Республика Конституциясы одақтық


«Қазақстан Республикасында Конституциялық заңманың дамуы»
курсы бойынша жалпы Ескертпелер
«Қазақстан Республикасында конституциялық заңнаманың дамуы» курсының зерттеу пәні болып Қазақстан Республикасының Коституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Рнспубликасы Президентінің жарлықтары және Республиканың басқа да конституциялық - құқықтық актілері табылады.
Курстың міндеттері - адам мен азаматтың негізгі құқықтарын, бостандықтарын және міндеттерін бекіткен, әрі оларды қамтамасыз ету мен қорғадың негізгі қағидаларын айқындайтын нормативтік - құқықтық актілердің мазмұнын сараптау; біздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болғандықтан, адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің одан әрі биіктеу, даму және орнығу жолдарын зерттеу. Бұл жоғарыда аталған актілерді зерттеудің ең негізгі міндеті.
Курстың екінші маңызды міндеті - азаматтық қоғамның негізгі мен оның өз алдына өмір сүру болмысын және мемлекеттпен арым-қатынасын бекіткен нормативтік-құқықтық актілерді зерттеу. Азаматтық қоғамды реттеуге бағытталған актілер мен құқықтық нормаларды меңгеру және қолдану осы қоғамның дамуына әсер етеді. Тек осындай қоғамда адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыра алады, тек осындай қоғамның аясында ғана оның еркін дамуына жол ашылады. Мұндай қоғам, өз функцияларын бірқалыпты жүзеге асыруы үшінжәне толыққанды өмір сүруі үшін демократияның маңызды тіректерінің бірі болып саналатын мемлекеттік емес ұйымдарды көптеп құрады.
Курстың келесі негізгі міндеттерінің бірі - мемлекет пен мемлекеттік биліктің ішкі мәнін ашатын мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен қызметтің негіздерін реттейтін актілер мен нормаларды зерттеу. Осы нормаларда Қазақстан Республикасы өзін-өзі демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет ретінде танитыны, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екендігі және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну және өзара бірігіп іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылатыны, Қазақстанның президенттік басқару нысанындағы унитарлы мемлекет екендігі және басқа да ережелер бектілді. Мемлекеттік билік пен мемлекеттік құрылыстың осы және басқа да принциптерінің мәнін қоғамның барлық мүшелерінің жан-жақты танып-білуі Қазақстан Республикасының дамуы мен берік орнауының ең маңызды факторларының бірі болып табылады.
Конституциялық-құқықтық актілерде экономикалық, әлеуметтік және саяси жүйе мен олардың өзара қарым-қатынастарының негіздері бекітілген.
Осы актілердің барлығы құқық ғылымының көптеген курстарында, әр түрлі оқу пәндерінде бірнеше рет зерттелген. Бірақ бұл курстарда аталмыш актілердің тек осы курстардың зерттеу бағыитына тікелей байланысты мәселелері, нормалары ғана бөлініп қаралып сарапқа салынатын. «Қазақстан Республикасыда конституциялық заңнаманың дамуы» курсында әрбір конституциялық-құқықтық акт тұтас түрде зерттеледі және сонымен қоса әрбір құқықтық саласына, құқықтық ғылымына және оқу пәніне қатысты нормалар мен идеялар зерттеледі. Осыған орай, бұл актілердің бүкіл құқықтық мемлекет, құқықтық жүйе үшін және жекелеген құқық салалары үшін маңызы ерекше аталады. Бұндай толыққанды әрі жүйелі анализ әрбір құқықтық актінің маңызы мен мәнін жан-жақты терең түсінуге жағдай жасайды. Конституциялық-құқықтық актілер қоғамдық және мемлекеттік дамудың жалпы процесінің аясында зерттеледі, сонымен қатар бұл курста осы актілер қабылданған кездегі халықаралық жағдай да ескеріліп отырылды. Сондай-ақ бұл актілердің әлемдік қауымдастақта, қазіргі кездегі әлемдік экономикалық және саяси қатынастар жүйесінде Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерінің құқықтық негізін қалғаны да назардан тыс қалмады. Осылайша бұл курстың зерттеу пәні тек нормативтік-құқықтық актілердің өзі ғана емес, сонымен қоса осы актілерді қабылдауды қажететкен қоғамдық қатынастар болып табылады.
Конституциялық-құқықтық актілер маңызды идеялық-теориялық негіздерден бастау алады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 3-бабынды (т. 1) мемлекеттік биліктің бірден-бірі бастауы халық екендігін бекітілген. Халықтың еркі құқықтың мазмұнын анықтайды. Осылайша халықтың еркі барлық конституциялық-құқықтық актілердің де басты, түбірлі идеялық негізін құрайды. Халық еркінің айқын көрінісі ретінде республикалық референдум өткізу арқылы 1995 ж. Конституцияның қабылдануын ерекше атап өтуге болады. Бұл халық еркінің салтанат құруының ең жоғарғы, әрі маңызды көрінісі. Сонымен қатар халық еркі көрініс табатын басқа да жолдар, нысандар, механизмдер бар. Олар қабылданатын заңдар мен көрініс табуына ықпал етеді.
ҚР Конституциясының 3-бабында (т. 3) халық пен мемлекет атынан билік жүргізу құқығы Президент берілгендігі жазылған. Халық атынан билік жүргізу үшін Президентке тиісті құқықтар мен өкілеттіліктер берілген, сонымен қатар Президент коптеген арнаклар мен әртүрлі нысандар арқылы халықпен тұрақты байланыста болады, бұл оған халық еркін танып-білуге мүмкіндік береді. ҚР Конституциясының 40-бабына (т. 1) сәйкес Президент мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Бұл жоғарғы конституциялық ережені Президент халық мүддесін жан-жақты және терең ғылыми сараптау негізінде жүзеге асырады. Бұл ережені, құзіретті жүзеге асырудың негізгі нысаны - Президенттің жыл сайын елдің жағдайы жөніндегі және ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы халыққа жолдауы болып табылады. Бұл жолдауда заң шығармашылығының, соның ішінде конституциялық заң шығармашылығының негізгі бағыттарды да анықталады. ҚР Конституциясының 61-бабына сәйкес Республика Президенті заңдар жобаларын қараудың басымдылығын белгілеуге, сондай-ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар, мұның өзі Парламент заң жобасын енгізілген күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиісті екенін білдіреді. ҚР Конституциясының 44-бабына (т. 3) сәйкес Президент Үкіметі Парламент Мәжілісіне заң жобаларын енгізуге тапсырма беруге құқылы. Осындай тапсырма бере отырып, Президент атауы заңның негізгі мәнін де анықтайды. Осы заң жобаларының ішінде конституциялық-құқықтық актілердің жорбалары маңызды орын алады. Республика Президенті заң шығармашылығының, оның ішінде коституциялық заң шығармашылығының негізгі бағыттарын анықтаудың басқа да нысандары мен жолдарын пайдаоланады. Руспублика Президентінің жалпы заң шығармашылығы, оның ішінде конституциялық заң шығармашылығ мәселелері жөнінде айтылған идеялары мен ой-толғамдары - ҚР конституциялық заңнамасының ең маңызды идеялық-теориялық негіздерінің бірі болып табылады.
Парламент, Үкімет және басқа да мемлекет органдарының құқық түзушілік қызметтерінің жүзеге асуы барысында өзге де мемлекет қайраткерлерінің, әсіресе Парламентдепуттарының, үкімет мүшелерінің, басқа да мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестерінің қызметкерлеріні, барлық азаматтарының, соның ішінде ғалымдардың көзқарастары, идеялары, ойлары есепке алынады.
Қазақстан Республикасында конституциялық-құқықтық актілер жөнінде өз идеялары мен ойларын, сонымен қатар сакяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері де білдіреді. Бұл бағытағы жаңа саты-Демократия мен азаматтық қоғамның дамуы жөніндегі тұрақты кеңестің құрылуы.
Қоғамдық қатынастардың осы субъектілерінің ой-пікірлері мен идеялары нормативтік-құқықтық актілердің, соның ішінде конституциялық-құқықтық актілердің маңызды қайнаркөздері, тіпті идеялық-теориялық қайнар көздері болып табылады деп айтуға әбден болады.
Конституциялық-құқықтық заңнаманың келесі маңызды теориялық қайнар көзі болып әлемдегі басқа елдердің мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің құқықтық мәндегі идеялары мен ой-пікірлері, сонымен қатар 1948 ж. адам құқықтары жөніндегі Жалпыға бірдей Демокрациясы, БҰҰ Жарғысы және т. с. сияқты атақты халықаралық-құқықтық құжаттардың идеялары мен ой-түйіндері табылады.
Қазақстандық мемлекеттік қайраткерлер мен ғалымдардың саяси және құқықтық идеялары, ойлары, соның ішінде қазақтың ұлы хандары мен ұлы ойшылдарының идеялары республиканың жалпы нормативтік-құқықтық актілерімен қатар конституциялық-құқықтық актілерінің жасалуына идеялық қайнар көз болып табылады.
Конституциялық-құқықтық актілердің өздерінің де түбірлі құқықтық негіздері бар.
Қазақстан Республикасының 1993 ж. Конституциясы қабылданғанға дейін, өтпелі кезең барысында, егеменді мемлекет пен нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезеңінде қабылданған негізгі, маңызды актілер болашақ Конституциялар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілердің, соның ішінде конституциялық-құқықтық актілердің негізгі мазмұнын анықтады.
Осындай алғашқы акт бодып ҚазССР Жоғарғы Кеңесі 1990 ж. 25 қазанда қабылдаған «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы» саналады. Бұл құжатта алғаш рет Қазақстанның егеменді мемлекет екендігі жарияланып, егемендік пен мемлкет құрылысының негізгі принциптері, азаматтардың құқықтық мәртебесінің негіздері, ұлттар мен ұлыстардың теңдігі қағидалары, т. б. бекітілді. Декларацияда бұл құжаттың Қазақстанның жаңа Конституциясы мен заң актілерінің негізгі екендігі және бұл құжаттар ркспублика мәртебесін егемнді мемлекет ретінде жүзеге асырушы екендігі бекітілген.
1991 № 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР конституциялық заңы қабылданды. Мұнда толық көлемде Республиканың егемендігі және оның барлық негізгі атрибуттары заңды түрде жарияланды. Бұл заңның 18- бабында осы құжат ҚазССР Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациямен қатар Республиканың жаңа Конституциясын әзірлеуге негіз болып саналатындағы айтылған.
Ал, 1993 ж. Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы 1993 жылдың 28 қаңтарынан қазіргі кездегі 1995 жылғы ҚР Конституциясы қабылданғанға дейінгі кезеңдегі тәуелсіз Қазақстанның дамуында маңызды белес болды. Ол қоғамдық қатынастарды реттеудің әрі ағымдағы заң шығармашылығы дамуының пәрменді құралы болды.
Қазақстан Республикасының 1995 ж. Конституциясы Республиканың қоғамдық және мемлекеттік құрылысының негіздерін бекіткен негізгі заң болып табылады. Ол, сондай-ақ, жалпы заңнаманың, соның ішінде конституциялық заңнаманың негізгі болып табылады.
Республика өз заңнамасын, соның ішінде конституциялық-құқықтық заңнаманы түзуде халықаралық-құқықтық қайнар көз ретінде маңызды халықаралық-құқықтық актілерді, сонымен қатар Қазақстанның басқа елдермен жасаған және Республика тарапынан ратификацияланған келісімдерді пайдаланады.
Конституциялық-құқытық актілер бірнеше топқа бөлінеді:
- Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы;
- Қазақ ССР-ң мемлекеттік егемендігі туралы Декларация мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық заң;
- Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар;
- Конституциялық заңдар. Тұңғыш рет конституциялық деп аталған заң болып 1991 ж. 16 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң табылады. ҚР Конституциясының 62-бабында (4т. ) «Конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша қабылданды» деп айтылған. 1995 ж. Конституцияда конституциялық заңдар мемлекеттік рәзімдердің сипаттамасы мен ресми пайдалану тәртібін белгілеу үшін (9-б) ; Президентті сайлау үшін (41-б) ; Парламенттің мәртебесін белгілеу үшін (49-б) ; Үкіметтің құзіреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібін (64-б) ; Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметін (71-б) ; Сот жүйесін белгілеу үшін (75-б) қабылданатыны жазылған. Сонымен қатар «ҚР-дағы сайлау туралы» заң, Республикалық референдум туралы» заң конституциялық болып табылады.
-Республика заңдары. Олар Парламент қабылдайтын заңдар және Президент қабылдайтын заңдар болып (53-бабының 4 т. сйкес» бөлінеді;
- ҚР Конституциясының 61-бабына (2 т. ) сәйкес қабылданантын заң күшті бар Президент Жарлықтары;
- басқа да конституциялық-құқықтық жарлықтар;
-конституциялық-құқықтық нормалары бар Үкіметтің қаулылары яғни конституциялық-құқықтық қоғамдық қатынастарды реттейтін қаулылар;
- конституциялық-құқықтық нормалар бар Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Соттың қаулылары;
- басқа конституциялық-құқықтық актілер;
-Қазақстанмен жасалған және Республика тарапынан ратификацияланған халықаралыұ шарттар.
Конституциялық-құқықтық актілердің даму процессі 3 кезеңге бөлінеді:
- бірінші кезең - конституциялық-құқықтық актілердің 1990 ж. 24 сәуіінен 1993ж. Конституция қабылданғанға дейінгі даму сатысы;
- екінші кезең - 1993 ж. Конституцияның қабылдануы және осы Конституция негізінде конституциялық заңнаманың дамуы;
- үшінші кезең - 1995 ж. Конституцияның қабылдануы және оның негізінде конституциялық заңнаманың дамуы. Бұл кезең бүгінгі уақытты да қамтиды.
ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫ
ДАМУЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ
(Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы
қабылданған дейінгі кезең)
Республиканың егемендігі 1990 жылы 25 қазанда қабылданған «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттің егемендігі туралы Декларациямен» ресми түрде жарияланса да, жаңа мемлекеттіліктің бастауы 1990 ж. 24 сәуірдеқабылданған «ҚазССР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ ССР Конституциясында (Негізгі Заңынан) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң болды.
Осы заңнан Қазақстан Республикасының конституциялық заңнамасы бастау алды. Осылайша жаңа республиканың заңнамасының бастауы, соның ішінде конституциялық-құқықтық заңнамасының бастауы «Қазақ ССР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ ССР Конституциясында (Негізгі Заңнама) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның шығуы болды. Осы заң бойынша Н. Ә. Назарбаев Президентке берілген құзіретін жүзеге асыру арқылы Республиканың егемендігін, қаіпсіздігін, теориялық тұтастығын қорғау жолында қажетті шараларда жүйелі түрде жүргізді.
Жаңа қоғамдық жүйені, жаңа мемлекеттілікті құруда, адам мен азаматтың кең ауқымы құқықтарын бекітуде және Қазақстанның тұрақты халықаралық позициясын нығайтуда алғашқы қадамдар жасалды. Сондықтан, Қазақстанның жаңа кезеңінің басталуын 1990 ж. 25 қазақнда қабылданған «ҚазССР-ң Мемлекеттік егемендігін туралы Декларациясымен» байланыстырса да, ол жоғарыда айтылған заңның қабылдануымен және оның негізінде жүргізілген шаралармен әзірленген еді. Бірақ, бұл 1990 ж. 25 қазанда қабылданған ҚазССР Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияың тарихи маңызын ешбір кемсітпейді.
Аталмыш заңмен басталған Республиканың конституциялық заңнамасының дамуының алғашқы кезеңінің негізгі сипаты мынада еді: егемендіктің жариалануы, егемендікті нығайту бағытында маңызды шаралардың жасалуы, жаңа экономикалық жүйеге-нарықтық қатынастарға көшудегі алғашқы қадамдар, президенттік басқару нысанындағы үрдістердің даиуы, мемлекеттік биліктің бөліну қағидасын енгізу және т. б.
Осы кезеңде қабылданған маңызды конституциялық-құқықтық актілерді келесі топтарға бөлуге болады:
Бірінші топ. Мемлекеттік егемендікті нығайтудың құқықтық негіздерін құраған конституциялық-құқықтық актілер.
Екінші топ. Мемлекеттік органдар жүйесіне өзгертулер енгізген актілер.
Үшінші топ. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына байланысты актілер.
Әрине, мұндай бөліністің шартты екендігін түсінікті болса керек, өйткені актілердің көбісін тек бір топқа ғана жатқызуға болмайды. Мысалы, «ҚазССР Президенті қызметін тағайындау және ҚазССР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды актілердің белгілі бір нақты тобына жатқызуға болмайды. Бұл заңда егемендікті күшейту жөніндегі басқа да мәселелермен қатар мемлекет органдары және адам мен азаматтың құқықтары мен бостанқдықтары жөніндегі нормалар бар. Бұл актінің қатарына «ҚазССР мемлекеттік егенмендігі туралы Декларацияны» және «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды, басқа да көптеген мемлекеттік-құқықтық актілерді жатқызуға болады. Сонда да біз оларды актілердің ең негізгі белгілері мен мазмұны бойынша жоғарыда келтірілген классификация бойынша қарастыруға болады деп есептейміз.
Актілердің бірінші тобы - мемлекеттік егемендікті нығайтуға құқықтық негіздерін құраған конституциялық-құқықтық негіздерін қараған конституциялық-құқықтық актілер.
«Қазақ ССР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ ССР Конституциясында (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1990 ж. 24 сәуірде қабылданған заң.
Бұл заңды сипаттай отырып және оның Қазақстан мемлекеттілігін орнатудағы, мемлекеттік басқару нысанын анықтаудағы және бүкіл құқықтық жүйенің дамуындағы маңызын атай отырып Президент қызметін тағайындау себептерін анықтау керек. Бұл заңда Президент қызметін енгізудің негізгі себептері ретінде республикада жүзеге асырылып жатқан терең саяси және экономикалық өзгерістердің одан әрі дамытылуын қамтамасыз ету, конституциялық құрылысты, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен қауіпсіздігін нығайту, Қаз ССР-ң мемлекеттік өкіметі мен басқаруының жоғары органдарының өзара іс-қимылын жақсарту қажеттілігі танылған.
Заңда ҚазССР Президентінің мәртебесі мемлекет басшысы ретінде анықталып, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, ҚазССР Конституциясы мен заңдарының кепілі ретінде танылды.
Осылайша Президенттің Республика ааматттарының құқығы мен бостандығын қорғаудағы ерекше жауапкершілігі аталып өтті. Президент қызметінің тағайындалуы туралы заңдаадам, оның құқығы мен бостандығы формуласы арқылы Қазақстанда алдыңғы қатарлы адамзат дәстүрдің сақталуына, яғни адам құқытары мен бостандықтарының ең қымбат құндылық ретінде қарастырылуына негіз қаланды.
Заңда Президенттің ең маңызды құқықтары анықталды. Ол Республиканың тәуелсіз, еркін және жемісті дамуына ең негізгі алғышарт болатын Республиканың егемендігін қорғау құқығы еді. Осыған орай Президентке Республиканың қауіпсіздігі мен территориялық тұтастығын қамтамассыз ету жөнінде ең маңызды міндет жүктелді. Атап өту керек, 1995 ж. Конституция бойынша Президентке берілген елдін қауіпсіздігі үшін қажетті нақты шараларды жүзеге асыру жөніндегі құқықтар жоғарыда аталған заң бойынша Президентке берілген құқықтардың дамуының жемісі еді.
Президент заң шығару аясында ауқымды құқықтарға ие болды - Жоғарғы Кеңес қабылдаған заңдарға қол қою құқығы. Бұл қабылданған заңдарды оларға қол қоюдан бұрын қосымша зерттеу мүмкіндігін берді. Заң шығармашылығы аясындағы Президентке берілген маңызды құқық болып, осы зыңды өз ескертулермен Жоғарғы Кеңеске қайта қарауға және қайта дауыс беруге жіберу болды. Қазіргі Конституцияда Президентке берілген мұндай құқық 1990 ж. 24 сәуірде қабылданған заңмен енгізілген заң шығармашылық процесіндегі жаңалық еді.
Президентке сыртқы саяси қызметті жүзеге асыруда бірқатар құқықтар берілді. Қазіргі кезде көптеген егемен мемлекеттердің басшылары ие болып отырған мұндай құқықтар ҚР Президентіне тұңғыш рет берілді. Бұл жерде Республика атынан халықаралық қатынастарда өкілдік ету, халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде аккредитацияланатын дипломатиялық өкілдерді тағайындау мен кері шақыру құқығы, халықаралық келіссөздерді жүргізу және халықаралық шарттарға қол қою құқығы, сенім және кері шақыру грамоталарын, шет елдердің аккредиталған дипломаттарын қабылдау құқықтары туралы сөз болып отыр.
Осыған орай келесі мәселелерді атап өтейік. Бұған дейін ҚазССР-і аталмыш құқытарға ие болған жоқ. Демек, одақтас республикалар, соның ішінде Қазақстан, СССР құрамында егемен мемлекет дәрежесіне көтерілген еді. Президентке берілген бұл құқықтар әлемдегі басқа мемлекеттердің басшыларының құқықтарына сәйкес, мемлекет басшысының толық құқықты мәртебесінің қалыптасқандығын дәлелдеді.
Осы заң бойынша Президентке мемлекет басшысы ретіндегі бірқатар ерекше құқытар берілді. Президентке Республиканың Министрлер Кеңесінің төрағасының орнына кандидатураларды, Үкіметке және басқа да жоғарғы мемлекеттік органдарға талапкерлерді Жоғарғы Кеңеске ұсыну құқығы берілді. Ол Республика министрлер Кеңесін отставкаға жіберу немесе оның отставкаға кетуін қабылдау туралы мәселені Жоғарғы Кеңес алдына қоюға құқылы болды.
Республика бұл кезде парламенттік мемлекет сипатына ие болды, бірақ Президенттің мәртебесі мен құқытарында президенттік басқару нысанының орнауына бірте-бірте жол ашқан маңызды белгілер мен элементтер орын ала бастады.
Ол кезде ҚазССР-да парламент Республикасының белгілері басым болғанын айта тұра, біз келесі мәселелерді атап өтуіміз керек: заңда Президентті жалпы, тең және тікелей дауыс беру негізінде азаматтар сайлайтыны бекітілгенмен, алғаш рет Президентті Жоғарғы Кеңес сайлайды, бұл парламенттік нысандағы басқарудың маңызды сипаты болды. Жоғарғы Кеңес президенттің ұсынысымен Республика Министрлер Кеңесінің төрағасын тағайындайды. Бірақ 1978 ж. Конституциядағы ҚазССР-ң мемлекеттік өкіметінің жоғарғы органы ретінде Жоғарғы Кеңес саналатыны туралы ереже сақталды. Сонымен қатар, Жоғағы Кеңес ҚазССР-не қатсты кез келген мәселені қарастырып шеше алатындығы жөніндегі ереже өз күшінде қалды. Жоғарғы Кеңестің басқа да маңызды ерекше өкілеттіктері сақталды. Әрине, Жоғарғы Кеңес Республика Президентінің қарауына жатқызылған мәселелерді шеш алмады, ал бұған дейін Жоғарғы Кеңестің құзіретінде болған жоғарғы мемлекеттік билік өкілеттіктері Жоғарғы Кеңес пен президент арасында бөлінді.
Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемнедігі туралы Декларация (1990 ж. 25 қазан) .
Кеңес заманда ҚазССР-і заңды түрде, яғни республика болып саналды. Республика құқықтары әбден шектелген, яғни егемендіктің қалған қалдықтары барынша жоғалған кезде де біздің республика басқа республикалар сияқты 1977 ж. СССР Конституциясындла және 1978 ж. ҚазССР Конституциясы бойәынша да егеменді мемлекет болып «танылды».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz