Конституциялық құқықты интернационализациялау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин
атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Экономика және құқық кафедрасы

050115 – Құқық және экономика негіздері мамандығы үшін

Қазақстан Республикасының Конституциялық құқық
пәнінен дәріс кешені

Арқалық
1.Тақырып. Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының пәні, әдісі,
және бастаулары
Жоспары:
1. Конституциялық құқық пәні және құқық саласы ретінде.
2. Конституциялық құқықтың бастаулары мен жүйесі.

3. Конституциялық құқық ғылым саласы ретінде.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. С.К.Амандықова.
Астана, 2001 жыл.
2.Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Ғ.Сапарғалиев. Алматы,
2004 жыл.
3.Қазақстан Республикасының Конституциясы Астана 2007 жыл.
4.Салыстырмалы құқықтану негздері Табанов. Алматы, 2003 ж.
5.Құқық негіздері .С.Д.Баққұлов Алматы, 2004 ж.
6.Конституционное право, В.В.Лазарева Москва, 1998 г

1. Конституциялық құқық пәні және құқық саласы ретінде.
Конституциялық құқық – Қазақстан Республикасының құқық жүйесі
салаларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық
нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан
ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормаларға қоғамдық
қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы
белгілердің болатындығын білдіреді. Конституциялық құқық нормаларымен
реттелетін қоғамдық қатынастар оның пәнің құрайды.
Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық
құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам
құрылымының негізін құрайды, сондай ақ мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен
тікелей байланысты жүргізіледі.
Конституциялық құқық пәнін түсінудің теориялық, сондай ақ практикалық
мәні бар. Онсыз Конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән
мәнін дұрыс түсінуге болмайды, орлардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін
ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Өйткені, нақты
құқықтық әрекеттерді орындау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын
қолдану қажеттігін анықтап алу керек Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып
табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу қажет.
Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынастар аясы мейлінше
кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық,
әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине конституциялық құқық
нормалары аталған салаларды барлық көріністері бойынша және жан-жақты
реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана
реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси,
экономикалық, әлеуеттік, діни байланыстардың негізін қалайды.
Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп
аталатын белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және
қоғамдық қатынастары реттейді. Конституциялық құқықтық қатынастарды реттеу
үшін төмендегідей әдістер қолданылады:
1. Міндеттеу әдісі;
2. Тыйым салу әдісі;
3. Рұқсат ету әдісі;
4. Тану әдісі.
Міндеттеу әдісі мемлекеттік органдарға сияқты, жеке тұлғаларға
қатысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады.
Контитуциялық құқықта тыйым салу әдісі де кең қолданылады. Бұл әдіс,
көбіне мемлекеттік органарға, қоғамдық құрылымдарға қатысты қолданылады.
Тыйым салу әдісі азаматтарға қатысты шектеулі жадайларда ғана қолданылады.
ҚР Конституциясының 39 бабының 3 тарауында былай делінген: Саяси себептер
бойынша азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қандай да бір түрде
шектеуге жол берілмейді. Конституция заңда қаралмаған әскерилендірілген
құрамалар құруға тыйым салады.
ҚР Конституциялық құқығы демократияның шынайы көрінісі болып табылатын
рұқсат ету әдісін де кең қолданады. Мұндай әдіс көп жағдайларда адамдардың
және азаматттардың мәртебесін белгілеу үшін қолданылады. Мысал ретінде
әркімнің, заңмен белгіленгеннен басқа ретте, Қазақстан аумағында еркін
жүріп тұруын және тұратын орнын еркін тандауын айтуға болады. Рұқсат ету
әдісінің өзіндік ерекшелігі мынада, Конституция белгілі бір ауқым, шекке
дейін еркін әрекет ету мүмкіндігін бере отырып, субъектінің әрекетін
айтарлықтай шектей алады.
Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың өкілеттігін белгілеу кезінде
де қоланылады. Айталық, ҚР Конституциясының 53-бабының 3-тармағына сәйкес
Парламент Платаларының бірлескен отырысында Президентке, оның бастамасы
бойынша, әр палата депутаттары жалпы санының үштен екі дауысы мен бір
жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы.
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы құқықтық реттеудің
тағы бір әдісі тану (танымау) әдісін де қолданады. Кеңестік кезеңнен
кейінгі конституциялық құқық жөніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің
қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бұл әдіс объективті
факторлардан адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан танудан туындайды.
Мемлекет адамдардың таиғи құқығына рұқсат етеді емес, дәлірек айтқанда
таниды. ҚР Конституциясының 12-бабының 2-тармағында былай деп жазылған:
Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар
абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де
нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай
анықталады. Құқықтық реттеуді әдіс ретінде тану да конституцияның құқықтың
демократиялық және адамгершілік мәнін сипаттайды.

2. Конституциялық құқықтың бастаулары мен жүйесі
Құқық ғылымында құқықтың заңдық бастаулары ұғымы қалыптасқан. Бұл
орайда құқықтың бастаулары көрініс беретін нысандар ұғынылады. Құқықтық
нормалар нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді. Қазақстан
Республикасының Конституциясында құқық бастауларын анықтауға қатысты
бірқатар ерекше белгілер бар.
Біріншіден, Конституцияда құқық нысандары (бастаулары) аталады.
Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сай
келетін заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық
шарттардың және өзге де Республиканың міндеттемелерінің, сондай–ақ
Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік
қаулыларының нормалары болып табылады.(ҚР Конституциясы 4-б, 1-т).
Көрсетілген конституциялық қағида құқық бастауларын жалпылай
сипаттайды. Конституцияда көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің
нысандарының бәрі бірдей оның бастаулары болып табылмайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы жариялаған мемлекет
қызметінің принциптері: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл
халықтың қажетіне орай экономикалық даму, қоғамдық патриотизм, мемлекет
өмірінің мейлінше маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу
қазақстандық құқықтың қайнар көзі қызметін атқарады.
Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық
құқықтың тура және тікелей қайнар көзі болып табылады. Қазақстан
Республикасының Конституциясының құқықтық нормалары қалайша құқықтың қайнар
көзі ретінде сипатталады?
1. Қазақстан Республикасында Конституция бүкіл конституциялық заңдардың
негізі болып табылады, құқықтық нормалар орнықтырылады. Басқаша айтқанда,
Конституцияның құқықтық нормалары конституциялық құқықтық қатынастарды
реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыру мен
дамытудың негізі болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының құқықтық нормалары мемлекет пен
қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени
салаларды қамтиды. Әрине, Конституцияның құқықтық нормалары аталған
салалардағы қоғамдық қатынастарды егжей-тегжейлі және жан-жақты
реттемейді. Ол тек қана қоғамдық қатынастардың мәнді, басты бағыттарын
ғана реттейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының құқықтық нормалары
құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.
3. Конституцияның құқықтың басқа бастауларымен салыстырғанда Қазақстан
Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші бар және Қазақстанның
барлық аумағында қолданылады. Қазақстан Республикасында қабылданған
заңдар және басқа нормативтік актілер Конституциядан бастау алуы және
оған қайшы келмеуі тиіс. Егер олар Конституцияға қайшы келсе, онда олар
заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды. Қазақстан Республикасының
Конституциясында оның қағидаларының жоғары заңдық күшін қамтамасыз етудің
кепілдігі белгіленген
4. Қазақстан Республикасы Конституциясының тек конституциялық құқықтың ғана
емес сондай-ақ құқықтың басқа да салаларының бастауы ретіндегі мәні
мынада, онда халықтың мемлекеттік еркі, олардың құқықтық демократиялық
мемлекет құру, дүниежүзілік қауымдастыққа оның тең құқылы мүшесі ретінде
қосылу жөніндегі табандылығы тікелей көрініс тапқан.
5. Конституция құқықтың басқа бастауларынан, сондай-ақ тек мемлекеттің ғана
емес сонымен бірге тұтастай қоғамның да негізгі екендігімен ерекшеленеді.
Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғам өмірінің жекелеген тараптарын
қамтиды. Ал, Қазақстан Республикасының Конститутциясының идеялары,
прициптері, құқықтық нормалары бүкіл қоғам өмірінің мейлінше мәнді
бағыттарын реттейді: жекелеген адамды, азаматты, қоғамдық қызметтің
барлық субъектілерін (бірлестіктерді, қозғалыстарды, өзін өзі басқару
орандарынан және басқаларын) қамтиды.
6. Сондай-ақ, Конституция конституциялық құқықтың басқа бастауларынан
өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудың ерекше тәртібін белгілеуімен
ерекшеленді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі
заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігінен
туындайтын мәнімен сипатталады.
7. Қазақстан Республикасы Конституциясының құқықтың қайнар көзі ретіндегі
тағы бір өзіндік қыры онда оның басқа қайнарларының нысандары:
конституциялық, жәй заңдарды, Президенттің нормативтік жарлықтары мен
қаулылары, ҚР Үкіметінің қаулылары, сондай-ақ, заңдық күшінің деңгейі,
қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Конституциялық құқығының мемлекеттік
(республикалық) мәні бар құқықтық нормаларды белгілейтін қайнар көзінің
қатарына конституциялық заңдар жатады. Конституциялық заңдар атауы ҚР
Конституциясына енгізілген. Қазақстанның конституциялық заңдарының өзіндік
ерекшелігі – олар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізбейді, тек
Конституцияның құқықтық нормаларын нақтылайды. ҚР Конституциялық заңдарын
қабылдаудағы іс жүргізу Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы шешім қабылдаудағы іс жүргізуден осынысымен ерекшеленеді.
Жай заңдарда конституциялық құқықтың қайнар көзі болып табылады. Жай
заңдарды Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайды. Қазақстан
Республикасы Конституциясында қаралған жағдайда жай заңдарды Президентте
қабылдай алады. Қазақстанның конституциялық құқығының қайнар көзіне
азаматтық туралы, көші қон туралы және басқа жай заңдар жатады.
Қазақстан Республикасының мәжілісінің Регламенті, сенатының
Регламенті, Парламенттің Регламенті, Парламент Палаталары құрған
үйлестіруші және көмекші органдар туралы ереже конституциялық құқық
салаларының қайнар көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциялық құқығының қайнар көзіне ҚР
Президентінің нормативтік жарлықтары да жатады. Президенттің нормативтік
жарлықтары:
1. Конституциялық заң күші бар жарлықтар
2. Жай заң күші бар жарлықтар
3. Заңға сәйкес нормативтік жарлықтар болып үш топқа бөлінеді.
Президенттің нормативтік жарлықтарының бәрі бірдей конституциялық құқықтың
қайнар көзі болып табылмайды. Ондай жарлықтар конституциялық құқықтық
нормалардан тұратын нормативтік жарлықтар.
ҚР Үкіметінің нормативтік құқықтық актілері конституциялық құқықтық,
конституциялық құқықтық нормалардан тұратын сала ретіндегі қайнар көзі олып
табылады.
Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның
конституциялық құқықтың қайнар көзі ретіндегі мәні ерекше зор. Аталған
декларация Кеңестер Одағы кезінде қабылданғанымен, ол кейін егемендіктің
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңда, 1993 жылғы
және 1995 жылғы Конституцияда және басқа конституциялық актілерде
бекітілген принциптерін жариялады.
Қазақстан Республикасы таныған халықаралық актілердің нормалары да
конституциялық құқықтың қайнар көзіне жатады. Ол адам құқығы, қоғамдық
нормалардан тұруы мүмкін.
Саланың қайнар көзіне жергілікті өкілетті органдардың, сондай- ақ
конституциялық құқықтық нормалары (шешімдер, жарлықтар, ережелер) бар
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативтік құқықтық актілері де
жатады. Олардың кеңістіктегі заңдық күші шектеулі және олар жергілікиі
сипатта болады.

3. Конституциялық құқық ғылым саласы ретінде.
Конституциялық құқық құқықтық ғылымның бір саласы ретінде оқытылады.
Ғылым ретінде конституциялық құқыққа өз пәні, өз бастаулары, оны оқып
үйренуге өзіндік бағыт-бағдар тән. Ғылым конституциялық құқықты құқықтық
ғылымдардың бір бөлігі ретінде қарастырғандықтан, ол салалық ғылымдардың
қатарына жатады. Конституциялық құқық ғылымы конституциялық құқықтың
қалыптасу, даму, қызмет ету заңдылығын зерттеуге бағытталған,
конституциялық заңдылыққа сүйенетін негізгі ұғымдар мен санаттарды
қалыптастырады және конституциялық құқықтың құқықтық ғылым жүйесіндегі орны
мен рөлін анықтайды. Конституциялық құқық ғылымы мемлекеттік басқару және
мемлекеттік құрылыс нысандарын, Қазақстан мемлекеті тетігін (механизмін),
мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынастарының нысандарын, әдістері мен
тәсілдерін зерттейді. Ол Конституциялық құқықтың мәнін, нормалары мен
институттарының бағыттарын және оны жүзеге асыруға байланысты процестерді
зерттейді. Осындай жұмыстарды жүзеге асырудың нәтижесінде конституциялық
құқықтық қатынастар туады, өзгертіледі және тоқтатылады. Сондықтан
конституциялық құқық ғылымы конституциялық құқықтық қатынастардың сипатын
және табиғатын , олардың басқа салалық құқықтық қатынсатарымен
салыстырғандағы ерекшеліктерін зерттейді.
Конституциялық құқық ғылымы халық өкілдігі, ұлттық, халықтық және
мемлекеттік егемендікпен мемлекеттік басқару құрылымымен, әкімшілік-
аймақтық бөлініс нысанары сияқты кешенді проблемалардың тұжырымдамасын
жасайды. Жергілікті өкілетті және жергілікті өзін-өзі басқару органдары
жүйесі де осы ғылым зерттейтін пән. Ғылым сайлау жүйесіне демократияның
қайнар көзі ретінде айрықша назар аударады.
Конституциялық құқық ғылымы тұтас құбылыс болғандықтан оның
тұжырымдамалары, теориялық ережелері өзара байланыста болып қана қоймайды,
сондай-ақ біртұтастығымен ерекшеленуі тиіс. Конституциялық құқық ғылымының
Ғылым сайлау жүйесіне демократияның қайнар көзі ретінде айрықша назар
аударады.
Конституциялық құқық ғылымы тұтас құбылыс болғандықтан оның
тұжырымдамалары, теориялық ережелері өзара байланыста болып қана қоймайды,
сондай-ақ біртұтастығымен ерекшеленуі тиіс. Конституциялық құқық ғылымының
бірлігі мен тұтастығы теориялық кешендердің шартты түрдегі дербестігін
жоққа шығармайды. Ол дербес зерттелетін мынадай айтарлықтай кешендерден
тұрады. Мысалы, билікті бөлісу, парламентаризм, президентік басқару
нысандары, сайлау жүйесі, азаматтық, егемендік, мемлекеттіліктің сипаты мен
мәні, халық билігі, азаматтық қоғам тұжырымдамасы, саяси плюрализм және
басқа теориялар жатады.
Ғылым Конституциялық құқық деп аталғандықтан, оның негізгі бастауы
Конституция болып табылады. Ол Конституцияның негізінде өзінің басты
теориялық ережелерін қалыптастырады. Сонымен бірге жинақталып келіп
конституциялық заңдылықты құрайтын: конституциялық заңдар, жай заңдар,
Президенттің нормативтік жарлықтары, Үкіметтің қаулылары, жергілікті
өкілетті органдардың шешімдері де конституциялық құқық ғылымының қайнар
көзі болып табылады.
Конституциялық құқық ғылымының тағы бір қайнар көзіне отандық, сондай-
ақ шетелдік ғалымдардың конституциялық құрылыстың философиялық, заңдылық,
саяси, әлеуметтік және басқа мәселелеріне арналған, осы салаға тікелей
немесе жанамалай қатысты еңбектері жатады.
Қазақстанда қазіргі заманғы конституциялық құқық ғылымы кеңестік
кезеңдегімен салыстырғанда шартты түде дамыды. Бірақ, Қазақ КСР-ы КСРО-ның
құрамында болғандықтан Қазақстанның дербес конституциялық құқық ғылымы
болған жоқ. Ол Кеңестер елі конституциялық құқық ғылымының құрамдас бір
бөлігі болды. Қазақстан дербестігін алып республика болып құрылғаннан кейін
еліміздің конституциялық құқық ғылымы қалыптаса бастады. Қазақстанда
аталған ғылымның теориялық бастаулары дербес конституциялық даму
мәселелерін қазірдің өзінде зерттейтін республика ғалымдарының еңбектері
болып табылады. Қазақстанның конституциялық құқық саласы әлемдік өркениет
жетістіктерінде көптеген жетістіктерге қол жеткізуде.

2. Тақырып. Конституциялық – құқықтық нормалар, институттармен принциптер
Жоспары:
1. Конституциялық – құқықтық нормалар ұғымы, олардың түрлері мен
ерекшеліктері.
2. Құқықтық институттар.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясының принциптері.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. С.К.Амандықова.
Астана, 2001 жыл.
2.Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Ғ.Сапарғалиев. Алматы,
2004 жыл.
3.Қазақстан Республикасының Конституциясы Астана 2007 жыл.
4.Салыстырмалы құқықтану негздері Табанов. Алматы, 2003 ж.
5.Құқық негіздері .С.Д.Баққұлов Алматы, 2004 ж.

1. Конституциялық – құқықтық нормалар ұғымы, олардың түрлері мен
ерекшеліктері
Конституциялық құқықтық нормаларға құқықтық нормалардың барлық
белгілері тән. Оларды мемлекеттік органдар қабылдайды. Олар қоғамдық
қатынастарды ретке келтіретін құрал болып табылады.
Құқықтық нормалар реттеушілік және қорғаушылық қызмет атқарады.
Реттеушілік нормаларға құқықтық қатынас мүшелеріне субъективтік құқық беру
және оларға заңдық міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің белгілі бәр нұсқасын
белгілейтін конституциялық құқықтық нормалар жатады. Бұл, Конституцияның
азаматтардың құқықтары мен бостандықтары бөлімінде анық көрінеді.
Қорғаушылық нормаларға субъектілер тәртібін мәжбүрлеу шараларын белгілеу
жолымен анықталатын конституциялық құқықтық нормалар жатады. Конституциялық
құқық қорғау нормалары конституциялық құрылысты нығайтуда, азаматтың құқығы
мен бостандығын қорғауда, саяси тұрақтылықты сақтауда үлкен рөл атқарады.
Бұл нормаларға Президенттің импичменті туралы, Үкіметке, оның жекелеген
мүшелеріне сенім көрсетпеу туралы конституциялық ережелер жатады.
Конституциялық құқықтық нормаларды түсіну үшін конституциялық
реттеуші нормаларды өкілеттік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші нормаларға
бөлеміз.
ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР

Реттеуші
Қорғаушы

өкілеттік тыйым міндеттеуші
беруші салушы

Өкілеттік беруші конституциялық құқықтық нормалар субъективтік
құқықтық жағымды мамұнда белгілейді. Ол субъектіге, яғни мемлекеттік
органдарға, қоғамдық бірлестікке, азаматтарға қандай да бір жағымды әрекет
жасауға құқық береді. Осындай құқық беруші нормалар көп жағдайда
азаматтарға беріледі. Бұлар азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік
құқықтары туралы конституциялық нормалар. Құқық беруші нормаларға ҚР
Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің
конституциялық өкілеттігін анықтайтын нормалар жатады.
Тыйым салу нормалары адамдардың белгілі бір қасиетті әрекеттеріне
ұстамдылық жауапкершілігін белгілейді. Айталық, Конституция діни негізде
саяси партиялар құруға, заңсыз қарулы құрамалар ұйымдастыруға тыйым салады.
Тыйым салушы конституциялық нормалар мемлекеттің конституциялық негіздерін,
заңдылық пен құқықтық тәртіпті қорғауды көздейді. Бұл туралы Конституцияда
анық айтылған. 5-баптың 3-тармағында Мақсаты немесе іс әрекеті
Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын
бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұсқан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік,
ұлттық, діни, тектік, топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған
қоғамдық бірлестіктер құруға тыйым салынады делінген.
Міндеттеуші конституциялық нормалар адамдардың, қоғамдық
бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың белгілі бір жағымды әрекеттержасау
жауапкешілігін белгілейді. Конституция Парламент Палаталары Төрағаларына
бірқатар жауапкершілік жүктейді.
Құқық саласының құқықтық нормаларынан конституциялық құқықтық
нормаларды ажырататын ерекшеліктер:
1. Конституциялық құқықтық нормалар ерекше қоғамдық қатынастарды реттейді.
Конституциялық құқықтық нормалар адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің
негіздерін бекітуге қатысты конституциялық құрылыс негіздерін нығайту мен
мемлекеттік органдар жүйесін анықтауға байланысты қатынастарды реттеуді
көздейді.
2. Конституциялық құқықтық нормалардың үлкен заңдық күші бар. Басқа
құқықтық нормалар Конституцияға қайшы келмеуі тиіс. Барлық басқа
нормативтік актілер Конституция негізінде шығарылады. Конституция
қағидаларына қайшы келмейтін құқықтық актілердің күші жойылуы тиіс.
Конституциялық нормаларды қорғау құқығы Конституциялық Кеңеске және
Прокуратураға берілген.
3. Материалдық және іс жүргізуші конституциялық құқықтық нормалар өзіндік
қырымен ерекшеленеді. Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқықтан айырмашылығы
конституциялық құқықтың конституцияық нормаларды жүзеге асырудың жалпы
біржақты тәртібін белгілейтін мамандандырылған іс жүргізуші саласы жоқ.
Дегенмен, Конституциялық құүқықытық нормалар мен реттелетін қоғамдық
қатынастарттобының әр қайсысының да өзіндік іс жүргізу нормалары бар.
Мысалы, Парламенттің заңдар қабылдауының белгілі бір тәртібі, Президент
импичментінің, Парламентке депутаттар сайлауын өткізу, референдум өткізу
тәртібі конституциялық нормалармен бегіленеді.

2. Құқықтық институттар
Барлық заңдық нормалар бір-бірімен тығыз байланысты, өзара тәуелді,
өзара негізделеген және бірыңғай жүйе құрайды. Құқық жүйесі – нақтылы түрде
қалыптасқан құқықтың ішкі құрылымы. Құқық жүйесі құқықтық институт және
құқық саласы деген екі элементтен тұрады. Құқық институты – бірыңғай
қоғамдық қатынастардың жеке, шартты түрде дербес түрлерін реттейтін құқық
нормаларының жиынтығы. Мысалы, конституциялық құқықта – азаматтық
институты, азаматтық құқықта – сыйға тарту, сатып алу-сату институты.
Конституциялық құқық өзіндік мемлекеттік құқықтық институтқа ие.
Құықытық институт заңдылық мазмұнының жақындығы бойынша топтасқан құқықтық
нормалар жиынтығы. Құқықтық нормалар конституциялық құқық саласын құқықытық
институттар арқылы құрайды. Конституциялық құқықтың конституциялық
институты конституциялық құқық нормаларының ықпалындағы қоғамдық
қатынастардың белгілі бір учаскелерін реттеуді көздейді. Әр құқықтық
институт шартты түрде конституциялық құқық саласының дербес құқықтық
нормалар тобын білдіреді.
Конституциялық құқықтың құқықтық институты қоғамдық қатынастардың
ірі немесе шағын тобын реттей алады. Конституциялық құқықтық институттың
кез келген басқа құқықтық институттар сияқты өз құрылымы бар. Бұл құрылымды
құрайтындар әр қилы заңдық мазмұнмен сипаталады. Мұндай әр қилылық қоғамдық
қатынастардың тиісті бір бөлігін реттеуді қамтамасыз етеді. Бүкіл
әрқилылығына қарамастан құқықытық институттың нормалары ортақ құқықтық
принциптермен, идеялармен бірлестірілген. Айталық, қабылдау негіздеріне
қарамастан азаматтық институты азаматтардың бірлігі мен теңдік
принциптерімен бірлестіріледі. Қүқық институты кей кездері жекелеген
нормативтік актілерді бекітеді. Арнаулы заң қабылданған солазаматтық
институтттың алалық. Бұл азаматтық қатынастарды реттейтін барлық құқықытық
нормалар осы заңның ішінде деген сөз емес. Азаматтық туралы негіз боларлық
нормалар ҚР Конституциясында жазылған.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының принциптері
Құқықтық принциптер мемлекеттік органдардың, азаматтардың, олардың
бірлестіктерінің, лауазымды адамдардың қызметін үйымдастырудың белгілі бір
бағыттарын қарастыратын құқықтық нормативтік идеялар болып табылады.
Конституциялық принциптер Конституцияда және конституциялық құрылысты, оның
қызметін ұйымдастыру бағытын анықтайтын құқықтық нормативтік идеялар.
Конституциялық принциптер Конституция қабылданар кезеңде қалыптасқан
экономикалық, саяси, әлеуметтік, этникалық факторлармен және мемлекет пен
қоғам дамуының стратегиялық идеяларымен қамтамасыз етіледі. Әлем таныған
халықаралық құқық нормаларын да назардан тыс қалдыруға болмайды. Республика
конституциясында Қазақстан халықаралық құқық принциптері мен нормаларын
құрметтейтіндігі атап айтылған. Қазақстан Республикасы Конституциясы
нормаларын талдау нәтижесі бойынша конституциялық принциптерді екі топқа
бөлуге болады:
1) Конституцияда айқындалған принцип
2) Конституцияда айқындалмаған принцип. Бұл принцип конституциялық
қағидаларды талдау аясында рәсімделеді.
Конститтуция Қазақстан Республикасының қызметіне негіз боларлық
принциптерді орнықтырады. Қазақстан Республикасы қызметіне негіз боларлық
принциптер туралы конституциялық ереже Қазақстан мемлекетіне, оның
органдарына және Қазақстан қоғамына, оның қоғамдық саяси институттарына
арналады.
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық келісім принципі бірінші орында
тұрады. Өйткені қоғам әртүрлі топтарға, ұлттарға, тектерге, конфессияларға
бөлінеді. Сондықтан қалыпты қоғамдық келісімнің маңызы айрықша. Мемлекеттік
органдардың құқық қорғаушылық қызметінің де қоғамдық келісімді нығайтуға
қосар үлесі зор. Мемлекет қоғамдық саяси бірлестіктерден қоғамдық келісімді
бұзуға бағытталған әрекеттерге жол бермеуді талап етеді. Қоғамдық келісімді
қолдау мемлекеттің, оның органдарының ғана емес, сондай ақ қоғамдық саяси
институттардың, тұтастай қоғамның міндеті.
Бұл орайда Қазақстан Респуликасындағы жағдай қанағаттанарлықтай.
Азаматтардың олардың қоғамдық бірлестіктерімен ұйымдарының сан мыңдаған
ұсыныс тілектерін ескере отырып, Республикалық Референдум өткізу:
1) референдумға ерікті түрде қатысу және азаматтардың өз қалауын еркін
айту.
2) Жабық сайлау кезінде референдумға азаматтардың жалпыға ортақ, тең және
тікелей қатысу құқығы.
3) Жариялылық принциптеріне негізделеді.
Парламенттің қызметі демократиялық әдістер негізінде жүзеге асырылады.
Оның Палаталарының құзыретіне жататын барлық мәселелер, тұтас алғанда, ашық
қарау, талқылау, дауыс беру жолымен шешіледі. Конституциялық Кеңес, Үкімет,
орталық атқарушы органдар өз қызметтерінде демократиялық әдістерді кең
қолданады.
Билікті бөлу принципі конституциялық құрылыс негіздерінің бірі ретінде
Конституцияның мемлекеттік органдардың жүйесі мен құзыретін, олардың өзара
өкілеттік шегін бекіткен көптеген қағидаларында көрініс тапты.
Мемлекеттік биліктің жоғарғы сатысында билік бөлу принципін қамтамасыз
ету үшін ҚР Конституциясы бөлу принципін билік тармақтары арасында іс
жүргізуді шектеу принципі мен ұштастыруды көздейді. ҚР Конституциясына тән
сипат, онда іс жүргізудің түпкі билігі Парламентке бекітілген. Парламент,
оның Палаталары Сенат және Мәжіліс өз қызметін тек Конституцияда
көрсетілген өкілеттік шеңберінде ғана жүргізеді. Ал Үкіметтің өкілеттігіне
келсек, Конституция бойынша оған олардың кейбіреуі ғана берілген Оның
Президенттің заңдары мен актілері арқылы жүктелген басқа да қызметтерді
атқаратындығы көрсетілген.
Билік бөлу принципін барлық билік тармақтарының тәжірибесін байыту
есебінен жетілдіруге болады. Судьялардың жұмысы принциптерін арнайы атау ол
билік тармақтарының бірі болғандығы үшін ғана емес, сонымен бірге құқықтық
мемлекетте азаматтардың құқығын, бостандығын және заңды мүдделерін қорғауда
айрықша мәнге ие болатындығымен де маңызды.
Қазақстан Республикасының Конституциясында Конституцияның үстемдік
принципі Ресей Федерациясы Конституциясындағы сияқты (4б, 2т) тікелей
дараланбаған. ҚР бүкіл аумағында Конституцяның үстемдік принципі әр қилы
ісер етеді. Ең алдымен ол Қазақстанда конституциялық құрылысты
орнықтырудан, құқықтық мемлекет құруға ұмтылудан көрінеді. Конституцияның
үстедігін тану мемлекеттің Конституцияға, задарға бағыну идеясын білдіреді.
ҚР Конституциясында республика өзін құқықтық мемлекет ретінде бекітті деп
жазылған.
Конституцияның үстемдігі, сондай ақ оның басқа да принциптерімен,
нормаларымен бүкіл мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің,
лауазымды адамдардың және азаматтардың қоғамдық өмірінің барлық
салаларындағы қызметінің сәйкестендірілуі тиістігін білдіреді. Қазақстан
Респуликасы Конституциясының үстемдігі принципінде мемлекеттік құрылымның
біртұтас нысандары бейнеленеді. Біртұтас Қазақстан мемлекеті
Конституциясының үстемдігі Республиканың барлық аумағында бірдей жүреді.
Аумақтық тұтастық, оның бөлінбейтіндігі туралы қағида ҚР Конституциясының
нақ лсы үстемдік принципіне негізделген.
Жалпы ұлттық келісім, қоғамдық саяси тұрақтылықты нығайту мақсатында
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1997 жылды жалпы ұлттық
келісім және саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жариялау
туралы жарлық шығарды. Жалпыұлттық келісім жылын өткізуде саяси партиялар,
ұлтық мәдени орталықтар, қоғамдық және діни бірлестіктер белсенді рөл
атқарды. Олар қоғамдық келісімді, қоғамдық саяси тұрақтылықты нығайту
бағытында бірлескен акциялар өткізуді көздейтін өзара келісімдерге қол
қойды.
Республика қызметіне негіз болатын маңызды принциптердің бірі – елдің
саяси тұрақтылығын орнату принципі. Қоғамдық келісім сияқты, саяси
түрақтылықта та, мемлекеттің, қоғамның, олардың институттарының үздіксіз,
ойластырып жүргізген жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асырылады. Қазақстан
Респуликасы Конституциясы қоғамның барлық мүшелерін біріктіре алатын және
саяси құқықтық мұраттарды әлеуметтік мәдени құндылықтарды қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы мемлекеттік құрылым
саласында және мемлекеттілік сипатында мұраттар бірлігін қалыптастыруға
қолайлы жағдай жасады.
Қазақстан Республикасының қызметі экономикалық дамуға бағытталуы тиіс.
Қоғамды гүлдендірудегі шешуші мәніне орай экономикалық принцип негізгі
принциптердің бірі болып табылады. Осы принципті орнықтыра отырып,
Конституция, біріншіден, мемлекеттің, қоғамның экономикасын дамытуда алатын
орны мен жауапкершілігін атап көрсетеде. Мемлекеттің жеке экономикалық
қатынастар саласындағы қатал, байыпты да батыл реттеушілік қызметінсіз,
сондай ақ экономиканың мемлекеттік секторларын жан жақты реттеп, қатаң
басқармайынша экономиканы дамыту мүмкін емес. Екіншіден, Конституция
экономикалық қатынастарды жолға қойып, экономиканы дамытуда азаматтық
қоғамның өзінің де алатын орнын мойындайды.
Конституция Қазақстандық патриотизм принципін негізгі принциптердің
бірі ретінде есептейді. Патриотизм Қазақстан азаматтарының өз Отанына деген
сүйіспеншілігімен берілетіндігін, оның өмірінің барлық салаларында саяси,
экономикалық, мәдени салаларда табысқа жетуіне, оның қуатының, қорғаныс
қабілетінің артуына, халықаралық аренада беделінің нығайюына ықпал ету
идеясы, сезімі мен әрекетін білдіретін принцип болып табылады. Қазақстандық
патриотизм Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі принциптерінің бірі
ретінде бекітілгендіктен мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, қоғамдық
бірлестіктер мен азаматтар оны басшылыққа алуы тиіс.
Мемлекет өміріндегі мейлінше маңызды мәселелерді демократиялық жолмен
шешу Қазақстан Республикасы қызметіндегі ерекше орнынға ие, соған орай
демократиялық принцип негізгі принцип болып табылады. Крнстититуция
мемлекет өмірі мәселелерін демократиялық жолмен шешудің бірқатар әдістерін
қарастырған. Ол мемлекет өміріндегі маңызды мәселелерді халықтың өзінің
республикалық референдум арқылы шешуінде көрініс табады. ҚР Президентінің
1995 жылы 02.11 Респуликалық референдум туралы жарлығында бүкіл халықтық
дауыс беруге шығарылуға мүмкін мәселелер тізімі келтірілген. Бұл мәселелер
Республика Конституциясында, конституциялық заңдарында, олпарға өзгерістер
мен толықтырулар енгізілген зңдарда қабылданған. Референдумға мемлекет
өмірінде шешілуге тиісті басқа да маңызды мәселелер шығарылды.
ҚР Конституциясының жоғары заңдылық күші және нормаларының тікелей
қолданылу принципінің мазмұны оның үстемдігі принципімен салыстырғанда
басқашалау. ҚР Конституцясының жоғары заңдық күші, ҚР қабылданатын заңдар
және басқа да құқықтық актілердің ҚР Конституциясына қайшы келмеуін,
жоғарыдан төменге дейінгі мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар,
жергілікті өзін өзі басқару органдары, сондай ақ азаматтар, олардың
бірлестіктері Конституцияны сақтауға міндетті екендігін білдіреді.
Конституцияның тікелей қолданылуы оның жоғары заңдық күші принципінің
маңызды бөлігі болып табылады. Конституцияның тікелей қолданылуы оның құқық
шығармашылығына, институттың қайта құрылуға, азаматтардың, олардың
бірлестіктерінің өз құқықтары мен бостандықтарын тікелей жүзеге асыруына,
адамдардың моральдық құқықтық өмір салтына ықпалетуін білдіреді.
Конституция іс жүзінде құқық ұғымын береді. Ол қандай заңдардың
қабылдануы мүмкін екендігін көрсетеді. Ол бірқатар жоғары мемлекеттік
органдардың нысандары көрсетілген норма шығармашылық өкілеттігін
белгілейді. Мемлекеттік органдардың құрылу тәсілдерін бекіте отырып,
Конституция тұрақты институттық жаңарудың негізін жасайды. Азаматтар
Конституцияға сүйеніп, өздерінің құқықтары мен бостандықтарын қорғай алады.
Азаматтардың конституциялық нормалары әр түрлі қабылданып, әртүрлі жүзеге
асырылуы мүмкін. Бірінші шарт ол Конституцияны білу.
Конституциялық заңдылық ол барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды
адамдардың, азаматтардың және олардың бірлестіктерінің Қазақстан аумағында
конституциялық нормалар мен қағидаларды (принциптерді) мүлтіксіз сақтап,
біркелкі қолдану.
Демократиялық централизм принципі атқарушы биліктің иерархиялық
құрылуы мен қызметі жөнінде. Айталық, жергілікті атқарушы органдар
Республиканың атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді, атқарушы
биліктің жалпы мемлекеттік саясаты тиісті аумақтағы даму мүддесі мен тұтыну
қажетіне сай жүргізуін қамтамасыз етеді. Централизм Президенттің
облыстардың, қалалардың әкімдерін тағайындауларынан көрінеді.

3.Тақырып. Қазақстан Республикасының конституциясы – мемлекттің негізгі
заңы
Жоспары:
1. Конституцияның ұғымы
2. Конституцияның мәні
3. Конституцияның ерекше белгілері

Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. С.К.Амандықова.
Астана, 2001 жыл.
2.Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Ғ.Сапарғалиев. Алматы,
2004 жыл.
3.Қазақстан Республикасының Конституциясы Астана 2007 жыл.
4.Салыстырмалы құқықтану негздері Табанов. Алматы, 2003 ж.
5.Құқық негіздері .С.Д.Баққұлов Алматы, 2004 ж.

1. Конституцияның ұғымы
Конституция ұғымын ерте заманда Грецияда Аристотель қалыптастырған
болатын. Ол кезде Конституция деген сөз саяси құрылыс ұғымын
білдіретін. ХҮІІ ғасырда Францияда бұл сөз рентаны, рента шартын бейнеледі.
Ұлы француз төңкерісі қарсаңында Конституция сөзі Мемлекеттің жай-күйі
ұғымын танытты. Конституция сөзі латынның constitutio – бекіту, орнату
деген мағынаны білдірді. Рим империясы заңдарында императорлардың құқық
көздеріне айналған түрлі нұсқаулары мен жарлықтарын білдірді. Орта
ғасырларда феодалдық еркіндік туралы құжаттар осылай атала бастады.
Ең алғашқы конституциялық типтік актілер Англияда қабылданған
болатын. Ұлыбритания, Жаңа Зеландия жазбалы емес конституциялары бар
мемлекеттер. Оның жазбалы емес конституция деп аталуы ХІІІ – ХХ ғасырларда
қабылданған көптеген актілер, соның ішінде сот үрдістері (прецедент), әдет-
ғұрып (конституциялық келісім) жататындығынан. Бұлардың бәрі бір-бірімен
байланысы жоқ, белгілі бір жүйеге келтірілмеген, сондықтан тұтас акті
ретінде қалыптаспаған.
Ең алғашқы жазбалы Конституцияны (ішкі құрылымдарға бөлінген бірыңғай
негізгі заң) АҚШ – тікі деп атауымызға болады, ол 1787 жылы қабылданып, осы
уақытқа дейін қолданылып жүр. Еуропадағы жазбалы конституциялар Польша мен
Францияда 1791 жылы қабылданған болатын.
Конституцяның ерекше белгілерін айқындай отырып, құқықтанушылар, оны
ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте ең жоғары
заңдық күші бар құқық нормаларының жүйесі, ол бір жағынан адам мен
қоғамның, екінші жағынан адам мен мемлекеттің арасындағы қатынастар
негізін, сонымен бірге мемлекеттің өзінің ұйымдастыру негіздерін қоғамдық
және конституциялық құрылыстың негіздерін, адам мен азаматтың негізгі
құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі
басқару буындарын ұйымдастыру және олардың қызметі қағидаттарын бекітуші
әрі реттеуші Негізгі Заң ретінде тұжырымдайды. Сондықтан Қазақстан
Республикасының Конституциясы елімізде қолданылып жүрген барлық заңдардың
іргетасын қалайды, оның заңдарының заңы болуы шындық, ақиқат. Құқық
қалыптарының бұл жүйесі заң салаларына қағидаттық қалып болып табылып,
құқық реттегіштің базасына айналады. Ал, ағымдағы заңдар осы конституциялық
қағидат қалыптарын әрі қарай дамытушы күш ретінде есептеледі.

2. Конституцияның мәні
Конституцияның мейлінше көп тараған мағынасы – ең жоғарғы құдіретті
күші бар заң немесе заңдар деген ұғымда қолданылады. Конституцияның
құдіретті күштілігі мынадан айқын көрінеді: біріншіден, оның нормалары өзге
заңдардың тұжырымдарынан айрықша басымдылықта болады, екіншіден, жай заңдар
және оған тәуелді нормативтік актілер осы конституцияда айқындалған
органдар арқылы конституциялық процедураға сай қабылданулары тиіс,
үшіншіден, төменгі деңгейдегі нормативтік актілер Ата заңымыздың
нормаларына сәйкес болуы керек.
Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы Төртінші Ата заң
(1937, 1978, 1993, 1995 жж.) Кейінгі екеуінің алдыңғылардан елеулі
айырмашылығы сол – бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздікті, егемендікті
және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырады.
Кейінгі Ата заңда (1995 ж.) құқықтық мемлекеттің қалыптастырылу бағыттары,
азаматтардың құқытары мен бостандықтары, соның ішінде жеке адамның жан-
жақты қалыптасуына қажетті экономикалық еркіндігі, идеологиялық пен саяси
әр алуандығы, халық билігін жүзеге асырудың демократиялық амалдары,
экономикалық қатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға сай бейнеленеді.
Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының мәтінінен байқағандай, оның
нормалары ұзақ жылдарға бейімделген, тұрақты, жалпы мәндес болулары тиіс.
Ал, Конституцияның өзі референдумда (Қазақстан Республикасы, Ресейде,
Францияда, т.б. елдерде сияқты) немесе басқаша да қабылдануы мүмкін. Оның
іс жүзіне енгізілуі біржақты – мемлекет басшысының актісі арқылы болуы да
мүмкін. Конституцияға құқықтық акт ретінде ғана емес, оны бүкіл
қоғамымыздың әділеттілік адамгершілік бағытын ұстаушы қалып ретінде
қарауымыз керек. Өзінің мәні жағынан конституция ол қабылданған кездегі
саяси күштердің арақатынасын көрсетуші қоғамның әр түрлі бөліктерінің саяси
мүдделері тоғысқан бейнебір қоғамдық шарт маятнигі болып табылады. Мұндай
қоғамдағы үйлесімсіз ешқандай құқықтық тәртіптің орнығуы мүмкін емес.
Конституцияның мәні оның қызмет ету сипаттамасынан айқын көрінеді. Ол
үш негізгі қызметті: заң (құқықтың басты қайнар көзі ретінде), саяси
(мемлекеттің құрылысын) және идеологиялық (қоғамның алтын қазынасын – адам
және адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын) дәріптеуші қызметін
атқарады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық заң салаларының заңдық
базасы болып табылады, ал оның нормалары басқалары үшін нормалық принцип
болып есептеледі. Қазіргі кездегі Қазақстандағы құқық жүйесінің қалыптасуы
еліміздегі құқықтық мемлекет құру бағытымен ұштастырылуда. Сондықтан
еліміздің Ата заңының мәні мен оның алатын орны барған сайын жоғарылауда.

3. Конституцияның ерекше белгілері
Қоғамдық қатынастардың конституциялық құқытық реттілігінің дамуын
мінездейтін әлемдегі мынандай үш ерекшелікті атап көрсетуге болады.
1. Конституцияларды, жалпы алғанда конституциялық құқықты тұрақты
социализацияландыру көрініс табуда. Дүние жүзіндегі алғашқы конституциялар,
әдетте, саяси сферамен шектелген. Олар жеке (азаматтық) және саяси құқықтар
мен бостандықтарын уағыздаған. Тек, ерекше жағдайда ғана құқық меншігін
(мәні жағынан әлеуметтік-экономикалық тұрғыда) мәлімдеген.
ХХ ғасырдағы әлеуметтік шиеленістердің нәтижесінде конституцияға бүкіл
қоғамдық құрылысты реттеудің белгілі бір нысандарын (саяси, әлеуметтік-
мәдениет жүйелерін қосқанда) енгізу қажеттігі талап етілді. Осындай
дәстүрді іс жүзінде енгізіп, нығайтуға социалистік деп аталатын елдердің
(КСРО) конституциялары көп әсерлерін тигізді.
Алғашқы жылы кеңестік конституциялары Қазан революциясынан кейін пайда
болды.
2. Конституциялық құқықты демократизацияландыру. Бұл тенденция барлық
жерлерде сайлаудың жалпыға бірдей, тең және төтелігінен туындайды. Өйткені,
біз, Республика Президентінің, Парламент Мәжілісінің, Сенатының және
мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
мүшелерін жасырын дауыс беру жағдайында, лауазымына қарамастан, тек
Қазақстан Республикасының Сайлау туралы Конституциялық заңы негізінде
ғана өткіземіз. Бұдан да басқа қазіргі кездегі, өз егемендігімізді алғаннан
бері дүниеге жаңа демократиялық институттар келіп, дами бастады. Солардың
бірі - әкімшілік пен конституциялық әділеттілік, адам құқығы жөніндегі
мемлекеттік ұйымдар, т.б.
3. Конституциялық құқықты интернационализациялау. Бұл тенденцияның басты
өзегі әрбір демократиялық мемлекеттің Ұлттық конституциялық құқығының
халықаралық құқықпен жақындасып, олардың арасындағы алшақтықтың бірте-бірте
жойылуы. Жеке мемлекеттің конституциялық құқық мәселесіндегі айтарлықтай
жетістіктері халықаралық деңгейде қорытындылап, олар халықаралық актілерге
пактілер, конвенциялар, және т.б. түрінде енеді. Мұнын өзі әрбір
мемлекеттің ұлттық заңдарына тиісті демократиялық конституциялық құқықтық
институттарды кіргізуге өз әсерін тигізеді деген сөз. Қазақстан
Республикасының Конституциясындағы Республика бекіткен халықаралық
шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт
бойынша оны қолдану үшін заң шығару, талап етілетін жағдайдан басқа
реттерде, тікелей қолданылады және барлық заңдар, Республика қатысушы
болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына,
бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми
түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады, делінген
тұжырымдар осының куәсі. Демек, біздің Ата заңымызда тікелей көрсетілмесе
де, тек республика бекіткен халықаралық шарттар ғана өзіміздің құқықтық
жүйелердің, құрамдас бөлігі деп есептеуімізге күмән жоқ..
Мемлекеттік құқық ғылымында конституция терминін материалдық және
формальды негізінде түсіндіреді. Материалдық мәні ретінде конституция – бұл
жазбалы акт, актілердің жиынтығы немесе конституциялық әдет-ғұрыптар.
Мұндай материалдық мәнінде термин конституция өмірде аз қолданылады.
Көбінесе, біз конституцияны формальды мәнінде, яғни заң немесе заңдардың
топтары ретінде, өзге нормативтік актілермен, заңдармен салыстырғанда оның
ең жоғары күші бар екендігін түсінеміз. Демек, конституцияны бұл тұрғыда
заңдардың заңдары немесе Ата заң деп түсінуіміз қажет.
Конституция түсінігн заңды (юридикалық) конституция және нақтылы
(фактически) конституция жүктеулерінен ажыратуымыз қажет. Заңды конституция
– бұл қоғамдық қатынастарды реттейтін белгілі бір құқықтық нормалардың
жүйесі. Нақтылы конституция болса, ол өмір өзегінен туындайтын қатынастар.
Яғни, мұндай конституция өмірмен тығыз байланыста болып, одан алшақтамауы
тиіс. Былайша айтқанда, ол өмір шындығы, өмір ақиқаты.
Қазақстан Республикасының конституциялық құығы деп Қазақстан
Республикасы аумағында әрекет ететін, қоғамның құрылысы негіздерін және
мемлекеттік билікті ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілер
ұғынылады.
Конституцияның сыртқы заң күші бар және ол республиканың барлық
аумағында тікелей қолданылады. Барлық басқа бастаулар конституция
нормаларынан шығады және оған қайшы келмеуге тиіс.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – басқа ұлттық құқықтық қайнар
көздеріне қарағанда ең жоғарғы заң күші бар, мемлекеттік және қоғамдық
құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен
міндеттерінің негіздерін, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару
органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет принциптерін бекітетін және
реттейтін мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы.

4.Тақырып. Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық –
құқықтық мәртебесінің негіздері.
Жоспары:
1. Азаматтықтың жалпы мәселелері. Қазақстан Республикасы заңдары бойынша
азаматтық ұғымы.
2. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар.
3. Әлеуметтік – экономикалық құқықтар мен бостандықтар.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. С.К.Амандықова.
Астана, 2001 жыл.
2.Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Ғ.Сапарғалиев. Алматы,
2004 жыл.
3.Қазақстан Республикасының Конституциясы Астана 2007 жыл.
4.Салыстырмалы құқықтану негздері Табанов. Алматы, 2003 ж.
5.Құқық негіздері .С.Д.Баққұлов Алматы, 2004 ж.

1. Азаматтықтың жалпы мәселелері. Қазақстан Республикасы заңдары бойынша
азаматтық ұғымы.
Конституциялық құқық жүйесінде азаматтық институт маңызды орын алады.
Бұл институт Қазақстан Республикасының ІІ бөлімінде конституциялық түрде
бекітілді.
Азаматтықпен байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының
азаматтығы туралы 1991.20.12. Заңмен, ҚР Президентінің 1995.03.10. заң
күші бар жарлығымен енгізілген өзгертулер және толықтырулармен реттеледі.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы Қазақстан
Республикасы азаматтығына анықтама бермейді. Азаматтық ұғымы ҚР азаматтығы
туралы заңның преамбуласында клтірілген. Азаматтыққа тұлғаның құқықтарымен
бостандықтарының жиынтығын білдіретін, мемлекетпен арадағы тұрақты саяси
құқықтық байланыс мемлекеттің аталған тұлғаны өз азаматы ретінде заңды
түрде тануына негізделеді және оған тұрғылықты жеріне қарамастан
мемлекеттік билікті таратудан көрініс табады. Мемлекет өз азаматтарының
мүдделерін ел аумағынан тыс жерлерде де қорғауға міндетті. Өйткені азамат
мемлекеттің қамқорлығында болуына байланысты, тіпті республикадан тыс
жерлерде жүрседе одан міндеттерді орындауды талап ете алады. Тұлға мен
мемлекет арасындағы азаматтық қатынастар оның аумағында тұруына,
мемлекеттік билікке бағынуға, құқықтар мен бостандықтарға ие болуға
байланысты емес, тұлға мен мемлекет арасында болатын, азаматтықтың мазмұнын
құрайтын ерекше, тұрақты саяси құқықтық байланыстардың әсерініен пайда
болады.
Мемлекет өз азаматтарының мүдделерін, азаматтықтың алынуы және
тоқтатылуы негіздері мен тәртібін заңдылықты бекіте отырып, өзі белгілейді.
Бұл халықаралық құқықтық нормалармен, соның ішінде 1930 жылғы Гаага
конференциясында қабылданған көп жақты конвенциямен танылған. Азаматтыққа
тұруц жағдайы тиісті құжаттармен (ҚР азаматтарының құжаттары, туу туралы
куәлік, төлқұжатта балалары туралы жазу) заңдылықты бекітіледі.
Сонымен қоса мемлекет өз азаматтарының туу және өлімі сияқты азаматтық
хал актілерін тіркейді.
Қазақстан Республикасы азаматы мен мемлекет арасындағы құқықтық
қатынастар туған сәтен пайда болып, азаматтың өліміне не Қазақстан
Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты аяқталады. Бұл
азаматтықтың тұрақты және орнықты сипатына куә болады.
Азаматтықтың мән маңызы Қазақстан Республикасының Конституциясында
және 1991 жылдың 20 желтоқсанындағы ҚР азаматтығы туралы заңында, 1995
жылдың 3 қазанында енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен бекітілген
негізгі принциптер және жалпы бастаулармен сипатталады.
Адам, тұлға, азамат ұғымдарының арасында белгілі бір айырмашылық
болғанымен, көп жағдайларда бір мәндес сөздер ретінде қолданылады. Адам
ұғымы жеке адамдардың биологиялық әлеуметтік табиғатын білдіреді.
Биологиялық жаратылыс ретінде Саналы адам деңгейіне жеткен адам дамуы
баяу өтеді. Кез келген нақтылы тұлға болып саналатын және табиғи және
ілеуметтік ерекшеліктерге ие болады.
Тұлға дегеніміз – нақты қоғамдық экономикалық құрылымның мүшесі
ретінде адамды сипаттайтын ерекшеліктердің жиынтығын білдіреді. Тұлғаның
қайталанбас даралығы адамдардың белгілі бір әлеуметтік тобының өкілі
ретінде адамдарға тән кейбір ортақ белгілерді де қамтиды. Оларға ұлты,
кәсібі, әлеуметтік жағдайы және оның қоғамда алатын орны, жауаптылығы
жатады. Тұлғаның осындай жалпы сипатының жиынтығы оның әлеуметтік бейнесін
айқындайды. Дәлірек айтсақ ғалым, саясаткер, зейнеткер т.б.
Азамат ұғымы публистикалық мағынада жиі қолданылады, ол адам - өз
отанының ұлы немесе қызы деген ұғымды білдіреді. Азамат ұғымы адамның кез
келген мемлкетпен емес, тек өз елімен ғана құқықтық байланыста екендігін
аңғартады.Мысалы, адамның монархиялық мемлекет пен құқықтық байланысы
бодан ұғымымен сипатталады. Оның тығыз байланыстылығын мынадан көруге
болады. Мемлекет азаматтарға толық құқықтары мен бостандықтарын белгілеп
берсе, ал азаматтар заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге
де міндетті төлемдерді төлеу т.с.с. жүзеге асырады.
Жаңа Конституцияда Азамат термині қолданылған кезде Қазақстан
Республикасының азаматы деп жиі айтылады. Басқа мемлекеттерде тұратындар
сияқты Қазақстан аумағында тұрып жатқандардың бәрі бірдей оның азаматы
болып табылмайды. Олардың арасында шетелдік азаматтар немесе азаматтығы жоқ
адамдар болуы мүмкін. Олардың құқықтары мен бостандықтарының сол мемлекет
азаматтарына қарағана аздығы, шектеулігі. Мысалы, кейбір саяси және
әлеуметтік экономикалық құқықтарының, соның ішінде сайлауға немесе
сайлануға, әскер қатарына алынуға, жоғары лауазымды қызметке көтерілуіне
болмайтындығы.
Адамның өмір сүру құқығын іс жүзінде асырған кезде оның туу фактісі
ғана қажет, ал оның азамат пен тұлға қасиеттеріне ие болуы міндетті емес.
Бұдан басқа құқықтарды іс жүзінде асырған кезде адамның тұлға, азамат болуы
шарт.
Қазіргі таңда азамат сөзі осы мемлекеттің тұрақты халқына жататын,
сондай-ақ барлық міндеттерді орындайтын адамға қатысты айтылады. Қазақстан
Республикасы азаматтығы туралы Заңында осы жайлардың барлығы баяндалған
(1991.20.12).
Жалпы Қазақстанда және өзге де шет елдерде азаматтықты алудың екі
негізгі тәсілдерін атап кетуге болады. Соның ішіндегі ең оңай жолы
азаматтықты тууына байланысты алуы. Олай дейтініміз оны алу не оны беру тек
жеке адамның, не тиісті мемлекеттік органның еркі емес, ол адамның табиғи
құқығы болып табылады. Сондықтан мемлекет нәресте дүниеге келгенде ғана
азаматтықты беруге міндітті. Ол үшін баланың әкесі мен шешесінің екеуіде ҚР
азаматы болуы қажет. Егер баланың тууына дейін ата анасы Қазақстан
Республикасынын тыс жерде тұрақты тұрып жатқан болса, онда баланың
азаматтығы олардың жазбаша өзара келісім бойынша анықталады. Ал, егерде
баланың тууына дейін ата-ананың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы
болса, онда бала ҚР азаматы болып саналады, Қазақстан аумағынан тыс жерде
туылғанымен ата-анасының екеуі, не олардың біреуінің тұрақты тұрағы
Қазақстан болса, сондай-ақ ата-анасының біреуі ҚР азаматы болып,
екіншісінің азаматтығы жоқ болса да бала туған жеріне қарамастан Қазақстан
Республикасының азамты болып есептеледі.
Шет елдердің азаматы мен азаматтығы жоқ адамдар да жоғары да аталған
азаматтық туралы заң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекттің негізгі заңы.
Конституциялық құқықты демократизацияландыру
Қазақстан Республикасы Конституциясының принциптері
Құқық жүйелерінің конституциялық негіздері
Қазақстан мемлекетінің конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы
Мемлекет құқық негіздері
ҚР Конституциясының даму тарихы және қалыптасу кезеңдері
Қазақстанда құқықтық мемлекет құру
Халықаралық экономикалық ұйымдар туралы
Еуроодақта сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеудің мемлекетаралық жүйесінің қалыптастыру кезеңдері
Пәндер