КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ТҮСІНІГІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтiк, мәдени, ғылыми, бiлiм беру,
қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткiзу; азаматтардың және
ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғау; даулар мен жанжалдарды
шешу; азаматтардың рухани және өзге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру;
азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен
спортты дамыту заң көмегiн көрсету үшiн, сондай-ақ қоғамдық игiлiктердi
және өз мүшелерiнiң (қатысушылардың) игiлiктерiн қамтамасыз етуге
бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкiн.
      Коммерциялық емес ұйымдар қызметiнiң мақсаттары құрылтай
құжаттармен айқындалады.  
Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшiн коммерциялық емес ұйымдардың:
      1) заңдарда белгiленген тәртiппен банктерде шоттар ашуға;  
      2) мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ұйымның толық атауы бар
мөрi, мөртабаны және бланкiлерi, сондай-ақ белгiленген тәртiппен тiркелген
эмблемасы (нышаны) болуына;
      3) меншiгiнде немесе оралымды басқаруында оқшауланған мүлкi,
сондай-ақ дербес балансы немесе сметасы болуға;
      4) мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды иемденiп алуға
және жүзеге асыруға;
      5) егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, басқа заңды тұлғалар
құруға;
      6) филиалдар мен өкiлдiктер ашуға;
      7) қауымдастықтар мен одақтарға кiруге, сондай-ақ олардың
қызметiне қатысуға;
      8) жарғыда көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды
пайдалануға;
      9) сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;
   Коммерциялық емес ұйымдар:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға;
      2) белгiленген тәртiппен салық және бюджетке төленетiн басқа да
мiндеттi төлемдердi төлеуге;
    3) өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен
(мекемелердi қоспағанда) жауап беруге;
     4)Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапкершiлiкте
болуға мiндеттi. 
  

І. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ТҮСІНІГІ

1.1 Коммерциялық емес ұйымдардың түсінігі мен сипаттамасы

    Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк
қоғам, тұтыну кооперативi, қор, дiни бiрлестiк, қауымдастық (одақ)
нысанындағы заңды тұлғалардың бiрлестiгi нысанында және заң актiлерiнде
көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.   Коммерциялық емес ұйымның атауы
оның атын және ұйымдық-құқықтық нысанының көрсетпесiн қамтиды. Ол заңдарда
көзделген қосымша ақпаратты қамтуы мүмкiн.    Коммерциялық емес ұйымның
атауында заңдардың талаптарына немесе қоғамдық мораль нормаларына қайшы
келетiн атауларды; егер (қатысушылардың есiмiмен үйлесiмдi болмаса не егер
жеке есiмiн пайдалануға бұл адамдардың (олардың мұрагерлерiнiң) рұқсатын
қатысушылар алмаған болса, адамдардың өз аттарын пайдалануға жол
берiлмейдi. Коммерциялық емес ұйымның тұрақты қызмет iстейтiн органы
орналасқан жер оның орналасқан жерi деп танылады. Коммерциялық емес
ұйымның атауы мен орналасқан жерi оның құрылтай құжаттарында көрсетiледi.  
Құрылтайшысы басқару, әлеуметтiк-мәдени немесе коммерциялық емес
сипаттағы өзге де қызметтердi жүзеге асыру үшiн құрған және қаржыландыратын
ұйым мекеме деп танылады.   Мекеменiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiкке
құқығы азаматтық заңдарға сәйкес айқындалады. Меншiк нысанына байланысты
мекемелер мемлекеттiк және жеке меншiк мекемелер болып бөлiнедi.
Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес
мемлекет құрған немесе егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, Қазақстан
Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы үкіметінің, облыстар
(республикалық маңызы бар қалалар, астана), аудан (облыстық маңызы бар
қала) әкімдіктерінің нормативтік құқықтық актілерімен құрылған және тек
қана мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мекеме мемлекеттiк мекеме деп
танылады . Мемлекеттiк мекеменiң мүлкi оған оралымды басқару құқығымен
бекiтiлiп берiледi.  Мемлекеттiк мекеменiң өз мiндеттемелерi бойынша
жауаптылығы азаматтық заңдармен реттеледi.
Мемлекеттiк меншiктi иелену, пайдалану, билiк ету құқығы белгiленген
тәртiппен берiлген мекемелердi қоспағанда, мемлекеттiк мекеме басқа заңды
тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола
алмайды.    Мемлекеттік мекемелер жасасатын азаматтық-құқықтық мәмiлелер
Қазақстан Республикасының Yкiметі белгіленген тәртiппен тiркелуге тиiс.
Басқарушылық, әлеуметтiк-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы
өзге де қызметтердi жүзеге асыру үшiн жеке және (немесе) мемлекеттiк емес
заңды тұлғалар құрған, мемлекеттiк құрылымның бөлiгi болып табылмайтын ұйым
жеке меншiк мекеме деп танылады.    Жеке меншiк мекеменiң мүлкi оған
оралымды басқару құқығымен бекiтiлiп берiледi. Жеке меншiк мекеме өз
мiндеттемелерi бойынша өзiнiң билiгiндегi ақшамен жауап бередi. Ақшасы
жеткiлiксiз болған жағдайда мемлекеттiк емес мекеменiң мiндеттемелерi
бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.  
   Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн ортақ
мақсаттарға жету үшiн азаматтардың ерiктi бiрiгуi нәтижесiнде құрылған ұйым
қоғамдық бiрлестiк болып табылады.
   Қоғамдық бiрлестiктер мүшелерiнiң (қатысушыларының) сол
бiрлестiктерге өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға
құқықтары жоқ. Өздерi мүшелерi (қатысушылары) ретiнде қатысатын қоғамдық
бiрлестiктердiң мiндеттемелерi бойынша олар жауап бермейдi, ал аталған
бiрлестiктер өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
     Қоғамдық бiрлестiктердiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi
"Қоғамдық бiрлестiктер туралы"  Қазақстан Республикасының Заңымен
реттеледі.  Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк жарналар
негiзiнде құрған, әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм беру және өзге де
қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтiн, мүшелiгi жоқ коммерциялық емес ұйым
қор деп танылады.
     Қорды құрған кезде құрылтайшылардың (құрылтайшының) шешiмiмен
тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы басқару органы - қордың атқарушы органы
тағайындайтын қамқоршылық кеңесi құрылады, ол қор қызметiнiң оның жарғылық
мақсаттарына сай келуiне бақылау жасайды, сондай-ақ қордың жарғысында
бекiтiлген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.    Жұбайлық және жақын
туыстық байланысы бар адамдар қордың қамқоршылық кеңесiнiң көпшiлiк мүшесi,
сондай-ақ осы қордың штаттағы қызметкерлерi бола алмайды. Қордың атқарушы
органы қордың жоғары басқару органының және тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы
басқару органының (қамқоршылық кеңестiң) шешiмдерi негiзiнде және оларды
орындау мақсатында жұмыс iстейдi және соларға есеп бередi.
      Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелерi қордың құрылтай
құжаттарын, осы заңды және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiн
бұза отырып өздерi қабылдаған шешiмдерiнiң салдарынан келтiрiлген шығынның
орнын бiрлесе толтыруға мiндеттi. Мұндай шешiм қабылданған кезде қарсы
дауыс берген, қалыс қалған немесе отырысқа қатыспаған адамдар шығынның
орнын толтыру мiндетiнен босатылады.
     Қордың некеде тұрумен, жақын туыстықпен немесе жекжаттықпен
байланыспаған басшысы мен бухгалтерi болуға тиiс. Бiр адамның екi қызметтi
қатар iстеуiне болмайды. Басшы құрылтай құжаттарының, қорды басқару
органының шешiмдерi негiзiнде қордың атынан мәмiлелер жасауға құқылы.
Қордың жарғысында өз бетiнше әрекет етiп, мәмiлелер жасай алатын басқа
уәкiлеттi адамдардың қызмет аясы белгiленуi мүмкiн. Қор басшысының сотта,
мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ ұйымдарда қордың атынан сенiмхатсыз
өкiлдiк етуге құқығы бар.
     Қорға оның құрылтайшылары берген мүлiк қордың меншiгi болып
табылады. Қор құрылтайшыларының қордың мүлкiне мүлiктiк құқығы жоқ және
оларды мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн жарғыда белгiленген тәртiппен
құрылтайшылардың жалпы жиналысы қордан шығаруы мүмкiн.
     Қор жарғыда белгiленген мерзiмде қаржы қызметiн тексерудi жүзеге
асыруға мiндеттi. Тексерудi тексерушi немесе аудитор жүзеге асырады.
Тексерушiнi сайлау тәртiбi жарғыда белгiленедi; аудиторлар заңдарда
белгiленген тәртiппен тартылады. Қор жыл сайын ресми басылымдарда өз мүлкiн
пайдалану туралы есептi жариялауға мiндеттi. 
     Құрылтайшылардың құрамына, сондай-ақ қызмет саласына қарай жеке,
корпоративтiк, қоғамдық, мемлекеттiк қорлар құрылуы мүмкiн.      Қызмет
мақсаттарына қарай әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм қорлары және
өзге де қорлар құрылуы мүмкiн. Бiр жеке адамның немесе жеке адамдардың -
бiр отбасы мүшелерiнiң өзiнiң (өздерiнiң) жеке қаражаттары есебiнен құрған
қоры жеке қор деп танылады. Жеке қор, сондай-ақ жеке адамның нотариалды
куәландырылған өсиетi бойынша да құрылуы мүмкiн.
      Жеке қордың мүлкi жеке тұлғадан (құрылтайшыдан) немесе жеке
тұлғалардан - бiр отбасы мүшелерiнен (құрылтайшылардан) бiр жолғы және
(немесе) тұрақты түсетiн түсiмдер есебiнен, өсиет бойынша түскен мүлiктен,
және жеке қор қызметiнiң мақсаттарына сай келетiн басқа да көздерден
құралады Бiр заңды тұлғаның немесе бiрнеше заңды тұлғалардың - коммерциялық
және (немесе) коммерциялық емес ұйымдардың осы ұйымдардың қаражаттары
есебiнен құрған қоры корпоративтiк қор деп танылады.
      Корпоративтiк қордың мүлкi бiр немесе бiрнеше заңды тұлғалардан
- коммерциялық және (немесе) коммерциялық емес ұйымдардан
(құрылтайшылардан) бiр жолғы және (немесе) тұрақты түсетiн түсiмдер
есебiнен, және корпоративтiк қор қызметiнiң мақсаттарына сай келетiн басқа
да көздерден құралады.
     Бiр отбасының мүшелерi болып табылмайтын жеке адамдардың және
(немесе) заңды тұлғалардың - қоғамдық бiрлестiктердiң құрған қоры қоғамдық
қор деп танылады.
      Қоғамдық қордың мүлкi бiр отбасы мүшелерiнен - аталған қордың
бiрден бiр қатысушыларынан түсетiн түсiмдер есебiнен құрала алмайды.
Мемлекеттiк органдардың шешiмiмен құрылған, белгiленген тәртiппен
мемлекеттiк меншiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы берiлген;
қордың мақсаттары мен мiндеттерiн мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен
жүзеге асыратын қор мемлекеттiк қор деп танылады.
      Мемлекеттiк қордың мүлкi заңдарда белгiленген тәртiппен
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң қаражаты есебiнен, және
мемлекеттiк қор қызметiнiң мақсаттарына сай келетiн басқа да көздерден
құралады.
Мүшелiк негiзде қатысушыларының материалдық және өзге де
қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (пайлық)
жарналарын бiрiктiру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың ерiктi
бiрлестiгi тұтыну кооперативi деп танылады.
      Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативiне
заңды тұлғалар да кiре алады.
Селолық тұтыну кооперативтерi тек өз мүшелерiнiң ғана емес, ауылдық
жерде тұратын басқа да азаматтардың материалдық және өзге де
қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшін құрылуы мүмкін.    Тұтыну
кооперативтерiнiң мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша кооператив
мүшелерiнiң қосымша жарнасының енгiзiлмеген бөлiгi шегiнде ортақ
субсидиарлық жауаптылықта болады. Тұтыну кооперативi алған кiрiстердi оның
мүшелерi арасында бөлуге болмайды және олар жарғылық мақсаттарға жұмсалады.
Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi жинақталып қалған шығынды жыл сайынғы
баланс бекiтiлгеннен кейiн үш ай iшiнде қосымша жарналар арқылы жабуға
мiндеттi. Бұл мiндеттеме орындалмаған жағдайда кооператив кредит
берушiлердiң талабы бойынша сот тәртiбiмен таратылуы мүмкiн. Тұтыну
кооперативтерiн, соның iшiнде селолық кооперативтердi құқықтық реттеу
ерекшелiктерi арнаулы заң актiсiмен реттеледi.  
      Рухани қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн өз мүдделерiнiң
ортақтығы негiзiнде заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен бiрiккен
азаматтардың ерiктi бiрлестiгi дiни бiрлестiк деп танылады. Дiни бiрлестiк
қатысушыларының (мүшелерiнiң) осы ұйымға өздерi берген мүлiкке, соның
iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары сақталмайды. Олар дiни бiрлестiктiң
мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал дiни бiрлестiк өз мүшелерiнiң
мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Дiни бiрлестiктiң құқықтық
жағдайының ерекшелiктерi заңмен реттеледi
Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатымен акциялар
шығаратын, кiрiстерi тек қана осы қоғамды дамытуға пайдаланылатын заңды
тұлға коммерциялық емес акционерлiк қоғам деп танылады.
Коммерциялық емес акционерлiк қоғамдардың артықшылықты акциялар,
туынды және айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыруға құқығы
жоқ.
      Коммерциялық емес акционерлiк қоғамның құрылтай шарты осы шартқа
әрбiр құрылтайшының немесе оның уәкiлеттi өкiлiнiң қол қоюы арқылы
жасалады.    Коммерциялық емес ұйым ретiнде құрылған қоғамның коммерциялық
ұйым болып қайта құрыла алмайтыны сияқты коммерциялық ұйым ретiнде құрылған
қоғам да коммерциялық емес ұйым болып қайта құрыла алмайды. 
      Коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда
құрылуы мүмкін. Нотариалдық палаталар, адвокаттар алқалары, сауда-
өнеркәсiп палаталары, аудиторлар палаталары, меншiк пәтер иелерi
кооперативтерi және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-
құқықтық нысанда құрыла алады. Өзге де ұйымдық-құқықтық нысандардың
құқықтық жағдайының ерекшелiктерi заң актiлерiмен реттеледi.  
    Коммерциялық ұйымдар өздерiнiң кәсiпкерлiк қызметтерiн үйлестiру,
сондай-ақ ортақ мүлiктiк және өзге де мүдделердi бiлдiру және қорғау
мақсатында өзара шарт бойынша, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдармен
бiрлесiп қауымдастықтар (одақтар) нысанында бiрлестiктер құра алады.
ммерциялық емес ұйымдар осы ұйымдардың қауымдастықтарына (одақтарына)
ерiктi түрде бiрiге алады.      Қауымдастықтың (одақтың) мүшелерi өзiнiң
дербестiгiн және заңды тұлға құқықтарын сақтап қалады. Қауымдастық (одақ)
өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Қауымдастықтың
(одақтың) мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша қауымдастықтың (одақтың)
құрылтай құжаттарында көзделген мөлшерде және тәртiпте субсидиарлық
жауаптылықта болады. Қауымдастық (одақ) мүшелерi, егер құрылтай
құжаттарында өзгеше көзделмесе, қаржы жылы аяқталған соң өзiнiң қалауы
бойынша қауымдастықтан (одақтан) шығуға құқылы. Бұл жағдайда қауымдастық
(одақ) мүшесi өзi қауымдастықтан шыққанға дейiн туындаған мiндеттемелерi
бойынша шыққан кезiнен бастап екi жыл бойына оның өзiнiң жарнасына бара-бар
субсидиарлық жауаптылықта болады.
Қауымдастық (одақ) мүшесi қауымдастықтың (одақтың) құрылтай
құжаттарында белгiленген реттерде және тәртiппен қауымдастық (одақ)
мүшелерiнiң шешiмi бойынша одан шығарылуы мүмкiн. Қауымдастықтың (одақтың)
шығарылған мүшесiнiң жауапкершiлiгiне қатысты қауымдастықтан (одақтан)
шығуға жататын ереже қолданылады.
Қауымдастық (одақ) мүшелерiнiң келiсiмiмен оған қауымдастықтың жаңа
мүшесi кiре алады. Қауымдастыққа (одаққа) жаңа мүшенiң кiруi қауымдастықтың
(одақтың) ол кiргенге дейiн туындаған мiндеттемелерi бойынша оның
субсидиарлық жауаптылықта байланыстырылуы мүмкiн.
Қауымдастықтың (одақтың) атауында "қауымдастық" немесе "одақ" деген
сөздердi қоса отырып, осы қауымдастық (одақ) мүшелерi қызметiнiң негiзгi
мәнiне көрсетпе болуға тиiс.  

1.2 Коммерциялық емес ұйымдардың қызметі

Коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым
салынбаған және коммерциялық емес ұйымның мақсаттарына сәйкес келетiн, оның
құрылтай құжаттарында көзделген бiр немесе бiрнеше қызмет түрiн жүзеге
асыра алады.      Жекелеген ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес
ұйымдар айналысуға құқылы қызмет түрлерiне Қазақстан Республикасының заң
актiлерiнде шектеулер қойылуы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйымдар заң актiлерiне сәйкес жекелеген қызмет
түрлерiн лицензиялар негiзiнде ғана жүзеге асыра алады.  
    Коммерциялық емес ұйым өзiнiң жарғылық мақсаттарына сәйкес
келетiндей ғана кәсiпкерлiк қызметпен айналыса алады. Жекелеген ұйымдық-
құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйымдардың кәсiпкерлiк қызметiне
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде шектеулер қойылуы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлiк қызметі бойынша кірістер мен шығыстардың
есебiн жүргiзедi. Коммерциялық емес ұйымдардың кәсiпкерлiк қызметiне салық
салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 
Коммерциялық емес ұйымдардың кәсiпкерлiк қызметiнен алынатын кiрiстердi
коммерциялық емес ұйымдардың мүшелерi (қатысушылары) арасында бөлiсуге
болмайды, ол жарғылық мақсаттарға жұмсалады. Қоғамдық және дiни
бiрлестiктердiң, қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға
пайдалануына жол берiледi.  
Коммерциялық емес ұйымның меншiгiнде немесе оралымды басқаруында оның
жарғысында көзделген қызметiн материалдық жағынан қамтамасыз етуге қажеттi,
заң актiлерiне сәйкес коммерциялық емес ұйымдардың меншiгiнде болуға
болмайтын мүлiктiң жекелеген түрлерiн қоспағанда, объектiлер, мүлiк, сондай-
ақ өзiнiң қаражаты есебiнен құрылған ұйымдар болуы мүмкiн. Дiни
бiрлестiктердiң өз қаражаты есебiнен иемденiп алған немесе өздерi құрған,
азаматтар, ұйымдар қайырмалдық ретiнде берген, немесе мемлекет берген және
заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да негiздер бойынша иемденiп алынған
мүлiкке меншiк құқығы болады.
Мекеменің өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi және оған смета бойынша
бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiнше иелiктен айыруға
немесе өзгеше әдiспен оған билiк етуге құқығы жоқ.
Коммерциялық емес ұйым (мекемелердi қоспағанда) өз мiндеттемелерi
бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен жауап бередi.  
Коммерциялық емес ұйымның мүлкiн құрау көздерi мыналар:
1) құрылтайшылардан (қатысушылардан, мүшелерден) түскен түсiмдер;
2) ерiктi мүлiктiк жарналар мен қайырмалдықтар;
3) заңдарда белгiленген жағдайларда тауарлар сатудан, жұмыстардан,
қызмет көрсетуден түскен түсiмдер (кiрiс);
4) акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар және салымдар
(депозиттер) бойынша алынған дивидендтер (кiрiстер, сыйақы (мүдде);
5) заңмен тыйым салынбаған басқа да түсiмдер, заң актілерiне сәйкес,
коммерциялық емес ұйымның мүлкін ақшалай және өзге де нысандардағы құрау
көздерi болып табылады.
Коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлерiнiң кiрiс көздерiне заң
актiлерiмен шектеулер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Заңды тұлға туралы ақпарат
Коммерциялық ұйымдардың сипаттамасы
Коммерциялық заңды тұлғалардың түсінігі
Коммерциялық емес ұйымдар туралы
Ауылшаруашылықтық (аграрлық) құқық негіздері (Дәрістер жинағы)
Заңсыз банктік қызмет
Коммерциялық емес ұйымдардың жалпы түсінігі жəне қызметінің ұйымдастырудың теориялық негіздері
Үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық қоғам қурудағы алатын орны мен рөлі
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
Пәндер