Көне Грек философиясының ерекшеліктері


Жоспар:
Кіріспе
1 КӨНЕ ГРЕК ФИЛОСОФИЯСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1. 1 Көне Грек философиясының ерекшеліктері
1. 2 Көне Грек философиясының негізгі өкілдері
2 Классикалық философия. Сократ, Платон, Аристотель.
2. 1 Сократ
2. 2 Платон
2. 3 Аристотель
3 Антика философиясы
3. 1 Эмпедокл
3. 2 Анаксагор
3. 3 Киниктер философиясы
3. 4 Милет мектебі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
3
6
6
6
11
11
12
15
18
18
19
21
24
30
33
Кіріспе
Грек философиясы мен мәдениетінің өркендеген жері грек жері емес, Жерорта теңізі жағалауындағы елдер. Бұл елдерді бір кезде гректер жаулап алған болатын. Милет, Самос, Абдер сияқты қалалар Жерорта теңізіне жақын болып, оларда сауда-саттық және экономикалық қатынастар кеңінен өркендеді. Сондықтан бұл қалаларда ірі мәдениет ошағы, философиялық орта пайда болып, дами бастады. Эфестік Гераклит (шамамен б. д. д. 540ж. ) . Оның есімі философия тарихында өшпес із қалдырған. Сонымен қатар, Гераклит тарихта Қараңғы деген қосымша атпен белгілі. Мұндай теңеу оның шығармаларының ерекшелігіне: ойлау машығының сипатына, тіліне, стиліне қарай айтылады. Гераклиттің ойлары өте қысқа әрі жинақты келеді. Ол түсініксіз сөздер арқылы терең ой жүйесін ширатып, әрбір құбылыс пен заттың мәнін ашуға тырысады.
Гераклит қарама-қарсылықтардың бірінсіз-бірі өмір сүрмейтіндігін дәлелдеп шықты. Ол дүниенің тұрақсыздығын, оның үнемі қозғалыс пен өзгерісте, жалпы дамуда болатынын айқындап берді. «Өзендегі суға екі рет түсе алмайсың, өйткені ол ағып жатыр» дейді. Мұның өзі барлығы ағып, үнемі дамуда болады деген пікірді білдіреді. Гераклит қарама-қарсылықтардың бір - бірінен ажыраспайтынын, бір - біріне өтетінін, алмасатынын, бірін-бірі толықтыратынын, бірі жойылса, екіншісі де жоғалатынын айқындап берді.
Гераклит сол кездегі басқа ойшылдар сияқты жаратылыстану саласымен айналысып, дүниенің негізін материалдық біртұтастықтан іздеді. Сондықтан да ол дүниенің негізін отта деп есептеді.
Гераклит - көрнекті диалектик, теориялық ойлаудың шым-шытырман тұңғиығына, оның қайшылықтары мен бұрылысы көп жолдарына батыл көз жүгірткен ғұлама философ. Гераклиттің диалектикасы көптеген келелі мәселелерді көтерді. Сондай проблемалардың бірі таным процесін, әсіресе, диалектикалық танымның салыстыру әдісімен қалыптасатынын атап көрсетті. Салыстыру арқылы жақсылық пен жамандықтың, әсемдік пен көріксіздіктің т. б, жігін ашып, мәнін негіздеуге тырысты.
Грек философиясында Гераклит диалектикасына қарама-қарсы бағытта пайда болған сол кездегі ағымдардың бірі - Элей мектебі болды. Ол мектептердің өкілдері - Парменид пен Зенон. Парменид пен Зенон бастаған Элей мектебі келелі философиялық мәселелерді көтерді. Ең алдымен олар болмыс туралы проблеманы жан-жақты талқылады.
Элей мектебі болмыс туралы философиялық мәселе көтере отырып, оның мәнін ашуға әрекеттенді. Болмысты тек ойлау арқылы білуге, түсінуге, сырын ашуға болады. Ендеше, негізгі мәселе - ойлаудың болмысқа деген қатынасы. Бұл - Элей мектебінің ашқан жаңалығы. Мұның өзі кейін философияның негізгі мәселесіне айналды.
Элей мектебінің негізін қалаған Парменид деген ойшыл. Оның ұстазы атақты ақын, ойшыл Ксенофан.
Міне, Парменид болмыс туралы терең ой-пікірлер қозғаған. Ол: «Болмыс бар, болмыс емес жоқ» - кесіп айтты.
Зенонның атақты апориялары: «Ахиллес пен тасбақа», «Жебе». Апория - ойлаудағы қиналу, аң-таң болу, шешілмейтін жұмбақ мәселе.
Пифагоршылдар - ежелгі грек философы, әрі математигі, Пифагордың ізбасарлары. Олар дүниенің негізін сандық қатынастарда, сан барлық заттар мен процестердің мәні деп есептеді. Сандардың негізі әрбір зат пен процестің өлшемінде жатыр.
Атомистер - материалистік тұрғыдағы философиялық мектеп. Негізі өкілдерінің бірі: Демокрит. Оның пікірінше, барлық материалдық дүние атомдардан тұрады. Атом бөлінбейді, мәңгілік, өзгермейді, өзіне-өзі тең.
Софистер б. д. д. V-IVғ. өмір сүрген. Софистік философия, шын мәнісінде, антропалогиялық ілім болып қалыптасқан еді. Оның негізін қалаушы аға буынның өкілі - Протагор болатын. Протагордың «Адам - барлық дүниедегі заттардың мөлшері» деген қағидасы адам туралы ілімнің іргетасын калаған негізгі принцип болды. Шынында да, адам барлық заттардың және соған қатысты процестердің мөлшері болуға тиіс. Мұндай идеяның негізінде адамның өзінің рөлі де және оның қызметінің маңызы да жан-жақты қамтылады.
Курстық жұмыстың мақсаты - Көне грек философиясының ерекшеліктерін анықтау. Осыған байланысты мындай міндеттерді алдыма қойдым:
- көне грек философиясының қалыптасуы және ерекшеліктерін анықтау;
- көне грек философиясының кезеңдерін зерттеу;
- көне грек философиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика (б. з. д. VII-Vғ. ) ;
- классикалық грек философиясы (б. з. д. IVғ. ) ;
- эллиндік-римдік философия (б. з. д. IIIғ. - б. з. Vғ. ) .
Курстық жұмысының зерттелу деңгейі. Курстық жұмысының тақырыбына қатысты зерттеулер Кеңес дәуірінде жарияланған еңбектерде көп көрініс тапты. Сонымен қатар шетел авторларының біршама еңбектері бар.
Француз буржуазиялық революциясына қарсы ағылшын тарихшысы Э. Берк Э. Размышления о революции во Франции афины демократиясы тарихының нашар жақтарын көрсетіп, жалпы демократияға қарсы шықты /7/.
Россияда Афины мемлекетінің тарихын зерттеген адамдардың бірі М. С. Куторга болды. Ол Афиныдағы азаматтық қауымның қалыптасуына көп көңіл бөлді. Тақырыпқа қатысты зерттеу еңбектерінің ішінде А. И. Доватурдың «Политика и политии Аристотеля» /8/ еңбегінің құны өте жоғары. Зерттеуші ғалым онда Аристотельдің саясатына және ол ең жақсы деп таныған мемлекеттік құрылымның полития деген түріне жан-жақты талдау жүргізіп, кең ауқымды зерттеген. Келесі бір автор А. К. Бергердің еңбегі «Политическая мысль древнегреческой демократий» /9/ деп аталады. Бұл еңбекте жалпы ерте грек қоғамындағы саяси пікірлер, оның негізгі бастамалары, демократиялық даму жолдары, Афиныдағы құл иеленуші демократия жайында, бұнда да Аристотельдің еңбегіне талқылау жасалынған. Афины мемлекетінің тарихына арнап үлкен еңбек жазған, өнімді еңбек берген зерттеуші- Р. Ю. Виппер /10/ болды. Харьков университетінің профессоры В. П. Бузескул ол Аристотельдің «Афины политиясы» құнды дерек екеніне алғаш көңіл бөлген зерттеуші. .
«Афины демократиясы тарихы» /11/ еңбегінде В. П. Бузескул афин демократиясының тарихын, оның құрлысын, қызметін және грек әлеміне әсерін зерттеді. В. П. Бузескулдің «Античность и современность» /12/ еңбегінің де маңызы зор. Р. Ю. Виппер еңбегінде б. з. д. VIII -IV ғғ. Греция тарихындағы әртүрлі әлеуметтік топтардың қақтығыстардың грек қоғамының дамуындағы ролін көрсетеді.
Қазіргі кезде Ежелгі Греция, Афины мемлекетінің тарихына арналған зерттеушілер өте көп. Россияда Санкт-Петербург ғалымдары Фролов Э. Д. «Рождение греческого полиса» /13/ және т. б. өз зерттеулерінде Афины мәселесіне көп көңіл бөлді. Және де көптеген авторлардың шығарған Греция тарихына арналған еңбектерінде, оқулықтарда Ежелгі Грециядағы тарихи жағдай, әлеуметтік-экономикалық мәселелерге, ежелгі грек ойшылдарына біршама тоқталып өткен. Сондай-ақ, ресейлік авторлар В. Я. Кисиль, В. В. Риберидің бірлесіп шығарған еңбегі «Галерея античных философов том 1» /14/ Аристотельдің жеке тұлғасына қатысты жан-жақты мәліметтер берілген. Әлем тарихында осындай өзекті мәселемен елімізде шығатын «Античный вестник» /15/ Сб. Под. Ред. В. Н. Вдовин жарияланған конференция материалдарында біршама қарастырған. Саяси ой-пікірлерге қатысты бұл мәселемен бірнеше авторлар ұжымы терең әрі нақты қарастырған. Әл-Фараби жайында зерттеу жүргізген, А. Х. Қасымжановтың Аль-Фараби /16/ еңбегі өте жоғары деңгейде жазылған еңбек болып табылады.
Курстық жұмыстың әдістемелік негізі мен әдіс-тәсілдері. Курстық жұмысын жазу барысында тарихилық, ғылыми танымдық, жүйелік, объективтілік принциптері әдістемелік негіз етіп алынды.
Курстық жұмысының мерзімдік ауқымы. Диплом жұмысы б. з. д. І-V ғғ. аралығын қамтиды. Бұл кезең Көне Грецияның қоғамдық саяси дамуында ғана емес, полистік (қала-мемлекеттердегі) жағдайдағы дағдарысқа, Афиныдағы қалыптасқан құл иеленуші демократиядағы өзгеріске толы. Осы кезең аралығында полистердегі дағдарыс тереңдей түсіп, биліктің бір түрінен екінші түріне ауысып, қоғамдық саяси жағдай шиеленісе түсті, сол кезде өмір сүрген ұлы ойшыл, философ Аристотельдің саяси көзқарастары қалыптасты.
Жұмыстың жаңалығы. Жұмыстың жаңалығы деп, осы тақырыпты зерттеу барысында, тікелей деректер мен әдебиеттерді пайдалана отырып, тақырып мәнінің ашылуы және бұл тақырыптағы курстық жұмыстың қазақ тілінде тұңғыш қорғалуы.
Курстық жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, екі тарау және қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 КӨНЕ ГРЕК ФИЛОСОФИЯСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1. 1 Көне Грек философиясының ерекшеліктері
Көне Греция философиясы - ежелгі пәлсапаның ірі екі тармақтарының бірі.
Көне Греция философиясының ерекшеліктері
- Грек философиясы мифологиямен тығыз байланысты дамыды, бірақ ғылыммен байланысы басымырақ болды.
- Грек философиясы өзінің рухани бай мазмұнымен, жүйелі дамуымен антикалық өмірдің басқа салаларынан әлдеқайда асып түсті.
- Грек философиясының пайда болуына және дамуына сол кездегі грек қоғамының саяси, экономикалық, географиялық ерекшеліктері жән грек халқының ұлттық ерекшеліктері айқындаушы әсер етті.
- Толыққанды өмір адамдардың бойында еркін ойлау дәстүрін қалып-тастырды, демократияның отаны болған Грецияда аса жарқын филосо-фиялық ойлар дамыды, философиялық пайымдау жүргізушілер саны да өте көп боды.
Көне Греция философиясының негізгі даму кезеңдері мен мектептері Антикалық философияның алғашқы ошақтары: біздің дәуірімізге дейінгі VII -VI ғасырларда Кіші Азияның батыс жағалауы Иония, Оңтүстік Ита-лияның грек қалалары, Сицилия аралдарының қалалары және Афина. Көне Греция философиясының дамуын салыстырмалы түрде үш кезеңге бөлуге болады:
- Табиғат философиясы (натурфилософия) кезеңі Милет мс фалес, Анаксимандр, Анаксимен және олардың шәкірттері дүниенің ғашқы бастауы мәселесін қарастырды.
- Грек философиясының ең мазмүнды кезеңі. Сократ, Платон, Ари-стотель грек философиясын өте биік деңгейге көтеріп, зерттеу өрісін ке-нейтті. Адам мәселесі, физика, метафизика, этика, логика, саясат, табиғат эстетикасы мәселелері терең зерттелді.
- Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырдың соңынан бастап Грецияның ыдырауы, грек демократиясының құлдырауы, грек полистерінің саяси тәу-елсіздігінің жоғалуы бүкіл грек қоғамының рухани өмірінің, философия-сының дағдарысына әкелді. Осы кезеңде философияда өмірдің мәні, өмір және өлім мәселелері көбірек зерттеліп, скептицизм, эпшуреизм, стоицизм бағыттары дүниеге келді.
1. 2 Көне Грек философиясының негізгі өкілдері
Милет мектебі
Милет мектебінің өкілдері Фалес, Анаксимандр, Анаксимен және тағы басқа ойшылдарды ғылыми білімнің негізін салушылар деуге болады. Бұл натурфилософтарды біріктіріп тұрған пікір - субстанцияны олар материалдық нәрсе ретінде: Фалес - су, Анаксимандр - апейрон, Анакси-мен - ауа деп түсіндірді. Осыған ұқсас пікір Әлея мектебінің өкілі Гераклитте де кездеседі. Оның ойынша, дүниенің бастауы - от, табиғат ешқашан күйремейді және ешқашан пайда болмайды, дүние қарама-қарсылықтардан тұрады. Пифагор алғашқы бастау деп сандарды түсінді. Оның ойынша, сандар дүниедегі заттар мен адам өміріне реттілік пен үндестік (гармония) береді, оларды әсемдікке, космосқа ұластырады. Б. д. д. V ғасырдың ортасында қалыптаса бастаған софистика мектебі өмір қажеттілігінен туды. Демократиялық Афинада осы кезеңде рацио-нальдік танымға деген қүштарлық күшейді. Адамдардың орісін кеңейтіп, қоғамдық, саяси омірге дайындайтын, созге шешен, ақылды, халықтың көшбасшысы бола алатын мемлекет қайраткері болуға дайындайтын ин-теллектуалдар пайда бола бастады, олар өздерін софистер, яғни дана адам-дармыз деп атады. Өз еңбектері үшін белгілі бір ақы ала отырып, софистер ғылымның барлық салаларынан мағлұмат беріп отырды, адамдарды практикалық өмірге, мемлекеттік және жеке өмірдің кез-келген жағдайларында қиындықтан жол таба білуге үйретті. Софистердің тәлімгерлік ақылы қызметі білім мен мәдениеттің шеңберін грек қоғамының ақсүйектерімен шектемей, қоғамның барлық топтарының рухани дамуына мүмкіндік берді. Софистиканың көрнекті өкілдері ретінде Протагор, Горгий және Гиппийді атауға болады.
Сократ
Ежелгі Греция философиясының көрнекті өкілі Сократ біздің дәуірімізге дейінгі 470 жылы Афинада дүниеге келді. Сократ философиясының басты обьектісі адам, осы тұрғыдан алғанда оны адамтуралы қазіргі заманғы ғылым философиялық антропологияның негізін қалаушы деуге болады. Натурфилософияны мойындамаған Сократ философияның мақсаты адамды ізгілікке тәрбиелеу деп түсінді және адам оған өзін тану және өзін сынау арқылы жете алады деп сенді, мәселе адамға ізгілік туралы білім беруде, адам білмегендіктен ғана жаман болады. Білім -ізгілікке, ал надандық - зұлымдыққа жетелейді. Оның әйгілк «Менің білетінім - мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді», «Өзіңді-өзің танып-біл!» қағидаларының негізгі мазмұны да осы. Сократтың ойынша, белгілі бір асыл қасиет (добродетель -Г. Н. ) туралы білім жинаған адам сол қасиетке жете алады, бәрі адамның өзіне байланысты, адам тәнін емес, рухын, жанын шыңдауға үнемі ұмтылуы тиіс, себебі, жаны бақытқа бөленген адам ғана бақытты. Жеке адамның еркіндігін дәріптей отырып, Сократ мемлекеттің рөлін де жоғары қояды, адам мемлекет заңдарына бағынуы тиіс деп санайды. Философия тарихында Сократ метод мәселесінің негізін салушы ретінде де белгілі. Оның пікірінше, адам ақиқат білімге философтардың көмегімен. олармен әңгіме-сұхбат арқылы жете алады. Адамдармен сұхбат-пікірталас жүргізуде ол үш тәсіл ұсынды: ирония, майевтика және диалектика.
Платон
Платон (шын аты Аристокл) біздің дәуірімізге дейінгі 428-347 жылдар аралығында Афинада емір сүрді. Ұстазы Сократ секілді, Платон да өз философиясының басты объектісі ретінде адамды таңдады және философиялық пайымдау шеңберін кеңейтіп, табиғат философиясының да өзекті мәселелерін зерттеді, мемлекет туралы тамаша еңбектер жазды. «Идея» - Платон философиясының басты ұғымы. Өзіне дейінгі физис философиясы субстанцияны материалдық дүниеден іздегені белгілі. Платонның ойынша бұл жол, яғни физикалық және механикалық себептерді іздеу - ақиқатқа жеткізе алмайды. Ол үшін физикалық немесе феноменалдық кеңістіктен жоғары көтерілу қажет, дүниенің, оның құбылыстарының ақиқат себептерін ақыл арқылы жететін, көрінбейтін, метафеноменалдық болмыстан, идеялар дүниесінен іздеу керек. Платонның бұл ойлары оның жан туралы пікірлерінде жалғасын тапты. Оның пайымдауынша, жан тәннен жоғары, себебі жанның маңызды бөлігін ақыл қүрайды. Тән-дене ыдырап, өлсе де, жан мәңгілік, өмірге қайта-қайта келіп отырады. Платонның мемлекет туралы ойлары да әлі күнге дейін маңызы жойған жоқ. Жер бетінде мінсіз, идеалды мемлекет құруды арман етпеген философтар философия тарихында көп кездеседі. Солардың алғашқыларының бірі Платон болды. Оның «Мемлекет», «Заңдар» және тағы басқа еңбектері осы тақырыпқа жазылды. Платонның пікірінше, мінсіз мемлекет Шындық пен Игілікке негізделіп құрылуы керек, ал бұл қасиеттер философтарға тән болғандықтан, мінсіз мемлекетті философ басқаруы тиіс. Мылекет-полисті адам жанының үлкейтілген түрі деп қарастырған ол жанының бөліктерінің мөлшеріне байланысты осы мемлекетте өмір сүретін адамдарды үш тапқа бөледі.
Аристотель
Аристотель - біздің дәуірімізге дейінгі 384 жыл шамасында Стагирде дүннеге келген. Платонның Академиясында философ ретінде қалыптасу шеңінен өтті, ұстазының философиялық ілімін жалғастырды. Аристотель зерттеген мәселелер аумағы өте кең. Философияны Аристотель «бірінші философия» және екінші философия» немесе метафизика және физика деп боледі. Оның пікірінше, мета-физика - барлық ғылымдардың арасындағы ең құндысы, өйткені, ол жоғарғы себептерді, дүниедегі қозғалыс пен дамудың себебі болып табылатын мәңгілік, денесіз және қозғалмайтынды, табиғаттан және сезімдіктен жоғарыны зерттейді. Аристотель себептердің немесе бастаулардың төрт түрін атап көрсетеді: 1) Материалдық себеп немесе заттың материясы, яғни зат одан пайда болатын нәрсе. Бұл себеп «Неден?» деген сұраққа жауап береді. 2) Форма - заттың материясын қалыптастыратын, оны нақты осы затқа айналдырушы себеп, «Бұл не?» деген сұраққа жауап береді. 3) Қозгалтушы себеп, яғни қозғалыстың бастауы, «Қозғалыс қайдан басталады?» деген сұраққа жауап береді. 4) Мақсат себеп, немесе өзгерудің себебі, «Не үшін?» деген сұраққа жауап береді. Фитканың зерттеу объектісі - денесі бар және қозгалушы нәрсе. Ари-стотель- қозғалыс деп кез-келген өзгерісті, мүмкіндіктің жүзеге асуын түсінеді және оның төрт түрін атап көрсетеді: 1) субстанционалдық қозгалыс - пайда болу және жойылу; 2) сандық қозгалыс - өсу және азаю; 1) сапалық қозгалыс - айналу, альтерация (заттың басқаға айналуы) ; 4) кеңістіктік қозгалыс - орын ауыстыру, трансляция. Адам қызметінің жалпы мақсаты, Аристотельдің ойынша, рахатқа бөлену- Рахатқа бөлену болмыстың жетілгендігі мен әдемілік болса, адам үшін бұл жетілгендік - өзінің адам ретіндегі іс-әрекетінің, қызметінің жетілгендігі. Ақыл-ойдың іс-әрекеті дәл осындай іс-әрекет, сондықтан да ақыл-ойдың өз міндеттеріне сай іс-әрекеті асыл қасиет болады, яғни адам үшін рахат - асыл қасиетке жетуде. Аржттепъдің мемлекет туралы ілімі де асыл қасиет ұғымына негіздел-ген. Мемлекетті араласудың ең жетілген түрі деп түсіндірген Аристотель оның басты мақсаты - өз азаматтарын асыл қасиетке тәрбиелеу дейді. Александр Македонский билік құрған кезең - біздің дәуірімізге дейінгі 334 жылдардан бастап оның универсалдық құдайы монархия идеясы жүзеге аса бастады, ол өзінің қол астына әр түрлі қалаларды ғана емес, тұтас елдерді, халықтарды біріктіре бастады. Грек полисмемлекеті дағдарысқа ұшырады, өзінің тәуелсіздігін жоғалтып, құлдырады. Сократ, Платон, Аристотель дамытқан еркін философиялық ойлардың орнын полистен жаттанған, өмірдің мәнін жоғалтқан, болашаққа сенімсіздікпен қарайтын, пессимистік пайымдауларға көбірек берілген философтардың экзистенциалдық және практикалық пікірлері басты.
Эпикур
Осы эллинизм дәуірінің көрнекті өкілі Эпикур болды Физика, логика және этиканы зерттеген Эпикур философиясының басты мәселесі - адам және бақыт. Философияны ол үш бөлікке бөледі: каноника - ақиқаттың критерийлері туралы диалектикалық зерттеулер; физика -табиғаттың пайда болуы және бұзылуы туралы ғылым; этика - өмір салты, нені таңдап, неден бас тарту керектігі және түпкілікті мақсат туралы ғылым. . Табиғат туралы ілімінде Эпикур Демокриттің атомдар ілімін қолдайды
Марк Туллий Цицерон
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz