Прокуратураның құқықтық актілері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
  2. Прокурорлық қадағалау актілерінің міндеті
  3. Прокуратураның ұйымдық құрылым
  4. Прокуратура кадрлары

Қазақстан Республикасының прокуратурасы

Құқық қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі прокурорлық қадағалау болып саналады. Прокурорлық қадағалауды жүзеге асыратын орган прокуратура болып есептеледі.

Конституцияға және «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы заң күші бар Жарлыққа сәйкес, Республика Прокуратурасы:

1) Республика аумағында заңдардың, Президент жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің және бірізділікпен қолданылуына, жедел іздестіру қызметінің, анықтау мен тіргеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады;

2) Сотта мемлекеттік мүддесін қорғайды;

3) қылмыстық қудалауды іске асырады.

Прокурорлық қадағалау оның қызметінде негізгі бағыт болып есептеледі.

Прокурорлық қадағалау деген ұғымды заңдардың дәл және бірізділікпен қолданылуын бұзуды дер кезінде анықтап, кемшілікті түзетіп отыру және кінәлі адамдарды жауапқа тарту арқылы прокуратура қызметін мемлекет атынан жүзеге асыру деп түсіну керек.

Прокурорлық қадағалаудың мәні мен ерекшеліктері прокуратура қызметін ұйымдастыру жұмысының негізгі болып саналатын принциптермен белгіленеді.

Оларға мыналар жатады:

Прокуратурадағы тұтастық, орталықтану және дара басқару.

Оның органдарының бәрі төменнен жоғарыға қарай бас прокурорға бағындырылған, біртұтастықты білдіреді, мемлекет атынан әрекет етеді және бүкіл прокуратура жүйесінің өкілі болады, ортақ мақсаттары, міндеттері, қадағалау нысандары мен әдістері бар. Бұл принцип прокурорды «патшаның оң көзі» атанған 1Петрдің заманынан бері бар. Мұндай жағдай мемлекетік билік заң деңгейіне көтерген ережелерден ауытқудың кез келген түріне жедел және тиімділікпен назар аударуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, саяси партиялардан және қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіздік. Тәуелсіздік бәрінен бұрын прокуратураның мемлекеттік органдар жүйесіндегі дербес жағдайымен, оның материалдық-техникалық базасын мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырумен, оның органдары мен лауазымды адамдарын толық саясатсыздандырумен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге тәуелсіздік бақылаусыздық деген ұғымды білдірмейді. Бас прокурор Президент алдында кем дегенде әр тоқсан бір реттен есеп беріп отырады. Прокурордың әрекеттері мен актілеріне жоғары тұрған прокурорға және сотқа шағым берілуі мүмкін.

Прокуратура органдарының қызметіне араласуға тыйым салынады. Прокурорлардың шешімдеріне ықпал етуге тырысудың кез келгеніне тыйым салынады және қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілік туғызады.

Прокурорлық қадағалау актілерінің міндеттілігі. Прокурорлық қадағалаудың негізделген актілері барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың сөзсіз орындауына жатады. Прокурорлардың қаулыларын, нұсқамаларын, нұсқауларын және талаптарын орындамау заң бойынша жауапкершілік келтіреді.

Жариялылық. Прокурор қадағалауының тиімділігін арттыру үшін және құқық бұзудың алдын алу мақсатымен прокурор өз қызметін ашық жүргізеді. Тексерулердің нәтижелері көпшілікке, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да таратылады. Бұған құпиялық сақтау немесе моральға байланысты жариялау мүмкін болмайтын жағдайлар кірмейді.

Прркурорлық қадағалау, сондай-ақ құқық қорғау қызметінің жалпы принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады, оған заңдылық, адамның және азаматтың құқығы мен бостандығының бостандығы, заң алдында бәрінің де теңдігі, лауазымды адамдардан өз міндетін атқару кезінде талап етілетін біліктілі, іс жүргізудегі ұлттық тіл, жан-жақтылық, толықтық және басқалары кіреді.

Өзге құқық қоғау органдармен ортақ міндеті-құқық қорғау міндеті бола отырып, прокуратура оған тек өзіне ғана тән тәсілдер арқылы қол жеткізеді, ол-заңдылыққа бақылау ұйымдастыру, қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық қудалау, сот органдарында мемлекет мүдделерін қорғау.

Заңдылықта қадағалау негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады (оларды прокурорлық қадағалаудың салалары деп атайды) . Ол бір мезгілде біртеті қоғамдық қатынастарды және оларды реттейтін нормаларды да қамтиды. Оларға мыналар жатады:

- адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттің мүдделерін сақтауды қадағалау (жалпы қадағалау деп аталад) ;

- жедел іздетіру қызметін қадағалау;

- тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау;

- әкімшілік іс жүргізудің заңдылығын қадағалау;

- атқарушы іс жүргізудің заңдылығын қадағалау.

Осы аталған бағыттардың әрқайсысының өз міндеттері және айрықша ерекшеліктері бар. Сонымен бірге прокурорлық қадағалау біріктіреді. Жалпы мақсат Конституция мен заңдардың үстемдігін қамтамасыз ету, адамның және азаматтың құқығы мен бостандығын және құқықтық ықпал ету әдісін қорғау.

Қадағалау әрқашан текскру жүргізу жолмен жүзеге асырылады. Оған мыналар негіз бола алады:

- Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы;

- Заңдардың бұзылғандығы жөнінде арыздар, шағымдар, хабарлау және басқа да деректер:

- заңдардың бұзылғандық белгілерін тікелей айғақтау.

Жоғарыда тұрған прокурордың тапсырмасы немесе сұрау салуы.

Прокуратураның ұйымдық құрылымы. Прокуратура органдары жүйесінің ұйымдық құрылымы аумақтық-аумақтық принцип бойынша түзілген. Әрбір әкімшілік-аумақтық бөліністе прокуратураның ауданнан бастап барлық тиісті тармақтары бар. Бұған қоса мамандырылған прокуратуралар болады-көлік, табиғат қорғау, арнайы объектілер прокуратуралары. Олар аудандық прокуратуралардың құқықтарына орай әрекет етеді және өз қызметтеріне тиісті облыстық прокуратураға бағынады.

Мамандырылған прокуратраларға сондай-ақ түзілісі армияда қабылданған ұйымдар құрылымына сәйкес келетін әскери прокуратуралар да жатады.

Прокуратура жүйесіндегі ең жоғарғы орган-Бас прокуратура. Оны Парламент Сенатының келісімімен 5 жыл мерзімге Президент тағайындайтын Бас прокурор басқарады.

Орталық аппарат Бас прокурордың ұсынымы бойынша Президент қызметке тағайындайтын және жұмыстан босататын бірінші орынбасардан, 3-4 орынбасарлардан, сондай-ақ-секретариаттан, басқармалардан және бөлімдерден тұрады.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанынан заңдылық пен құқық қорғау проблемаларын зерттеу және кадрлар мамандығын арттыру институты құрылған.

Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелері негізінен алғанда прокурорлық қадағалаудың салалары (бағыттары) бойынша құрылады.

Бас прокуратура прокуратураның бүкіл жүйесіне басшылық етеді, оның мемлекеттік билік орталық органдары, халықаралық ұйымдар алдындағы өкілдігін қамтамасыз етеді. Басқа құқық қорғау органдармен өзара қарым-қатынас болады, Республикадағы заңдылық ахуалына және қадағалау практикасына талдау жасайды, норма шығармашылығы қызметіне қатысады, заң шығару бастамаларын көтереді.

Облыстық және соларға теңестірілген прокуратуралар, мәселен, әскери Бас прокуратура, астана және республикалық бағынастағы Алматы прокуратуралары осы органдар жүйесіндегі орта буын болып табылады. Олар Бас прокуратураға бағындырылған. Олардың прокурорлардың, сонымен қатар Бас прокурордың орынбасары болып есептелетін әскери Бас прокурорды қоспағанда, Бас прокурор тағайындайды. Қызметкерлердің штаттық саны жағынан бұл органдардың аппараттары. Бас прокуратураның құрылымымен бірдей деуге болады. Олардың да бөлімдері мен басқармалары бар. Прокурорларда олардың орынбасарлары, аға көмекшілері, аға прокурорлары және бөлімдер мен басқармалар прокурорлары болады.

Бас прокуратурада және облыстық прокуратураларда ұйымдық мәселелерін қоса заңдардың бұзылғандығын аймақтайтын елеулі фактілерді қарайтын кеңесші органдар-алқалар құрылады.

Прокуратура жүйесіндегі төменгі буынға жергілікті жерлерде өз құзіреті шетінде заңдардың дұрыс қолданылуын қамтамасыз ететін, қылмыстық қудалауды ұйымдастыратын және сот жүйесін негізгі тармағының соттарында мемлекет мүддесін қорғайтын қалалық, аудандық және соларға теңістірілген прокуратуралар жатады. Екі және одан да көп ауданда (қалада) немесе қала мен аудан аумағында ауданаралық прокуратуралар құрылуы мүмкін. Атқаратын жұмысының салмағына және штат санына қарай оларда бөлімдер құрылуы мүмкін.

Прокуратура кадрлары. Қазақстан Республикасы Президентінің 21. 12. 95 жылғы «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» заң күші бар жарлығына сәйкес мыналар прокурор бола алады: Республикасының Бас прокуроры, оның бірінші орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері, ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілер, прокуратура басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары және олардың орынбасарлары, барлық төмен тұрған прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілер, қадағалау саласының прокурорлары, прокуратура органдары басқармаларының және бөлімдерінің аға прокурорлары мен прокурорлары, сондай-ақ әскери, өкілетті және мамандырылған прокурорлар. Осылардың бәрі, сондай-ақ прокуратураның ғылыми және білім беру мекемелерінің аттестталған қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен прокуратура органдарында қызметтен өту туралы ереже негізінде прокуратура органдарда қызметтен өтеді.

Прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру кәсіпқойлық принципін қамтамасыз ету мақсатында қызметтің осы саласымен айналасушыларға белгілі талаптар қойылады. Мәселен, прокуратура органдарына қызметке тұту мемлекеттік қызметкерлер кадрлары туралы республикалық орталыққа алдын-ала сұрау салу және азаматтарды арнайы тексеруден өткізу жолымен жүргізіледі. Бұл тексеру бұрын сотталған немесе қылмыстық жауапкершілікпен ақталмайтын негіздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен теріс қылықтары үшін қуылған адамдарды айғақтау мақсатын көздейді. Сонымен қатар тексеру кандидаттың азаматтық ахуалын, денсаулық жағдайын, білімін анықтайды. Сондай-ақ іскерлігін, жеке басының адамгершілік қасиетін әйгіледі.

Прокуратура қызметкерлері үшін мыналар міндетті талаптар болып есептеледі:

- Қазақстан Республикасының азаматтығы;

- Заңгерлік жоғарғы білім;

- Сотталмағандық, мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылмағандық;

- Денсаулық жағдайы;

- Іскерлік жіне моральдық қасиеттері.

Әскери прокурорлар міндетті түрде әскери қызметкерлер болуға тиіс. Прокуратураның басшы құрамына-облыстардың (қалалардың) және соларға теңестірілген прокуратуралардың прокурорларына қосымша талаптар қойылады жасы 25-тен кем болмауы және прокуратурадағы жұмыс стажы 3 жылдан кем болмауы керек.

Прокуратураның барлық қызметкерлері үш жылда бір рет аттестаттаудан өтуге тиіс, ол олардың қызметтерін қорытындылайды, кәсіпқойлық жарамдылығын, атқарып жүрген қызметіне сәйкестігін және қызметке жоғарлату немесе кезекті сыныпты шен атақ беру мүмкіндігін анықтайды.

Прокуратураның құқықтық актілері. Прокуратураның құқықтық актілер жүйесі мыналардан құралады.

1) пррокурорлақ қадағалау актілері;

2) прокуратураның ұйымдық және қызмет мәселелерін реттейтін актілер (бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулар, ережелер) .

Прокурорлық қадағалау актілеріне нормативтік және кесімді өсімдік сипатағы заңның бұзылуы прокурорлық назар аудару құжаттары - наразылықтар, қаулылар, санкциялар, ұсынымдар, нұсқаулар, шағымдар, заңды түсіндірулер жатады.

Наразылықтар мемлекеттік органдармен лауазымды адамдардың Конституцияғв, Президент заңдары мен нормативтік актілеріне және өзге де құқықтық актілерге қайшы келетін шешімдері мен әрекеттеріне келтіріледі. Олар тікелей заң бұзушы адамға немесе жоғары тұрған органға жасалады және 10 күндік мерзім ішінде қаралауға жатады. Прокурор наразылықтары заңсыз актіні өзгертуді, оны заңдармен сәйкестендіруді, лауазымды адамның заңсыз актіні өзгертуді, оны заңдармен сәйкестендіруді, лауазымды адамның заңсыз әрекетін тоқтатуды және бұзылған құқықты қалпына келтіруді талап етуді қамтиды. Прокурор наразылық бойынша шешім қабылданғанға дейін шағым жасалған актіні немесе әрекетті кідірте алады.

Сот органдарына берілетін наразылықтар үшін тиісті процессуалдық заңмен белгіленетін ерекше тәртіп бар.

Қаулыны прокурор өзінің жүргізген қадағалау жұмысына байланысты процессуалдық әрекеттерін ресімдеу мақсатымен жасайды. Мәселен, қылмыстық іс қозғау, тәртіптік іс жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық ісін қарау кезінде прокурор өкілетті органдар мен лауазымды адамдарды құқық бұзушылықты, оларға кінәлі адамдарды, айыптылықты анықтау және оларды жауапқа тарту бойынша шаралар қолдануға бағытталған тиісті әрекеттерді орындауға міндейттейтін дәлелді қаулы жасайды.

Қадағалау тексеруін жүргізер алдында прокурор іс қозғау туралы қаулы шығарады, онда өзінің реквизиттерін, негіздемелерін, иексерудің мақсаты мен мерзімін көрсетеді. Қаулы сондай-ақ тергеу әрекеттерін жүргізу қажет болған жағдайларда, мәселен, алу, тінту жүргізу, тұтқындау немесе тыйыммен шектелген шаралар қолдану (заңсыз құқықтық актінің күшін тоқтата тұру) және заңда қарастырылған өзге де жағдайларда шығарылады.

Санкция белгілі бір процессуалдық әрекеттерді орындауға прокурордың жазбаша келісім (рұқсаты) дегенді білдіреді. Ол негізінен тергеу шұғыл шараларды орындау үшін беріледі. Мәселен, сезікті, айыпкер адамды тұтқындауға; тінту жүргізуге; айыпкерді қызметтен шеттеуге және т. б.

Санкция әдетте лауазымды тұлғаның қаулысына қарар ретінде ресімделеді, бірақ принципіне оны жасаудың өзге де нысандары болуы мүмкін.

Нұсқаулар заңдық мәні бар фактілерді анықтау үшін қажетті белгілі бір әрекеттерді орындауға деген прокурордың өкімі білдіреді. Мәселен, олар қылмыстық іс қозғауға және тергеу жүргізуге байланысты анықтау және тергеу жүргізуге байланысты анықтау және тергеу орныдарына, жедел іздестіру жұмысын жүзеге асыратын органдарға беріледі.

Прокурордың нұсқауы орындалуға міндетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Прокурорлық қадағалау
Прокурорлық қадағалау пәні бойынша дәріс тезистері
Қазақстан Республикасы прокуратурасының Конституциялық – құқықтық мәртебесі
ҚР-ның прокуратурасы
Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерiнiң жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасының прокуратурасының міндеттері
Прокурорлық қадағалау туралы ақпарат
Прокуратура қызметі мен даму тарихы
Қазақастан Республикасы прокуратура органдары қызметінің басты бағыттары
ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz