Несие берудегі несие саясаты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4

1 ҚР-НЫҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫ ЖӘНЕ НЕСИЕ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ
САЯСАТЫ
1.1 Коммерциялық банктердің несиелік саясаты және оның негізгі 6
мазмұны
1.2 Банктің несиелік саясатын анықтаушы факторлар 6
1.3 Банктегі саясатты қалыптастырудың шетелдік тәжірибесі 12
20
2 Банк Тұран Алем АҚ -ның қаржылық тұрақтылығын және
Табыстылығын қамтамасыз ету мақсатындағы банктің несиелік
саясаты
2.1 Банктің несиелік операцияларына сараптама 27
2.2 Комерциялық банктің несиелік саясатын талдаудағы тәуекел 27
менеджментінің орны
2.3 БТА Банк АҚ-ң реструктуризация займов 42
59
3 Коммерциялық банктердің несиелік саясатын жетілдірудің
негізгі Бағыттары
3.1 Банктегі несиелік саясатты қалыптастыру проблемалары 77
3.2 Екінші денгейлі банктердің несиелік саясатын жетілдіру 77
жолдары
79
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 85
87

КІРІСПЕ

Соңғы жылдары Қазақстанда жаңа экономикалық қатынастарға көшу жүзеге
асты, бұл банк саласында түбірлі қайта құрудың қажеттілігін туғызды. Оның
мәні банк қызметінің нарықтық қатынастармен бірдейлігін қамтамасыз ету
бойынша шаралар кешенін қолдану, яғни жаңа банктік, оның ішінде несие
саясатын жүргізу болып табылады.
Коммерциялық банктің несие саясатын зерттеу тақырыбы етіп
таңдауымыздың себебі: елімізде банк қызметінің бұл саласының дамуы әлі де
жеткіліксіз, сондай-ақ нарықтық экономика жағдайында банк қызметін
ұйымдастыру ісінде жаңа әдістер қажет. Нарыққа көшкенде банк ісінің даму
проблемасы, халыққа көрсетілетін банк қызметін жетілдіру айрықша маңызға ие
болды. Бұған бірнеше факторлар әсер етті.
Біріншіден, банк жүйесінің құрылымы өзгерді. Банк шығармашылығындағы
белсенді процесс, банк ісінің мемлекеттік монополиядан кетуі банктердің
клиенттермен өзара қарым-қатынасын өзгертті.
Екіншіден, экономикадағы ескі әкімшілік-басқару жүйесінің түбірімен
бұзылуы банк саясатының мазмұны мен оның басымдық бағыттарын өзгертті.
Осыған орай бұл еңбекте банктің ішкі несие саясатына кең мағынада (несиеор
мен қарызгер тұрғысында банк ұстанымы) айрықша назар аударылған.
Үшіншіден, несие нарығының дамуы (ұлттық және халықаралық) нарық
талаптарын ескере отырып, банк қызметі мәнінің өзгеруін көрсетеді. Банк
менеджментін, маркетингін жүргізу,жаңа технологияны енгізу, экономикалық
тәуекелдікті зерттеп, өтеу қажеттілігі туындайды. Мұның мақсаты - банк
клиенттері үшін ең аз шығындармен олардың сұраныстарын неғұрлым толық
қанағаттандыру.
Төртіншіден, нарықтық шаруашылықтағы банктердің әлеуметтік
–экономикалық ролі клиентке көрсетілетін банк қызметінің сапасын жоғарылату
және қолданылу аясын кеңейту болып табылады. Банктердің халық қаражатын
депозиттерге тарту міндетінің күрделілігі сол, рубльдің сатып алу
қабілетінің үздіксіз төмендеуі адамдарды шетел валютасын инвестициялауға
итермелейді, сондай-ақ өтімді тауарлар алып, оларды тезаврациялық тәсілмен,
яғни банктерден бөлек сақтауға мәжбүрлейді.
Соңғы жылдардағы банктердің жабылуы да клиенттердің банктерге
сенімсіздігін тудырды. Клиенттердің ақша жинақтау проблемасы, ертеңгі күнге
деген сенімділігі бұл мемлекеттік экономикалық саясатты қолдау (немесе оның
болмауы) мәселесі, бұл тақырыптың өзектілігін білдіреді.
Дегенмен де қазiргi таңда банке деген сенiм күшейiп келедi. Бұл
сенiмдiлiк күн сайын арта түсуде. Елiмiздiң экономикасы жоғарылауда. Осы
тұста несие саясатының маңызының зор екенiн айтпасада түсiнiктi.
Жоғарыда аталғандарға сәйкес бiтiру жұмысының тақырыбы республика
экономикасының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң несиелеу тұрғысынан
да,коммерциялық банктердi несиелiк ресурстармен қамтамассыз ету үшiн де
өзектi мәнiне ие болады. Несиелiк саясат сенiмдi несие алушыны, несиенiң
көлемiмен мерзiмiн таңдауға қатысты шешiмдердi қабылдаудың жалпы
бағыттарына тұрады.
Бiтiру жұмысымның мақсаты қазiргi кездегi коммерциялық банктiң
қызметiндегi несиелiк саясаттың рөлiн айқындаудан және оны үнемi жетiлдiру
қажеттiлiгiнен тұрады. Банктер үнемi өзiнiң несиелiк саясатын нарықтық
жағдайлардың өзгерiсiне байланысты қарастырып отыру қажет. Осыған
байланысты бiтiру жұмысының мақсаттарына нақты бiр банктiң несиелiк
саясатының әлсiз тұстарын анықтау және проблемалық несиелердiң алдын алу
мен банкке несиелiк қаражаттардың қайтарылмай қалуын болдырмауға қатысты
шараларды жетiлдiруге көңiл аудару кiрдi.
Осы аталған мақсатқа сай алдыма мынандай мiндеттердi қойдым:
- коммерциялық несиелiк саясатының үстiңгi, мәнi, мазмұны және оны жасау
қағидалары.
- Қазақстан Республикасының екiншi деңгейiндегi банктердiң несиелiк
саясатын жетiлдiру жолдары.
Бiтiру жұмысымның зерттеу обьектiсi ретiнде несиелiк саясаттың мазмұны
мен оны жетiлдiру жолдары қарастырылады.
Бiтiру жұмысымның теориялық әдiстемелiк негiзiне: Банктер және
банктiк қызметтер туралы ҚР заңы, статистикалық мәлiметтерi, отандық және
шетелдiк экономист ғалымдардың еңбектерi және интернет мәлiметтерi алынды.

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ
ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ РОЛІ

1.1 Коммерциялық банктердің несиелік саясаты және оның негізгі мазмұны

Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске
асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру
принциптері мен тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм
көмегімен жүзеге асырылады.
Несиелік саясат – банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және
несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.
Кең мағынасында алғанда, несиеліқ саясатты несие беруші банк пен қарыз
алушылар тұрғысынан қарастыруға болады.
Тар мағынасында, несиелік саясат – бұл несиелік процесті ұйымдастыру
барысындағы банктің стратеғиясы мен тактикасын сипаттайды.
Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына,
сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті
құжаттар жүйесін (ұйымдастыру) жасау шарттарын белгілейді.
Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуы тиіс:
• Нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;
• Несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік
береді;
• Нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;
• Оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды
қамтитын құжаттардан тұрады;
Несиеліқ саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқару
облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады.
Несиелік саясат несиелік қызметтің мынадай негізгі бағыттарын
анықтауға мүмкiндік береді:
1. Несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін
банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандарттар мен
критерийлерін;
2. Несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын
тұлғалардың басты іс-әрекеттерін;
3. Сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік қызметтің
сапалығын;
4. Ішкі бақылау қағидаларын;
Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс-әрекеттердің
кешенді ұйымдастырылуын қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің
лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асырудың
белгілі бір тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ежелерін тәжірибеге
енгізу мүмкін емес. Сондықтан да жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен
оны іске асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің
негізін құрайды.
Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге
болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ несие беру
мүмкіндігі сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа
факторлар мен қарыз алушының несиелік кабілетіне қарап өз клиентін
таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ несиелік саясат банктің
бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік
өнімдермен анықталады. мысалға, кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер
(айналым қаражаттарын толықтыруға) және ұзақ мерзімді инвестициялық
несиелер (өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта
қаруландыруға, ғылыми-техникалық иновацияларды енгізуге) берген қолайлы.
Несиеліқ саясаттың маңызды элементі банктеғі бақылауды ұйымдастыру
табылады (потенциалды қарыз алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы сұрақты шешу
барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау; жекелеген
несиелік қызметкерлердің құзыретін сақтауға бақылау жасау; банктiң несиелiк
портфелiнiң жағдайына және опың iшiнде проблемалық несиеге қойылатын жалпы
бақылау).
Iшкi несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын
қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен
стратегиялық мақсаттарымен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді.
Несиелеу мақсаттары анықталған соң соның негізінде банк қызметкерлерінің
қажеттi несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік беретін банктің несиелік
саясатын және оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік нұсқаулықтары
жасалады.
Несиелік нұсқаулықтар мен стандарттарды жасаудын бастапқы кезеңі
аяқталуына байланысты, бұл құжаттардың бірінші редакциясы тәжірибелі
қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және
ұсыныстары енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша комитет (немесе
директорлар кеңесі, несиелік комитет) саясатты жане соған сәйкес
нұсқаулықтарды бекітеді.
Несиелік саясат нссиелеу лимиттерін, тәртібін, кейде несиелеу бойынша
жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалы, несиелік саясатта бір қарыз
алушыға келетін тәуекел лимиті анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта
барлық несиелердің несиелік құжаттарда көзделген мақсаттарға сай берілуі де
қарастырылуы мүмкін.
Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ережеде қамтылады. Несиелік
комитет несие беру барысында қорытынды жасап, несиені беруге байланысты
мәселелерді қамтиды.
Отандық банктер тәжірибесіндегі несиелік комитетің шешетін мәселелері
мынадай:
• несие алуға берген клиенттін өтінішін және несиелік қызметкердiң
несие беру туралы қорытындысын қарайды;
• несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
• несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
• несие сомасы мен мерзімін аныктап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
• несиені кайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
• несиелеу шарттарын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желІ);
• берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
• банктін несиелік стратегиясын жасайды;
• несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
• несиелік комитеттің мәжілісінін хаттамаларына қол қояды және
хаттамаларды тіркеу кітабын жүргiзедi;
Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты
тәуекелдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды каржыландыру үшін
тағайындалатын несиелер туралы да айтылуы тиіс.
Банк қызметкерлерiн несиелік саясатпен таныстыру, оларды соған сай
келетін ережелер мен нұсқаулықтарға үйрету, банкте несиелік саясатты
енгізудін негізгі элементі болып табылады.
Несиелік саясат несиелік қызметтiң басты бағыттарын анықтайды.
Оларды, өз кезегінде, несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру
жүйесі ретінде тұжырымдауға болады.
Несиелік саясатта мынадай элементтер көрсетілуге тиіс:
• несиелік қызметті ұйымдастыру;
• несиелік портфельді басқару;
• несиелеуге бақылау жасау;
• құзыретті бөлу принциптері;
• несиелеуді таңдаудыц жалпы критерийлері;
• несиелеудін жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;
• несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардын принциптері;
• несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау;
Iс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тәсілдері мен әдістерін
белгілі бір формада, яғни соған сай келетін мынадай үш құжат түрінде көруге
болады:
1.несиелеу саясаты;
2. несиелеу стандарты;
3. несиелеу нұсқаулықтары;
сондай-ақ аталмыш үш құжат ерекше бір құжатта - Несиелік саясат
бойынша жетекшілік ету біріктіріледі.
Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын белімшелер
жұмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу
стандарты, несиелеудіц жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.
Несиелеу стандарты – бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын
барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.
Несиелеу стандартында мынадай сұрақтар қарастырылады:
• қарыз алушының каржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;
• несиенің кепілхаттар және кепілдемелермен камтамасыз етілуіне
койылатын талаптар;
• әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;
• қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәртібі;
• құжаттардың толтырылуына койылатын талаптар;
• несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер (мысалға, ипотекалық
немесе тұтыну несиелері бойынша).
Барлық банктер бойынша құжаттар айналымын стандарттау мақсатында
несиелеу стандарттарына әр түрлі құжаттар үлгілері жатуға тиіс. Ондай
құжаттарға: несиелік келісім-шарт, кепіл туралы шарт, кепілдеме туралы шарт
және т. б. жатады.
Несиелік нұсқаулық несиелеу процедураларын іске асырудың жалпы
алгоритмін анықтайтын іс-әрекеттер кезегін суреттеуді білдіреді.
Басқаша айтқанда, ол несиелік қызметтің нақты бір бағыттарына жатады.
Жалпы, несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпараттар жинау және
несиелік кабілетіне талдаудан бастап, несиелік талдау және аудит, несиелер
бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің барлық
кезендері көрсетіледі.
Несиелік саясат мынадай қызметтерді атқарады:
• банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруға бақылау жасауға негіз
ретінде болу;
• несиелеуді жүзеге асыратын бөлімдердің қызметкерлері үшін аныктама
материал және нұсқаулық ретінде болу;
• несиелік бөлімдердін жетекшілері үшін несиелік нұсқаулықтардың
талаптарының орындалуына бақылау жасау құралы;
• несиелік талдау және аудит бөлімі жұмыскерлерiнiң тексеруді жүзеге
асыруына негіз болатын талаптарды анықтау;
Коммерциялық банктердің несиелік саясатын іске асыру процесінде
проблемалық несиелермен жасалатын жұмысқа ерекше көңіл бөлініп және қосымша
бақылау жасалуға тиіс.
Несие саясатының бірқатар элементтері несие саясатының түрлері туралы
айтуға мәжбүрлейді. Несие саясатының түрлері туралы мәселе тың, жаңа
отандық және шетелдік экономика әдебиетінде егжей-тегжейлі қарастырылмаған.
Сол себепті ол жөнінде толық мағлұмат берейік. Комерциялық банктің несие
саясаты төмендегідей жіктеледі.
Несиелік саясат түрлерін сыныптамалаудың негізінде түрлі критерийлер
жатыр. Бұл жерде ұсынылған сыныптаманың жалғыз еместігін атап өткен де
маңызды. Өзге критерийлерге қарай несие саясатының басқа да түрлерін
топтастыруға болады.
Несиелік саясат банктердің ең алдымен банк пен оның клиенттері
арасындағы қарым-қатынасты реттеуіне, басқаруына, ұтымды ұйымдастыруына
мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол қайтарымды негіздегі ресурстарды тартуға
және оларды банк клиенттерін несиелеу үшін инвестиция жасауға қажет. Бұл
жерде банк қызметіндегі тәуекелді басқарудың негізі де несиелік саясат
екенін атап өткен жөн.

1-кесте. Комерциялық банктің несие саясатының критерийлері бойынша
жіктелуі

Несие қатынастарының Заңды тұлғаларға қатысты саясат
субъектісі бойынша Халықпен өзара қарым-қатынастағы несие саясаты
Несие нысаны бойынша Тұтыну несиеін ұсыну бойынша
Мемлекеттік несие бойынша
Ипотекалық несие бойынша
Банк несиеі бойынша
Халықаралық несие бойынша
Мерзімі бойынша Қысқа мерзімді несие бойынша
Ұзақ мерзімді несие бойынша
Тәуекелділік дәрежесі Агрессивті несие саясаты;
бойынша Дәстүрлі, классикалық
Бағасы бойынша Мақсатты несие ұсыну бойынша
Мақсатсыз несие ұсыну бойынша
Рынок түрі бойынша Ақша рыногында
Қаржы рыногында
Капитал рыногында
Географиясы бойынша Банк жүргізетін несие саясаты:
Жергілікті, аймақтық деңгейде
Ұлттық деңгейде
Халықаралық деңгейде
Салалық бағытталу бойынша Несие берудегі несие саясаты;
өнеркәсіп кәсіпорны (ауыр, жеңіл, тамақ
өнеркәсібі);
сауда ұйымы;
құрылыс ұйымы;
көлік кәсіпорны;
ауыл шаруашылық ұйымы;
өткізу-жабдықтау ұйымы;
байланыс кәсіпорны және т.б.
Қамтамасыз ету бойынша Қамтамасыз етілген несие беру бойынша
Қамтамасыз етілмеген несие беру бойынша
Несие бағасы бойынша Төмендегідей несие берудегі саясаты:
стандартты несие
жеңілдікті несие
проблемалық несие (жоғары пайызбен)
Несие беру әдісі бойынша Қалдығы бойынша несие бергенде
Айналымы бойынша несие бергенде
Ескерту-Автормен құрастырылған

Несиелік саясат агрессиялық, дәстүрлі және классикалық болып келеді.
Несиелік саясат түрін таңдау кезінде банк алдымен өз капиталын өсіруді,
табысын көбейтуді көздейді немесе мұнда сан қырлы стратегия жатуы мүмкін.
Осы айтылғандарды қорытындылай келе мынадай анықтама беруге болады.
Несиелік саясат – банктің өз клиенттеріне несие беру жұмысындағы, банктің
белгілі бір аймақта, белгілі бір жұмысындағы, банктің белгілі бір аймақта,
белгілі бір уақыт аралығында өз стратегиясын жүзеге асыру үшін жасаған
шаралар жүйесі. Несиелік саясат несиеті реттеу жұмысының негізі ретінде,
біріншіден, несиелік қарым-қатынастарды дамыту барысындағы басым
бағыттарды, екіншіден, несие жетіктерінің жұмыс істеуін анықтайды.
Түрлеріне қарамастан банктің несие саясатының ішкі құрылымы болады.
Біздің пікірімізше, комерциялық банктегі несие саясатының негізгі
элементтері мыналар: 1) несиелік процестің негізгі бағыттарын әзірлеу
жөніндегі банк стратегиясы; 2) несие беруді ұйымдастыру жөніндегі банк
тактикасы; 3) несиелік саясаттың орындалуын бақылау.
Шетелдік экономикалық оқулықтарда несиелік процесті ұйымдастырудағы
банктің стратегиясы мен тактикасын анықтауға мүмкіндік беретін несиелік
саясат бойынша құжат әзірлеу (меморандум) жиі ұсынылады .
Мысалы, Дүниежүзілік банктің Банк ісі және инвестицияны қаржыландыру
(Н. Бруктің редакциясымен) деген басылымында несиелік саясат бойынша
басшылыққа алатын құжат жасауды ұсынады. Онда несие бойынша көрсетілетін
құжаттама және несие бөлімі қызметкерінің міндеттері анықталады. Біздің
ойымызша, мұндай жұмыстың аясы тар. Бұл жерде банктің несиелік саясаты
несие жұмыстарын ұйымдастырудың тактикасы мен ғана шектеледі. Жоғарыда
келтірілген ұстанымға қарағанда комерциялық банктегі оңтайлы несие саясатын
жасаудың теориялық моделінің негізгі ережелерін қалыптастыру қажет болып
көрінеді.
Несиелік саясаты әдістемелік тұрғыда оңтайландырудың отандық және
әлемдік тәжірибесін, талаптарын ескере отырып, комерциялық банктегі
несиелік саясатты қалыптастырудың төмендегідей нұсқасын ұсынуға болады:
• Несиелік саясаттың жалпы ережелері мен мақсаттары.
• Несиелік операцияларды басқару аппараты және банк қызметкерлерінің
өкілеттілігі.
• Несиелік келісім-шарттың әр түрлі кезеңдерінде несиелік процесті
ұйымдастыру.
• Банктік бақылау және несиелік процесті басқару.
Несиелік саясатты қалыптастыру және несиелік процесті ұйымдастыру
барысындағы әдістемелік міндетті талаптардан туған бұл теориялық модельді
біз комерциялық банктегі несиелік саясатты оңтайландырудың қажеттілігіне
байланысты ұсындық. Біздің ойымызша, мұнда комерциялық банктің несиелік
саладағы стратегиясын анықтайтын Несиелік саясаттың негізгі ережелері мен
мақсаттары болу керек. Одан кейінгі бағыттар банк қызметкерлерінің
несиелік операцияларды басқару жұмысында банктің тактикасын анықтайды ,
банктің нақты операцияларын және клиентпен арадағы келісім-шарттың
ұйымдастырудың жолдарын нақтылайды, несиелік процесті бақылау және басқару
шараларының жүйесін белгілейді. Несиелік саясатты қалыптастырудың теориялық
моделінің әрбір бағыты өзара тығыз байланысты және несиелік саясатты
қалыптастырып, несиелік процесті ұйымдастыруда міндетті болып табылады,
ұтымды несиелік саясаттың мәнін ашу үшін қажет.
Банктің несиелік саясаты, біріншіден, клиенттер мен несиелік
құралдарды таңдаудың басым бағыттарымен, екіншіден, банк қызметкерлерінің
практикалық іс-қимылын белгілейтін және осы басым бағыттарды өмірге
енгізетін нормалармен, ережелермен анықталады. Бұл жерде тәуекелді (оның
ішінде несиетік) басқару қабілеттілігі нақты несиелік келісімдердің
шарттарын жасаумен айналысатын банк басшылығының бөліктілігіне және
қызметкерлердің сыныптамалық деңгейіне байланысты.
Жалпы, несиелік саясатын стратегиясы нақты банктің несие рыногындағы
басым бағыттарын, ұстанымдары мен мақсаттарын көздесе, ал тактикасы –
несиелік келісім жасау, несиелік процесті ұйымдастыру кезінде осы банктің
жоғарыдағы мақсаттарды жүзеге асыру үшін қолданатын қаржылық және басқа
құралдары. Сөйтіп, несиелік саясат банктің несиелік бөлімшелеріндегі тиімді
жұмыстың қажетті алғышарттарын жасайды, қызметкерлердің күш-қуатын
біріктіріп, ұйымдастырады, қателіктер мен тиімсіз шешім қабылдаудан
сақтандырады. Несиелік саясаттың элементтері несиелік саясаттың ұйымдастыру
нысандарында, яғни оны жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерінде нақты қолданылады.

1.2 Банктің несиелік саясатын анықтаушы факторлар

Банктердің несиелік саясаты және стратегиясы. Қазіргі нарықтық
экономиканың дамуы жағдайында, Қазақстандағы банк жүйесін реформалау, заңды
және жеке тұлғаларды несиелеу мәселесі екінші деңгейдегі банктердің өз
несиелік саясатына сай жүргізіледі.
Несиелік саясат – банктің жалпы даму стратегиясының ішінде несиелік
қызметті ұйымдастырудың негізін қалайды. Несиелік саясатты несиелік
процестің жүргізілу тәртібі мен ұстанымдары, оны іске асыру әдістері,
сонымен қатар осыған сай құжаттамаларға қажетті шарттар анықтайды. Банктің
ішкі несиелік саясатының мақсаты – өз мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз
ету, несиелік операцияларды жүргізгенде тәуекелдерді азайту.
Қазақстан Республикасының несиелік қызмет туралы заңдарына, соның
ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативті құқықтық
актілеріне сәйкес, әрбір банк өзінің несиелеу ережелерін шығарады. Ережелер
жалпы басымдылықтарды, несиелік қызмет аумағындағы шешімдерді шешудің
стандарттары мен параметрлерін, несиелік тәуекелдерді басқарудың негізгі
ұстанымдарын анықтайды. Сонымен қатар банктің несиелік қызметін келесі
міндеттерді шешу үшін бағыттайды:
➢ Тұрақты жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерді
несиелеудің нәтижесінде сапалы несиелік портфельді қалыптастыру;
➢ Баланстан тыс міндеттемелерді, несиелік портфельдің мөлшері мен
құрылымының тиімділігін қамтамасыз ету;
➢ Банк активтерін орналастырудың табыстылығы мен қауіпсіздігінің
жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
Несиелеу мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік, қамтамасыз етушілік
және несиелерді мақсатты арналымға пайдалану шарттарына сай жүргізіледі.
Банк несиелік қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Үкімет
қаулыларына, Ұлттық Банктің нормативті-құқықтық актілері мен өзінің ішкі
ережелеріне сәйкес барлық экономиканың салаларында, сондай-ақ республиканың
барлық аймақтарында жүргізеді. Несиелер кәсіпорындарға, ұйымдарға,
кооперативтерге және басқа да шаруашылық субъектілеріне, тұрақты қаржылық
жағдайы, өндіретін өнімдеріне немесе көрсетілетін қызметтеріне тұрақты
сұранысы бар, сонымен бірге банкке несиені қамтамасыз ететін жоғары өтімді
кепілді ұсынатын жеке кәсіпкерлерге ұсынылады.
Несиелік нарықта қаражаттарды орналастыру үшін, банк өз қаражаттарын,
депозиттік шотқа тартылған корпорациялардың, ұйымдардың және халықтың
қаражаттарын, ішкі нарықта және халықаралық қаржы нарықтарынан алған
несиелер мен депозиттер, және басқа да несиелеу үшін қажетті ресурстар
көздерін пайдаланады.
Банктер тұтынушылық, коммерциялық және инвестициялық несиелеу
жүргізеді, сонымен қатар мемлекеттік бюджет пен басқа банктік ұйымдардың,
корпорациялардың және халықаралық қаржы институттарының несиелік
ресурстарын мақсатты орналастыру үшін агенттік қызметтерді атқарады.
Банктің даму стратегиясына сәйкес және республикада қалыптасқан
экономикалық жағдайларға байланысты несиелік саясаттың негізгі
басымдылықтары мыналар:[1]
- қысқамерзімді коммерциялық несиелеу аумағында:
➢ сауда, өндіріс және т.б. сфераларындағы шағын және орта бизнестің
дамуы;
➢ сауда;
➢ өнеркәсіп, энергетика, байланыс, көлік және тұтынатын тауарларды
өндіру;
➢ денсаулық сақтау;
➢ ауылшаруашылық өнімдерді өндіру және өңдеу;
➢ қысқа мерзімді банкаралық несиелерді ұсыну;
- құжаттамалық несиелік операциялар аумағында:
➢ гарантияларды ұсыну және банк-контрагенттерден гарантияларды алу,
аккредитивтерді ашу және банк-серіктестермен шығарылған аккредитивтерді
қолдау;
➢ клиенттердің вексельдерін авалирлеу;
➢ клиенттердің вексельдерін есепке алу;
- инвестициялық несиелеу аумағында:
➢ күнделікті сұраныстағы тауарлардың өндірісін дамытудың қысқа
мерзімді және орта мерзімді проектілерін қаржыландыру;
➢ әлемдік стандарттардың сапасына сай өнімдердің өндірісін
дамытудың орта мерзімді және ұзақ мерзімді салааралық проектілерін
қаржыландыру.
Инвестициялық несиелеудің аумағындағы басымды проектілер болып мыналар
табылады:
➢ өтеу мерзімі қысқа;
➢ көлемді және сенімді өткізу нарығы бар, шикізат және қосымша
бөлшектермен жабдықтауы тұрақты өндірістерді шығару және жаңарту;
➢ жабдықтың қаржылық лизингті қолданылуымен;
➢ жеңіл, тамақ, полиграфиялық, фармацевтикалық және басқа да
өнеркәсіп салаларын, соның ішінде шағын және орта бизнес
проектілері бар импорт ауыстырушы өндірістерді жаңадан салу,
сонымен қатар оларды жаңарту және қайта құру;
➢ Қазақстан Республикасының Үкіметімен және халықаралық ұйымдармен
ұсынылатын рентабельді проектілерді қаржыландыру.
Банктер негізінен несиелік саясатта аймақтық басымдылықтарды
орнатпайды.
Банктің несиелік стратегиясы мыналарды қарастырады:
➢ Банктің тәуекелдерді оларды түбегейлі талдағаннан кейін ғана
алуы;
➢ Тәуекелдерді болдырмау;
➢ Несие, активтердің және пассивтердің сапасын жақсарту және
негізгі капиталға инвестицияларды қысқарту үшін белсенді жұмыстар
жүргізу;
➢ Несие беру туралы шешімді қабылдау тек кепілді бағалаудың
негізінде емес, сонымен қатар болашақтағы ақшалай ағымдардың
есебімен және несие алушының табыстылығымен, ұсынылған проектінің
түбегейлі құқықтық талдауының нәтижесінде болады;
➢ Тәуекелдерді азайту мақсатында несие алушылардың қызмет түріне,
салаларына және несиенің көлеміне қарай несиелік портфелді
дифференциациялау;
➢ Тәуекелдерді қабылдаудың нәтижесінде банкті үлкен шығындарға алып
келуді болдырмау. Түсетін табыстар тәуекелдің жалпы сомасын жабу
керек;
➢ Несиелік комитетпен несиелік тәуекелдің шектерін орнату және
оларға бақылау жасау;
➢ Банкпен халықаралық несиелік рейтингті алу.
Ішкі несиелік саясатты жүргізетін негізгі мүше – банктің Несиелік
комитеті болып табылады. Ол банктің Басқармасымен анықталған және
директорлар Кеңесімен бекітілген міндеттер ішінде қызмет атқарады. Банктің
Несиелік комитеті несие, гарантия беру, аккредитивтер ашу және филиалдардың
Несиелік комитеттеріне және шетелдік қаржы институттарының несиелік
желілеріне қызмет көрсету үшін құрылған органдарына несиелік қызметке
қатысты басқа да сұрақтары бойынша шешімдерді қабылдауға шектелген
міндеттерді анықтайды. Несие беру бойынша шешім, қаржыландыруға ұсынылған
проектілердің банкпен жүргізілетін толық сараптаудың нәтижесінде
қабылданады. Түбегейлі талдауды қажет ететін кейбір проектілерді, Банктің
Несиелік комитеті, несиені сараптау мен басқаруға жауап беретін және
жобаларды талдау үшін тәуелсіз сараптаушыларды тартатын, жұмысшы топтарды
қалыптастырады. Несиелеу, несие беру процедурасы, несиелерді өтеу және
қызмет көрсету бойынша сұрақтар құжаттарды дайындау мен өткізумен
байланысты негізгі қызметтерді, негізінен коммерциялық департаменттер,
несиелік басқармалар мен бөлімдер, және басқа да банктің құрылымдық
бөлімшелері атқарады.
Несиелік саясат несиенің бағасы мен валютасы сияқты несиелеудің басты
шарттарын анықтайды.
Несие бағасы нарықтағы сыйақы ставкілерінен қалыптасуынан(басқа
қаржылық институттармен ұсынылатын мүдделерден), банк активтері мен
пассивтерінің экономикалық құндарынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкісінің қайта қаржыландыру ставкасына, несиеленетін жобаның мазмұнына
және басқа да факторларға байланысты қалыптасады.
Сыйақы ставкісі (мүдде) Несиелік комитетпен, Басқарма немесе
директорлар Кеңесімен оларға анықталған құқ шегінде және ол Несиелік
келісім-шартта көрсетіліп анықталады.
Несие валютасы. Банктің несиелік тәуекелдерді басқару ұстанымдарына
сәйкес, ол берілетін несиенің валютасын өзі анықтайды. Банк несиелерді
ұлттық валютада Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің валюталық
баламада фиксацияланған курсымен ұсынылады, сонымен қатар шетел
валютасында, негізінен АҚШ долларымен беріледі.
Несие валютасы қаржыландырылатын жобаның мазмұнына және ағымдағы
(болашақтағы) валюталық нарықтың жағдайына байланысты Несиелік комитетпен
анықталынады.
Банктің несиелік саясатын оптимизациялау қағидалары және белгілері.
Банктің несиелік саясаты қағидаларының арақатынасы арнайы зерттеуге арқау
болмаған. Онымен қоса, қоғамның экономикалық дамуының күшіндегі заңдары
жүйесін, олардың әрекет ету шарттары, көрініс алу мен қолдану формаларын
ғылыми тану - бұл несиелік процесті жетілдірудің туынды алғышарттарының
бірі ретінде бізге аян.
Несиелік саясаттың қағидалары несиелік процестің негізі болып
табылады. Демек, оларды толық билеген сайын, коммерциялық банктің оның
өтімділігі мен табыстылығын қамтамасыз ету позициясынан алғанда іс-әрекеті
тиімді бола түседі.
Несиелік саясаттың астарымен біз оны жасау мен тәжірибеде жүзеге
асырудың негізгі шарттарын, туындаушы ережелерін түсінеміз.
Несиелік саясат макроэкономикалық деңгейде орталық банктің мемлекеттік
несиелік саясатына және әрбір нақты коммерциялық банктің несиелік саясатына
ортақ қағидалары түсіндіріледі.
Банктің несиелік саясатының қағидалары бір жағынан несиелік қатынастар
субъектілерінің өз іс-әрекеттерінің озық нәтижелеріне деген қызығушылығын
ынталандырады және несиелік саясатты жалпы халық шаруашылығы ауқымында
жүзеге асыруда зор мәнге иелендіреді. Банктің несиелік саясатының негізгі
міндеті несиенің оның мәніне сәйкес қолданылуын қамтамасыз ету болып
табылады. Осылайша, несиелік саясат оның қағидаларын жүзеге асыру тәсілі
ретінде көрініс табады. Солайтұра несиелік саясаттың сапасы ең алдымен оны
шарттаушылардың принциптерін орындау дәрежесімен анықталады.
Банктің несиелік саясатының маңызды жалпы қағидалары несиелік
саясаттың ғылыми негізделуі, оптималдығы, тиімділігі, сондай-ақ оның
элементтерінің тұтастығы мен ажырағысыздығы болып табылады, себебі тек
өмірдің объективті реалийлері мен субъективті факторларды ескере
қалыптасқан ғылыми негізделген несиелік саясат қана мемлекеттің, банктің
(институционалдық құрылым ретінде), оның персоналы мен клиенттерінің (соның
ішінде тұрғындардың) мүдделерін толыққанды өрнектеуге мүмкіндік береді.
Осылайша, тек қана ғылыми негізделген саясат өзінің белгілі бір даму
сатысында банк алдына қоятын мақсаттарға едәуір сәйкес келеді. Демек, тек
қана ғылыми негізделген саясат банк (орталық та, коммерциялық үшін де) үшін
оптималды, едәуір тиімді әрі қалаулырақ болады.
Коммерциялық банктің несиелік саясатының арнайы қағидалары болып
табыстылық, пайдалылық (себебі әрекет ететін әрбір банктің мақсаты барынша
мүмкін жоғары пайда табу болып саналады), қауіпсіздік және сенімділік
табылады (себебі банк табысты кез-келген бағамен емес, ол өзінің іс-
әрекетін жүзеге асыратын нарық реалийлерін ескеріп табуға тырысады).
Осылайша, несиелік саясаттың қағидаларының жүйесі былайша сипатталмақ:

2-кесте. Банктің несиелік саясатының қағидалары

Жалпы Арнайы
ғылыми негіз
оптималдық табыстылық, пайдалылық
тиімділік қауіпсіздік, сенімділік
бірлік, несиелік саясат элементтерінің
байланысы

Ескерту-Автормен құрастырылған

Осылайша, несиелік саясат критерийлерін, коммерциялық банктің тиімді
несиелік саясатының критерийлерін бағалау проблемасы туындайтыны сөзсіз.
Клиентке қатысты икемді нұсқаны таңдау - банк экономистерінің жауыр болған
жұмысы, жемісті жұмыс алғышарты мен олардың іс-әрекетін бағалауға негіз.
Несиелік байланыстарды реттеудегі мүмкіндіктердің кең кешені несиелік
саясаттың оптималды нұсқасы проблемасын туғызады.
Осылайша, коммерциялық банктің оптималды несиелік саясатын жалпы
банктің шығыстарын жабуы және белгілі пайда, таза табыс табуын қамтамасыз
ететін саясат деп айтуға болады (табыстылық қағидасы). Онымен қоса, банктік
қызметтегі табыстың немесе тіптен шығындардың жоқтығын тиімсіз несиелік
саясаттың нәтижесі деп қарастыруға болмайды. Банктің несиелік саясатын
жасау стратегиялық және тактикалық мақсаттардан туындайтыны белгілі.
Шынында, банктің қызметіндегі жалпы және оның несиелік саясатының ішінара
басымдылықтары банктердің несиелік операцияларының қауіпсіздігін,
сенімділігін, табыстылығын қамтамасыз етумен сипатталады. Жалпы,
коммерциялық банктің несиелік саясатының осы қағидаларын ұстануын
оптималды, тиімді несиелік саясаттың критерийлері ретінде санауға болады.
Теориялық тұрғыдан статикалық және динамикалық оптимумды ажыратқан
жөн. Статикалық оптимум мысалы, банктің даму деңгейін, банктермен жүзеге
асырылатын операциялар мен қызметтердің санын, банктің бар ресурстарымен
қол жеткізілген еңбектік, материалдық, қаржылық динамикалық параметрлерін
анықтаумен байланысты. Статикалық оптимум есептік баланс бойынша
анықталады, ол өткен мерзімі ішінде орын алған пропорциялар,қаражаттар мен
инвестициялар көздерінің құрылымы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Бірақ бұл оңтайлы нұсқаны таңдау үшін жеткіліксіз, себебі есептік баланста
балама жоқ. Банктерді қоса алғанда экономиканың кез-келген субъектісінің іс-
әрекетінің негізіне жататын жоспарлық құжатты (бизнес-жоспар, маркетингтік
жоспар несиелік саясат бойынша жоспарлық құжат) дайындау қажеттілігі осыдан
туындайды. Банк қызметіне қатысты коммерциялық банктің несиелік саясатын
зерттеу оның жұмысының талдау бағыттарын анықтайды, соның ішінде: клиенттің
сапасын, оның несиелік және төлем қабілеттілігін бағалау; несиелеу
мерзімінің ұзақтығы (ссуданы ұсыну және өтеу); несие бағасы, проценттік
ставка деңгейі; арнайы жағдайлар, мысалы, жеңілдіктер; ссуданы қайтарып
алумен байланысты шығындар деңгейі.
Коммерциялық банктің оптималды саясаты - бұл нәтижесінде банк
табыстары, оның пайдасы шексіздікке, ал шығындары мен тәуекелдіктері
минимумға ұмтылатын саясат деп қорытынды жасауға болады.
Жалпы қоғамдағы экономикалық қатынастарды оптимизациялау проблемасы
экономиканың субъекттері ретінде оптималды шаруашылық жүргізу критерийлерін
жасаудан бастап қоғамдық ұдайы өндіріс құрылымын жетілдірумен аяқталатын
күрделі экономикалық және қаржылық мәселелердің кешенін қамтиды.
Пайданы ұлғайтуда көрінетін табыстылық қағидасы банк дамуының бөлек
уақыттық мезеттерінде орындалмауы мүмкін. Графикалық түрде оны келесідей
суреттеуге болады.
Төмендегі графикте коммерциялық банк жұмысының табыстылығына қатысты
бекітілген параметрлерге жетудің үш мүмкін жолы көрсетілген. [2]

пайда

Кезең
Сурет-1. Коммерциялық банктің табыстылыққа жетудің жолдары
Ескерту- Автормен арнайы мамандану әдебиет көздерінен алынған

Әдетте дамудың мүмкін болжамдысы ортаңғы нұсқа болып табылады.
Дегенмен банк қабылданған жоспарға түзетулер енгізуге және оның шынайылығын
толық ескеру үшін оқиғалардың дамуының бірнеше мүмкін нұсқаларын жасау
тиіс. Дұрыс танылмаған айқындылық адекватты емес саясаттың құрылуына немесе
банк үшін теріс салдарына әкеледі. Сондықтан әрбір нақты жағдайда басқару
шешімінің қабылдануы саясаттың өзгеруінен болатын мүмкін табыс пен осы
өзгерістердің бағасын салыстыруды қамтуы керек.
"Коммерциялық банктің несиелік саясаты баға-пайда-процент механизміне
негізделеді. Несиеге деген артудағы сұраныс кезінде ссудалық капиталға
сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы өзгереді және ссудалық процент артады.
Бұл несиелеуді кеңейту, коммерциялық банктермен қосымша несиелік ақшаларды
жасау формасында бос өтімді резервтерді интенсивті қолдануды білдіреді.
Бұндай жағдайда бос өтімді резервтердің салымдарға қатынасы қысқарады,
өтімділік квотасы төмендейді. Алайда бұл орталық банктердің банктік
өтімділікті қысқартуға бағытталған рестрикциондық ақша саясатының нәтижесі
емес, сонымен қатар коммерциялық банктердің несиелік экспансиясының
салдары."[3]
Банктің саясатты жүргізуден келетін пайданы арттыру үшін (соның ішінде
депозиттік, несиелік, проценттік және т.б.) банк жүйелік тұрғыны қолдануы
керек, яғни банктік саясаттың барлық элементтерін тұтастықта,
байланыстылықта оптималды шешім табылғанша оларды жүзеге асыру құралдырын
түрлендіріп қолдануы керек. Соның ішінде несиелік саясат саласында бұл
шешім несиелік стандарттардың яғни коммерциялық банктік несиелік саясатын
жасауға негіз болған талаптардың оңтайлы комбинациясын анықтайды.
Осылайша банктің несиелік саясаты несиелік саясаттың қағидаларын
ескеріп және олардың тәжірибеде жүзеге асырылуын қамтамасыз еткен жағдайда
тиімді әрі оптималды болып саналады. Ұқсас тұрғылар оптималды депозиттік
саясатты (банкте ашылған есеп-шоттарда депозиттерге қаражаттар тарту
деңгейі), валюталық саясатты, проценттік саясатты анықтау кезінде
қолданылады.
Банктік несиелік саясаттың ел экономикасына жалпы әсер етуі оң, сондай-
ақ теріс те болуы мүмкін. Бір жағдайларда ол өндіргіш күштердің дамуына
қолайлы жағдайлар туғызады, кейбір жағдайларда өндірістің даму қарқынын
тежейді, төмендетеді.
Тиімді несиелік саясат экономиканың дамуына оң ықпал тигізеді, бірақ
оның өмірде орын алуы үшін несиелік саясаттың қоржынындағы тәсілдердің
барлық кешенін қолдану және негізгі мақсаттарға жету үшін нақты мақсатты
бағытталған іс-әрекет қажет.
Банктік қадағалау органдары коммерциялық банктің несиелік саясатын
келесі позициялардан талдайды: біріншіден, оның бар-жоғы; екіншіден,
несиелік саясаттың принциптерін ұстау сапасы яғни толықтығы, соның ішінде
банктің қатысушы нарығындағы орын алған жағдайдың адекваттылығы,
тиімділігі, оптималдығы және т.б.
Міне, сондықтан коммерциялық банктің несиелік саясатының
элементтерінің шарттастығы яғни тұтастығының принципі несиелік саясаттың
банк жұмысындағы орны мен рөлін анықтауға осы байланыстарды танып білу
қажеттілігін анықтайды. Шындығында, несиелік саясат принциптері өзара тығыз
байланысты. Бір принциптің бұзылуы қалғанын бұзылуына әкеліп соғады.
Банктің несиелік саясатының принциптерінің осы байланыстылығы және
шарттастығы оларды диалектикалық бірлікте қарастыру қажеттілігін білдіреді.
Кейбір элементтерге толығырақ тоқталайық.
Банктің депозиттік саясаты (тар мағынасында банктің жалпы несиелік
саясатының ажырамас бөлігі ретінде)депозиттерге қаражаттарды тарту және
оларды тиімді басқаруға қатысты банктік саясатты сипаттайды. Коммерциялық
банктің депозиттік саясаты - бұл салымшылар мен басқа кредиторлардың
қаражаттарын тартуға қатысты банктің стратегиясы мен тактикасы және
берілген банк үшін қаражаттар көздерінің едәуір тиімді комбинациясын
анықтау. Депозиттік саясаттың мақсаты банк өтімділігінің мұқтаждықтарын
қажеттілігіне қарай заемдық қаражаттарды белсенді алу жолымен
қанағаттандыру болып табылады. Осыған байланысты пайда табу мүмкіндіктері
кеңейеді, бірақ бұл ескеруді қажет ететін тәуекелге де байланысты
(негізінен бұл депозиттерді қолданудан алуға болатын табыстар мен тартылған
қаражаттар арасындағы қатынас).
Батыстың дамыған елдерінің экономикалық әдебиетінде депозиттік саясат
соның ішінде "депозиттік ақшалар" мәселесін реттеуге үлкен көңіл бөлінген.
Ақша айналысын тиімді бақылау және басқару үшін айналыстағы ақша массасының
жағдайын жоспарлаудың, болжаудың және реттеудің түрлі тәсілдері
қолданылады. Батыстың индустриалды дамыған елдерінде қолданылатын ең көп
тараған схема аталмыш монетарлық агрегаттарды анықтау болып табылады.
Қазіргі таңда АҚШ-та банк арқылы өтетін барлық қаржылық құралдарды
ескеретін 75-ке жуық монетарлық агрегат бар. Ақша массасының құрамын түрлі
компоненттреді енгізудің түрлі принциптері осы элементтердің өтімділігі
болып табылады. Өтімділікпен банктің клиенттерге қатысты өзінің
міндеттемелерін уақытында орындау қабілеті түсіндіріледі. Банк активінің
өтімділігі жоғары болған сайын, сәйкес көрсеткіштің (ақшалылық) дәрежесі
жоғары болады. Ең жоғарғы өтімділікке М0 (қолма-қол ақшалай қаражаттар)
көрсеткіші ие. Ақша несие айналысының түрлі параметрлерін, айналыстағы ақша
массасының жағдайын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштерді тәжірибеде қолдану
ақша айналысының даму тенденциясын, сондай-ақ инфляция қарқынын бағалауға
мүмкіндік береді, бұның ақша несиелік сфераның реттеу мүмкіндіктерін оң
әсерін тигізері сөзсіз.
Депозит банктің едәуір маңызды ресурстарының бірі болып табылады,
себебі ол өз мазмұнымен тұрғындардың, кәсіпорындардың және ұйымдардың банк
жүйесінің делдалдығымен банктің басқа клиенттеріне деген несиені білдіреді.
Бұл ретте бюджеттік қаржыландыруға жүгіну қажетсіз болып қалады.
Депозит инфляция қарқынын тежеуге, шаруашылық пен тұрғындар қаражаттарын
тауар айналымынан көңлін бөледі, ал бұл ақша массасының тауарлар мен
қызметтер нарығына деген қысымын азайтады.

2 БАНК РЕСУРСТАРЫНЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕОРИЯСЫ
2.1 Банк ресурстарының ұғымы мен құрылымы

Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос
ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар
есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын
арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның
қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
Банк ресурстары термині несиелік ресурсы қарағанда кең ұғымды
білдіреді. Банк ресуретары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да
активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін
пайдаланылады.
Банк ресурстары – бұл банктің пассивтік операциялары негізінде
қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін
қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастылуға бағытталатын
банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында
біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден,
коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты
қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен
және басқа да несиелік мекемелерден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ипотекалық несие туралы
Банктің сарапшы маманы
Банктің несие саясатының түрлері
Қазіргі жағдайда коммерциялық банктердің несиелік саясатын талдау
Несие туралы ақпарат
Несиенің қажеттілігі,мәні,формалары
Банк табыстарын талдау
Қазақстанның банктік жүйесіндегі ипотекалық несиелеудің қазіргі жағдайы
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты
Несиегердің банкпен несие қатынасы
Пәндер