Республикасының азаматтығында болса, қай жерде туғанына қарамастан бала



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚҰҚЫҚ САЛАСЫ РЕТІНДЕ

Конституциялық құқық — Қазақстан Республикасы құқық жүйесі салаларының
бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін
білдіреді және басқа құқық жуйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі
тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың
ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің
болатындығын білдіреді. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін
қоғамдық қатынастар оның пәнін кұрайды.
Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялык
құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам
құрылымының негізін кұрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен
тікелей байланысты жүргізіледі.
Конституциялық құқық пәнін тусіндірудің теориялык, сондай-ақ
практикалық мәні бар. Онсыз конституциялык құқықтың нормалары мен
институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық
реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын аныктау
мүмкін емес. Конституциялык құқык пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану
саласын да анықтау мүмкін емес. Өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді талдау
кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану кажеттігін аныктап алу
керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар
сипатын белгілеу қажет.
Конституциялық кұқық нормаларымен реттелетін қатынао тар аясы мейлінше
кең. Ол мемлекет пен коғам өмірінің бар-лықсалаларын: саяси, экономикалық,
әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялык
құқық нормалары аталған салаларды барлык керіністері бойынша және жан-жақты
реггемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана
реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғам-дағы кейін кең дамитын саяси,
экономикалық, әлеуметтік, діни байланыстардың негізін қалайды.
Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп
аталатын белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және
қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялық-құқықтық қатынастарды реттеу
үшін төмендегідей: 1) міндеттеу әдісі; 2) тыйым салу әдісі; 3) рұқсат ету
әдісі; 4) тану әдісі қолданылады. Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға
сияқты, жеке тұлғаларға да қатысты, олардың барлық қызмет саласында
қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының
18-бабында: "Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды
адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары
мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен
танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті" деп жазылған. Қазақстан
Республикасы Конституциясының 6-бабы бұл әдісті қолданудың тағы бір мысалы
болып табылады. Яғни: "Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар
қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Аталған қағида мемлекеттік меншікке
сияқты, жеке меншікке де қатысты. Тиісінше, конституциялық норма
мемлекеттік органдарды да, жеке меншік иелерін де меншікті тек өз мүддесіне
ғана емес, сондай-ақ қоғам мүддесіне де пайдалануға міндеттейді.
Конституциялық құқықта тыйым салу әдісі де кең қолданылады. Бұл әдіс,
көбіне мемлекеттік органдарға, қоғамдық құрылымдарға қатысты қолданылады.
Тыйым салу әдісі азаматтарға қатысты шектеулі жағдайларда ғана қолданылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабының 3-тармағында былай
делінген: Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейді. Конституция заңда қаралмаған
әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салады. Қазақстан Республикасының
Конституциялық құқы демократияның шынайы көрінісі болып табылатын рұқсат
ету әдісін де кең қолданады.
Мұндай әдіс көп жағдайда адамның және азаматтың мәртебесін белгілеу
үшін қолданылады. Мысал ретінде әркімнің,заңмен белгіленгеннен басқа ретте,
Қазақстан аумағында еркін жүріп-тұруын және тұратын орнын еркін тандауын
айтуға болады. Рұқсат ету әдісінің өзіндік ерекшелігі мынада, Конституция
белгілі бір ауқым, шекке дейін еркін әрекет ету мүмкіндігін бере отырып,
субъектінің әрекетін айтарлықтай шектей алады.
Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың өкілеттігін белгілеу кезінде
де қолданылады. Айталық, Қазақстан Республикасы Конституциясының
53-бабының 4-тармағына сәйкес Парламент Палаталардың бірлескен
отырысында Президентке, оның бастамасы бойынша, әр Палата депутаттары жалпы
санының үштен екі даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару
өкілеттігін беруге хақылы.
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы, меніңше, құқықтық
реттеудің тағы бір әдісін — тану (танымау) әдісін де қолданады. Кеңестік
кезеңнен кейінгі конституциялық құқық жөніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің
қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бұл әдіс объективті фактордан
— адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысьшан танудан туындайды. Мемлекет
адамдардың табиғи құқығына рұқсат етеді емес, дәлірек айтқанда, таниды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағында былай деп
жазылған: "Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған,
олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, зандар мен өзге
де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай
анықталады". Құқықтық реттеуді әдіс ретінде тану да конституциялық құқықтың
демократиялық және адамгершілік мәнін сипаттайды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША АЗАМАТТЫҚ ҰҒЫМЫ. ОНЫ АЛУ ЖӘНЕ
ЖОЮ

Қазақстан Республикасының зандары азаматтықты азаматтардың жиынтығы
арқылы емес, әр жеке адам бойынша белгілейді.
Қазақстан Республикасының азаматтығына адамның мемлекетпен арасындағы
өзара құқықтар мен бостандықтар жиынтығын білдіретін тұрақты саяси-құқықтық
байланыс ұғынылады.
"Азаматтық" ұғымы заң бойынша үш элементтен тұрады: 1) адамның
мемлекетпен байланысы уақытша емес, тұрақты болуы тиіс. Адам өз қалауы
бойынша азаматтықты біресе қабылдап, біресе одан бас тарта алмайды; 2)
адамның мемлекетпен байланысы саяси-құқықтық сипатта болады. Мемлекет
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын кез келген адаммен
құқықтық байланысқа түсе алады. Бірақ саяси қатынас тек мемлекет пен оның
азаматы арасында ғана орнай алады; 3) мемлекет пен азаматтың арасында өзара
құқық пен міндеттемелер белгіленеді.
Қазақстан Республикасы өзінің органдары мен лауазымды адамдары атынан
өз азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасы азаматтары өзінің
республикасы алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясын
және зандарын сақтауға, оның мүдделерін, аумақтық тұтастығын қорғауға, әдет-
ғұрып, дәстүрлерді, мемлекеттік тілді және оның аумағында тұратын басқа да
ұлт өкілдерінің тілдерін құрметтеуге, Қазақстан Республикасының қуатының,
егемендігі мен тәуелсіздігінің нығайтылуына үлес қосуға міндетті.
Қазақстан Республикасы азаматтығының негізгі мәселелері Конституциямен
және Республиканың азаматтық туралы Заңымен реттеледі. Конституцияға
азаматтық туралы негізгі қағидалар: барлық азаматтардың тендігі туралы,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі туралы, құқықтар мен
бостандықтардың шектелуіне жол берілмейтіндігі туралы, азаматтықтан
айыруға, республика шегінен қуғындауға және басқаларына жол берілмейтіндігі
туралы қағидалар енгізілген. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы
Заң: қандай адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатынын,
олардың құқықтық жағдайларын, азаматтықты алу және тоқтату тәртібін, ата-
аналардың азаматтығы өзгерген және бала етіп асырап алған кездегі олардың
балаларының азаматтығын, азаматтық мәселелері бойынша мемлекеттік
органдардың өкілеттігін, азаматтык мәселелері бойынша арыздар мен
ұсыныстарды қарау, шешімдерді орындау тәртібін, сондай-ақ азаматтық
мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдану тәртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасының азаматтары азаматтықты алу негіздеріне, шығу
тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайларына, нәсілді және ұлттық
сипатына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге қатынасына, саяси және өзге де
наным-сеніміне, руы мен қатынас сипатына, тұратын орнына және басқа мән-
жайларына қарамастан заң алдында тең.
а) Азаматтық туралы Заң күшіне енген күнге - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам және азамат конституциялық дәрежесінің негізі
Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу негіздері және тәртібі
Азамат және мемлекет
Азаматтық
ҚР адамдардың және азаматтардың конституциялық жағдайының негіздері
Республикасының азаматтығын тоқтату негіздері
Азаматтық мәселесі жөніндегі халықаралық шарттар
Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы
Адам және азаматтардың конституциялық міндеттері
Пәндер