыз етілген тестілер, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есептер түрінде бақыланатын, өз бетінше оқып-тануына бөлінген белгілі бір тақырыптар тізбесі бойынша жұмыс;
Жұмыс оқу жоспары (Curriculum) - оқу пәндерінің тізімін, көлемін және оқу тәртібін реттейтін негізгі құжат;
Жеке оқу жоспары (Individual Academic Program) - студенттің оқу жылы барысындағы білім кеңістігін анықтайтын басты құжат;
Қорытынды бақылау (Final Examination) - білім алушылардың оқудағы жетістігін бақылау үшін жүргізілетін тексеріс, қорытынды бақылауды жүргізудің нысаны жазбаша, ауызша, тестілеу, кешенді емтихан болып табылады;
Кәсіби практика - студенттің оқу пәні дәрежесінде білім кеңістігін құрайтын және оның кәсіби біліктілігін жетілдіруге мүмкіндік беретін маңызды сала. Практика бағасы GPA балын есептегенде ескеріледі;
Курстық жұмыс - типтік оқу жоспары бойынша жекелеген оқу пәндерінен студенттің белгілі бір тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуының бастамасы;
Оқу пәніне жазылу (Enrollment) - жоғары оқу орнында белгіленген тәртіппен білім алушылардың оқу пәндеріне алдын-ала жазылу рәсімі;
Оқытушының басшылығымен жасалатын білім алушының өздік жұмысы (Student Independent Work with Teacher - Office Hours) - арнайы кесте бойынша тьютордың басшылығымен жүргізілетін жұмыс. Тьютордың жеке жүктемесі негізінде орындалады.
Пәннің коды (Course code) - оқу жоспарындағы әр пәнге берілген әріптік және сандық көрсеткіш, ол оқу пәнінің циклі мен оқытылу тәртібін көрсетеді;
Студенттің анықтама-жолсілтеуіші (Student Guide-book) - студенттің құқығы мен міндеттері, барлық оқу кезеңінің жұмыс оқу жоспары, пән бойынша қорытынды бағаны есептеу әдістемесі және мемлекеттік қорытынды аттестаттау талаптары көрсетілген құжат;
Типтік оқу жоспары (Typical Curriculum) - мамандық бойынша жалпыға міндетті білім беру стандартының бір бөлігі болып табылатын бекітілген міндетті оқу компоненттерінің тізбегі және жалпы білім беру пәндері, базалық, кәсіптік пәндер циклдерінің кредит санымен берілген негізгі құжат;
Үлгерімнің ағымдық бақылауы (Control of Student Knowledge in Classes) - пән тьюторының оқу пәнінің әр тақырыбы немесе бөлімі бойынша студенттің оқу үлгерімін жүйелі тексеруі;
Үлгерімнің аралық бақылауы (Midterm Examination) - бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізілетін білім алушылардың оқудағы жетістігіне мерзімдік бақылау;
Үлгерімнің орташа балы (Grade Point Average - GPA) - студенттің таңдап алған бағдарламасы бойынша оқу жылы ішіндегі орташа білімінің қорытындысы;
Элективті курстар (Elite Education) - оқу орны Ғылыми Кеңесінде бекітілген оқу жоспарына енетін, студенттің өз қалауы бойынша таңдайтын оқу жүйесі компоненттері;
Эдвайзер (Advisor) - оқу кезеңінде білім бағдарламасын меңгеруге бағыт беретін арнаулы кафедра оқытушысы.
Студенттің құқы мен міндеттері:
Құқы:
- Жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты талабына сәйкес білім алуға;
- оқу жылына арнап құрған жеке оқу жоспары негізінде оқуға;
- кәсіби мамандығына сай элективті оқу пәнін таңдауға;
- басқа жоғары оқу орнына немесе бір мамандықтан (оқу түрінен) екіншісіне ауысуға;
- институт кітапханасы қорындағы ақпараттарды тегін пайдалануға;
- оқу пәні бойынша шыққан оқу-әдістемелік кешенді (силлабус) тегін пайдалануға;
- өзіне сабақ беруші тьютордың кәсіби біліктілігі мен шеберлігін анықтауға жүргізілген сауалнамаға қатынасуға;
- өз көзқарасы мен пікірін еркін білдіруге;
- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланған конкурстарға (білім, өнер, спорт, т. б. ) қатынасуға.
Міндеті:
- Сабақтан кешікпеуге, қалмауға;
- кафедра, деканат, офис-регистрация тарапынан берілген тапсырмаларды уақытында, ұқыпты орындауға;
- аудиторияға қоңырауға дейін 5 минут бұрын келіп, жайғасып, сабаққа дайын отыруға;
- топ старостасы кезекшіні тағайындап, сабаққа қажет құралдарды дайындауға;
- аудиторияға кірген тьюторға орнынан тұрып сәлемдесуге;
- сабақ үстінде ұялы телефонды пайдаланбауға;
- барлық оқу пәні сабағына белсенді қатынасуға;
- барлық адамдармен кішіпейіл түрде қарым-қатынас жасауға;
- институт, жатақхана мүлкіне жанашырлықпен қарауға;
- электр жарығын үнемді пайдалануға;
- институт пен жатақханада тазалық сақтауға;
- әр сабақтан соң отырған орнын тазалап кетуге;
- жатақхана ішкі тәртіп ережесін қатаң сақтауға;
- оқу ақысын уақытында төлеуге;
- сағыз шайнап, шемішке шағуға қатаң тиым салынады.
Студенттің жеке оқу жоспарын құру тәртібі туралы ереже
Жеке оқу жоспары (Individual Academic Program) - студенттің оқу жылына арналған білім кеңістігін айқындайтын басты құжат.
- студенттің жеке оқу жоспарын құру мерзімі академиялық күнтізбеде көрсетіледі;
- студент жеке оқу жоспарын құруды эдвайзер көмегімен жүзеге асырады;
- студенттің жеке оқу жоспары оқу пәніне жазылу нәтижесінде қалыптасады;
- оқу пәндері міндетті және элективті (таңдау) болып бөлінеді;
- студент жеке оқу жоспарын құру барысында типтік оқу жоспарында көрсетілген міндетті оқу компоненттерін көрсетілген семестрлер бойынша оқуға міндетті;
- элективті оқу пәндерін болашақ кәсіби мамандығының ерекшелігіне қарай таңдайды;
- студент жеке оқу жоспарын құру барысында әр оқу пәні бойынша білім беруші тьюторды да таңдау құқығы бар;
- пән тьюторын таңдауда оқытушының білімділігі мен кәсіби шеберлігі, жеке басының адамгершілік қасиеті басты критерий болып табылады;
- студенттің жеке оқу жоспарын құруы оқу жылына арнап жүргізіледі;
- студент жеке оқу жоспарын құру барысындағы барлық құжаттарын өзі толтыруы тиіс;
- бөгде адамның толтыруына қатаң тиым салынады;
- жаңадан қабылданған бірінші курс студенттері үшін жеке оқу жоспарын құру 30 тамызға дейін аяқталуы керек;
- 1 курс студентіне жеке оқу жоспарын құру үшін офис-регистрация төмендегідей құжаты негізінде рұқсат береді:
- оқу орнына қабылданғандығы туралы бұйрық;
- І семестр оқу ақысын толық төлегендігі (ақылы негізде оқитын студент үшін) туралы түбіртек;
- 2 және жоғары курс студенттері жаңа оқу жылына арналған жеке оқу жоспарын наурыз айының екінші жартысынан бастап құрып, 1 сәуірге дейін офис-регистрацияға тапсыруы керек;
- 2 және жоғары курс студенттері 25 тамызға дейін жеке оқу жоспарына өзгеріс енгізе алады;
- студент жеке оқу жоспарына енгізетін өзгертулері туралы өтінішін офис - регистрацияға (деканатқа) береді;
- жоғары оқу орны әр оқу пәнінің ашылуына тиіс академиялық топтағы студенттердің ең төменгі және жоғары санын белгілейді;
- егер1 сәуірге дейін жекелеген элективті оқу пәндеріне жазылған студенттердің саны тиісті мөлшерден аз болса, онда пән ашылмайды және жеке оқу жоспарына енгізілмейді;
- офис-регистрация бұл туралы студенттерді дер кезінде хабардар етеді;
- егер пән тьюторына тілек білдірген студент саны тиісті
мөлшерден көп болса, онда офис-регистрация осы пән бойынша
екінші академиялық топ құрады;
- егер студент келесі курсқа арналған жеке оқу жоспарын
бекітілген мерзім ішінде офис-регистрацияға тапсырмаса, онда
оның жоспарының негізі ретінде сол курс студенттерінің жеке
оқу жоспары қабылданады;
- бекітілген жеке оқу жоспарына оқу жылы барысында өзгеріс
енгізуге қатаң тиым салынады;
- оқу пәніне жазылу тәртібі аяқталып, түзетулер енгізілгеннен
кейін, барлық жеке оқу жоспарларын факультет деканы бекітеді;
- түп нұсқасы деканатта сақталып, бір-бір данасы факультет офис-
регистраторы мен студентке беріледі;
- студенттің жеке оқу жоспары типографиялық жолмен басылып,
көбейтіледі.
Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру туралы ереже
Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) (Independent Work, Student out of Class Work) - студенттердің жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты бойынша оқытылатын оқу пәндерінен білімдерін толықтыру мақсатында жүргізілетін оқудың ерекше түрі.
- студенттер өздік жұмысты пән тьюторының жетекшілігімен аудиторияда және аудиториядан тыс уақытта орындайды;
- студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру жоспары кафедра мәжілісінде қаралып, бекітіледі;
- студенттердің өздік жұмысы әр оқу пәні бойынша типтік және жұмыс бағдарламалары (силлабус) негізінде ұйымдастырылады;
- студенттердің өздік жұмысы ғылымның белгілі саласы бойынша материалды терең меңгеріп, дүниетанымын кеңейтіп, танымдық қабілеттерін дамытатын дағды мен бейімділікті қалыптастырады;
- студенттердің өздік жұмысы логикалық ойлауды, шығармашылық белсенділікті, оқу материалын меңгеруге зерттеушілік тұрғыдан келуді қамтамасыз ететін практикалық міндеттерді орындаумен байланысты;
- студенттердің тьютор жетекшілігімен жүргізілетін өздік жұмысы тьютордың педагогикалық жүктемесіне енеді;
- студенттердің өздік жұмысқа қатынасуы, берілген тапсырмаларды орындауы арнайы журналға тіркеліп отырады;
- студенттердің өздік жұмысы практикалық (семинар) немесе лабораториялық сабақтардың сағат көлеміне еніп, студент білімін тексеру кезінде ескеріледі;
- кафедра студенттердің өздік жұмысының сапасын бақылайды;
- студенттердің өздік жұмысының нәтижелері реферат, баяндама, шығармашылық жұмыс, бақылау жұмысы, курстық немесе дипломдық жұмыс, ғылыми мақала, аудиобейнеесеп беру түрінде дайындалуы мүмкін;
- студенттердің өздік жұмысының нәтижелері коллоквиум, конференция, іскерлік ойын, мәлімдеме, жеке сұхбаттасу түрінде өтуі мүмкін.
Ағымдық бақылау өткізу ережесі
Ағымдық бақылау (Control of Student Knowledge in Classes) - оқу пәнінің әр тақырыбы немесе жеке тарауы бойынша студенттің оқу жетістіктерін жүйелі тексеру түрі.
- Ағымдық бақылау әр семестрдің 7 аптасында қабылданады;
- ағымдық бақылау өткізу кестесін офис-регистратор жасап, бірінші проректор бекітеді;
- әр оқу пәні үшін ағымдық бақылау 30 балға дейін бағаланады;
- студент ағымдық бақылауды міндетті түрде тапсыруы қажет, нәтижесі қорытынды бақылауда ескеріледі;
- ағымдық бақылауды пән тьюторы қабылдайды;
- ағымдық бақылаудың өткізу түрін (ауызша, жазбаша, тест түрінде) кафедра тағайындайды;
- студенттің ағымдық бақылау нәтижесінде алған бағасы арнайы бақылау ведомосіне қойылып, офис-регистраторға тапсырылады;
- ағымдық бақылау ведомосына міндетті түрде студент пен тьютордың қолы қойылады;
- ағымдық бақылау нәтижесімен келіспеген жағдайда студент апелляцияға беруге құқығы бар;
- ағымдық бақылаудан өтпеген студентке дәлелді себебі болмаған жағдайда қайта тапсыруға (ауырғандығы т. б. ) рұқсат берілмейді;
- студентке ағымдық бақылауға қатыспау себебін дәлелдейтін заңды құжатын тапсырған жағдайда қайта тапсыруға рұқсат беріледі;
- бақылау ведомосына қойылған бағаны офис-регистратор компьютердегі мәліметтер базасына енгізіп, түзетуге қатаң тыйым салынады;
- студенттерді ағымдық бақылау өткізу тәртібімен таныстыру кафедра эдвайзеріне жүктеледі;
- ағымдық бақылауға түрлі себепті жағдайлармен (іс- сапарда болуы, сырқаттануы, т. б. ) қатыса алмаған студенттер офис-регистратор құрған кесте бойынша тапсырады.
Аралық бақылау өткізу ережесі
Аралық бақылау (Midterm Examination) - кредиттік жүйе бойынша оқитын студент білімін мерзімдік тексеру түрі.
- аралық бақылау мамандықтың академиялық күнтізбесіне сәйкес әр семестрдің 14 аптасында өткізіледі;
- аралық бақылау өткізу кестесін офис-регистратор жасап, бірінші проректор бекітеді;
- студент аралық бақылауды міндетті түрде тапсыруы қажет, оның нәтижесі қорытынды бақылауда ескеріледі;
- аралық бақылауда жеке оқу пәндері бойынша студент білімі 30 балға дейінгі көрсеткішпен бағаланады;
- аралық бақылауды пән тьюторы қабылдайды;
- аралық бақылау жазбаша тест түрінде қабылданады;
- студенттің аралық бақылау нәтижесінде алған бағасы арнайы бақылау ведомосіне қойылып, офис-регистраторға тапсырылады;
- аралық бақылау ведомосына міндетті түрде студент пен тьютордың қолы қойылады;
- студент аралық бақылау қорытындысымен келіспеген жағдайда апелляцияға беруге құқығы бар;
- бақылау ведомосына қойылған бағаны офис-регистратор компьютердегі мәліметтер базасына енгізеді және түзетуге қатаң тыйым салынады;
- аралық бақылауға түрлі себепті жағдайлармен (іс-сапарда болуы, сырқаттануы, т. б. ) қатыса алмаған студенттер офис-регистратор құрған кесте бойынша тапсырады, дәлелді себебі болмаған жағдайда қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
Курстық жұмысты орындау ережесі
Курстық жұмыс (Course work) - жекелеген оқу пәндерінен студенттің белгілі бір тақырып бойынша танымдық қабілеттерін дамытатын шығармашылық ғылыми-зерттеу жұмысы.
- курстық жұмыс типтік оқу жоспарындағы міндетті оқу компоненттерінен берілген кредит құрамында орындалады;
- курстық жұмыс тақырыбы пән бағдарламасына сәйкес болып, ғылыми маңызы зор өзекті мәселені қарастыруы шарт;
- курстық жұмыс тақырыбы кафедра мәжілісінде қаралып, бекітіліп, студентке таңдау үшін ұсынылады;
- студент курстық жұмыс тақырыбын анықтаған соң, таңдаған тақырыбы, жетекшісі кафедра мәжілісінде бекітіледі;
- курстық жұмысқа жетекшілікке кафедраның жоғары білікті педагогикалық мамандары - профессор, доцент және аға оқытушылар тағайындалады;
- кафедра курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау шығарып, студенттерді қамтамасыз етеді;
- курс жұмысы бір академиялық кезеңде орындалып, нәтижесі жетекшіге белгілі мерзімде топтама (блок) бойынша тапсырылып отырады;
- жетекші студенттің берілген тапсырманы орындауын балдық-рейтингтік жүйемен бағалап отырады;
- жетекшінің курс жұмысын орындауға консультация беруі студенттің оқытушымен өткізілетін өздік жұмысы кезінде жүзеге асырылады;
- курстық жұмыс қорытынды бақылауға дейін 1 апта бұрын қорғалуы тиіс;
- курстық жұмысты қорғау кестесін офис-регистратор жасап, бірінші проректор бекітеді;
- курстық жұмыс тапсырмаған студент сол оқу пәні бойынша қорытынды бақылауға жіберілмейді;
- курстық жұмысты кафедра меңгерушісінің өкімімен бекітілген комиссия қабылдайды, комиссия мәжілісі хаттамамен рәсімделеді;
- курстық жұмыс бағасы балдық-рейтингтік жүйемен бағаланып, арнайы ведомость пен студенттің сынақ кітапшасына қойылады.
Қорытынды бақылауды өткізу ережесі
Қорытынды бақылау (Final Examination) - студенттің белгілі академиялық кезең ішінде жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты негізіндегі кәсіби-білімдік бағдарламаны меңгеру деңгейі бойынша оқу жетістігін тексеру түрі.
- корытынды бақылау ҚР БҒМ-нің 18. 03. 2008 жылы № 125-бұйрығымен бекітілген ережесінің талаптарына сай ұйымдастырылады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz