БАНКТЕРДІҢ ПАЙЫЗДЫҚ САЯСАТЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 6
- КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАЙЫЗДЫҚ САЯСАТЫН ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЖІРБИЕЛІК НЕГІЗДЕРІКоммерциялық банктердің пайызын құрудың теориялық негіздерінің экономикалық мәні . . . 9Коммерциялық банктердің пайызының құрылуының тәжірбиелік негіздері . . . 15Пайыз тәуекелін басқару - банк пайдасын ұлғайту құралы . . . 20
- БАНКТЕРДІҢ ПАЙЫЗДЫҚ САЯСАТЫБанк пайызының экономика жүйесіндегі рөлі (Банк мысал) . . . 31Банктік пайыздарды қолданудағы әдістері мен тәсілдер . . . 37Банк пайыздарының экономикалық маңыздылығы . . . 43
- КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЕЛІМІЗДІҢ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ПАЙЫДАРЫНЫҢ МӘНІПайыздық мөлшерлемені төмендету . . . 49Шетел банктерінің пайыздық мөлшерлемені белгілеу тәжірбиелері . . . 58
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 71
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев тұжырымдап, 2006 жылғы 18 қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысында ұсынған “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегисы аясында” таяудағы он жылға арналған алты басымдық пен тиісті міндеттер атап көрсетілген. Аталған басымдықтарды іске асыру Қазақстанның экономикасын дамытып, өркениет көшіндегі орнын ілгерілете түседі. Қазірдің өзінде Дүниежүзілік экономикалық форумның деректері бойынша, бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингінде Қазақстан ТМД елдерінің барлығының алдына шығып, 61-ші орында тұр.
Қазіргі уақытта банк жүйесі дамыған елді бүкіл дүниежүзі бойынша кездестіру екіталай. Өйткені бұл қаржы институттары сол елдің ақша айналымын реттеп, елдің экономикасының қарыштап дамуына үлес қосып отыратын бірден бір механизм екендігі баршаға мәлім. Халыққа қажетті материалдық ресурстарды өндірумен тікелей айналыспаса да сол саланы дамытуға, өндіріс күштерін қаржыландыруға өз үлестерін қосып отырған бірден бір объект екені бәрімізге мәлім. Өйткені әрбір мекеме, өндіріс ошақтары, сөз болып отырған банктер жүйесі ең алдымен сол елдің халқына, жалпы мемлекетті құрап отырған жұртшылықтың игілігіне қызмет етуі тиіс және міндетті де. Бұл аксиома.
Нарық инфраструктурасының басты элементтерінің бірі коммерциялық банктер болып табылады, олардың қызметін екі жақты қарауға болады: делдалдық қызмет ретінде займ алу, несиелеу процесі және өндірістік функциялары ретінде, клиенттерге қызмет көрсетумен түскен ақпаратты тексеру. Коммерциялық банктің басты функциясы болып қаржылық делдал, активтік және пассивтік операциялардың пайыздық мөлшерінің көлемі.
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі: «Коммерциялық банктің басты функциясы болып қаржылық делдал, активтік және пассивтік операциялардың пайыздық мөлшерінің көлемі» қазіргі кезде өзектілігі елімізде орасан зор артуда.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты Банктік пайыз өлшемін уақытша бос ақша қаржыларын орналастыру және кіріс алу тәуекелділігімен байланысты, ақша және несие ресурстарына деген сұраныс пен ұсыныстар пайда болатын сандық шектеудің экономикалық маңызын аша түсу, және олардың белгіленуін түсіндіру.
Дипломдық жұмыстың міндеті қаржы нарығындағы коммерциялық банктердің пайыздық операцияларын талдаулар мен қызметіне АҚ «Каспийский банкі» негізінде сипаттама беру және де көздеген мақсатқа жету үшін ғылыми әдебиеттерді, басылымдарды пайдалана отырып, коммерциялық банктердің пайыздық операцияларына толық сипттама беріп, олардың қазіргі кезде еліміздегі даму жағдайына талдау жасау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы үш тараудан тұрады:
Бірінші бөлімде коммерциялық банктердің пайыздық саясатын теориялық және тәжірбиелік тұрғыдан сипаттама беру, пайыздың маңыздылығы мен мәніне түсінік бере отырып, пайыздық операциялардың классификацияларын анықтаудан, пайыздық операциялардың ерекшеліктерін ашып көрсету.
Екінші бөлімде банк пайыздарының болашақта ел экономикасына әсер етуін талдау коммерциялық банктердің пайыздық саясатын жүргізу жеке және заңды тұлғалардың пайыздық сақтандыру жүйесінің қызметін талдау (АҚ «Каспийский банкі негізінде») .
Үшінші бөлімде коммерциялық банктердің пайыздық мөлшерлемені жетілдіру жолдары мен шетелдік тәжірибелердің маңыздылықтары.
Жұмыс барысында АҚ «Каспийский банкінің» пайыздық саясатының қызмет ету ерекшелігіне байланысты кестелер сызылған және жұмысты аяқтай келе еліміздегі банктік жүйесінің дамуы мен екінші деңгейлі банктердің пайыздық саясатының маңыздылығы туралы жалпы банк жүйесінің болашағы туралы ұсыныстарым бар.
Бұл дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі «Банктік пайыз: экономикалық мәні, ролі, әдісі мен тәсілі».
Жұмыстың тақырыбы оқу және ғылым әдебиеттерде қарастырылу дәрежесі кең. Осы дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Републикасының Конституциясы, Қазақстан Републикасының банктердің қызметін реттейтін Заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер, Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлықтары, Ұлттық Банктің Қаулылары, Ережелері, АҚ «Каспийский банкінің» ішкі ережелерінен, әдеби оқулықтарды пайдаланулардан бастадым.
Банктерді ірілендіру процесі бізде тұрақты түрде жүріп жатыр, ол әлі алдағы уақыттарда да жүргізілмекші. Біздегі банк жүйесінің моделі америкалық модельге ұқсас, сондықтан мемлекеттік бақылаушы органдар кезінде біз ұсынған еуропалық, соның ішінде германиялық модельден әлдеқашан бас тартқан, сондықтан олар банктер неғұрлым ірілене берсе соған қуанады. Қазіргі жағдайда банк жүйесіндегі 2006 жылғы есеп бойынша шоғырлану көрсеткіші 0, 62, ал Дүниежүзілік банктің 79 елді қамтып жасаған зерттеуі бойынша бұл көрсеткіш орта есеппен 0, 72-ге тең. Әрине, шоғырлану процесі нарықтағы монополистік үстемдікке әкелмеу керек, егер де үстемдік мемлекет тарапынан жасалатын бақылау шеңберінен шығып кетсе ол мемлекетке де, халыққа да тиімді болмайтыны сөзсіз.
Елдегі жүргізіліп отырған саясаттың жалпы сипатын Елбасы бірнеше рет жария еткені белгілі. Елімізде экономикалық реформалар басымдықпен іске асырылып келе жатыр, ал қазір саяси реформаларды бастау, тереңдету кезеңіне кірісіп отырмыз. Қай елдің тарихына үңілсеңіз де, мемлекеттік саясат сол мемлекетті құрайтын халықтың игілігі үшін жүргізіледі. Осы тұрғыдан қарасақ, ел экономикасы, халықтың тұрмыс жағдайы, халық мүддесі - саясаттың негізгі мақсаты болуы керек.
Қазіргі коммерциялық банктердің пайыздық саясатына көзқарасы өзінің ағымдағы және келешектегі қызметіне тоқталады. Пайыздық саясат көп жағдайда банк жұмысының негізгі көрсеткіштерімен байланысты, олар табыстылық және нарық бөлігі, бұларды тиісті банк өнімі (қызметі) жаулап алуы мүмкін.
Қалыптасу процесін және пайыздық саясатын жүргізуді үш этапқа бөлуге болады:
- мақсат пен міндетті анықтаймыз (нарық бөлігінің өсуі, таза табысты барынша көбейту, тұрақты жағдайды сақтау) ;
- пайыздық саясат стратегиясын әзірлеу (банктің өзінің ұсталған шығынына бағдарлану, сұранысқа бағдарлану, клиенттерге бағдарлану) ;
- пайыздық саясатты әртүрлі әдістерді қолдана отырып өткізу (сарапталған баға белгілеу жолымен клиенттік базаны әртүрлі белгілері бойынша сегменттеу; негізгі бәсекелес - банктер арасында жүргізілетін пайыздық саясатты есепке ала отырып бәсекелік баға белгілеу; сұрыпталым бойынша баға белгілеу; географиялық және экономикалық ерекшелігін ескере отырып аймақтық баға белгілеу; ынталандырылмалы баға белгілеу, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға негізделген) .
Базалық сыйақы мөлшерлемесінің көлемін анықтауда банк ісінде қолданатын үш әдісі: ұқсастық, экспорттық, бағалау методы, немесе олардың ұштастырылуы.
1 ТАРАУ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАЙЫЗДЫҚ САЯСАТЫН ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЖІРБИЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
- Коммерциялық банктердің пайызын құрудың теориялық негіздерінің экономикалық мәні
Банктік пайыз немесе пайыздық мөлшерлеме, депозитке пайызды есептеу - адамзаттың ойлап тапқан ең көне және қызықты өнертапқыштығы. Пайызды көне заманнан бастап есептеген деп топшыласақ болады, ақшаның пайда болуымен қатар. Бірақ қарызды тек ақшамен алуға болмайтыны белгілі. Таза айырбас үстемдік еткенде пайыздық мөлшерлеме ұғымы тіпті болмаған, бірінші несие бидай ретінде берілген. Мысалы, бір фермер басқа фермерге бір қоржын бидай берсе, қайтаратын кезде бір қоржын бидайды көлемі жағынан көбірек қайтарады.
Өсімқорлық қызмет банк пайызын қазіргі әлемде ең маңызды құбылыс болып, ал бұрынғы кезде ең даулы болған. Пайызды есептеу Ежелгі Греция философтарының көз қарасы банктік пайызға деген қатынасы ортағасырда, Европада, Ислам әлемінде де өте үлкен ықпалы әсер етті. Сол уақыттағы ойшылдардың логикасы қызықты болған. Ақшаның ішкі құндылығы болмайды, өйткені ол Құдай әлемді жаратқан кезде болмаған. Сонымен ақшаның ішкі құндылығы болмағандықтан, оның иесі оны несиеге бергеннен ұтылмайды. Сәйкесінше ол салынған ақша қаражатынан табысқа ие бола алмайды. Сондықтан, пайыздық мөлшерлеме ұғымыда ұйғарынсыз болған.
Өсімқорлар шіркеу алдында басынан ақ өмірлік қарғысқа ие болған, сондықтан да олар несиелеудің жаңа жолдарын ойлап тауып отырған. XIV ғасырда италия айырбасқорлары жоғарғы деңгейге жетті, олар банкирлер болып аталды (banco сөзінен - «үстел») . Тікелей қарыздың орнына олар айырбас вексельдерді ұсынған. Бұл мәміле ақшаның бір түрін басқасына сатуы, сонымен арнайы белгіленген уақытта төлем жүргізіледі. Сол кезде Италия мен Франция арасында жақын тауарлық қарым-қатынас болды. Ақшаға мұқтаждығы бар сатушы Италиядағы банкирге барып, ол бір валютада керекті қолма-қол соммасын беріп, және аудармалы вексельге екеуі қол қойып, сол мәміле бойынша сатушы Францияда басқа валютада кішкене көбірек сомманы төлеуге келіскен. Италияның жаңа банктік ақшалары тез алмасу негізінде коммерцияның дамуына импульс берді. 1338 жылы Руанадан (Франция солтүстігі) Авиньонаға тиын тасымалдау үш аптаны талап еткен. Әрқашан қауіп-қатер төніп тұратын, тасымалдауға жалдаған адамдардың өздері жүкті тонап немесе жаулап алу мүмкіндігі болған. Аудармалы вексель бұл жолды сегіз күнде өтеді, егер ол ұрланса да ұры оны қолдана алмайды. Оның бағасына қарамастан (пайыздық мөлшерлеме 8% дан 12% құрады), алтын мен күміс тиындарды немесе құйманы тасымалдау үшін қарулы әскери күзетті жалдағаннан вексель бәрі бір төмен бағада болған. Банк ісі италияндықтардың қайтакөтерілуі уақытында құрылды және бірінші кезеңде үлкен құрметке ие болмады. Банкирлер өз байлықтарын өсіру арқылы, аристократиялық титул және шіркеуде жоғары постыда туруы арқылы құрметті болуға тырысты. Бірақ қоғамдық мойындауды, жағдайы төмен халыққа жиынтық көмек көрсету арқылы алды. Бұл Американың ұлы байлығының ашылуына мүмкіндік берді. Ақшаға тәуелділікте болатын халық (суретші, заңгер, дәрігерлер, әскери тұлғалар және т. б. ), енді мақсаттары жалақы алу, ал қызметі үшін тауармен өтеу емес (тұрғын үй, тамақ, арақ-шарап, тұз және т. б. ) . Міне осылай пайыздық мөлшерлеме тарихы басталды.
Байлықты қайта бөлу, негізінде XVII ғасырда, орта класстағы сатушылардың көтерлуіне серпін берді. Олар біріншіден ақшаға қатысты жаңа кәсіптер тудырды. Банк ісінің ұлғаюымен делдалдар пайда болды, олар мамандығы бойынша акциядан бастап жерлерге дейін сату мен сатып алуда мамандандырылды. Банктер одан да көп ақша көлемінде мұқтаждыққа кенелді, бұл уақытта банктік депозит жүйесі құрыла бастады, сонымен қатар несие және пайыздық мөлшерлеме, бұнымен бірге әркім өсімқор болып пайызда өмір сүрсе болатын еді.
Қазіргі жағдайдағы банктік салымдар нарығы (банктік пайыз) .
Қазір банктік салымдар (депозиттер) ақшаның сақталуы мен көбейуі мақсатында жүргізіледі, бұл дегеніміз салынған қаражаттарға банктік пайыз алу, оларды екі санатқа бөлуге болады:
- мерзімсіз салымдар - салымшының кез-келген уақытта салымын талап етуі;
- мерзімді салым - ақшалай салым, банкке белгілі мерзімге орналастырылған, мысалы 1 жылға.
Мерзімсіз салымдар бойынша (талап етуге дейінгі) банк ең төмен пайыз (негізінде пайыздық мөлшерлеме 0, 1% құрайды) немесе оларды мүлде төлемейді. Кейбір үлкенғасырлық тәжірбиесі бар банктер ірі, тұрақты клиенттерге, есепті жүргізгені үшін қомақты төлем алады, бұл жағдайда теріс пайыздық мөлшерлеме туралы айтады. Пайыздық мөлшерлеменің төмен деңгейі көбінесе банктер клиенттердің төлем операцияларын жүргізуді өздеріне алады. Сонымен қатар басқа анықтама бар: талап етуге дейін салымдар банкке оны ұзақ уақыт ұстауына мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар салымдарды қабылдай отырып банктер өздеріне белгілі тәуекелділікті алады: экономикалық, саясаттық, заңдылық, инфляциялық. Тағы да банк жұмыскерлерін ұстауға кететін шығындар.
Қарыздық пайыз - ақша қаражаттарын қарыздық құн үшін қарыз алушыға, сондай-ақ, ақша қаржыларын ақша, несие және қаржы нарықтарында орналастырушы делдал-кредиторға (банкке) уақытша пайдалануға беруі білдіреді. Ақша қаржыларын тарту кезінде банктер салыстырмалы қаржы тарту сипатына байланысты жеке кредиторларға қолданылмайтын сараланған пайыздық мөлшерлермен белгілейді. Банктік пайыз мөлшері депозиттік келісімшартта белгіленеді.
Банк тартылған ақша қаражаттарына пайыздарды берешек қалдығын есептеп, есептеу әдісіне сәйкес банк шығындарына жатқызады. Есептеу әдісіне, ағымды айда қосылған пайыздар, тартылған ақша қаржылары бойынша оның шығындарына жатқызылады. Пайыздарды есептеу келесі тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:
- жай пайыздар формуласымен;
- күрделі пайыздар формуласымен.
Банктердің қосылған пайыздар сомасына ұлғайған негізгі борыштың өскен сомасын тартылған қаржылар бойынша білдіреді. Өскен сома, банктік пайыздардың капиталданғандығын білдіреді, яғни депозиттің жалпы сомасын ұлғайтады. Банктердің тартылған қаржылары бойынша мына формулалар қолданылады:
- Жай пайыз формуласы:
S = P × ( 1 + I × t / K ) (1. 1)
Мұнда:
I - жылдық пайыздық мөлшерлеме;
t - тартылған ақша қаржылары бойынша пайыз қосылатын күн саны;
К - күнтізбелік жылдағы күн саны;
P - тартылған ақша қаржыларының бастапқы сомасы;
S - қайтарылуға жататын ақша қаржыларының бастапқы сомасы және оған қосылған пайыздарға тең.
- Күрделі пайыз формуласы:
S = P × ( 1 + I × j / K ) × n (1. 2)
Мұнда:
I - жылдық пайыздық мөлшерлеме;
j - банк қосылған пайздарды капиталдандыруды жүргізетін кезеңдегі күнтізбелік күн саны;
K - күнтізбелік жылдағы күн саны;
n - ақша қаржыларын тартудың жалпы мерзімі ағымында қосылған пайыздарды капиталдандыру бойынша операциялар саны;
P - тартылған ақша қаржыларының бастапқы сомасы;
S - қайтарылуға жататын ақша қаржыларының бастапқы сомасы және оған қосылған пайыздарға тең.
Банктік депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеме екі көлемнен қалыптасады: инфляция деңгейін жабатын пайыз және оған қосымша салымшы қаржысын қолданғаны үшін төлем ретіндегі пайыз. Екіншісінің көлемі депозит мерзімі мен көлеміне байланысты талап етеді. Осы аталған міндетті шешу банктерге объективті пайыз мөлшерлемесін нарыққа сәйкес қалыптастыруға мүмкіндік береді. Алайда коммерциялық банктер қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің деңгейіне бағдар жасай отырып, пайыздық мөлшерлемені еркін белгілей алады. Банкаралық нарықпен салыстырғанда, банктер салымшылардың ақша қаржыларын неғұрлым төмен пайыздық мөлшерлемемен тарта отырып, банктер ресурстардың сыйымды және қымбат емес нарығын қалыптастырады, оның рөлі болшақта үнемі өсіп, банктер міндеттемелерінің қоржынында заңды және жеке тұлғалардың жинақтары, есеп айырысу және ағымды шоттар басым салмаққа ие болмақ.
Банк барлық тартылған салымдарды активтер, шартты міндеттемелер мен 2006 жылдың 1 қарашасындағы қаулы мен бекіту мен оларға қарсы провизия (резерв) құру тәртібіне сәйкес жіктеледі.
Банктің тартылған салымдарды келесі топтарға бөлінеді:
- стандартты;
- күмәнді, олар өз кезегінде I дәрежелі күмәнді, II дәрежелі күмәнді, III дәрежелі күмәнді деп бөлінеді;
- үмітсіз.
Банктер бухгалтерлік есепте провизияның барлық қажетті көлемін есепке алуы және шығыстардың сәйкес шоттарында толық көлемде көрсету қажет. Провизияның көлемін есептеу үшін «Депозиттер жіктемесі және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің олар бойынша провизия құруы» кестесінде қолданады.
Басты мақсаттармен және қазіргі коммерциялық банктердің міндеттеріне пайыздық саясат аумағындағы активтік және пассивтік операциялар болып табылады:
- пайыздық табыс және пайыздық шығын ара салмағын тиімді қамтамасыз ету есебінен банк өнімін немесе қызметін әрдайым қолданатын әр топқа икемді сыйақы мөлшерлемесін қолданып, клиенттердің қажеттілігін ескере отырып, банктің нақты шығынын, пайдалы деңгейін, пайыздық тәуекелділікпен нарықтық ортаның өзгеру динамикасын қалыптастыру;
- анализді жетілдіру тәртібі, пайыздық мөлшерлемені болжау мен жоспарлау, банк бойынша түгел және филиалдарының қимасында пайыздық табыс пен шығын;
- банктің өнімі мен қызметін әрдайым қолданатын әр топ үшін сыйақы мөлшерлемесін анықтау методолгиясын әзірлеу және дамыту;
- теңгерілімдікті қамтамасыз ету клиенттердің уақытша бос қаражаттарын тарту және оларды мерзімі мен көлемі бойынша орналастыру;
- таза пайыздық табысты тұрақтандыру немесе көбейту;
- несиелік мекемесінің нарықтық бағасын тұрақтандыру немесе көбейту;
- банктік ссудаларының сапасын қолдау;
- өтімділік бойынша талапты қамтамасыз ету;
- жеткілікті капиталды сатып алу.
Банктердің пайыздық мөлшерлемесін анықтаудың басты бейнесі айналымдағы ақша көлемі және банктік жүйе мен қаржылық нарықтың делдалдық қызметінің тиімділігі. Сонымен қатар пайыздық мөлшерлеме деңгейі өзіне тәуекелділікті қосады.
Коммерциялық банк тіркелген сыйақы мөлшерлемесін тәжірбиеде қолданған жағдайда ұқсастық және экспорттық бағалау әдісі болып табылады. Ұқсастық әдісінің мәні базалық сыйақы мөлшерлемесін белгілеу, сонымен қатар мөлешерлеме көлеміне тиісті бағдарлау жасау, негізгі банк - бәсекелестер қолданатын және ҚРҰБ-тің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін қолдануы.
Экспорттық бағалау әдісінің негізін базалық сыйақы мөлшерлемесінің көлемін беделді эксперт - маман пікірін ескере отырып белгілеу, нарықтағы қалыптасқан жағдайды бағалап және болжамды дамуына тиісті тәсілі.
Қазіргі уақыттағы қалыптасқан жағдайда банктік операциялардың табысының төмендеуі және пайыздық мөлшерлемедегі кішкентай жіберілген қате банк қызметінің жоғарғы көрсеткіштерін жетіспеушілікке әкеледі, сонымен ұқсастық әдісіне қызуғышылық өседі. Сонымен қатар, бұл сыйақы мөлшерлемесін есептеу банктің құбылмалы және жеке деңгейде белгілі операциялар және клиенттерге көшуде қыйындық туғызуда. Банктің табыс құрылымын жоспарлау мен талдауда экономикалық бөлімдер көбінесе қаржылық маржаны есептеу және жоспарлау әдісін қолданады, орналастырылған және тартылған ресурстардың арасындағы пайыздық мөлшерлемесінің әркелкілігі және банктің пайыздық саясатының салмақталғанын бағалауды рұқсат етеді. Бірақ бұл әдістің барлық жетістігіне қарамастан елеулі кемшіліг бар, ол тұжырым пайыздық мөлшерлеме арасындағы алшақтық көлемі қолданылатын ресурстардың табыстылығы бойынша объективті көрініс бермейді, өйткені жалпы - банктік шығындарды ескермейді (қызметкерлерге, пайдалануға және т. б. ) .
Бастапқы теңестіру болып табылатын «Фишер әдісі», ұлттық валютадағы мерзімді депозит бойынша атаулы базалық сыйақы мөлшерлемесі (I), нарықтағы ресурстардың орта салмақталған бағасының қосылуымен анықталуы мүмкін (R), болжамды инфляция деңгейіне үстеме (Х) : R * X
I = R + X + , % жылдық (1. 3)
100
Сонымен қатар ресурстардың орташа бағасының бастапқы көлемі ретінде (R) нарықта нақты қалыптасқан орта өлшемді талап етуге дейінгі депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін қабылдауға болады.
Берілген несиелер бойынша нарықтық сыйақы мөлшерлемесінің базалық деңгейін мына формуламен анықтауға болады:
К = Ir + P + M + Dm, % жылдық (1. 4)
Мұнда:
Ir - тартылған ресурстар бойынша нақты орташа сыйақы мөлшерлемесі, ҚРҰБ-де міндетті түрде депозиттерді резервте сақтау (r), қазіргі уақытта ресурстарға - 6%, резиденттерден тартылған және басқа ресурстардан - 8%. I
Ir = , % жылдық (1. 5)
(100 - r)
P - міндетті тәуеклділікті өтемеуге сыйлықақы, нақты резерв орташа қалдығының ара-қатынасынасымен анықталады, ссуда бойынша мүмкінді шығындарды қалыптастыру, несие бойынша орташа көлемнің жиынтық берешегі, ұлттық валютада берілген, %.
М - ссуданы өтемеудің мерзімді тәуекелділікке сыйақы, клиент негізгі қарызының және пайыздық төлемінің соммасы мерзімінде түспеуінің анықталуы (бэк - тестілеу бойынша анықтау) ұлттық валютада берілген кредит бойынша орташа жиынтық көлем, %.
Dm - жеткілікті маржа деңгейі, және пайыздық емес шығынның пайыздық емес табыстың орта көлемді активтермен анықталған ара-қатынасының көлемі, табыс әкелетін, %.
Банктің несиелік және депозиттік операцияларының пайыздық саясатымен өзара байланысты пайыздық тәуекелділіктің салдарын барынша азайту. Бұндай дәреже келісімі спрэд коэффициентімен сипатталады (Ks) :
Пk * 100 ПU *100
Ks = , % (1. 6)
Sk Sd
Мұнда:
Пk - осы мерзімге жоспарланған ссуда бойынша пайыздық табыс, теңге;
ПU - осы мерзімге жоспарланған депозит бойынша пайыздық шығын, теңге;
Sk - жоспарланған берілген несиенің орташа мөлшері, теңге;
Sd - жоспарланған депозиттердің орташа мөлшері (мерзімге дейінгі және мерзімді), теңге.
Спрэд коэффициентінің нормативтік деңгейі (Ks) : 1, 25%.
Клиент депозиттерінің тұрақтылығын бағалау үшін ресурстарды несиелеу үшін мына көрсеткіштерді қолдануға болды, депозитке түскен ақша қаражатының орташа сақтау мерзімі және қаражаттың орнығуы деңгейі.
Ақша қаражатының орташа сақтау мерзімін мына формуламен есептейіз: Os
Тd = x t, күн (1. 7)
B
Мұнда:
Тd - ақша қаражатының орташа сақтау мерзімі, күн;
Os - депозитте орташа қаражат қалдығы, теңге;
B - депозит ашу айналымы, теңге;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz