Көліктегі қылмыстардың жеке құрамдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізі бөлім
1. Көліктегі қылмыстарға жалпы сипаттама
2. Көліктегі қылмыстардың жеке құрамдары
➢ Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік
құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы
➢ Жол оқиғасы болған орыннан кетіп қалу
➢ Көлік құралдарын сапасыз жөндеу, мас күйіндегі адамды көлік
құралын жүргізуге жіберу
➢ Көлік құралдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру
➢ Көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді
бұзу
➢ Көлікте қолданылатын ережелерді бұзу
➢ Труба құбырларын зақымдау немесе қирату
➢ Ұшудың халықаралық ережелерін бұзу
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Көліктегі қылмыстар жаңа Қылмыстық кодекстің 12-тарауында орналасқан.
Бұрынғы Қылмыстық кодекске қарағанда бұл тарауда көліктің барлық түрлері —
темір жол, әуе, су көлігі, автомобиль, троллейбус, трамвай, не басқа да
механикалық көлік құралдарын жүргізуші адамның жол қозғалысы қауіпсіздігін
немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық
жауаптылығы жинақталып берілген.
Жол қозғалысы кауіпсіздігі немесе көлік құралдарын пайдалану
ережелеріне қарсы қылмысқа қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-
әрекеттерді кінәлі түрде бұзып, көліктің бірқалыпты қызмет етуін бұзатын,
соның нәтижесінде заңда көзделген зардаптардың орын алуына жол беретін іс-
әрекеттер жатады.
Көлік қылмыстарының топтық объектісі болып жол қозғалысы қауіпсіздігін
және көлік құралдарын пайдалану ережелерін реттейтін қоғамдық қатынастар
табылады.
Қылмыстың тікелей объектісі — жол қозғалысы қауіпсіздігі және көлік
құралдарының нақты түрін (темір жол, су, әуе немесе автомобиль) пайдалану
ережелері, ал қосымша тікелей объектісі — кейбір құрамдар үшін адамның
өмірі, денсаулығы, сондай-ақ меншігі болуы мүмкін.
Қылмыстың заты—темір жол, су, әуе, автомобиль көліктері және басқа да
механикалық көлік құралдары.
Объективтік жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің 12-тарауындағы
қылмыстардың көпшілігі әрекет немесе әрекетсіздіктен, зардаптан және
олардың арасындағы себепті байланыстардан тұрады (материалдық құрам). Тек
қана екі түрлі қылмыс құрамы (305,306-баптар) құрылысы жөнінен формальдық
құрамға жатады.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі және көлік құралдарын пайдалану ережелері
сан қилы, үнемі өзгертіліп, жаңартылып отырылады. Бұл ережелер арнаулы
заңдарда немесе заңға бағынышты нормативтік актілерде көрініс тапқан.
Мұндай зандарға—Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан
Республикасының жол қауіпсіздігі туралы заңы, Қазақстан Республикасының
темір жол жарғысы, Су кодексі, Әуе кодексі, Қазақстан Республикасындағы жол
жүру ережелері және тағы басқалар.
Осыған орай көлік қылмыстарының нақты құрамдарының диспозициясы
бланкеттік болып табылады. Әрбір жеке құрам үшін жауаптылық арнаулы заң,
басқадай нормативтік-құқықтық актілердің тиісті талаптарына нақты
негізделуі тиіс.
Көліктегі қылмыстарды дұрыс саралау үшін осы қылмыстың заты болып
табылатын көлік кұралдарының түріне дәлме-дәл анықтама берудің маңызы
ерекше. Көлік деген ұғым жалпылама ұғым, оның құрамдас бөліктеріне, занда
айтылғандай—темір жол, әуе немесе су көлігі және автомобиль көлігі жатады.
Көліктегі қылмыстардың нақты құрамдары өздерінің объективтік,
субъективтік белгілері бойынша бір-бірімен оқшауланады, әрқайсысының
өзіндік ерекшеліктері бар, осыған орай осы құрамдарды жеке-жеке талдау
арқылы олардың заңдылық табиғатын толық сипаттауға мүмкіндік туады.

2.1. КӨЛІКТЕГІ ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану
кауіпсіздігінің ережелерін бұзу (295-бап)
Қылмыстық кодекстің 295-бабының 1-тармағы темір жол, әуе, теңіз немесе
су жолы көлігі қозғалысы немесе пайдалану ережелерін орындайтын жұмысына
немесе атқаратын қызметіне байланысты осы ережелерді сақтауға міндетті
адамның бұларды бұзуы, егер бұл әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауыр
немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққаны үшін жауаптылық
белгіленген. Қылмыстың тікелей объектісі — нақты көлік құралы түрінің жол
қауіпсіздігі және пайдалану ережесі. Қосымша тікелей объекті—заңның
диспозициясында көрсетілген зардаптың түріне байланысты — адамның
денсаулығы болады.
Қылмыстың заты — көліктің 4 түрі: темір жол, әуе, теңіз және су
көліктері.
Темір жол көлігіне — рельсті көлік құралдары (локомотив, вагондар:
жартылай вагондар, платформалар, цистерналар) мет-ролар, тар табанды темір
жолдар, және басқа арнаулы бағыттағы темір жолдар, дыбыс беру және байланыс
құралдары) бағдар-шамдар, телефон линиясы, жолдардағы құрылыстар (көпірлер,
құбырлар, туннелдер) жатады.
Өндірістік қызметкер атқаратын шахталардағы рельсті көлік, цех
ішіндегі электрлендірілген көліктер (электровоз, вагонеткалар) темір жол
көлігіне жатпайды. Бұл көліктерді пайдалану ережесін бұзу өндірістік,
техника қауіпсіздігі немесе басқадай еңбек қорғау ережелерін бұзғандық
(көлік қылмыстары емес) болып табылады.
Әуе көлігіне адам немесе жүк тасуға арналған азаматтық авиациялар және
азаматтық әуе кемелерінің барлық құралдары (ұшақ, тік ұшақ, планерлар,
аэростаттар, дирижабильдер, гидроұшақтар т.б.) жатады.
Теңіз көлігіне — ірі немесе шағын теңіз кемелері, пароход, теплоход
және теңіз көлігі құралдарының барлық түрлері жатады.
Өзен көлігіне — шағын өлшемді өзен кемелері, пароходтар, теплоходтар,
катерлер, моторлы қайықтар және өзен көлігі құралдарының барлық түрлері
жатады.
Бұл қылмыстың объективтік жағы:
а) нақты көлік құралы түрінің жол қауіпсіздігі және пайдалану ережесін
бұзатын іс-әрекеттер (әрекет немесе әрекетсіздік);
б) қылмыстың зардабы —адамның денсаулығына ауыр немесе орташа
ауырлықтағы зиян келтірілуі;
в) іс-әрекет пен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыс
арқылы сипатталады.
Қылмыстық кодекстің 295-бабының диспозициясы бланкеттік, осыған орай
нақты жағдайларда орын алған ережелерді бұзушылықты анықтау үшін заңды күші
бар нормативтік актілерге жүгіну қажет және олар арқылы әрбір орын алған
құқық бұзушылық фактісі бойынша кінәлінің нормативтік актілердегі қайсы
баптың, тармақтарының талаптарын бұзғаны дәлме-дәл, нақты анықталуы тиіс.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережесін бұзу көлікті жүргізудің
белгіленген ережелерін орындамау немесе шала орындау әрекеттері арқылы
көрініс табады (Мысалы: жылдамдықты арттыру, бағдаршамның өтуге, қозғалуға
тыйым салған талабын бұзу, ұшу маршруттарын сақтамау т.с).
Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуға — көлік құралдарын
техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, оларды мақсатсыз пайдалану, мас
күйдегі немесе көлікті жүргізуге құқығы жоқ адамды көлік құралын жүргізуге
жіберу, көлікке артық жүк тиеу немесе артық жолаушылар отырғызу сияқты
әрекеттер жатады. Көліктің тиісті түрін пайдалану ережелері арнаулы
ведомстволар арқылы бекітіледі және оның орындаушыларға дер кезінде белгілі
болуы шарт.
Жауаптылық темір жол, әуе немесе су жолы көлігі қозғалысы немесе
пайдалану ережелерін бұзуға кінәлі адамның әрекеті немесе әрекетсіздігі
занда көрсетілген зардап абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа
ауырлықтағы зиянға (295-баптың 1-тармағы), абайсызда екі немесе одан да көп
адамның өліміне (295-баптың 3-тармағы) әкеп соққан жағдайда пайда болады.
Адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірудің
түсінігі ҚК-тің 103,104-баптарында көрсетілген. Көлік құралдары нақты
түрінің қозғалысы мен оларды пайдалану ережелерін бұзу мен орын алған
зардаптың арасында себепті байланыс болған ретте ғана осы бап бойынша
қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекет, егер ол осы баптың
бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген зардаптардың тууына
әкеп соқпаса да олардың тууына қауіп төндірсе, - жауаптылық 295-баптың 4-
тармағы бойынша белгіленеді. Яғни темір жол, теңіз немесе су жолы көлігі
қозғалысы немесе пайдалану ережелерін бұзу абайсызда адамның денсаулығына
ауыр, орташа ауырлықтағы зиян келтіруге, абайсызда кісі өліміне, абайсызда
екі немесе одан көп адамның өліміне әкеліп соғу қаупін төндірсе, кінәлі
адам баптың осы тармағы бойынша жауапқа тартылады. Бұл жерде аталған
зардаптардан орын алуы міндетті емес. Заң бапта көзделген (295-бап 1,2,3-
тармақтары) зардаптардың тууына көрінеу қауіп төндірген жағдайды көрсетіп
отыр, яғни бұл қылмыс құрамы формальдық, қауіп төндірген сәттен бастап
қылмыс аяқталған деп саналады.
Қылмыс субъективтік жағынан жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін
бұзу жөнінде де және одан туындайтын зардап жөнінде де тек абайсыздық деп
істеледі.
Қылмыстың субъектісі арнаулы: есі дұрыс, қылмыс істеген кезде 16-ға
толған, орындайтын жұмысына немесе атқаратын қызметіне байланысты заңда
көрсетілген ережелерді сақтауға міндетті адам (диспетчер, көлік капитаны,
экипаж командирі, ұшқыш, көлік жүргізуші т.с.с).
Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік
құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы (296-бап)
Автомобильді, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлік
құралын жүргізуші адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану
ережелерін бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа
ауырлықтағы зиян келгірсе—кінәлі Қылмыстық кодекстің 296-бабының 1-тармағы
бойынша жауапты болады деп белгіленген.
Қылмыстың тікелей объектісі - көлік құралдарының қозғалыс және
пайдалану қауіпсіздігі, қосымша объект—жәбірленушінің денсаулығы.
Қылмыстың заты — автомобиль, троллейбус, трамвай және басқа да
механикалық көлік құралдары (мотоциклдер, мотороллерлер, жол, құрылыс және
басқа да арнаулы машиналар).
Қылмыстың объективтік жағын:
а) заңның диспозициясында көрсетілген көлік құралдарының жол қозғалысы
және пайдалану ережелерін әрекет немесе әрекетсіздік арқылы бұзуы;
б) жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзудан
абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян
келтірілуі;
в) іс-әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыс.
Қылмыстық кодекстің 296-бабының диспозициясы бланкеттік, сондықтан да
ереженің бұзылғанын анықтау үшін басқа нормативті актілерге, атап айтқанда
Қазақстан Республикасындағы жол қозғалысы ережелеріне жүгініп, осы
нормативтік құжаттың нақты қайсы бабы, баптың қай тармағының талаптарының
бұзылғанын анықтау қажет.
Жол қозғалысы ережесін бұзуға жылдамдықты үдету, бағдаршамның тыйым
салғанына қарамастан жолдан өту, рұқсат етілмеген жерлерде басқа көлікті
басып озу, т.с.с. жатады.
Пайдалану ережелерін бұзуға техникалық жағынан ақауы бар көлікпен
жолға шығу, арнайы жабдықталмаған көлікпен жолаушыларды тасу, көлік
қүралында ерекше белгі көрсеткіштердің жоқ болуы т.с.с. жатады.
Қылмыстық кодекстің 296-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көлік
құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын
пайдалану ережелерін бұзуынан абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе
орта ауырлықтағы зиян (296-баптың 1-тармағы) абайсызда кісі өліміне (296-
баптың 2-тармағы), абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп
соқса (296-баптың 3-тармағы) туындайды. Егер адамның денсаулығына абайсызда
жеңіл дәрежеден аспайтын зиян келтірілсе, онда азаматтық-құқықтық
жауаптылық орын алады. Сондай-ақ көлік құралдарын жүргізуші адамдардың
әрекеті көлікті жөндеу, жүк тиеу немесе түсіру кезінде, құрылыс, жол немесе
басқадай жұмыстарды жүргізу барысында ҚК – тің 296-бабында көрсетілген
зардаптың орын алуына әкеп соқса, онда істің нақты жағдайларына байланысты
олардың әрекеті Қылмыстық кодекстің жеке адамдарға, меншікке немесе басқа
бір белгілі жұмыстарды атқарудың тәртібін бұзғаны үшін жауаптылықты
белгілейтін баптары бойынша сараланады. Велосипед, ат көлігін пайдалану
арқылы зиян келтіруде жеке адамға немесе меншікке қарсы қылмыс ретінде
саралануы мүмкін. Өйткені бұлар көлік қылмыстарының затына жатпайды.
Көрсетілген қылмыс материалдық құрамға жатады. Ол заңда көрсетілген зардап
орын алған сәттен бастап аяқталған деп табылады.
Іс-әрекет пен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыс
анықталуы қажет. Өйткені кейбір жағдайларда жүргізуші
қауіпті тойтаруға барынша әрекет істегенімен, объективтік себептерге
байланысты оны тойтара алмайды, мүндай реттерде олардың әрекетінде қылмыс
құрамы болмауы да мүмкін.
Қылмыс субъективтік жағынан абайсыздықпен (менмендік немесе
немқұрайлылық түрінде) істеледі.
Менмендікте адам көлік қозғалысы және пайдалану ережесін бұзудан
адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірілу
мүмкіндігін алдын ала біледі, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз
жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенеді.
Немқұрайлылықта адам көрсетілген зардаптардың болу мүмкіндігін
болжамайды, бірақ қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды
болжап білуге тиіс және болжап біле алатын еді.
Қылмыстың субъектісі - жалпы 16-ға толған, көлік құралын жүргізуші
адам. Көлік құралын адам өзінің атқарған жұмысына байланысты немесе оған
байланыссыз (мысалы жекеменшік көлігін немесе көлікті өз бетімен айдап
әкетуде) жүргізуі мүмкін. Заң бойынша көлікті жүргізген адам қылмыс
субъектісі деп танылады.
Қылмыстық кодекстің 296-бабында көрсетілген қылмысты оған ұқсас көлік
қылмыстарынан (298,300-баптар) және әскери қызметке қарсы қылмыстан (ҚК-тің
391-бабы) ажырата білген жөн. Алдыңғы екі құрам қылмыс құрамының
субъективтік және объективтік жағы, ал үшіншісі — объект және субъекті
белгілері бойынша ажыратылады.
Жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу (297-бап)
Көлік құралын жүргізуші және жол қозғалысы немесе көлік қүралдарын
пайдалану ережелерін бұзған адамның осы Кодекстің 295-бабында көзделген
зардаптар болған жағдайда жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны
үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 297-бабында тікелей көрсетілген.
Қылмыстың тікелей және қосымша тікелей объектісі Қылмыстық кодекстің
296-бабында көзделген қылмыстың объектісімен бірдей.
Қылмыстың заты — жол-көлік құралы.
Қылмыстың объективтік жағы — әрекетсіздіктен, соған байланысты орын
алған зардаптан және олардың арасындағы себепті байланыстан тұрады.
Әрекетсіздік көлік құралын жүргізуші адам жол жүру немесе көлік құралдарын
пайдалану ережесін бұзған жағдайда оқиға болған жерде болып, жәбірленушіге
қолдан келген көмек көрсетуге міндетті. Бірақ кінәлі адам мүндай
мүмкіндіктерді жүзеге асырмай, жәбірленушіге көмек көрсетпей оқиға болған
жерден кетіп қалып, жол жүру ережесінің талаптарын бұзады. Осыған орай
оқиға болған жерден кетіп қалу деп — өмірі қауіпті жағдайда қалған
жәбірленушіге нақты көмек көрсетуге мүмкіндігі бола тұра, себепсізден-
себепсіз көмек көрсетпестен жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалуды
айтамыз. Егер жүргізушінің өзі жол оқиғасына байланысты жарақат алып,
дәрігерлік көмек алу үшін немесе зардап шеккендерге көмек көрсетуге
байланысты жол-көлік оқиғасы болған жерден кетсе онда ол осы бап бойынша
қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны
үшін адам кінәлі деп танылса, онда оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 296,297-
баптарымен қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының объективтік жағының қажетті белгісі
осы Кодекстің 295-бабында көзделген зардаптардың орын алуы және жол-көлік
оқиғасы болған жерден кетіп қалу мен орын алған зардаптың арасын
байланыстыратын себепті байланыстың болуы болып табылады.
Қылмыс материалдық құрамға жатады және ол занда көзделген зардаптың
пайда болған уақытынан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан кінәнің екі түрлі нысаны арқылы істеледі.
Жол-көлік оқиғасы болған жерден себепсіз кетіп қалу қасақаналықты, ал одан
туатын зардап абайсыздықты білдіреді.
Қылмыстың субъектісі — жалпы, 16-ға толған, көлік құралын жүргізген
адам.
Көлік құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен
пайдалануға шығару, мас күйіндегі адамды көлік құралын жүргізуге
жіберу (298-бап)
Көлік құралдарын, қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс
құралдарын не өзге көлік жабдықтарын сапасыз жөндеу, сондай-ақ көлік
құралдарының техникалық күйіне жауапты адамның техникалық ақауы бар екені
белгілі көлік қүралдарын пайдалануға шығаруы, егер бұл әрекеттер абайсызда
денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірсе Қылмыстык
кодекстің 298-бабының 1-тармағы бойынша жауаптылық көзделеді.
Осы қылмыстың негізгі де қосымша тікелей объектісі Қылмыстық кодекстің
295-бабындағы қылмыстың объектісімен бірдей.
Заң қылмыстың затының қатарына — көліктің барлық түрлерін (темір жол, әуе,
теңіз, су, автокөлік), қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс
құралдарын, өзге көлік жабдықтарын (мысалы электропоезды қозғалысқа
келтіретін контактілік сымдар) жатқызған.
Қатынас жолдарына—рельстер, шпалдар, ұшу аландары, жол айырықтары, су
көлігі тоқтайтын айлақ, жол төсем т.б. жатады.
Белгі беру құралдарына — семафорлар, бағдаршамдар, шлагбаумдар,
маяктар, бакендер, белгі беру құрылымдары, автотежегіш жүйелері т. с.с.
жатады.
Байланыс қүралдарына — ведомстволық телефондар, радио-телефондар және
телеграф линиялары, рациялар, жасанды байланыс аппараттары т.с.с. жатады.
Өзге де көлік жабдықтарына көпірлер, эстакадылар, радио-локаторлар,
туннелдер, шлюздер т.с.с жатады.
Қылмыс объективтік жағынан:
а) көлік құралдарын, қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс
құралдарын, не өзге көлік жабдықтарын сапасыз жөндеу, сондай-ақ техникалық
ақауы бар көлік құралдарын пайдалануға шығару;
б) денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру;
в) көрсетілген осы әрекет пен орын алған зардаптың арасын
байланыстырудың себепті байланысы болуы арқылы сипатталады.
Жөнделген бұйымдарды міндетті техникалық талаптарға сай емес күйде
әзірлеу сапасыз жөндеу деп танылады.
Көлік құралдарының техникалық күйіне жауапты адамның техникалық ақауы
бар екені белгілі көлік құралдарын пайдалануға уақытша, ауызша немесе
жазбаша түрде рұқсат етуі, оларды жолға шығару деп танылады.
Осы қылмыстың зардабы заңда Қылмыстық кодекстің 295-бабындағы сияқты —
денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян (298-баптың 1-тармағы),
кісі өлімі (298-баптың 3-тармағы), екі немесе одан да көп адамның өлімі
(298-баптың 4-тармағы) деп көрсетілген.
Осы Кодекстің (298-баптың 3-тармағында) көлік құралы иесінің немесе
иеленушінің алкогольдік, есірткілік немесе өзге мастық күйдегі адамдарды
көлік құралдарын жүргізуге жіберуі, егер бұл абайсызда денсаулыққа ауыр
немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққаны үшін жауаптылық
белгіленген. Мұндағы көлік иесіне — көліктің меншік иелері, ал иеленушісіне
— көлікке сенімхат немесе басқа да заңды негіздермен иелік етіп жүрген
адамдар жатады. Мас адам деп — есірткі немесе алкогольдік ішімдіктерді
пайдалану арқылы мастық күйге түскен адам. Көлік иелерінің немесе
иеленушілерінің мас күйдегі адамды көлікті жүргізуге жіберуі, одан заңда
көрсетілген зардаптың орын алуы, және осы іс-әрекет пен зардаптың
арасындағы себепті байланыстың нақты болуы қылмыстық жауаптылықтың негізі
болып табылады.
Субъективтік жағынан көрсетілген қылмыс құрамы абайсыздықпен істеледі.
Егер заңда көрсетілген осы іс-әрекеттер қасақана түрде жасалған болса, онда
кінәлі істің нақты жағдайларына байланысты диверсия: террорлық акт,
қасақана кісі өлтіру немесе денеге жарақат салу, мүлікті қасақана жою
немесе бүлдіргені үшін жауаптылыққа тартылады.
Көлік құралдарын, қатынас жолдарын: белгі беру немесе байланыс
құралдарын не өзге иелік құралдарын жөндеудің субъектісі көрсетілген
механизмдерді жөндеген кез келген 16-ға толған адам болады, ал көлік
құралдарын пайдалануға жіберудің субъектісі нормативтік актілер немесе
қызмет борышы бойынша көлік құралдарының техникалық күйіне жауапты адамдар
(механик, диспетчер, колонна бастығы, жол қауіпсіздігі жөніндегі инженер)
болады.
Қылмыстық кодекстің 298-бабының 3-тармағында көрсетілген қылмыстың
субъектісі меншік түріне қарамастан көлік иелері немесе иеленушілері болып
табылады.
Көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа
келтіру (299-бап)
Көлік құралдарын, қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс
құралдарын не өзге де көлік жабдықтарын қасақана бұзу, зақымдау немесе өзге
де тәсілмен пайдалануға жарамсыз күйге келтіру, сондай-ақ көлік
коммуникацияларына тосқауыл қою, егер бұл әрекеттер абайсызда адамның
денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге, не ірі көлемде
залал келтіруге не көлік пен байланыстың қалыпты жұмысы бүзылуына әкеп
соқса Қылмыстық кодекстің 299-бабының 1-тармағы бойынша жауаптылық туады.
Осы қылмыстың тікелей немесе қосымша тікелей объектілері Кылмыстық
кодекстің 295-бабының құрамындағы қылмыспен бірдей.
Қылмыстың заты — Қылмыстық кодекстің 298-бабындағы көрсетілген заттармен
ұқсас.
Қылмыс объективтік жағынан:
а) көлік құралдарын, қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс
құралдарын не өзге де көлік жабдықтарын бұзу;
б) зақымдау;
в) немесе өзге де тәсілмен жарамсыз күйге келтіру;
г) сондай-ақ көлік коммуникацияларына тосқауыл қою;
д) заңда көрсетілген қылмыстық зардаптың келтірілуі;
е) аталған іс-әрекеттер мен зардаптың арасындағы себепті байланыстың
болуы арқылы сипатталады.
Көліктің техникалық жүйелерін толық жарамсыз күйге келтіру арқылы оны
өзінің негізгі қызметін атқару қабілетінен айыруды бұзу деп айтамыз.
Көліктің техникалық жүйелерін ішінара істен шығарып жарамсыз етуді
зақымдау деп айтамыз.
Бұзу немесе зақымдау тәсілдерінен басқа кез келген әрекеттерді қолдану
арқылы көліктің техникалық жүйелерін немесе оның жекелеген бөлшектерін
істен шығаруды өзге де тәсілмен жарамсыз күйге келтіру деп айтамыз.
Көлік қүралдарының еркін қозғалысына қарсы сан түрлі кедергілер
келтіру арқылы (ұшу алаңын, темір жол полотнасын қоршау, жол үстінде митинг
өткізу, баррикада қою арқылы көлікті жүргізбеу, көлік коммуникацияларына
қызмет ететін адамдарды машинист, диспетчер, жол жөндеушілерді) көлікке
жібермеу сияқты әрекеттер, көлік коммуникациясына тосқауыл кою деп
танылады.
Заңда көрсетілген зардап адамның денсаулығына ауыр немесе орташа
ауырлықтағы зиян келтіру не ірі көлемдегі залал келтіру не көлік пен
байланыстың қалыпты жұмысы бұзылуына әкеп соқса қылмыс құрамы бар деп
саналады.
Денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірудің түсінігі
Қылмыстық кодекстің 295—298-баптарында көрсетілген.
Осы баптың (299-бап) ескертуіне сәйкес, осы тараудың баптарында
азаматқа айлық есептік көрсеткіштен жүз еседен асып түсетін мөлшерде
келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке қылмыс жасалған кезде
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен
бес жүз есе асып түсетін мөлшерде келтірілген залал ірі көлемдегі залал деп
танылады.
Көлік пен байланыстың қалыпты жұмысының бұзылуы деп занда көрсетілген
қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің салдарынан олардың біршама уақыт қызметін
амалсыз тоқтатуы айтылады. Осы тұрғыдағы мәселе арнаулы нормативтік актілер
арқылы аныкталады.
Заңда көрсетілген зардаптардың кез келгені кінәлінің істеген іс-
әрекетімен себепті байланысты болуы арқылы орын алған уақыттан бастап
қылмыс аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан кінәның абайсыздық түрі арқылы істеледі.
Қылмыстың субъектісі — 14-ке толған, кез ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көліктегі қылмыстардың сипаттамасы және түрлері
Көліктегі қылмыстар туралы
Көліктегі қылмыстар түрлері
Қылмыстың тікелей объектісі - нақты көлік құралы түрінің жол қауіпсіздігі және пайдалану ережесі
Көлікте қолданылатын ережелерді бұзу
Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің түсінігі, жүйесі, мәні
Көліктегі қылмыстар туралы ақпарат
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің жалпы ұғымы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ ТҮСІНІГІ
Көлік қылмыстарының алдын алу мәселелері
Пәндер