Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны
ұйымдастыру
2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың
көздері.
2.3. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Өндірістік емес сферада коммерциялық негізде қызмет ететін тұрғын үй-
коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және басқа
кәсіпорындарымен (ұйымдарымен) қатар, коммерциялық емес қызмет жүргізетін
ұйымдардың үлкен бөлігі жұмыс істейді.
Кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза
табысты қатысушылар арасында бөлмейтін заңи тұлға коммерциялық емес ұйым
деп танылады.
Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру,
қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және
ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, даулар мен жанжалдарды
шешу, азаматтардың рухани және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру;
азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен
спортты дамыту: заң көмегін көрсету үшін, сондай-ақ коғамдық игіліктерді
және өз мүшелерінің (қатысушыларының) игіліктерін қамтамасыз етуге
бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мақсаттары құрылтай құжаттарымен
айқындалады.
2.1. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және
оны ұйымдастыру
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік
қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық (одақ)
нысанындағы заңи тұлғалардың бірлестігі нысанында және заңнамалық актілерде
көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Бұл ұйымдардың қызметінің мақсаты
пайда немесе табыс табу емес, керісінше қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыру болып табылады.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игіліктер
мен қызметтерді жасау мақсатында материалдық өндіріс салаларында жасалған
ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде құрылатын ақша қорларының қозғалысын
ортақтандыратын ақша қатынастарының жиынтығын түсінеді.
Коммерциялық емес қызмет түрлері мен салаларында мынадай қаржы
қатынастары қалыптасады:
сала мен бюджет арасындағы қаржыландыру ретінде қаражаттарды алумен
және кейбір жағдайларда бюджет алдындағы қаржылық міндеттемелерді
орындаумен байланысты қатынастар;
қаржы ресурстарын бөлумен және орталықтандырумен байланысты жоғарғы
және төменгі органдар арасындағы ішкісалалық қатынастар;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің, яғни олардың бөлімшелері
арасындағы қаржы қатынастары;
салааралық - түрлі салалардың ұйымдары арасындағы ақша қатынастары;
еңбекке ақы төлеу жөніндегі ұйымдар мен олардың қызметкерлері
арасындағы қатынастар;
ұйымдар, мекемелер және олардың тұтынушылары арасындағы (көрсетілген
қызметтерге ақы төлеу жөніндегі) қатынастар және т.б.
Қызметтің айрықшалықты түрлеріндегі өзара байланыстардың тым қысаң
анықтықты сипаттайтын қатынастардың қалыптасуы мүмкін, мысалы:
➢ қоғамдық ұйымдар мен олардың мүшелері арасында жарналарды —
кіру және мүшелік жарналарды төлеу, сондай-ақ осы ұйымдардың
мүшелеріне белгілі бір жетістіктер мен қызмет нәтижелері үшін
көтермелеулік сипаттағы төлемдер бойынша;
➢ коммерциялық ұйымдар мен олардың демеушілері арасында ұйымның
қызметін қолдап отыру үшін материалдық және ақша нысандарында
қаражаттар беру жөнінде;
➢ сақтық компанияларында ұйымдардың белгілі бір контингентінің
(әскери қызметшілердің, күш ведомствалары мен салық службалары
қызметкерлерінің және т.б.) қарым-қатынастары;
➢ сондай-ақ белгілі бір шарттардағы кредит қатынастарының болуы
мүмкін.
Аталынған қаржы қатынастары ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және
пайдалануды білдіреді, оларды мынадай негізгі топтарға біріктіруге болады:
- ұйымдар мен мекемелердің пайдалану қызметін қамтамасыз
ететін қорлар;
- күрделі жұмсалымдардың қорлары;
- көтермелеу жөне ынталандыру сипатындағы қорлар;
- қызметкерлер мен контингенттерге (мысалы, оқу орындарындағы
оқушыларға, емдеу мекемелеріндегі ауруларға) қызмет
көрсетушілердің материалдық, әлеуметтік-мәдени және
тұрмыстық мұқтаждарын қанағаттандырумен байланысты қорлар;
- негізгі қызметті дамыту қорлары.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын ұйымдастыруға негізінен олардың
ұйымдық-құқықтық нысандары әсер етеді. Сондықтан коммерциялық емес ұйымдар
қаржысының ерекшеліктерін анықтау үшін оның құрамына кіретін мекемелерді,
ұйымдарды, олардың қызметінің сипатын, басқаруды ұйымдастырудың және
қаржыландырудың әдістерін ескере отырып зерделеген жөн.
Коммерциялық емес ұйымдардың шаруашылық қызметін жүргізудің әдістері
сметалық қаржыландыру (көрсетілген қызметтер мен игіліктердің өтеусіздігі
кезінде) және шаруашылық есеп пен өзін-өзі өтеу негіздері (өтеулігі
кезінде) болып табылады. Рынок жағдайында ұйымдардың көбісі коммерциялық
есеп негізінде көшуде — көрсетілетін қызметтерді сұраным бағасы бойынша
сатады, өздігінен даму үшін жеткілікті қорланым жасайды.
Сметалық қаржыландыру — меншікті табыстары жоқ ұйымдар мен
мекемелердің шығыстарын жабу үшін мемлекеттік бюджеттен ақша қаражаттарын
беру. Өндірістік емес мекемелерді ұстауға жұмсалатын бюджеттен қаржы
бөлудің көлемі, мақсатты бағыты және оны бөлу шығыстардың сметасымен
анықталады. Сметалық тәртіппен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік
қамсыздандыру мекемелері, мемлекеттік биліктің, мемлекеттік басқару мен
қорғаныстың органдары, ғылыми, шығармашылық, мәдениет мекемелерінің бір
бөлігі қаржыландырылады. Бірқатар мекемелерді сметалық қаржыландыру кезінде
шығындарды қамтамасыз етудің қосымша көздері пайдаланылуы, қызметтерді
тұтынушылардың жарналары мен төлемдері бағытталуы мүмкін. Ақша қаражаттары
бюджеттен қаржы бөлуге сәйкес беріледі және мекеменің қаржы жоспарында -
шығыстардың сметасында қамтып көрсетіледі, негізгі капиталдарды,
материалдық босалқы қорларды сатып алуға, қызметтерді төлеуге, жалақы
беруге, басқа шаруашылық мұқтаждарға жұмсалынады. Мекемеде шаруашылық
немесе коммерциялық қызметтен алынатын табыстар болса, олар дербес кіріс-
шығыс сметасында жоспарланады және айрықша тәртіппен пайдаланады.
Сметалық қаржыландыру бюджеттің қаражаттарын пайдалануды қатаң
қадағалайды, тек баптардың белгілі бір шеңбері тұрғысында ғана оларды қайта
бөлуге шамалы мүмкіндіктер береді. Бюджет қаражаттарын жұмсауға мекемелерді
қаржыландыруды жүзеге асыратын қаржы органдары тарапынан бақылау қойылған.
Шаруашылық жүргізудің шаруашылық-коммерциялық есебі шығындарды
материалдық емес қызметтер көрсету мен игіліктерді сатудан түскен түсім-
ақшадан өтелетін мекемелер мен ұйымдарда қолданылады. Бұл ұйымдардың
қызметтері ақыға көрсетіледі. Бұларға ақылы негізде жұмыс істейтін білім
беру мен денсаулық сақтау мекемелері, салалық ғылыми-зерттеу институттары,
бірқатар шығармашылық мекемелері, ойын-сауық орындары жатады. Бұл әдісті
коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің кәсіпорындары пайдаланады. Олар
қызметпен байланысты әр түрлі ақшалай шығындар жасайды: игіліктер мен
қызметтерді өткізе отырып, түсім-ақша алады; кірістердің шығыстардан асып
түсуі қорланымды құрайды. Бұл кәсіпорындарда қаржы материалдық өндіріс
кәсіпорындарындағыдай ұйымдастырылады.
Шығындардың өзін-өзі өтеу әдісі ақылы қызмет негізіндегі шаруашылық
қызметін ұйымдастыруды қарастырады, бұл қызметтердің бағасы қорланымсыз
шығыстардың көлеміне қатысты анықталады. Бұл әдіс мәдени-ағарту қызметі,
бос уақытты ұйымдастыру саласында (тұрмыстық, кәсіби машықтар мен білім алу
жөніндегі, шет тілдерді, мүдделер бойынша ұлттық клубтарда оқып — үйренудің
курстары мен мектептері) қолданылады.
Қоғамдық тауарлардың белгілі бір түрлерін өндіруді едәуір ауыс
пайдасымен байланысты мемлекет өзіне алады.
Коммерциялық емес мекемелер, ұйымдар қызметінің материалдық негізі
өндірістік емес арналымдағы капиталдар болып табылады, олардың натуралдық
және ақша нысандары болады. Натуралдық нысандағы қорларды ұйымдар мен
мекемелер сатып алады және олар тұтыну процесінде өзінің құнын жоғалтады.
Осылай жасалған игілік пен қызметтердің тек тұтыну құны ғана болады.
Материалдық емес өнім мен қызметтерді жасау процесінде жүзеге асырылатын
өндірістік емес қорлардың қозғалысы нысандарының, сондай-ақ олардың ұдайы
жаңғыртылуының салалық ерекшеліктері болады. Қызметтің бұл түрінде көбінесе
жоғары біліктіліктің ой еңбегі қолданылады, сондықтан шығындарда
әдеттегідей басты орынды еңбекке ақы төлеу алады. Материалдық емес өнім
қордаландырылуға жатпайды, оны босалқы қорға айналдыруға болмайды, бірақ
оның мекеме, ұйым шығындарының сомасына тең ақшалай бағалауы болады.
Коммерциялық емес сфера мекемелеріндегі қызметтер көрсету (жасау) ақша
қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдаланумен, өзгеше қаржы қатынастарымен
қосарланып отырады.
Бұл қатынастардың бастапқы табыстар мен қорларды алғашқы бөлу мен құру
процесінде болмауы оларға ортақ сипат. Сонымен бірге олардың негізінде
өндірістік (коммерциялық) емес сала мекемелері мен ұйымдарының қаржы
көздері қалыптасады.
2.2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың
көздері.
Қызметтің коммерциялық емес түрлері (мемлекеттік секторды шығара
отырып) жөнге келтірілген нарықтық экономикасы бар елдерде айтарлықтай
дамып отыр. Кітапханаларды, мұражайларды, ауруханаларды, оқу орындарын,
театрларды, әр түрлі қайырымдылық қорларды, кәсіптік бірлестіктерді
ұйымдастырудың коммерциялық емес нысаны жекеше бастаманы қоғамдық-пайдалы
қызметпен үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұл тәрізді даму қоғамдық
игіліктерді өндірушілер пайдаланатын салық жеңілдіктерімен ғана
түсіндірілмейді. Жеңілдік беру кезінде мемлекет әр түрлі ұйымдарды,
сарайларды, мұндағы басты критерий - көрсетілетін қызметтердің қоғамдық
пайдалылығының дәрежесі. Мемлекет сондай-ақ халыққа қызмет көрсететін
белгілі бір ұйымдарды қаражаттандырады.
Коммерциялық емес ұйымдар арқылы қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру
жөніндегі мемлекеттің іс-қимылы халыққа қызмет көрсету жөніндегі олардың
үлкен икемділігімен және жеделдігімен түсіндіріледі. Қызметтің коммерциялық
емес түрлерінен алатын пайда немесе табысты пайдаланудың қаржы механизмі,
мысалы, АҚШ-та олардың ұйым мүшелерінің арасында бөлінбейтінін анықтайды.
Пайда немесе табыс не ұйымның дамуына, не олардың қызметін пайдаланатын
тұлғаларға (аурулар, оқушылар, қажетсінетін азаматтар және т.б.)
бағытталады.
Қазақстан Республикасының заңнамалық практикасы басқаша іс-әрекет
етеді; мұнда кәсіпкерлік қызметтен алынған кез келген табысқа, салық
салудың өзге де объектілеріне (айналымдар, тауарлар, мүлік және т.б.)
сияқты салық салынады. Коммерциялық емес ұйымның сыйақы, грант, кіру және
мүшелік жарналар, қайырымдылық көмек, өтеусіз берілген мүлік, өтеусіз
негіздегі аударымдар мен қайырымдылық түрінде алған табысы салық салуға
жатпайды.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметін қаржыландыру көздері әр түрлі болып
келеді. Оларды бұл құрылымдардың іс-әрекет етуіне, мемлекеттің қатысу
дәрежесіне қарай топтастыруға болады:
❖ бюджет қаражаттары;
❖ мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар;
❖ жаппай шараларга билеттер сатудан алынған қаражаттарды қоса,
өнім өткізуден түскен түсім-ақша;
❖ түрлі коммерциялық құрылымдардың ақшалай аударымдары,
келісімшарттарға сәйкес орындалған жұмыстар мен қызметтер
көрсеткені үшін түскен қаражат түсімдері;
❖ мүлікті жалға беруден түскен түсім-ақша;
❖ халықтың қаражаттары;
❖ кадрларды дайындаудан (қайта дайындаудан, біліктілікті
арттырудан және т.с.с.) түскен табыс және басқалары.
Мемлекет тиісті функцияларын толық атқарған жерде ұйымдарды ұстауға
жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге
асырылады. Бұған мемлекеттік басқару, құқықтық тәртіпті қорғау, қорғаныс,
ішінара білім беру және денсаулық сақтау жатады. Іргелі ғылыми зерттеулерге
жұмсалатын шығындардың басым бөлігі осы қаражаттар есебінен
қаржыландырылады. Бюджет ресурстары сондай-ақ мәдениет пен шығармашылық
мекемелерін: кітапханаларды, мұражайлар мен көрмелерді, сарайларды,
театрларды, филармонияларды, музыкалық ұжымдарды, ансамблдерді, мемлекеттік
теле және радиостудияларды, киностудияларды және т.б. қолдап отыруға
пайдаланылады.
Коммерциялық емес ұйымдарды қаржыландырудың маңызы жағынан екінші көзі
көрсетілетін қызметтерден, орындалатын жұмыстардан алатын табыстары (түсім-
ақша) түріндегі меншікті қаражаттары, сондай-ақ ведомствоға қарасты
кәсіпорындарда өнім өндіруден алынған жалпы табыс (пайда) ұйымның
меншігіндегі басқа мүлікті пайдаланудан түскен табыстар болып табылады.
Қызмет көрсетуден алынған түсім-ақша ұйымның оларды орындауға жұмсаған
шығындарын жабады және ұйымның одан әрі өздігінше дамуына жеткілікті таза
табысты (пайданы) кіріктіреді. Мұндай әдістермен білім беру, денсаулық
сақтау, мәдениет пен шығармашылық мекемелерінің қызметтеріне деген халықтың
қосымша қажеттіліктері қаржыландырылады.
Меншікті көздердің қатарына сонымен бірге ғимараттарды, құрал-жабдықты
және ұйымның басқа мүлкін жалға беруден алынатын қаражаттар, мүлік пен
ғимараттарды кепілдікке беруден алынатын қаражаттар жатады.
Қаржыландырудың үшінші көзі — банктердің кредиттері. Бұл көзді ақылы
қызмет көрсететін ұйымдардың пайдалануы мүмкін, өйткені қарыз қаражаттарын
қайтарудың қажеттігі ұйымның кредитті пайдалану уақытынан асып түсетін
мерзімі бойынша жақсы жолға қойылған, бірқалыпты жүмыс істеуін керек етеді.
Қаржыландырудың бұл әдісі, кредит қаражаттарының қамтамасыз етілуі мен
өтімділігін кепілдендіретін әдіс ретінде, қарамағында ведомствоға қарасты
кәсіпорындары бар ұйымдар үшін аса қолайлы болып келеді.
Қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарды (саяси партиялар, кәсіптік,
шығармашылық одақтар, азаматтардың діни бірлестіктері, қоғамдық ұйымдар,
ассоциациялар және басқалары) қаржыландырудың айрықшалықты әдісі олардың
қатысушыларының мүшелік жарналары болып табылады. Олардың қаржылық өзара
байланыстары қоғамдық бірлестіктердің өздерінің қызметін ұйымдастыруға
байланысты өзгешелігімен және сипатымен бөлектенеді. Қоғамдық
бірлестіктерді ұйымдастырудың еріктілігі олардың қаржы ресурстарының
негізгі көзі кіру және мүшелік жарналары болып келетіндігіне соқтырады:
оларға бюджет қаржысын (салық төлеушілердің табысынан қалыптасатын)
пдйдалануға рұқсат етілмейді. Қызметтің қоғамдық сипаты бірлестіктер
меншігін олардың мүшелерінің жеке-дара табыстар табуға пайдалану
мүмкіндігінен айырады. Қалыптасатын қаржы ресурстары бірлестіктердің
жарғысына байланысты шығындарды жабуға жұмсалады.
Материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындары мен ұйымдары тарапынан
болатын қайырымдылық мақсаттарына аударылатын аударымдар, шетелдік
мемлекеттердің, ұйымдардың, компаниялардың, халықаралық ұйымдардың
ізгілікті көмегі әлеуметтік бағытылық, мәдени және шығармашылық ұйымдары
мен мекемелерін, қоғамдық ұйымдарды, қорларды қаржыландырудың көзі ретінде
қызмет атқарады. Осындай қаржыландырудың алуан түрлілігі ретінде белгілі
бір ұйымның немесе қызмет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz